"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Акваөсіру (балық өсіру) өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3), және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
Ө. Шөкеев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрі
___________ Д. Абаев
2018 жылғы " "
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары –Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 2 ақпандағы № 63 бұйрығымен бекітілген |
"Акваөсіру (балық өсіру) өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Акваөсіру (балық өсіру) өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 20 (жиырма) жұмыс күні.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды, Мемлекеттік корпорацияға – 15 (он бес) минуттан аспайды;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут, Мемлекеттік корпорацияда – 20 (жиырма) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушылардың банктегі шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем шоттарының тізілімін беру туралы хабарлама немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша уәжді бас тарту.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) тегін көрсетіледі.
8. Мыналардың:
1) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
2) Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Заңның 5-бабына сәйкес демалыс және мерекелік күндерді қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, түскі үзіліссіз, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша алдын ала жазылмай және жеделдетіп қызмет көрсетусіз электрондық кезек тәртібімен көрсетіледі, көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша портал арқылы электрондық кезекті "броньдауға" болады.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері мен көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорация жұмыскері құжаттардың электрондық көшірмелерін жасайды, содан соң түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарып береді.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді, егер, Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші не Мемлекеттік корпорация ұсынған нысан бойынша пайдалануға келісім береді.
Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға күні мен уақыты, өтінімді қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі.
Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде (не оның өкіліне нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша) талон негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация бір ай бойы нәтиженің сақталуын қамтамасыз етеді, содан соң оны одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге тапсырады. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның сұранымы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.
Көрсетілетін қызметті алушы осы бабта көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорация жұмыскері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттар қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға арналған негіздер мыналар болып табылады:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 9 маусымдағы № 237 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15452 болып тіркелген) бекітілген Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу қажет етілетін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның жұмыскерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Шағым жазбаша нысанда почтамен немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымның қабылданғанын шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оның тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) растайды.
Мемлекеттік корпорация жұмыскерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша Мемлекеттік корпорацияның басшысына жолданады.
Қолма-қол, сол сияқты почтамен келіп түскен шағымның Мемлекеттік корпорацияда қабылданғанын оның тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) растайды.
Көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде немесе Мемлекеттік корпорацияда қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Тіршілік әрекетін шектейтін, ағза функцияларының тұрақты бұзушылығы бар, денсаулығы нашар көрсетілетін қызметті алушыларға, қажет болған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарын қабылдауды біріңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылы жүгіну жолымен Мемлекеттік корпорация жұмыскері тұрғылықты жерге барып жүргізеді.
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) көрсетілетін қызметті берушінің www.mсx.kz интернет-ресурсында;
2) Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
14. Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлы қолтаңбасы болған жағдайда, портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға мүмкіндігі бар.
15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.mсx.kz интернет-ресурсында орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
Өтінім
1. Тауар өндіруші: _______________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)/тауар өндірушінің атауы)
2. ЖСН/БСН ____________________________________________________________
(жеке/заңды тұлға үшін)
3.Тауар өндірушінің мекенжайы:______________________
_________________________________________________________________________
(өңірдің, елді мекеннің атауы)
4. Шаруашылықтың есепке алу нөмірі (бар болған жағдайда) __________________
№ | Деректер көзі | Қажетті мәліметтер | Деректер |
1. | Алдыңғы жыл үшін өсірілген және өткізілген тауарлы өнім туралы мәліметтер көрсетілген балық аулау және акваөсіру туралы статистикалық есептіліктің "1-балық" нысанынан үзінді-көшірме | Құжат(тар) атауы | |
Күні және кезеңі | |||
Алдыңғы жыл үшін өткізілген акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің нақты көлемі, тонна | |||
Тіркеу нөмірі және статистика органдарының есепті қабылдаған күні (бар болған жағдайда) | |||
2. | Кәсіпорындардың жобалық қуатын растайтын құжаттар | Ағымдағы кезең үшін өткізілген акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің нақты көлемі, тонна | |
Ағымдағы жыл үшін акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірудің болжамды көлемі, тонна | |||
3. | Азық немесе ингредиенттер* сатып алуға арналған шарт немесе сатып алынғанын растайтын құжаттар | Шарттың немесе кассалық чектін/кіріс ордерінің нөмірі (әрбір чек/ордер бойынша көрсетіледі) | |
Жасалған күні | |||
Сатып алынған азықтың немесе ингредиенттердің* атауы және түрі | |||
Азық немесе ингредиенттер* өткізген ұйымның атауы | |||
Сатып алынған жемнің немесе ингредиенттердің* көлемі, тонна | |||
Өсірілген балықты өткізудің мәлімделген көлеміне жұмсалатын азық немесе ингредиенттер* шығысының көлемі | |||
4. | Өнімнің өткізілгенін растайтын құжаттар | Құжат(тар) атауы | |
Нөмірі(лері) (бар болған жағдайда) | |||
Құжатта(тарда) көрсетілген күн | |||
Өткізілген өнім көлемі | |||
Контрагент (алушы) | |||
5. | Өнім өткізілгенін растайтын құжаттар (өнім дербес өткізілген жағдайда толтырылады) | Кассалық чектің нөмірі мен күні (әрбір чек бойынша көрсетіледі) | |
Өткізілген өнім көлемі, килограмм (әрбір чек бойынша көрсетіледі) | |||
6. | Ағымдағы шоттың бар-жоғы туралы екінші деңгейдегі банктің немесе Ұлттық почта операторының анықтамасы | ЖСН/БСН | |
Кбе | |||
Банктің немесе Ұлттық почта операторының деректемелері: | |||
БСК | |||
ЖСК | |||
БСН | |||
Кбе |
Ескертпе:
* өзі өндірген азық пайдаланылған жағдайда, пайдаланылған ингредиенттерді растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну қажет.
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер бергенім үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік жайында хабардармын. Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Басшы ______________________________________________ ___________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) (қолы)
Бас бухгалтер (бар болса) _________________________________ ________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) (қолы)
Мөр (бар болса) орны
20__ жылғы "___" ____
Өтінім қаралуға 20__ жылғы "__" _____ ___сағат ___ минутта қабылданды.
______________________________________________________ ____________
(өтiнiмді қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің (қолы) аты (барған жағдайда)
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------
(кесу сызығы)
Талон № _______________________
Өтінім қаралуға 20__ жылғы "__" _______ ___сағат ___ минутта қабылданды.
______________________________________________________ ____________
(өтiнiмді қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің (қолы)
аты (бар болған жағдайда))
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, _______________________мекенжайында орналасқан "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) филиалының № __ бөлімі "Акваөсіру (балық өсіру) өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау" мемлекеттік қызметін көрсетуге арналған құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынуыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда:
1)_____________________________________________________________;
2)_____________________________________________________________;
3)_____________________________________________________________;
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
_______________________________________________________________
(Мемлекеттік корпорация жұмыскерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы)
Орындаушы: ____________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Телефоны: _____________________________________________________
Алдым: ______________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)/қолы)
20__ жылғы "___" _________