БҰЙЫРАМЫН:
1. "Өнеркәсiп үлгiсiне өтiнiмдi жасау, рәсiмдеу және қарау, мәлiметтердi Қазақстан Республикасының өнеркәсiптік үлгiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу, сондай-ақ қорғау құжатын беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 24 ақпандағы № 91 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде № 7518 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2012 жылғы 24 шілдеде жарияланған, № 8) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Өнеркәсiп үлгiсiне өтiнiмдi жасау, ресiмдеу және қарау, мәлiметтердi Қазақстан Республикасының өнеркәсiптік үлгiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу, сондай-ақ қорғау құжатын беру қағидаларын бекіту туралы";
1-тармақ мындай редақцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Өнеркәсiп үлгiсiне өтiнiмдi жасау, ресiмдеу және қарау, мәлiметтердi Қазақстан Республикасының өнеркәсiптік үлгiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу, сондай-ақ қорғау құжатын беру қағидалары бекітілсін.";
аталған бұйрықпен бекітілген, Қазақстан Республикасы өнеркәсіптік үлгiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiміне мәліметтер енгізу, өнеркәсіптік үлгіге өтінімді жасау, рәсімдеу және қарау қағидаларында:
48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"48. Егер өтінімде барлық қажетті құжаттар және оларға қойылған барлық талаптар сақталған болса, өтінім берушіге формалды сараптаманың оң нәтижесі және өтінімді беру мерзімі туралы ресми сараптама аяқталған күннен бастап он жұмыс күні ішінде хабарланады.";
Ережелердің 1-қосымшасы берілген бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес түзетулермен шығарылсын.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялануы үшін және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін бұйрықтың қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін қағаз жүзінде және электрондық түрде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Әділет министрі |
М. Бекетаев |
Кіріс нөмірі | (21) Тіркеу № | (22) берілген күні | |||
Басымдығы | |||||
Өнеркәсіптік үлгіге |
Қазақстан Республикасы | ||||
Төмендегідей құжаттарды тапсырып, өтініш берушінің атына Қазақстан Республикасының патентін (беруді) өтінемін. |
Стандарт бойыншаелдің коды | ||||
ҰЗМИ-ға өтінімді беру күнінен ерте күн бойынша басымдық сұралған жағдайда ғана толтырылады | |||||
Бірінші өтінімнен ерте берілген өтінімнің № | Сұралатын басымдық күні | ST.3 бойынша елдің коды (конвенциялық басымдықты сұрағанда) | |||
(54) Өнеркәсіптік үлгінің атауы | |||||
(98) Хат алмасуға арналған мекен-жайы (толық пошталық мекен-жайы және адресаттың аты-жөні), электронды почта мекенжайы | |||||
(74) Патент сенімді өкілі (толық атауы, тіркеу нөмірі, мекенжайы) немесе өтініш берушінің өкілі (толық аты-жөні немесе атауы) | |||||
Қосымша құжаттар тізімі | Парақтар саны 1 дана | Даналар саны | |||
☐ өтінімге қосымша | |||||
☐ өнеркәсіптік үлгінің сипаттамасы | |||||
☐ бұйым кескіндемесінің жиынтығы | |||||
☐ сызбалар және басқа да материалдар | |||||
☐ өтінімді беру төлемі туралы құжаты | |||||
☐ төлем мөлшерін азайтуға негіздемелердің растайтын құжат | |||||
☐ бірінші өтінімдер көшірмесі (конвенциялық басымдықтар сұралғанда) | |||||
☐ өтінімнің шетел тіліндегі құжаттары | |||||
☐ патент сенімді өкілі немесе өкілдің уәкілеттілігін растайтын, сенімхат | |||||
☐ басқа да құжат (атапкету) | |||||
(72 ) Автор (лар) (толық аты-жөні) | (97) Тұрғылықты жерінің толық пошталық мекен-жайы, егер белгілі болса ДЗМҰ ST.3 стандарты бойынша елдің коды (егер бар болса) | Патентті алу құқығын қайтадан беруге өтінім беруші (лер) және/немесе автор (лар) ы – қол (дар) ы | |||
Мені (бізді) ______________________________________________________________ (А.Ж.Ә.А.) (болған жағдайда)патент беру туралы мәліметтерді жариялағанда автор (лар) ы ретінде атап көрсетпеуіңізді сұраймын (мыз). Автор (лар) қол (дар) ы: Қолы Автор(лар) болып табылмайтын, өтініш берушілер қол (дар) ы, қол қойылған күні (заңды тұлғаның атынан қол қойылғанда басшы қолы мөрмен тіркеледі) |