"Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы 27 маусымдағы № 559 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 28 ақпандағы № 75 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 7 наурызда № 16542 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 279 бұйрығымен.

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.06.2023 № 279 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы 27 маусымдағы № 559 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14170 болып тіркелген, 2016 жылғы 6 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарында:

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат:

      1) бірінші санат үшін – жұмыс берушінің өтініші негізінде рұқсат мерзімін бір, екі немесе үш жылға ұзарту құқығымен бір, екі немесе үш жыл;

      2) екінші және үшінші санаттар үшін – он екі ай мерзімге, бірақ үш реттен артық емес ұзартумен он екі ай;

      3) төртінші санат үшін – ұзарту құқығынсыз он екі ай;

      4) маусымдық шетелдік жұмыскерлер үшін – ұзарту құқығынсыз он екі айға дейінгі мерзімге беріледі.";

      көрсетілген Қағидаларға 4-қосымшасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) 2) 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н.Б. Әлтаевке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
М. Әбілқасымова

  Қазақстан Республикасы Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау
министрінің 2018 жылғы 28
ақпандағы № 75 бұйрығына
қосымша
Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс
күшін тартуға рұқсат беру және
(немесе) ұзарту, сондай-ақ
корпоративішілік ауыстыруды жүзеге
асыру қағидалары мен шарттарына
4-қосымша
нысан
Қайда
______________________________
(облыстың, Астана, Алматы
қалаларының жергілікті атқарушы
органының атауы)
  Кімнен
_______________________________
(заңды немесе жеке тұлғаның толық атауы)

ӨТІНІШ

      _____________________ облысына (қаласына) ______ адамға, оның ішінде:

      бірінші санат бойынша – ____ адамға,

      олардың ішінде лауазымдары

      (кәсіптері) бойынша: _________________________________________________________

      ______________________________________________________________________________

      екінші санат бойынша – ____ адамға,

      оның ішінде лауазымдары (кәсіптері) бойынша (рұқсаттың қолданылу мерзімін көрсету

      қажет (рұқсат берілген/ұзартылған кезде): ____________________________

      ______________________________________________________________________________


      үшінші санат бойынша – ____ адамға, оның ішінде лауазымдары (кәсіптері) бойынша:

      _________________________________

      _____________________________________________________________________________

      төртінші санат бойынша – ____ адамға,

      оның ішінде лауазымдары (кәсіптері) бойынша: _________________________________

      маусымдық жұмыстарға – ____ адамға шетелдік жұмыс күшін тартуға

      рұқсат беруді/ ұзартуды/ қайта ресімдеуді (қажеттінің асты сызылсын) сұраймын.

      Шетелдік жұмыс күші еңбек қызметін жүзеге асыратын экономикалық қызмет түрі:

      _________________________________________________________________________

      Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартылатын шетелдік жұмыскерлерді тартқан кезде:

      Облыс (қала):______________________.

      Шетелдік жұмыскерлер саны: __________ адам, оның ішінде:

      басшы – ___ адам,

      лауазымы ____________________________________________________________________;

      менеджерлер – ___ адам,

      оның ішінде лауазымдары (кәсіптері) бойынша: _________________________________

      мамандар – ___ адам,

      оның ішінде лауазымдары (кәсіптері) бойынша: _________________________________

      Жұмыс берушінің (қабылдаушы ұйымның) атауы:_________________________________

      ____________________________________________________________________________

      Жұмыс беруші (қабылдаушы ұйым) туралы мәліметтер: ____________________________

      _____________________________________________________________________________

      Ұйымның меншік нысаны ______________________________________________________

      _____________________________________________________________________________

      Құрылған күні 20___ жылғы "____" _________________.

      Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелгені туралы

      куәлік _______________________________________________________________________

      (нөмірі, қашан және кім берген)

      жеке сәйкестендіру нөмірі: __________________________________________________,

      бизнес сәйкестендіру нөмірі:_________________________________________________

      Жүзеге асыратын қызмет түрі: _______________________________________________

      Кәсіпкерлік субъектісінің санаты: ____________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (шағын/орта/ірі кәсіпкерлік субъектісі)

      Мекенжайы, телефон, факс: __________________________________________________

      Қоса берілетін құжаттар: ____________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру/ұзарту/қайта ресімдеу

      қажеттілігінің негіздемесі: __________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылатын шетелдік

      жұмыскерлерді тартқан кезде

      Шетелдік заңды тұлғаның – жұмыс берушінің толық атауы:

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Резидент елде тіркелгені туралы деректер:

      ___________________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________________

      (мемлекеттік тіркеу №, күні және тіркеу органының атауы)

      Резидент елдегі салықтық тіркеу нөмірі немесе оның аналогі: __________________

      __________________________________________________________________________

      Жүзеге асыратын қызмет түрі: _______________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Резидент елдегі мекенжайы, телефоны: ________________________________________

      Шетелдік жұмыс күшін тарту қажеттілігінің негіздемесі: _______________________

      ___________________________________________________________________________

      Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту,

      сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен

      шарттарының 31-тармағына сәйкес шетелдік жұмыскерлерді тартқан кезде:

      Шетелдік заңды тұлға – жұмыс берушінің толық атауы: __________________________

      __________________________________________________________________________

      Резидент елде тіркелгені туралы деректер: ____________________________________

      ___________________________________________________________________________

      (мемлекеттік тіркеу №, күні және тіркеу органының атауы)

      Резидент елдегі салықтық тіркеу нөмірі немесе оның аналогі: __________________

      ____________________________________________________________________________

      Жүзеге асыратын қызмет түрі: _________________________________________________

      ____________________________________________________________________________

      Резидент елдегі мекенжайы, телефоны: _________________________________________

      "Қолданыстағы Жұмыс берушілерге шетелдiк жұмыс күшін тартуға рұқсат беру мен

      (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен

      шарттарымен таныстым".

      Басшы ______________________________________________________________________

      (қолы, тегі, аты-жөні, лауазымы)

      20 ___жылғы "___" ______________

      М.О.

      Өтініш 20 ___жылғы "__" ______________ қарауға қабылданды ____________________

      ___________________________________________________________________________

      (жауапты адамның тегі, аты-жөні, қолы)