Тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімдерді тіркеу журналында тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімдерді тіркеу қағидаларын, сондай-ақ тұлғаның тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімді қабылдау туралы өтінішінің нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 200 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 3 наурызда № 16484 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 45-бабы 1 және 5-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімдерді тіркеу журналында тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімдерді тіркеу қағидалары;

      2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес тұлғаның тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімді қабылдау туралы өтінішінің нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 16 ақпандағы
№ 200 бұйрығына
1-қосымша

Тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімдерді тіркеу журналында тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімдерді тіркеу қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімдерді тіркеу журналында тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімдерді тіркеу қағидалары "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 45-бабы 5-тармағына сәйкес әзірленді және тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімдерді тіркеу журналында (бұдан әрі – Тіркеу журналы) тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімдерді тіркеу тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдары Кодекстің 44-бабында белгіленген тәртіпте тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімдерін қабылдайды.

      3. Тіркеу журналында тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімдердің тіркеуін лауазымды (функционалды) міндеттеріне сәйкес осындай тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімдерді беруге уәкілетті мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдары жүзеге асырады.

      4. Тіркеу журналдың парақтары нөмірленеді, тігіледі және мөр басылады.

2-Тарау. Тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімдерді Тіркеу журналында тіркеу тәртібі

      4. Тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімдерді тіркеу осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тіркеу журналында жүзеге асырылады.

      5. Тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімдерді тіркеу кезінде Тіркеу журналындағы бағандарда мыналар:

      1) "Рет саны №" деген 1-бағанда шешімнің реттік нөмірі көрсетіледі;

      2) "Кіріс хат-хабардың нөмірі" деген 2-бағанда мемлекеттік кірістер органының кеңсесі қойған құжаттың кіріс нөмірі көрсетіледі;

      3) "Өтініш беруші (бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі)" деген 3-бағанда тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімді қабылдау туралы өтінішін берген тұлға туралы көрсетіледі:

      бірлескен кәсіпкерлік түрінде қызметті жүзеге асыратын ұйым (филиал мен өкілдік) және дара кәсіпкер үшін бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), не жеке кәсіпкерлік түрінде қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға үшін, оның ішінде дара кәсіпкер үшін жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН);

      4) "Өтініш берушінің мекен-жайы" деген 4-бағанда мекен-жай туралы мәлімет көрсетіледі (ұйымның орналасқан жері немесе жеке тұлғаның тұрғылықты жері);

      5) "Тауардың атауы" деген 5-бағанда өтініш берушінің сұрау салуында көрсетілген тауардың атауы көрсетіледі;

      6) "ЕАЭО СЭҚ ТН-ға сәйкес тауардың коды" деген 6-бағанда Еуразиялық экономикалық одағының Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес тауардың он мәнді сыныптау коды көрсетіледі (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН);

      7) "Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімнің тіркеу нөмірі" деген 7-бағанда мынадай схема бойынша қалыптастырылған тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімнің тіркеу нөмірі көрсетіледі:

      ХХ / ХХХХХ / ХХХХХХ / ХХХХ , мұнда: 1 2 3 4

      "1" элементі – мемлекеттік кірістер органы әлем елдерінің сыныпталуына сәйкес тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімді қабылдаған Қазақстан Республикасының коды;

      "2" элементі – Қазақстан Республикасында қолданылатын мемлекеттік кірістер органдарының сыныпталуына сәйкес тауарды сыныптаутуралы алдын ала шешімді қабылдаған мемлекеттік кірістер органының коды;

      "3" элементі – Күн Ай Жыл форматында тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімді қабылдау күні, КК – күні, АА – айы, ЖЖ – күнтізбелік жылдың соңғы екі цифры;

      "4" элементі – мемлекеттік кірістер органында тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімнің реттік нөмірі (бірліктен бастап бір күнтізбелік жылдың ішінде өтпелі нөмірлеуі);

      7-бағанда барлық элементтер "/" деген бөлгіш белгісі арқылы көрсетіледі, элементер арасында бос орын қойылмайды;

      8) "Шығыс хат-хабардың нөмірі" деген 8-бағанда мемлекеттік кірістер органының кеңсесі тіркеген шығыс нөмірі көрсетіледі;

      9) "Төлемнің сомасы" деген 9-бағанда "Мемлекеттік кірістер органдары алатын кедендік алымдардың ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 171 қаулысына сәйкес белгілі бір маркасын, моделін, артикулі мен модификациясын қамтитын әрбір тауар атауына 32 000 теңге мөлшерінде тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімді қабылдағаны үшін кедендік алымның сомасы көрсетіледі;

      10) "Чектің, төлем тапсырмасының, түбіртектің нөмірі" деген 10-бағанда алдын ала шешімді қабылдағаны үшін кедендік алымның төленгенін растайтын құжаттың нөмірі, күні көрсетіледі;

      11) "Орындаушының Т.А.Ә. (ол болған кезде) және қолы" деген 11-бағанда тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімді қабылдаған лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), және оның қолы көрсетіледі.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 02.04.2019 № 290 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімдерді
тіркеу қағидаларына
қосымша
нысан

Тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімдерді тіркеу журналы

№ р/с

Кіріс хат-хабардың №

Өтініш беруші (БСН/ЖСН)

Өтініш берушінің мекен-жайы

Тауардың атауы

ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша тауар коды

Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімнің тіркеу нөмірі

Шығыс хат-хабардың №

Төлемнің сомасы

Чектің, төлем тапсырмасының, түбіртектің №

Орындаушының Т.А.Ә. (ол болған кезде) және оның қолы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 16 ақпандағы
№ 200 бұйрығына
2-қосымша
нысан

Тұлғаның тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімді қабылдау туралы өтініші*

1. Өтініш беруші (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) немесе ұйымның атауы, заңды мекен-жайы, бизнес-сәйестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі)

2.Тауардың сипаты (фирмалық атауы (тауарлық белгі)

3. Тауарды сыныптауға ықпал ететін ұсынылған қосымшалар мен үлгілер**

4. Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау үшін кедендік алымның төленгені туралы мәлімет (нөмірі мен күні)

5. Өтініш берушімен ұсынылатын Еуразиялық экономикалық одағының Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасына сәйкес тауардың коды (мұндай ақпарат болмаған жағдайда баған толтырылмайды)

6. Бұдан бұрын сіз бірдей немесе осындай тауарлар туралы алдын ала шешімге өтініш бердіңіз бе? Ия Жоқ

7. Мен, осы нысандағы өтініш пен қосымшадағы барлық ақпараттар шынайы, нақты және дұрыс болып табылатынын мәлімдеймін

8. Өтініш берушінің қолы:

9. Күні:

10. Телефон: Факс: Электрондық пошта:

      * Аталған өтініш "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің 45-бабы 2-тармағына сәйкес құжаттардың сканерден өткізілген көшірмелерімен қоса өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат немесе қағаз жеткізгіштегі түрінде беріледі.

      Мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйесі енгізілгенге дейін немесе істен шығу туындаған жағдайда өтініш қағаз жеткізгіштегі түрінде беріледі.

      ** Аталған бағанда "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің 45-бабы 2-тармағына сәйкес өтінішке қоса берілетін құжаттар тізімі көрсетіледі.