Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы Туризм басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі атауын өзгерту туралы" 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 4/653 қаулысының құрылымдық элементінің күші жойылды деп тану туралы

Алматы қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 30 қаңтардағы № 1/32 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2017 жылғы 14 ақпанда № 1344 болып тіркелді

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы Туризм басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі атауын өзгерту туралы"2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 4/653 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1240 болып тіркелген, 2015 жылғы 29 желтоқсанда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) 2 тармағының күші жойылды деп танылсын.
      2. Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен мерзімді баспа басылымдарында, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ә. Жүнісоваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соңқолданысқа енгізіледі.
      Алматы қаласының әкімі Б. Байбек