"Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Қарағанды облысының әкімдігінің 2017 жылғы 28 қарашадағы № 76/03 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 20 желтоқсанда № 4490 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы "Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" № 397 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15740 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қоса берілген "Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Е. Қошанов

  Қарағанды облысы әкімдігінің
2017 жылғы "28" қарашадағы
№ 76/03 қаулысымен
бекітілген

"Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) берушісі Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органы болып табылады (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).

      Мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттар топтамасын қабылдау және нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Білім беру ұйымдарындағы техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттар қабылдау немесе Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 397 "Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15740 болып тіркелген) "Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту туралы хабарлама.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз жүзінде.

2. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау

      4. Стандартының 9 тармағында көрсетілген құжаттардың бар болуы, мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша көрсету рәсімнің (әрекеттің) басталуына негіз болып табылады.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

      1-рәсім - көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері 15 (он бес) минуттің ішінде көрсетілетін қызметті алушыдан өтініш және құжаттар топтамасын қабылдауды жүзеге асырады, оларды тіркейді және күні мен уақыты, құжаттарды қабылдаушының тегі, аты, әкесінің аты, нәтижені алу мерзімі мен орны көрсетілген тиісті құжаттарды қабылдау туралы талонды береді;

      2-рәсім - көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жауапты орындаушына анықтайды;

      3-рәсім - жауапты орындаушы 7 (жеті) жұмыс күні ішінде құжаттар топтамасының толықтығын тексереді, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасын әзірлейді және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді.

      4-рәсім - көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде түпкілікті мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қабылдайды;

      5-рәсім - көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері 15 (он бес) минуттің ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін береді.

      6. Құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысының қарауына жіберу осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 1-әрекет бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі болып табылады. жауапты орындаушына анықтау осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 2-әрекет бойынша нәтиже болып табылады, бұл осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 3-әрекеттің орындалуына негіз болып табылады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасын әзірлеу және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберу осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 3-әрекет бойынша нәтиже болып табылады, бұл 4-әрекеттің орындалуына негіз болып табылады. Түпкілікті мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қабылдау осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 4-әрекет бойынша нәтиже болып табылады, бұл осы Регменттің 5 тармағында көрсетілген 5-әрекеттің орындалуына негіз болып табылады. Кеңсенің мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 5-әрекет бойынша нәтиже болып табылады.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушілердің, құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесін:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;

      2)көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

      3)көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.

      8. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті рәсімнің (іс-қимылдың) сипаты:

      1) қабылдау, тіркеу, талон беру, не берілетін құжаттар тізілімінде құжаттарды алу туралы белгі жасау (кеңсе қызметкері) – он бес минуттің ішінде;

      2) жауапты орындаушына анықтау (көрсетілетін қызметті берушінің басшысы) – бір жұмыс күні ішінде;

      3) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасын әзірлеу (көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы) - жеті жұмыс күні ішінде;

      4) түпкілікті мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қабылдау (көрсетілетін қызметті берушінің басшысына) бір жұмыс күні ішінде;

      5) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру (кеңсе қызметкері) – он бес минуттің ішінде.

      9. Рәсімдердің сипаты осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамасында көрсетілген.

4. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      10. Мемлекеттік қызмет автоматтандырылмаған және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілмейді.

  "Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі
білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік
білім беру тапсырысын орналастыру бойынша
конкурсқа құжаттарды қабылдау" мемлекеттік
қызмет регламентіне қосымша

"Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсетілуінің бизнес-процестерінің анықтамасы