1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдар үшін ұйымның жұмыскерлерінің тізімдік санының бес пайызы мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Байедилов Талғат Ескендировичке жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Райымбек ауданының әкімі | Ж. Тажиев |