Нұр-Сұлтан қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы

Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 221/25-VI шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2018 жылғы 4 қаңтарда № 1149 болып тіркелді.

Жаңартылған

      Ескерту. Шешімнің атауындағы "Астана" деген сөз "Нұр-Сұлтан" деген сөзбен ауыстырылды - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 30.05.2019 № 385/50-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексі 55-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 20-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 6-бабының 2-3-тармағына, "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 8-бабы 3) тармақшасына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 72682 болып тіркелген) сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Нұр-Сұлтан қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы (бұдан әрі – Қағида) 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 30.05.2019 № 385/50-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. 2-қосымшаға сәйкес Астана қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім әділет орғандарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы мәслихаты
сессиясының төрағасы
В. Досаев
      Астана қаласы
мәслихатының хатшысы
Ж. Нұрпейісов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Астана қаласының Білім

      басқармасы" мемлекеттік

      мекемесінің (ББ) басшысы                                          Ә. Жангозин

      "Астана қаласының Денсаулық

      сақтау басқармасы" мемлекеттік

      мекемесінің (ДСБ) басшысы                                    Қ. Надыров

      "Астана қаласының Жұмыспен қамту,

      еңбек және әлеуметтік қорғау

      басқармасы" мемлекеттік

      мекемесінің (ЖҚЕӘҚБ) басшысы                                    Е. Оспанов

  Астана қаласы мәслихатының
2017 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 221/25-VI шешіміне
1-қосымша

      Ескерту. Қағиданың атауында және бүкіл мәтін бойынша "Астана" деген сөз "Нұр-Сұлтан" деген сөзбен ауыстырылды - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 30.05.2019 № 385/50-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары

      Осы Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау қағидалары (бұдан әрi – Қағида) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексі 55-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына, "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 15) тармақшасына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес әзiрлендi.

1-бөлім. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидада мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      2) ата-аналарының (ата-анасының) қамқорлығынсыз қалған бала (балалар) – ата-ана құқықтарының шектелуiне немесе олардан айрылуына, хабарсыз кеткен деп танылуына, қайтыс болған деп жариялануына, әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектелген деп танылуына, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуiне, бала тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына, оның ішінде баланы тәрбиелеу немесе медициналық ұйымнан алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-ана қамқоршылығы болмаған және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өз құқықтары мен мүдделерінің қажетті қорғалуын қамтамасыз етуге мұқтаж болған өзге де жағдайларда жалғыз ата-анасының немесе екеуінің де қамқорлығынан айрылған бала (балалар);

      3) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани және мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      4) әлеуметтік көмек – мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ осы Қағидада белгіленген тәртіпте атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек;

      5) ең төмен күнкөріс деңгейі – Нұр-Сұлтан қаласының статистикалық органы есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      6) жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестiрiлген адамдар – мәртебесi "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабымен анықталған адамдар;

      7) жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестiрiлген адамдар – мәртебесi "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабымен анықталған адамдар;

      8) жеңілдіктер мен кепілдіктер жөнінен соғысқа қатысушыларға теңестірілген адамдардың басқа да санаттары – мәртебесi "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-3-тармақтарымен анықталған адамдар;

      9) жетім бала (жетім балалар) – ата-анасының екеуі де немесе жалғыз анасы (әкесі) қайтыс болған бала (балалар);

      10) Әлеуметтік төлемдер орталығы – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы – "Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы" департаменті;

      11) көп балалы аналар – "Алтын алқа" және "Күмiс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналар;

      12) көп балалы отбасылар – бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын балалары бар отбасылар, балалары кәмелеттік жасқа толғаннан кейін олар оқу орнын бітіретін уақытқа дейін (бірақ әрі дегенде жиырма үш жасқа толғанға дейін), отбасы атынан анасы, әкесi болмаса балалардың қамқоршысының (қорғаншысы) хабарласуына құқығы бар;

      13) мерекелік күндер – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері, сондай-ақ БҰҰ және өзге де халықаралық ұйымдармен құрылтайшылық етілген халықаралық мерекелер және күндер;

      14) мүгедек бала (мүгедек балалар) – тiршiлiк-тынысының шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемiстiктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған он сегiз жасқа толмаған адам;

      15) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығымен бекітілген Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесіне (бұдан әрі – Жиынтық табысты есептеу ережесі) сәйкес отбасының жиынтық табысының айына отбасының әр мүшесіне келетін үлесі;

      16) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      17) табысы аз азаматтар – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын жан басына шаққандағы орташа айлық табысы Нұр-Сұлтан қаласында белгіленген кедейлік шегінен төмен адамдар (отбасылар);

      18) учаскелік комиссия – белгіленген шегінен аспайтын орташа жан басына шаққандағы табысының болуы негізі бойынша әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін Нұр-Сұлтан қаласы аудандары әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;

      19) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері – мәртебесi "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 5, 7-баптарымен анықталған адамдар.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 30.05.2019 № 385/50-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Әлеуметтiк көмек көрсету тәртiбi, мөлшерi және түрлерi, сондай-ақ алушылар санаттарының тізбесі осы Қағидамен белгiленедi.

      3. Әлеуметтiк көмек Нұр-Сұлтан қаласында тiркелген және тұрақты тұратын азаматтарға ұсынылады.

      4. Нұр-Сұлтан қаласының бюджетi әлеуметтiк көмектi қаржыландыру көзi болып табылады.

      Әлеуметтiк көмек "Жергiлiктi өкiлеттi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк төлемдер" бюджеттiк бағдарламасы бойынша әкімшісі "Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрі – әкімші) болып табылатын тиiстi қаржы жылына Нұр-Сұлтан қаласының бюджетiнде осы мақсаттарға көзделген қаражат шегiнде ұсынылады.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 06.03.2019 № 361/45-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      5. Ақшалай нысандағы әлеуметтік көмек екінші деңгейдегі банктер, "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері арқылы алушылардың шоттарына ақшалай қаражат аудару жолымен көрсетіледі.

      6. Заттай нысандағы әлеуметтік көмек Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жеткізушілерді (бұдан әрі – жеткізушілер) әкімші анықтайтын қызмет көрсету арқылы ұсынылады.

      7. Әлеуметтік көмек алушылардың санаттары туралы мәліметтерді әкімшімен Әлеуметтік төлемдер орталығында, сондай-ақ осындай мәліметтерге ие қаланың басқа да ұйымдарында сұралады.

      8. Өтініш беруші толық емес және (немесе) дәйексіз мәліметтерді ұсынған, сондай-ақ өтініш беруші арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін мемлекеттік ұйымдарда тұратын жағдайда әлеуметтік көмек тағайындалмайды.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 30.05.2019 № 385/50-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      9. Әлеуметтік көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы Нұр-Сұлтан қаласының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушы мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;

      4) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген мән-жайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      10. Азаматтардың дәйексіз мәлiмет беру салдарынан артық және (немесе) заңсыз төленген сомасын өндiрiп алу Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiпте жүргiзiледi.

      11. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды әкімші "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерек қорын пайдалана отырып жүргізеді.

      12. Әлеуметтік көмекті көрсету үшін қажетті құжаттарды ұсыну әкімшіде қолжетімділік бар ақпараттық жүйелерден ақпаратты алу мүмкіндігі болғанда талап етілмейді.

2-бөлiм. Әлеуметтік көмек алуға құқығы бар алушылардың санаттары

      13. Әлеуметтік көмек алуға құқығы бар алушылардың санаттарына:

      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;

      2) жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестiрiлген адамдар;

      3) жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестiрiлген адамдар;

      4) жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан соғысқа қатысушыларға теңестірілген адамдардың басқа да санаттары, 1941 жылғы 22 маусым 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдар (бұдан әрі – тыл еңбеккерлері);

      5) зейнеткерлік жастағы адамдар, оның ішінде жасы бойынша зейнеткерлер, зейнеткерлік жасқа жеткен жасына байланысты және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар;

      6) мүгедектер, оның ішінде он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балалар;

      7) мүгедектігі бар немесе зейнеткерлер болып табылатын саяси қуғын-сүргiн құрбандары, саяси қуғын-сүргiннен зардап шеккен адамдар;

      8) көп балалы отбасылар, көп балалы аналар;

      9) жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, балалар үйлерiнiң түлектерi;

      10) табысы аз азаматтар;

      11) әлеуметтiк мәнi бар аурулармен ауыратын адамдар;

      12) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар;

      13) пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар;

      14) табиғи зiлзала немесе өрт салдарынан зардап шеккен азаматтар жатады.

3-бөлім. Мерекелiк және айтулы күндерге әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      14. Мерекелiк және айтулы күндерге әлеуметтік көмек 2,5 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) көлеміндегі ақшалай төлемдер түрінде азаматтардың мына санаттарына берiледi:

      4 ақпанда (Бүкіләлемдік қатерлі ісікке қарсы күн) – қатерлі ісіктері бар балалар ішінен әлеуметтiк мәнi бар аурулармен ауыратын адамдарға;

      8 наурызда (Халықаралық әйелдер күнi) – оның ішінде табысы аз азаматтар болып табылатын, көп балалы отбасыларға, көп балалы аналарға;

      21-23 наурызда (Наурыз мейрамы) – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

      7 мамырда (Отан қорғаушылар күні) – Қазақстан Республикасының алдында ерекше еңбегі үшін зейнетақы алушылар ішінен зейнеткерлік жастағы адамдарға;

      31 мамырда (Саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу күнi) – мүгедектігі бар немесе зейнеткерлер болып табылатын саяси қуғын-сүргiн құрбандарына, саяси қуғын-сүргiннен зардап шеккен адамдарға;

      1 маусымда (Балаларды қорғау күні) – жетім балаларға;

      30 тамызда (Қазақстан Республикасының Конституциясы күнi) – ең төмен мөлшердегі зейнетақы алушылар ішінен зейнеткерлік жастағы адамдарға;

      1 қазанда (Қарттар күнi) – жасы бойынша зейнеткерлерге (ең төмен мөлшердегі зейнетақы алушылардан басқа);

      қазан айының екiншi жексенбiсiнде (Мүгедектер күнi) – мүгедектерге және он сегiз жасқа дейiнгi мүгедек балаларға;

      1 желтоқсан (Бүкіләлемдік ЖҚТБ-мен күрес күні) – адамның иммун тапшылығы вирусы туғызатын ауруынан зардап шеккен адамдар, оның ішінде адамның иммун тапшылығы вирусын тасымалдаушылар ішінен әлеуметтiк мәнi бар аурулармен ауыратын азаматтарға;

      16 желтоқсанда (Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiк күнi) – мүгедектігі бар немесе зейнеткерлер болып табылатын Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысушылар қатарындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына берiледi.

      15. 9 АЕК көлеміндегі әлеуметтік көмек:

      15 ақпанда (Ауғанстаннан Кеңестiң шектеулi әскери контингентiн шығару күнi) – Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысушылар ішінен жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестiрiлген адамдарға;

      26 сәуiрде (Чернобыль атом электр станциясы апатының құрбандарын еске алу күнi) – жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестiрiлген адамдарға, сондай-ақ Чернобыль атом электр станциясы апатының зардаптарын жоюға қатысушы тұлғалар ішінен жеңілдіктер мен кепілдіктер жөнінен соғысқа қатысушыларға теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына беріледі.

      16. 9 мамырда (Жеңіс күні) әлеуметтік көмек азаматтардың мына санаттарына:

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне – 67 АЕК;

      жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға (осы Қағиданың 15-тармағында көрсетілген тұлғалардан басқа) – 9 АЕК;

      жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан соғысқа қатысушыларға теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына, тыл еңбеккерлеріне – 4,5 АЕК беріледі.

      17. 1 желтоқсан (Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні) күніне табысы аз азаматтарға 4,5 АЕК мөлшерінде ұсынылады.

      18. Әкімші:

      тиісті негіздер бойынша азаматтардың зейнетақы, арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны алуы туралы Әлеуметтік төлемдер орталығының мәліметтері, "Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы мәліметтері, "Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы) әлеуметтiк мәнi бар аурулармен ауыратын адамдар туралы мәліметтері, сондай-ақ табысы аз азаматтарға әлеуметтік төлемдерді тағайындау туралы өздерінің мәліметтері негізінде осы Қағиданың 14, 15, 16-тармақтарында;

      Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының (бұдан әрі – "ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы" МКҚК), Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметтері негізінде осы Қағиданың 50-тармағында көрсетілген санаттарға жататын азаматтардың тiзiмдерiн әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етпей қалыптастырады.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 30.05.2019 № 385/50-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      19. Осы Қағиданың 14, 15, 16, 17-тармақтарында көрсетілген азаматтарға атаулы және мерекелiк күндерге әлеуметтік көмек жылына бір рет тек қана бір негіздеме бойынша жүзеге асырылады.

4-бөлім. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсету тәртібі 1-тарау. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек тағайындау бойынша жалпы ережелер

      20. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтарды мұқтаждар санаттарына жатқызу үшін мыналар:

      1) осы Қағиданың 33-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;

      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіруі;

      3) әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;

      4) белгіленген шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негіздеме болып табылады.

      21. Әлеуметтік көмек осы Қағиданың 20-тармағында көзделген негіздер бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің барлық кезеңіне бір рет тағайындалады.

      22. Өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ұсынылған мәліметтердің дәйектілігіне жауапты болады.

      23. Өтініші берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда, әкімші тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.

      24. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек тек осыған ұқсас ақшалай төлемдерді ұсыну, қызметтерді немесе өзге де өтеулерді көрсету үшін негіздер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіпте болмаған жағдайда ұсынылады.

      25. Осы Қағиданың 20-тармағының 4) тармақшасында көзделген негіздер бойынша әлеуметтік көмекті көрсету кезінде әкімші өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жолдайды.

      26. Учаскелік комиссия өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша осы Қағидаға 1, 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және әкімшіге жолдайды.

      27. Әкімші адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және қарауға құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

      28. Арнайы комиссия көлемін көрсете отырып, әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі жөнінде қорытынды шығарады.

      29. Осы Қағиданың 20-тармағында көзделген барлық негіздер бойынша әлеуметтік көмекті көрсету кезінде әкімші өтініш берушінің құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Осы Қағиданың 23-тармағында көрсетілген жағдайда әкімші өтініш берушіден құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      30. Әкімші шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.

      31. Белгіленген негіздердің бірі бойынша әлеуметтік көмек күнтізбелік бір жыл ішінде қайтадан көрсетілмейді.

      32. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту өтініш беруші ұсынған мәліметтердің толық емес, дәйексіздігі анықталған жағдайда жүзеге асырылады, ал Қағиданың 20-тармағының 4) тармақшасында көзделген негіздер бойынша әлеуметтік көмекті көрсету кезінде:

      өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;

      адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін белгіленген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.

2-тарау. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша әлеуметтік көмек

      33. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтар деп "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес:

      жасының егде тартуына байланысты, ауруы және (немесе) мүгедектігі салдарынан өзіне-өзі күтім жасай алмауы бар (осы Қағиданың 13-тармағы 5) тармақшасында көрсетілген үнемі бөгде адамның күтіміне мұқтаж азаматтар);

      дене және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуы бар (осы Қағиданың 13-тармағы 6) тармақшасында көрсетілген азаматтар);

      әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі бар (осы Қағиданың 13-тармағы 11) тармақшасында көрсетілген азаматтар);

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған (осы Қағиданың 13-тармағы 12) тармақшасында көрсетілген азаматтар);

      пробация қызметінің есебінде тұрған (осы Қағиданың 13-тармағы 13) тармақшасында көрсетілген азаматтар) азаматтар танылады.

      34. Осы тараудың шеңберінде әлеуметтік көмек ақшалай төлем түрінде ұсынылады және медициналық көрсеткіштерге сәйкес медициналық қызметтерді алу, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, дәрілік заттарды жедел сатып алу үшін қаржылық қаражаттың аса қажеттілігін жоюға арналған.

      35. Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасы атынан әкімшіге мынадай құжаттарды қоса отырып өтініш береді:

      1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      2) мекенжай анықтамасы;

      3) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын акт және/немесе құжат, оның ішінде өмірлік қиын жағдайға байланысты адамның болған шығындарын растайтын құжаттар (чектердің, түбіртектердің көшірмелері, рецептер, медициналық қызметтерді көрсетуге арналған шарт және т.б.).

      Ескерту. 35-тармаққа өзгеріс енгізілді - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 06.03.2019 № 361/45-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      36. Құжаттар салыстыру үшін түпнұсқалар мен көшiрмелер түрінде ұсынылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      37. Әлеуметтік көмектің көлемі 13 АЕК аспайтын өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты өтініш берушінің нақты (не болмаса алдыңғы) шығындарының негізінде анықталады.

      38. Әлеуметтік көмекті тағайындауға хабарласқан азаматтардың өтініштерін әкімші көрсетілген өмірлік қиын жағдай туындаған күннен бастап үш айдан кешіктірмей қарастырады.

3-тарау. Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру негіздері бойынша әлеуметтік көмек

      39. Табиғи зілзала немесе өрт салдарынан зардап шеккен азаматтарға әлеуметтік көмек ақшалай төлем түрінде мына мөлшерде:

      жалғыз болып табылатын тұрғын үйге елеулі зиян келтірілген, бүлінген, жойылған жағдайда отбасына 65 АЕК;

      отбасы мүшелері қайтыс болғанда – қаза болған адамға 15 АЕК мөлшерінде ұсынылады.

      40. Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасы атынан әкімшіге мына құжаттарды қоса отырып өтініш береді:

      1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      2) мекенжай анықтамасы;

      3) табиғи зілзала немесе өрт фактісі мен келтірілген зиянның дәрежесін растайтын құжаттар;

      4) өтініш берушіге жоғалған, бүлінген тұрғын үйдің тиесілігін растайтын құжаттар:

      жеке меншiк құқығында тиесiлiге – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органы берген жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтарының болмауы (болуы) жөніндегі анықтама және құқық беретін құжаттың көшірмесі;

      өзге де заңды негіздерде тұрып жатқандар үшін – тұрғын үйді ұстау бойынша меншік иесі белгіленген міндеттемемен тұру құқығына құжаттың көшірмесі;

      5) қаза болған жағдайда – отбасы мүшесінің қайтыс болу фактісін және оған қатысты туыстығын растайтын құжаттар.

      41. Құжаттар түпнұсқалар мен көшiрмелер түрінде салыстыру үшін ұсынылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      42. Әкімші табиғи зілзала немесе өрт жағдайы пайда болған күннен бастап үш айдан кешіктірмей әлеуметтік көмек алуға келіп түскен өтініштерді қарайды.

4-тарау. Әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы негіздері бойынша әлеуметтiк көмек

      43. Әлеуметтік мәні бар ауру – туберкулез бойынша әлеуметтік көмек белсендi туберкулезбен ауыратын азаматтарға Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Нұр-Сұлтан қаласының Туберкулезге қарсы диспансерi" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсіпорнында (бұдан әрi – Туберкулезге қарсы диспансер) диспансерлiк есепте тұрған және амбулаторлық емделудегi азаматтарға 10 АЕК ай сайынғы ақша төлемдері түрінде ұсынылады.

      Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 30.05.2019 № 385/50-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      44. Әлеуметтiк көмек көрсету үшiн негіздеме төмендегi құжаттарды қоса отыра ай сайын Туберкулезге қарсы диспансері ұсынатын өтініш, осы Қағиданың 43-тармағында көрсетілген азаматтардың тiзiмi (бұдан әрi – тiзiм) болып табылады:

      1) осы Қағиданың 43-тармағында көрсетілген азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      2) мекенжай анықтамасы.

      Ескерту. 44-тармаққа өзгеріс енгізілді - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 30.05.2019 № 385/50-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      45. Алып тасталды - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 30.05.2019 № 385/50-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      46. Алып тасталды - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 30.05.2019 № 385/50-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      47. Алып тасталды - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 30.05.2019 № 385/50-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      48. Алып тасталды - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 30.05.2019 № 385/50-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      49. Алып тасталды - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 30.05.2019 № 385/50-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      50. 5 АЕК мөлшеріндегі тоқсан сайынғы ақшалай төлем түрінде әлеуметтік көмек әлеуметтік мәні бар аурулар бойынша:

      адамның иммун тапшылығы вирусы туғызатын ауру, оның ішінде адамның иммун тапшылығы вирусын тасымалдаушы – "ЖҚТБ-ны алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық" МКҚК диспансерлік есепте тұрған адамдарға;

      қатерлі ісіктер – қаланың медициналық ұйымдарында диспансерлік есепте тұрған балаларға тиісті ауруы бойынша ұсынылады.

      51. Осы Қағиданың 43, 50-тармақтарына сәйкес ұсынылатын әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтар туралы мәліметтер әкімшінің қызметкерлерінің жариялауына жатпайды.

5-тарау. Белгіленген шегінен аспайтын жан басына шаққандағы табысының болуы негізі бойынша әлеуметтік көмек §1. Табысты есепке алусыз әлеуметтік көмек

      52. Әлеуметтік көмек мына тегін қызметтер және ақшалай төлемдер түрінде табысын есепке алусыз азаматтардың мына жекелеген санаттарына:

      1) тісті протездеу:

      Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестірілген адамдарға;

      мүгедектерге;

      жасы бойынша зейнеткерлерге;

      табысы аз азаматтардың ішінен көп балалы аналар, көп балалы отбасыларға;

      2) шипажайлық-курорттық емделу:

      Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестірілген адамдарға;

      жолдама құнының 35%-ын төлеумен жасы бойынша зейнеткерлерге;

      жолдама құнының 25%-ын төлеумен ең төмен мөлшердегі зейнетақы алушылар санынан жасы бойынша зейнеткерлерге;

      3) дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету:

      Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестірілген адамдарға;

      4) коммуналдық қызметтердi, тұрғын үйдi ұстауға, телефонға абоненттiк төлемдердi төлеуге:

      Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестірілген адамдарға және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушыларға теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына;

      5) астананың ресми мерзiмдi баспасөз басылымдарына жазылуға, моншаларға, шаштараздарға, мәдени ойын-сауық, спорттық іс-шараларға баруға арналған ақшалай төлемдер:

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне.

      Ескерту. 52-тармаққа өзгеріс енгізілді - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 30.05.2019 № 385/50-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      53. Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші әкімшіге өтінішке қоса мына құжаттарды ұсынады:

      1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      2) мекенжай анықтамасы;

      3) тісті протездеу түрінде әлеуметтік көмек көрсету үшін уәкілетті медициналық ұйым берген тісті протездеу, ауыз қуысын тазалау қажеттілігі жөнінде медициналық қорытынды;

      4) шипажайлық-курорттық емделу түрінде әлеуметтік көмек көрсету үшін шипажайлық-курорттық карта;

      5) дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету түрінде әлеуметтік көмек көрсету үшін уәкілетті медициналық ұйым берген дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға, гигиена және күтім көрсету заттарына рецепт;

      6) коммуналдық қызметтердi, тұрғын үйдi ұстауға, телефонға абоненттiк төлемдердi төлеуге ақшайлай төлемдер түрінде әлеуметтік көмек үшін тұрып жатқан тұрғын үйдің шаршы метрін растайтын (техникалық паспортпен құқық белгілейтін құжат) құжаттың көшірмесі.

      54. Құжаттардың түпнұсқалары мен көшiрмелерi салыстыру үшін ұсынылады, одан кейін түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      55. Тiсті протездеуге (бағалы металдардан жасалған протездерден басқа) әлеуметтiк көмек екi жылда бiр рет осы Қағиданың 52-тармағы 1) тармақшасында көрсетілген санаттары қатарынан азаматтарға ұсынылады.

      56. Тіс протездеуге әлеуметтік көмек шеңберінде медициналық көрсеткіштер болған жағдайда тіс шектерін, пародонт ауруларын емдеуді, медициналық манипуляция жүргізумен (инъекция, рентгенге түсіру және т.б.) тісті жұлуды қамтитын ауыз қуысын протез алды тазалау жүзеге асырылады.

      57. Әкiмшi тіс протездеу бойынша қызмет жеткізушілерімен шарт жасасқан кезден бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тiстерiн протездеуге тiркеу жүргiзетiн орындар мен мерзiмдерi туралы хабардар етедi.

      58. Шипажайлық-курорттық емделуге әлеуметтiк көмек осы Қағиданың 52-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген санаттары ішінен азаматтарға жеткізушілер базасында шипажайлық-курорттық емделуден өту үшін бағыттама-жолдамаларды ұсыну арқылы берiледi.

      Әкімші осы Қағиданың 52-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген санаттары ішінен он сегіз жасқа толған азаматтарды шипажайлық емделуден өту кезінде ерітіп жүретін адамның тұруына және тамақтануына төлем жүргізеді.

      59. Шипажайлық-курорттық емделу Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мамандандырылған мекемелерде жүзеге асырылады.

      Шипажайлық-курорттық емделуден өту мерзімі он төрт күнді құрайды.

      Шипажайлық-курорттық емделу құқығы күнтiзбелiк жылға бір реттен артық емес ұсынылады.

      60. Шипажайлық-курорттық емделу орнына дейiнгi және керi қайту жолақысының құны шипажайлық-курорттық емделушінің жеке қаражаты есебiнен жүргiзiледi.

      61. Әкiмшi келiп түскен өтiнiштерге сәйкес жеткiзушi ұсынған келу кестесiне сәйкес өтініштердің келіп түсуі кезегі тәртiбiмен әлеуметтік көмекті алуға азаматтардың тiзiмiн жасайды.

      Шипажайлық-курорттық емделуден өтiнiш берушi өз талабы бойынша бас тартқан жағдайда, жолдама әкiмшiге қайтарылуы және кезекке сәйкес басқа өтiнiш берушiге берiлуi тиiс.

      62. Жолдама дәлелдi себептер бойынша пайдаланылмаған жағдайда, шипажайлық-курорттық емделуге құқығы мүмкіндігінше келу кестесіне сәйкес басқа кезеңнің жолдамасына, бірақ ауыстырылуға тиіс жолдамада көрсетілген келу басталғанға дейін үш күннен кешіктірілмей ұсынылуы мүмкін.

      63. Жолдаманы алуға келу қажеттiлiгi жөнiнде өтiнiш берушiге әкiмшiнiң екi рет поштамен жолданған жазбаша хабарламалары бойынша хабарласпаған жағдайда, берiлген өтiнiш бойынша шипажайлық-курорттық емделу ұсынылмайды.

      64. Әкiмшiнiң бiрiншi басшысы (немесе оның орынбасары) қол қойған және мөрмен бекiтiлiп берiлген жолдамада шипажайлық-курорттық емделуге құқылы тұлғаның тегi, аты және әкесiнiң аты көрсетiледi.

      65. Амбулаторлық емделуде дәрi-дәрмекпен қамтамасыз етуге әлеуметтiк көмек дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, гигиена және күтім көрсету заттарын (бұдан әрі – дәрілік заттар) тегін беруден тұрады және осы Қағиданың 52-тармағы 3) тармақшасында көрсетілген санаттар қатарынан азаматтарға көрсетіледі.

      66. Әкiмшi осы Қағида шеңберінде дәрілік заттармен қамтамасыз етуге құқығы бар азаматтардың тiзiмдерiн уәкілетті медициналық ұйымға жыл сайын 3 қаңтарға дейiн ұсынады және қажет болған жағдайда оны жаңартады.

      67. Осы Қағиданың 52-тармағы 3) тармақшасында көрсетiлген санаттарға жататын дәрiлік заттарға мұқтаж азаматтар уәкілетті медициналық ұйымға дәрiлік заттарға белгiленген үлгiдегi рецептi алуға хабарласады.

      68. Алып тасталды - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 30.05.2019 № 385/50-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      69. Уәкілетті медициналық ұйым берген дәрiлік заттардың рецептері негізінде дәрiлік заттарды беру жеткізушілердің дәрiханалық мекемелерiнде жеке куәлігінің түпнұсқасын ұсынған жағдайда жiберiледi.

      70. Коммуналдық қызметтердi, тұрғын үйдi ұстауға, телефонға абоненттiк төлемдердi төлеуге ақшайлай төлемдер осы Қағиданың 52-тармағы 4) тармақшасында көрсетілген санаттары қатарындағы азаматтарға тағайындалады.

      71. Тұрғылықты орны немесе пайдаланатын тұрғын үйдің алаңы өзгерген жағдайда, әлеуметтік көмек алушы ол жөнінде әкімшіні өзгерген кезден бастап он күн ішінде хабардар етуі тиіс. Ақшалай төлемдерді қайта есептеу хабардар етілген айдан бастап жүргізіледі.

      72. Ақшалай төлемдер ай сайын мына мөлшерлерде беріледі:

      1) абаттандырылған пәтерлерде тiркелген және тұратын, пайдаланатын тұрғын үйдің алаңына байланысты Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне:

      35 ш.м. дейiн – 1 АЕК;

      35 ш.м-ден 50 ш.м. дейiн – 6 АЕК;

      50 ш.м-ден 80 ш.м. дейiн – 7 АЕК;

      80 ш.м-ден бастап және одан жоғары – 8 АЕК;

      2) жеке тұрғын үйлерде тiркелген және тұратын Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне – 5 АЕК;

      3) жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне теңестірілген адамдарға – 2,4 АЕК;

      4) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердiң екiншi рет некеге тұрмаған жесiрлерi қатарынан жеңілдіктер мен кепілдіктер жөнінен соғысқа қатысушыларға теңестірілген адамдарға – 4,4 АЕК.

      73. Көрсетілген ақшалай төлемге құқығы бар бiрнеше адам бiр тұрғылықты мекенжай бойынша тiркелген жағдайда, төлем тек қана бiреуiне жүргiзiледi.

      74. Осы Қағиданың 52-тармағы 5) тармақшасында көрсетілген санаттары қатарынан Нұр-Сұлтан қаласының ресми мерзiмдi баспасөз басылымдарына жазылуға, моншаларға, шаштараздарға, мәдени ойын-сауық, спорттық іс-шараларға баруға жылына бір рет 6,5 АЕК көлемінде ақшалай төлем жүзеге асырылады.

§2. Нұр-Сұлтан қаласының жоғары оқу орындарында оқу ақысын төлеуге азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек

      75. Төрт ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын жан басына шаққандағы табысы болған жағдайда қаланың жоғары оқу орындарында күндізгі нысанында оқу ақысын төлеу үшiн әлеуметтік көмек қаланың жалпы бiлiм беретiн мектептер түлектерi қатарынан:

      жетiм балаларға;

      балалар үйлерiнiң түлектерiне;

      бала жасынан мүгедектерге;

      ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

      көп балалы отбасының балаларына беріледі (оның ішінде, білім ұйымдарына күндізгі оқу нысанына түскенге дейін ағымдағы жылы үлкен баланың кәмелетке толуына байланысты).

      Ескерту. 75-тармаққа өзгерістер енгізілді - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 06.03.2019 № 361/45-VI  (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.05.2019 № 385/50-VI  (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      76. Әлеуметтік көмек қаланың тиiстi жоғары оқу орнында оқудың нақты құны мөлшерiнде және тиiстi қаржы жылына қала бюджетiнде осы мақсаттарға қарастырылған қаражат шегiнде көрсетіледі.

      77. Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші әкімшіге мына құжаттарды қоса отырып өтініш ұсынады:

      1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      2) мекенжай анықтамасы;

      3) осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес отбасының құрамы туралы мәліметтер;

      4) Жиынтық табысын есептеу ережесіне сәйкес адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер;

      5) ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлiктің көшірмесі (жетiм балалар үшін);

      6) мүгедектiгi туралы анықтамасының көшірмесі (бала жасынан мүгедектер үшін);

      7) көп балалы отбасы мәртебесiн растайтын құжатының көшірмесі (көп балалы отбасының балалары үшiн);

      8) туу туралы куәлiгінің көшірмесі (жетiм балалар үшін);

      9) Нұр-Сұлтан қаласының орта мектебін аяқтау туралы аттестат;

      10) Ұлттық бiрыңғай тестiлеудiң немесе Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Бiлiм беру мен тестiлеудiң мемлекеттiк стандарттарының ұлттық орталығы әзiрлеген технология бойынша өткiзiлетiн кешендi тестiлеудiң (бұдан әрi – тестiлеу) нәтижесi бойынша берiлген мемлекеттiк сертификаты.

      78. Құжаттардың түпнұсқалары және көшiрмелерi салыстыру үшін ұсынылады, одан кейін түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      79. Әкiмші әлеуметтік көмек алуға үмiткерлерден құжаттар қабылдауды жыл сайын 20 тамызда аяқтайды.

      80. Бiлiм басқармасы 1 мамырға осы Қағиданың 75-тармағында көрсетiлген тұлғалар қатарынан ағымдағы жылы жалпы бiлiм беретiн мектептер түлектерiнiң тiзiмдерiн әкімшіге ұсынады.

      81. Әлеуметтік көмек алуға үмiткерлердi iрiктеу Нұр-Сұлтан қаласының жоғары оқу орындарында күндізгі нысанда оқу ақысын төлеуге әлеуметтік көмекті тағайындау жөнінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанында арнайы құрылған комиссиямен тестiлеу кезiнде ең жоғары алған ұпай саны бойынша осы Қағиданың 75-тармағында көрсетілген санаттардан жүргiзiледi.

      82. Iрiктеу осы Қағиданың 75-тармағында келтiрiлген ретімен көрсетілген санаттардың әрқайсысының шегiнде жүргiзiледi.

      83. Тестiлеу кезiнде қажеттi ең төменгi баллды жинай алмаған жалпы бiлiм беретiн мектеп түлектерiне әлеуметтік көмек тағайындалмайды.

      84. Әкiмші әлеуметтік көмекті тағайындалғаннан кейін қаланың жоғарғы оқу орындарымен және әлеуметтік көмек алушылармен бiлiм беру қызметтерiн көрсетуге шарттар (бұдан әрi – шарт) жасасады.

      85. Әкiмші шартқа қол қойылғаннан кейiн он банктік күн ішінде оқуға әлеуметтік көмек алушының дербес есеп шотына ақшалай қаражатты аудару жолымен алғашқы оқу жылына төлемақы жүргiзедi.

      Оқуға әлеуметтік көмек алушы ақшалай қаражаттар түскеннен кейін үш банктік күн ішінде оқуға төлемақы жүргізеді және әкімшіге төлеу туралы түбіртекті ұсынады.

      86. Келесi оқу жылдарына әлеуметтік көмек жыл сайын оқу жылының басында жүргiзiледi.

      87. Әкiмші жоғарғы оқу орнымен бiрiгiп, әлеуметтік көмек алушының оқуға қабылданған кезiнен бастап оның оқуын бақылауды жүзеге асырады.

      88. Жоғарғы оқу орнының әкiмшiлiгi үлгерiмi төмен болғаны, себепсiз үнемi оқуға қатыспағаны немесе әлеуметтік көмек төлем есептеу және/немесе тоқтату үшiн негiз болып табылатын оқу орнының Жарғысына сәйкес басқа да оқу тәртiбiн бұзғаны жөнінде әкiмшіні уақтылы хабардар етуге тиіс.

      89. Егер әлеуметтік көмек алушы оқудан шығарылса, жоғарғы оқу орны бес күн iшiнде бұйрықтың көшiрмесiн ұсынып, әкiмшіні хабардар етедi.

      90. Әлеуметтік көмек алушы жоғарғы оқу орнынан шығарылған жағдайда әкімші әлеуметтік көмек тағайындау үшін көзделген тәртіпте жоғарғы оқу орны әкiмшiлiгiнiң ұсынысы бойынша оқудан шығарылған студенттің орнына осы Қағиданың 75-тармағында көрсетiлген тұлғалар қатарынан бейiндi мамандық бойынша осындай жоғарғы оқу орнының басқа студентiмен ауыстырады.

      Бейiндi мамандық шегiнде ауыстыру үшiн үмiткер болмаған жағдайда, жоғарғы оқу орнының әкiмшiлiгi басқа мамандық бойынша студенттi ұсынады, осындай үмiткерлер болмаған жағдайда, басқа жоғарғы оқу орнының осы Қағиданың 75-тармағында көрсетiлген тұлғалар қатарынан студентіне ауысады.

      Аталған жоғарғы оқу орнында үміткер болмаған жағдайда әкiмші қаланың басқа жоғары оқу орындарынан ауыстыру үшiн үмiткердi сұрастырады.

      Ескерту. 90-тармаққа өзгеріс енгізілді - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 06.03.2019 № 361/45-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      91. Оқудан шығарылған студенттiң орнын ауыстыру туралы ұсыныс болмаған жағдайда, жоғарғы оқу орны оқу шығындарын шегеру есебiмен Нұр-Сұлтан қаласының бюджетiне төленген қаражатты қайтаруды жүргiзедi.

      92. Жоғарғы оқу орнынан шығарылған жағдайда оқуға төленген сомалар әлеуметтік көмек алушыдан өндiрiлмейдi.

      93. Денсаулығына байланысты академиялық демалысқа шыққан әлеуметтік көмек алушы қайтадан оралғаннан кейiн одан әрi әлеуметтік көмек алуына болады.

      94. Жоғарғы оқу орнын бiтiрген соң және тиiстi үлгiдегi дипломды алғаннан кейiн оқуға әлеуметтік көмек алушы он күн мерзiм iшiнде ол туралы әкiмшіні хабардар етедi.

§ 3. Азаматтардың жекелеген санаттарына қатты отынды сатып алуға әлеуметтік көмек

      95. Қатты отынды сатып алуға әлеуметтік көмек төрт ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын жан басына шаққандағы табысы болған және оларда және отбасы мүшелерінде басқа тұрғын үйі болмаған жағдайда, жергiлiктi (пештік) жылытатын жеке тұрғын үйде тұратын, оның жеке меншік иесі (жалға алушысы) немесе жеке меншік иесінің отбасы мүшелері (жалға алушысы) болып табылатын жасы бойынша зейнеткерлерге, мүгедектерге, мүгедек балаларға, көп балалы аналарға және көп балалы отбасыларға жүргiзiледi.

      Ескерту. 95-тармақ жаңа редакцияда - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 30.05.2019 № 385/50-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      96. Өтемақы жылыту маусымына 16 АЕК көлемінде жүргiзiледi.

      Ескерту. 96-тармаққа өзгеріс енгізілді - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 30.05.2019 № 385/50-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      97. Қатты отынды сатып алуға өтемақы алуға құқығы бар бiрнеше адам бiр жеке меншiк тұрғын үйде тұрған жағдайда, өтемақы тек бiреуiне ғана берiледi.

      98. Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші жылыту маусымы кезеңінде әкiмшiге мына құжаттарды қосып өтініш ұсынады:

      1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      2) мекенжай анықтамасы;

      3) осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес отбасының құрамы туралы мәліметтер;

      4) Жиынтық табысын есептеу қағидасына сәйкес адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер;

      5) мәртебені растайтын құжаттың көшірмесі (зейнеткерлік куәлік, мүгедектік туралы анықтама, балалардың туу туралы куәліктері);

      6) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң аумақтық органы берген жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқығының болмауы (болуы) туралы анықтама:

      7) тұрғын үйді пайдалану құқығын растайтын құжат – жалға алушылар үшін.

      Ескерту. 98-тармаққа өзгеріс енгізілді - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 30.05.2019 № 385/50-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      99. Құжаттардың түпнұсқалары және көшiрмелерi салыстыру үшін ұсынылады, одан кейін түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

  Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтiк
көмек көрсету, оның
мөлшерлерiн белгiлеу және
мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тiзбесiн
айқындау қағидаларына
1-қосымша

Өмiрлiк қиын жағдайдың туындауына байланысты отбасының мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру актісі

      20___жылғы "___" _________                                    _________________

      (елді мекен)

      1. Өтініш иесінің Т.А.Ә. _____________________________________________________

      2. Тұратын мекенжайы ______________________________________________________

      3. Өтiнiш берушi әлеуметтiк көмекке өтiнiш берген туындаған өмiрлiк қиын жағдай ________________________________________________________________________________

      4. Отбасының құрамы (отбасында нақты тұратындар ескеріледі) ___ адам, оның ішінде:

Р/с

Т.А.Ә.

Туған күні

Өтiнiш берушiге туыстық қатынасы

Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқу орны)

Жұмыспен қамтылмау себебi

Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсiптiк даярлығы (қайта даярлау, бiлiктiлiгiн арттыру) немесе жұмыспен қамтудың белсендi шараларына қатысуы туралы мәлiметтер

Өмiрлiк қиын жағдай

























      Еңбекке жарамды барлығы __________________ адам.

      Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретiнде тiркелген ____ адам.

      Балалардың саны:

      ______________________________________________ жоғары және орта оқу орындарында ақылы негiзде оқитын ______ адам, оқу құны жылына ______ теңге.

      Отбасында Ұлы Отан соғысына қатысушыларымен, мүгедектерiнiң, оларға теңестiрiлгендердiң, зейнеткерлердiң, 80 жастан асқан қарт адамдардың, әлеуметтiк маңызы бар аурулары (қатерлi iсiктер, туберкулез, адамның иммун тапшылығы вирусы) бар адамдардың, мүгедектердiң, мүгедек балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты қосу керек) ____________________________________________________________________

      5. Өмiр сүру жағдайы (жатақхана, жалға алынған, жекешелендiрiлген тұрғын үй, қызметтiк тұрғын үй, тұрғын үй кооперативi, жеке тұрғын үй немесе өзгеше – көрсету керек):

      ________________________________________________________________________________

      Тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстар:

      ________________________________________________________________________________

      Отбасының табысы:

Р/с №

Табысы бар отбасы мүшелерiнiң (оның iшiнде өтiнiш берушiнiң) Т.А.Ә.

Табыс түрі

Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге)

Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, малы және құсы), саяжай және жер учаскесi (жер үлесi) туралы мәлiметтер

тоқсанға

орта есеппен айына

















      6. Мыналардың:

      автокөлiгiнiң болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретiн құжат, оны пайдаланғаннан түскен мәлiмделген табыс)

      ________________________________________________________________________________

      қазiргi уақытта өздерi тұрып жатқаннан бөлек өзге де тұрғын үйдiң болуы (оны пайдаланғаннан түскен мәлiмделген табыс) ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      7. Бұрын алған көмегi туралы мәлiметтер (нысаны, сомасы, көзi):

      ________________________________________________________________________________

      8. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзi):

      ________________________________________________________________________________

      9. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киiммен, аяқ киiммен қамтамасыз етiлуi

      ________________________________________________________________________________

      10. Тұратын жерiнiң санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы

      ________________________________________________________________________________

      Комиссия төрағасы:

      _________________________ _____________________

      Комиссия мүшелері:

      ________________________ ______________________

      ________________________ ______________________

      ________________________ ______________________

      ________________________ ______________________

      (қолдары)                  (Т.А.Ә.)

      Жасалған актімен таныстым:

      _______________________________________________________________

      өтініш берушінің Т.А.Ә. және қолы

      Тексеру жүргізуден бас тартамын

      __________________________________________________________________________

      өтініш берушінің (немесе отбасы мүшелерінің бірінің) Т.А.Ә және қолы, күні

      (өтiнiш берушi тексеру жүргiзуден бас тартқан жағдайда толтырылады).

  Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтiк
көмек көрсету, оның
мөлшерлерiн белгiлеу және
мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тiзбесiн
айқындау қағидаларына
2-қосымша

Учаскелiк комиссияның № ____ қорытындысы

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 30.05.2019 № 385/50-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      20____ жылғы "__" _________

      Учаскелiк комиссия Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау қағидаларына сәйкес өмiрлiк қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтiк көмек алуға өтiнiш берген адамның (отбасының)

      ________________________________________________________________________________

      (өтiнiш берушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты)

      өтiнiшiн және оған қоса берiлген құжаттарды қарап, ұсынылған құжаттар және өтiнiш берушiнiң (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижелерiнiң негiзiнде

      ________________________________________________________________________________

      (қажеттiлiгi, қажеттiлiктiң жоқтығы) адамға (отбасыға) өмiрлiк қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтiк көмек ұсыну туралы қорытынды шығарады.

      Комиссия төрағасы:

      __________________ _______________________

      Комиссия мүшелерi:

      __________________ _______________________

      __________________ _______________________

      __________________ _______________________

      __________________ _______________________

      (қолдары)            (Т.А.Ә.)

      Қорытынды қоса берiлген құжаттармен ___ данада 20__ жылғы "___" ____ қабылданды

      ________________________________________________________________________________

      Құжаттарды қабылдаған уәкілетті органның Т.А.Ә., лауазымы, қолы

  Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтiк
көмек көрсету, оның
мөлшерлерiн белгiлеу және
мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тiзбесiн
айқындау қағидаларына
3-қосымша

      Отбасының тiркеу нөмiрi ____________

Өтiнiш берушiнiң отбасы құрамы туралы мәлiметтер

      ____________________________________ ___________________________________

      (Өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә.)                  (үйiнiң мекенжайы, тел.)

Р/с №

Отбасы мүшелерiнiң Т.А.Ә.

Өтiнiш берушiге туыстық қатынасы

Туған жылы













      Өтiнiш берушiнiң қолы _________________________ Күнi ________________________

      ________________________________________________________________________________

      Отбасының құрамы туралы мәлiметтердi куәландыруға уәкiлеттi органның лауазымды адамының Т.А.Ә.

      _____________________ (қолы)

  Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтiк
көмек көрсету, оның
мөлшерлерiн белгiлеу және
мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тiзбесiн
айқындау қағидаларына
4-қосымша

Амбулаторлық емделу кезінде Нұр-Сұлтан қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарын тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың, гигиена және күтім көрсету заттарының тізбесі

      Ескерту. 4-қосымша алып тасталды - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 30.05.2019 № 385/50-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының
2017 жылғы 12 желтоқсандағы
№221/25-VI шешіміне
2-қосымша

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының кейбір күші жойылған шешімдерінің тізбесі

      1. Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 250/36-V "Нұр-Сұлтан қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 822 болып тіркелді, 2014 жылғы 23 шілдеде "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланды).

      2. Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 290/41-V "Нұр-Сұлтан қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы" Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 250/36-V шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 845 болып тіркелді, 2014 жылғы 25 қазанда "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланды).

      3. Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2015 жылғы 17 шілдедегі № 399/55-V "Нұр-Сұлтан қаласында әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау қағидасы туралы" Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 250/36-V шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 933-1 болып тіркелді, 2015 жылғы 29 тамызда "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланды).

      4. Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2016 жылғы 24 маусымдағы № 34/7-VI "Нұр-Сұлтан қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы" Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 250/36-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1039 болып тіркелді, 2016 жылғы 23 шілдеде "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланды).

      5. Нұр-Сұлтан қаласы маслихатының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 85/13-VI "Нұр-Сұлтан қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы" Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 250/36-V шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1086 болып тіркелді, 2016 жылғы 29 желтоқсанда "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланды).