Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы

Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 221/25-VI шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2018 жылғы 4 қаңтарда № 1149 болып тіркелді.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексі 55-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 20-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 6-бабының 2-3-тармағына, "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 8-бабы 3) тармақшасына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 72682 болып тіркелген) сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. 1-қосымшаға сәйкес Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы бекітілсін.

      2. 2-қосымшаға сәйкес Астана қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім әділет орғандарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы мәслихаты
сессиясының төрағасы
В. Досаев
      Астана қаласы
мәслихатының хатшысы
Ж. Нұрпейісов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Астана қаласының Білім

      басқармасы" мемлекеттік

      мекемесінің (ББ) басшысы                                          Ә. Жангозин

      "Астана қаласының Денсаулық

      сақтау басқармасы" мемлекеттік

      мекемесінің (ДСБ) басшысы                                    Қ. Надыров

      "Астана қаласының Жұмыспен қамту,

      еңбек және әлеуметтік қорғау

      басқармасы" мемлекеттік

      мекемесінің (ЖҚЕӘҚБ) басшысы                                    Е. Оспанов

  Астана қаласы мәслихатының
2017 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 221/25-VI шешіміне
1-қосымша

Астана қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары

      Осы Астана қаласының әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау қағидалары (бұдан әрi – Қағида) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексі 55-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына, "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 15) тармақшасына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес әзiрлендi.

1-бөлім. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидада мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Астана қаласы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      2) ата-аналарының (ата-анасының) қамқорлығынсыз қалған бала (балалар) – ата-ана құқықтарының шектелуiне немесе олардан айрылуына, хабарсыз кеткен деп танылуына, қайтыс болған деп жариялануына, әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектелген деп танылуына, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуiне, бала тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына, оның ішінде баланы тәрбиелеу немесе медициналық ұйымнан алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-ана қамқоршылығы болмаған және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өз құқықтары мен мүдделерінің қажетті қорғалуын қамтамасыз етуге мұқтаж болған өзге де жағдайларда жалғыз ата-анасының немесе екеуінің де қамқорлығынан айрылған бала (балалар);

      3) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани және мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      4) әлеуметтік көмек – мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ осы Қағидада белгіленген тәртіпте атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек;

      5) ең төмен күнкөріс деңгейі – Астана қаласының статистикалық органы есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      6) жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестiрiлген адамдар – мәртебесi "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабымен анықталған адамдар;

      7) жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестiрiлген адамдар – мәртебесi "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабымен анықталған адамдар;

      8) жеңілдіктер мен кепілдіктер жөнінен соғысқа қатысушыларға теңестірілген адамдардың басқа да санаттары – мәртебесi "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-3-тармақтарымен анықталған адамдар;

      9) жетім бала (жетім балалар) – ата-анасының екеуі де немесе жалғыз анасы (әкесі) қайтыс болған бала (балалар);

      10) Әлеуметтік төлемдер орталығы – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Астана қаласы бойынша филиалы – "Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы" департаменті;

      11) көп балалы аналар – "Алтын алқа" және "Күмiс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналар;

      12) көп балалы отбасылар – бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын балалары бар отбасылар, балалары кәмелеттік жасқа толғаннан кейін олар оқу орнын бітіретін уақытқа дейін (бірақ әрі дегенде жиырма үш жасқа толғанға дейін), отбасы атынан анасы, әкесi болмаса балалардың қамқоршысының (қорғаншысы) хабарласуына құқығы бар;

      13) мерекелік күндер – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері, сондай-ақ БҰҰ және өзге де халықаралық ұйымдармен құрылтайшылық етілген халықаралық мерекелер және күндер;

      14) мүгедек бала (мүгедек балалар) – тiршiлiк-тынысының шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемiстiктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған он сегiз жасқа толмаған адам;

      15) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығымен бекітілген Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесіне (бұдан әрі – Жиынтық табысты есептеу ережесі) сәйкес отбасының жиынтық табысының айына отбасының әр мүшесіне келетін үлесі;

      16) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      17) табысы аз азаматтар – жан басына шаққандағы орташа айлық табысы Астана қаласында белгіленген кедейлік шегінен төмен адамдар (отбасылар);

      18) учаскелік комиссия – белгіленген шегінен аспайтын орташа жан басына шаққандағы табысының болуы негізі бойынша әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін Астана қаласы аудандары әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;

      19) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері – мәртебесi "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 5, 7-баптарымен анықталған адамдар.

      2. Әлеуметтiк көмек көрсету тәртiбi, мөлшерi және түрлерi, сондай-ақ алушылар санаттарының тізбесі осы Қағидамен белгiленедi.

      3. Әлеуметтiк көмек Астана қаласында тiркелген және тұрақты тұратын азаматтарға ұсынылады.

      4. Астана қаласының бюджетi әлеуметтiк көмектi қаржыландыру көзi болып табылады.

      Әлеуметтiк көмек "Жергiлiктi өкiлеттi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк төлемдер" бюджеттiк бағдарламасы бойынша әкімшісі "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрі – әкімші) болып табылатын тиiстi қаржы жылына Астана қаласының бюджетiнде осы мақсаттарға көзделген қаражат шегiнде ұсынылады.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 06.03.2019 № 361/45-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      5. Ақшалай нысандағы әлеуметтік көмек екінші деңгейдегі банктер, "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері арқылы алушылардың шоттарына ақшалай қаражат аудару жолымен көрсетіледі.

      6. Заттай нысандағы әлеуметтік көмек Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жеткізушілерді (бұдан әрі – жеткізушілер) әкімші анықтайтын қызмет көрсету арқылы ұсынылады.

      7. Әлеуметтік көмек алушылардың санаттары туралы мәліметтерді әкімшімен Әлеуметтік төлемдер орталығында, сондай-ақ осындай мәліметтерге ие қаланың басқа да ұйымдарында сұралады.

      8. Өтініш беруші толық емес және (немесе) дұрыс емес мәліметтерді ұсынған жағдайда, сондай-ақ өтініш беруші толық мемлекеттің қамқорлығында болған жағдайда әлеуметтік көмек тағайындалмайды.

      9. Әлеуметтік көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы Астана қаласының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушы мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;

      4) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген мән-жайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      10. Азаматтардың дәйексіз мәлiмет беру салдарынан артық және (немесе) заңсыз төленген сомасын өндiрiп алу Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiпте жүргiзiледi.

      11. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды әкімші "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерек қорын пайдалана отырып жүргізеді.

      12. Әлеуметтік көмекті көрсету үшін қажетті құжаттарды ұсыну әкімшіде қолжетімділік бар ақпараттық жүйелерден ақпаратты алу мүмкіндігі болғанда талап етілмейді.

2-бөлiм. Әлеуметтік көмек алуға құқығы бар алушылардың санаттары

      13. Әлеуметтік көмек алуға құқығы бар алушылардың санаттарына:

      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;

      2) жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестiрiлген адамдар;

      3) жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестiрiлген адамдар;

      4) жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан соғысқа қатысушыларға теңестірілген адамдардың басқа да санаттары, 1941 жылғы 22 маусым 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдар (бұдан әрі – тыл еңбеккерлері);

      5) зейнеткерлік жастағы адамдар, оның ішінде жасы бойынша зейнеткерлер, зейнеткерлік жасқа жеткен жасына байланысты және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар;

      6) мүгедектер, оның ішінде он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балалар;

      7) мүгедектігі бар немесе зейнеткерлер болып табылатын саяси қуғын-сүргiн құрбандары, саяси қуғын-сүргiннен зардап шеккен адамдар;

      8) көп балалы отбасылар, көп балалы аналар;

      9) жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, балалар үйлерiнiң түлектерi;

      10) табысы аз азаматтар;

      11) әлеуметтiк мәнi бар аурулармен ауыратын адамдар;

      12) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар;

      13) пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар;

      14) табиғи зiлзала немесе өрт салдарынан зардап шеккен азаматтар жатады.

3-бөлім. Мерекелiк және айтулы күндерге әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      14. Мерекелiк және айтулы күндерге әлеуметтік көмек 2,5 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) көлеміндегі ақшалай төлемдер түрінде азаматтардың мына санаттарына берiледi:

      4 ақпанда (Бүкіләлемдік қатерлі ісікке қарсы күн) – қатерлі ісіктері бар балалар ішінен әлеуметтiк мәнi бар аурулармен ауыратын адамдарға;

      8 наурызда (Халықаралық әйелдер күнi) – оның ішінде табысы аз азаматтар болып табылатын, көп балалы отбасыларға, көп балалы аналарға;

      21-23 наурызда (Наурыз мейрамы) – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

      7 мамырда (Отан қорғаушылар күні) – Қазақстан Республикасының алдында ерекше еңбегі үшін зейнетақы алушылар ішінен зейнеткерлік жастағы адамдарға;

      31 мамырда (Саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу күнi) – мүгедектігі бар немесе зейнеткерлер болып табылатын саяси қуғын-сүргiн құрбандарына, саяси қуғын-сүргiннен зардап шеккен адамдарға;

      1 маусымда (Балаларды қорғау күні) – жетім балаларға;

      30 тамызда (Қазақстан Республикасының Конституциясы күнi) – ең төмен мөлшердегі зейнетақы алушылар ішінен зейнеткерлік жастағы адамдарға;

      1 қазанда (Қарттар күнi) – жасы бойынша зейнеткерлерге (ең төмен мөлшердегі зейнетақы алушылардан басқа);

      қазан айының екiншi жексенбiсiнде (Мүгедектер күнi) – мүгедектерге және он сегiз жасқа дейiнгi мүгедек балаларға;

      1 желтоқсан (Бүкіләлемдік ЖҚТБ-мен күрес күні) – адамның иммун тапшылығы вирусы туғызатын ауруынан зардап шеккен адамдар, оның ішінде адамның иммун тапшылығы вирусын тасымалдаушылар ішінен әлеуметтiк мәнi бар аурулармен ауыратын азаматтарға;

      16 желтоқсанда (Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiк күнi) – мүгедектігі бар немесе зейнеткерлер болып табылатын Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысушылар қатарындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына берiледi.

      15. 9 АЕК көлеміндегі әлеуметтік көмек:

      15 ақпанда (Ауғанстаннан Кеңестiң шектеулi әскери контингентiн шығару күнi) – Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысушылар ішінен жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестiрiлген адамдарға;

      26 сәуiрде (Чернобыль атом электр станциясы апатының құрбандарын еске алу күнi) – жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестiрiлген адамдарға, сондай-ақ Чернобыль атом электр станциясы апатының зардаптарын жоюға қатысушы тұлғалар ішінен жеңілдіктер мен кепілдіктер жөнінен соғысқа қатысушыларға теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына беріледі.

      16. 9 мамырда (Жеңіс күні) әлеуметтік көмек азаматтардың мына санаттарына:

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне – 67 АЕК;

      жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға (осы Қағиданың 15-тармағында көрсетілген тұлғалардан басқа) – 9 АЕК;

      жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан соғысқа қатысушыларға теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына, тыл еңбеккерлеріне – 4,5 АЕК беріледі.

      17. 1 желтоқсан (Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні) күніне табысы аз азаматтарға 4,5 АЕК мөлшерінде ұсынылады.

      18. Әкімші:

      тиісті негіздер бойынша азаматтардың арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны алуы туралы Әлеуметтік төлемдер орталығының мәліметтері негізінде, "Астана қаласының Білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы мәліметтері, сондай-ақ табысы аз азаматтарға әлеуметтік төлемдерді тағайындау туралы өздерінің мәліметтері негізінде осы Қағиданың 14, 15, 16-тармақтарында;

      Астана қаласы әкімдігінің "ЖҚТБ-ны алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – "ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы" МКҚК), "Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Денсаулық сақтау басқармасы) мәліметтерінің негізінде осы Қағиданың 50-тармағында көрсетілген санаттарға жататын азаматтардың тiзiмдерiн әлеуметтік алушылардан өтініштер талап етілмей қалыптастырады.

      19. Осы Қағиданың 14, 15, 16, 17-тармақтарында көрсетілген азаматтарға атаулы және мерекелiк күндерге әлеуметтік көмек жылына бір рет тек қана бір негіздеме бойынша жүзеге асырылады.

4-бөлім. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсету тәртібі 1-тарау. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек тағайындау бойынша жалпы ережелер

      20. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтарды мұқтаждар санаттарына жатқызу үшін мыналар:

      1) осы Қағиданың 33-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;

      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіруі;

      3) әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;

      4) белгіленген шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негіздеме болып табылады.

      21. Әлеуметтік көмек осы Қағиданың 20-тармағында көзделген негіздер бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің барлық кезеңіне бір рет тағайындалады.

      22. Өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ұсынылған мәліметтердің дәйектілігіне жауапты болады.

      23. Өтініші берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда, әкімші тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.

      24. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек тек осыған ұқсас ақшалай төлемдерді ұсыну, қызметтерді немесе өзге де өтеулерді көрсету үшін негіздер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіпте болмаған жағдайда ұсынылады.

      25. Осы Қағиданың 20-тармағының 4) тармақшасында көзделген негіздер бойынша әлеуметтік көмекті көрсету кезінде әкімші өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жолдайды.

      26. Учаскелік комиссия өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша осы Қағидаға 1, 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және әкімшіге жолдайды.

      27. Әкімші адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және қарауға құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

      28. Арнайы комиссия көлемін көрсете отырып, әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі жөнінде қорытынды шығарады.

      29. Осы Қағиданың 20-тармағында көзделген барлық негіздер бойынша әлеуметтік көмекті көрсету кезінде әкімші өтініш берушінің құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Осы Қағиданың 23-тармағында көрсетілген жағдайда әкімші өтініш берушіден құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      30. Әкімші шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.

      31. Белгіленген негіздердің бірі бойынша әлеуметтік көмек күнтізбелік бір жыл ішінде қайтадан көрсетілмейді.

      32. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту өтініш беруші ұсынған мәліметтердің толық емес, дәйексіздігі анықталған жағдайда жүзеге асырылады, ал Қағиданың 20-тармағының 4) тармақшасында көзделген негіздер бойынша әлеуметтік көмекті көрсету кезінде:

      өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;

      адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін белгіленген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.

2-тарау. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша әлеуметтік көмек

      33. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтар деп "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес:

      жасының егде тартуына байланысты, ауруы және (немесе) мүгедектігі салдарынан өзіне-өзі күтім жасай алмауы бар (осы Қағиданың 13-тармағы 5) тармақшасында көрсетілген үнемі бөгде адамның күтіміне мұқтаж азаматтар);

      дене және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуы бар (осы Қағиданың 13-тармағы 6) тармақшасында көрсетілген азаматтар);

      әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі бар (осы Қағиданың 13-тармағы 11) тармақшасында көрсетілген азаматтар);

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған (осы Қағиданың 13-тармағы 12) тармақшасында көрсетілген азаматтар);

      пробация қызметінің есебінде тұрған (осы Қағиданың 13-тармағы 13) тармақшасында көрсетілген азаматтар) азаматтар танылады.

      34. Осы тараудың шеңберінде әлеуметтік көмек ақшалай төлем түрінде ұсынылады және медициналық көрсеткіштерге сәйкес медициналық қызметтерді алу, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, дәрілік заттарды жедел сатып алу үшін қаржылық қаражаттың аса қажеттілігін жоюға арналған.

      35. Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасы атынан әкімшіге мынадай құжаттарды қоса отырып өтініш береді:

      1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      2) мекенжай анықтамасы;

      3) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын акт және/немесе құжат, оның ішінде өмірлік қиын жағдайға байланысты адамның болған шығындарын растайтын құжаттар (чектердің, түбіртектердің көшірмелері, рецептер, медициналық қызметтерді көрсетуге арналған шарт және т.б.).

      Ескерту. 35-тармаққа өзгеріс енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 06.03.2019 № 361/45-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      36. Құжаттар салыстыру үшін түпнұсқалар мен көшiрмелер түрінде ұсынылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      37. Әлеуметтік көмектің көлемі 13 АЕК аспайтын өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты өтініш берушінің нақты (не болмаса алдыңғы) шығындарының негізінде анықталады.

      38. Әлеуметтік көмекті тағайындауға хабарласқан азаматтардың өтініштерін әкімші көрсетілген өмірлік қиын жағдай туындаған күннен бастап үш айдан кешіктірмей қарастырады.

3-тарау. Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру негіздері бойынша әлеуметтік көмек

      39. Табиғи зілзала немесе өрт салдарынан зардап шеккен азаматтарға әлеуметтік көмек ақшалай төлем түрінде мына мөлшерде:

      жалғыз болып табылатын тұрғын үйге елеулі зиян келтірілген, бүлінген, жойылған жағдайда отбасына 65 АЕК;

      отбасы мүшелері қайтыс болғанда – қаза болған адамға 15 АЕК мөлшерінде ұсынылады.

      40. Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасы атынан әкімшіге мына құжаттарды қоса отырып өтініш береді:

      1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      2) мекенжай анықтамасы;

      3) табиғи зілзала немесе өрт фактісі мен келтірілген зиянның дәрежесін растайтын құжаттар;

      4) өтініш берушіге жоғалған, бүлінген тұрғын үйдің тиесілігін растайтын құжаттар:

      жеке меншiк құқығында тиесiлiге – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органы берген жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтарының болмауы (болуы) жөніндегі анықтама және құқық беретін құжаттың көшірмесі;

      өзге де заңды негіздерде тұрып жатқандар үшін – тұрғын үйді ұстау бойынша меншік иесі белгіленген міндеттемемен тұру құқығына құжаттың көшірмесі;

      5) қаза болған жағдайда – отбасы мүшесінің қайтыс болу фактісін және оған қатысты туыстығын растайтын құжаттар.

      41. Құжаттар түпнұсқалар мен көшiрмелер түрінде салыстыру үшін ұсынылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      42. Әкімші табиғи зілзала немесе өрт жағдайы пайда болған күннен бастап үш айдан кешіктірмей әлеуметтік көмек алуға келіп түскен өтініштерді қарайды.

4-тарау. Әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы негіздері бойынша әлеуметтiк көмек

      43. Әлеуметтік мәні бар ауру – туберкулез бойынша әлеуметтік көмек белсендi туберкулезбен ауыратын азаматтарға Астана қаласы әкімдігінің "Астана қаласының Туберкулезге қарсы диспансерi" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсіпорнында (бұдан әрi – Туберкулезге қарсы диспансер) диспансерлiк есепте тұрған және амбулаторлық емделудегi азаматтарға:

      1) қалалық жолаушылар көлiгiнде жүру үшін белгiленген үлгiдегi ай сайынғы жол жүру билеттерi (бұдан әрi – жол жүру билетi);

      2) азық-түлiк жиынтығымен қамтамасыз ету түрiнде ұсынылады.

      44. Әлеуметтiк көмек көрсету үшiн негіздеме төмендегi құжаттарды қоса отыра ай сайын Туберкулезге қарсы диспансері ұсынатын өтініш пен көмектiң түрiн көрсетiп, осы Қағиданың 43-тармағында көрсетілген азаматтардың тiзiмi (бұдан әрi – тiзiм) болып табылады:

      1) осы Қағиданың 43-тармағында көрсетілген азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      2) мекенжай анықтамасы.

      45. Қағида шеңберінде азық-түлік жиынтығы мыналардан тұрады:

      бұқтырылған сиыр еті – 1,36 килограммнан кем емес;

      макарон өнімдері – 3 килограммнан кем емес;

      күріш – 2 килограммнан кем емес;

      қарақұмық – 2 килограммнан кем емес;

      ұн – 3 килограммнан кем емес;

      күнбағыс майы – 2 литрден кем емес;

      концентратталған сүт – 600 граммнан кем емес;

      қойылтылған сүт – 600 грамман кем емес;

      шай – 500 граммнан кем емес;

      қант – 3 килограммнан кем емес.

      Азық-түлік жиынтығын сатып алу Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      46. Туберкулезге қарсы диспансер әр айдың 1-не дейiн жеткiзушiлерден жол жүру билеттерi мен азық-түлiк жиынтығын қабылдауды жүзеге асырады.

      47. Жол жүру билеттерi мен азық-түлiк жиынтығын беруді тiзiмге сәйкес әр айдың 3-нен кешiктiрмей, алушының жеке қолымен Туберкулезге қарсы диспансер жүзеге асырады.

      Пайдаланған жол жүру билеттерi үш жыл iшiнде Туберкулезге қарсы диспансерде сақталады.

      48. Әлеуметтiк көмек алушы жол жүру билетiн жоғалтқан жағдайда, Туберкулезге қарсы диспансер тиiстi акт жасап, оның көшiрмесiн әкiмшiге ұсынады.

      49. Туберкулезге қарсы диспансер есептi айдан кейінгі айдың 3-не дейiн әкiмшiге Денсаулық сақтау басқармасымен келiсiлген, алушының тегiн, атын, әкесiнiң атын, жеке куәлiгiнiң (паспорттың) нөмiрiн, тiркелiмi және нақты тұрып жатқан жерi бойынша мекенжайын, байланыс телефонын, пайдаланған жол жүру билетiнiң нөмiрi мен әлеуметтiк көмек алу туралы белгiсiн көрсетiп, әлеуметтiк көмек алушылардың тiзiмiн ұсынады.

      50. 5 АЕК мөлшеріндегі тоқсан сайынғы ақшалай төлем түрінде әлеуметтік көмек әлеуметтік мәні бар аурулар бойынша:

      адамның иммун тапшылығы вирусы туғызатын ауру, оның ішінде адамның иммун тапшылығы вирусын тасымалдаушы – "ЖҚТБ-ны алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық" МКҚК диспансерлік есепте тұрған адамдарға;

      қатерлі ісіктер – қаланың медициналық ұйымдарында диспансерлік есепте тұрған балаларға тиісті ауруы бойынша ұсынылады.

      51. Осы Қағиданың 43, 50-тармақтарына сәйкес ұсынылатын әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтар туралы мәліметтер әкімшінің қызметкерлерінің жариялауына жатпайды.

5-тарау. Белгіленген шегінен аспайтын жан басына шаққандағы табысының болуы негізі бойынша әлеуметтік көмек §1. Табысты есепке алусыз әлеуметтік көмек

      52. Әлеуметтік көмек мына тегін қызметтер және ақшалай төлемдер түрінде табысын есепке алусыз азаматтардың мына жекелеген санаттарына:

      1) тісті протездеу:

      Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестірілген адамдарға;

      мүгедектерге;

      жасы бойынша зейнеткерлерге;

      2) шипажайлық-курорттық емделу:

      Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестірілген адамдарға;

      жолдама құнының 35%-ын төлеумен жасы бойынша зейнеткерлерге;

      жолдама құнының 25%-ын төлеумен ең төмен мөлшердегі зейнетақы алушылар санынан жасы бойынша зейнеткерлерге;

      3) дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету:

      Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестірілген адамдарға;

      4) коммуналдық қызметтердi, тұрғын үйдi ұстауға, телефонға абоненттiк төлемдердi төлеуге:

      Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестірілген адамдарға және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушыларға теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына;

      5) астананың ресми мерзiмдi баспасөз басылымдарына жазылуға, моншаларға, шаштараздарға, мәдени ойын-сауық, спорттық іс-шараларға баруға арналған ақшалай төлемдер:

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне.

      53. Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші әкімшіге өтінішке қоса мына құжаттарды ұсынады:

      1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      2) мекенжай анықтамасы;

      3) тісті протездеу түрінде әлеуметтік көмек көрсету үшін уәкілетті медициналық ұйым берген тісті протездеу, ауыз қуысын тазалау қажеттілігі жөнінде медициналық қорытынды;

      4) шипажайлық-курорттық емделу түрінде әлеуметтік көмек көрсету үшін шипажайлық-курорттық карта;

      5) дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету түрінде әлеуметтік көмек көрсету үшін уәкілетті медициналық ұйым берген дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға, гигиена және күтім көрсету заттарына рецепт;

      6) коммуналдық қызметтердi, тұрғын үйдi ұстауға, телефонға абоненттiк төлемдердi төлеуге ақшайлай төлемдер түрінде әлеуметтік көмек үшін тұрып жатқан тұрғын үйдің шаршы метрін растайтын (техникалық паспортпен құқық белгілейтін құжат) құжаттың көшірмесі.

      54. Құжаттардың түпнұсқалары мен көшiрмелерi салыстыру үшін ұсынылады, одан кейін түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      55. Тiсті протездеуге (бағалы металдардан жасалған протездерден басқа) әлеуметтiк көмек екi жылда бiр рет осы Қағиданың 52-тармағы 1) тармақшасында көрсетілген санаттары қатарынан азаматтарға ұсынылады.

      56. Тіс протездеуге әлеуметтік көмек шеңберінде медициналық көрсеткіштер болған жағдайда тіс шектерін, пародонт ауруларын емдеуді, медициналық манипуляция жүргізумен (инъекция, рентгенге түсіру және т.б.) тісті жұлуды қамтитын ауыз қуысын протез алды тазалау жүзеге асырылады.

      57. Әкiмшi тіс протездеу бойынша қызмет жеткізушілерімен шарт жасасқан кезден бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тiстерiн протездеуге тiркеу жүргiзетiн орындар мен мерзiмдерi туралы хабардар етедi.

      58. Шипажайлық-курорттық емделуге әлеуметтiк көмек осы Қағиданың 52-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген санаттары ішінен азаматтарға жеткізушілер базасында шипажайлық-курорттық емделуден өту үшін бағыттама-жолдамаларды ұсыну арқылы берiледi.

      Әкімші осы Қағиданың 52-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген санаттары ішінен он сегіз жасқа толған азаматтарды шипажайлық емделуден өту кезінде ерітіп жүретін адамның тұруына және тамақтануына төлем жүргізеді.

      59. Шипажайлық-курорттық емделу Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мамандандырылған мекемелерде жүзеге асырылады.

      Шипажайлық-курорттық емделуден өту мерзімі он төрт күнді құрайды.

      Шипажайлық-курорттық емделу құқығы күнтiзбелiк жылға бір реттен артық емес ұсынылады.

      60. Шипажайлық-курорттық емделу орнына дейiнгi және керi қайту жолақысының құны шипажайлық-курорттық емделушінің жеке қаражаты есебiнен жүргiзiледi.

      61. Әкiмшi келiп түскен өтiнiштерге сәйкес жеткiзушi ұсынған келу кестесiне сәйкес өтініштердің келіп түсуі кезегі тәртiбiмен әлеуметтік көмекті алуға азаматтардың тiзiмiн жасайды.

      Шипажайлық-курорттық емделуден өтiнiш берушi өз талабы бойынша бас тартқан жағдайда, жолдама әкiмшiге қайтарылуы және кезекке сәйкес басқа өтiнiш берушiге берiлуi тиiс.

      62. Жолдама дәлелдi себептер бойынша пайдаланылмаған жағдайда, шипажайлық-курорттық емделуге құқығы мүмкіндігінше келу кестесіне сәйкес басқа кезеңнің жолдамасына, бірақ ауыстырылуға тиіс жолдамада көрсетілген келу басталғанға дейін үш күннен кешіктірілмей ұсынылуы мүмкін.

      63. Жолдаманы алуға келу қажеттiлiгi жөнiнде өтiнiш берушiге әкiмшiнiң екi рет поштамен жолданған жазбаша хабарламалары бойынша хабарласпаған жағдайда, берiлген өтiнiш бойынша шипажайлық-курорттық емделу ұсынылмайды.

      64. Әкiмшiнiң бiрiншi басшысы (немесе оның орынбасары) қол қойған және мөрмен бекiтiлiп берiлген жолдамада шипажайлық-курорттық емделуге құқылы тұлғаның тегi, аты және әкесiнiң аты көрсетiледi.

      65. Амбулаторлық емделуде дәрi-дәрмекпен қамтамасыз етуге әлеуметтiк көмек дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, гигиена және күтім көрсету заттарын (бұдан әрі – дәрілік заттар) тегін беруден тұрады және осы Қағиданың 52-тармағы 3) тармақшасында көрсетілген санаттар қатарынан азаматтарға көрсетіледі.

      66. Әкiмшi осы Қағида шеңберінде дәрілік заттармен қамтамасыз етуге құқығы бар азаматтардың тiзiмдерiн уәкілетті медициналық ұйымға жыл сайын 3 қаңтарға дейiн ұсынады және қажет болған жағдайда оны жаңартады.

      67. Осы Қағиданың 52-тармағы 3) тармақшасында көрсетiлген санаттарға жататын дәрiлік заттарға мұқтаж азаматтар уәкілетті медициналық ұйымға дәрiлік заттарға белгiленген үлгiдегi рецептi алуға хабарласады.

      68. Әлеуметтiк көмек шеңберiндегі дәрiлік заттар осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес амбулаторлық емделу кезінде Астана қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарын тегін қамтамасыз ету үшін дәрiлік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың, гигиена және күтім көрсету заттарының тізбесі (бұдан әрі – дәрілік заттар тізбесі) бойынша ұсынылады.

      69. Уәкілетті медициналық ұйым берген дәрiлік заттардың рецептері негізінде дәрiлік заттарды беру жеткізушілердің дәрiханалық мекемелерiнде жеке куәлігінің түпнұсқасын ұсынған жағдайда жiберiледi.

      70. Коммуналдық қызметтердi, тұрғын үйдi ұстауға, телефонға абоненттiк төлемдердi төлеуге ақшайлай төлемдер осы Қағиданың 52-тармағы 4) тармақшасында көрсетілген санаттары қатарындағы азаматтарға тағайындалады.

      71. Тұрғылықты орны немесе пайдаланатын тұрғын үйдің алаңы өзгерген жағдайда, әлеуметтік көмек алушы ол жөнінде әкімшіні өзгерген кезден бастап он күн ішінде хабардар етуі тиіс. Ақшалай төлемдерді қайта есептеу хабардар етілген айдан бастап жүргізіледі.

      72. Ақшалай төлемдер ай сайын мына мөлшерлерде беріледі:

      1) абаттандырылған пәтерлерде тiркелген және тұратын, пайдаланатын тұрғын үйдің алаңына байланысты Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне:

      35 ш.м. дейiн – 1 АЕК;

      35 ш.м-ден 50 ш.м. дейiн – 6 АЕК;

      50 ш.м-ден 80 ш.м. дейiн – 7 АЕК;

      80 ш.м-ден бастап және одан жоғары – 8 АЕК;

      2) жеке тұрғын үйлерде тiркелген және тұратын Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне – 5 АЕК;

      3) жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне теңестірілген адамдарға – 2,4 АЕК;

      4) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердiң екiншi рет некеге тұрмаған жесiрлерi қатарынан жеңілдіктер мен кепілдіктер жөнінен соғысқа қатысушыларға теңестірілген адамдарға – 4,4 АЕК.

      73. Көрсетілген ақшалай төлемге құқығы бар бiрнеше адам бiр тұрғылықты мекенжай бойынша тiркелген жағдайда, төлем тек қана бiреуiне жүргiзiледi.

      74. Осы Қағиданың 52-тармағы 5) тармақшасында көрсетілген санаттары қатарынан Астана қаласының ресми мерзiмдi баспасөз басылымдарына жазылуға, моншаларға, шаштараздарға, мәдени ойын-сауық, спорттық іс-шараларға баруға жылына бір рет 6,5 АЕК көлемінде ақшалай төлем жүзеге асырылады.

§2. Астана қаласының жоғары оқу орындарында оқу ақысын төлеуге азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек

      75. Үш ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын жан басына шаққандағы табысы болған жағдайда қаланың жоғары оқу орындарында күндізгі нысанында оқу ақысын төлеу үшiн әлеуметтік көмек қаланың жалпы бiлiм беретiн мектептер түлектерi қатарынан:

      жетiм балаларға;

      балалар үйлерiнiң түлектерiне;

      бала жасынан мүгедектерге;

      ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

      көп балалы отбасының балаларына беріледі (оның ішінде, білім ұйымдарына күндізгі оқу нысанына түскенге дейін ағымдағы жылы үлкен баланың кәмелетке толуына байланысты).

      Ескерту. 75-тармаққа өзгеріс енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 06.03.2019 № 361/45-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      76. Әлеуметтік көмек қаланың тиiстi жоғары оқу орнында оқудың нақты құны мөлшерiнде және тиiстi қаржы жылына қала бюджетiнде осы мақсаттарға қарастырылған қаражат шегiнде көрсетіледі.

      77. Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші әкімшіге мына құжаттарды қоса отырып өтініш ұсынады:

      1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      2) мекенжай анықтамасы;

      3) осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес отбасының құрамы туралы мәліметтер;

      4) Жиынтық табысын есептеу ережесіне сәйкес адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер;

      5) ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлiктің көшірмесі (жетiм балалар үшін);

      6) мүгедектiгi туралы анықтамасының көшірмесі (бала жасынан мүгедектер үшін);

      7) көп балалы отбасы мәртебесiн растайтын құжатының көшірмесі (көп балалы отбасының балалары үшiн);

      8) туу туралы куәлiгінің көшірмесі (жетiм балалар үшін);

      9) Астана қаласының орта мектебін аяқтау туралы аттестат;

      10) Ұлттық бiрыңғай тестiлеудiң немесе Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Бiлiм беру мен тестiлеудiң мемлекеттiк стандарттарының ұлттық орталығы әзiрлеген технология бойынша өткiзiлетiн кешендi тестiлеудiң (бұдан әрi – тестiлеу) нәтижесi бойынша берiлген мемлекеттiк сертификаты.

      78. Құжаттардың түпнұсқалары және көшiрмелерi салыстыру үшін ұсынылады, одан кейін түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      79. Әкiмші әлеуметтік көмек алуға үмiткерлерден құжаттар қабылдауды жыл сайын 20 тамызда аяқтайды.

      80. Бiлiм басқармасы 1 мамырға осы Қағиданың 75-тармағында көрсетiлген тұлғалар қатарынан ағымдағы жылы жалпы бiлiм беретiн мектептер түлектерiнiң тiзiмдерiн әкімшіге ұсынады.

      81. Әлеуметтік көмек алуға үмiткерлердi iрiктеу Астана қаласының жоғары оқу орындарында күндізгі нысанда оқу ақысын төлеуге әлеуметтік көмекті тағайындау жөнінде Астана қаласы әкімдігінің жанында арнайы құрылған комиссиямен тестiлеу кезiнде ең жоғары алған ұпай саны бойынша осы Қағиданың 75-тармағында көрсетілген санаттардан жүргiзiледi.

      82. Iрiктеу осы Қағиданың 75-тармағында келтiрiлген ретімен көрсетілген санаттардың әрқайсысының шегiнде жүргiзiледi.

      83. Тестiлеу кезiнде қажеттi ең төменгi баллды жинай алмаған жалпы бiлiм беретiн мектеп түлектерiне әлеуметтік көмек тағайындалмайды.

      84. Әкiмші әлеуметтік көмекті тағайындалғаннан кейін қаланың жоғарғы оқу орындарымен және әлеуметтік көмек алушылармен бiлiм беру қызметтерiн көрсетуге шарттар (бұдан әрi – шарт) жасасады.

      85. Әкiмші шартқа қол қойылғаннан кейiн он банктік күн ішінде оқуға әлеуметтік көмек алушының дербес есеп шотына ақшалай қаражатты аудару жолымен алғашқы оқу жылына төлемақы жүргiзедi.

      Оқуға әлеуметтік көмек алушы ақшалай қаражаттар түскеннен кейін үш банктік күн ішінде оқуға төлемақы жүргізеді және әкімшіге төлеу туралы түбіртекті ұсынады.

      86. Келесi оқу жылдарына әлеуметтік көмек жыл сайын оқу жылының басында жүргiзiледi.

      87. Әкiмші жоғарғы оқу орнымен бiрiгiп, әлеуметтік көмек алушының оқуға қабылданған кезiнен бастап оның оқуын бақылауды жүзеге асырады.

      88. Жоғарғы оқу орнының әкiмшiлiгi үлгерiмi төмен болғаны, себепсiз үнемi оқуға қатыспағаны немесе әлеуметтік көмек төлем есептеу және/немесе тоқтату үшiн негiз болып табылатын оқу орнының Жарғысына сәйкес басқа да оқу тәртiбiн бұзғаны жөнінде әкiмшіні уақтылы хабардар етуге тиіс.

      89. Егер әлеуметтік көмек алушы оқудан шығарылса, жоғарғы оқу орны бес күн iшiнде бұйрықтың көшiрмесiн ұсынып, әкiмшіні хабардар етедi.

      90. Әлеуметтік көмек алушы жоғарғы оқу орнынан шығарылған жағдайда әкімші әлеуметтік көмек тағайындау үшін көзделген тәртіпте жоғарғы оқу орны әкiмшiлiгiнiң ұсынысы бойынша оқудан шығарылған студенттің орнына осы Қағиданың 75-тармағында көрсетiлген тұлғалар қатарынан бейiндi мамандық бойынша осындай жоғарғы оқу орнының басқа студентiмен ауыстырады.

      Бейiндi мамандық шегiнде ауыстыру үшiн үмiткер болмаған жағдайда, жоғарғы оқу орнының әкiмшiлiгi басқа мамандық бойынша студенттi ұсынады, осындай үмiткерлер болмаған жағдайда, басқа жоғарғы оқу орнының осы Қағиданың 75-тармағында көрсетiлген тұлғалар қатарынан студентіне ауысады.

      Аталған жоғарғы оқу орнында үміткер болмаған жағдайда әкiмші қаланың басқа жоғары оқу орындарынан ауыстыру үшiн үмiткердi сұрастырады.

      Ескерту. 90-тармаққа өзгеріс енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 06.03.2019 № 361/45-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      91. Оқудан шығарылған студенттiң орнын ауыстыру туралы ұсыныс болмаған жағдайда, жоғарғы оқу орны оқу шығындарын шегеру есебiмен Астана қаласының бюджетiне төленген қаражатты қайтаруды жүргiзедi.

      92. Жоғарғы оқу орнынан шығарылған жағдайда оқуға төленген сомалар әлеуметтік көмек алушыдан өндiрiлмейдi.

      93. Денсаулығына байланысты академиялық демалысқа шыққан әлеуметтік көмек алушы қайтадан оралғаннан кейiн одан әрi әлеуметтік көмек алуына болады.

      94. Жоғарғы оқу орнын бiтiрген соң және тиiстi үлгiдегi дипломды алғаннан кейiн оқуға әлеуметтік көмек алушы он күн мерзiм iшiнде ол туралы әкiмшіні хабардар етедi.

§ 3. Азаматтардың жекелеген санаттарына қатты отынды сатып алуға әлеуметтік көмек

      95. Қатты отынды сатып алуға әлеуметтік көмек үш ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын жан басына шаққандағы табысы болған және оларда және отбасы мүшелерінде басқа тұрғын үйі болмаған жағдайда, жергiлiктi (пештік) жылытатын жеке тұрғын үйде тұратын, оның жеке меншік иесі (жалға алушысы) немесе жеке меншік иесінің отбасы мүшелері (жалға алушысы) болып табылатын жасы бойынша зейнеткерлерге, мүгедектерге және мүгедек балаларға жүргiзiледi.

      96. Өтемақы жылыту маусымына 8 АЕК көлемінде жүргiзiледi.

      97. Қатты отынды сатып алуға өтемақы алуға құқығы бар бiрнеше адам бiр жеке меншiк тұрғын үйде тұрған жағдайда, өтемақы тек бiреуiне ғана берiледi.

      98. Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші жылыту маусымы кезеңінде әкiмшiге мына құжаттарды қосып өтініш ұсынады:

      1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      2) мекенжай анықтамасы;

      3) осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес отбасының құрамы туралы мәліметтер;

      4) Жиынтық табысын есептеу қағидасына сәйкес адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер;

      5) зейнеткерлiк куәлiгiнің көшірмесі – зейнеткерлер үшін, мүгедектiгi жөнiндегi анықтамасының көшірмесі – мүгедектер үшін;

      6) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң аумақтық органы берген жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқығының болмауы (болуы) туралы анықтама.

      99. Құжаттардың түпнұсқалары және көшiрмелерi салыстыру үшін ұсынылады, одан кейін түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

  Астана қаласының әлеуметтiк
көмек көрсету, оның
мөлшерлерiн белгiлеу және
мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тiзбесiн
айқындау қағидаларына
1-қосымша

Өмiрлiк қиын жағдайдың туындауына байланысты отбасының мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру актісі

      20___жылғы "___" _________                                    _________________

      (елді мекен)

      1. Өтініш иесінің Т.А.Ә. _____________________________________________________

      2. Тұратын мекенжайы ______________________________________________________

      3. Өтiнiш берушi әлеуметтiк көмекке өтiнiш берген туындаған өмiрлiк қиын жағдай ________________________________________________________________________________

      4. Отбасының құрамы (отбасында нақты тұратындар ескеріледі) ___ адам, оның ішінде:

Р/с

Т.А.Ә.

Туған күні

Өтiнiш берушiге туыстық қатынасы

Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқу орны)

Жұмыспен қамтылмау себебi

Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсiптiк даярлығы (қайта даярлау, бiлiктiлiгiн арттыру) немесе жұмыспен қамтудың белсендi шараларына қатысуы туралы мәлiметтер

Өмiрлiк қиын жағдай

























      Еңбекке жарамды барлығы __________________ адам.

      Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретiнде тiркелген ____ адам.

      Балалардың саны:

      ______________________________________________ жоғары және орта оқу орындарында ақылы негiзде оқитын ______ адам, оқу құны жылына ______ теңге.

      Отбасында Ұлы Отан соғысына қатысушыларымен, мүгедектерiнiң, оларға теңестiрiлгендердiң, зейнеткерлердiң, 80 жастан асқан қарт адамдардың, әлеуметтiк маңызы бар аурулары (қатерлi iсiктер, туберкулез, адамның иммун тапшылығы вирусы) бар адамдардың, мүгедектердiң, мүгедек балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты қосу керек) ____________________________________________________________________

      5. Өмiр сүру жағдайы (жатақхана, жалға алынған, жекешелендiрiлген тұрғын үй, қызметтiк тұрғын үй, тұрғын үй кооперативi, жеке тұрғын үй немесе өзгеше – көрсету керек):

      ________________________________________________________________________________

      Тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстар:

      ________________________________________________________________________________

      Отбасының табысы:

Р/с №

Табысы бар отбасы мүшелерiнiң (оның iшiнде өтiнiш берушiнiң) Т.А.Ә.

Табыс түрі

Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге)

Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, малы және құсы), саяжай және жер учаскесi (жер үлесi) туралы мәлiметтер

тоқсанға

орта есеппен айына

















      6. Мыналардың:

      автокөлiгiнiң болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретiн құжат, оны пайдаланғаннан түскен мәлiмделген табыс)

      ________________________________________________________________________________

      қазiргi уақытта өздерi тұрып жатқаннан бөлек өзге де тұрғын үйдiң болуы (оны пайдаланғаннан түскен мәлiмделген табыс) ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      7. Бұрын алған көмегi туралы мәлiметтер (нысаны, сомасы, көзi):

      ________________________________________________________________________________

      8. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзi):

      ________________________________________________________________________________

      9. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киiммен, аяқ киiммен қамтамасыз етiлуi

      ________________________________________________________________________________

      10. Тұратын жерiнiң санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы

      ________________________________________________________________________________

      Комиссия төрағасы:

      _________________________ _____________________

      Комиссия мүшелері:

      ________________________ ______________________

      ________________________ ______________________

      ________________________ ______________________

      ________________________ ______________________

      (қолдары)                  (Т.А.Ә.)

      Жасалған актімен таныстым:

      _______________________________________________________________

      өтініш берушінің Т.А.Ә. және қолы

      Тексеру жүргізуден бас тартамын

      __________________________________________________________________________

      өтініш берушінің (немесе отбасы мүшелерінің бірінің) Т.А.Ә және қолы, күні

      (өтiнiш берушi тексеру жүргiзуден бас тартқан жағдайда толтырылады).

  Астана қаласының әлеуметтiк
көмек көрсету, оның
мөлшерлерiн белгiлеу және
мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тiзбесiн
айқындау қағидаларына
2-қосымша

Учаскелiк комиссияның № ____ қорытындысы

      20____ жылғы "__" _________

      Учаскелiк комиссия Астана қаласының әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау қағидаларына сәйкес өмiрлiк қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтiк көмек алуға өтiнiш берген адамның (отбасының)

      ________________________________________________________________________________

      (өтiнiш берушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты)

      өтiнiшiн және оған қоса берiлген құжаттарды қарап, ұсынылған құжаттар және өтiнiш берушiнiң (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижелерiнiң негiзiнде

      ________________________________________________________________________________

      (қажеттiлiгi, қажеттiлiктiң жоқтығы) адамға (отбасыға) өмiрлiк қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтiк көмек ұсыну туралы қорытынды шығарады.

      Комиссия төрағасы:

      __________________ _______________________

      Комиссия мүшелерi:

      __________________ _______________________

      __________________ _______________________

      __________________ _______________________

      __________________ _______________________

      (қолдары)            (Т.А.Ә.)

      Қорытынды қоса берiлген құжаттармен ___ данада 20__ жылғы "___" ____ қабылданды

      ________________________________________________________________________________

      Құжаттарды қабылдаған уәкілетті органның Т.А.Ә., лауазымы, қолы

  Астана қаласының әлеуметтiк
көмек көрсету, оның
мөлшерлерiн белгiлеу және
мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тiзбесiн
айқындау қағидаларына
3-қосымша

      Отбасының тiркеу нөмiрi ____________

Өтiнiш берушiнiң отбасы құрамы туралы мәлiметтер

      ____________________________________ ___________________________________

      (Өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә.)                  (үйiнiң мекенжайы, тел.)

Р/с №

Отбасы мүшелерiнiң Т.А.Ә.

Өтiнiш берушiге туыстық қатынасы

Туған жылы













      Өтiнiш берушiнiң қолы _________________________ Күнi ________________________

      ________________________________________________________________________________

      Отбасының құрамы туралы мәлiметтердi куәландыруға уәкiлеттi органның лауазымды адамының Т.А.Ә.

      _____________________ (қолы)

  Астана қаласының әлеуметтiк
көмек көрсету, оның
мөлшерлерiн белгiлеу және
мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тiзбесiн
айқындау қағидаларына
4-қосымша

Амбулаторлық емделу кезінде Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарын тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың, гигиена және күтім көрсету заттарының тізбесі


п/п

Анатомиялық-терапиялық-химиялық (АТХ) жіктемесінің коды

Дәрілік заттардың/ медициналық мақсаттағы бұйымдарының халықаралық патенттелмеген
(ХПА) атауы

Шығарылу нысаны, мөлшері

1

2

3

4

1.

А02АF02

Магния гидрооксиді және алюминий гидроксиді

ішуге арналған суспензия

2.

А02ВА03

Фамотидин

таблетка 40 мг

3.

А02ВС01

Омепразол

капсула 20 мг

4.

А02ВС02

Пантопразол

іште еритін қабыршықпен қапталған таблетка 40 мг

5.

А03АD02

Дротаверин

таблетка 40 мг

6.

А03 АХ 13

Симетикон

суспензия

7.

А03FА03

Домперидон

таблетка 10 мг

8.

А05АА02

Урсодезоксихол қышқылы

Капсула 250 мг

9.

А06АВ02

Бисакодил

іште еритін қантты қабыршықпен қапталған таблетка 5 мг

10.

А06АD11

Лактулоза, ақ жұмсақ парафин, сұйық парафин

шырын 667 г/л

11.

А07СА

Ауызға қолданылатын кері гидротациялық тұз

ішке қабылдау үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ

12.

А07DА03

Лоперамид

капсула 2 мг

13.

A07FA

Лиофилизирленген бактериялар

капсула

14.

А09АА02

Панкреатин

іште еритін қабыршықпен қапталған шағын микросферасы бар капсулалар 300 мг

15.

А11СС05

Ховлекальциферол және Д3 дәрумені

ішуге арналған тамшылар 15000 МЕ/мл

16.

А11DА01

Тиамин

инъекцияға арналған ерітінді 5%, 1 мл

16.

А11GА01

Аскорбин қышқылы

инъекцияға арналған ерітінді 5%

18.

А11НА03

Токоферол

капсула 100 МЕ

19.

А16АХ01

Тиокті қышқылы

үлдір қабыршықпен қапталған таблетка 600 мг

20.

В01АС07

Дипиридамол

үлдір қабыршықпен қапталған таблетка 25 мг

21.

В03АА07

Темір сульфаты

қабыршықпен қапталған таблетка

22.

В03АА07

Темір сульфаты

тамшылар 25 мл

23.

В05ХА05

Магния сульфаты

инъекцияға арналған ерітінді 25%, 5 мл

24.

С01DА02

Нитроглицерин

тіл астына салатын таблеткалар 0,5 мг

25.

С04АС01

Никотин қышқылы

инъекцияға арналған ерітінді 1%, 1 мл

26.

С04АD03

Пентоксифиллин

ұзақ әсерлі үлдірлі қабыршықпен қапталған таблетка 400 мг

27.

С04АD03

Пентоксифиллин

инъекцияға арналған ерітінді 2%, 5 мл

28.

С05СА04

Троксерутин

гель 2%

29.

С05СХ

L-лизина эсцинат

инъекцияға арналған ерітін,
1 мг/мл 5 мл-ден

30.

С07АВ05

Бетаксолол

таблетка 20 мг

31.

С07 АG02

Карведилол

таблетка 6,25 мг

32.

С08СА13

Лерканидипин

таблетка 10 мг

33.

С08 DВ01

Дилтиазем

үлдір қабыршықпен қапталған ұзақ әсер ететін таблетка 90 мг

34.

С09АА01

Каптоприл

таблетка 25 мг

35.

С09АА04

Периндоприл

қабыршықпен қапталған таблетка, 10 мг

36.

С09DА01

Диуретикасымен комбинациядағы лазортан

үлдір қабыршықпен қапталған таблетка, 50 мг/12,5 мг

37.

С10АА01

Симвастатин

қабыршықпен қапталған таблетка, 20 мг

38.

D01АС01

Клотримазол

сыртқа қолдануға арналған крем
1 %

39.

D01АЕ15

Тербинафин

жергілікті қолдануға арналған спрей, 1%

40.

D03АХ

Метилурацил

жергілікті және сыртқа қолдануға арналған жақпа май 10%, 25 г

41.

D03АХ03

Декспантенол

сыртқа қолдануға арналған крем 5%

43.

D06АХ

Хлорамфеникол, метилурацил

сыртқа қолдануға арналған жақпа май

44.

D07АС13

Мометазон

жақпа майы 0,1%

45.

D08АС12

Хлоргексидин

сыртқа қолдануға арналған ерітінді 0,05%

46.

D08АG02

Йодталған-Повидон

жергілікті және сыртқа қолдануға арналған ерітінді

47.

D08АG03

Йод

спирттік ерітінді 5%

48.

D08АХ

Хлорофиллипт

спирттік ерітінді 10 мг/мл
100 мл-ден

49

D08АХ01

Сутегі тотығы

сыртқа қолдануға арналған ерітінді 3%

50.

D08АХ08

Этанол

сыртқа қолдануға арналған ерітінді 70%

51.

G04СВ01

Финастерид

үлдір қабыршықпен қапталған таблетка, 5 мг

52.

J01С

Амоксициллин

диспергирленген таблетка, 500 мг

53.

J01CR02

Амоксициллин, клавуландық қышқыл

үлдір қабыршықпен қапталаған таблетка, 500 мг/125мг

54.

J01DC02

Цефуроксим

қабыршықпен қапталған таблетка, 500 мг

55.

J01DD08

Цефексим

ішуге арналған суспензияны дайындау үшін ұнтақ, 100 мг/5 мл

56.

J01FА09

Кларитромицин

үлдір қабыршықпен қапталған таблетка, 500 мг

57.

J01FА10

Азитромицин

үлдір қабыршықпен қапталған таблетка, 500 мг

58.

J01МА02

Ципрофлоксацин

үлдір қабыршықпен қапталған таблетка, 500 мг

59.

J01МА12

Левофлоксацин

үлдір қабыршықпен қапталған таблетка, 500 мг

60.

J01ХХ01

Фосфомицин

ішуге арналған ерітінді дайындауға арналған түйіршік, 3 г

61.

J02АВ02

Кетоконазол

таблетка 200 мг

62.

J02АС01

Флуканазол

капсула 50 мг

63.

J05АВ01

Ацикловир

таблетка 400 мг

64.

L03АВ01

Интерферон альфа

мұрын ішіне қолдану үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат, 1000 МЕ

65.

М01 АВ05

Диклофенак

инъекция жасауға арналған ерітінді, 75 мг/3 мл 3 мл-ден

66.

М01 АВ05

Диклофенак

ұзақ мерзімді әсер ететін
капсула, 100 мг

67.

М02АА15

Диклофенак

жақпа май, 1%

68.

М01АВ15

Кеторолак

қабыршықпен қапталған таблетка, 10 мг

69.

М01АС05

Лорноксикам

күре тамыр ішіне және бұлшық ет ішіне енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат,
8 мг

70.

М01АС06

Мелоксикам

таблетка 15 мг

71.

М01АЕ01

Ибупрофен

қабыршықпен қапталған таблетка, 200 мг

72.

М01АЕ03

Кетопрофен

капсула, 150 мг

73.

М02АА10

Кетопрофен

сыртқа қолдануға арналған гель, 25 мг/г

74.

М03ВХ02

Тизанидин

таблетка 4 мг

75.

М03ВХ04

Тольперизон

таблетка 150 мг

76.

М05ВА06

Алендрон қышқылы

таблетка 70 мг

77.

N02АХ02

Трамадол

қабыршықпен қапталған таблетка, 50 мг

78.

N02ВЕ01

Парацетамол

таблетка 500 мг

79.

N03АХ16

Прегабалин

капсула 75 мг

80.

N05СF01

Зопиклон

қабыршықпен қапталған таблетка, 7,5 мг

81.

N05ВА

Феназепам

таблетка 0,5 мг

82.

N06АА09

Амитриптилин

қабыршықпен қапталған таблетка, 25 мг

83.

N06АХ21

Дулоксетин

капсула 60 мг

84.

N07СА01

Бетагистин

таблетка 16 мг

85.

N07СА02

Циннаризин

таблетка 25 мг

86.

R01АА07

Ксилометазолин

мұрын ішіне қолдану үшін тамшылар 0,1%, 10 мл-ден

87.

R01АD01

Беклометазон

мұрын ішіне қолдануға арналған мөлшерленген спрей, 50 мкг/ мөлшері 25 г-дан (200 мөлшер)

88.

R03DС03

Монтелукаст

қабыршықпен қапталған таблетка, 10 мг

89.

R05СВ01

Ацетилцистеин

ішуге арналған ерітінді дайындау үшін ұнтақ, 3 г-дан 200 мг

90.

 R05СВ01

Ацетилцистеин

көпіршікті таблетка 600 мг

91.

R05СВ03

Карбоцистеин

капсулалар 375 мг

92.

R05СВ06

Амброксол

таблетка 30 мг

93.

R06АХ13

Лоратадин

таблетка 10 мг

94.

S01АА09

Тетрациклин

көзге арналған май 1% 10 г-дан

95.

S01АА12

Тобрамицин

көз тамшылары, ерітінді 0,3% 5 мл-ден

96.

S01АD03

Ацикловир

көзге арналған май 3% 4,5 г

97.

S01АХ13

Ципрофлоксацин

көз тамшылары, 3 мг, 5 мл-ден

98.

S01ВА01

Дексаметазон

көз тамшылары, 0,1% 5 мл-ден

99.

S01ВС03

Диклофенак

көз тамшылары, 0,1% 5 мл-ден

100.

S01СА01

Дексаметазон және тобрамицин

көз тамшылары, суспензия

101.

S01ЕС041

Ацетазоламид

таблетка 250 мг

102.

S01ЕС04

Бринзоламид

көз тамшылары, суспензия 1% 5 мл-ден

103.

S01CD02

Бетаксолол

көз тамшылары, 5мг/мл 5 мл-ден

104.

S01ED51

Тимолол и травопрост

көз тамшылары, 2,5 мл-ден

105.

S01ЕЕ01

Латанапрост

көз тамшылары, 0,005% 2,5 мл-ден

106.

S01ХА

Натрия азапентацена полисульфонат

көз тамшылары, 0,15% 15 мл-ден

107.

S01ХА

Таурин

көз тамшылары, 40мг/мл 5 мл-ден

108.

S01ХА12

Декспантенол

көз гелі, 5%

109.

9S01А20

Декстран 70, гидроксипропил-метилцеллюлоза

көз тамшылары

110.

S03АА07

Ципрофлоксацин

көз/құлақ тамшылары,
0,3% 10мл-ден

111.

S03СА01

Дексаметазон, фрамецитин и грамицидин

көз, құлақ және мұрын тамшылары, 5 мл

112.


Дәке

зарарсыздандырылған, 7 см х 14 м

113.


Дәке

зарарсыздандырылмаған, 7 см х
14 м

114.


Лейкопластырь

қағаз негізінде, 2 см х 500 м

115.


Жөргектер

№ 3

116.


Жөргектер

№ 4

117.


Инфузияға арналған жүйелер

инфузиялық ерітіндіге арналған бір рет қолданылатын зарасыздандырылған

118.


Инъекцияға арналған шприц

бір рет қолданылатын,
2 мл

119.


Инъекцияға арналған шприц

бір рет қолданылатын, 5 мл
 

120.


Инъекцияға арналған шприц

бір рет қолданылатын, 10 мл
 

121.


Инъекцияға арналған шприц

бір рет қолданылатын, 20 мл

122.


астына қоятын әжет сауыты

полимерлік әмбебап

123


Несеп қабылдағыш

"Несеп ыдысы" көп қолданылатын түрі

124.


Мақта

Зарарсыздандырылған 100 г

125.


Жауыржараға қарсы матрас


  Астана қаласы мәслихатының
2017 жылғы 12 желтоқсандағы
№221/25-VI шешіміне
2-қосымша

Астана қаласы мәслихатының кейбір күші жойылған шешімдерінің тізбесі

      1. Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 250/36-V "Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 822 болып тіркелді, 2014 жылғы 23 шілдеде "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланды).

      2. Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 290/41-V "Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы" Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 250/36-V шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 845 болып тіркелді, 2014 жылғы 25 қазанда "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланды).

      3. Астана қаласы мәслихатының 2015 жылғы 17 шілдедегі № 399/55-V "Астана қаласында әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау қағидасы туралы" Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 250/36-V шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 933-1 болып тіркелді, 2015 жылғы 29 тамызда "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланды).

      4. Астана қаласы мәслихатының 2016 жылғы 24 маусымдағы № 34/7-VI "Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы" Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 250/36-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1039 болып тіркелді, 2016 жылғы 23 шілдеде "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланды).

      5. Астана қаласы маслихатының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 85/13-VI "Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы" Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 250/36-V шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1086 болып тіркелді, 2016 жылғы 29 желтоқсанда "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланды).