"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексі 7-бабы 1-тармағының 97) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Санитариялық авиация нысанында медициналық көмекті ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі оның көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оның көшірмесін мерзімдік баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
5) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М. Ақтаеваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі |
Е. Біртанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрi
_________________ Ж. Қасымбек
2017 жылғы 25 желтоқсан
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрі
____________Қ. Қасымов
2017 жылғы 14 желтоқсан
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 11 желтоқсандағы № 933 бұйрығымен бекітілген |
Санитариялық авиация нысанындағы медициналық көмекті ұсыну Қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы санитариялық авиация нысанында медициналық көмек ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 97) тармақшасына сәйкес әзірленген және санитариялық авиация нысанында медициналық көмек ұсыну тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) авиациялық қызметтер – азаматтық авиацияның жолаушыларды, багажды, жүкті, почта жөнелтілімдерін әуемен тасымалдауды ұйымдастыру мен қамтамасыз етуге және авиациялық жұмыстарды ақысын алып немесе жалдау бойынша орындауға байланысты қызметтер көрсетуі;
2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – ААУО) – Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және азаматтық және эксперименттік авиация қызметі саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
3) әуе кемесi – жер (су) бетiнен шағылысқан ауамен әрекеттесуді болғызбай, ауамен өзара әрекеттесу есебiнен атмосферада қалықтайтын аппарат;
4) әуе кемесiнiң командирi – "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Әуе кеңістігі туралы заң) 57-бабының 1-тармағына сәйкес белгiленген тәртiппен тиісті оқытудан өткен, пилот куәлігі және осы үлгiдегi әуе кемесiн дербес басқару құқығына рұқсаты бар адам;
5) әуекомпаниясы – азаматтық әуе кемелерін пайдаланушының сертификаты бар заңды тұлға;
6) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы, медициналық қызметтердің сапасын бақылау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
7) диспетчерлік қызмет (бұдан әрі – ДҚ) – техникалық байланыс құралдарын қолдану, ақпарат жинау, оны өңдеу және жедел бақылауды жүргізу негізінде, жедел басқару бойынша Республикалық санитариялық авиация орталығының және облыстық ЖМКС құрылымдық бөлімшесі;
8) жедел медициналық көмек (бұдан әрі – ЖМК) – денсаулыққа келетін елеулі зиянды болдырмау (немесе) өмірге төнген қатерді жою үшін шұғыл және жедел медициналық көмекті талап ететін аурулар мен жай-күй туындаған кезде, сондай-ақ кейіннен транспланттау үшін ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) тасымалдау қажет болған кезде медициналық көмек ұсыну нысаны;
9) жедел медициналық көмек станциясы (ЖМКС) – өмірге (пациенттің және (немесе) айналадағылардың) қауіп төндіретін жағдайлар, жазатайым оқиғалар, жіті ауыр аурулар кезінде оқиға орнында және жолда ересектер мен балаларға тәуліктік шұғыл медициналық көмек көрсететін медициналық ұйым;
10) ЖМК (санитариялық авиацияның мобильдік бригадасының) бригадасының фельдшері – "Емдеу ісі" (немесе "Акушер ісі" мамандығы бойынша және "Емдеу ісі" мамандығы бойынша біліктілігін арттыру, сондай-ақ "Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 қарашадағы № 791 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5945 болып тіркелген) 2003 жылғы 11 ақпанға дейін "Зертханалық диагностика", "Зертханашы-фельдшер", "Гигиена, санитария және эпидемиология", "Санитариялық фельдшер", "Стоматология", "Тіс дәрігері", "Мейіргер ісі" мамандығы бойынша жұмысқа кіріскен) мамандығы бойынша техникалық және кәсіби (орта кәсіптік, орта кәсіби) медициналық білімі немесе "Емдеу ісі" мамандығы бойынша маман сертификаты немесе "Емдеу ісі", "Педиатрия" мамндығы бойынша жоғарғы медициналық білімі, "Жалпы медицина" мамандығының бакалавры және орта біліктілік деңгейімен маман сертификаты бар адам;
11) ЖМК (санитариялық авиацияның мобильдік бригадасының) бригадасының дәрігері – жоғары медициналық білімі, "Терапия" (жасөспірімдер терапиясы, диетология), "Педиатрия" (неонатология)", "Жедел және шұғыл медициналық көмек" мамандығы бойынша маман сертификаты бар адам;
12) клиникалық хаттама – белгілі бір ауру немесе клиникалық жағдай кезінде пациентке медициналық көмек көрсетуге қойылатын жалпы талаптарды белгілейтін құжат;
13) консилиум – кемінде үш дәрігердің қатысуымен диагноз қою, емдеу тактикасын айқындау және ауруды болжау мақсатында адамды зерттеу;
14) қону алаңы – жердің, мұздың, су бетінің, құрылыстың үстіңгі бетінің, оның ішінде қалқымалы құрылыстың үстіңгі бетінің әуе кемелерінің ұшып көтерілуіне, қонуына, жермен жүруіне және тұрағына арналған учаскесі;
15) медициналық қызметтер көрсету – денсаулық сақтау субъектілерінің нақты адамға қатысты профилактикалық, диагностикалық, емдеу, оңалту немесе паллиативтік бағыты бар іс-қимылы;
16) медициналық мақсаттағы бұйымдар – профилактикалық, диагностикалық және емдеу іс-шараларын жүргізу үшін пайдаланылатын бұйымдар мен материалдар: медициналық құрал-саймандар, стоматологиялық, шығындық, таңу және тігу материалдары, бекітетін таңғыштар мен құрылғылар, медициналық оптика бұйымдары;
17) медициналық ұйым – негізгі қызметі медициналық көмек көрсету болып табылатын денсаулық сақтау ұйымы;
18) пайдаланушы – сертификаты бар, азаматтық әуе кемелерiн пайдаланумен айналысатын немесе осы салада өз қызметтерiн ұсынатын жеке немесе заңды тұлға;
19) Республикалық санитариялық авиация орталығы (бұдан әрі – РСАО) – халыққа жедел медициналық көмек және санитариялық авиация нысанында медициналық көмек көрететін медициналық ұйым қызметіне басшылық етуді және үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме;
20) РСАО санитариялық авиация үйлестіруші – дәрігері – "Емдеу ісі", "Педиатрия" немесе "Жалпы медицина" мамандығы бойынша жоғары медициналық білімі, көрсетілген мамандық бойынша кемінде 3 (үш) жыл жұмыс өтілі бар адам;
21) санитариялық авиация – пациенттің орналасқан жеріндегі медициналық ұйымда медициналық жабдықтың және (немесе) тиісті мамандығы және (немесе) біліктілігі бар мамандардың болмауына байланысты медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған кезде авиациялық, жер үсті және су асты қызметтерін пайдаланумен халыққа шұғыл медициналық көмек ұсыну нысаны;
22) санитариялық авиацияның мобильдік бригадасы (бұдан әрі – САМБ) – пациенттерге тікелей төменде аталған медициналық көмек түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін: білікті, мамандандырылған, консультациялық-диагностикалық медициналық көмек және жоғары технологиялық медициналық қызметтер көрсететін санитариялық авиацияның құрылымдық-функционалдық бірлігі;
23) санитариялық авиация үйлестіруші – дәрігерінің өтінімі – пациент туралы ақпаратты қамтитын құжат;
24) санитариялық автокөлік – пациенттерді, еріп жүруші медициналық қызметкерлерді, сонымен қатар тиісті медициналық ұйымға бұдан әрі трансплантациялау үшін донорлық ағзалар (ағзалардың бөліктерін) мен тіндерді және биоматериалдарды тасымалдауға арналған мамандандырылған жерүсті көлік құралы;
25) санитариялық ұшуға тапсырма – экипаж мүшелері туралы деректерді қамтитын және ұшу мақсатын айқындайтын пайдаланушымен белгіленген нысандағы құжат;
26) тұрақты рейс – әуе кеңістігін пайдалану туралы Заңына сәйкес авиакомпания белгілеген және жариялаған кестеге сәйкес орындалатын рейс;
27) төтенше жағдай – адамдардың қаза табуына әкелiп соққан немесе әкелiп соғуы мүмкiн, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға нұқсан келтiрген немесе келтiруi мүмкiн, халықты едәуiр дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тiршiлiк жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкiн апат, қауіпті табиғи құбылыстар, апаттар, зілзала және басқа да жойқын құбылыстар салдарынан белгiлi бiр аумақта туындаған жағдай;
28) шұғыл медициналық көмек – кенеттен болған қатты аурулар, жарақаттар, денсаулық жағдайының күрт нашарлауы, созылмалы аурулардың асқынуы кезіндегі денсаулыққа елеулі зиянды болдырмау немесе өмірге төнген қауіпті жою үшін кезек күттірмейтін медициналық араласуды қажет ететін медициналық көмек.
2-тарау. Санитариялық авиация нысанындағы медициналық көмекті ұсыну тәртібі
3. Санитариялық авиация нысанында медициналық көмек көрсету туралы мәселелерді қарастыру үшін:
санитариялық авиация нысанында медициналық көмекті қажет ететін пациенттің медициналық картасынан көшірме;
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша РСАО ДҚ санитариялық авиация бөлімшесі үйлестіруші-дәрігердің өтінімі (бұдан әрі – Өтінім);
шұғыл жағдайлар кезінде бұдан әрі жазбаша растаумен уәкілеттік органның ауызша тапсырмасы;
ЖМК және шұғыл әрекет ету қызметтерінен шақырту негіз болып табылады.
4. РСАО және санитариялық авиация бөлімшелерінде тәуліктік ДҚ ұйымдастырылады, олар өзара медициналық ұйымдар, әуе кемелерінің ұшқыштары, САМБ және білікті мамандармен үнемі байланыс жүргізеді.
5. Санитариялық авиация бөлімшесінің ДҚ:
санитариялық авиация нысанында медициналық көмекті қажет ететін пациенттің келіп түскен медициналық құжаттарымен танысады, пациенттің ағымдағы жағдайын нақтылау үшін қосымша деректерді, телемедициналық консультация нәтижелерін, пациенттің қозғалыстағы жағдайы туралы ақпаратты сұратады, медициналық көмек көлемін айқындайды;
РСАО ДҚ ұсыну үшін өтінім қалыптастырады;
РСАО ДҚ САМБ құрамын келіседі және бекітеді, білікті мамандардың ақпараттандырылған келісімін алғаннан кейін медициналық көрсетілімдері бойынша қалыптастырады;
әуежай өкілдерімен санитариялық авиацияның санитарлық автокөлігінің әуежай перронына кедергісіз кіруі және шығуы туралы мәселені келіседі және медициналық ұйымдармен өзара байланысты қамтамасыз етеді;
санитарлық автокөлігінде САМБ, пациентті (терді) медициналық ұйымнан әуежайға (кері) дейін тасымалдауды ұйымдастырады;
САМБ келген кезде қарсы алуды және қабылдаушы медициналық ұйымға алып жүруді ұйымдастырады;
қабылдаушы медициналық ұйымнан САМБ тағайындау орнына жеткендігі және пациенттің (тердің) ағымдағы жағдайы туралы ақпаратты сұратады;
әуе кемесінің ұшу бағытын қадағалайды, ұшу аяқталғаннан кейін әуе кемесі командирімен бірге РСАО ДҚ шұғыл өтінімді және санитариялық ұшуға тапсырманы орындау туралы есептік ақпаратты ұсынады;
төтенше жағдайлардың туындауы туралы шұғыл ақпаратты РСАО ДҚ ұсынады.
6. Санитариялық авиация бөлімшесінің ДҚ:
тұрақты аэродромдары жоқ елді мекендерде әуе кемесіне арналған қону алаңын;
қонуды жүзеге асырған және 4 (төрт) сағаттан астам ұшуды күтіп отырған, ұшу-техникалық сипаттамаларына, ауа райы жағдайларына, қараңғы тәулік уақытына байланысты ұша алмау жағдайында әуе кемесін уақытша күзетуді;
ұшу мүмкін болмаған жағдайда демалу үшін әуе кемесі ұшу экипажын, САМБ орналастыруды ұйымдастыруға қатысады.
7. РСАО ДҚ өтінім келіп түскен кезде:
санитариялық авиация бөлімшесінің ДҚ пациенттің медициналық құжаттарымен бірге келіп түскен өтінімді зерттейді, пациенттің (тердің) ағымдағы жағдайын бағалайды, өтінімнің негізділігіне талдау жүргізеді (мақсаты, медициналық қызмет түрі, медициналық көмек көлемі, телемедициналық консультация нәтижелері және т.б.), қосымша деректер қажет болған жағдайда оларды санитариялық авиация бөлімшесінің ДҚ сұратады, Қазақстан Республикасының тиісті өңіріндегі пайдаланушылардың мүмкіндігін бағалайды;
қажетті медициналық қызмет түріне сәйкес пациентті (терді) тасымалдау мақсаттылығын, шұғыл медициналық көмек көрсету көлемін және тасымалдау кезінде қауіптіліктердің пайда болу дәрежесін және санитариялық ұшуға тапсырманы орындауды ұйымдастыру туралы іс-шараларды жүргізеді;
қабылдаушы медициналық ұйымды алдын ала хабарлаумен пациентті (терді) тасымалдауды ұйымдастыруды жүзеге асырады;
САМБ қалыптастырады, медициналық көрсетілімдер бойынша білікті маманды (дарды) тартады;
санитариялық авиация бөлімшесі ұсынған ақпарат бойынша тартылған білікті маман (дар) және САМБ құрамын келіседі;
қашықтық ұзақтығын, әуе кемесінің түрін айқындайды және әуе кемесін пайдаланушыға шұғыл өтінімді береді;
пайдаланушымен ұшу уақытын келіседі және санитариялық ұшуға тапсырманы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" № 118/е нысаны бойынша тағайындайды (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген);
әуежай өкілдерімен санитариялық авиацияның санитарлық автокөлігінің әуежай перронына кедергісіз кіруі және шығуы туралы мәселені келіседі;
санитарлық автокөлігінде САМБ, пациентті (терді) медициналық ұйымнан әуежайға (кері) дейін тасымалдауды ұйымдастырады;
кейінен трансплантациялау үшін ағзалар мен тіндерді алу бойынша білікті мамандарды (сонда/кері) әуе көлігімен жеткізуді ұйымдастырады;
шұғыл өтінімді орындау барысына кедергі келтіретін жағдайлар (техникалық, ұйымдастырушылық, метерологиялық факторлар) туындаған кезде РСАО басшылығын уақтылы хабардар етеді;
РСАО басшылығын және денсаулық сақтау саласындағы уәкілеттік органды төтенше жағдайлар туралы хабардар етеді.
8. Пациентті (терді) тасымалдау пациенттен (терден) санитариялық авиация нысанында медициналық көмек көрсетуге ақпараттандырылған келісімін алғаннан кейін ғана жүзеге асырылады. Кәмелетке толмағандарға және азаматтардың сотқа заңсыз әрекетке қабілетсіз деп танылғандарға қатысты, олардың заңды өкілдері келісім береді. Есі жоқ жай-күйдегі пациеттерге медициналық көмек көрсету туралы шешiмді (білікті маман, САМБ, аймақтық медициналық ұйымның дәрігері) медициналық ұйымның лауазымды адамдарын еркін нысанда хабарлау арқылы консилиум қабылдайды.
9. Санитариялық авиация өзіне медициналық және авиациялық қызметтерді енгізеді.
10. Санитариялық авиация нысанында медициналық көмек ұсыну әуе көлігімен білікті мамандарды межелі жерге жеткізу не пациентті (терді), сондай-ақ кейіннен транспланттау үшін ағзалар (ағзалардың бөлігін) мен тіндерді тиісті медициналық ұйымға әуе көлігімен тасымалдау жолымен жүзеге асырылады.
11. Санитариялық авиацияның медициналық қызметтерінің құрамына телемедицинаны пайдалану арқылы консультация, пациентті (терді) тасымалдау, бетпе-бет консультация жүргізу үшін және (немесе) орнындағы операция жасау үшін білікті маманды (дарды) (сонда/кері) тасымалдау.
12. Авиациялық қызмет құрамына пациентті (терді) жеткізу, бетпе-бет консультация жүргізу және (немесе) орнында операция жасау мақсатында білікті маманды (дарды) (сонда/кері) жеткізу, ағзалар мен тіндерді алу бойынша білікті мамандарды (сонда/кері) жеткізу, сондай-ақ кейінен трансплантациялау үшін ағзалар (ағзалардың бөліктерін) мен тіндерді, биоматериалдарды жеткізу кіреді.
13. Арнайы әуе кемелерін пайдалану арқылы санитариялық авиация нысанында медициналық көмекті көрсету мақсатында авиациялық қызметтерін пайдалану негіздері:
жету қиын кезінде (жолдардың болмауы, таулы жер, қажетті медициналық көмектен алыс орналасқан шалғай елді мекендер (аймақтар) және т.б.);
пациенттің (тердің) орналасқан жеріндегі медициналық ұйымда медициналық жабдықтардың және (немесе) тиісті мамандығы және (немесе) біліктілігі бар маманның (дардың) жетіспеушілігінен медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған кезде;
ЖМК көшпелі бригадаларына жер үсті және су көлік түрлерімен медициналық эвакуациялауды жүзеге асыру мүмкіндік бермейтін оқиғалар кезінде медициналық көмек көрсету;
жерүсті көлігімен және Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 6 маусымдағы бекітілген № 329 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15323 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 329 бұйрық) азаматтық авиацияның тұрақты рейстерінің әуе кемелерімен тасымалдау мүмкін болмаған кезде және медициналық ұйымның хаты негізінде тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымдарда одан әрі емдеуді жалғастыру үшін, республикалық, қалалық деңгейдегі медициналық ұйымдарда білікті медициналық көмек алған пациентті (терді) тасымалдау;
уәкілетті органның хатына сәйкес шетелдік медициналық ұйымдарда ауыр жағдайдағы жер үсті көлігінде және азаматтық авиацияның тұрақты рейстерінің әуе кемелерінде тасымалдауға мүмкіндік бермейтін медициналық алып жүруді қажет ететін жағдайдағы Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарды Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарына тасымалдау;
уәкілетті органның жазбаша тапсырмасы бойынша оқиға орнына және кері, зертханалық зерттеулер үшін биологиялық материалдарды тасымалдауға медициналық салдармен төтенше жағдайлар кезінде білікті мамандарды жеткізу;
медициналық санитариялық зардаптарын жою бойынша төтенше жағдайлар орнына САМБ жеткізу;
пациенттің (тердің) орналасқан жеріндегі медициналық ұйымда медициналық жабдықтардың және (немесе) тиісті мамандығы және (немесе) біліктілігі бар маманның (дардың) жетіспеушілігінен медициналық көмек көрсету (консультация және (немесе) операция жасау үшін, ағзалар (ағзалардың бөліктерін) мен тіндерді алу үшін) білікті мамандарды жеткізу.
14. Пациенттің (тердің) орналасқан жеріндегі медициналық ұйымда медициналық жабдықтардың және (немесе) тиісті мамандығы және (немесе) біліктілігі бар маманның (дардың) жетіспеушілігінен медициналық көмек көрсету (консультация және (немесе) операция жасау үшін, ағзалар (ағзалардың бөліктерін) мен тіндерді алу) үшін білікті мамандарды жеткізу, пациенттің (тердің) жағдайы және ауа-райы жағдайы, әуе кемелерінің тұрақты рейстертерінің тиісті кестесінің болмауын (болуын) ескере отырып қолдануға болады.
15. САМБ құрамына дәрігер, фельдшер кіреді, медициналық көрсетілімдер бойынша білікті маман (дар) тартылады.
16. САМБ пациенттің (тердің) патология бейініне сәйкес осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес РСАО/санитариялық авиация бөлімшесімен бекітілген медициналық мақсаттағы бұйымдар және ең төмеңгі жабдықтар жарақтарымен жиынтықталады.
17. САМБ пациентті (терді) тасымалдау кезінде диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес пациенттің (тердің) жағдайына және емдеуіне тұрақты негізде бағалау жүргізеді.
18. Авиациялық қызметтер РСАО мен пайдаланушы арасында жасалған келісімшарт негізінде көрсетіледі.
19. Медициналық қызметтер РСАО денсаулық сақтау субъектілері, сонымен қатар денсаулық сақтау саласындағы білім беру және ғылыми ұйымдар арасында жасалған келісімшарттар негізінде көрсетіледі.
20. Денсаулық сақтау субъектілері мен денсаулық сақтау саласындағы білім беру және ғылыми ұйымдары РСАО шартқа сәйкес санитариялық авиация нысанындағы медициналық көмек көрсету туралы білікті мамандардың бекітілген кестесін ұсынады.
21. Телемедициналық консультациялар РСАО білікті мамандарды тарта отырып (жабдықтар болған жағдайда) білікті медициналық қорытынды алу үшін, емдеу тактикасын және санитариялық авиация нысанында медициналық қызметтердің көрсетілімдерін айқындау үшін денсаулық сақтау субъектілерімен, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы білім беру және ғылыми ұйымдармен ұйымдастырылады.
22. РСАО базасында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланумен медициналық ұйымдардағы шұғыл жағдайдағы пациенттерге мониторинг жүргізу, қолжетімділікті арттыру және халыққа ЖМК және санитариялық авиация нысанында уақтылы медициналық көмек көрсету үшін ситуациялық орталық құрылады.
Санитариялық авиация нысанындағы медициналық көмекті ұсыну Қағидаларына 1-қосымша |
Республикалық санитариялық авиация орталығының диспетчерлік қызметіне
санитариялық авиация үйлестіруші-дәрігерінің өтінімі
Қызмет түрі: |
Тасымалдау |
Пациент туралы ақпарат |
Пациенттің Т.А.Ә.(бар болған жағдайда): |
Диагнозы |
Негізгі: |
Пациенттің қазіргі жағдайын бағалау: |
Глазго шкаласы бойынша пациенттің ес жағдайын бағалау: |
Өмірлік маңызды көрсеткіштер: |
Қызуы |
Қосымша ақпарат | 1. Эпидемиологиялық анамнезі: |
2. Пациенттің іс-әрекеті алаңдатарлық па | |
3. Қажет болған жағдайда пациент ұшақтағы арқасы бар орындықты тік қалыпта қолдана алады ма | |
4 Әуе кемесінде пациент өз еркімен өз-өзіне қарай ала ма (оның ішінде тамақ ішу, дәретханаға бару және тағы сол сияқты) | |
5 Пациент қандай ұйымға жолданды? | |
7. Қосымша аурулар / арнайы күтімді қажет ететін пациенттің жай-күйі/емдеу (қолданылатын препараттар: инсулин, гипотензивті препараттар және тағы сол сияқты) | |
Үйлестіруші-дәрігердің деректері |
Өңір |
Санитариялық авиация нысанындағы медициналық көмекті ұсыну Қағидаларына 2-қосымша |
Республикалық санитариялық авиация орталығы/санитариялық авиация
бөлімшесінің медициналық мақсаттығы бұйымдарының ең төменгі тізбесі
Медициналық жабдықтар аралас, мобильдік және стационарлы болуы мүмкін.
№ | Жабдықтар атауы | Жабдықтар және материалдар | Саны |
1 | Жалпы жинақ |
Фонарь |
1 бірлік |
2 | Триаж (іріктеу) – жүйесінің диагностикасы |
Триаж/іріктеу кезіндегі пациенттерге арналған ұяшықтар |
1 бірлік |
3 | Реанимация |
Электрлік сорғы |
1 бірлік |
6,7,8 өлшемдегі эндотрахеальды түтіктер |
1 бірлік | ||
4 | Кардиологиялық пациенттерге арналған қызметтер |
Дефибриляторы бар монитор |
1 бірлік |
5 | Жараларды, оның ішінде күйіктерді алғашқы өңдеу |
Дәкелер |
3 бірлік |
6 | Жарақаттар кезінде пациенттерге көмек көрсету |
Арқаға арналған бекіту белбеулері бар қалқан |
1 бірлік |
7 | Бронх обструкциясы кезіндегі көмек |
Компрессорлы ингалятор |
1 бірлік |
8 | Акушерлік және неонаталдық қызметтер | Босандыру пакеті | 1бірлік |
9 | Шокқа қарсы көмек көрсетуге арналған медициналық кұрал-жабдықтар |
Инфузионды шприцті сорғыш |
1 бірлік |
13 | Асқазанды жууға арналған жабдақтар |
Жанэ бір реттік пайдаланатын шприц |
1 бірлік |
14 | Бұғанаасты катетерлеуге арналған жабдықтар (бір реттік пайдаланатын) |
8FХ 20 екі арналы катетер |
4 бірлік |
2. Республикалық санитариялық авиация орталығы/санитариялық авиация бөлімшесінің
дәрі-дәрмектерінің ең төменгі тізбесі
АХЖ коды | Фармакологиялық топ/ МНН | Дәрілік түрі | Өлшем бірлігі |
A | Асқазан жолы және зат алмасу | ||
A03 | АІЖ тарапынан болған функциялық бұзылыстарын емдеуге арналған препараттар | ||
A03A | Ішек қызметі бұзылыстары кезінде пайдаланылатын препараттар | ||
A03AX | Ішек қызметі бұзылыстары кезінде пайдаланылатын басқа да препараттар | ||
Платифиллин | 1 мл инъекцияға арналған препарат, 0,2% | ампула | |
A03B | Итжидек және оның туындылары | ||
A03BA | Инжидек алкалоидтары, үштік аминдер | ||
A03BA01 | Атропин сульфаты | 1 мг/мл инъекцияға арналған ерітінді | ампула |
A03F | АІЖ моторикасын ынталандырғыштар | ||
A03FA01 | Метоклопрамид | 2 мл инъекцияға арналған ерітінді, 0,5% | ампула |
B01AB | Гепарин және оның туындылары | ||
B01AB01 | Натрий гепарині | 5000 БІР/мл 5 мл инъекцияға арналған ерітінді | құты |
B02B | K дәрумені және басқа да қан тоқтатқыштар | ||
B02BX | Жүйелі падалануға арналған басқа да қан тоқтатын препараттар | ||
B02BX01 | Этамзилат | 2 мл инъекцияға арналған ерітінді, 12,5% | ампула |
B05 | Плазма алмастыратын және перфузиялық ерітінділер | ||
B05A | Қан препараттары | ||
B05AA | Қан плазмасы препараттары және плазма алмастыратын препараттар | ||
B05AA05 | Декстран | 200 мл инфузияға арналған ерітінді, 10% | құты |
B05AA06 | Сукцинилирленген желатин | 500 мл инфузияға арналған ерітінді, 4% | құты |
B05AA07 | Гидроксиэтилкрахмал (пентакрахмал) | 500 мл инфузияға арналған ерітінді, 10% | құты |
B05B | Вена ішіне енгізуге арналған ерітінді | ||
B05BB | Су-электролит теңгеріміне әсері бар ерітінділер | ||
B05BB01 | Натрий хлориді | 5 мл инъекцияға арналған ерітінді, 0,9% | ампула |
B05C | Ирригациялық ерітінділер | ||
B05CB | Тұзды ерітінділер | ||
B05CB01 | Натрий хлориді | 200, 400 мл-ден инфузияға арналған ерітінді, 0,9% | құты |
B05CX | Басқа да ирригациялық ерітінділер | ||
B05CX01 | Декстроза | 200 мл 5% инфузияға арналған; 5 мл 5% инъекцияға арналған ерітінді | құты |
B05X | Вена ішіне енгізуге арналған ерітінділерге қосындылар | ||
B05XA | Электролитті ерітінділер | ||
B05XA05 | Магний сульфаты | 5 мл инъекцияға арналған ерітінді, 25% | ампула |
C01B | I және III санатының аритмияға қарсы препараттары | ||
С01ВВ | IВ санатының аритмияға қарсы препараттары | ||
C01BD | III санатының аритмияға қарсы препараттары | ||
C01BD01 | Амиодарон | 150 мг/3 мл вена ішілік инъекцияға арналған ерітінділер | ампула |
C01C | Жүрек гликозидтерін қоспағанда кардиотониялық препараттар | ||
C01CA | Адренергетиктер мен допаминомиметиктер | ||
C01CA04 | Допамин | 5 мл инфузияға арналған ерітіндіні дайындайтын концентрат, 4% | ампула |
C01CA24 | Эпинефрин | 1 мл инъекцияға арналған ерітінді, 0,18 % | ампула |
C01D | Жүрек ауруларын емдеуде пайдаланылатын шеткі тамыр кеңейткіштер | ||
C01DA | Органикалық нитраттар | ||
C01DA08 | Изосорбид динитраты | 1 мг/мл 10 мл/аэрозоль инфузияға арналған ерітіндіні дайындатын концентрат |
Ампула |
C01E | Жүрек ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар | ||
C01EA | Простагландиндер | ||
C02 | Антигипертензивті препараттар | ||
C02C | Перифериялық антиадренергиялық препараттар | ||
C02CA | Альфа-адреноблокаторлар | ||
C02CA06 | Антигипертензивті заттар, альфа-адреноблокаторлар (Урапидил) | 5 мг/мл 5 мл тамыр ішіне енгізуге арналған ерітінді | ампула |
C03 | Диуретиктер | ||
C03C | "Ілмек" диуретиктер | ||
C03CA | Сульфонамидті диуретиктер | ||
C03CA01 | Фуросемид | 2 мл инъекцияға арналған ерітінді, 1% | ампула |
C07 | Бета-адреноблокаторлар | ||
C07A | Бета-адреноблокаторлар | ||
C07AB | Селективті бета-адреноблокаторлар | ||
C07AB02 | Метопролол | 1 мг/мл 5 мл тамыр ішіне енгізуге арналған ерітінді | ампула |
C09 | Ренин-ангиотензивті жүйеге әсері бар препараттар | ||
C09A | Ангиотензин-айналдырушы ферменттерінің (ААФ) ингибиторлары | ||
C09AA02 | Эналаприл |
1,25 мг/мл 1 мл инъекцияға арналған ерітінді; |
ампула |
D | Дерматология | ||
D03 | Жарақаттар мен жараны емдеуге арналған препараттар | ||
D08 | Антисептиктер мен дезинфекциялық препараттар | ||
D08AG | Йод препараттары | ||
D08AG03 | Йод | 20 мл спиртті ерітінді, 5% | құты |
D08AX | Басқа да антисептиктер мен дезинфекциялық препараттар | ||
D08AX | Бриллиант жасылы | 20 мл спиртті ерітінді, 1% | құты |
D08AX01 | Су тетігінің асқын тотығы | 50 мл сыртқа пайдалануға арналған ерітінді, 3% | құты |
D08AX08 | Этанол | 50 мл сыртқа пайдалануға арналған ерітінді, 70% | құты |
H | Жыныс гормондары мен инсулинді қоспағанда жүйелі пайдалануға арналған гормондар | ||
H01 | Гипоталамус және гипофиз гормондары және олардың аналогтары | ||
H01B | Гипофиздің артқы бөлігінің гормондары | ||
H01BB | Окситоцин және оның аналогтары | ||
H01BB02 | Окситоцин | 5 БІР/мл 1 мл инъекцияға арналған ерітінді | ампула |
H02 | Жүйелі пайдалануға арналған кортикостероидтар | ||
H02A | Жүйелі пайдалануға арналған кортикостероидтар | ||
H02AB | Глюкокортикоидтар | ||
H02AB06 | Преднизолон | 30 мг/мл 1 мл инъекцияға арналған ерітінді | ампула |
M | Сүйек-бұлшықет жүйесі | ||
M01 | Қабынуға қарсы және ревматизмге қарсы препараттар | ||
M01A | Стероидты емес қабынуға қарсы және ревматизмге қарсы препараттар | ||
M01AB | Сірке қышқылы туындылары | ||
M01AB05 | Натрий диклофенагы | 75 мг/3 мл 3 мл инъекцияға арналған ерітінді | ампула |
M01AE | Пропион қышқылының туындылары | ||
M01AE01 | Ибупрофен | 100 мг/5 мл 100 мл ішке қабылдауға арналған суспензия | құты |
M01AE03 | Кетопрофен | 100 мг/2 мл инъекцияға арналған ерітінді; қаптамамен қапталған 100 мг таблетка; 50 мг капсула; |
ампула |
M03 | Миорелаксанттар | ||
M03A | Шетке әсер ететін миорелаксанттар | ||
M03AB | Холин туындылары | ||
M03AB01 | Суксаметоний хлориді | 0,1 г/5 мл инъекцияға арналған ерітінді | ампула |
M03AC | Басқа да төрттік аммони қосылыстары | ||
M03AC06 | Перифериялы әсер ететін миорелаксанттар, басқа да төрттік аммони қосылыстары (Пипекуроний бромиді) | 4 мг ішке енгізуге арналған ерітіндіні дайындайтын лиофильді ұнтақ | құты |
N | Жүйке жүйесі | ||
N01 | Анестетиктер | ||
N01A | Жалпы жансыздандыруға арналған препараттар | ||
N01AH | Апиындық анальгетиктер | ||
N01AH01 | Фентанил | 2 мл инъекцияға арналған ерітінді, 0,005% | ампула |
N01AX | Жалпы жансыздандыруға арналған басқа да препараттар | ||
N01AX10 | Профол | 1 мг/мл 20 мл тамыр ішіне енгізуге арналған эмульсия | ампула |
N01B | Жергілікті жансыздандыруға арналған препараттар | ||
N01BA | Аминобензол қышқылы эфирлері | ||
N01BA02 | Прокаин | 5 мл инъекцияға арналған ерітінді, 0,5% | ампула |
N01BB | Амидтер | ||
N01BB02 | Лидокаин | 2 мл инъекцияға арналған ерітінді, 2% | ампула |
N02 | Анальгетиктер | ||
N02A | Апиындар | ||
N02AA | Апиынның табиғи алкалоидтары | ||
N02AA01 | Морфин | 1 мл инъекцияға арналған ерітінді, 1% | ампула |
N02AB | Фенилпиперидин туындылары | ||
N02AB | Тримеперидин | 1 мл инъекцияға арналған ерітінді, 2% | ампула |
N02AX | Басқа да апиындар | ||
N02AX02 | Трамадол | 2 мл инъекцияға арналған ерітінді, 5 % | ампула |
N02B | Анальгетиктер және антипиретиктер | ||
N02BE | Анилидтер | ||
N02BE01 | Парацетамол | 500 мг таблетка; 80 мг тік ішек суппозиториилері, 100 мг,250 мг, ішке қабылдауға арналған суспензия 120 мг/5 мл 100 мл |
Таблетка |
N03 | Эпилепсияға қарсы препараттар | ||
N03AG | Май қышқылдарының туындылары | ||
N03AG01 | Вальпровтiк қышқыл | 100 мг/мл инъекцияға арналған ерітінді | ампула |
N05 | Психолептиктер | ||
N05B | Анксиолитиктер | ||
N05BA | Бензодиазепин туындылары | ||
N05BA01 | Диазепам | 5 мг/мл 2 мл бұлшықет және тамыр ішілік инъекцияға арналған ерітінді | ампула |
R | Тыныс алу жүйесі | ||
R03 | Бронх демікпесін емдеуге арналған препараттар | ||
R03A | Тамақты булауда қолдануға арналған симпатомиметиктер | ||
R03AC | Селективті бета-2-адреномиметиктер | ||
R03AC02 | Сальбутамол | 100 мкг/мөл. 200 мөл.тамақты булауға арналған аэрозоль | құты |
R03AK | Антихолинергиялық препараттарды қоспағанда кортикостероидтармен немесе басқа да препараттармен бірлесіп пайдаланылатын симпатомиметиктер | ||
R03AK03 | Демікпеге қарсы заттар, демікпеге қарсы басқа да заттармен бірлесіп қолданлатын адренергиялық заттар (тыныс алу жолдарының обструктивті ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттармен бірлесіп пайдаланатын фенотерол) | 20 мл булауға арналған ерітінді | |
R03D | Жүйелі пайдалануға арналған бронх демікпесін емдейтін басқа да препараттар | ||
R03DA | Ксантин туындылары | ||
R03DA05 | Аминофиллин | 5 мл инъекцияға арналған ерітінді, 2,4% | ампула |
R06 | Жүйелі пайдалануға арналған антигистаминді препараттар | ||
R06AA | Аминоалкильді эфирлер | ||
R06AA02 | Дифенгидрамин | 1 мл инъекцияға арналған ерітінді, 1% | ампула |
R06AC | Этилендиамин алмастырғыштар | ||
R06AC03 | Хлоропирамин | 20 мг/мл 1 мл инъекцияға арналған ерітінді | ампула |
R07 | Тыныс алу органдарының ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар | ||
R07AB | Аммиак | 20 мл, 40 мл ерітінді, 10% | флакон |
V | Басқа да препараттар | ||
V03 | Басқа да әртүрлі препараттар | ||
V03AB | Антидоттар | ||
V03AB06 | Натрий тиосульфаты | 10 мл инъекцияға арналған ерітінді, 30% | ампула |
V03AB14 | Протамин | 1000 МЕ/мл инекцияға арналған ерітінді | ампула |
V03 АВ15 | Налоксон | 0,04% инъекцияға арналған ерітінді | ампула |