Ескерту. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.10.2020 № 514 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Теміржол көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 555 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11428 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 21 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жылжымалы құрамды мемлекеттік тiркеу" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартында:
4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күні;
құжаттар топтамасын тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық емес және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тарту береді;";
3, 4 және 5-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) Мемлекеттік корпорацияға:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
өкілдің өкілеттігін растайтын құжат;
тіркеу алымының бюджетке төленгенін растайтын құжат;
кепілдік туралы шарт немесе кепілдік талаптары қамтылған шарт.
Тiркелген кепiлге өзгерiстердi, толықтыруларды тiркеу және тоқтату үшін өтініш беруші не өтініш берушінің уәкілетті өкілі "Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы" 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес құжаттардың қосымшасын қоса бере отырып, осы Стандартқа 3 қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті ұсынады.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған, жеке басын растайтын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметті Мемлекеттік корпорация қызметкері "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдаған кезде құжаттардың түпнұсқасынан электрондық көшірмесін жасайды, одан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Мемлекеттік корпорация қызметкері мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде егер Қазақстан Республикасының заңдарымен өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке басын куәландыратын (немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша өкілі) құжатты көрсеткен кезде тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай ішінде сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті алушыға одан әрі сақтауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген кезде, Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жібереді;
2) ЕДБ-де:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес ЕДБ қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған өтініш;
тіркеу алымының бюджетке төленгенін растайтын құжат.
Тiркелген кепiлге өзгерiстердi, толықтыруларды тiркеу және тоқтату үшін өтініш беруші не өтініш берушінің уәкілетті өкілі "Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы" 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес құжаттардың қосымшасын қоса бере отырып, осы стандартқа 3 қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті ұсынады.
ЕДБ-де құжаттарды қабылдауды және электрондық өтінішті жіберуді ЕДБ қызметкері жүзеге асырады;
3) порталда:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-1-қосымшаға сәйкес кепіл берушінің және кепіл ұстаушының ЭЦҚ қол қойылған хабарлама нысанында өтініш;
портал арқылы өтінішті жолдаған кезде жылжымалы мүлiк кепiлiн мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке алым төлеу "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
Тiркелген кепiлге өзгерiстердi, толықтыруларды тiркеу және тоқтату үшін өтініш беруші не өтініш берушінің уәкілетті өкілі "Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы" 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес құжаттардың қосымшасын қоса бере отырып, осы стандартқа 3 қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті ұсынады.";
осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі |
Ж. Қасымбек |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрі
_________________ Д. Абаев
2017 жылғы "____" _______
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
__________________ Т. Сүлейменов
2017 жылғы "____" _________
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 16 қарашадағы № 792 бұйрығына 1-қосымша "Жылжымалы құрамды мемлекеттік тiркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымша |
|
Нысан |
_________________________________________________________
(иесiнiң толық атауы) тиесiлi жүк жылжымалы құрамының тiзбесi
Р/с | Вагон түрі | Санаты | Жалға алушы | Жалға алу мерзімі | Қатынау өңірі | Зауыт нөмiрi | Түгендеу нөмiрi | Жасалған күні |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
кестенің жалғасы
Нормативтік қызмет ету мерзімі | Нақты қызмет ету мерзімі | Соңғы жөндеу күні (ДЖ)* | Соңғы жөндеу күні (КЖ)** | Келесі жөндеу күні | Техникалық жай-күйі | Дейін жарамды | Тіркелген орыны | ||
(КЖ) *** | (ҰҚЖ)*** | жарамды | есептен шығарылған | ||||||
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
Басшы ______________________/_________________________________/
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты) (бар болған кезде)
Мөр орны (заңды тұлға және дара кәсiпкер үшiн)
Ескертпе:
*(ДЖ) – деполық жөндеу
**(КЖ) – күрделi жөндеу
***(ҰКЖ) – қызмет мерзімін ұзарта отырып күрделi жөндеу
**** жүк вагондарының меншiк иелерi үшiн
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 16 қарашадағы № 792 бұйрығына 2-қосымша "Жылжымалы құрамды мемлекеттік тiркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымша |
|
Нысан |
______________________________________
(иесiнiң толық атауы) тиесiлi жолаушы жылжымалы құрамының және оған
теңестірілген почта, почта-багаж және багаж жылжымалы құрамының тiзбесi
Р/с | Вагон түрі | Санаты | Жалға алушы | Жалға алу мерзімі | Қатынау өңірі | Зауыт нөмiрi | Түгендеу нөмiрi | Жасалған күні |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
кестенің жалғасы
Нормативтік қызмет ету мерзімі | Нақты қызмет ету мерзімі | Соңғы жөндеу күні (ДЖ)* | Соңғы жөндеу күні (КЖ) | Келесі жөндеу күні | Техникалық жай-күйі | Дейін жарамды | Тіркелген депосы | ||||
(КЖ-1) *** | (КЖ-2) *** | (ҚМҰКЖ) | (ҚККЖ) ***** | жарамды | есептен шығарылған | ||||||
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
Басшы ______________________/_________________________________/
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты) (бар болған кезде)
Мөр орны (заңды тұлға және дара кәсiпкер үшiн)
Ескертпе:
*(ДЖ) – деполық жөндеу
**(КЖ) – күрделi жөндеу
***(ҚМҰКЖ) – қызмет мерзімін ұзарта отырып күрделi жөндеу
**** жүк вагондарының меншiк иелерi үшiн
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 16 қарашадағы № 792 бұйрығына 3-қосымша "Жылжымалы құрамды мемлекеттік тiркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымша |
|
Нысан |
____________________________________________________________
(иесiнiң толық атауы) тиесілі арнайы жылжымалы құрамының тiзбесi
Р/с | Серия сы | Санаты | Жалға алушы | Жалға алу мерзімі | Қатынау өңірі | Зауыт нөмiрi | Түгендеу нөмiрi | Жасалған күні |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
кестенің жалғасы
Нормативтік қызмет ету мерзімі | Нақты қызмет ету мерзімі | Соңғы жөндеу күні | Келесі жөндеу күні | Техникалық жай-күйі | Дейін жарамды | Тіркел ген орыны | ||
(КЖ-1)** | (КЖ-2)*** | жарамды | есептен шығарылған | |||||
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
Басшы ______________________/_________________________________/
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты) (бар болған кезде)
Мөр орны (заңды тұлға және дара кәсiпкер үшiн)
Ескертпе:
*(КЖ-1) – 1-көлемдегі жөндеу
**(КЖ-2) – 2-күрделi жөндеу
_________________________________________________
(тіркеуші органның атауы)
№ _____ Өтініш
Кепіл беруші_____________________________________________________________________
Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН);
атауы, заңды тұлғаның бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН)
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжат: түрі ________ сериясы _________ №___________________
___________________________ берілді, берілген күні __________________________________
(құжатты берген органның атауы)
Почталық мекенжайы, телефон _____________________________________________________
Кепіл ұстаушының банктік реквизиттері _____________________________________________
_______________________________________________________________ атынан әрекет етеді
(уәкілетті өкілдің деректемелері)
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________ негізінде
(өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)
Кепіл ұстаушы___________________________________________________________________
Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)
немесе атауы немесе заңды тұлғаның бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН)
________________________________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжат: түрі ________ сериясы _________ №___________________
___________________________ берілді, берілген күні __________________________________
(құжатты берген органның атауы)
Пошталық мекенжайы, телефон_____________________________________________________
Кепіл ұстаушының банктік реквизиттері _____________________________________________
_______________________________________________________________ атынан әрекет етеді
(уәкілетті өкілдің деректемелері)
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________ негізінде
(өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері) сызып тастау)
Тіркеуші орган берген жылжымалы мүлік кепілінің тіркеу нөмірі (активтер мен
міндеттемелерді бір уақытта беру туралы шарт негізінде өзгерістер мен толықтыруларды
тіркеу жағдайларын қоспағанда) ____________________________________________________
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың сипаттамасы немесе кепілді тоқтату негізі
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Кепіл шартына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізілген жағдайда:
Шарттың жасалған күні____________________________________________________________
Кепілдің мәні туралы мәліметтер (жылжымалы мүліктің сипаттамасы)
________________________________________________________________________________
Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің ақшалай баламасы__________________________
Шарттың қолданылу мерзімі _______________________________________________________
Кепілге салынған мүлік______________________________________________ кепіл берушінің
________________________________________________________________ кепіл ұстаушының
иелігінде және пайдалануында қалады
Оны пайдалануға болатыны: Иә/Жоқ (керек емесін сызып тастау)
Қайталама кепiл туралы мәлiметтер: Иә/Жоқ (керек емесін сызып тастау)
Өтінішке мыналарды қоса беремін: (құжаттың атауы, сериясы, нөмірі, қашан және кім берген)
1. Төлем туралы құжат: түрі ________ №____________ ___________ сомасына
2.______________________________________________________________________________
Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік қажет пе:
Иә/Жоқ (керек емесін сызып тастау керек)
Кепіл берушінің немесе оның өкілінің қолы және заңды тұлға үшін мөр (бар болған кезде):
________________________________________________________________________________
Кепіл ұстаушының (өкілінің) қолы және заңды тұлға үшін мөр (болған жағдайда):
_________________________________________________________
Өтініш берілген күн: 20__ жылғы _______________
Өтініш қабылданған күн: 20___ жылғы ___________