Қазақстан Республикасының азаматтығы, Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтініштерді Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 11-1-2/420 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 12 қазанда № 15884 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Сыртқы істер министрінің 29.05.2020 № 11-1-4/178 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының азаматтығы, Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтініштерді Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің қабылдау, ресімдеу және қарау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерінің баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. "Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдардан Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері жөнінде өтініштер қабылдау және оларды қажетті құжаттармен бірге Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына жіберу қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 11-1-2/585 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14797 болып тіркелген, 2017 жылғы 9 наурызда Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары М. Б. Тілеубердіге жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрі
Қ. Әбдірахманов

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік

      комитетінің төрағасы

      ___________ К. Мәсімов

      2017 жылғы 20 қыркүйек

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрі

      ____________ Қ. Қасымов

      2017 жылғы 18 қыркүйек

  Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
2017 жылғы 15 қыркүйектегі
№ 11-1-2/420 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының азаматтығы, Қазақстан Республикасының азаматтығын
жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына
жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтініштерді Қазақстан
Республикасының шет елдердегі мекемелерінің қабылдау, ресімдеу және қарау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының азаматтығы, Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтініштерді Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің қабылдау, ресімдеу және қарау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" (бұдан әрі - "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Заң) 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" (бұдан әрі - "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заң) 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген, Қазақстан Республикасының азаматтығы, Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтініштерді Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің қабылдау, ресімдеу және қарау тәртібін, сондай-ақ, "Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу жөніндегі құжаттарды ресімдеуі" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызметтер).

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Сыртқы істер министрінің 29.05.2020 № 11-1-4/178 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері (бұдан әрі – шет елдердегі мекемелер):

      1) Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдардан Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері жөнінде өтініштер қабылдайды, Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері бойынша құжаттарға қорытындылар жасайды, азаматтық мәселелер бойынша өтініш өтініш білдірген азаматтар (бұдан әрі – өтініш беруші) туралы мәліметтерді "Бүркіт" бірыңғай ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – "Бүркіт" БАЖ) енгізеді, Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері бойынша құжаттарды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) жолдайды және Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері жөнінде өтініштер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің шешiмі туралы өтініш берушілерді хабардар етеді;

      2) Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасы азаматтығына жататындығын айқындау;

      3) Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасы азаматтығын жоғалтуды тіркейді;

      4) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұрақты тұрып жатқан адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыруды тiркейдi.

      3. Министрлік Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері бойынша шет елдердегі мекемелер ресімдеген құжаттарға соңғы қорытындыларды жасайды, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік Комитетімен (бұдан әрі – Ұлттық қауіпсіздік комитеті) келісілген Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері бойынша құжаттарды Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияға жолдайды және Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері жөніндегі өтініштер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің шешiмі туралы шет елдердегі мекемелерді хабардар етеді.

2-тарау. Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері жөнінде өтініштер қабылдау § 1-параграф. Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері жөнінде өтініш беру және құжаттарды ресімдеу тәртібі

      4. Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері жөнінде өтініштерге (бұдан әрі – азаматтық мәселелер жөніндегі өтініштер):

      1) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтініштер;

      2) Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы өтініштер;

      3) Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы өтініштер жатады.

      5. Азаматтық мәселелері жөніндегі өтініштер еркін нысанда жасалады және шет елдердегі мекемелерде олар түскеннен кейін 30 күнтізбелік күн ішінде тіркелуге және қаралуға жатады.

      6. Азаматтық мәселелері жөніндегі өтініштерді шет елдердегі мекемелерге Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдардың өздері ұсынады.

      7. 18 жасқа толмаған, сондай-ақ қабілеті жоқ деп танылған адамдарға қатысты азаматтық мәселелері жөніндегі өтініштер олардың нотариалды куәландырылған заңды өкілдерінің өтініштері бойынша, басқа мемлекеттерде –баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі (асырап алушылар, қорғаншылар және қамқоршылар Қазақстан Республикасының жергілікті атқару органы шешімінің көшірмесін тапсырады) не іс-әрекетке қабілетсіз адамның жеке басын куәландыратын құжатпен бірге, шет елдердегі мекемелер куәландырған өтініш бойынша қаралады.

      14 жастан 18 жасқа дейінгі баланың азаматтығын өзгерту мәселесі жөніндегі өтінішті ұсынған жағдайда, оның нотариалды куәландырылған, басқа мемлекеттерде – шет елдегі мекеме куәландырған жазбаша түрде білдірген келісімі қажет.

      8. Осы Қағидаларда көзделген құжаттар мемлекеттiк немесе орыс тiлiнде немесе мемлекеттiк не орыс тілiндегі нотариалды куәландырылған аудармасы бар басқа тілде жасалуы тиіс.

      9. Азаматтық мәселелері жөнінде қарастыруға ұсынылған өтініштерге қатысты шет елдердегі мекемелер осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қорытындылар жасайды.

      Өтініш берушінің отбасының әрбір мүшесiне жеке қорытынды жасалады.

      10. Азаматтық мәселелері жөніндегі өтініштер бойынша қорытындылар жасалғаннан кейін шет елдердегі мекемелер енгізілетін ақпараттың толық болуын қамтамасыз ете отырып, өтініш беруші туралы мәліметтерді "Бүркіт" БАЖ-ға енгізеді.

      11. Ұлттық қауіпсіздік комитеті шет елдердегі мекемелер енгізген өтініш берушілер туралы мәліметтерді "Бүркіт" БАЖ-да қарастыруды және келісуді жүзеге асырады. Шет елдердегі мекемелер "Бүркіт" БАЖ-да өтініш берушілер туралы ақпараттың толық болуын қамтамасыз етпеген жағдайда, Ұлттық қауіпсіздік комитеті "Бүркіт" БАЖ-ға өтініш берушілер туралы енгізілген мәліметтерді пысықтау қажеттігі туралы жазбаны енгізеді.

      Ұлттық қауіпсіздік комитетінің "Бүркіт" БАЖ-ға жазба енгізуі арқылы орындалған сұрауы бойынша Министрлік өтініштің мәніне байланысты осы Қағидалардың 2-тарауының 2 және 3-параграфтарында қарастырылған құжаттарды Ұлттық қауіпсіздік комитетіне келісуге қағаз түрінде жолдайды.

      12. Шет елдердегі мекемелер өздерінің қорытындылары мен азаматтық мәселелері бойынша ресімделген құжаттарды Ұлттық қауіпсіздік комитетімен "Бүркіт" БАЖ арқылы келісілгеннен кейін Министрлікке жолдайды.

      13. Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы № 198 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі Комиссия туралы ереженің 23-тармағына сәйкес, азаматтықты өзгерту туралы өтініштер жөніндегі материалдарды қарау мерзімі шет елдердегі мекемелерде, Министрлікте және Ұлттық қауіпсіздік комитетінде осы органдардың әрқайсысында бір айдан аспауға тиіс.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Сыртқы істер министрінің 29.05.2020 № 11-1-4/178 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Шет елдердегі мекемелер жолдаған азаматтық мәселелері жөніндегі құжаттар негізінде Министрлік Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тұрақты тұратын әрбір арыз берушіні Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың немесе оны қалпына келтірудің мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы, оның ішінде оны Қазақстан Республикасында еңбекке, тұрғын үйге және өзге де орналастыру мүмкіндігі туралы қорытындыны Қазақстан Республикасының Президентінің қарауына жолдайды.

      Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы өтініштер бойынша қорытындыларда азаматтардың немесе ұйымдардың елеулі мүдделерімен байланысты өтініш берушінің мемлекет алдындағы орындалмаған міндеттемелері немесе оның мүліктік міндеттемелері туралы, оның қылмыстық қудалануы, сотталғандығы не оның заңды күшіне енген сот үкімі бойынша жазасын өтеуі туралы не осы адамның азаматтықтан шығуы Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің мүдделеріне қайшы келетіні туралы нақты мәліметтер хабарланады.

      14-1. Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу жөніндегі материалдарды рәсімдеуден мынадай негіздер бойынша өтініш иесіне бас тартылуы мүмкін:

      1) өтініш иесінің мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің белгілі болуы;

      2) өтініш иесінің және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі;

      3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауабы.

      Ескерту. Қағида 14-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Сыртқы істер министрінің 29.05.2020 № 11-1-4/178 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14-2. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 5-бабы 2-тармағы 11) тармақшасына сәйкес консулдық лауазымды адам мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Ескерту. Қағида 14-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Сыртқы істер министрінің 29.05.2020 № 11-1-4/178 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

§ 2-параграф. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан
Республикасының азаматтығын қалпына келтіру үшін қажетті құжаттар

      15. Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын кәмелетке толмағандар, іс-әрекетке қабілетсіз және Қазақстан Республикасының алдында ерекше еңбек сiңiрген адамдар немесе Қазақстан Республикасы Президентiнің 2005 жылғы 6 маусымдағы № 1587 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың оңайлатылған тәртібі белгіленетін адамдар үшін кәсіптердің тізбесіне (бұдан әрі - тізбе) және оларға қойылатын талаптарға сәйкес келетiн адамдар мен олардың отбасы мүшелерi шет елдердегі мекемелер арқылы Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтінішіне қосымша болу елінің құзыретті органдары ресімдеген мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама- өтініш;

      2) өмiрбаян (өз қолымен жазылған);

      3) 3,5 х 4,5 көлемінде фотосурет;

      4) Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұруын растайтын құжат;

      5) соттылығының болуы немесе болмауы туралы апостильденген немесе заңдастырылған анықтама;

      6) тиісті мемлекеттің құзыретті органы берген басқа мемлекеттің азаматтығының жоқтығы немесе тоқтатылғандығы туралы апостильденген немесе заңдастырылған анықтама;

      7) балаларының туу туралы және неке қию туралы куәлiктерінің (бар болған жағдайда) көшірмелері;

      8) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Заңның 1-бабында көзделген шарттарды сақтау туралы өтініш-келісім;

      9) консулдық алымның төленгенi туралы құжат.

      Консулдық лауазымды адам құжаттарды қабылдаған кезде өтініш иесінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін жасайды, содан кейін өтініш иесіне түпнұсқаларын қайтарып береді.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Сыртқы істер министрінің 29.05.2020 № 11-1-4/178 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Осы Қағидалардың 16-тармағында көзделген құжаттардан басқа Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы өтінішке өтініш берушінің бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын растайтын құжаттың көшірмесі қоса беріледі.

      17. Қазақстан Республикасы алдында ерекше еңбек сiңiрген адамдар немесе тізбеге сай келетін адамдар және олардың отбасы мүшелерi осы Қағидалардың 16-тармағында көзделген құжаттарға қоса Қазақстан Республикасының бейінді мемлекеттік органының қолдаухатын ұсынады.

§ 3-параграф. Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу үшін қажетті құжаттар

      18. Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы шет елдердегі мекемелер арқылы азаматтықтан шығу туралы өтінішіне қосымша мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама-өтініш;

      2) өмiрбаян (өз қолымен жазылған);

      3) 3,5 х 4,5 көлемінде фотосурет;

      4) Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұруын растайтын құжат;

      5) соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама;

      6) балаларының туу туралы және неке қию туралы куәлiктерінің көшiрмелерi (бар болған жағдайда);

      7) шетелдік азаматтықты алу мүмкіндігін растайтын құжат;

      8) консулдық алымның төленгенi туралы құжат;

      9) өтiнiш берушiнiң Қазақстан Республикасында тұратын жұбайының немесе оның асырауындағы адамдардың өзіне нотариалды куәландырылған Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға келісімі және материалдық және өзге де талаптардың жоқ екендiгi туралы өтiнiш-келісімі немесе олардың қайтыс болғаны туралы, азаматтың қайтыс болуы немесе хабарсыз кеткені туралы сот шешімінің көшірмелері.

      Консулдық лауазымды адам құжаттарды қабылдаған кезде өтініш иесінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін жасайды, содан кейін өтініш иесіне түпнұсқаларын қайтарып береді.

      Шет мемлекеттің құзыретті мекемесі берген немесе куәландырған не осы тұлғаға арнайы уәкілеттік берілген, оның құзыреті шегінде және ол белгілеген нысан бойынша шет мемлекеттің ресми мөрімен бекітілген құжаттар арнайы куәландыру рәсімінен (заңдастыру немесе апостильдеу) өткеннен кейін ғана қабылданады.

      Қағидалардың осы тармағында көзделген құжаттарды қабылдаған кезде өтiнiш берушiлерге Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатудың құқықтық және өзге де салдары түсiндiрiледi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматы бола тұра оның шетелдік азаматтығы танылмайтыны жөнінде Заңның 3-бабының ережелерi түсiндiрiледi және ол туралы сауалнама-өтiнiште белгi жасалады.

      Процестің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі "Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу жөніндегі құжаттарды ресімдеуі" мемлекеттік қызмет көрсету стандартында осы Қағидалардың 4-1-қосымшасына сәйкес баяндалған.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Сыртқы істер министрінің 29.05.2020 № 11-1-4/178 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18-1. Құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 60 минут, қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 10 минут.

      Ескерту. Қағида 18-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Сыртқы істер министрінің 29.05.2020 № 11-1-4/178 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18-2. Өтініш иесі құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда шет елдердегі мекеме өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Өтініш иесі құжаттардың топтамасын толық ұсынған жағдайда, шет елдердегі мекемелер қабылданған құжаттарды осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен қарайды.

      Ескерту. Қағида 18-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Сыртқы істер министрінің 29.05.2020 № 11-1-4/178 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-параграф. Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау

      19. Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адам шет елдердегі мекемелер арқылы Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау туралы өтінішке қоса мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сауалнама-өтініш;

      2) 3,5 х 4,5 көлемінде фотосурет;

      3) Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұруын растайтын құжат;

      4) іске қатысты басқа да құжаттар (туу туралы куәлік, еңбек қызметті дәлелдейтін құжат, әскери билет, орта немесе толық орта емес білімі туралы аттестат, диплом, мұрағаттық анықтама - шаруашылық бойынша кітаптан үзінді көшірме, қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасында тұратын фактісін растайтын кемінде үш куәгердің өтініштері).

      20. Шет елдердегі мекемелер сауалнама-өтініште көрсетілген мәліметтерді "Бүркіт" БАЖ-ға енгізу арқылы өтiнiш берушiнiң Қазақстан Республикасы азаматтығына жататындығын тексерудi жүзеге асырады.

      21. "Бүркіт" БАЖ-да өтініш беруші туралы ақпарат болмаған жағдайда шет елдердегі мекемелер өтініш беруші туралы мәліметтерді алу үшін Министрлік арқылы Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына сұрау жолдайды.

      22. Сұрау Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына "Бүркіт" БАЖ арқылы электронды хабарламаны жолдай отырып қосымша орындалуы мүмкін.

      23. Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері Қазақстан Республикасының азаматтығын тексеру нәтижелері бойынша 7 жұмыс күн ішінде "Бүркіт" БАЖ-дан ақпарат және Министрліктен хабарлама алған күннен бастап өтініш берушіге тексеру нәтижесі туралы жазбаша түрде хабарлайды.

      Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтындығы немесе азаматтығының жоқтығы туралы анықтама алу жөнінде өтініш түскен жағдайда, шет елдердегі мекемелер еркін нысанда толтырылған тиісті анықтаманы береді.

      2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі - "Салық кодексі") және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2019 жылғы 20 мамырдағы № 11-1-4/227 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18702 тіркелген) бекітілген Шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым мөлшерлемелеріне (бұдан әрі - консулдық алым мөлшерлемелері) сәйкес анықтамаларды ресімдеу үшін консулдық алым алынады.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Сыртқы істер министрінің 29.05.2020 № 11-1-4/178 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды тіркеу

      24. Заңның 21-бабында көзделген шарттардың болуын растайтын құжаттардың негізінде шет елдердегі мекемелер осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасы азаматтығын жоғалтуды тіркеу туралы қорытынды жасайды.

      24-1. Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын және басқа мемлекеттің азаматтығын қабылдаған адам Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуын тіркеу үшін шет елдердегі мекемелерге мына құжаттарды ұсынады:

      1) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды тіркеу үшін еркін нысандағы өтініш;

      2) Қазақстан Республикасының паспорты (түпнұсқа);

      3) шет елдің азаматтығын растайтын шет мемлекет паспортының немесе құжатының көшірмесі;

      4) басқа мемлекетке тұрақты тұруға кету туралы шешім немесе басқа мемлекетке тұрақты тұруға кетуге рұқсатты растайтын құжаттың көшірмесі.

      Ескерту. Қағида 24-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Сыртқы істер министрінің 29.05.2020 № 11-1-4/178 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      25. Шет елдердегі мекемелер Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқаны туралы қорытындыны Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттармен бірге Министрлік арқылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетіне жолдайды (бұдан әрі – Көші-қон қызметі комитеті).

      26. Шет елдердегі мекеме өтініш берушіге ол тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқаны туралы хабарлайды.

      Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқаны туралы анықтама алуға өтініш түскеннен кейін, шет елдердегі мекеме өтініш берушіге бес жұмыс күні ішінде еркін нысанда толтырылған тиісті анықтаманы береді.

      Салық кодексіне және бекітілген консулдық алым мөлшерлемелеріне сәйкес анықтама ресімдегені үшін консулдық алым алынады.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Сыртқы істер министрінің 29.05.2020 № 11-1-4/178 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      26-1. Консулдық лауазымды адам Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан адам туралы ақпаратты "Бүркіт" БАЖ-ға енгізеді.

      Ескерту. Қағида 26-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Сыртқы істер министрінің 29.05.2020 № 11-1-4/178 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      27. Алып тасталды - ҚР Сыртқы істер министрінің 29.05.2020 № 11-1-4/178 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-тарау. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыруды тіркеу

      28. Шет елдердегі мекемелер Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыруды Қазақстан Республикасынан тыс тұрақты тұрып жатқан адамдарға, террористік қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өмірлік маңызы бар мүдделеріне өзге де ауыр зиян келтірген, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі Ерекше бөлімінің тиісті баптарында көзделген қылмыстарды жасағаны үшін күшіне енген сот шешімі негізінде сол соттың шешімі шет елдегі мекемеге келіп түскеннен кезден бастап 10 жұмыс күн ішінде тіркейді.

      29. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыруды тіркеу шет елдегі мекемемен еркін нысанда жасалған қорытындыны (үш данада) жасау арқылы жүзеге асырылады. Қорытындыда сот шешімі келіп түскен адам туралы деректер (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), туған күні, жері), Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыруды тіркеуге негіз көрсетіледі.

      Қорытындының бір данасы шет елдегі мекемеде қалады.

      30. Жасалған қорытынды екі данада Министрлікке, одан әрі Қазақстан Республикасының халқын құжаттандырудың деректер базасына енгізу үшін Көші-қон қызметі комитетіне жолданады. Сонымен бірге қорытындының бір данасы Министрлікте қалады.

      31. Консулдық лауазымды адам Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған адам туралы ақпаратты "Бүркіт" БАЖ-ға енгізеді.

      32. Шет елдегі мекеме болу елдің сыртқы саяси ведомствоны Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған адамдар туралы және осы шешімнің себебі мен негізі туралы Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыруды тіркеген күннен кейін 5 жұмыс күн ішінде жазбаша хабарландырады.

      33. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 25-бабына сәйкес" консулдық лауазымды адамның мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым шет елдердегі мекемелер басшысының атына, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау мен бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі,

      Консулдық лауазымды адамның атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      Өтініш беруші көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 4-бабы 1-тармағы 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

      Ескерту. Қағида 33-тармақпен толықтырылды – ҚР Сыртқы істер министрінің 29.05.2020 № 11-1-4/178 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасының
азаматтығы, Қазақстан
Республикасының азаматтығын
жоғалту мен одан айыру және
Қазақстан Республикасының
азаматтығына жататындығын
айқындау мәселелері бойынша
өтініштерді Қазақстан
Республикасының шет елдердегі
мекемелерінің қабылдау, ресімдеу және қарау
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  БЕКІТІЛГЕН
_____________________ ______
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
қолы
Қазақстан Республикасы шет
елдегі мекемесінің басшысы)
м.о.

      № ________                                          20__ жылғы "___" _________

      Қорытынды

      _______________________________________________________ ҚР азаматтығын/нан

      (Қазақстан Республикасы шет елдегі мекемесінің атауы)

      қабылдау/қалпына келтіру/шығу туралы өтінішпен, ________________________ жылы

      _________________________________туылған__________________________________

      (мемлекеттің атауы)                        (азаматтығы)

      азаматы ____________________________________________________ өтініш білдірді.

      (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))

      _______ жылдан бастап ____________________________________________ аумағында

                                          (мемлекеттің атауы)

      тұрақты тұрады.

      Қазіргі уақытта мынадай мекенжайда тұрады: ___________________________________

      __________________________________________________________________________

      Қазақстан Республикасында және басқа елдерде тұратын жақын туыстары

      _________________________________________________________________________.

      Басқа мәліметтер: __________________________________________________________.

      Қазақстан Республикасының азаматтығын/нан қабылдау/қалпына келтіру/шығу туралы

      өтінішін _________________________________________________________ уәждейді.

      ____________________________________________________ азаматтың/азаматшаның

      (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))

      Қазақстан Республикасының азаматтығын/нан қабылдау/қалпына келтіру/шығу туралы

      өтінішін __________________________________________________________________

      (ҚРазаматтығын/нан қабылдау/қалпына келтіру/шығу негізі немесе бас тарту негізі)

      байланысты қанағаттандыруды мүмкін/мүмкін емес деп санаймыз.

      Өтініш беруші туралы мәліметтер "Бүркіт" БАЖ-ға енгізілді (Жүйе номері №______ ).

      Консулдық алым алынды.

      Қосымша ______ парақта.

      Қолы ______________                              20___ жылғы "___"______

  Қазақстан Республикасының
азаматтығы, Қазақстан
Республикасының азаматтығын
жоғалту мен одан айыру және
Қазақстан Республикасының
азаматтығына жататындығын
айқындау мәселелері бойынша
өтініштерді Қазақстан
Республикасының
шет елдердегі мекемелерінің
қабылдау, ресімдеу және қарау
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Сауалнама - Өтiнiш

Фото

      Мені Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдауды/қалпына келтіруді сұраймын.

Сұрақтар

Жауаптар

1. Тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда)


2. Бұрын тұрған барлық тегіңiздi, атыңызды және әкеңiздiң атын (бар болған жағдайда), оларды қашан, қайда және қандай себеп бойынша өзгерткеніңізді атаңыз


3. Туған күнi, айы, жылы және туған жерi (ауыл, қала, аудан, облыс, егер шетелде туылған жағдайда сол елдi көрсетіңіз)


4. Ұлты


5. Отбасы жағдайы (некеде тұрамын, ажырасқанмын, жесiрмiн)


6. Шетелге шығудың алдында тұрған мекенжайы (Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтірген кезде толтырылады)


7. Соңғы тiркелген орны


8. Соңғы жұмыс, оқу орны


9. Бiлiмi және бiлiмi бойынша мамандығы (қайда, қашан және қандай оқу орнын бітірдіңіз)


10. Бұрын басқа мемлекеттердiң
азаматтығында (бодандығында) болған жағдайда, оны қайда, қашан және қандай негiзде алғаныңызды көрсетiңiз


11. Сот тәртiбiмен қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершiлiкке тартылдыңыз ба. Егер тартылсаңыз, онда қашан, кiм және не үшiн тартты?


12.Қазақстан Республикасының немесе жеке және заңды тұлғалардың алдында орындалмаған мiндеттемелерiңiз бар ма, соның ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына рұқсат байланысты міндеттемелер


13. Шет мемлекеттің әскери қызметінен өттіңіз бе, қауіпсіздік қызметінде, әділет органдарында немесе мемлекеттік билік пен басқару органдарында жұмыс атқардыңыз ба?


14. Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылғанға дейін Қазақстан Республикасында тұрақты тұрған мекенжайыңызды көрсетіңіз (Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтірген кезде толтырылады)


      15. Еңбек жолыңыздың басынан бастап атқарған қызметiңiз (жоғары және орта оқу

      орындарындағы оқуды, әскери қызметтi қоса алғанда).

      Ескертпе: Осы тармақты толтырған кезде мекеменің, ұйымның және кәсiпорынның

      атауын жұмыс атқарған кездегі атауына сәйкес көрсету қажет. Әскери қызметтi лауазымыңыз

      бен тегіңізді көрсете отырып толтырыңыз. Шартты атауы бар кәсiпорындарды (пошта жәшiгi)

      осындай шартты атауымен көрсетiңiз. Әскери қызметтi өткергендiгi әскери билеттегi

      жазбаларға сәйкес көрсетiледi (бар болған жағдайда).

Айы мен жылы

Мекемесі, ұйымы көрсетiлген лауазымы

Мекеменiң, ұйымның орналасқан жері




      16. Сiздiң жақын туыстарыңыз (ата-аналар (ата-ана), балалар, асырап алушылар,

      асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер (аға-

      қарындастар), ата, әже, немерелер).

      Ескертпе: Осы тармақты толтырған кезде Қазақстан Республикасында тұратын және

      шетелде тұратын барлық туыстар көрсетiледi. Егер әйелi күйеуiнiң тегiн алған болса, онда

      оның неке қиғанға дейiнгi тегi де көрсетiледi.

Туыстық деңгейi

Тегi, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Туған жылы мен жері

Жұмыс орны, лауазымы

Болу елі, тұрғылықты мекенжайы






      17. Жұбайым/зайыбым ______________________________________________________

                                    (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауға/қалпына келтіруге құжаттарды

      ресiмдеуде.

      (иә/жоқ).

      18. Сiздiң мекен-жайыңыз, телефон нөмiрiңiз __________________________________

      Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдаудың/қалпына келтірудің құқықтық

      салдары маған түсіндірілді. Сонымен бірге, "Қазақстан Республикасының азаматтығы

      туралы" 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының шарты,

      Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтауға, Қазақстан

      Республикасының мүдделерін, оның территориялық тұтастығын қорғауға, мемлекеттік тіл мен

      оның территориясында тұратын барлық ұлттардың тілдеріне, әдет-ғұрпына, дәстүрлеріне

      құрметпен қарауға, Қазақстан Республикасының күш-құдіретін, егемендігін және

      тәуелсіздігін нығайтуға жәрдемдесуге міндеттенемін.

      Өтініш берушінің қолы __________________

  Қазақстан Республикасының
азаматтығы, Қазақстан
Республикасының азаматтығын
жоғалту мен одан айыру және
Қазақстан Республикасының
азаматтығына жататындығын
айқындау мәселелері бойынша
өтініштерді Қазақстан
Республикасының шет елдердегі
мекемелерінің қабылдау,
ресімдеу және қарау
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Өтініш-келісім

      Мен, ____________________________________________________________, Қазақстан

      Республикасының азаматтығын алуға / Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына

      келтіруге өтініш білдіре отырып, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын

      сақтауға, Қазақстан Республикасының мүдделерін, оның аумақтық тұтастығын қорғауға,

      мемлекеттік тіл мен оның аумағында тұратын барлық ұлттардың тілдеріне, әдет-ғұрпына,

      дәстүрлеріне құрметпен қарауға, Қазақстан Республикасының күш-құдіретін, егемендігін

      және тәуелсіздігін нығайтуға жәрдемдесуге міндеттенемін.

      20___ жылғы "___"_______

      ____________________

      (қолы)           

  Қазақстан Республикасының
азаматтығы, Қазақстан
Республикасының азаматтығын
жоғалту мен одан айыру және
Қазақстан Республикасының
азаматтығына жататындығын
айқындау мәселелері бойынша
өтініштерді Қазақстан
Республикасының шет елдердегі
мекемелерінің қабылдау,
ресімдеу және қарау
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Сауалнама - Өтiнiш

Фото

      Менің Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуды рәсімдеуді рұқсат беруді сұраймын.

Сұрақтар

Жауаптар

1. Тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда)


2. Бұрын тұрған барлық тектеріңiздi, аттарыңызды және әкеңiздiң атын (бар болған жағдайда) атап шығыңыз, оларды қашан, қайда және қандай себеп бойынша өзгерткеніңізді атаңыз


3. Туған күнi, айы, жылы және жерi (ауыл, қала, аудан, облыс, егер шетелде туылған жағдайда сол елдi көрсетіңіз)


4. Ұлты


5. Отбасы жағдайы (некеде тұрамын, ажырасқанмын, жесiрмiн)


6. Шетелге шығудың алдында тұрған мекенжайы (Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтірген кезде толтырылады)


7. Соңғы тiркелген орны


8. Соңғы жұмыс, оқу орны


9. Бiлiмi және бiлiмi бойынша мамандығы (қайда, қашан және қандай оқу орнын аяқтадыңыз)


10. Бұрын басқа мемлекеттердiң
азаматтығында (бодандығында) болған жағдайда, Қазақстан Республикасының азаматтығын қайда, қашан және қандай негiзде алғаныңызды егжей-тегжейлі көрсетiңiз


11. Сот тәртiбiмен қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершiлiкке тартылдыңыз ба? Егер тартылсаңыз, онда қашан, кiм және не үшiн тартты?


12. Қазақстан Республикасының немесе жеке және заңды тұлғалардың алдында орындалмаған мiндеттемелерiңiз, соның ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына рұқсатнамамен байланысты міндеттемелеріңіз бар ма


      13. Еңбек жолыңыздың басынан бастап атқарған қызметiңiз (жоғары және орта оқу

      орындарындағы оқуды, әскери қызметтi қоса алғанда).

      Ескертпе: Осы тармақты толтырған кезде мекеменің, ұйымның және кәсiпорынның

      атауын жұмыс атқарған кездегі атауына сәйкес көрсету қажет. Әскери қызметтi лауазымыңыз

      бен тегіңізді көрсете отырып толтырыңыз. Шартты атауы бар кәсiпорындарды (пошта жәшiгi)

      осындай шартты атауымен көрсетiңiз. Әскери қызметтi өткергендiгi әскери билеттегi

      жазбаларға сәйкес көрсетiледi (бар болған жағдайда).

Айы мен жылы

Мекемесі, ұйымы көрсетiлген лауазымы

Мекеменiң, ұйымның орналасқан жері




      14. Сiздiң жақын туыстарыңыз (ата-аналар (ата-ана), балалар, асырап алушылар,

      асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер (аға-

      қарындастар), ата, апа, немерелер).

      Ескертпе: Осы тармақты толтырған кезде Қазақстан Республикасында тұратын және

      шетелде тұратын барлық жақын туыстар көрсетiледi. Егер әйелi күйеуiнiң тегiн алған болса,

      онда оның неке қиғанға дейiнгi тегi де көрсетiледi.

Туыстық деңгейi

Тегi, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Туған жылы мен жері

Жұмыс орны, лауазымы

Болу елі, тұрғылықты мекенжайы






      15. Жұбайым/зайыбым ______________________________________________________

                                    (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға құжаттарды ресiмдеуде.

      (иә/жоқ).

      16. Егер жұбайыңыз/зайыбыңыз Қазақстан Республикасының азаматы(-шасы) болмаса,

      онда оның азаматтығын көрсетiңiз __________________________________________________

      17. Қазақстан Республикасынан шыққан кезде әскери билет тапсырылған мекеменің

      атауы __________________________________________________________________________

      18. Сiздiң мекен-жайыңыз, телефон нөмiрiңiз ___________________________________

      Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығудың құқықтық салдары түсіндірілді.

      Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының азаматында қос азаматтық танылмайтыны туралы "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының шарты түсіндірілді.

      Өтініш берушінің қолы __________________

  Қазақстан Республикасының
азаматтығы, Қазақстан
Республикасының азаматтығын
жоғалту мен одан айыру және
Қазақстан Республикасының
азаматтығына жататындығын
айқындау мәселелері бойынша
өтініштерді Қазақстан
Республикасының шет елдердегі
мекемелерінің қабылдау,
ресімдеу және қарау
қағидаларына
4-1-қосымша

"Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу жөніндегі құжаттарды ресiмдеуі" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Қағида 4-1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Сыртқы істер министрінің 29.05.2020 № 11-1-4/178 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қолжетімділік арналары)

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап - алты ай.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы анықтама немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету барысында көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және оны Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда алу тәсілдері

Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексіне және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2019 жылғы 20 мамырдағы № 11-1-4/227 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18702 тіркелген) бекітілген Шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым мөлшерлемелеріне сәйкес консулдық мөлшерлемелер бойынша көрсетілетін қызметті алушыға ақылы негізде көрсетіледі.
Консулдық алым сомасын төлеу қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысанда екінші дәрежелі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүргізіледі.

7

Жұмыс кестесі

2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 09:00-ден 17:30-ға дейін жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдау сағаты 09:30-дан 12:30-ға дейін, ал мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағаты 16:00-ден 17:00-ге дейін жүзеге асырылады.
Сәрсенбі қабылдамайтын күн.
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары мына сайтта орналастырылған: www.mfa.gov.kz.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сауалнама-өтініш;
2) өмірбаян (өз қолымен жазылған);
3) 3,5х4,5 сантиметр көлемінде фотосурет;
4) Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары ресімдеген шетелге тұрақты тұру үшін шығуға рұқсат;
5) соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама;
6) балаларының туу туралы және неке қию туралы куәлiктерінің көшiрмелерi (бар болған жағдайда);
7) шетелдік азаматтықты алу мүмкіндігін растайтын құжат;
8) консулдық алымның төленгенi туралы құжат;
9) өтiнiш берушiнiң Қазақстан Республикасында тұратын жұбайының немесе оның асырауындағы адамдардың өзіне нотариалды куәландырылған Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға келісімі және материалдық және өзге де талаптардың жоқ екендiгi туралы өтiнiш-келісімі немесе олардың қайтыс болғаны туралы, азаматтың қайтыс болуы немесе хабарсыз кеткені туралы сот шешімінің көшірмелері.
Консулдық лауазымды адам құжаттарды қабылдаған кезде өтініш иесінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін жасайды, содан кейін өтініш иесіне түпнұсқаларын қайтарып береді.
Шет мемлекеттің құзыретті мекемесі берген немесе куәландырған не осы тұлғаға арнайы уәкілеттік берілген, оның құзыреті шегінде және ол белгілеген нысан бойынша шет мемлекеттің ресми мөрімен бекітілген құжаттар арнайы куәландыру рәсімінен (заңдастыру немесе апостильдеу) өткеннен кейін ғана қабылданады.
Құжаттарды қабылдаған кезде өтiнiш берушiлерге Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатудың құқықтық және өзге де салдары түсiндiрiледi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматы бола тұра оның шетелдік азаматтығы танылмайтыны жөнінде Заңның 3-бабының ережелерi түсiндiрiледi және ол туралы сауалнама-өтiнiште белгi жасалады.

9

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген негіздері

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің белгілі болуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауабы.

10

Мемлекеттік қызмет, оның ішінде электрондық нұсқада және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын өзге талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен оның мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.mfa.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызмет" бөлімінде көрсетілген, мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының нөмірі - 1414, 8 800 080 7777.



  Қазақстан Республикасының
азаматтығы, Қазақстан
Республикасының азаматтығын
жоғалту мен одан айыру және
Қазақстан Республикасының
азаматтығына жататындығын
айқындау мәселелері бойынша
өтініштерді Қазақстан
Республикасының шет елдердегі
мекемелерінің қабылдау,
ресімдеу және қарау
қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

Сауалнама - Өтiнiш

Фото

      Менің Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындауды сұраймын.

Сұрақтар

Жауаптар

1. Тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда)


2. Бұрын тұрған барлық тектеріңiздi, аттарыңызды және әкеңiздiң атын (бар болған жағдайда) атап шығыңыз, оларды қашан, қайда және қандай себеп бойынша өзгерттiңiз


3. Туған күнi, айы, жылы және жерi (ауыл, қала, аудан, облыс, егер шет елде туылған жағдайда сол елдi көрсетіңіз)


4. Ұлты


5. Отбасы жағдайы (үйленбегенмін/тұрмыс құрмағанмын, некеде тұрамын, ажырасқанмын, жесiрмiн)


6. Шет елге шығудың алдында Қазақстан Республикасында тұрған мекенжайы


7. Соңғы тiркелген орны


8. Соңғы жұмыс, оқу орны


9. Бiлiмi және бiлiмi бойынша мамандығы (қайда, қашан және қандай оқу орнын аяқтадыңыз)


10. Бұрын басқа мемлекеттердiң
азаматтығында (бодандығында) болған жағдайда, Қазақстан Республикасының азаматтығын қайда, қашан және қандай негiзде алғаныңызды егжей-тегжейлі көрсетiңiз


11. Сот тәртiбiмен қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершiлiкке тартылдыңыз ба. Егер тартылсаңыз, онда қашан, кiм және не үшiн тартты?


      12. Еңбек жолыңыздың басынан бастап атқарған қызметiңiз (жоғары және орта оқу

      орындарындағы оқуды, әскери қызметтi қоса алғанда).

      Ескертпе: Осы тармақты толтырған кезде мекеменің, ұйымның және кәсiпорынның

      атауын жұмыс атқарған кездегі атауына сәйкес көрсету қажет. Әскери қызметтi лауазымыңыз

      бен тегіңізді көрсете отырып толтырыңыз. Шартты атауы бар кәсiпорындарды (пошта жәшiгi)

      осындай шартты атауымен көрсетiңiз. Әскери қызметтi өткергендiгi әскери билеттегi

      жазбаларға сәйкес көрсетiледi (бар болған жағдайда).

Айы мен жылы

Мекемесі, ұйымы көрсетiлген лауазымы

Мекеменiң, ұйымның орналасқан жері




      13. Сiздiң мекен-жайыңыз, телефон нөмiрiңiз ___________________________________

      Өтініш берушінің қолы __________________

  Қазақстан Республикасының
азаматтығы, Қазақстан
Республикасының азаматтығын
жоғалту мен одан айыру және
Қазақстан Республикасының
азаматтығына жататындығын
айқындау мәселелері бойынша
өтініштерді Қазақстан
Республикасының шет елдердегі
мекемелерінің қабылдау,
ресімдеу және қарау
қағидаларына
6-қосымша
  Нысан
  БЕКІТІЛГЕН
_____________________ ______
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
қолы
Қазақстан Республикасының
шет елдегі мекемесінің
басшысы)

      №________                                          20__ жылғы "___" _________

Қазақстан Республикасынан тыс тұрақты тұрып жатқан адамның Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды тіркеу туралы қорытынды

      ______________________________________________________________ байланысты

      (Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды тіркеудің

                  негізі, Заңға сілтеме)

      _________________________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің атауы)

      __________________________________________________ азаматқа қатысты Қазақстан

      (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))

      Республикасының азаматтығын жоғалтуды тіркеуді жүзеге асырды.

      ____________________________________________________ аумағына тұрақты тұруға

      (мемлекеттің атауы)

      _______ жылы шыққан.

      Қазақстан Республикасынан шыққанға дейінгі мекенжайы:

      _________________________________________________________________________

      Қосымша ______ бетте.

      Қолы ___________________                        20__ жылғы "____" ________