2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 102-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Тәуелсіз сарапшылар ретінде тәуелсіз сараптама жүргізуге үміткер жеке тұлғаларға қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін қағаз және электронды түрде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялауға және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі |
Е. Біртанов |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 6 қыркүйектегі № 680 бұйрығымен бекітілген |
Тәуелсіз сарапшылар ретінде тәуелсіз сараптама жүргізуге үміткер жеке тұлғаларға қойылатын талаптар
Тәуелсіз сарапшылар ретінде тәуелсіз сараптама жүргізуге үміткер жеке тұлғалардың:
1) жеке басын куәландыратын құжаты;
2) жоғары медициналық білімі туралы дипломы (шетелдік білім беру ұйымдары берген білімі туралы құжаттар үшін "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына сәйкес тану немесе нострификациялау рәсімін өткенін растайтын құжаттың болуы қажет);
3) мәлімдеген мамандығы бойынша кемінде 10 жыл еңбек өтілінің бар екендігін растайтын құжаты (еңбек кітапшасы не Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес өзге де құжат), сондай-ақ тәуелсіз cараптама жүргізу кезінде мәлімделген мамандығы бойынша денсаулық сақтау саласында қызметті жүзеге асыруы қажет;
4) тәуелсіз сараптама жүргізу мәселелері бойынша жалпы көлемі 216 сағаттан кем емес, соңғы 3 жыл ішінде біліктілігін арттырудан өткенін растайтын құжаттары;
5) клиникалық практикамен айналысатын тұлғалар үшін мәлімделген мамандығы бойынша клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификаты;
6) мәлімделген мамандығы бойынша жоғарғы біліктілік санатын беру туралы куәлігі бар болған жағдайда тәуелсіз сараптама жүргізуге жіберіледі.