"Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 2-тармағының 26-17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарынан шығарып жіберу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Білім және ғылым департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Т.С. Мұхтаровқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник |
С. Жасұзақов |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 419 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарынан шығарып жіберу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарынан шығарып жіберу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" 2005 жылғы 7 қаңтардағы, "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңдарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарынан (бұдан әрі – ӘОО) шығарып жіберу тәртібін айқындайды.
2. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің әскери қызметшілерін ҚР ҚМ ӘОО-ларынан шығарып жіберу Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше мемлекеттер қорғаныс министрлері арасында жасалған келісімшарттардың талаптарына сәйкес жүргізіледі.
3. Білім алушыларды ӘОО-дан шығарып жіберу мынадай негіздер бойынша жүргізіледі:
1) үлгермеушілігі бойынша;
2) білім алушының өзінің бастамасы бойынша;
3) тәртіпсіздігі бойынша;
4) "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 1-тармағының 13-тармақшасына сәйкес теріс негіздер бойынша әскери қызметтен шығаруға байланысты.
4. Білім алушыларды оқудан шығарып жіберу ӘОО бастығының бұйрығымен, ал Ұлттық қорғаныс университетінен (бұдан әрі – ҰҚУ) – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен жүргізіледі.
5. ӘОО-дан шығарылғандарға белгіленген үлгідегі транскрипт (академиялық анықтама) беріледі.
6. Ғылыми кеңес отырысында оқудан шығару мәселелері бойынша қаралуға ұсынылған барлық білім алушылармен батальон командирі (факультет бастығы) білім алушының оны оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу міндеттемесі туралы, мерзімді әскери қызмет өткеру туралы және білім алушының бір жыл ішінде ӘОО-ға қайта қабылдану құқығы туралы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 26-бабы 7-тармағының талаптарын есіне салу мақсатында әңгімелесу жүргізеді, ол әңгімелесу парағы түрінде үш данада ресімделеді, оның екі данасы жеке іске тігіледі, үшінші данасы білім алушының қолына беріледі.
2-тарау. Үлгермеушілігі бойынша ӘОО-дан шығарып жіберу
7. Үлгермеушілігі бойынша ӘОО-дан шығарып жіберу оқу бөлімі бастығының баянаты және ӘОО ғылыми кеңесі (бұдан әрі – ҒК) отырысының хаттамасы бойынша жүргізіледі.
8. Үлгермеушілігі бойынша ӘОО-дан шығарып жіберуге Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 32 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13264 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу қағидаларының 23-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, оқу қарызы бар және оны жоймаған білім алушылар жатады.
9. ҒК отырысында оқу бөлімінің бастығы оқудан шығарып жіберуге ұсынылған әрбір білім алушыға транскрипті немесе үлгерімі туралы мәліметтерді ұсынады. Батальон командирі (факультет бастығы) академиялық қарыз пайда болған сәттен бастап жүргізілген әңгімелесу парақтарын ұсынады (әңгімелесу парақтарының саны қайта тапсырулар санына және қарыздары бар пәндердің санына байланысты болады).
10. ҒК қарау нәтижелері бойынша ашық дауыс берумен шешім қабылдайды, хаттаманы ресімдейді және мынадай шешімдердің бірін қабылдау үшін ӘОО бастығына бекітуге ұсынады:
1) оқу қарыздарын жоюдың нақты мерзімдерін белгілеумен ескертілсін;
2) ӘОО-дан үлгермеушілігі бойынша оқудан шығарылсын.
11. ҒК "оқу қарыздарын жоюдың нақты мерзімдерін белгілеумен ескертілсін" түріндегі шешімге:
1) білім алушыға қарыздарын қайта тапсыруға сапалы дайындалуға мүмкіндіктері болмаған;
2) егер білім алушыда бір оқу пәні бойынша қарызы бар болған жағдайларда қолдау көрсетеді.
12. ҒК "ӘОО-дан үлгермеушілігі бойынша оқудан шығарылсын" деген шешімге:
1) егер білім алушы үлгермеушілігі бойынша оқудан шығарып жіберу мәселесі жөніндегі ҒК отырысына бірнеше рет (екі рет немесе одан да көп) тартылған;
2) білім алушыда оқу пәндері бойынша екі немесе одан да көп қарыздары бар болған жағдайларда қолдау көрсетеді.
13. ӘОО бастығы "ескертілсін және қайта тапсырудың жаңа мерзімдері белгіленсін" деген шешім қабылдаған жағдайда ӘОО-ның оқу бөлімі қайта тапсыру кестесін жасайды. Егер білім алушы белгіленген мерзімдерде оқу қарызын жоймаса, оқу бөлімінің бастығы оқудан шығару туралы қолдаумен команда бойынша қайта баянат жазады. ӘОО бастығы курсантты (кадетті) "үлгермеушілігі бойынша оқудан шығарылсын" деген шешімді қабылдаған кезде кадрлар органы үш жұмыс күні ішінде білім алушыны оқудан шығарып жіберу туралы бұйрықты шығарады және жеке істі білім алушы келген жергілікті әскери басқару органына жолдайды.
14. ҰҚУ ҒК шешім қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығына қосу үшін ҚР ҚМ Кадрлар департаментіне магистранттарды және докторанттарды оқудан шығару туралы ұсынымды жолдайды.
3-тарау. Өзінің бастамасы бойынша ӘОО-дан оқудан шығарып жіберу
15. Өзінің бастамасы бойынша оқудан шығып кету үшін білім алушы ӘОО-дан шығу себептерін түсіндірумен баянат жазады. ӘОО бастығы келіп түскен баянатты ҒК отырысында қарау туралы шешім қабылдайды.
16. ҒК отырысында батальон командирі (факультет бастығы) бөлімше командирі қол қойған қызметтік карточканы, қызметтік мінездемені және ӘОО оқуға түскен сәттен бастап факультеттің (батальонның) лауазымды адамдары өткізген әңгімелесу парақтарын ұсынады.
17. Ғылыми кеңес ұсынылған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша хаттама ресімдейді және ӘОО бастығының алдында өз бастамасы бойынша шығару туралы қолдайды.
18. ӘОО бастығы курсанттың (кадеттің) "өзінің бастамасы бойынша оқудан шығарылсын" деген шешімді қабылдаған кезде кадрлар органы үш жұмыс күні ішінде білім алушыны оқудан шығару туралы бұйрықты шығарады және жеке істі білім алушы келген жергілікті әскери басқару органына жолдайды.
19. ҰҚУ ҒК шешім қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің оқудан шығару туралы бұйрығына қосу үшін ҚР ҚМ Кадрлар департаментіне магистранттарды және докторанттарды оқудан шығару туралы ұсынымды жолдайды.
4-тарау. Тәртіпсіздігі бойынша ӘОО-дан оқудан шығарып жіберу
20. Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары тәртіптік жарғысының 1-қосымшасында көзделген елеулі тәртіптік теріс қылықтарды бірнеше рет (екі рет және одан да көп) жасаған кезде білім алушылар тәртіпсіздігі бойынша ӘОО-дан оқудан шығарылып жіберіледі.
21. Тәртіпсіздігі бойынша курсанттардың (кадеттердің) ӘОО-дан оқудан шығарылып жіберілуі ҒК хаттамалық отырысының ұсынысы бойынша ӘОО бастығының шешімімен жүргізіледі. Тәртіпсіздігі бойынша оқудан шығарып жіберу мәселесі жөніндегі ҒК отырысында білім алушыны қарау негізі батальон командирінің (факультет бастығының) баянаты болып табылады.
22. ӘОО бастығы батальон командирінің (факультет бастығының) баянаты негізінде ҒК отырысында білім алушыны қарау туралы шешім қабылдайды. ҒК отырысында батальон командирі (факультет бастығы) бөлімше командирі қол қойған қызметтік карточканы, қызметтік мінездемені, факультеттің (батальонның) лауазымды адамдары өткізген әңгімелесу парақтарын, қызметтік тексеру материалдарын ұсынады.
23. Ғылыми кеңес қарау нәтижелері бойынша хаттаманы ресімдейді және мынадай шешімдердің бірін қабылдау туралы ӘОО бастығының алдында қолдайды:
1) білім алушыға алдағы уақытта тәртіптік теріс қылықтарға жол бермеу туралы ескертілсін;
2) тәртіпсіздігі бойынша оқудан шығарылсын.
24. "Білім алушыға алдағы уақытта тәртіптік теріс қылықтарға жол бермеу туралы ескертілсін" деген шешім:
1) егер білім алушы оқу бағдарламасын жақсы және үздік меңгерген;
2) егер білім алушы ӘОО-ның күнделікті және мәдени өмірінің белсенді қатысушысы болған;
3) егер білім алушы спорттың бір түрі бойынша ӘОО құрама командасының белсенді мүшесі болған жағдайда қабылданады.
25. "Тәртіпсіздігі бойынша оқудан шығарылсын" деген шешім, егер білім алушы осы Қағидалардың 24-тармағында көзделген шарттарға сәйкес келмеген жағдайда қабылданады.
26. ӘОО бастығы "білім алушыға тәртіптік теріс қылықтарға жол бермеу туралы ескертілсін" деген шешім қабылдаған кезде білім алушы ӘОО-да оқуын жалғастырады. Елеулі тәртіптік теріс қылықтар қайта жасалған кезде батальон командирінің (факультет бастығының) баянаты негізінде әскери қызметші ҒК отырысында қаралады және тәртіпсіздігі бойынша оқудан шығарылады.
27. ӘОО бастығы курсанттың (кадеттің) "тәртіпсіздігі бойынша оқудан шығарылсын" деген шешім қабылдаған кезде кадрлар органы үш жұмыс күні ішінде білім алушыны оқудан шығару туралы бұйрықты шығарады және құжаттарды білім алушы келген жергілікті әскери басқару органына жолдайды.
28. ҰҚУ ҒК шешім қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің оқудан шығару туралы бұйрығына қосу үшін ҚР ҚМ Кадрлар департаментіне магистранттарды және докторанттарды оқудан шығару туралы ұсынымды жолдайды.
5-тарау. Әскери қызметтен теріс себептер бойынша шығарумен байланысты ӘОО-дан шығарып жіберу
29. Әскери қызметтен теріс себептер бойынша шығарумен байланысты ӘОО-дан шығарып жіберу "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы негізінде жүргізіледі.
30. Әскери қызметтен шығару тәртібі Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.