БҰЙЫРАМЫН:
1. "Тіркеу және өндірістік сынақтар өткізуге арналған өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарын, сондай-ақ лицензиялаусыз қайта анықталған карантиндік зиянды ағзаның ошақтарын жоюға арналған өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарының шектелген санын әкелудің орындылығы туралы Кеден одағына мүше мемлекеттердің уәкілетті органының қорытындысын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 15 шілдедегі № 15-02/654 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12088 болып тіркелген, 2015 жылғы 29 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының шешіміне сәйкес тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын және (немесе) ғылыми зерттеулер жүргізу үшін өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарының (пестицидтердің) үлгілерін әкелуге арналған қорытынды (рұқсат құжаты) беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы";
осы бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған "Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының шешіміне сәйкес тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын және (немесе) ғылыми зерттеулер жүргізу үшін өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарының (пестицидтердің) үлгілерін әкелуге арналған қорытынды (рұқсат құжаты) беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.";
"Тіркеу және өндірістік сынақтар өткізуге арналған өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарын, сондай-ақ лицензиялаусыз қайта анықталған карантиндік зиянды ағзаның ошақтарын жоюға арналған өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарының шектелген санын әкелудің орындылығы туралы Кеден одағына мүше мемлекеттердің уәкілетті органының қорытындысын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Мырзахметов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
Министрі
_____________ Д. Абаев
2017 жылғы 14 шілде
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
Министрі
_____________ Ж. Қасымбек
2017 жылғы 21 маусым
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_____________ Т. Сүлейменов
2017 жылғы 17 шілде
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
_____________ Қ. Бозымбаев
2017 жылғы 19 маусым
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 9 маусымдағы № 236 бұйрығына қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 15 шілдедегі № 15-02/654 бұйрығымен бекітілген |
"Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының шешіміне сәйкес тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын және (немесе) ғылыми зерттеулер жүргізу үшін өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарының (пестицидтердің) үлгілерін әкелуге арналған қорытынды (рұқсат құжаты) беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1- тарау. Жалпы ережелер
1. "Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының шешіміне сәйкес тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын және (немесе) ғылыми зерттеулер жүргізу үшін өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарының (пестицидтердің) үлгілерін әкелуге арналған қорытынды (рұқсат құжаты) беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
"электрондық үкіметтің" www.e.gov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 7 (жеті) жұмыс күні;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші белгіленген мерзімдерде өтінішті әрі қарай қараудан дәлелді бас тартады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының шешіміне сәйкес тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын және (немесе) ғылыми зерттеулер жүргізу үшін өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарының (пестицидтердің) үлгілерін әкелуге уәкілетті органның қорытындысы (рұқсат құжаты) (бұдан әрі - қорытынды) не осы стандарттың 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті ұсыну нысаны – электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
Көрсетілетін қызметті берушіге қағаз жеткізгіште қорытынды алуға жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады, көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолы қойылады және мөрімен куәландырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы алуға жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетке" жолданады.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) тегін көрсетіледі.
8. Мыналардың:
1) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13-00-ден 14-30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі;
2) порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушы немесе оның өкілі мыналарға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушіге:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының шешіміне сәйкес тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын және (немесе) ғылыми зерттеулер жүргізу үшін өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарының (пестицидтердің) үлгілерін әкелуге арналған қорытынды (рұқсат құжаты) беру туралы өтініш;
2) көрсетілетін қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін). Өтінішті көрсетілетін қызметті алушының өкілі берген жағдайда, өкілдің жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін), сондай-ақ оның өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі (түпнұсқасы салыстыру үшін ұсынылады) ұсынылады.
3) көрсетілетін қызметті алушының мөрімен (бар болса) расталған, тіркелмеген өсімдік қорғау құралдарының (пестицидтердің) үлгілеріне инвойстың немесе тауарлы-көліктік жүкқұжаттың көшірмесі;
порталға:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының немесе оның өкілінің ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының шешіміне сәйкес тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын және (немесе) ғылыми зерттеулер жүргізу үшін өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарының (пестицидтердің) үлгілерін әкелуге арналған қорытынды (рұқсат құжаты) беру туралы өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушының мөрімен расталған тіркелмеген өсімдік қорғау құралдарының (пестицидтердің) үлгілеріне инвойстың немесе тауарлы-көліктік жүкқұжаттың электрондық көшірмесі;
3) көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу немесе дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды:
көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған кезде - қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын оның көшірмесіндегі құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты, құжатты қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетіле отырып, кеңседе тіркелгені туралы белгі растайды;
портал арқылы тапсырған кезде – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) пестицидтердің (улы химикаттардың) тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын жүргізу жоспарында тіркелмеген өсімдік қорғау құралдарының (пестицидтердің) жоқтығы;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы.
3-тарау. Орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша жұмыс күндері көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына немесе Министрлік басшысының атына беріледі.
Шағым жазбаша нысанда почтамен, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы не көрсетілетін қызмет берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Мыналардың:
1) жеке тұлғаның шағымында – оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), почталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетіледі;
2) заңды тұлғаның шағымында – оның атауы, почталық мекенжайы, байланыс телефоны, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почтамен, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы не көрсетілетін қызмет берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Портал арқылы жүгінген кезде, шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары бойынша алуға болады.
Шағым портал арқылы жіберілген кезде, көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сотқа жүгінеді.
4-тарау. Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар
13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mgov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары 8 (7172) 55-59-61, бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
Қорытынды (рұқсат құжаты)
№____/______201 /________
____________________________________________________________________
(қорытынды берген мемлекеттік билік органының атауы)
Берілді ______________________________________________________________________________
(заңды тұлғалар үшін - ұйымның атауы, почталық мекенжайы, елі, бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғалар үшін - тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) почталық мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі)
________________________________________________________________________________
Орнын ауыстыру түрі_______________________________________________________
(орнын ауыстыру түрі) ________________________________________________________________________________
(Тауарлардың бірыңғай тізбесінің бөлімі) (ЕАЭО СЭҚ ТН коды*)
Тауардың атауы | Саны | Өлшем бірлігі |
Алушы/жіберуші __________________________________________________________
(Атауы, заңды мекенжайы, ел)
Межелі ел/жіберуші ел ___________________________________________________________
Әкелу (әкету) мақсаты_____________________________________________________________
Негіз:___________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
Қосымша ақпарат_________________________________________________________________
Транзит елі_______________________________________________________
(аумақ бойынша транзит)
Қорытынды ___________________________ жарамды
________________________________
(Лауазымы)
________________________________________
Мөр орны (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
(бар болған жағдайда) Қол_______________ Күні________________
<*> жолдар тауарлар санаттарына қойылатын талаптарды ескере отырып толтырылады.
Ескертпе: *өтініш нысаны Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 16 мамырдағы № 45 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде басқа елдермен сауда кезіндегі Кедендік одақтың мүше-мемлекеттерімен әкелуге немесе шығаруға тыйым немесе шектеу қою қолданылатын Тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген жекелеген тауарларды әкелуге, шығаруға және олардың транзитіне қорытындының (рұқсат құжатының) бірыңғай нысанын толтыру жөніндегі әдістемелік нұсқаудың (2-қосымша) 5-7, 10-21-тармақтарының талаптарын ескере отырып толтырылады.
Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының шешімдеріне сәйкес тіркеу(ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын және (немесе) ғылыми зерттеулер жүргізу үшін тіркелмеген өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) үлгілерін әкелуге арналған қорытынды (рұқсат құжатын) беру туралы өтініш
№____/______201 /________
Кімге_______________________________________________________________
(қорытынды беруге уәкілетті Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органының атауы)
Кімнен_____________________________________________________________
(заңды тұлғалар үшін - ұйымның атауы, почталық мекенжайы, елі, бизнес
сәйкестендіру нөмірі / жеке тұлғалар үшін - тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
почталық мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі)
___________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының аумағына _______________________________________
(өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарын/ өсімдіктерді
қорғаудың тіркелмеген құралдарының шектелген санын – керегін көрсету
қажет)
___________________________________ әкелуге қорытынды беруді сұраймын.
Орнын ауыстыру түрі_______________________________________________
(орнын ауыстыру түрі)
_________________________________ ___________________________
(Тауарлардың бірыңғай тізбесінің бөлімі) (ЕАЭО СЭҚ ТН коды*)
№ | Тауардың атауы | Саны | Өлшем бірлігі |
1 | |||
2 | |||
3 |
Алушы/жіберуші_____________________________________________________
(атауы, заңды мекенжайы, ел)
____________________________________________________________________
Межелі ел/жіберуші ел ___________________________________________
____________________________________________________________________
Әкелу (әкету) мақсаты________________________________________________
____________________________________________________________________
Негіз_______________________________________________________________
____________________________________________________________________
Қосымша ақпарат:
Инвойс немесе тауарлы-көліктік жөнелтпе құжат_________________________
(нөмірі, күні)
Тіркеу (ұсақ мөлдекті және өндірістік) сынақтарын жүргізуге және (немесе) зерттеулер жүргізуге арналған шарт ___________________________________________________________
(шарттың нөмірі, қол қойған күні, орындаушы ұйымының атауы, почталық мекенжайы)
Транзит елі_______________________________________________________
(аумақ бойынша транзит)
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес дұрыс емес мәлімет бергенім үшін жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
Қолы_____________Күні________________________
_____________________________________________
(тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда))
_____________________________________________
Мөр (бар болса) орны
<*> жолдар тауарлар санаттарына қойылатын талаптарды ескере отырып толтырылады.
Ескертпе: *өтініш нысаны Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 16 мамырдағы № 45 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде басқа елдермен сауда кезіндегі Кедендік одақтың мүше-мемлекеттерімен әкелуге немесе шығаруға тыйым немесе шектеу қою қолданылатын Тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген жекелеген тауарларды әкелуге, шығаруға және олардың транзитіне қорытындының (рұқсат құжатының) бірыңғай нысанын толтыру жөніндегі әдістемелік нұсқаудың (2-қосымша) 5-7, 10-21-тармақтарының талаптарын ескере отырып толтырылады.