БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Балық ресурстарына келтірілетін және келтірілген, оның ішінде болмай қоймайтын зиянды өтеудің орнын толтыру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 31 мамырдағы № 154-Ө бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8532 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2013 жылғы 9 қазандағы № 229 (28168) жарияланған)":
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Балық ресурстарына келтірілетін және келтірілген, оның ішінде болмай қоймайтын зиянды өтеудің орнын толтыру әдістемесінде:
орыс тіліндегі тақырыпқа өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгертілмейді;
орыс тіліндегі 1-тармаққа өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгертілмейді;
9-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"10) зиянның орнын толтыру мөлшері "Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзумен келтірілген зиянның орнын толтыру мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/158 бұйрығы (бұдан әрі - Бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10929 болып тіркелген) негізінде айқындалады.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Зиянды есептеуге пайдаланылатын бастапқы деректер алудың көздері балық ресурстары мен басқа да су жануарларының өлім-жітімге ұшырау фактілері және олардың тіршілік ету ортасының ластануы, балық ресурстарын бақылау және қадағалау, олардың мемлекеттік мониторингі жөніндегі іс-шаралар шеңберінде жүргізілетін ғылыми зерттеулердің, зертханалық талдаулар мен сараптамалардың, өндірістік экологиялық бақылаудың нәтижелері, Қазақстан Республикасының балық ресурстарын қорғау саласындағы уәкілетті органының ғылыми-зерттеу, экологиялық жобалау ұйымдары мен бөлімшелерінің деректері, сондай-ақ 1-қосымшаға сәйкес балық шаруашылығы су айдындарында кәсіпшілік балықтардың уылдырығынан, дернәсілдерінен және шабақтарынан алынатын кәсіпшілік қайтарым коэффициенттерінің, 2-қосымшаға сәйкес балықтардың қоректік базасының коэффициенттерінің, 3-қосымшаға сәйкес негізгі балық түрлері мен теңіз аңының биологиялық сипаттамаларының деректері, 4-қосымшаға сәйкес әртүрлі объектілер үшін төгілген көмірсутектілердің (мұнай және мұнай өнімдері) барынша ықтимал көлемдері және Бұйрыққа сәйкес жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы заңнаманы бұзу келтірген шығынды өтеу мөлшері бойынша деректер болып табылады.";
11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Бірінші кезеңде балықтың (жынысы жетілген, шабақтар, дернәсілдер және уылдырық), омыртқасыз жануарлардың, теңіз аңының (жынысы жетілген және төлі) өлім-жітімінің салдарынан балық ресурстарына келтірілген зиян (нұқсан) былайша айқындалады:
1) балықтар үшін мына формула бойынша:
N1 = Z x n0 x P (1), мұнда:
N1 – дарақтардың өлуі келтіретін ақшалай түрдегі зиянның (нұқсанның) шамасы;
Z – 1 (бір) килограмм (бұдан әрі - кг) балық үшін төлемақы мөлшері Бұйрық негізінде, зиян келтіру сәтінде айқындалады;
Р – кәсіпшілік (жынысы жетілген) дарақтың орташа салмағы, кг;
n0 – кәсіпшілік (жынысы жетілген) дарақтарға теңестірілген өлген дарақтардың жалпы саны, дана;
n0 = n + (n1 x k1)/100 + (n2 x k2)/100;
n – кәсіпшілік (жынысы жетілген) дарақтар саны, дана;
n1 – өлген дернәсілдер саны, дана;
n2 – өлген уылдырықтар саны, дана;
k1 – дернәсілдерден кәсіпшілік қайтарым коэффициенті, %;
k2 – уылдырықтан кәсіпшілік қайтарым коэффициенті, %;
2) теңіз аңы үшін мына формула бойынша:
N1 = n x Z (2), мұнда:
N1 – аңдардың өлім-жітімінен келтірілген зиянның (нұқсанның) шамасы;
n – өлген аңдар саны, дана;
Z – 1 дарақ үшін төлемақы мөлшері Бұйрық негізінде, зиян келтіру сәтінде айқындалады;
3) омыртқасыздар үшін мына формула бойынша:
N1 = P x Z, (3), мұнда:
N1 – омыртқасыздардың өлім-жітімінен келтірілген зиянның (нұқсанның) шамасы;
Р – өлген омыртқасыздардың жалпы салмағы, кг;
Z – 1 (бір) кг үшін төлемақы мөлшері Бұйрық негізінде, зиян келтіру сәтінде айқындалады;
12. Екінші кезеңде ұрпақтан айырылудан келтірілген зиянның (нұқсанның) шамасы айқындалады:
1) балықтар үшін мына формула бойынша:
N2 = (n0 x Q x k2 x P x r x C)/10000 x Z (4), мұнда:
N2 – ұрпақтан айырылудан келтірілген зиянның (нұқсанның) шамасы;
n0 – формула (1) бойынша есептелген өлген дарақтардың жалпы саны, дана;
Q - орташа кәсіпшілік (жынысы жетілген) салмақтағы дарақтың орташа өсімталдығы, дана (дернәсіл, уылдырық);
P – кәсіпшілік (жынысы жеткен) дарақтың орташа салмағы, кг;
k2 – уылдырықтан кәсіпшілік қайтарым коэффициенті, %;
r – үйірдің кәсіпшілік бөлігіндегі аналықтар үлесі;
С – уылдырық шашу еселігі, жыл:
С = H - h (5) мұнда:
Н – кәсіпшілік ауланымдағы дарақтардың орташа жасы;
h – жынысы жетілудің орташа жасы;
2) теңіз аңы үшін мына формула бойынша:
N2 = n x Q x C x Z (6), мұнда:
N2 – ұрпақтан айырылудан келтірілген зиянның (нұқсанның) шамасы;
N – өлген аналықтар саны, дана;
Q – аналықтардың орташа өсімталдығы, шабақтар саны;
С – күшіктеу еселігі, рет;
Z – 1 (бір) кг балық пен теңіз аңы үшін төлемақы мөлшері Бұйрық негізінде, зиян келтіру сәтінде айқындалады.
Тікелей шығындар мен ұрпақтан айырылу шығындары шамасының сомасы салыстырмалы түрде балық ресурстары мен басқа да су жануарларының өлуі немесе заңсыз алып қойылуы салдарынан оларға келтірілген жалпы зиян ретінде қабылданады.";
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Мекендеу ортасы мен өсімін молайту жағдайларының нашарлауы келтірілген зиян барлық кәсіпшілік объектілері үшін мына формула бойынша айқындалады:
NB = S x (B - B1) x Z, (10), мұнда:
NB – ресурстың өсімін молайту жағдайларының нашарлауынан келетін зиянның (нұқсанның) шамасы;
S – қолайсыз факторлардың әсері байқалатын алаң, гектар (бұдан әрі - га);
В – қолайсыз фактор әсер ете бастағанға дейін осы кәсіпшілік объектісі бойынша учаскенің өнімділігі, кг/га;
B1 – қолайсыз фактор әсер еткеннен кейін осы кәсіпшілік объектісі бойынша учаскенің өнімділігі, кг/га;
Z – 1 (бір) кг балық пен теңіз аңы үшін төлемақы мөлшері Бұйрық негізінде айқындалады.
Осы учаскенің кәсіпшілік маңызы болған жағдайда өнімділік учаскеде өндірілетін белгілі бір өнім мөлшерін алаңға бөлу жолымен есептеледі. Егер учаскеде кәсіпшілік жүргізілмейтін болса (тыйым салу аймағы, қорықтар, бекітілмеген кәсіпшілік учаскелері) өнімділік үшін алаң бірлігіне шаққанда белгілі бір өнім түрінің биомассасы алынады.";
56-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Бүкіл су айдынының кәсіпшілік өнімділігі толық жойылған жағдайда зиян келесі формула бойынша есептеледі:
N = Р0Ч S0 (15),
мұндағы:
N – зиян мөлшері, кг;
Р0 – су айдынының кәсіби өнімділігі, кг/га;
S0 – балық шаруашылығы үшін мәнін жоғалтып жатқан су айдынының немесе су айдынының бір бөлігінің ауданы, га.";
75-тармақтың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Салыстырмалы құндылық коэффициенті Za "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодекстің (2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Салық кодексі) 501-бабына сәйкес таңдап алынған өнім түрінің құнын бірлікке келтіру жолымен осы кәсіпшілік объектілеріне арналған өлшемдер арақатынасынан алынады. Мұнда балық аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшермелері нөлге тең (мысалы, майшабақтар үшін – 0 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі - АЕК) бір кг үшін коэффициенті - 0,004 деп қабылдау керек. Осы 0,004 коэффициенті (АЕК) балықтардың барлық кәсіпшілік түрлері үшін төменгі көрсеткіш болып табылады.";
көрсетілген Әдістемеге 1-қосымшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгертілмейді;
көрсетілген Әдістемеге 2-қосымшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгертілмейді;
көрсетілген Әдістемеге 3-қосымшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгертілмейді;
көрсетілген Әдістемеге 4-қосымшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгертілмейді;
көрсетілген Әдістеменің 5-қосымшасы алып тасталсын;
көрсетілген Әдістемеге 6-қосымшада:
орыс тіліндегі оң жақ бұрыштағы мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгертілмейді;
көрсетілген Әдістемеге 6-қосымшада 7-кесте осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес мынадай редакцияда жазылсын:
көрсетілген Әдістемеге 7-қосымшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгертілмейді;
көрсетілген Әдістемеге 8-қосымшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгертілмейді;
көрсетілген Әдістемеге 9-қосымшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгертілмейді;
көрсетілген Әдістемеге 10-қосымша алып тасталсын.
2) "Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзумен келтірілген зиянның орнын толтыру мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/158 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10929 болып тіркелген, 2015 жылғы 13 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзумен келтірілген зиянның орнын толтыру мөлшерінде:
"Жердегі сүт қоректілер" бөлімінде реттік нөмірі 14-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
14 | Қара кірпі | 5 |
";
реттік нөмірлері 16 және 17-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
16 | Доңыз | 250 |
17 | Құдыр | 250 |
";
реттік нөмірлері 19 және 20-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
19 | Құндыз жарғанаты | 100 |
20 | Сібір тау текесі | 250 |
";
реттік нөмірі 23-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
23 | Елік | 250 |
";
реттік нөмірі 30-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
30 | Бұлан | 500 |
";
реттік нөмірі 41-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
41 | Ала жертесер | 5 |
";
реттік нөмірлері 46 және 47-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
46 | Серке киік* | 500 |
47 | Ұрғашы киік, төлі* | 350 |
";
"Құстар" бөлімінде реттік нөмірі 94-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
94 | Қасқалдақ | 5 |
";
реттік нөмірі 101-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
101 | Бөдене | 5 |
";
реттік нөмірі 103-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
103 | Сұқсыр | 5 |
";
реттік нөмірі 107-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
107 | Қарабауыр шіл | 5 |
";
реттік нөмірі 111-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
111 | Жапалақ, байғыз (үкіден басқа) | 5 |
";
реттік нөмірі 115 және 116-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
115 | Үйректер (Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілгенінен басқасы) | 5 |
116 | Қырғауыл | 5 |
" ;
"Балық, теңіз сүтқоректілері және су омыртқасыздарының түрлері" бөлімінде реттік нөмірлері 141, 142, 143, 144, 145, 146, 147, 148, 149, 150, 151, 152, 153 және 154-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"141 | Сырдариялық жауырындық*, волга көп аталықты майшабағы*, шортан тектес ақмарқа*, каспий және арал албырты*, ақбалық*, сылан*, күтім*, арал және түркістан қаязы*, іле шармай*, каспий жыланбалығы*, таймень*, балқаш алабұғасы* - балқаш және іле таралымы, пілмай* - арал және іле таралымы, сiбip бeкipeci*, шатқалдық тас тасалағыш*, ұзын бармақты шаян* (түркістан түр тармағы) (бір дарақ үшін)* | 300 |
142 | Қортпа, уылдырықты пілмай (бір килограмм үшін) | 100 |
143 | Қортпа, пілмай қысыры (бір килограмм үшін) | 100 |
144 | Бекіре (сiбip бeкipeciнен басқа), шоқыр, бекіренің уылдырықты будандары (бір килограмм үшін) | 100 |
145 | Бекіре, шоқыр, бекіренің қысыр будандары (бір килограмм үшін) | 100 |
146 | Сүйрік (бір килограмм үшін) | 100 |
147 | Ақсақа, көкшұбар, көкшарбы, пайдабалық, шыр, мұқсын (бір килограмм үшін) | 1,2 |
148 | Ақ амур, көксерке, сазан, тұқы, ақмарқа, беріш, кәдiмгi жайын, нәлім, ақ және шұбар дөңмаңдай, шортан, жыланбас балық (бір килограмм үшін) | 1,3 |
149 | Табан, торта, қаракөз, тұрпа, майбалық, көкбас, қызылкөз қабыршықты және тақыр, аққайран, алтын және күміс мөңкелер, әдеттегi және балқаш (балқаш-іле таралымынан басқа) алабұғасы, оңғақ, әдеттегi және талас тарғақбалығы, қызылқанат, балпан, білеу балық, айнакөз балық, көкше, қылыш балық, буффало, кәдімгі шармай (бір килограмм үшін) | 0,4 |
150 | Майшабақтар (қарынсау (бадырақкөзді және жұмырбасты қосқанда), бражник май шабағы, долгы май шабағы, қара жон, тікенді балық, жалғанкөз-глосса, майшабақ (бір килограмм үшін) | 0,8 |
151 | Албырттар (қызғылт сары бахтах, майқан (үскіш), сібір хариусы) (бір килограмм үшін) | 1,7 |
152 | Каспий итбалығы (бір дарақ үшін) | 193 |
153 | Ұзын бармақты шаян (түркістан түр тармағынан басқа) (бір килограмм үшін) | 1,2 |
154 | Салин артемиясының цисталары және басқа су омыртқасыздары - гаммарус, масақұрт, ақ құрттар (шикі өнімнің бір килограмм үшін) | 3 |
";
көрсетілген мөлшерлерге ескертпелер мынадай редакцияда жазылсын:
"Ескертпелер:
* Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген түрлерге жататын жануарлар, сондай-ақ ғылыми мақсаттарда пайдаланудан басқа, пайдалануға тыйым салынған түрлер:
әрбір заңсыз жойылған (бүлдірілген) жануарлардың мекен ететін ұясы, іні, апаны және басқа да баспаналары үшін келтірілген нұқсан он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өндіріп алынады;
әрбір заңсыз алынған (жойылған) жұмыртқа, сондай-ақ әрбір заңсыз алынған немесе жойылған сүт қоректілер аналығының ұрығы үшін жануарлардың осы түрінің ересек дарағы (аналығы) үшін келтірілген ңұқсанды өтеу мөлшерінің 50 пайызы (айлық есептік көрсеткіштермен) өндіріп алынады;
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 18-03/105 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10482 болып тіркелген) бекітілген Дериваттар тізбесіне сәйкес, әрбір заңсыз алынған немесе сатып алынған дериват, оның ішінде әрбір 100 грамм уылдырық үшін жануарлардың осы түрінің ересек дарағы (аталығы немесе аналығы) үшін келтірілген ңұқсанды өтеу мөлшерінің 100 пайызы (айлық есептік көрсеткіштермен) өндіріп алынады.".
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін қағаз және электрондық түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Мырзахметов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
______________Б. Сұлтанов
2017 жылғы 15 мамыр
7 кесте – Ихтиофаунаның биологиялық көрсеткіштері
Балық түрлері | Балықтардың кездесуі, % % | Орташа салмағы, кг | Орташа ұрықшылдығы, дана, уылдырық* | Үйірдегі аналық саны, %* | Уылдырықтан түсетін өндірістік қайтарым, %* | Ұрық шашу еселігі, рет* | Заңды бұзу кезіндегі 1 кг балық өнімінің орын толтыру мөлшері*** | |
АЕК 1618 теңге | теңге | |||||||
Бекіре тұқымдастар | 14,22 | 3,132 | 245 500 | 40 | 0,021 | 5 | 10 | 16180 |
Майшабақ тұқымдастар | 11,63 | 0,132 | 160 000 | 50 | 0,005 | 1 | 0,5 | 809 |
Ақмарқа | 1,08 | 0,611 | 120 000 | 50 | 0,013 | 2 | 0,5 | 809 |
Тұқы-сазан | 0,10 | 9,055 | 530 000 | 45 | 0,004 | 2 | 0,3 | 485,4 |
Тыран | 3,10 | 0,249 | 150 000 | 50 | 0,001 | 2 | 0,1 | 161,8 |
Торта (қаракөз) | 69,88 | 0,067 | 50 000 | 50 | 0,006 | 1 | 0,5 | 809 |
"Ескертпе: |
Әдіске сәйкес суда еріген мұнай планктонға 1 жыл бойы әсер етеді, бентосқа 3 жыл.
Мұнай сіңіп кеткен су асты шөгінділері планктонға топырақты рекультивация жасаған жағдайда ғана әсер етпейді, егерде бұндай жұмыстар жүргізілмесе планктонға 5 жыл әсері күтіледі. Бентос рекультивация жасалғаннан кейін, қайта өз қалпына 2 жыл ішінде келуі мүмкін, рекультивация жасалмаған жағдайда толықтай өз қалпына келу үшін 7 жыл қажет. Шөгіп қалған сорбенттер және мұнайдың қалдықтары бентосқа 5 жыл бойы әсерін тигізеді.
Есептеулер бойынша суда еріген мұнай өнімдерінің фито-, зоопланктонға тікелей әсері 1 жылға, ал қосымша әсері 5 жылға дейін болады деп болжамдалады. Су асты ағзаларға (бентос) 1-2 жыл бойы тікелей ауданда және 7 жылға дейін қосымша ауданда әсер етеді.
Балық қорына келтірілген залалды есептеу
1 нұсқа. 5 тонна дизель отыны төгілген апаттан балық қорына мүмкін болатын залалын есептеу үшін 5-6 кестелерде ұсынылған төгілу көрсеткіштері қолданылды.
Алынған нәтижелерге сәйкес, дизель отыны төгілген дақтың жалпы акваторияны алатын мөлшер көлемі жағдай қиындағанда 1024999 м3 құрайды, су асты ағзаларына әсер ететін ауданы - 3301 м2, теңіз биологиялық ресурстарына кері әсерін тигізеді.
Көптеген балық түрлері қоршаған ортаның өзгеруіне сезімтал болып келеді және қатты ластанған жерден кете алады, осылай, қырылуды немесе қатты интоксикацияны болдырмайды. Ересек балықтардың апаттық дизель отынының төгілуі нәтижесінде қырылуы, қабылданған сценарийде болжамбағандықтан, залалдың ақшалай есептеу жүргізілмеді.
Апаттық төгілу кезінде азықтық гидробионттардың қырылуын болдырмау мүмкін болмағандықтан, төменде балық қорларына келтіретін залалдың өтемақылық есептеулері берілген. Атқарылған есептеулерде ең жаман әсер болады деп алынды, басқа сөзбен айтқанда, гидробионттарға ластану көп уақыт әсер етсе 100 % қырылуы болады.
Жемдік ағзалардың биосалмағын балық өнімдері биосалмағына аудару параметрлері бойынша деректер апаттық мұнайдың төгілуі туралы әдістемеден алынып (Қосымша 2, Қосымша 4 және 6-7 кестелер) 8 кестеде көрсетілген.
Қырылған гидробионттар мен балық өнімдеріне аударылған есептеулер 9 кестеде көрсетілген.