"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқулық басылымдары бойынша авторларға және авторлар ұжымына сараптамалық қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. "Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптік және жоғары білім берудің оқулық басылымдары бойынша авторларға және авторлар ұжымына сараптамалық қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 маусымдағы № 372 бұйрығының (Қазақстан республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11652 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2016 жылы 14 мамырдағы № 91 (28819) санында жарияланған) күші жойылған деп танылсын.
2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Жонтаева Ж.А) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін ресми жариялау үшін мерзімді баспа басылымдарына және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделеген іс-шараларадың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Э.А. Суханбердиеваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушы |
Б. Асылова |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 199 бұйрығымен бекітілген |
"Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқулық
басылымдары бойынша авторларға және авторлар ұжымына сараптамалық
қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқулық басылымдары бойынша авторларға және авторлар ұжымына сараптамалық қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 214 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11252 болып тіркелген) бекітілген "Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқулық басылымдары бойынша авторларға және авторлар ұжымына сараптамалық қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) негізінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (бұдан әрі – қызмет көрсетуші), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Оқулық" Республикалық ғылыми-практикалық орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – "Оқулық" Орталығы) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) қызмет көрсетушінің кеңсесі;
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі – мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқулық басылымдары бойынша авторларға және авторлар ұжымына берілген сараптамалық қорытынды.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – құжаттар топтамасын қызмет көрсетушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға тапсырған сәттен бастап 60 (алпыс) күнтізбелік күн (Мемлекеттік корпорацияға өтініш берген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді).
2 - тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-қимыл жүргізу
тәртібінің сипаттамасы
5. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекетті) бастауға негіз болып, көрсетілетін қызметті алушының (не өзінің өкілеттігін растайтын құжат бойынша заңды тұлға немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға түріндегі уәкілетті өкілінің) Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) ұсынуы табылады.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны:
1) қызмет көрсетушінің кеңсе қызметкері 1 (бір) күнтізбелік күн ішінде құжаттар топтамасын қабылдайды және тіркейді;
2) қызмет көрсетушінің басшылығы орындаушыны 2 (екі) күнтізбелік күн ішінде белгілейді;
3) орындаушы құжаттар топтамасын ілеспе хатпен күнтізбелік 4 (төрт) күн ішінде "Оқулық" Орталығына сараптамадан өткізуге жібереді;
4) "Оқулық" Орталығы мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі жоғары және жоғары білім берудің оқу басылымдарына сараптама жүргізеді және сараптама қорытындысын қызмет көрсетушінің кеңсесіне жолдайды (күнтізбелік 47 (қырық жеті) күн ішінде);
5) қызмет көрсетушінің кеңсе қызметкері орындаушыны анықтау, авторға және авторлар ұжымына жауап дайындау үшін сараптамалық қорытындыны 1 (бір) күнтізбелік күн ішінде қызмет көрсетушінің басшылығына жолдайды ;
6) орындаушы "Оқулық" орталығының сараптамалық қорытындысы негізінде авторларға және авторлар ұжымына мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері туралы хат дайындайды және қызмет көрсетушінің басшылығына қол қою үшін жолдайды (күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде);
7) қызмет көрсетушінің басшылығы көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері туралы хатқа қол қояды және 1 (бір) күнтізбелік күн ішінде қызмет көрсетушінің кеңсесіне жолдайды;
8) қызмет көрсетушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері туралы хатты 1 (бір) күнтізбелік күн ішінде көрсетілетін қызметті алушыға (не өзінің өкілеттігін растайтын құжат бойынша заңды тұлғаға немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға түріндегі уәкілетті өкіліне) қолма-қол береді немесе пошта арқылы жібереді.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) нәтижесі:
1) қызмет көрсетушінің кеңсесінің кіріс нөмірі;
2) қызмет көрсетушінің "Оқулық" орталығына жіберген хаты;
3) "Оқулық" орталығының қызмет көрсетушінің кеңсесіне жіберген сараптамалық қорытындысы;
4) "Оқулық" орталығының хатына қызмет көрсетуші кеңсесінің кіріс нөмірі;
5) қызмет көрсетушінің орындаушыны анықтаған хаты;
6) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері туралы қызмет көрсетуші басшылығының қол қойған хаты;
7) қызмет көрсетуші кеңсесі қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушыға хатты беруі.
3 - тарау. Қызмет көрсетушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі өзара іс-қимыл жүргізу тәртібінің
сипаттамасы
8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қызмет көрсетушінің мынадай бөлімшелері қатысады:
1) қызмет көрсетушінің кеңсе қызметкері;
2) қызмет көрсетушінің басшысы;
3) қызмет көрсетушінің жауапты орындаушысы.
9. Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-әрекеттер) реттілігінің сипаттамасы:
1) 1-рәсім – қызмет көрсетушінің кеңсесі құжаттар топтамасын қабылдайды және 1 (бір) күнтізбелік күн ішінде тіркейді;
2) 2-рәсім – қызмет көрсетуші басшысы 2 (екі) күнтізбелік күн ішінде орындаушыны белгілейді;
3) 3-рәсім – қызмет көрсетушінің жауапты орындаушысы көрсетілген қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттар топтамасын толық ұсынбағай және құжаттарды әкелген күннен бастап 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде құжаттарды толықтырмаған жағдайда, өтінішті бұдан әрі қарастырудан бас тарту жайлы жазбаша уәждеме дайындайды.
4) 4-рәсім – орындаушы көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттар топтамасын толық ұсынған жағдайда күнтізбелік 4 (төрт) күн ішінде құжаттар топтамасын ілеспе хатпен "Оқулық" Орталығына сараптамадан өткізуге жібереді;
5) 5-рәсім – "Оқулық" Орталығы мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқу басылымдарына сараптама жүргізеді және күнтізбелік 47 (қырық жеті) күн ішінде сараптама қорытындысын қызмет көрсетушінің кеңсесіне жолдайды;
6) 6-рәсім – қызмет көрсетушінің кеңсе қызметкері орындаушыны белгілеу, авторларға және авторлар ұжымына мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері туралы хатты дайындау үшін 1 (бір) күнтізбелік күн ішінде сараптамалық қорытындыны қызмет көрсетушінің басшылығына жолдайды;
7) 7-рәсім – орындаушы "Оқулық" орталығының сараптамалық қорытындысы негізінде авторларға және авторлар ұжымына мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері туралы хат дайындайды және күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде қызмет көрсетушінің басшылығына қол қою үшін жолдайды;
8) 8-рәсім – қызмет көрсетушінің басшысы көрсетілетін қызметті алушының мекенжайына сараптама нәтижелері туралы хатқа қол қояды және (1 (бір) күнтізбелік күн ішінде) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды;
9) 9-рәсім – қызмет көрсетушінің кеңсесі сараптама нәтижелері туралы хатты 1 (бір) күнтізбелік күн ішінде көрсетілетін қызметті алушыға қолма-қол береді немесе пошта арқылы жолдайды.
10. Құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдер (іс-әрекеттер) реттілігінің сипаттамасы осы Регламенттің 1-қосымшасына сәйкес, қызмет көрсетушінің (қызметкерлердің) құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимылының блок-схемасында көрсетілген.
4- тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен өзара
іс-қимыл жүргізу, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы
11. Мемлекеттік корпорацияға жүгіну тәртібін сипаттау, қызмет алушының сұрауын өңдеу ұзақтығы, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу процесін сипаттау, оның ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті алушы (не өзінің өкілеттігін растайтын құжат бойынша заңды тұлға немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға түріндегі уәкілетті өкілі) Стандарттың 9-тармағына сәйкес Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсырады. Қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді;
2) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға (не өзінің өкілеттігін растайтын құжат бойынша заңды тұлға немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға түріндегі уәкілетті өкілі) тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді немесе көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі Стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тартады және Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша (он бес минут ішінде) қолхат береді;
3) Мемлекеттік корпорацияның жинақтау бөлімінің қызметкері құжаттарды "Оқулық" Орталығына 1 (бір) күнтізбелік күн ішінде жолдайды;
4) "Оқулық" Орталығы мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқу басылымдарына күнтізбелік 47 (қырық жеті) күн ішінде сараптама жүргізеді және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды;
5) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері сараптамалық қорытындыны тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға (не өзінің өкілеттігін растайтын құжат бойынша заңды тұлға немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға түріндегі уәкілетті өкіліне) 15 (он бес) минут ішінде береді.
12. Көрсетілетін қызметті алушыға (не өзінің өкілеттігін растайтын құжат бойынша заңды тұлға немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға түріндегі уәкілетті өкіліне) дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы беру тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негізінде жеке басын куәландыратын (не оның нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша өкіліне) құжатын ұсынған кезде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызметтің сараптамалық қорытынды нәтижесінің 1 (бір) ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оны қызмет көрсетушіге одан әрі 1 (бір) жыл ішінде сақтау үшін береді.
Көрсетілетін қызметті алушы 1 (бір) ай өткен соң өтініш берген жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша қызмет көрсетуші 10 (он) жұмыс күні ішінде Астана қаласында 1 (бір) жұмыс күні ішінде дайын мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
13. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде қызмет көрсетушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара, әрекеттер (іс-әрекеттер) жүргізу реттілігінің толық сипаттамасы осы Регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестері анықтамалығында келтірілген.