"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Теміржол көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 555 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11428 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 21 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тіркеу" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Көлік комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация" коммерциялық емес акционерлік қоғамы" (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі – ЕДБ);
3) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі) (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.";
4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) ЕДБ/портал арқылы жүгінген кезде - 1 (бір) жұмыс күні.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі жылжымалы құрам кепілін тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздерде мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады:
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде – 2 (екі) жұмыс күні;
ЕДБ/портал арқылы жүгінген кезде – 1 (бір) жұмыс күні.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижесінің нысаны: электрондық және (немесе) қағаз жеткізгіште.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.
Қажет болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі басып шығарылады.
Куәліктің түпнұсқалығын www.egov.kz порталында тексеруге болады.";
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) ЕДБ-де:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес ЕДБ қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған өтініш;
тіркеу алымының бюджетке төленгенін растайтын құжат.
ЕДБ-де құжаттарды қабылдауды және электрондық өтінішті жіберуді ЕДБ қызметкері жүзеге асырады.";
3) тармақша келесі мазмұнда толықтырылсын:
"3) порталда:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-1-қосымшаға сәйкес кепіл берушінің және кепіл ұстаушының ЭЦҚ қол қойылған хабарлама түріндегі өтініш;
жылжымалы мүлiк кепiлiнің бірыңғай тізілімі арқылы өтінішті жолдаған кезде, жылжымалы мүлiк кепiлiн мемлекеттік тіркеу үшін бюджеттік алым "электронды үкіметтің" төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.";
10-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) кепілді тіркеу туралы өтініш осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 және 1-1-қосымшаларға сәйкес келмесе;";
стандартқа 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес стандарт 1-1-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі |
Ж. Қасымбек |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрі
_________________ Д. Абаев
2017 жылғы 28 сәуір
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
__________________ Т. Сүлейменов
2017 жылғы 28 сәуір
_________________________________________________
тіркеуші органның атауы
Өтініш № _____
Кепіл беруші
Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болғанда) (бұдан әрі – Т.А.Ә.А.),
тұрғылықты жері, туған күні;
заңды тұлғаның орналасқан орны, атауы, тіркеу №: ____________________________________
________________________________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжат: түрі ________серия ________№_______
________________________ берген, берілген күні ____________
(құжатты берген органның атауы)
Почталық мекенжайы, телефон, электронды мекенжай (болған кезде)
________________________________________________________________________________
Кепіл ұстаушының банктік реквизиттері _____________________________________________
_______________________________________________ атынан әрекет етеді
(уәкілетті өкілдің деректемелері)
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________ негізінде
(өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)
Кепіл ұстаушы
Жеке тұлғаның Т.А.Ә.А., тұрғылықты жері, туған күні;
заңды тұлғаның орналасқан орны, атауы, тіркеу №: ____________________________________
________________________________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжат: түрі ________серия _________№_______
_________________________________ берген, берілген күні ____________
(құжатты берген органның атауы)
Пошталық мекенжайы, телефон, электронды мекенжай (болған кезде)
________________________________________________________________________________
Кепіл ұстаушының банктік реквизиттері _____________________________________________
_______________________________________________________________атынан әрекет етеді
(уәкілетті өкілдің деректемелері)
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________ негізінде
(өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)
Жылжымалы мүлік кепіл шартын тіркеуді өтінемін: ____________________________________
________________________________________________________________________________
Шарттың жасалған күні____________________________________________________________
Шарттың жасалған орны___________________________________________________________
Кепіл мәні туралы мәліметтер (жылжымалы мүліктің сипаттамасы)_______________________
________________________________________________________________________________
Кепілге салынған мүліктің құны ____________________________________________________
Шарттың қолданылу мерзімі _______________________________________________________
Кепілге салынған мүлік
__________________________________________________________________ кепіл берушінің
________________________________________________________________ кепіл ұстаушының
иелігінде және пайдалануында қалады
Пайдалануға болатыны: Иә, Жоқ
Қайталама кепiл туралы мәлiметтер: Иә, Жоқ (керек емесін сызып тастау керек)
Өтінішке мыналарды қоса беремін: (құжаттың атауы, серия, нөмір, қашан және кім берген)
1. ______________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік қажет пе:
Иә, Жоқ (керек емесін сызып тастау керек)
-------------------------------------------------------------------
Өтініш берілген күн: 20__ жылғы _______________
Өтініш қабылданған күн: 20___ жылғы ___________
Өтініш берушінің қолы: ___________________________________________________________
Уақыт: _______________ сағат _______________ мин.
Тіркеушінің Т.А.Ә.А. және қолы ____________________________________________________
Ақпараттық жүйедегі заңмен сақталынатын мәліметтерді пайдалануға келісемін
(қолы) Т.А.Ә.А.
20__жылғы "__" _______
_________________________________________________
тіркеуші органның атауы
Өтініш № _____
Кепіл беруші
Жеке тұлғаның Т.А.Ә.А., тұрғылықты жері, туған күні;
заңды тұлғаның орналасқан орны, атауы, тіркеу №: ____________________________________
________________________________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжат: түрі ________серия _________№______________________
_________________________________ берген, берілген күні ____________
(құжатты берген органның атауы)
Телефон, электронды почтаның мекенжайы, (болған кезде)
________________________________________________________________________________
Кепіл ұстаушының банктік реквизиттері _____________________________________________
Кепіл ұстаушы
Жеке тұлғаның Т.А.Ә.А., тұрғылықты жері, туған күні;
заңды тұлғаның орналасқан орны, атауы, тіркеу №: ____________________________________
________________________________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжат: түрі ________серия _________№______________________
_________________________________ берген, берілген күні ____________________________
(құжатты берген органның атауы)
Пошталық мекенжайы_____________________________________________________________
телефон ________________________________________________________________________
электронды мекенжай (болған кезде) ________________________________________________
Кепіл ұстаушының банктік реквизиттері _____________________________________________
Жылжымалы мүлік кепіл шартын тіркеуді өтінемін: ____________________________________
________________________________________________________________________________
Шарттың жасалған күні____________________________________________________________
Шарттың жасалған орны___________________________________________________________
Кепіл мәні туралы мәліметтер (жылжымалы мүліктің сипаттамасы) ______________________
________________________________________________________________________________
Кепілге салынған міндеттеменің ақшалай эквиваленті
________________________________________________________________________________
Шарттың қолданылу мерзімі _______________________________________________________
Кепілге салынған мүлік
__________________________________________________________________ кепіл берушінің
________________________________________________________________ кепіл ұстаушының
иелігінде және пайдалануында қалады
Пайдалануға болатыны: Иә, Жоқ
Қайталама кепiл туралы мәлiметтер: Иә, Жоқ (керек емесін сызып тастау керек)
Өтініш қабылданған күн: 20___ жылғы ___________
Кепіл берушінің қолы: ____________________________________________________________
Кепіл ұстаушының қолы: __________________________________________________________
Уақыт: _______________ сағат _______________ мин.
Тіркеушінің Т.А.Ә.А. және қолы ____________________________________________________
Кепіл болып табылатын жүк және жолаушы жылжымалы құрамның
сипаттамасы және тізбесі
Р/с | Санаты | Зауыт нөмiрi | Түгендеу нөмiрi | Жасалған күн | Жылжымалы құрамдардың тіркеу туралы мәлімет состава | Иелену құқығының түрі | |
Куәліктің нөмері | Куәліктің күні | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Кепіл болып табылатын тартымды-моторвагонды және арнайы жылжымалы
құрамның сипаттамасы және тізбесі
Р/с | Санаты | Зауыт нөмiрi | Түгендеу нөмiрi | Жылжымалы құрамдардың тіркеу туралы мәлімет состава | Иелену құқығының түрі | |
Куәліктің нөмері | Куәліктің күні | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |