Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 10 наурыздағы № 109 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 14 наурызда № 14892 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 6 мамырдағы № 194 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.05.2019 № 194 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 159-1), 159-2), 159-3) тармақшаларына сәйкес, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде кредит беру және микрокредит беру қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Ауылдық жерлерде және шағын қалаларда микроқаржы ұйымдары және кредиттік серіктестіктер беретін микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидалары;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Инвестициялық саясат және қаржы құралдары департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға, сондай-ақ, "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Мырзахметов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрі

      _____________ Т. Дүйсенова

      2017 жылғы 13 наурыз

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _____________ Б. Сұлтанов

      2017 жылғы 13 наурыз

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _____________ Т. Сүлейменов

      2017 жылғы 13 наурыз

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2017 жылғы 10 наурыздағы
№ 109 бұйрығына
1-қосымша

Шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде кредит беру және микрокредит беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде кредит беру және микрокредит беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысымен бекітілген, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) екінші бағыты шеңберінде әзірленді және шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) кредит беру және микрокредит беру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – Уәкілетті орган) – агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;

      2) ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі – ауыл шаруашылығы басқармасы) – ауыл шаруашылығын басқару функциясын іске асыратын жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшесі;

      3) ауылдық елді мекендерінде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалаларда кредит беру/микрокредит беру жөніндегі шараларға қатысушылар (бұдан әрі - Қатысушылар) – жұмыссыздар, халықты жұмыспен қамту орталықтарда тіркелуден қарамастан және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, мен ауыл шаруашылығы кооперативтері және олардың мүшелері;

      4) ауыл шаруашылығы кооперативі – ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруде, қайта өңдеуде, өткізуде, сақтауда, өндіріс құралдарымен және материалдық-техникалық ресурстармен жабдықтауда, кредит беруде, сумен қамтамасыз етуде немесе кооперативтің мүшелеріне, сондай-ақ кооперативтің қауымдасқан мүшелеріне басқа да сервистік қызмет көрсетуде олардың әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында бірлескен өндірістік және (немесе) өзге де шаруашылық қызметті жүзеге асыру үшін жеке және (немесе) заңды тұлғаларды ерікті түрде біріктіру жолымен мүшелік негізінде құрылатын өндірістік кооперативтің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға;

      5) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) (бұдан әрі – ЖАО) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;

      6) жұмыссыздар – жұмыспен қамтылған халыққа жатпайтын, жұмыс іздеп жүрген және еңбек етуге дайын адамдар;

      7) кепілдік беруші – "ҚазАгроКепіл" акционерлік қоғамы;

      8) кепілдік – қарыз алушының міндеттемелері бойынша Кредит беруші алдындағы кепілдік берушінің субсидиарлық жауапкершілігін растайтын құжат;

      9) кредит беруші – "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "АШҚҚҚ" АҚ), микроқаржы ұйымы, кредиттік серіктестік;

      10) микрокредит – микроқаржы ұйымдары /кредиттік серіктестіктер/ "АШҚҚҚ" АҚ Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ақылылық, мерзімділік, қайтарымдылық және қамтамасыз етілу шарттарында микрокредит ұсыну туралы шарт бойынша қарыз алушыға ұсынатын қарыз қаражаты;

      11) кредиттік серіктестік (бұдан әрі – КС) – жеке және (немесе) заңды тұлғалар өз қатысушыларының кредиттерге және басқа қаржылық құралдарға, оның ішінде банктік көрсетілетін қызметтерге қажеттіліктерін, олардың ақшасын жинақтау жолымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен қанағаттандыру үшін құрған заңды тұлға;

      12) қарыз – Кредиттік келісім негізінде мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық және мақсатты пайдалану шарттарында микрокредит беру ұйымы микроқаржы ұйымдарына және кредиттік серіктестіктерге беретін ақша сомасы. Қарыз бір сомамен және бөлшектермен (траншпен) берілуі мүмкін;

      13) қаржылай емес қолдау операторы – "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы;

      14) микрокредит беру ұйымы – "Аграрлық несие корпорациясы" акционерлік қоғамы;

      15) микроқаржы ұйымы (бұдан әрі – МҚҰ) – коммерциялық ұйым болып табылатын, ресми мәртебесі әділет органдарында мемлекеттік тіркелумен және есептік тіркеуден өтуімен айқындалатын, микрокредиттер беру жөнiндегi қызметтi, сондай-ақ "Микроқаржы ұйымдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында рұқсат етілген қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлға;

      16) стартап жобалары – Бағдарламаға қатысушыларының бизнес жобалары, оның заңды тұлға ретінде/жеке кәсіпкердің ресми мәртебесі мемлекеттік тіркелуінің мерзімі несие берушіге шағын несиені алу үшін өтініш білдірген уақытта бір жылдан кем уақытты құрайды;

      17) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – табыс алу үшін тауарлар өндірумен (өткізумен), жұмыстар мен қызметтер көрсетумен жеке айналысатындар, өндірістік кооперативтер мүшелері, отбасылық кәсіпорындардың (шаруашылықтардың) еңбекақы төленбейтін жұмыскерлері және жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланушы жұмыс берушілер (оның ішінде жеке кәсіпкерлік, шаруа қожалықтар, фермерлік қожалықтар, жеке қосалқы шаруашылық) қатарындағы жеке тұлғалар;

      18) үміткер – оған шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) кредит беру/микрокредит беру жөніндегі шараларға қатысушы мәртебесін беруге өтінім берген және Бағдарлама шеңберінде кредит немесе микрокредит алуға үміткер жеке тұлға заңды тұлға;

      19) халықты жұмыспен қамту орталығы – "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғаудың және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында жергілікті атқарушы орган құратын мемлекеттік мекеме;

      20) шағын қала – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 қаулысымен бекітілген, Өңірлерді дамытудың 2020 дейінгі бағдарламасына 2-қосымшада көрсетілген халқының саны 50 мың адамға дейінгі қала;

      21) ісін жаңа бастаған кәсіпкер – дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген мерзімі микроқаржы ұйымына/кредиттік серіктестіктерге кредит/микрокредит үшін жүгінген сәтте кемінде үш жылды құрайтын кәсіпкер.

2-тарау. Шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде кредит беру және микрокредит беру шарттары

      3. Қатысушыларға микрокредиттерді шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) кредит берушімен бюджеттік қаражат есебінен беріледі.

      Уәкілетті орган қайтарымдылық, мерзімділік және ақылық шарттарында жылдық 0,01% сыйақы мөлшерлемесімен 7 жылға микрокредит беру үшін бюджеттік кредит түрінде ЖАО қаражат бөледі.

      4. ЖАО бюджеттік кредит қаражатын микрокредит беру ұйымдарына және "АШҚҚҚ" АҚ ұсынады және азаматтық заңнамаға сәйкес мынадай шарттарда қарыз беру шарттарын жасасады:

      1) кредит беру мерзімі – 7 жылдан артық емес;

      2) сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 0,01%;

      3) игеру кезеңі – 12 ай;

      4) нысаналы мақсаты – Бағдарлама шеңберінде бизнес жобаларына кредит беру/микрокредит беру, Бағдарлама шеңберінде бизнес жобаларына кредит беру/микрокредит беру үшін МҚҰ/КС-ні қорландыру.

      5. Микрокредит беру ұйымы МҚҰ/КС-ге қарыз ұсынады, азаматтық заңнамаға сәйкес МҚҰ/КС-пен мынадай шарттарда кредиттік келісім жасасады:

      1) қорландыру мерзімділік, қайтарымдылық, ақылылық, нысаналы пайдалану және қамтамасыз етілу шарттарында немесе қаржылай тұрақты МҚҰ мен КС үшін қамтамасыз етусіз жүзеге асырылады;

      2) кредит беру мерзімі – 7 жылдан артық емес;

      3) номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2 %-ға дейін;

      4) игеру кезеңі – микроқаржы беру ұйымынан қарыз алған сәттен бастап 12 ай;

      5) нысаналы мақсаты – Бағдарлама шеңберінде бизнес жобаларына кредит беру/микрокредит беру.

      Микрокредит беру ұйымдары МҚҰ/КС және "АШҚҚҚ" АҚ үшін негізгі берешекті өтеу бойынша кредит беру мерзімінің ұзақтылығынан үштен бірінен артық емес мерзімге жеңілдік кезеңін ұсынады.

      6. ЖАО ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалаларда микрокредит беруді ұйымдастыру үшін ЖАО-ға ұсынылған бюджеттік кредит қаражатының көлемдерін одан әрі микрокредит беру үшін "АШҚҚҚ" АҚ және микрокредит беру ұйымы арасында бөлу жөніндегі ұсыныстарды қалыптастырады.

      ЖАО бюджеттік кредит қаражатының көлемдерін бөлу жөніндегі ұсыныстары "АШҚҚҚ" АҚ-мен және микрокредит беру ұйымымен келісіледі.

      Бұл ретте, микрокредит беру ұйымы мен "АШҚҚҚ" АҚ қатысуын ЖАО дербес айқындайды. Бір облыста микрокредит беру ұйымы мен "АШҚҚҚ" АҚ бір уақытта қатысуына жол беріледі.

      7. Микрокредиттер Қатысушыларға мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық, нысаналы пайдалану қағидаттарын сақтай отырып, мынадай шарттарда ұсынылады:

      1) микрокредит мерзімі – 5 жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру үшін микрокредит мерзімі - 7 жылға дейін;

      2) микрокредиттің ең жоғары сомасы – 8000 айлық есепті көрсеткішке (бұдан әрі – АЕК) дейін;

      3) микрокредит бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6 %-дан артық емес;

      4) кредит берушінің шешімі бойынша қарыз алушыға негізгі берешегі мен сыйақысын өтеу бойынша микрокредит беру мерзімі ұзақтығының үштен бірінен артық емес кезеңге жеңілдік ұсынылады;

      5) Қатысушының микрокредит алуы үшін міндетті шарты салық заңнамасына сәйкес оның салық органдарында тіркелуі болып табылады;

      6) микрокредиттердің мерзімі мен сомасы микроқаржы ұйымы мен "АШҚҚҚ" АҚ-ның кредиттік өнімдерімен бекітілетін, Бағдарламаға қатысушылардың қызмет бағыттарына сәйкес анықталады.

      8. МҚҰ/"АШҚҚҚ" АҚ-ға дербес кәсіпкердің микрокредит бойынша міндеттемелерін бұзуы себебі бойынша алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, дербес кәсіпкердің қарызбен/микрокредитімен байланысты қандайда бір комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер алынбайды, бұл ретте осындай комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер мөлшері "АШҚҚҚ" АҚ қоспағанда, микрокредит беру ұйымымен алдын ала жазбаша келісілуі тиіс.

      9. Бұрын берілген кредиттік ресурстар бойынша түпкілікті қарыз алушылар қайтарған қаражат есебінен қайта кредит беруге/микрокредит беруге жол беріледі.

      10. Кредит берушілер кредиттік келісім сомасының кемінде 20 %-ын стартап жобаларын қаржыландыруға бағыттайды.

      11. Бизнес ашу үшін микрокредиттер "Бастау Бизнес" жобасының шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне немесе Бағдарламаның бірінші бағытының шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өткеннен кейін не соңғы екі жыл ішінде басқа бағдарламалар шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өткендігі туралы сертификат болған кезде беріледі.

      12. Бар бизнесін кеңейту және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру үшін микрокредиттер жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру шарты кезінде беріледі.

      Бұл ретте кредит беруші мен Қатысушы арасындағы шарттарда бастаушы кәсіпкерлердің жобаларын қоспағанда, жаңа жұмыс орындарын құру жөніндегі шарт міндетті түрде көрсетіледі.

      13. Микрокредиттер өңірлік кәсіпкерлікті дамыту карталарына сәйкес іске асырылатын жобаларға басым тәртіппен ұсынылады, олардың ішінен:

      кредит беруші қарыз сомасының 80%-ын өңірлік кәсіпкерлікті дамыту картасында көрсетілген басым қызмет түрлеріне сәйкес микрокредиттер беруге жолдайды;

      қарыз сомасының 20%-ы басым қызмет түрлеріне қарамастан микрокредиттер беруге жолданады.

      Қарыз алғаннан кейін алты ай өткен соң басым қызмет түрлеріне кредит беру/микрокредит беру үшін көзделген игерілмеген қарыз сомасы болған жағдайда кредит беруші қаражат қалдығын басым қызмет түрлеріне қарамастан кредит/микрокредит беруге жолдайды.

      14. Микрокредиттер:

      1) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес айқындалған орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне;

      2) осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келмейтіндерге;

      3) тұтынушылық мақсаттарға, бұрынғы қарыздарды өтеуге, тұрғынүй жылжымайтын мүлігін сатып алу мен салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизге жатқызылған өнімді өндіруге;

      4) салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары және бюджетке әлеуметтік аударымдар бойынша берешектері барларға 10 АЕК артық емес көлемде берешекке жол беріледі) ұсынылмайды.

      Берешегінің жоқтығы кәсіпкерлік субъектілерінің қаржыландыруға өтінім беру күніне дейін кемінде күнтізбелік 30 күн бұрын берілген мемлекеттік кірістер органының анықтамасымен расталады.

      15. Кредиттерді беру Қағидалардың осы тарауында қарастырылған шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

3-тарау. Шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде кредит беру және микрокредит беру тәртібі

      16. Микрокредит алу үшін үміткерлер халықты жұмыспен қамту орталықтарының бағыттамалары бойынша оқыту курстарынан өткені туралы сертификаттармен (шағын бизнес ашатындар үшін міндетті) осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып микрокредит алу үшін өтінішпен МҚҰ/КС/"АШҚҚҚ" АҚ-ға жүгінеді.

      17. Кредит беруші Қатысушыдан микрокредит алуға құжаттар топтамасымен өтінімді алған сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде оның толықтығын, сондай-ақ кредит берушінің кредиттік өнімінің шарттарына сәйкестігін тексереді.

      18. Құжаттар топтамасы толық болмаған және/немесе өтініш кредит берушінің кредиттік өнімінің шарттарына сәйкес келмеген жағдайда кредит беруші осы Қағидалардың 17-тармақта көрсетілген мерзім ішінде құжаттар топтамасымен бірге өтінішті қайтару себептерін көрсете отырып, ресми хатпен қайтарады.

      Қатысушы қайтару себептерін алып тастаған кезде толық құжаттар топтамасымен өтінішті қайтадан енгізеді.

      19. Кредит беруші Қатысушыдан құжаттардың толық топтамасымен өтінімді алған сәттен бастап 15 жұмыс күні ішінде бизнес жобаны бағалауды жүргізеді және осы Қағидалардың шарттарына сәйкес кредит беру/микрокредит беру мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы шешім қабылдайды.

      20. "АШҚҚҚ" АҚ, КС және МҚҰ Қатысушымен кредит/микрокредит ұсыну туралы шартқа қол қоюды жүзеге асырады және кредитті/микрокредитті мақсатты пайдалану мен уақытылы өтеуінің одан әрі мониторингімен кредит/микрокредит беруді жүзеге асырады.

      21. Кредиттерді беру Қағидалардың осы тарауында қарастырылған тәртібінде жүзеге асырылады.

4-тарау. Мониторинг

      22. Қатысушылар кредитті/микрокредитті алған күннен бастап күнтізбелік 90 күннің ішінде кредиттерді/микрокредиттерді мақсатты пайдалануды растайтын құжаттарды қоса беріп растайды. Жаңа жұмыс орнын құру кредитті/микрокредитті алған күннен бастап күнтізбелік 180 күннің ішінде жасалған еңбек шартымен расталады.

      23. Кредиттің/микрокредиттің нысаналы мақсатын өзгерту немесе кредитті/микрокредитті мақсатты пайдалануды растау мерзімін/игеру мерзімін ұзарту кредит берушімен келісім бойынша жүзеге асырылады.

      24. Егер Қатысушы осы Қағидалардың 22-тармақта көрсетілген мерзім ішінде мақсатты пайдалануын және жұмыс орындарын құруын растамаған жағдайда Қатысушы мен кредит беруші арасындағы шартта көрсетілген мөлшерде Қатысушы айыппұл төлейді және алынған қаражатты толық көлемде Кредит берушіге қайтарады.

      25. Кредит беруші ішкі құжаттарға және қарыз алушылармен шарттың талаптарына сәйкес Қатысушы кредитті/микрокредитті мақсатты пайдалануын толық расталғанға дейін қаржыландырылған жобалардың мақсатты пайдаланылуына мониторинг жүргізеді.

      26. МҚҰ/КС ай сайын есептіден кейінгі айдың 1-күніне дейінгі мерзімде берілген микрокредиттер бойынша ақпаратты микрокредит беру ұйымына ұсынады. Микрокредит беру ұйымы мен "АШҚҚҚ" АҚ ай сайын есептіден кейінгі айдың 3-күніне дейінгі мерзімде ауыл шаруашылығы басқармасына берілген микрокредиттер бойынша ақпаратты осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынады.

      27. Ауыл шаруашылығы басқармасы кредит берушілердің қаражатты уақытылы игерулерінің мониторингін тұрақты негізде жүзеге асырады. Микрокредит беру ұйымының және "АШҚҚҚ" АҚ-ның есептері негізінде есептіден кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде ай сайын халықты жұмыспен қамту орталықтарына және Уәкілетті органға берілген микрокредиттер бойынша ақпарат ұсынады, жарты жылдың және есепті жылдың қорытындылары бойынша ақпаратты есептіден кейінгі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде ұсынады.

      Уәкілетті орган ауыл шаруашылығы басқармасының ақпараты негізінде ай сайын есептіден кейінгі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға берілген микрокредиттер бойынша ақпарат ұсынады.

      28. Микрокредитті мақсатты пайдалану мониторингінің нәтижелері бойынша МҚҰ/КС есептіден кейінгі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде микрокредит беру ұйымына микрокредиттерді мақсатты пайдалану туралы тоқсан сайынғы есепті осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынады.

      29. Микрокредит беру ұйымы және "АШҚҚҚ" АҚ микрокредиттерді мақсатты пайдалану туралы есепті ауыл шаруашылығы басқармасына тоқсан сайынғы негізде есептіден кейінгі айдың 20-күніне дейінгі мерзімде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынады.

      30. Берілген кредиттер бойынша есептік ақпарат Қағидалардың осы тарауында қарастырылған тәртіппен және мерзімде ұсынылады.

  Шағын қалаларда және
ауылдық елді мекендерде
кредит беру және
микрокредит беру
қағидаларына
1-қосымша

Кредит/микрокредит алуға арналған құжаттар тізбесі


Құжаттың атауы

Құжаттың түрі


Жеке тұлғалар үшін


1*

Микрокредит алуға арналған сауалнама-өтініш

Түпнұсқа

2

Жеке басын куәландыратын құжат

Көшірме**

3

Тұлғаның тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелуін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы)

Түпнұсқа

4*

Кредиттік тарих субъектісінің кредиттік бюроға ол туралы ақпарат беруі, сондай-ақ кредиттік есепті алушыға кредиттік есепті беруге келісімі

Түпнұсқа

5*

Субъектінің берілген кредит туралы ақпаратты, мәліметтерді және кредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерін орындағаны/ орындамағаны туралы барлық мәліметтерді ұсынуға және алуға мемлекеттік (оның ішінде құқық қорғау)/мемлекеттік емес органдарға, бұқаралық ақпарат құралдарына, сондай-ақ "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ мен оның еншілес ұйымдарына ұсынуға және олардан алуға келісімі

Түпнұсқа

6

Бизнес жоспар

Қарыз алушы қол қойған түпнұсқа

7

Кредитті/микрокредитті алу жөніндегі мәмілені мақұлдау, шаруа қожалығының/ фермерлік шаруашылықтың/ дара кәсіпкердің уәкілетті органының мүлікті кепілге беру туралы шешімі

Түпнұсқа (кредитті мақұлдағаннан кейін ұсынылады)

8

Қызмет көрсететін банктен шоттың бары туралы анықтама

Түпнұсқа (кредитті мақұлдағаннан кейін ұсынылады)

9

Несие берешектері, оның ішінде қаржы институттарынан мерзімі өткен берешектер туралы анықтама (бар болған жағдайда)

Түпнұсқа (берілген күннен 30 күнге дейін мерзіммен уәкілетті адаммен салыстырылған көшірмесін ұсынуға жол беріледі)

10

Қарыз алушының (бірлесіп қарыз алушының), жалақысын және (немесе) өзге табыстарын растайтын құжаттар (жинақтау зейнетақы қорынан үзінді)

Түпнұсқа (болған жағдайда)

11

Бағалау туралы есеп

Түпнұсқа

12

Кепілдік беруші мен кепілмен қамтамасыз ету бойынша құжаттар

Көшірме**

13

"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сертификаты (тек "Бастау Бизнес" бағдарламасына қатысушылар үшін)

Түпнұсқа

14

Кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өткені туралы сертификат (тек бастаушы кәсіпкерлер үшін)

Көшірме**


Заңды тұлғалар үшін:


1*

Микрокредит алуға арналған сауалнама-өтініш

Түпнұсқа

2*

Кредиттік тарих субъектісінің кредиттік бюроға ол туралы ақпарат беруге, сондай-ақ кредиттік есепті алушыға кредиттік есепті беруге келісімі

Түпнұсқа

3

Субъектінің берілген кредит туралы ақпаратты, мәліметтерді және кредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерін орындағаны/ орындамағаны туралы барлық мәліметтерді ұсынуға және алуға мемлекеттік (оның ішінде құқық қорғау)/мемлекеттік емес органдарға, бұқаралық ақпарат құралдарына, сондай-ақ "ҚазАгро" ҰБХ" акционерлік қоғам мен оның еншілес ұйымдарына ұсынуға және олардан алуға келісімі

Түпнұсқа

4

Құрылтайшылық құжаттар және бірінші басшылардың құжаттары (жарғы/құрылтайшылық шарт, мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік/анықтама, бірінші басшыны сайлау туралы құжаттар, жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттар, бірінші басшының жеке басын растайтын құжат)

Түпнұсқа

5

Заңды тұлғаның қол қою үлгісі мен мөрдің бедері бар құжат

Уәкілетті адамдар қолтаңбаларының төлнұсқалылығын нотариалды куәландыра отырып, түпнұсқа

6

Несие берешектері, оның ішінде қаржы институттарынан мерзімі өткен берешектер туралы анықтама (бар болған жағдайда)

Түпнұсқа (берілген күннен 30 күнге дейін мерзіммен уәкілетті адаммен салыстырылған көшірмесін ұсынуға жол беріледі)

7

Бизнес жоспар

Қарыз алушы қол қойған түпнұсқа

8

Кепілдік беруші мен кепілмен қамтамасыз ету бойынша құжаттар

Көшірме**

9

"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы сертификаты (тек "Бастау Бизнес" бағдарламасына қатысушылар үшін)

Түпнұсқа

      Ескертпе:

      * кредит берушінің қатысуымен толтырылады

      ** құжаттың көшірмелері түпнұсқамен салыстырылады.

  Шағын қалаларда және
ауылдық елді мекендерде
кредит беру және
микрокредит беру
қағидаларына
2-қосымша

Өңірлік кәсіпкерлікті дамыту картасына қойылатын талаптар

      1. Өңірлік кәсіпкерлікті дамыту картасында басым және басым емес қызмет түрлері көрсетіледі.

      2. Өңірлік кәсіпкерлікті дамыту картасында мынадай ақпарат болуы, алайда онымен шектелмеуі тиіс:

      - нарықты талдау;

      - халықты талдау;

      - тауарлар топтары бойынша тұтынушыларды талдау;

      - аудандарды мамандандыру;

      - тауарлар топтары бойынша маркетингтік талдау;

      - тауарлар топтары бойынша мүмкін болатын өткізу нарықтары;

      - әрбір аудан бөлінісінде ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту схемасы.

      3. Аудандар мен елді мекендерді мамандандыру картасы экономикалық қызмет түрлерiнiң жалпы жiктеуiшіне сәйкес басым түрлерді қамтиды.

  Шағын қалаларда және
ауылдық елді мекендерде
кредит беру және
микрокредит беру
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

_____ ____________ жағдай бойынша берілген кредиттер/микрокредиттер жөніндегі ақпарат

Іске асыру орны (аудан, қала)

Түпкілікті қарыз алушының атауы

Жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі

Нысаналы мақсаты

Кредит берілген күн

Кредит беру мерзімі, айлар

Кредит сомасы, теңге

Сыйақы мөлшер-лемесі

Экономика саласы

Кредит беру туралы шарт

Бизнес ашуға/ қолданыстағы бизнесті кеңейтуге

Кепілдік сомасы (болған жағдайда)

Құрылған жұмыс орында-рының саны

күні

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

Жиыны:






0





0

0


      Лауазымды адам __________ ____________________________________________

      (қолы)            (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Мөр (бар болса) орны

      Жауапты қызметкер __________ _________________________________________

      (қолы)            (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

  Шағын қалаларда және
ауылдық елді мекендерде
кредит беру және
микрокредит беру
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Кредиттерді/микрокредиттерді мақсатты пайдалану туралы есеп

Кредит берушінің атауы

Түпкілікті қарыз алушының атауы

Жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі

Жобаның атауы

Кредит берілген күн

Кредит беру мерзімі, айлар

Кредит сомасы, теңге

Кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі

Қарыз қаражатының нысаналы мақсаты (қарыз қаражатының әрбір бағытының атауы мен сомасын көрсете отырып)

Қаражатты іс жүзінде мақсатты пайдалану (қарыз қаражатының әрбір бағытының атауы мен сомасын көрсете отырып)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11



Жиыны:









      Нысанның жалғасы

Іске асыру орны (аудан, қала)

Экономика саласы

Бизнесті ашуға/бизнесті кеңейтуге

Кепілдік сомасы (болған жағдайда)

Жобаны жүзеге асыру есебінен құрылатын жаңа жұмыс орындары

12

13

14

15

16

      Лауазымды адам __________ ____________________________________________

      (қолы)            (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Мөр (бар болса) орны

      Жауапты қызметкер __________ _________________________________________

      (қолы)            (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2017 жылғы 10 наурыздағы
№ 109 бұйрығына
2-қосымша

Ауылдық жерлерде және шағын қалаларда микроқаржы ұйымдары және кредиттік серіктестіктер беретін микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ауылдық жерлерде және шағын қалаларда микроқаржы ұйымдары мен кредиттік серіктестіктер беретін микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысымен бекітілген, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде әзірленді және ауылдық жерлерде және шағын қалаларда микроқаржы ұйымдары және кредиттік серіктестіктер беретін микрокредиттер бойынша кепілдік беру тәртібін анықтайды.

      2. Осы Қағидаларда келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – Уәкілетті орган) – агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;

      2) ауыл шаруашылығы кооперативі – ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруде, қайта өңдеуде, өткізуде, сақтауда, өндіріс құралдарымен және материалдық-техникалық ресурстармен жабдықтауда, кредит беруде, сумен қамтамасыз етуде немесе кооперативтің мүшелеріне, сондай-ақ кооперативтің қауымдасқан мүшелеріне басқа да сервистік қызмет көрсетуде олардың әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында бірлескен өндірістік және (немесе) өзге шаруашылық қызметті жүзеге асыру үшін жеке және (немесе) заңды тұлғаларды ерікті түрде біріктіру жолымен мүшелік негізінде құрылатын өндірістік кооперативтің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға;

      3) ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша жергілікті атқарушы орган – ауыл шаруашылығын басқару функциясын іске асыратын облыстың жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшесі;

      4) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) (бұдан әрі – ЖАО) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;

      5) кепілдік – қарыз алушының міндеттемелері бойынша микроқаржы ұйымға/ кредиттік серіктестік алдында Кепілдік берушінің субсидиарлық жауапкершілігін растайтын құжат;

      6) кепілдік беруші – "ҚазАгроКепіл" акционерлік қоғамы;

      7) кепілдендіру – кәсіпкердің микроқаржы ұйымдарға/кредиттік серіктестік алдында микрокредит бойынша міндеттемелерін негізгі берешек сомасы шегіндегі субсидиярлық жауаптылық шарттарында орындауын қамтамасыз етуде кепілдік берушілігін ұсынуды көздейтін мемлекеттік қолдаудың түрі;

      8) кепілдендіру шарты – осы Қағидалар шартына сәйкес кепіл ұсыну туралы кепілдік беруші, кәсіпкер және микроқаржы ұйымдар/ кредиттік серіктестіктер арасында жасалған үшжақты жазбаша келісім;

      9) кредиттік серіктестік (бұдан әрі – КС) – жеке және/немесе заңды тұлғалар өз қатысушыларының кредиттерге және басқа қаржылық, соның ішінде банктік қызмет көрсетуге деген қажеттіліктерін олардың ақшаларын жинақтау жолымен және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен қанағаттандыру үшін құрған заңды тұлға;

      10) қаржы институты – банктік операцияларды жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар екінші деңгейдегі банктер, кредиттік ұйымдар, сондай-ақ АӨК саласындағы лизингтік компаниялар мен кредиттік серіктестіктер;

      11) қатысушылар – жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, шағын кәсіпкерлік субъектілері мен ауыл шаруашылығы кооперативтері және олардың мүшелері;

      12) микрокредит – микроқаржы ұйымдарының/кредиттік серіктестіктердің ақылылық, мерзімділік, қайтарымдылық және қамтамасыз ету шарттарында Қазақстан Республикасының ұлттық валютамен микрокредит беру туралы шарт бойынша қарыз алушыға берілетін қарыз қаражаты;

      13) микрокредит беру ұйымы – "Аграрлық несие корпорациясы" акционерлік қоғамы;

      14) микроқаржы ұйымы (бұдан әрі – МҚҰ) – коммерциялық ұйым болып табылатын, әділет органдарында мемлекеттік тіркелуімен ресми мәртебесі анықталатын және есептік тіркеуден өтуімен, кредиттер/микрокредиттер беру қызметін, сондай-ақ "Микроқаржы ұйымдары туралы" 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі – Заң) рұқсат етілген қызметтің қосымша түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлға;

      15) ісін жаңа бастаған кәсіпкер - дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген мерзімі микрокредит үшін МҚҰ/КС өтініш берген сәтте кемінде 3 жылды құрайтын кәсіпкер.

2-тарау. Кепілдік беру шарттары

      3. Кепіл беру үшін қатысушылардың келесі критерийлерге әйкестілігі боку керек:

      1) Бағдарлама шеңберінде қорландырылатын МҚҰ/КС арқылы ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалаларда бизнес ашу, жұмыс істеп отырған бизнесті кеңейту, кооперативтер құру үшін микрокредитке мақұлдау алған Бағдарлама қатысушылары;

      2) микрокредит алуға өтініш берген күні алдында, соңғы есептілік күніне салықтарды төлеу берешектері, бюджетке міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектері жоқ, қаржы институтары алдында мерзімі өткен берешектері жоқ кәсіпкерлер.

      4. Бағдарлама шеңберінде орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері кепілдендіру қатысушылары бола алмайды.

      5. Кепілдендіруге:

      1) ұйымдардың және кәсіпорындардың үлесін сатып алуға бағытталған;

      2) мемлекеттік даму институттары тікелей берген;

      3) жер учаскелерін сатып алуға арналған;

      4) жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға, оны салуға берілген;

      5) тұтынушылық мақсаттарға берілген;

      6) овердрафт түріндегі;

      7) акцизделетін өнімді өндіруге бағытталған;

      8) бұрын алынған қарыздарды қайта қаржыландыруға немесе өтеуге бағытталған;

      9) Бағдарлама қатысушыларына бұрын келтірілген шығындарды өтеу, Бағдарлама қатысушыларының жеке және/немесе заңды тұлғалардан, оның ішінде қатысушылардан, акционерлерден, лауазымды тұлғалар мен Бағдарламаға қатысушы жұмыскерлерден қаржылық көмек алуына байланысты туындаған берешекті өтеуге;

      10) делдал қызметтерге ақы төлеуге;

      11) бағалы қағаздарды сатып алуға (қоржын инвестициялары);

      12) үлестес тұлғалардан (байланысқан компаниялардан) негізгі құралдарды, активтерді сатып алуға;

      13) тіркелген/оффшорлық аймақтарда ашылған контрагенттердің банк шотының деректемелері және/немесе заңды тұлға туралы ақпарат болатын, кез-келген шарттарға/келісімшарттарға/келісімдерге төлем жасауға микрокредиттер жатпайды.

      6. Кепілдендіру Бағдарлама шеңберінде 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап МҚҰ/КС беретін, тек жаңа микрокредиттер бойынша ғана беріледі.

      7. Кепілдендіру жылына 6 %-дан аспайтын сыйақының номиналды мөлшерлемесімен микрокредиттер бойынша ғана жүзеге асырыла алады.

      8. Кепілдендіру жүзеге асырылатын, бір жоба бойынша МҚҰ/КС микрокредит сомасын қоса алғанда, 8000 АЕК аса алмайды.

      9. Ісін жаңа бастаған кәсіпкер үшін кепілдік мөлшері микрокредит сомасынан 85 %-нан артық бола алмайды. Қалған микрокредит сомасынан 15 % қатысушы кепілдік қамтамасыз етеді.

      10. Жұмыс істеп жүрген кәсіпкер үшін кепілдік мөлшері кредит/микрокредит сомасынан 50 %-дан артық бола алмайды. Қалған микрокредит сомасынан 50 % қатысушы кепілдік қамтамасыз етеді.

      11. Кепілдендіру кепілдік бойынша оның міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етуге шығарылған кредиттің/микрокредиттің қолданылу мерзіміне беріледі.

      12. Кепілдендіру шарты жасалатын микрокредит қамтамасыз етуді микрокредит беру туралы өзіндік шарт түрінде, соның ішінде кепілдік түрінде көрсете отырып, ресімделуге тиіс.

      13. Комиссия көлемі микрокредиттер бойынша кепілдік беру жергілікті атқарушы органдардан кепілдік көлемінен 30% құрайды және жергілікті бюджетте тиісті қаржы жылына көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады.

      14. МҚҰ/КС микрокредиттер бойынша кепілдіктерді әрі қарай беруі келесі жағдайларда тоқтатылады:

      1) Кепілдік берушінің кепілдігімен құрылған, МҚҰ/КС талаптар шегінен кепілдік берушінің төлегені кредит қоржыны көлемінен (берешек қалдығы) 10%-ға асқан кезде;

      2) микрокредит бойынша берілген кепілдік комиссия төлемі бойынша ЖАО жасалған шартты бұзуы;

      3) МҚҰ/КС микрокредит беру ұйымдарын қорландыруды тоқтатуы.

      15. Кепілдік беруші іске асырылатын Бағдарламаның жарнамалық кампаниясын өткізуге және өзінің ресми интернет ресурсында Бағдарламаны іске асыру туралы ақпаратты орналастыруға құқылы.

      16. Кепілдік беруші келесі жағдайларда кепілдікті беруден бас тартуға құқылы:

      1) жобаның экономикалық орынсыздығы және тиімсіздігі;

      2) жобаның Бағдарлама талаптарына сәйкес келмеуі;

      3) Бағдарламаға қатысушының және олармен үлестес заңды және жеке тұлғалардың жағымсыз кредиттік тарихының болуы;

      4) микрокредит бойынша берілген кепілдік комиссия төлемі бойынша ЖАО жасалған шартты бұзуы;

      5) МҚҰ/КС микрокредит беру ұйымдарын қорландыруды тоқтатуы.

      17. Кепілдендіру микрокредит бойынша негізгі қарыз сомасы шегіндегі субсидиарлық жауапкершілік шарттарында беріледі.

      18. Кепілдік беруші шешімімен микрокредит (-тер) бойынша қамтамасыз ету ретінде берілетін мүлік сақтандыруға жатады.

3-тарау. Бағдарлама қатысушыларының кепіл беру үшін өзара іс-қимыл тәртібі

      19. Бағдарламаға қатысушы микрокредит алуға өтінішпен МҚҰ/КС жүгінеді.

      20. МҚҰ/КС Бағдарлама қатысушысының өтінішін қарайды және қамтамасыз ету жеткілікті болмаған жағдайда, кепілдік берушінің жартылай кепілдігі бойынша микрокредит беру мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды.

      21. Оң шешім қабылдаған жағдайда, МҚҰ/КС кепілдік берушіге өтініш жасап мыналарды:

      1) Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кепілдік сомасын есептей отырып, микрокредит беру мүмкіндігі туралы оң шешіммен хат;

      2) Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес кәсіпкерлік сараптамасын жүргізу үшін МҚҰ/КС кепілдік берушіге беретін құжаттар тізбесінде көрсетілген қажетті құжаттарды береді.

      22. Кепілдік беруші МҚҰ/КС құжаттардың толық пакетін алғаннан кейін 14 (он төрт) жұмыс күні ішінде өз бетімен кепілдік берушінің ішкі құжаттарымен белгіленген рәсімге сәйкес алынған құжаттарды қарап, кепілдік беру (бермеу) туралы шешім шығарады.

      23. Берілген құжаттарға ескертулер болған және/немесе қосымша ақпарат ұсыну қажет болған жағдайда, кепілдік беруші МҚҰ/КС анықталған ескертулерді және/немесе ақпаратты беру туралы сұрауды жолдайды. Бұл ретте Кепілдік берушінің өтінімді қарау процесі тоқтатылады.

      24. Өтініштерді қарастыру қорытындылары бойынша, Кепілдік беруші микрокредит бойынша кепілдік беру туралы шешім қабылдайды және жаубын МҚҰ/КС жолдайды.

      25. Кепілдік беру бойынша Бағдарламаға қатысушы теріс шешім алған жағдайда,оған жазбаша дәлелді жауап беріледі.

      26. Кепілдік берушінің МҚҰ/КС кепілдік мүмкіндігі туралы оң шешім болған кезде кепілдік берушіге кредит/микрокредит беру, кепілді рәсімдеу туралы қол қойылған құжаттар көшірмелерін жолдайды.

      27. Кепілдік беруші өзіндік кепілдендіру талаптарымен оң шешім қабылдауға құқылы.

      28. МҚҰ/КС микрокредит беру туралы қол қойылған шарттың көшірмесін алғаннан кейін кепілдік беруші МҚҰ/КС жолдайтын кепілдендіру шартын үш данада рәсімдеп, қол қояды.

      29. МҚҰ/КС және кәсіпкер кепілдендіру шартын жасасып және шарттың данасын кепілдік берушіге береді.

      30. Кепілдендіру шартын рәсімдеп, қол қою рәсімі аяқталғаннан кейін МҚҰ/КС кәсіпкерге микрокредит беруді жүзеге асырады.

      31. Шығарылуы жоспарланатын кепілдікке төлем жасау мақсатында ЖАО кезекті жылдың басында кепілдендіруге бөлінген микрокредит сомасынан 50 %-ды кепілдік берушіге аударады.

      32. Ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдарға кепілдендіруге бөлінген қаражаттың қалған бөлігі келесі жолмен кепілдік шарттарын жасауға қарай, жыл бойы кепілдік берушіге аударылған, қаражаттың бірінші жартысын толық игергеннен кейін Кепілдік берушіге аударылады:

      1) кепілдендіру шартын жасағаннан кейін кепілдік беруші осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органға жолдайды;

      2) ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша жергілікті атқарушы орган кепілдік берушіден кепілдендіру шартын жасасу туралы өтінім алғаннан кейін кепілдік берушінің ағымдағы шотына кепілдіктердің сомасынан 30 % мөлшерінде қаражатты аударуды жүзеге асырады.

      33. Осы Қағидалар шеңберінде кепілдендіруге бөлінген және кепілдік берушінің ағымдағы қаржы жылында пайдаланбаған қаражаты ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органға қайтарылады.

      Жобаларды кепілдендіруге бөлінген бюджет қаражаттары жетіспеген жағдайда, ауыл шаруашылығы мәселері бойынша жергілікті атқарушы органдар ағымдағы қаржы жылында жобаларды кепілдендіруді тоқтатқаны туралы хабардар етеді.

      34. Кепілдендіру бойынша төлем кепіл мүлкін өндіріп алу бойынша МҚҰ/КС, кәсіпкердің және кепілдік берушінің арасындағы шартқа сәйкес, микрокредитті қайтару бойынша МҚҰ/КС жұмысын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, МҚҰ/КС өтініші негізінде жүзеге асырылады.

      35. МҚҰ/КС пайдасына кепілдендіру бойынша төлем микрокредит бойынша мерзімі өтіп кеткен сәттен бастап 180 күнтізбелік күн өткен соң жүзеге асырылады.

4-тарау. Мониторинг

      36. Кепілдік беруші бизнес жобаның іске асырылуына мониторинг жүргізуге құқылы, оның функцияларына мыналар жатады:

      1) МҚҰ/КС және/немесе қатысушы беретін деректер мен құжаттар негізінде, сонымен қатар кәсіпкерге өз бетімен бару кезінде алынған, өзінің деректері негізінде кепілдендіру шарты жасалған қатысушының мониторингісі;

      2) МҚҰ/КС беретін деректер немесе өзге дұрыс дереккөздер негізінде кәсіпкердің төлем тәртібінің мониторингі.

      37. Мониторинг функцияларын жүзеге асыру үшін кепілдік беруші кәсіпкер мен МҚҰ/КС Бағдарлама шеңберінде мониторинг тақыбырына қатысты қажетті құжаттар мен ақпаратты сұратады, ал кәсіпкер мен МҚҰ/КС береді. Кепілдік беруші оны іске асыру орнына барып, жобаны іске асыру мониторингісін өз бетімен жүзеге асырады.

      38. Кепілдік беруші кепілдіктің күшін микрокредитті мақсатқа сай пайдаланбау, Бағдарлама талаптарын бұзу, кепілдендіру шартында кепілдік берушінің кепілдікті беру туралы шешімімен белгіленген талаптарын орындамау фактілері анықталған кезде, кепілдік шартында және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да жағдайларда жоюға құқылы.

      39. МҚҰ/КС кәсіпкер жобасын іске асырылуына келесілерден тұратын мониторингті жүзеге асырады:

      1) ай сайын – ағымдағы мониторинг;

      2) жыл сайын – МҚҰ/КС ішкі құжаттарымен белгіленген тәртіпте және міндетті тәртіпте жобаның іске асырылу барысы туралы ақпараттан тұратын (бизнес-жоспарға сай) кәсіпкер жобасының іске асырылу барысының кеңейтілген мониторингі.

      40. МҚҰ/КС қызметін жүзеге асыруға басталған шектеулер немесе тыйым салулар, сонымен қатар меншік құқықтарының бір уақытта сатылуы немесе бір уақытта өтуі және/немесе МҚҰ/НС акцияларының /үлестерінің 10 % астамын иелену және пайдалану құқықтарының өтуі туралы жазбаша түрде 3 жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлайды.

      41. Осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес кәсіпкердің жобаны (-ларын) іске асыру барысына ағымдағы мониторинг туралы есепті МҚҰ/КС Кепілдік берушіге ай сайынғы негізде жазбаша түрде есептік кезеңнен кейінгі айдың бірінші күнінен кешіктірмей береді және Кепілдік беруші белгіленген жауапты орындаушының электрондық мекенжайына қосымша жолданады.

      42. Кепілдік беруші МҚҰ/КС есептері негізінде есептік кезеңнен кейінгі айдың 3 күніне дейін ай сайын ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органға берілген кепілдіктер ескеріліп, елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалаларда берілген микрокредиттер бойынша ақпарат береді.

      Ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша жергілікті атқарушы орган кепілдік берушінің есептері негізінде есептік кезеңнен кейінгі айдың 5 күніне дейін ай сайын халықты жұмыспен қамту орталықтарына және Уәкілетті органға ақпарат береді. Жарты жылдың және есепті жылдың қорытындысы бойынша есептіден кейінгі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде ақпаратты береді.

      Уәкілетті орган ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органның ақпараты негізінде есептік кезеңнен кейінгі айдың 10 күніне дейін ай сайын халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органға берілген кепілдіктер бойынша ақпарат береді.

  Ауылдық жерлерде және
шағын қалаларда
микроқаржы ұйымдары
және кредиттік
серіктестіктер беретін
микрокредиттер бойынша
кепілдік беру
қағидаларына
1-қосымша
  "КазАгроКепіл"
  акционерлік
  қоғамы
  _______________________
  ___________________ -нен

Кепілдік сомасын есептей отырып кредит беру мүмкіндігі туралы оң шешімді хат

      " " микроқаржы ұйымы / кередиттік серіктестік 20_ ж. _____ келесі талаптармен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасы шеңберінде микрокредитті беру туралы оң шешім қабылданғанын хабарлайды:

1

Қарыз алушының толық атауы


2

Өнім атауы (қаржыландыру)

микрокредит

3

Микрокредит сомасы мен валютасы


4

Микрокредит берудегі мақсат


5

Микрокредит мерзімі


6

Сыйақы мөлшерлемесі


7

Негізгі қарызды өтеу тәртібі мен мерзімдері


8

Сыйақыны өтеу тәртібі мен мерзімдері


9

Микрокредит бойынша қамтамасыз ету тізбесі

Объектінің атауы, орналасқан жері, кепіл құны ____ теңгеден кем емес. Нарықтағы құны _____ теңге;
Объектінің атауы, орналасқан жері, кепіл құны ____ теңгеден кем емес. Нарықтағы құны _____ теңге;
Жеке тұлғалардың жеке кепілдігі:
__________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
Кепілмен қамтамасыз етудің жалпы сомасының жиыны ______ теңге.

10

Кепілдік мөлшерін есептеу


      Баяндалғандардың негізінде, Сізден ___ айларға дейін мерзіммен, _____________ теңге мөлшерінде кепілдік беру мүмкіндігін қарастыруды сұраймыз.

      Микроқаржы ұйымы/кредиттік серіктестік ___________

      (қолы)

      Мөр (бар болса) орны

  Ауылдық жерлерде және
шағын қалаларда
микроқаржы ұйымдары
және кредиттік
серіктестіктер беретін
микрокредиттер бойынша
кепілдік беру
қағидаларына
2-қосымша

Кәсіпкер сараптамасын жүргізу үшін берілетін құжаттар тізбесі

1. Жалпы құжаттар:

Құжат атауы

Нысаны

1

Құжаттар тізбесіне ілеспе хат

түпнұсқа

2

Құжаттарды қабылдап-тапсыру актісі

түпнұсқа

3

Микроқаржы ұйымдарында (бұдан әрі – МҚҰ) кредиттік серіктестіктердің (бұдан әрі – КС) микрокредит алуға арналған өтінімі

МҚҰ/КС уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырған көшірмесі

4

Кепілдік алуға өтінім

түпнұсқа

5

Кепілдік берушінің кепілдігімен микрокредит беру туралы МҚҰ/КС уәкілетті органының шешімі

МҚҰ/КС уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырған көшірмесі

6

МҚҰ/КС кредиттік, кепіл және заң бөлімшесінің және тәуекелдер бөлімшесінің, МҚҰ/КС қауіпсіздік қызметінің сараптамалық қорытындылары, (болған кезде)

уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырған көшірмесі

7*

Соңғы есептік күндегі жағдай бойынша кәсіпкердің қаржы құжаттары (берешектің пайда болған күнін, жоспарланған өтеу күнін және берешек нысанасын көрсете отырып кредиторлық және дебиторлық берешектің толық жазылуы, негізгі құралдардың, тауарлық-материалдық запастың толық жазылуы, соңғы 12 айдағы кірістермен шығыстар туралы есеп (жеке кәсіпкер, шаруа қожалығы үшін)

МҚҰ/КС уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырған көшірмесі

8*

Кәсіпкердік мөрімен куәландырылған, жылдың басына және соңғы есептік күндегі жағдай бойынша кәсіпкердің қаржы құжаттары (берешектің пайда болған күнін, жоспарланған өтеу күнін және берешек нысанасын көрсете отырып жылдың басына және соңғы есептік күндегі кредиторлық және дебиторлық берешектің толық жазылуы, негізгі құралдардың, тауарлық-материалдық запастың толық жазылуы (заңды тұлғалар үшін)

МҚҰ/КС уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырған көшірмесі

9*

Кірістер мен шығыстар туралы есеп баптарының толық жазылуы – өткізуден түскен кіріс, өзіндік құны, кезең шығыстары, өзге кірістер мен шығыстар, қарастырылатын кезеңде ақшалай және заттай көріністе өткізілген өнімнің көлемі (әрекет етуші жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін)

МҚҰ/КС уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырған көшірмесі немесе түпнұсқа

10

Несие берешегінің, оның ішінде қаржы ұйымдарынан мерзімі ұзартылған берешектің болуы туралы анықтамалар (кредиттер болғанда)

Түпнұсқа (30 күнтізбелік күнге дейін МҚҰ/КС уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырған көшірмесі рұқсат етіледі)

11

Салықтар мен бюджетке басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқтығы (болуы) туралы анықтама

Түпнұсқа (egov.kz-тен анықтама)

12

Екінші деңгейлі банктерде бар барлық шоттар туралы мәліметтер

кәсіпкер хатының түпнұсқасы

13

Рұқсаттар, патенттер, квоталар және тағы басқалар (егер өтінім берушіні қызметінің түрі рұқсатты талап етсе немесе қарыз қаражаты бағытталатын тауарлар мен қызметтердің жекелеген түрлеріне рұқсатты талап етсе)

МҚҰ/КС уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырған көшірмесі

14

Бизнес-жобаны іске асыру бойынша құжаттар (болған кезде):
1) Келісімшарттар, сатып алу-сату шарттары, ниет шарттары, жұмыстар жүргізуге шарттар (мердігердің құрылыс-монтаждау жұмыстарын немесе өзге қызметтің түрлерін жүргізуге лицензияны қоса бере отырып), қызметтер көрсету, орындалған жұмыстар актілері, төлемге шоттар және тағы басқалар;
2)жоспарланатын жұмыстар бойынша смета, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге тиісті рұқсат (егер кредит құрылыс саласында пайдалану, қайта жаңғырту және тағы басқалар үшін берілсе) және тағы басқалар;
3) жобаға өзінің қатысатынын растайтын құжаттар;
4) жобаны қарастыру шеңберінде МҚҰ/КС пайдаланатын кез-келген басқа құжаттар

МҚҰ/КС уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырған көшірмесі

15

Бизнес-жоспар

түпнұсқа немесе МҚҰ/КС уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырған көшірмесі

16

Соңғы және ағымдағы жылдары қолданыста болған және өңделген келісімшарттар (бар болса)

көшірмелер

17

Кредиттік келісімдер (қолданыстағы кредиттер болған кезде)

көшірмелер

18

МҚҰ/КС атынан кредит/микрокредит, кепіл мен кепілдік беру туралы шартты жасасқан адамның өкілеттіктерін растайтын құжаттар.

МҚҰ/КС мөрімен куәландырылған көшірмелер (кепілдендіру шартын жасасқан сәтке МҚҰ/КС бере алады)

19

Кредит бюросынан кредиттік есеп

МҚҰ/КС уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырған көшірмесі

20

Ісін жаңа бастаған кәсіпкердің оқудан өткенін растайтын сертификат

МҚҰ/КС уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырған көшірмесі

21

Соңғы есепті кезеңге салық декларациясы

МҚҰ/КС уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырған көшірмесі

      Ескертпе: қаржылық есептіліктің ескіру мерімі МҚҰ/КС құжаттар пакетін беру күніне 3-айдан аспауы тиіс.

      * - ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің жобасы бойынша бұл құжаттар бар болған жағдайда ұсынылады..

      2. Кәсіпкердің құқықтық мәртебесін және өкілеттігін айқындайтын құжаттар

      1) Егер кәсіпкер дара кәсіпкер болып табылса:

Құжат атауы

Нысаны

1

Жеке басын куәландыратын құжат

МҚҰ/КС уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырған көшірмесі

2

Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен көзделген жағдайларда - патент

МҚҰ/КС уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырған көшірмесі (электрондық анықтама да болады)

3

Қолдардың үлгілерімен және мөртабанымен құжат

нотариалды куәландырылған түпнұсқа

4

Кредит бюросына ақпаратты беруге және кредит есебін алуға кәсіпкердің келісімі

түпнұсқа Кепілдік берушінің атына беріледі

5

Жеке деректерді жинауға және өңдеуге кәсіпкердің келісімі

түпнұсқа Кепілдік берушінің атына беріледі

      2) Егер кәсіпкер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген заңды тұлға болып табылса:

Құжат атауы

Нысаны

1

Жарғы, оған өзгерістер мен толықтырулар

нотариалды куәландырылған көшірмесі

2

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік/анықтама

Куәлік/анықтама

3

Бірінші басшыны тағайындау туралы кәсіпкердің уәкілетті органының шешімі, бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық

түпнұсқа немесе МҚҰ/КС уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырған көшірмесі

4

МҚҰ/КС/Кепілдік берушімен кәсіпкердің атынан құжаттарға қол қоюға уәкілетті адамның жеке басын куәландыратын құжат, сондай-ақ оның өкілеттігін растайтын құжаттар

МҚҰ/КС уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырған көшірмесі

5

Кепілдік берушіні тарту туралы шешім қабылдаған, кәсіпкердің уәкілетті органының шешімі

Кепілдік беруші бекіткен нысан бойынша түпнұсқасы

6

Микрокредитті тарту туралы шешім қабылдаған, кәсіпкердің уәкілетті органының шешімі

МҚҰ/КС бекіткен нысан бойынша түпнұсқасы

7

Бірінші басшының, бас бухгалтердің қолдарының үлгілерімен және кәсіпкердің мөртабанымен құжат

нотариалды куәландырылған түпнұсқасы

8

Кредит бюросына ақпаратты беруге және кредит есебін алуға кәсіпкердің келісімі

түпнұсқа Кепілдік берушінің атына беріледі

      Ескертпе: Бірнеше беттен тұратын құжатты берген жағдайда, ондай құжат тігіліп, нөмірленіп, уәкілетті адамдардың қолымен және құжаттың әр парағында мөрмен (бар болса) куәландырылуы тиіс.

  Ауылдық жерлерде және
шағын қалаларда
микроқаржы ұйымдары
және кредиттік
серіктестіктер беретін
микрокредиттер бойынша
кепілдік беру
қағидаларына
3-қосымша
  Ауыл шаруашылығы
  Мәселелері
  бойынша жергілікті
  атқарушы орган

Комиссиияны алуға өтінім

      Осы арқылы "КазАгроКепіл" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) Ауылдық жерлерде және шағын қалаларда микроқаржы ұйымдары/кредиттік серіктестіктер беретін микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) екінші бағыты шеңберінде, Қоғам, ДК/ЖШС/_____ ШҚ (Кәсіпорын атауы) және __________ (МҚҰ/КС атауы) арасында кепілдендіру шартына қол қойылғанын хабарлайды:

      кепілдік сомасы _________

      кепілдік мерзімі _________

      кепілдік _____ № _____ микрокредит беру туралы шарт бойынша _________ (МҚҰ/КС атауы) алдында ДК/ЖШС/ ШҚ міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету ретінде берілді.

      Жоғарыда баяндалғандарға байланысты,Сізден келесі деректемелер бойынша _____________ (кепілдік сомасынан 30%) мөлшерінде кепілдік сомасын аударуыңызды сұраймыз:

      Банк атауы________________

      ЖСК _____________________

      ЖСК_____________________

      БСН _____________________

      ТБК______________________

      Сізден төлем тағайындаған кезде Қарыз алушының атауын және кепілдік құны аударылатын кепілдендіру шартының күнін көрсетуді сұраймыз.

__________________
(лауазымы)

__________________
(қолы)

________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар
болған жағдайда)

  Ауылдық жерлерде және
шағын қалаларда
микроқаржы ұйымдары
және кредиттік
серіктестіктер беретін
микрокредиттер бойынша
кепілдік беру
қағидаларына
6-қосымша
  Нысан

Жобаны іске асыру барысының ағымдағы мониторингі туралы есеп

Кредитор атауы

Қарыз алушының жүгіну орны (облыс, өңір)

Қарыз алушының атауы

Қарыз алушының ЖСН/БСН

Заңды мәртебессі

Микрокредит беру туралы шарттың /Кредит желісін ашу туралы келісімнің №

Микрокредит беру туралы шарттың /Кредит желісін ашу туралы келісімнің күні

Кредит мерзімі

Кредит сомасы

Кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі

Негізгі қарызды өтеу бойынша жеңілдік кезеңі

Сыйақыны төлеу бойынша жеңілдік кезеңі

Кредит бойынша беру күні (транш)

Қаражатты нақты беру мерзімі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15
















      Кестенің жалғасы

Есептік күнге негізгі қарыздың берешегінің қалдығы

Кепілдендіру шартының нөмірі

Кепілдендіру шартының күні

кепілдік сомасы

Кепілдік бойынша міндеттемелерді орындау сомасы

Негізгі қарыз бойынша мерзімі өткен берешектің сомасы

Негізгі қарыз бойынша мерзімі өткен күндер саны

Сыйақыны төлеу бойынша мерзімі өткен күндер саны

Кредиттеу нысаны (инвестициялық кредит/ айналым қаражатын толықтыру)

ЭҚНК бойынша код

Жоба бойынша бизнес (бастапқы/ әрекеттегі)

Микрокредит беру туралы шарт /Кредит желісін ашу туралы келісім бойынша қолжетімділік кезеңі

МҚҰ/КС уәкілетті тұлғасының/органының шешім күні

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28














      Лауазымды адам __________ ____________________________________________

      (қолы)            (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Мөр (бар болса) орны

      Жауапты қызметкер __________ _________________________________________

      (қолы)            (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Ескертпе: қабылданған қысқарту ЭҚЖЖ – экономикалық қызмет түрлерiнiң жалпы жiктеуiшi

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2017 жылғы 10 наурыздағы
№ 109 бұйрығына
3-қосымша

Микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысымен бекітілген, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) екінші бағыты шеңберінде әзірленді, шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде микрокредит беруді кеңейту үшін (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) жергілікті бюджетте тиісті қаржы жылына көзделген қаражат есебінен және шегінде микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарына субсидия беру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – Уәкілетті орган) – агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;

      2) ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган – жергілікті атқарушы органдардың ауыл шаруашылығын басқару функцияларын іске асыратын құрылымдық бөлімшесі;

      3) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) (бұдан әрі – ЖАО) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;;

      4) кредит – мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық және нысаналы пайдалану шарттарымен қарыз шарты негізінде микрокредит беру ұйымдары микроқаржы ұйымдарына ұсынатын ақша сомасы. Кредит бірыңғай сомамен, сондай-ақ бөліктермен (транштармен) берілуі мүмкін;

      5) қарыз шарты – оның шарттары бойынша микрокредит беру ұйымы кейіннен шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) микрокредит беру үшін микроқаржы ұйымдарға (бұдан әрі - МҚҰ) кредит беретін микрокредит беру ұйымы мен МҚҰ арасында жасалатын жазбаша келісім;

      6) қызмет көрсетуші банк – қарыз шарттары бойынша субсидияны аудару мен есептен шығаруға арналған арнайы ағымдағы шотты жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асыруға уәкілетті екінші деңгейдегі банк;

      7) микрокредит беру ұйымы – "Аграрлық несие корпорациясы" акционерлік қоғамы;

      8) микроқаржы ұйымы – коммерциялық ұйым болып табылатын, ресми мәртебесі әділет органдарында мемлекеттік тіркелумен және есептік тіркеуден өтуімен айқындалатын, микрокредиттер беру жөнiндегi қызметтi, сондай-ақ "Микроқаржы ұйымдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңында рұқсат етілген қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлға;

      9) операциялық шығыстар – Бағдарлама шеңберінде микрокредит беру ұйымынан қаражат алған сәттен бастап микрокредит беру саласындағы қызметті жүзеге асырумен байланысты микроқаржы ұйымдарының шығындары;

      10) субсидиялау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) – облыс әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің, қоғамдық ұйымдарының өкілдерімен, ӨКП, субсидиялау операторы қатысатын, облыс әкімінің орынбасары төрағалық ететін консультативтік-кеңестік орган;

      11) субсидиялау операторы (бұдан әрі – оператор) – "Аграрлық несие корпорациясы" акционерлік қоғамы;

      12) субсидиялау шарты – оған сәйкес МҚҰ-ның операциялық шығыстары субсидияланатын, қаражатты аудару тәртібі мен шарттарын, тараптардың жауапкершілігін көздейтін ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органы мен МҚҰ арасында жасалатын субсидиялау жөніндегі жазбаша келісім.

2-тарау. Субсидияларды алу шарттары

      3. Шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) берілген МҚҰ микрокредиттерін беруге жұмсалған операциялық шығыстар субсидиялауға жатады.

      4. МҚҰ субсидияны алушылар болып табылады.

      5. Субсидиялар мөлшері микрокредит беру ұйымынан алынған қорландыру есебінен шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) МҚҰ берген микрокредиттер көлемінің 10%-ын құрайды.

      6. Субсидиялар келесі шарттар сақтаған жағдайда беріледі:

      МҚҰ операторға келесі құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялауға өтінімді (бұдан әрі – субсидиялауға арналған өтінім):

      микрокредит беру ұйымы мен МҚҰ арасында жасалған негізгі борыш пен сыйақыны өтеу кестесі қоса берілген қарыз шартының көшірмесін;

      мынадай жолмен есептелетін субсидиялар көлемдерінің есептемесін:

      Wс = Wо*10%, мұндағы:

      Wс - МҚҰ-ның субсидияланатын операциялық шығыстарының сомасы;

      Wо - микрокредит беру ұйымынан алынған қорландыру есебінен ауылдық жерлерде және шағын қалаларда (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) МҚҰ берген микрокредиттердің көлемі. Бөлшек сан алынған жағдайда, нәтиже азайтылу жағына қарай тұтас санға дейін дөңгелектенеді;

      кредитті алу туралы қарыз алушының есеп шотының немесе кредитті аударуды растайтын құжаттың көшірмесі.

      7. Олар бойынша МҚҰ операциялық шығыстарға субсидиялар алған бұрын берілген микрокредиттерден қайтарылған қаражат (негізгі борышты және сыйақыны өтеу бойынша төлемдер) есебінен МҚҰ-ға берілген микрокредиттерді беруге МҚҰ-ның операциялық шығыстары субсидиялауға жатпайды.

      8. Субсидия микрокредит беру ұйымы шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) микрокредит беру үшін МҚҰ-ға берген қаражаттың операторы растаған толық игерілген көлемдері бойынша бір рет МҚҰ-ға төленеді.

3-тарау. Субсидияларды есептеу тәртібі

      9. Комиссия мақұлдаған қарыз шарты бойынша субсидиялау көлемдерін есептеу шарттың барлық қолданыс мерзіміне шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) МҚҰ-ға берілген микрокредит көлемінің 10%-ы мөлшерде бір рет және микрокредит беру ұйымдарынан алынған қорландыру қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Бұл ретте комиссия облыс әкімінің шешімі негізінде құрылады.

      10. Субсидиялау комиссияның шешімі бойынша мынадай :

      1) МҚҰ-ның негізгі борышты және/немесе сыйақыны өтеу бойынша мерзімі күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен асатын орындалмаған міндеттемелерінің болуы;

      2) заңды күшіне енген сот шешімі бойынша МҚҰ шоттарына тыйым салынуы;

      3) МҚҰ-ның микрокредит беру ұйымы алдында қарыз шарты бойынша міндеттемелерді толық орындауы;

      4) МҚҰ бюджеттік субсидияларды алудан бас тарту туралы жазбаша өтініш берген;

      5) қарыз шартын бұзу жағдайларында тоқтатылады.

      11. Осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген негіздемелер бойынша субсидиялауды тоқтату операторының бастамасы бойынша жүзеге асырылады, ол оған көрсетілген фактілер белгілі болған сәттен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде комиссияның кезектен тыс отырысының қарауына субсидиялауды тоқтату туралы мәселені жолдайды.

      12. Субсидиялау жөніндегі комиссия субсидиялау өтінімдерін қабылдауды тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайда, ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органы 2 жұмыс күні ішінде операторын хатпен хабарландырады.

4-тарау. Субсидияларды төлеу тәртібі

      13. Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган мен операторы арасында операторының қызметтерді көрсету тәртібін, шарттарын, сондай-ақ негізгі шарттар мен тараптардың жауапкершілігін көздейтін МҚҰ операциялық шығыстарын субсидиялау бойынша оператор қызметін көрсету шарты (бұдан әрі – қызмет көрсету шарты) жасалады.

      14. МҚҰ микрокредит беру ұйымы ұсынған қаражатты толық игергеннен соң операторына осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, субсидиялауға арналған өтінім береді.

      Субсидиялау операторы субсидиялауға арналған өтінімді және осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде:

      1) ұсынылған құжаттардың толықтығын және олардың осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді;

      2) осы Қағидалардың шарттарына сәйкестік/сәйкессіздік туралы қорытындыны ресімдейді, әр қарыз шарты бойынша тиесілі субсидиялар көлемін есептейді;

      3) осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген құжаттарды, қарыз алушылардың осы Қағидалардың шарттарына сәйкес болуы/болмауы туралы оператордың қорытындысын, әр қарыз шарты бойынша тиесілі субсидиялар көлеміндерінің есептемелерін электрондық жеткізгіште жергілікті атқарушы органға жолдайды. Оператордың қорытындысы ұсыныс сипатында болады.

      15. Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органы субсидиялауға арналған өтініштердің келіп түсуіне қарай комиссияның отырысын ұйымдастырады. Комиссияның сандық құрамы тақ болуы тиіс және кем дегенде бес адамнан құралуы керек. Комиссияның хатшысы оның мүшесі болып табылмайды.

      16. Егер комиссияның отырысына мүшелердің жалпы саныың кемінде үштен екі бөлігі қатысса, комиссияның шешімі заңды болып танылады.

      17. Субсидиялау өтінімдерін мақұлдау/мақұлдамау туралы шешім субсидиялау жөніндегі комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады және хаттама түрінде ресімделеді.

      18. Субсидиялау жөніндегі комиссияның хаттамалық шешімі:

      1) МҚҰ атауы мен орналасқан жерін;

      2) мақұлданған/қабылданбаған қарыз алушылардың аттары аталып жасалған тізбені, қабылдамау себептерін;

      3) әр қарыз шарты бойынша кредит сомасын;

      4) әр қарыз алушы бойынша әр қарыз шартының қолданыс мерзімін;

      5) әр қарыз шарты бойынша нысаналы мақсатын;

      6) әр қарыз шарты бойынша субсидиялардың жалпы сомасын қамтиды.

      19. Субсидиялауға арналған өтінімдерді қарау субсидиялауға арналған өтінім операторына түскен күннен бастап кезектілік тәртібімен жақын арадағы комиссия отырысында жүзеге асырылады және операторға субсидиялауға арналған өтінімдер түскен күнмен айқындалады.

      20. Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органы комиссия отырысы өткізілгеннен кейін 2 жұмыс күні ішінде комиссия мүшелерінің қолтаңбаларын жинайды, комиссия отырысының хаттамасынан үзінді көшірменің түпнұсқасын ресімдейді және операторына жолдайды.

      21. Комиссия хаттамасынан үзінді көшірмені алған сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде оператор комиссия қабылдаған шешім туралы және субсидиялау шартын жасау үшін ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға жүгіну қажеттілігі туралы МҚҰ-ны хабарландырады.

      22. Қарыз шарттары бойынша МҚҰ операциялық шығындарын субсидиялау үшін ақшаны ұсыну субсидиялау шартына сәйкес жүзеге асырылады.

      23. Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органы МҚҰ жасалған субсидиялау шарттары бойынша субсидиялар сомасын аудару үшін арнайы банк шотын ашады, ал мұндай мүмкіндік болмаса, қызмет көрсетуші банкте арнайы шот ашады.

      24. Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органы субсидиялау шартына қол қойылған сәттен бастап 7 жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялау үшін бюджет қаражатын аударуға өтінім негізінде МҚҰ шотына ақша аударымын жүзеге асырады.

      25. МҚҰ ақшалай қаражатты тек қана МҚҰ операциялық шығыстарының орнын толтыру үшін арнайы банк шотында пайдаланады. Операциялық шығыстар сомасын толық растамаған жағдайда, МҚҰ арнайы банк шотынан ақшаны алу операциялық шығыстардың расталуына қарай жасалады.

5-тарау. Мониторинг

      26. Микрокредит беру ұйымы ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 3-күніне дейінгі мерзімде ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға МҚҰ арқылы микрокредит берудің нақты игерілген сомасы және субсидиялау көлемі туралы ақпаратты ұсынады.

      Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган микрокредит беру ұйымының ақпараты негізінде ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде халықты жұмыспен қамту орталықтарына және Уәкілетті органға ақпаратты жарты жылдық және жылдық есепті қорытындылары бойынша есепті кезеңнен кейінгі айдың айдың 10-күніне дейінгі мерзімде ұсынады.

      27. Уәкілетті орган ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органның ақпараты негізінде ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға МҚҰ арқылы берілген микрокредиттер және субсидиялау сомалары туралы ақпарат береді.

  Микроқаржы ұйымдарының
операциялық шығыстарын
субсидиялау қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялауға өтінім

      Қаржы институты: __________________________________________________________

      (қаржы институтының атауы)

      Қарыз алушы: _____________________________________________________________

      (микроқаржы ұйымының толық атауы)

      Кімге: ____________________________________________________________________

      (оператордың атауы)

Қатысушы туралы мәліметтер

1

Қарыз алушының атауы


2

Басшының тегі, аты, әкесінің аты


3

Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің немесе анықтаманың нөмірі мен күні (нөмірі, күні және берілген орны, БСН/ЖСН)


4

Заңды мекенжайы


5

Нақты мекенжайы


6

Банктік деректемелері


7

Байланыс телефондары


8

Кредиттер бойынша бұрын алынған субсидиялар (болған жағдайда) туралы осы өтінімде көрсетілген мәліметтер: шарттың № мен күні, кредит/лизинг сомасы, қаржы институтының атауы, бюджеттік бағдарламаның атауы


9

Банк операцияларын жүзеге асыру құқығына лицензия туралы мәліметтер (болған жағдайда): лицензияның № мен күні, кім берді


      2. Субсидиялауға жататын кредит шарттары (бұдан әрі – КШ) туралы ақпарат

КШ (№ мен күні)

Сома, теңге

Сыйақы мөлшерлемесі, %

Субсидиялау күніне негізгі борыш бойынша берешек қалдығы, теңге

КШ қолданыс мерзімінің аяқталу күні

Кредит беру валютасы


2

3

4

5

6

7
























Кредит беру мақсаты*

Кредит нысанасы/Саны


8

9







      Ескертпе: *айналым қаражатын толтыру/негізгі құралдарды сатып алу/құрылысы (қажеттісі қойылсын).

      Осымен:

      1) қарыз алушының кредит шарттары бойынша өзге мемлекеттік және/немесе бюджеттік бағдарламалар бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау түріндегі қолдау көрсетілмейтіндігі;

      2) қаржылық берешекті қайта құрылымдау және жедел оңалту рәсімін қолдану жағдайларын қоспағанда, қарыз алушы қызметінің ұйымдық-құқықтық нысанды өзгеру, таратылу немесе банкротқа ұшырау сатысында еместігі, сондай-ақ қызметтің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тоқтатылмағандығы;

      3) микрокредиттердің нысаналы мақсаты Шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде кредит және микрокредит беру қағидаларына сәйкес келетіндігі;

      4) қарыз алушының шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде Микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялау қағидаларына сәйкес қажетті құжаттарды ұсынғаны расталады.

      Қарыз алушының аты, тегі, әкесінің аты (болған жағдайда) және қолы

      __________________________________________________________________________

      мөр орны (болған жағдайда)

      Қаржы институты басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және қолы

      _______________________________________________________________

      мөр орны (болған жағдайда)

      Қаржы институты өтінімді берген күн 20___ жылғы "___" _______.

      Оператор өтінімді қабылдаған күн 20__жылғы "____" ____________.

      Өтінімді қабылдаған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және телефон нөмірі

      __________________________________________________________________________

      _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _

      (кесу сызығы)

      Талон

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысымен бекітілген, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) микроқаржы ұйымдарының операциялық шығындарын субсидиялауға арналған №___________________ өтінім 20__жылғы "____" ________ ______ сағат ____ минутта қарауға қабылданды.

      ___ _______________________________________________________________________

      (қолы) (өтінімді қабылдаған жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

  Микроқаржы ұйымдарының
операциялық шығыстарын
субсидиялау қағидаларына
2-қосымша

Микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялауға бюджеттен қаражат аударуға арналған өтінім

      20__ жылғы "____" __________

      Осымен, ____________________________________________ тиісті бюджеттік

      бағдарламасы аясында _____________________ микроқаржы ұйымы 20___ жылғы "____"

      __________ № _____ субсидиялау шартына сәйкес __________ облысының Ауыл

      шаруашылығы басқармасынан микроқаржы ұйымының № _________________ шотына

      ____________________ кезеңі үшін бюджеттен _______________________ теңге сомасында

      қаражат аударуды сұрайды.

      Микроқаржы ұйымының басшысы _______________

      (қолы)

      __________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Мөр (бар болса) орны