1. Орал қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 25 ақпандағы № 470 "Орал қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыланатын қалалық атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу № 4307 тіркелген, 2016 жылғы 7 сәуірдегі "Жайық үні-Жизнь города" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Орал қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыланатын қалалық атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесінде:
42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"42. Осы Әдістеменің 39-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы персоналды басқару қызметінде сақталады.";
әдістеменің 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы С.Р. Нұртазаевқа жүктелсін.
3. Орал қаласы әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы (Е.Н. Каримов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қала әкімі | Н. Төреғалиев |
| Орал қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 26 шілдедегі № 2233 қаулысына қосымша |
|
| Орал қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 25 ақпандағы № 470 қаулысына 1-қосымша |
"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің
жеке жұмыс жоспары
________________________________ жыл
(жеке жоспар құрастырылған кезең)
Қызметшінің лауазымы:_______________________________________________________________
Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы: _________________________________
__________________________________________________________________________
| № р/с | Шаралардың атауы* | Іс-шараның нәтижесі |
| 1. | Іс-шара | |
| 2. | Іс-шара | |
| 3. | Іс-шара | |
| 4. | .... | |
*- шаралар мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттарына (мақсаттарына), олар болмаған жағдайда қызметшінің функционалдық міндеттеріне сәйкестігін есепке ала отыра анықталады.
Іс-шаралардың саны мен күрделілігі мемлекеттік органға сәйкес келуі тиіс
| Қызметші Т.А.Ә. (бар болған жағдайда): __________________________________ күні________________________________ қолы _____________________________ | Тікелей басшы Т.А.Ә. (бар болған жағдайда): ________________________________________ күні __________________________________ қолы ______________________________ |