1. V сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XXV сессиясының 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 210 "Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесін, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсету еселігін белгілеу туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1038 болып тіркелген, 2014 жылғы 15 мамырда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған шешімнің қосымшасындағы:
"Алушылардың жекелеген санаттары" бағанының 1 жолындағы "7" саны "6" санына ауыстырылсын.
"Әлеуметтік көмектің мөлшері (теңге)" бағанының 2 жолындағы "20,0" сандары "30,0" сандарына ауыстырылсын.
2. Алматы қаласы мәслихатының аппараты осы шешімді интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Х. Есеноваға және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Р. Тауфиковке (келісім бойынша) жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен соң қолданысқа енгізіледі.
| VI сайланған | |
| Алматы қаласы мәслихатының | |
| Х сессиясының төрайымы | Р. Бадаева |
| VI сайланған Алматы қаласы | |
| мәслихатының хатшысы | Қ. Қазанбаев |