Ертіс ауданы Ұзынсу ауылдық округі Ұзынсу ауылы аумағында карантин белгілеу туралы

Павлодар облысы Ертіс ауданы Ұзынсу ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 11 шілдедегі № 1 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 12 шілдеде № 5163 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс ауданы Ұзынсу ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 28 шілдедегі N 2 шешімімен

Күшін жойған
      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс ауданы Ұзынсу ауылдық округі әкімінің 28.07.2016 N 2 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес, Ертіс ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынымы негізінде, жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында, Ертіс ауданы Ұзынсу ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ауыл шаруашылығы жануарлары арасында қараталақ ауруы ошағының анықталуына байланысты Ертіс ауданы Ұзынсу ауылдық округі Ұзынсу ауылы аумағында карантин белгіленсін.
      2. "Ертіс ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ертіс аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің басшысы (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті Павлодар облысы тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің Ертіс аудандық тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы (келісім бойынша) қолданыстағы заңнамаға сәйкес осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ұзынсу ауылдық
      округінің әкімі С. Бәкіров
      КЕЛІСІЛДІ
      "Ертіс ауданының
      ветеринария бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы Ж. Ұсаханов
      2016 жылғы "11" шілде
      КЕЛІСІЛДІ
      "Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы
      министрлігінің Агроөнеркәсіп
      кешеніндегі мемлекеттік
      инспекция комитетінің
      Ертіс аудандық
      аумақтық инспекциясы"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы Е. Кәрімжанов
      2016 жылғы "11" шілде
      КЕЛІСІЛДІ
      "Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрлігі
      тұтынушылардың құқығын
      қорғау комитеті
      Павлодар облысы
      тұтынушылардың құқығын
      қорғау департаментінің
      Ертіс аудандық
      тұтынушылардың құқығын
      қорғау басқармасы"
      республикалық мемлекеттік
      мекемесінің басшысы З. Дүйсенова
      2016 жылғы "11" шілде