Мәслихаттың 2015 жылғы 26 ақпандағы № 205 "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 2016 жылғы 14 сәуірдегі № 17 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 11 мамырда № 6348 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 2018 жылғы 15 ақпандағы № 154 шешімімен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 15.02.2018 № 154 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі).

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексі 387-бабының 1-тармағына сәйкес және жерлердi аймақтарға бөлу схемасы негізінде, Жангелдин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың 2015 жылғы 26 ақпандағы №205 "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5393 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 17 наурызда "Біздің Торғай" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 381-бабымен белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері 50 пайызға жоғарылатылсын.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.

      Сессия төрайымы Г. Абдигапарова
      Жангелдин аудандық
      мәслихатының хатшысы С. Нургазин

      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

      Мемлекеттік кірістер комитеті Қостанай облысы

      бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің

      Жангелді ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер

      басқармасы" республикалық

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      _____________________ Д. Әмірханұлы

      2016 жылғы 14 сәуір