"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексі 387-бабының 1-тармағына сәйкес және жерлердi аймақтарға бөлу схемасы негізінде, Жангелдин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2015 жылғы 26 ақпандағы №205 "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5393 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 17 наурызда "Біздің Торғай" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 381-бабымен белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері 50 пайызға жоғарылатылсын.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.
Сессия төрайымы |
Г. Абдигапарова |
Жангелдин аудандық |
С. Нургазин |
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитеті Қостанай облысы
бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің
Жангелді ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер
басқармасы" республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_____________________ Д. Әмірханұлы
2016 жылғы 14 сәуір