"Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 28 наурыздағы № 402 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 27 сәуірде № 5485 болып тіркелді

Қолданыстағы
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев

  Қызылорда облысы әкімдігінің
2016 жылғы " 28 " наурыздағы
№ 402 қаулысына қосымша

"Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: "Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны - қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі аудару үшін қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне төлем құжаттарын ұсыну (бұдан әрі – төлем құжаттары) немесе "Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 6-4/1072 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 12933 нөмірімен тіркелген) бекітілген "Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
      Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолы қойылған субсидия тағайындау/тағайындамау туралы шешімі бар қағаз жеткізгіштегі хабарлама (бұдан әрі – хабарлама) жолданады.
      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны - қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме: көрсетілетін қызметті алушының (жеке тұлғаның - нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша, заңды тұлғаның - өкілеттілікті растайтын құжат бойынша) (бұдан әрі - өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім ұсынуы.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындаудың ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі субсидияларды алу үшін ай сайын көрсетілетін қызметті берушіге стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды тіркейді, көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне оның қабылдаған күні мен уақыты, лауазымды адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі қойылған өтінім көшірмесін (бұдан әрі – өтінім көшірмесі) береді және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады (он бес минуттан аспайды);
      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына жолдайды (он бес минуттан аспайды);
      4) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы өтінімді Қағидалардың ("Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялауқағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 6-3/597 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 12714 нөмірімен тіркелген)) (бұдан әрі – Қағидалар) субсидия алу шарттарына сәйкестігін қарайды, өтінім сәйкес келмеген жағдайда жазбаша түрде одан бас тарту себебі көрсетілген дәлелді жауапты (бұдан әрі – бас тарту) дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады, өтінім сәйкес келген жағдайда төлем құжаттарын қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне төлеу үшін ұсынады (бес жұмыс күні ішінде);
      5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бас тартуға қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдайды (он бес минуттан аспайды);
      6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері бас тартуды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға немесе оның өкіліне береді (он бес минуттан аспайды).
      Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім (іс-қимыл) нәтижесінің (рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі және оның басқа құрылымдық бөлімшеге берілу тәртібі көрсетіле отырып) сипаттамасы осы регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) мен өзге ұйымдардың өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) мен өзге ұйымдардың тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы;
      4) Мемлекеттік корпорация қызметкері;
      5) Мемлекеттік корпорацияның жинақтау бөлімінің қызметкері.
      8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетіле отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы осы регламенттің 3-қосымшасында келтірілген.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдері (іс-қимылдары), өзара іс-қимылдары реттілігінің сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетілетін қызметті берушілер және (немесе) Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің 4-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы "Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің, Қызылорда облысы әкімдігінің, Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктерінің ресми интернет-ресурстарында орналастырылады.

4. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      10. Мемлекеттік корпорацияға және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілерге жүгіну тәртібінің сипаттамасы, көрсетілетін қызметті алушының сұранысын өңдеу ұзақтығы, сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін Мемлекеттік корпорация арқылы алу процесінің сипаттамасы, оның ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі Мемлекеттік корпорацияға стандарттың 9-тармағына сәйкес келесі құжаттарды ұсынады:
      стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша субсидиялар алуға өтінім;
      жеке куәлік (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
      2) Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді, көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тартады және құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қолхат (бұдан әрі – құжаттарды қабылдаудан бас тарту) береді (он бес минуттан аспайды);
      3) Мемлекеттік корпорацияның жинақтау бөлімінің қызметкері құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды (бір жұмыс күні ішінде, құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді);
      4) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады (он бес минуттан аспайды);
      5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына жолдайды (он бес минуттан аспайды);
      6) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы өтінімнің Қағидалардағы субсидия алу шарттарына сәйкестігін қарайды, өтінім сәйкес келген жағдайда төлем құжаттарын қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне төлеу үшін ұсынады, хабарламаны дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады (бес жұмыс күні ішінде);
      7) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы хабарламаға қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдайды (он бес минуттан аспайды);
      8) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері хабарламаны тіркейді және Мемлекеттік корпорацияға жолдайды (бір сағат ішінде);
      9) Мемлекеттік корпорация қызметкері хабарламаны тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне береді (он бес минуттан аспайды).
      Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім (іс-қимыл) нәтижесінің (рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі және оның басқа құрылымдық бөлімшеге берілу тәртібі көрсетіле отырып) сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.

  "Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге
су беру қызметтерінің құнын субсидиялау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша

Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім (іс-қимыл) нәтижесінің рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі және оның басқа құрылымдық бөлімшеге берілу тәртібі көрсетіле отырып) сипаттамасы

1
Рәсімнің (іс-қимылдың) нөмірі
 
1
2
3
4
5
 
2
Құрылымдық бөлімшелердің атауы
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы
Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері
3
Рәсімнің (іс-қимылдың) атауы және олардың сипаттамасы
құжаттарды тіркейді және өтінім көшірмесін көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне береді
құжаттарды қарайды
өтінімнің Қағидалардың шарттарына сәйкестігін қарайды
бас тартуға қол қояды
бас тартуды тіркейді
4
Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім (іс-қимыл) нәтижесі
құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады
құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына жолдайды
өтінім сәйкес келмеген жағдайда бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады,
өтінім сәйкес болған жағдайда төлем құжаттарын қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне төлеу үшін ұсынады
бас тартуды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдайды
бас тартуды көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне береді
5
Орындалу мерзімі
15 минуттан аспайды
15 минуттан аспайды
5 жұмыс күні ішінде
15 минуттан аспайды
15 минуттан аспайды

  "Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге
су беру қызметтерінің құнын субсидиялау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша

Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім (іс-қимыл) нәтижесінің (рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі және оның басқа құрылымдық бөлімшеге берілу тәртібі көрсетіле отырып) сипаттамасы

1
Рәсімнің
(іс-қимылдың) нөмірі
1
2
3
4
5
6
7
8
2
Құрылымдық бөлімшелердің атауы
Мемлекеттік корпорация қызметкері
 
Мемлекеттік корпорацияның
жинақтау бөлімінің қызметкері
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы
Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері
Мемлекеттік корпорация қызметкері
3
Рәсімнің
(іс-қимылдың) атауы және олардың сипаттамасы
құжаттарды
тіркейді
құжаттарды көрсетілетін қызметті
берушіге
жолдайды
 
құжаттарды тіркейді
құжаттарды қарайды
өтінімнің Қағидалардың шарттарына сәйкестігін қарайды
хабарламаға қол қояды
хабарламаны тіркейді
хабарламаны тіркейді
4
Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім (іс-қимыл) нәтижесі
көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне құжаттардың қабылданғаны туралы немесе құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді
құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады
құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына жолдайды
өтінім сәйкес келген жағдайда төлем құжаттарын қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне төлеу үшін ұсынады, хабарламаны дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады
хабарламаны көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдайды
хабарламаны Мемлекеттік корпорацияға жолдайды
көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне хабарламаны береді
5
Орындалу мерзімі
15 минуттан аспайды
1 жұмыс күні ішінде, құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді
15 минуттан аспайды
15 минуттан аспайды
5 жұмыс күні ішінде
15 минуттан аспайды
1 сағат ішінде
15 минуттан аспайды

  "Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге
су беру қызметтерінің құнын субсидиялау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
3-қосымша

Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетіле отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы

Көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:

      


Көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:

      


  "Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге
су беру қызметтерінің құнын субсидиялау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
4-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы

Көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:

      


Көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:

      


      Шартты белгілемелер: