1. "Қапшағай қаласында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылдың 24 желтоқсанда № 3636 тіркелген, "Нұрлы өлке" газетінде 2016 жылдың 15 қаңтардағы № 03 (360) жарияланған) 2015 жылғы 19 қарашадағы № 11-21 Қапшағай қаласының әкімінің шешіміне келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған шешімнің қосымшасының 8-тармағының екінші абзацындағы "Серебрянская көшесі № 1-ден 44-ке дейін" сөздері алынып тасталсын;
аталған шешімнің қосымшасының 10-тармағының екінші абзацындағы "Спутник" шағын ауданы, Лесозавод көшесі № 1-ден 40-қа дейін, Железнодорожная көшесі № 1-ден 14-ке дейін, №3а, №3б, мұнай базасы № 1, № 2, әскерилендірілген күзет № 1-ден 8-ге дейін; "Рауан" шағын ауданы" сөздері алынып тасталсын;
аталған шешімнің қосымшасының 10-тармағының екінші абзацы "Серебрянская көшесі № 1-ден 44-ке дейін" сөздерімен толықтырылсын;
аталған шешімнің қосымшасының 11-тармағының екінші абзацы "Спутник" шағын ауданы, Лесозавод көшесі № 1-ден 40-қа дейін, Железнодорожная көшесі № 1-ден 14-ке дейін, №3а, №3б, мұнай базасы № 1, № 2, әскерилендірілген күзет № 1-ден 8-ге дейін; "Рауан" шағын ауданы" сөздерімен толықтырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.
3. Қапшағай қаласы әкімінің аппарат басшысына осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қалалық әкімдіктің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қала әкімі | С. Кикимов |