1. Қоса беріліп отырған "Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
2. Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және облыс әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Бахтияр Әлтайұлы Өнербаевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А. Баталов |
Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы "4" ақпандағы № 58 қаулысымен бекітілген |
"Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) облыста бірыңғай мемлекеттік тіл саясатын жүргізу үшін мемлекеттік басқару және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. Басқармада ведомстволар жоқ.
3. Басқарма өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Басқарма ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Басқарма егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Индекс 040000. Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі, № 36 "б".
10. Мемлекеттік органның толық атауы: "Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
12. Басқарманың қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілермен басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Басқарманың миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. Басқарманың миссиясы: Алматы облысының аумағында тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.15. Міндеттері:
1) облыста бірыңғай тіл саясатының жүргізілуін қамтамасыз ету;
2) қоғамның экономикалық, қоғамдық-саяси, әлеуметтік, мәдени өмірінің барлық салаларында мемлекеттік тілдің қолданылуын қамтамасыз ету бөлігінде "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, Тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасын, оны іске асыру жөніндегі облыстық іс-шаралар жоспарын орындау және іске асыру бөлігінде қалалық және аудандық әкімдіктердің, өкілетті органдардың, тәуелсіз ведомстволарды мен бірлестіктердің, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметін үйлестіру;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, облыс әкімінің Басқарма құзырына қатысты мәселелері бойынша актілері мен тапсырмаларының орындалуын қаматмасыз ету;
4) ономастикалық комиссияның қызметін, "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті" мемлекеттік мекемесі бекіткен терминдердің халық шаруашылығы мен әлеуметтік барлық салаларына енгізілуін қамтамасыз ету.
16. Функциялары:
1) тілдерді қолдану мен дамытудың өңірлік бағдарламасын әзірлеп, бекітеді және оның орындалуын қаматамасыз ету;
2) орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлiмшелерiнiң және аудандық атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының тiл туралы заңдарын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
3) деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру бөлігінде Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
4) Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасында белгiленген талаптардың бұзылуын жою туралы ұсынымдар беру, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде және тәртіппен әкімшілік ықпал ету шараларын жүзеге асыруды ұйымдастыру;
5) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлеу және бекіту;
6) мемлекеттiк тiлдi және басқа тiлдердi дамытуға бағытталған облыстық маңызы бар шаралар кешенiн жүзеге асыруды ұйымдастыру;
7) облыстық ономастика комиссиясының қызметiн қамтамасыз ету;
8) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардан және өзге де ұйымдардан және азаматтардан өз функцияларын орындауға қажетті тіл мәселелері жөнінде ақпараттарды белгіленген тәртіппен сұрауға, Басқарманың құзырына кіретін мәселелерді пысықтауға мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың қызметкерлерін тартуға, тілдер туралы заңнаманың дұрыс қолданылуы жөнінде түсініктемелер беруге;
2) жергілікті атқарушы органдардың тіл саясатын жетілдіруі жөнінде облыс әкіміне ұсыныстар енгізуге;
3) басқарманың қызмет саласына қатысты мәселелер бойынша тапсырмалар дайындауға, олардың орындалуын бақылауға,сондай-ақ орталық және жергілікті атқарушы органдардың өткізетін іс-шараларына қатысуға;
4) тіл саясатын іске асыру жөніндегі өңірлік бағдарламалардың қаржыландырылуы үшін бақылауды жүзеге асыруға;
5) өзіне бағынышты мекемелерді құруға және олардың қызметтерін үйлестіруге;
6) лауазымды тұлғаларға және мемлекеттік мекемелерге басқарманың құзырына кіретін мәселелер бойынша әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастыру-техникалық көмектер көрсетуге.
3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру
18. Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.19. Басқарманың бірінші басшысын Алматы облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттігі:
1). Басқарманың құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіліктерін анықтайды;
2) .Басқарма қызметкерлерін тағайындайды және лауазымдарынан босатады;
3). белгіленген заңнамалық тәртіппен Басқарма қызметкерлерін ынталандыруды жүзеге асырады;
4). белгіленген заңнамалық тәртіппен Басқарма қызметкерлеріне тәртіптік жаза тағайындайды;
5). өз құзырының шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;
6).Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;
7) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарманың атынан өкілдік етеді;
8).Басқарманың құзырына кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді, бағдарламалардың жобаларын және басқа да құжаттардың орындалу барысын бақылайды;
9).Басқарманың құзырына кіретін мәселелер бойынша есептік материалдарды дайындау жөніндегі жұмыстарды бақылайды;
10).бюджеттік бағдарламаның іске асырылу барысын үйлестіреді;
11).белгіленген тәртіппен қаржылық-экономикалық және шаруашылық қызметтер мәселелерін шешеді, бюджеттік қаражаттардың тиімді және мақсатты орындалуын бақылайды;
12).Басқарманың қызметіндегі заңдылықтың, келісімшарт және қаржылық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді;
13)..Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады.
Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22..Бірінші басшы құрылымдық бөлімшелердің басшыларының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.
23..Басқарманы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын Басқарма басшысы басқарады.
4. Басқарманың мүлкі
24..Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкін.Басқарманың мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
25. Басқармаға бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.