"Екінші деңгейдегі банктердің динамикалық резервті қалыптастыру қағидаларын бекіту және динамикалық резервтің ең төмен мөлшерін, күтілетін шығындардың мөлшерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 мамырдағы № 137 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 313 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 15 ақпанда № 14807 болып тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Екінші деңгейдегі банктердің динамикалық резервті қалыптастыру қағидаларын бекіту және динамикалық резервтің ең төмен мөлшерін, күтілетін шығындардың мөлшерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 мамырдағы № 137 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8591 тіркелген, 2013 жылғы 6 қыркүйекте "Заң газеті" газетінде № 134 (2335) жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің динамикалық резервті қалыптастыру қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

      2-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қағидалардың 2-3-тармағында өзгеше белгіленбесе, есепті тоқсан соңындағы динамикалық резервтің мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:";

      мынадай мазмұндағы 2-3-тармақпен толықтырылсын:

      "2-3. Динамикалық резервтің мөлшері былайша айқындалады:

      1) 2014 жылғы бірінші, екінші, үшінші, төртінші тоқсан соңындағы динамикалық резерв Қағидалардың 2-тармағына сәйкес формула бойынша есептелген 2013 жылғы төртінші тоқсанның соңындағы динамикалық резерв мөлшерінде айқындалады.

      2014 жылғы төртінші тоқсанның соңындағы динамикалық резервті есептеу мақсаттары үшін Қағидалардың 2-тармағына сәйкес айқындалған АПШ көрсеткішінің мәні 2013 жылғы бірінші, екінші, үшінші, төртінші тоқсан соңындағы динамикалық резервті есептеу кезінде егер АПШ-тың мәні теріс болған жағдайда, нөлге тең болып танылады;

      2) 2015 жылғы бірінші, екінші, үшінші, төртінші тоқсан соңындағы динамикалық резерв осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес есептелген 2014 жылғы төртінші тоқсанның соңындағы динамикалық резерв мөлшерінде айқындалады;

      3) 2016 жылғы бірінші, екінші, үшінші, төртінші тоқсан соңындағы динамикалық резерв осы тармақтың 2) тармақшасына сәйкес есептелген 2015 жылғы төртінші тоқсанның соңындағы динамикалық резерв мөлшерінде айқындалады;

      4) 2017 жылғы бірінші, екінші, үшінші, төртінші тоқсан соңындағы динамикалық резерв осы тармақтың 3) тармақшасына сәйкес есептелген 2016 жылғы төртінші тоқсанның соңындағы динамикалық резерв мөлшерінде айқындалады.".

      2. Қаржы нарығының әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.

      Осы қаулының 1-тармағының үшінші – он бірінші абзацтары 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.

      Қағидалардың 2-тармағының бірінші бөлігінің бірінші абзацы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап мынадай редакцияда қолданылады:

      "2. Есепті тоқсан соңындағы динамикалық резервтің мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:".

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Д. Ақышев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрі

      _________ Сұлтанов Б.Т.

      2017 жылғы 19 қаңтар