Микроқаржы ұйымдары есептілігінің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдерін және оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қарашадағы № 272 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 26 қаңтарда № 14741 болып тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.01.2017 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы, "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы және "Микроқаржы ұйымдары туралы" 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес микроқаржы ұйымдары есептілігінің тізбесі;

      2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес банктерде орналастырылған салымдардың, корреспонденттік және ағымдағы шоттардың талдамасы туралы есептің нысаны;

      3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес заңды тұлғалардың капиталына инвестициялардың құрылымы туралы есептің нысаны;

      4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес тартылған ақшаның негізгі көздері туралы есептің нысаны;

      5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес микрокредиттер, оның ішінде негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі бар микрокредиттер туралы нақтыланған, сондай-ақ резервтердің (провизиялардың) мөлшері туралы есептің нысаны;

      6) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес Микроқаржы ұйымдарының есептілікті табыс ету қағидалары бекітілсін.

      2. Микроқаржы ұйымдары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына (микроқаржы ұйымының орналасқан жері бойынша) осы қаулының 1-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген есептілікті тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырмасыншы күніне дейін (қоса алғанда) ұсынады.

      3. "Микроқаржы ұйымының есептілік беру тізбесін, нысандарын және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 373 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8340 тіркелген, 2013 жылғы 18 мамырда "Егемен Қазақстан" газетінде № 129 (28068) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Зерттеулер және статистика департаменті (Тутушкин В.А.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      5. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ғ.О. Пірматовқа жүктелсін.

      7. Осы қаулы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Д. Ақышев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика минстрінің

      Статистика комитетінің Төрағасы

      ________________ Н. Айдапкелов

      2016 жылғы 27 желтоқсан

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 28 қарашадағы
№ 272 қаулысына
1-қосымша

Микроқаржы ұйымдары есептілігінің тізбесі

      Микроқаржы ұйымдарының есептілігіне мыналар кіреді:

      1) банктерде орналастырылған салымдардың, корреспонденттік және ағымдағы шоттардың талдамасы туралы есеп;

      2) заңды тұлғалардың капиталына инвестициялардың құрылымы туралы есеп;

      3) тартылған ақшаның негізгі көздері туралы есеп;

      4) микрокредиттер, оның ішінде негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі бар микрокредиттер туралы нақтыланған, сондай-ақ резервтердің (провизиялардың) мөлшері туралы есеп.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 28 қарашадағы
№ 272 қаулысына
2-қосымша

Әкімшілік деректер жинауға арналған нысан Банктерде орналастырылған салымдардың, корреспонденттік және ағымдағы шоттардың талдамасы туралы есеп

      Есепті кезең: 20__жылғы "___"_______________ жағдай бойынша

      Индекс: ҚС_СКАШ 2

      Кезеңділігі: тоқсан сайын

      Ұсынатындар: микроқаржы ұйымы

      Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалы

      Ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырмасыншы күніне дейін (қоса алғанда)

  Нысан

      _______________________________________________________

      (микроқаржы ұйымының атауы)

       (мың теңге)

р/с №

Атауы

Резиденттік елі

Сомасы

1

2

3

4

1

Корреспонденттік шоттар



1.1.







2

Ағымдағы шоттар



2.1.







3

Талап еткенге дейінгі салымдар



3.1.







4

Мерзімді салымдар



4.1.







5

Шартты салымдар



5.1.








Барлығы



      Бiрiншi басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға

      ________________________________________________________ ___________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы

      Бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға

      ________________________________________________________ ____________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы

      Орындаушы

      _________________________________________________________ __________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы

      Телефон номері :_________________________

      Қол қойылған күні 20__ жылғы " ___" ___________

      Мөр орны (бар болса)

      Ескерту: әкімшілік деректер жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген

  Банктерде орналастырылған
салымдардың, корреспонденттік
және ағымдағы шоттардың
талдамасы туралы есеп
нысанына
қосымша

Әкімшілік деректер жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме Банктерде орналастырылған салымдардың, корреспонденттік және ағымдағы шоттардың талдамасы туралы есеп

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) "Банктерде орналастырылған салымдардың, корреспонденттік және ағымдағы шоттардың талдамасы туралы есеп" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Микроқаржы ұйымдары туралы" 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      3. Нысанды микроқаржы ұйымы тоқсан сайын жасайды және есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша толтырады. Нысандағы деректер мың теңгемен көрсетіледі. Бес жүз теңгеден кем сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз теңгеге тең және одан жоғары сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді.

      4. Нысанға бірінші басшы, бас бухгалтер немесе олар есепке қол қоюға уәкілеттік берген тұлғалар және орындаушы қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      5. 2-бағанда салым орналастырылған және (немесе) корреспонденттік және (немесе) ағымдағы шот ашылған банктің атауы көрсетіледі.

      6. 3-бағанда салым орналастырылған және (немесе) корреспонденттік және (немесе) ағымдағы шот ашылған банктің резиденттік елі көрсетіледі.

      7. 4-бағанда корреспонденттік, ағымдағы шоттың, талап еткенге дейінгі салымның, мерзімді, шартты салымның баланстық құны көрсетіледі.

      8. Мәліметтер болмаған жағдайда, Нысан нөлдік қалдықтармен ұсынылады.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 28 қарашадағы
№ 272 қаулысына
3-қосымша

Әкімшілік деректер жинауға арналған нысан Заңды тұлғалардың капиталына инвестициялардың құрылымы туралы есеп

      Есепті кезең: 20__жылғы "___"___________________ жағдай бойынша

      Индекс: ҚС_ЗТКИ 3

      Кезеңділігі: тоқсан сайын

      Ұсынатындар: микроқаржы ұйымы

      Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалы

      Ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырмасыншы күніне дейін (қоса алғанда)

  Нысан

      _______________________________________________________

      (микроқаржы ұйымының атауы)

р/с №

Заңды тұлғаның атауы

Баланстық құны (мың теңгемен)

Саны
(данамен)

Эмитенттің жарғылық капиталында қатысу үлесі

Сатып алу күні

Ескерту

1

2

3

4

5

6

7

1.

Жай акциялар






1.1













2

Артықшылықты акциялар






2.1













3

Салымдар мен пайлар






3.1













4

Барлығы






      Бiрiншi басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға

      ________________________________________________________ ___________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы

      Бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға

      ________________________________________________________ ____________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы

      Орындаушы

      _________________________________________________________ __________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы

      Телефон номері :_________________________

      Қол қойылған күні 20__ жылғы " ___" ___________

      Мөр орны (бар болса)

      Ескерту: әкімшілік деректер жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген

  Заңды тұлғалардың капиталына
инвестициялардың құрылымы
туралы есеп нысанына
қосымша

Әкімшілік деректер жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме Заңды тұлғалардың капиталына инвестициялардың құрылымы туралы есеп

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) "Заңды тұлғалардың капиталына инвестициялардың құрылымы туралы есеп" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Микроқаржы ұйымдары туралы" 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      3. Нысанды микроқаржы ұйымы тоқсан сайын жасайды және есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша толтырады. Бес жүз теңгеден кем сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз теңгеге тең және одан жоғары сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді.

      4. Нысанға бірінші басшы, бас бухгалтер немесе олар есепке қол қоюға уәкілеттік берген тұлғалар және орындаушы қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      5. 3-бағанда қаржы активі ол бойынша қалыптастырылған провизиялар (резервтер) шегерілгеннен кейін баланста танылатын баланстық құн сомасы көрсетіледі.

      6. 5-бағанда эмитенттің жарғылық капиталындағы қатысу үлесі үтірден кейін екі таңбамен көрсетіледі.

      7. Нысанның барлық деректері капиталында микроқаржы ұйымы қатысатын заңды тұлғалардың жай және артықшылықты акциялары, салымдары мен пайлары бөлігінде ұсынылады.

      8. Мәліметтер болмаған жағдайда, Нысан нөлдік қалдықтармен ұсынылады.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 28 қарашадағы
№ 272 қаулысына
4-қосымша

Әкімшілік деректер жинауға арналған нысан Тартылған ақшаның негізгі көздері туралы есеп

      Есепті кезең: 20__жылғы "___"____________________ жағдай бойынша

      Индекс: ҚС_НК 3

      Кезеңділігі: тоқсан сайын

      Ұсынатындар: микроқаржы ұйымы

      Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалы

      Ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырмасыншы күніне дейін (қоса алғанда)

  Нысан

      _______________________________________________________

      (микроқаржы ұйымының атауы)

       (мың теңге)

р/с №

Кредитордың атауы

Бизнес – сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлға үшін) немесе жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлға, оның ішінде дара кәсіпкер үшін бар болса)

Тіркелген елі

Қарыздар

Кредиторлық берешек

Өзге де көздер

Барлығы

ұзақмерзімді

қысқамерзімді

ұзақмерзімді

қысқамерзімді

барлығы

оның ішінде шетел валютасында

барлығы

оның ішінде шетел валютасында

барлығы

оның ішінде шетел валютасында

барлығы

оның ішінде шетел валютасында

барлығы

оның ішінде шетел валютасында

ескерту

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

1

1-заңды тұлға















1.1.

1-заңды тұлға















1.2.

1-заңды тұлғаның еншілес ұйымдары немесе ірі қатысушылары















1.3.

1-заңды тұлғаның еншілес ұйымдары немесе ірі қатысушылары















2.

2-заңды тұлға















2.1.































3
















3.1.































4
















4.1.































5
















5.1
















....
















6
















6.1.































7
















7.1.































8
















8.1.































9.
















9.1.































10
















10.1.















































      Бiрiншi басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға ___________________ ___________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы

      Бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға ___________________ ___________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы

      Орындаушы______________________________ ___________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы

      Телефон номері :_________________________

      Қол қойылған күні 20__ жылғы " ___" ___________

      Мөр орны (бар болса)

      Ескерту: әкімшілік деректер жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген

  Тартылған ақшаның негізгі
көздері туралы есеп нысанына
қосымша

Әкімшілік деректер жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме Тартылған ақшаның негізгі көздері туралы есеп

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) "Тартылған ақшаның негізгі көздері туралы есеп" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Микроқаржы ұйымдары туралы" 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      3. Нысанды микроқаржы ұйымы тоқсан сайын жасайды және есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша толтырады. Нысандағы деректер мың теңгемен көрсетіледі. Бес жүз теңгеден кем сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз теңгеге тең және одан жоғары сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді.

      4. Нысанға бірінші басшы, бас бухгалтер немесе олар есепке қол қоюға уәкілеттік берген тұлғалар және орындаушы қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      5. Нысанды толтырған кезде микроқаржы ұйымы жеке және заңды тұлға-ұйымдардың он ірі кредиторларын (азаю тәртібімен басқалармен салыстырғанда кредиттің ең үлкен мөлшерін ұсынған ұйымдар ұйымның ірі кредиторлары болып табылады).

      Бұл ретте, микроқаржы ұйымының заңды тұлғаның және оның ірі қатысушыларының (қатысу үлесі 10 және одан көп пайызды құрайтын)/жиынтығында микроқаржы ұйымының 10 ірі кредиторының қатарына кіретін еншілес ұйымдардың алдында міндеттемелері болған жағдайда тиісті тармақтарда мұндай тұлға және оның ірі қатысушылары (қатысу үлесі 10 және одан көп пайызды құрайтын)/ еншілес ұйым бойынша мәліметтер көрсетіледі.

      6. Нысанда микроқаржы ұйымымен тартылған ақшаның баланстық құнының сомасы көрсетіледі.

      7. Мәліметтер болмаған жағдайда, Нысан нөлдік қалдықтармен ұсынылады.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 28 қарашадағы
№ 272 қаулысына
5-қосымша

Әкімшілік деректер жинауға арналған нысан Микрокредиттер, оның ішінде негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі бар микрокредиттер туралы нақтыланған, сондай-ақ резервтердің (провизиялардың) мөлшері туралы есеп

      Есепті кезең: 20__жылғы "___"__________________ жағдай бойынша

      Индекс: ҚС_МБ-5

      Кезеңділігі: тоқсан сайын

      Ұсынатындар: микроқаржы ұйымы

      Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалы

      Ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырмасыншы күніне дейін (қоса алғанда)

  Нысан

      _______________________________________________________

      (микроқаржы ұйымының атауы)

       (мың теңге)

р/с

Атауы

Негізгі борыш

Есептелген сыйақы

Қамтамасыз етудің құны

Резервтер (провизиялар)

1

2

3

4

1

Заңды тұлғаларға берілген микрокредиттер, оның ішінде:





1.1

Мерзімі өткен берешегі жоқ микрокредиттер





1.2

Негізгі борыш және/ немесе есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі бар микрокредиттер, оның ішінде:





1.2.1

1 - 30 күнге дейін





1.2.2

31 - 60 күнге дейін





1.2.3

61 - 90 күнге дейін





1.2.4

90 күннен астам





2

Жеке тұлғаларға берілген микрокредиттер, оның ішінде:





2.1

Мерзімі өткен берешегі жоқ микрокредиттер





2.2

Негізгі борыш және/ немесе есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі бар микрокредиттер, оның ішінде:





2.2.1

1 - 30 күнге дейін





2.2.2

31 - 60 күнге дейін





2.2.3

61 - 90 күнге дейін





2.2.4

90 күннен астам






барлығы (1+2)





      Бiрiншi басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға

      ________________________________________________________ ___________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы

      Бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға

      ________________________________________________________ ___________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы

      Орындаушы _____________________________________________ __________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы

      Телефон номері :_________________________

      Қол қойылған күні 20__ жылғы "___" ___________

      Мөр орны (бар болса)

      Ескерту: әкімшілік деректер жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген

  Микрокредиттер, оның ішінде
негізгі борыш және (немесе)
есептелген сыйақы бойынша
мерзімі өткен берешегі бар
микрокредиттер туралы
нақтыланған, сондай-ақ
резервтердің (провизиялардың)
мөлшері туралы есеп нысанына
қосымша

Әкімшілік деректер жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме Микрокредиттер, оның ішінде негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі бар микрокредиттер туралы нақтыланған, сондай-ақ резервтердің (провизиялардың) мөлшері туралы есеп

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) "Микрокредиттер, оның ішінде негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі бар микрокредиттер туралы нақтыланған, сондай-ақ резервтердің (провизиялардың) мөлшері туралы есеп" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Микроқаржы ұйымдары туралы" 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      3. Нысанды микроқаржы ұйымы тоқсан сайын жасайды және есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша толтырады. Нысандағы деректер мың теңгемен көрсетіледі. Бес жүз теңгеден кем сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз теңгеге тең және одан жоғары сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді.

      4. Нысанға бірінші басшы, бас бухгалтер немесе олар есепке қол қоюға уәкілеттік берген тұлғалар және орындаушы қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      5. Нысанда негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі бар микрокредиттер, сондай-ақ негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ микрокредиттер туралы мәліметтер көрсетіледі.

      6. Нысандағы микрокредиттер бойынша деректер есепті күндегі жағдай бойынша негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешек күндерінің санына байланысты келтіріледі. Нысанда есепті күнге дейін берілген микрокредиттер бойынша негізгі борыштың және есептелген сыйақының барлық қалдығы, оның ішінде мерзімі өткен берешегін ескере отырып көрсетіледі.

      Негізгі борыш – микрокредит бойынша сыйақыны, өсімпұлды және айыппұлды есептемегенде, кредиттеу кезеңнің белгілі сәтінде қарыз алушы микроқаржы ұйымына төлеуге тиіс өтелмеген борыштың сомасы.

      7. Нысанның 1-жолының мәні "Берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттемелерді жіктеуді жүзеге асыру және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 381 қаулысында (бұдан әрі - № 381 қаулы) белгіленген Берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттемелерді жіктеу туралы есепке Нысанның 1 және 5-кестелеріндегі "барлығы (1+2+3)" деген жолдар сомасына сәйкес келеді.

      Нысанның 2-жолының мәні № 381 қаулыда белгіленген Берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттемелерді жіктеу туралы есепке Нысанның 2 және 6-кестелеріндегі "барлығы (1+2+3)" деген жолдар сомасына сәйкес келеді.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 28 қарашадағы
№ 272 қаулысына
6-қосымша

Микроқаржы ұйымының есептілікті табыс ету қағидалары

      1. Микроқаржы ұйымының есептілікті табыс ету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Микроқаржы ұйымдары туралы" 2012 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және микроқаржы ұйымының орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына (бұдан әрі – уәкілетті органның филиалы) микроқаржы ұйымының есептілікті табыс ету мерзімдері мен тәртібін айқындайды.

      2. Есептілік уәкілетті органның филиалына электрондық форматта табыс етіледі.

      3. Есептіліктегі деректер ұлттық валюта – теңгемен көрсетіледі.

      4. Есепті күндегі жағдай бойынша қағаз тасымалдағыштағы есептілікке бірінші басшы, бас бухгалтер немесе олар есепке қол қоюға уәкілеттік берген тұлғалар қол қояды, мөрмен расталады және микроқаржы ұйымында сақталады.

      5. Электрондық форматта табыс етілетін деректердің қағаз тасымалдағыштағы деректермен сәйкестігін бірінші басшы, бас бухгалтер немесе олар уәкілеттік берген тұлғалар қамтамасыз етеді.