"Бағалау қызметі мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 245 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 18 қарашадағы № 1057 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 28 желтоқсанда № 14618 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Бағалау қызметі мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 245 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11241 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) осы бұйрықпен бекітілген "Мүлiктi (зияткерлiк меншiк объектiлерiн, материалдық емес активтердiң құнын қоспағанда) бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға бiлiктiлiк емтиханын өткiзу және лицензия беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартында:
      4–тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгiнген кезде:
      бiлiктiлiк емтиханынан өткенi туралы материалдарды қарау кезiнде – 10 (он) жұмыс күнi ішінде;
      біліктілік емтиханынан өткені туралы шешім шығару кезінде - емтихан тапсырған күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
      лицензияны беру кезiнде – 15 (он бес) жұмыс күнi;
      лицензияны қайта ресiмдеу кезiнде – 3 (үш) жұмыс күнi;
      лицензияның телнұсқасын беру кезінде – 2 (екі) жұмыс күні.
      Көрсетілетін қызметтi беруші көрсетілетін қызметтi алушының құжаттарын алған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
      Ұсынылған құжаттардың толық емес фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды көрсетілген мерзімде жазбаша түрде береді.
      Комиссия емтихандарды бір тоқсанда кемінде бір рет өткізеді;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудiң жол берiлген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
      3) қызмет көрсетудiң жол берiлген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.".
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "11. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану:
      Шағым мемлекеттiк қызмет көрсету стандартының 13-тармағында көрсетiлген мекенжай бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының атына: 010000, Астана қаласы, Есiл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, № 8 үй, "Министрлiктер үйi" ғимараты, 13-кiреберiс мекенжайы бойынша беріледі.
      Шағым "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жазбаша нысанда поштамен, не жұмыс күндері қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы қолма-қол қабылданады.
      Шағымда көрсетiлетiн қызметтi алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), пошталық мекенжайы көрсетіледі.
      Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орны көрсетiле отырып, оны тiркеу (мөртабан, кiрiс нөмiрi және күнi) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы ол тiркелген күнінен кейiн бес жұмыс күнi iшiнде қаралуға тиiс. Шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға пошта байланысы, "электрондық үкіметтің" веб-порталы, арқылы жіберіледі не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде қолма-қол берiледi.
      Портал арқылы жүгінген кезде шағым жасау тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады. Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға оның "жеке кабинетінде" жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады, оны көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартып отырады (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
      Мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау мен бақылау жөнiндегi уәкiлеттi орган болып табылатын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне (бұдан әрі-Агенттік) шағыммен жүгiнуге құқылы.
      Агенттіктің мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнінен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қаралуға тиiс.";
      "Мүлiктi (зияткерлiк меншiк объектiлерiн, материалдық емес активтердiң құнын қоспағанда) бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға бiлiктiлiк емтиханын өткiзу және лицензия беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      Осы бұйрықпен бекітілген "Зияткерлiк меншiкті материалдық емес активтердiң құнын бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға бiлiктiлiк емтиханын өткiзу және лицензия беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартында:
      4–тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгiнген кезде:
      бiлiктiлiк емтиханынан өткенi туралы материалдарды қарау кезiнде-10 (он) жұмыс күнi ішінде;
      біліктілік емтиханынан өткені туралы шешім шығару кезінде - емтихан тапсырған күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
      лицензияны беру кезiнде – 15 (он бес) жұмыс күнi;
      лицензияны қайта ресiмдеу кезiнде – 3 (үш) жұмыс күнi;
      лицензияның телнұсқасын беру кезінде – 2 (екі) жұмыс күні.
      Көрсетілетін қызметтi беруші көрсетілетін қызметтi алушының құжаттарын алған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
      Ұсынылған құжаттардың толық емес фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды көрсетілген мерзімде жазбаша түрде береді.
      Комиссия емтихандарды бір тоқсанда кемінде бір рет өткізеді;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудiң жол берiлген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
      3) қызмет көрсетудiң жол берiлген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.".
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "11. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану:
      Шағым мемлекеттiк қызмет көрсету стандартының 13-тармағында көрсетiлген мекенжай бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының атына: 010000, Астана қаласы, Есiл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, № 8 үй, "Министрлiктер үйi" ғимараты, 13-кiреберiс мекенжайы бойынша беріледі.
      Шағым "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жазбаша нысанда поштамен,не жұмыс күндері қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы қолма-қол қабылданады.
      Шағымда көрсетiлетiн қызметтi алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), пошталық мекенжайы көрсетіледі.
      Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орны көрсетiле отырып, оны тiркеу (мөртабан, кiрiс нөмiрi және күнi) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы ол тiркелген күнінен кейiн бес жұмыс күнi iшiнде қаралуға тиiс. Шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға пошта "электрондық үкіметтің" веб-порталы байланысы, арқылы жіберіледі көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде қолма-қол берiледi.
      Портал арқылы жүгінген кезде шағым жасау тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады. Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға оның "жеке кабинетінде" жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады, оны көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартып отырады (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
      Мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау мен бақылау жөнiндегi уәкiлеттi орган болып табылатын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне (бұдан әрі-Агенттік) шағыммен жүгiнуге құқылы.
      Агенттіктің мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнінен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қаралуға тиiс.";
      "Зияткерлiк меншiк материалдық емес активтердiң құнын бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға бiлiктiлiк емтиханын өткiзу және лицензия беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеу қорытындысын алған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі

М. Бекетаев

       "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Ақпарат және коммуникациялар
      Министрі
      ____________ Д.Абаев
      2016 жылғы 23 қараша
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      ____________Қ.Бишімбаев
      2016 жылғы "____"_________
 
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2016 жылғы 18 қарашадағы
№ 1057 бұйрығына
1-қосымша

"Мүлiктi (зияткерлiк меншiк
объектiлерiн, материалдық емес
активтердiң құнын қоспағанда)
бағалау жөнiндегi қызметтi
жүзеге асыруға бiлiктiлiк
емтиханын өткiзу және лицензия
беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн
қызмет стандартына
1-қосымша

Нысан

      Қайда________________________
      (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)
      Кімнен _______________________
      (жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты
      (бар болған кезде), жеке сәйкестендiру нөмiрi)
      Мекенжайы_____________________
      (пошталық индексi, облысы, қаласы,
      ауданы, елдi мекені, көше атауы, үй/ғимараттың нөмiрi)
 
Біліктілік емтихан тапсыруға жіберу туралы өтiнiш

      Мүлiктi (зияткерлiк меншiк объектiлерiн, материалдық емес активтердiң құнын қоспағанда) бағалау жөнiндегi бiлiктiлiк емтиханын тапсыруға жiберудi сұраймын.
      Қоса берiлетiн құжаттар: ______________________________________
      ____________________________________________________________________
      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға келiсемiн.
      Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алушы
      ________________________________________________________________
       (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған кезде))
       ___________________
       (қолы)
       20__ жылғы "___"_____________
      Өтiнiш қарауға қабылданды 20__ жылғы "___"_____________
      ____________________________________________________________________
       (жауапты адамның қолы, тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған кезде))
 
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2016 жылғы 18 қарашадағы
№ 1057 бұйрығына
2-қосымша

"Зияткерлік меншік
объектiлерiн, материалдық емес
активтердің құнын бағалау
жөніндегі қызметті жүзеге
асыруға бiлiктiлiк емтиханын
өткiзу және лицензия беру"
мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет
стандартына
1-қосымша

Нысан

      Қайда________________________
      (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)
      Кімнен _______________________
      (жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты
      (бар болған кезде), жеке сәйкестендiру нөмiрi)
      Мекенжайы_____________________
      (пошталық индексi, облысы, қаласы, ауданы,
      елдi мекені, көше атауы, үй/ғимараттың нөмiрi)
 
Біліктілік емтихан тапсыруға жіберу туралы өтiнiш

      Зияткерлiк меншiк объектiлерiн, материалдық емес активтердiң құнын бағалау жөнiндегi бiлiктiлiк емтиханын тапсыруға жiберудi сұраймын.
      Қоса берiлетiн құжаттар: ______________________________________
      ____________________________________________________________________
      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын мәлiметтердi пайдалануға келiсемiн.