ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрықтың күшін жою көзделген - ҚР Қаржы министрінің 09.10.2024 № 687 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
Бұйрық 01.01.2017 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 12590 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 31 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында:
244-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"244. Конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған жағдайда, сатып алынатын қызметтің нарығында жұмыс тәжірибесі көп конкурсқа қатысушы жеңімпаз болып танылады.";
294-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"294. Аукциондық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке және шарттың жобасына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды қоспағанда, бірыңғай ұйымдастырушы, қажет болған жағдайда аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуларына не ескертулеріне жауап ретінде аукциондық құжаттаманың жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді. Аукциондық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке және шарттың жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді қоспағанда, аукциондық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді бірыңғай ұйымдастырушы осы Қағидалардың 282-тармағында белгіленген тәртіппен бекітеді.";
343-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"343. Осы Қағидалардың 342-тармағының үшініші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, аукционға (лотқа) бөлінген соманың кем дегенде бір пайызы мөлшерінде аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету енгізілген кезде, әлеуетті өнім беруші аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес келтіру мақсатында аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету сомаларын осы Қағидалардың 312-тармағына сәйкес түрлердің бірінде аукционға қатысуға өтінімді қосымша қамтамасыз етуді енгізуге құқылы.";
339-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"339. Аукциондық комиссия мынадай: 3) аукционға (лотқа) бөлінген соманың кемінде бір пайызы мөлшерінде аукциондық өтінімді қамтамасыз етуді енгізген жағдайда енгізілген аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес келмейді деп таниды.";
415-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"415. Тапсырыс берушінiң іркіліссіз қызметiн қамтамасыз ету мақсатында тапсырыс беруші Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12716 болып тіркелген "Конкурс немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күн сайынғы және (немесе) апта сайынғы қажеттіліктегі тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 677 бұйрығына сәйкес уәкілетті орган бекiткен тiзбе бойынша күн сайынғы немесе апта сайынғы қажеттіліктегі тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi шарттың қолданысын конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттiк сатып алу қорытындысы шығарылғанға және шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге Заңның 43-бабының 18-тармағына сәйкес ұзартады.";
мынадай мазмұндағы 426-1, 426-2, 426-3 және 426-4-тармақтармен толықтырылсын:
"426-1. Жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) кезінде мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау мынадай кезектілікпен жүзеге асырылады:
1) веб-портал арқылы орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісін ресімдеу;
2) орындалған жұмыстарды (көрсетілген қызметтерді) тапсыру және қабылдау;
3) Электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымының қағидаларына сәйкес электрондық шот-фактіралар ақпараттық жүйесі арқылы электрондық шот-фактура ресімдеу;
4) тапсырыс берушінің орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтеры үшін ақы төлеуі.
426-2. Өнім беруші веб-портал арқылы тапсырыс берушіге тауарлар, жұмыстар, қызметтер туралы мәліметтерді толтыра отырып, электрондық-цифрлық қолтаңбамен бекітілген осы Қағидаларға 22-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарларды қабылдау-беру актісін (бұдан әрі - тауарларды қабылдау-беру актісі), 22-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орындалған жұмыстар актісін (бұдан әрі - орындалған жұмыстар актісі), 22-3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілген қызметтер актісін жібереді.
426-3. Өнім беруші шарттық міндеттемелерін толық орындағаннан кейін тауарларды қабылдау-беру актілерімен, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актілерін бір мезгілде тапсырыс берушіге веб-портал арқылы осы Қағидаларға 22-4 және 22-5-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша электрондық-цифрлық қолтаңбамен бекітілген тауарлардағы, жұмыстардағы, қызметтердегі жергілікті қамту үлесі бойынша есеп жібереді.
426-4. Тапсырыс беруші веб-порталда өнім берушінің тауарларды қабылдау-беру актісін, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісін ресімдеуі туралы хабарлама алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей актіде шарт бойынша ақпаратты толтырады және оны электрондық-цифрлық қолтаңбамен бекітеді не дәлелді негіздемелер көрсете отырып, тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді қабылдаудан бас тартады.
Тапсырыс беруші жеткізілген тауарларды, орындалған жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді қосымша зерделеу қажет болған жағдайда, хабарлама алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген әрекетті орындайды, олар туралы өнім берушіге хабарлама алынған күнінен бастап, үш жұмыс күнінен кешіктірмей веб-портал арқылы хабарлайды.";
Конкурстық құжаттамаға 12-қосымшада:
реттік нөмірі 2 жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
2 | Сатып алынатын қызметтің Тапсырыс берушінің салалық мамандандыру ұйымы миссиясына (ұйым мақсатының құрылтайшы құжаттарға сәйкес келуі) сәйкес келуі | 0-ден 3-ке дейін | 0 | әлеуетті өнім берушінің құрылтайшы құжаттарында сатып алынатын қызмет мәніне сәйкес келетін қызмет түрлері жоқ |
1 | миссиясы/мақсаты сатып алынатын қызметке сәйкес келеді, бірақ Тапсырыс берушінің салалық мамандандандыруына сәйкес келмейді | |||
2 | миссиясы/мақсаты сатып алынатын қызметке сәйкес келеді және Тапсырыс берушінің салалық мамандануға ішінара сәйкес келеді | |||
3 | миссиясы/мақсаты сатып алынатын қызметке сәйкес келеді және Тапсырыс берушінің салалық мамандануына сәйкес келеді |
";
Қағидаларға 19-қосымшада Тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шарт:
3.1-тармақ мынадай мазмұндағы 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:
"9) Тапсырыс берушіге веб-портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен бекітілген орындалған жұмыстар актісін жіберу және ресімдеуге;
10) Тапсырыс беруші орындалған жұмыстар актісін бекіткеннен кейін Электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымының қағидаларына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда шот-фактура жазуға міндеттенеді.";
3.3-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) тауарды (тауарларды) қабылдау-беру актісі бекітілгеннен кейін Электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымының қағидаларына сәйкес электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда Өнім беруші жазып берген шот-фактураны қабылдауға;";
Қағидаларға 20-қосымшада Тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шарт:
4.1-тармақ мынадай мазмұндағы 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:
"8) Тапсырыс берушіге веб-портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен бекітілген орындалған жұмыстар актісін жіберу және ресімдеуге;
9) Тапсырыс беруші орындалған жұмыстар актісін бекіткеннен кейін Электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымының қағидаларына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда шот-фактура жазуға міндеттенеді.";
4.3-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) орындалған жұмыстар актісі бекітілгеннен кейін Электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымының қағидаларына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйелері арқылы электрондық нысанда Мердігер жазған шот-фактураны қабылдауға;";
6.1-тармақ алынып тасталсын;
Қағидаларға 21-қосымшада Көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шарт:
3.1-тармақ мынадай мазмұндағы 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:
"8) Тапсырыс берушіге веб-портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен бекітілген көрсетілген қызметтер актісін жіберу және ресімдеуге;
9) Тапсырыс беруші орындалған жұмыстар актісін бекіткеннен кейін Электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымының қағидаларына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда шот-фактура жазуға міндеттенеді.";
3.3-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) көрсетілген қызметтер актісін бекіткеннен кейін Электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымының қағидаларына сәйкес электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда Өнім беруші жазып берген шот-фактураны бекіткеннен кейін қабылдауға;";
5-Тарауының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Қызметтер көрсету";
5.2-тармақ алынып тасталсын.
2. "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 3 қазандағы № 521 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 14331 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 27 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жетпіс бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"378-1. Заңның 39-бабы 3-тармағының 6), 7), 11), 15), 28), 50), 51), 53) және 54) тармақшалары негізінде жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылған кезде Тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушіні айқындау үшін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жарнамасындағы, каталогтарындағы, сипаттамаларындағы және Қазақстан Республикасының Азаматтық заңнамасына сәйкес көпшілік оферта болып танылған белгісіз тұлғалар тобына арналған басқа ұсыныстардағы жалпыға қол жетімді ақпарат көздерін зерделеу арқылы сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығын талдау нәтижелері бойынша айқындалған сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында, оның оның ішінде ұқсас тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қызметін жүзеге асыратын кемінде үш әлеуетті өнім берушіге коммерциялық ұсыныстар беру туралы сұрау салулар жібереді.";
жетпіс тоғызыншы, сексенінші, сексен бірінші және сексен екінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"426. Тауарларды жеткізген кезде мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау мынадай кезекпен жүзеге асырылады:
1) жүкқұжаттың түпнұсқасын бере отырып, тауарды жеткізу орнына тауарды жеткізу;
2) өнім беруші тауарды жеткізу фактісін растайтын жүкқұжаттың электрондық көшірмесін тіркей отырып, веб-портал арқылы тауарды қабылдап алу-беру актісін ресімдейді;
3) тапсырыс беруші тауарды қабылдайды;
4) "Электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымының қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 77 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10423 болып тіркелді) (бұдан әрі - Электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымының қағидалар) сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы жазып берілген электрондық шот-фактураны ресімдеу;
5) тапсырыс беруші жеткізілген тауар үшін ақы төлейді.";
екі жүз қырық бірінші, екі жүз қырық екінші және екі жүз қырық үшінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2) жүкқұжат;
3) тауарларды қабылдап алу-беру актісі (актілері);
4) осы Қағидаларға 22-4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарлардағы жергілікті қамтудың үлесі бойынша есеп (шарттық міндеттемелер толық орындалғаннан кейін ұсынылады);";
екі жүз елуінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"3) Тауарды қабылдап алу кезінде веб-портал арқылы Тауарды қабылдап алу-беру актісін бекітуге не Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 426-4-тармағында белгіленген мерзімде оны қабылдамаудың дәлелді негіздемелерін көрсете отырып қабылдаудан бас тартуға;";
екі жүз елу жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"3) сәйкестігін міндетті түрде растауға жатпайтын Тауарларды қоспағанда, өнім беруші растаған Тауардың сәйкестігін бағалау туралы құжаттың (сәйкестік сертификаты / сәйкестігі туралы декларация / мемлекеттік тіркеу туралы куәлік) көшірмесі;";
екі жүз тоқсан бір және екі жүз тоқсан екінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
3) осы Қағидаларға 22-4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамту үлесі бойынша есеп;
4) Мердігер/Орындаушы Тапсырыс берушіге ұсынған орындалған жұмыстардың жалпы сомасын сипаттай, көрсете отырып, шот-фактура;";
екі жүз тоқсан тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"3) Жұмыстарды қабылдау кезінде веб-портал арқылы орындалған жұмыстар актісін бекітуге не Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 426-4-тармағында белгіленген мерзімде оның қабылданбауына дәлелді негіздемелерді көрсете отырып жұмысты қабылдаудан бас тартуға;";
үш жүз жиырма бірінші және үш жүз жиырма екінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"3) осы Қағидаларға 22-4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамту үлесі бойынша есеп;
4) Өнім беруші Тапсырыс берушіге көрсеткен қызметтердің сипаттамасымен, жалпы сомасы көрсетіле отырып, шот-фактура;";
үш жүз отыз бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
3) Қызметті қабылдау кезінде веб-портал арқылы көрсетілген қызметтер актісін бекітуге не Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 426-4-тармағында белгіленген мерзімде оның қабылданбауына дәлелді негіздемелерді көрсете отырып жұмысты қабылдаудан бас тартуға;
Бұйрыққа 6-қосымшада:
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген кқрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық құжаттамада:
21-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
Конкурстық өтінімдері осы тармақтың 2) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарында көрсетілген критерийлер бойынша бір баллдан кем алған әлеуетті өнім берушілер конкурсқа қатысуға жіберілмейді.".
Бұйрыққа 8-қосымшада:
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шартта:
2.5.-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2.5. Төлеу алдындағы қажетті құжаттар:
1) <аумақтық қазынашылық органында тіркелген/қол қойылған> Шарт;
2) көрсетілген қызмет актісі (актілері);
3) осы Қағидаларға 22-4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамту үлесі бойынша есеп;
4) Өнім беруші Тапсырыс берушіге көрсеткен қызметтердің сипаттамасымен, жалпы сомасы көрсетіле отырып, шот-фактура;";
3.1.-тармақ мынадай мазмұндағы 7) және 8)-тармақшалармен толықтырылсын:
"7) Тапсырыс берушіге веб-портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен бекітілген көрсетілген қызметтер актісін жіберу және ресімдеуге;
8) Тапсырыс беруші орындалған жұмыстар актісін бекіткеннен кейін Электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымының қағидаларына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда шот-фактура жазуға міндеттенеді.";
3.3.-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1)-тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) көрсетілген қызметтер актісін бекіткеннен кейін Электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымының қағидаларына сәйкес электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда Өнім беруші жазып берген шот-фактураны бекіткеннен кейін қабылдауға;";
5-Тарауының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Қызметтер көрсету";
5.2.-тармақ алынып тасталсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк сатып алу заңнамасы департаментi (С.М. Ахметов) заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасының | |
Қаржы министрі | Б. Сұлтанов |