Базалық тұтыну бағасының индексін есептеу әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 24 қарашадағы № 274 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14544 болып тіркелді

      «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 258) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Базалық тұтыну бағасының индексін есептеу әдістемесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Баға статистикасы басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
      3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмелерін қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Г.М. Керімханова) жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрлігі
      Статистика комитетінің төрағасы            Н. Айдапкелов

Қазақстан Республикасы   
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті төрағасының
2016 жылғы 24 қарашадағы   
№ 274 бұйрығымен       
бекітілді          

Базалық тұтыну бағасының индексін есептеу әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Базалық тұтыну бағасының индексін есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылатын және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңына сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.
      2. Әдістеме базалық тұтыну бағасының индексін (бұдан әрі – БТБИ) есептеудің әдіснамалық тәсілдерін, оны есептеудің әдістері мен тәртібін белгілейді.
      3. Осы Әдістемені Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті БТБИ құру кезінде қолданады.
      4. Әдістеме Халықаралық еңбек ұйымы, Халықаралық Валюта Қоры, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, Еуропалық қоғамдастықтың статистика бюросы, Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық экономикалық комиссиясы және Дүниежүзілік Банкі дайындаған «Тұтыну бағаларының индексі бойынша нұсқау: теория және тәжірибе» қағидаттары мен ұсынымдарын (2004 жыл) ескере отырып әзірленген.
      5. БТБИ сұраныс пен ұсыным шоктарына, маусымдық, оқиғалық және кездейсоқ фактор әсерлеріне, сондай-ақ баға белгілеу үрдісіне әкімшілік әсерге ұшырамаған баға өзгерісінің ұзақ мерзімді серпінін көрсететін тұтыну бағасының индексінен (бұдан әрі – ТБИ) алынатын туынды баға индексі болып табылады.
      БТБИ құру ТБИ қалыптастыру әдіснамасына негізделеді және оны есептеу:
      1) кез келген уақыт сәтінде олардағы нақты инфляциялық көріністерден тәуелсіз әдейі немесе мақсатты іріктелген жекелеген құрамдас бөліктерді;
      2) әлеуметтік маңыздылығы мен жалпы жиынтықтағы құрылымдық салмағынан тәуелсіз оларға бағаның қарастырылатын кезеңдегі белгілі бір уақыт сәтінде бағаның ең үлкен өзгерісін көрсеткен құрамдас бөліктерді ТБИ-дан тікелей алып тастау әдісімен жүзеге асырылады.
      БТБИ құру ТБИ құру кезінде қолданылатын ақпараттық ағымдар базасында жүргізіледі. ТБИ-ді есептеуге енгізілген тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге бағаның өзгеруі туралы деректер және индекстелетін шамалар құрылымын сипаттайтын салмақ жүйесі негіз болып табылады.
      6. БТБИ экономикалық талдау, ағымдағы және орташа мерзімдік болжам жүргізу үшін қолданылады.

2-тарау. БТБИ есептеудің әдіснамалық тәсілдері

      7. БТБИ көрсеткіші сұраныстың экономикадағы жай-күйін көрсететін және бағалық шоктардың әсерін жоятын негізгі ұзақ мерзімді бағалық трендті ескереді.
      Бағалық шоктар инфляцияның уақытша және ұзақ бағалық шоктарына бөлінеді. Бағалық шоктардың жалпы формуласы:

                                                   (1)

      мұнда:
      – инфляцияның бағалық шоктары;
      – қысқа мерзімді бағалық шоктар;
      – болашақта күтілетін бағалық шоктар.
      Бірінші компонент азық-түлік өнімдері мен энергия ресурстарының жекелеген түрлерінің волатильді компоненттеріне әсер ететін уақытша салыстырмалы бағалық шоктардың әсерін қамтиды. Екінші компонент инфляцияның болашақта күтілетін шоктарын көрсетеді. Олардың арасындағы айырмашылық осы әсерлердің жалпы инфляцияға әсер етуінің жалғастырылу кезеңімен анықталады. Ұсыныс пен сұраныстан туындаған шоктар белгілі бір уақыт кезеңі өткен соң инфляцияға әсер етеді, ал бағалық шоктары өлшенетін инфляцияда көрінеді.
      8. Бағалық шоктар олардың ұзақтығы тұрғысынан алғанда БТБИ анықтаудың екі нұсқасын көздейді:

                                                    (2)

                                                (3)

      мұнда:
      , – БТБИ;
      – ТБИ;
      – қысқа мерзімді бағалық шоктар;
      – болашақта күтілетін бағалық шоктар.
      БТБИ анықтау тәсілдері арасындағы таңдау өлшеу объектісіне байланысты болады. Инфляциялық үдерістің ұзақ мерзімді дамуында қайтымды бағалық шоктардың әсерін алып тастау кезінде қысқа мерзімді әсер ететін шоктардың жалпы инфляциясынан алып тастау арқылы анықталатын БТБИ өлшеу қолайлы болып табылады. Тұрақты әсері бар бір реттік бағалық шоктарды жою үшін БТБИ есептеу тиімдірек болып табылады.

3-тарау. БТБИ есептеу әдістері

      9. БТБИ-ды өлшеу құрауыштарды қамту, олардың маңыздылығы, есептеу рәсімдері бойынша түрлендірілген әртүрлі әдістерді қолдана отырып жүзеге асырылады. БТБИ құру кезінде қолданылатын жай алып тастау әдісі және компоненттердің волатильділігіне сәйкес орташа қысқартылған әдіс кең тараған әдістер болып табылады.
      10. Жай алып тастау әдісі кезінде ТБИ-ден жоғары волатильділік, аумалылық, тұрақсыздық, сұранымның, бағаның, нарық конъюнктурасы өзгермелілігінің жоғары дәрежесін көрсететін компоненттер жүйелі түрде алып тасталады. Волатильді компоненттерге бағаның күрт ауытқуы сыртқы сауда конъюнктурасының, маусымдық және кездейсоқ факторлардың әсерімен сипатталады, ТБИ құру кезінде негізгі ұзақ мерзімді баға трендін бұрмалайды. БТБИ өлшеудің аталған әдісі компоненттерді алып тастау үшін өлшемшарт ретінде волатильділікті қолдана отырып факторлардың әсерінен абстракциялауды қамтамасыз етеді.
      Волатильді компоненттер кезеңдік түрде БТБИ құру үдерісіне қатыспайды. Нәтижесінде жекелеген тауарларға (көрсетілетін қызметтерге) баға қозғалысы олардың тұрақты өзгерісін алу үшін қайта бөлінеді. Одан әрі түзетуді және агрегатталған деңгейдегі қосымша есептеулерді қажет етпейтін тиісті қарапайым индекстерді шегеру арқылы ТБИ қайта есептеу жүргізіледі.
      БТБИ өлшеуде аталған әдісті қолдану кезінде ТБИ құруда қолданылатын салмақтау құрауыштары қайта есептеледі. Шығарылған волатильді компоненттерге нөлдік салмақ беріледі, қалған компоненттерде нормалау рәсімін қолданғаннан кейін салмақ артады.
      11. Жекелеген нақты құрауыштар бойынша баға өзгерісін есепке алмай БТБИ есептеу:
      1) бір құрауышсыз (жемістер мен көкөністер);
      2) үш құрауышсыз (жаңа жиналған жемістер мен көкөністер, бензин, көмір);
      3) жеті құрауышсыз (дизель отыны және тұрғын үй коммуналдық, темір жол көлігінің және байланыс қызметтері).
      Жаңа жиналған жемістер мен көкөністерді алып тастау жыл ішінде және бірнеше жылдар бойы кезеңдік түрде көрінетін маусымдық факторға байланысты. Бензин, дизель отыны мен көмір бағалары нарық конъюнктурасының өзгеруіне және маусымдық факторға ұшыраған.
      Тұрғын үй коммуналдық қызметтеріне, жолаушылардың теміржол көлігіне және байланысқа бағалар мен тарифтердің өзгеруін алып тастау олардың әлеуметтік бағыттылығымен түсіндіріледі. Бұл қызметтер ТБИ құрамында едәуір салмаққа ие баға қозғалысының ақша-кредит саясаты құралдарына байланысты емес, өйткені олар үнемі өзгермей, кезең-кезеңмен өзгереді.
      Жекелеген нақты құрауыштар бойынша баға өзгерісін есепке алмағандағы БТБИ есептеу үшін тауарлар мен қызметтер тізбесі осы Әдістемеге 1-қосымшада келтірілген.
      БТБИ-ді бір, үш және жеті құрауыштарды алып тастау әдісімен қалыптастыру кезінде келесі есептеу формуласы қолданылады:

                          (4)

      мұнда:
      – БТБИ;
       – ТБИ нақты мәні;
       – алып тастау үшін анықталған және тауарларға (көрсетілетін қызметтерге) баға өзгерісі;
       – ТБИ құрылымындағы тиісті тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) үлес салмағы.
      Көрсеткіштердің уақытша қатарларының салғастырымдылығын қамтамасыз ету, жұртшылыққа түсінікті болуы осы әдісті қолданудың артықшылығы болып табылады. Нәтижесінде алынатын көрсеткіштер ТБИ-дің қосалқы индекстері болып саналады, оларды құру ТБИ-ді қалыптастырудың қолданыстағы барлық стандарттары мен талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.
      12. Қысқартылған орташа әдіс белгілі уақыт кезеңінде жеке индекстерді анық көлденең саралау арқылы барлық баға өзгерістерін егжей-тегжейлі қарауға негізделеді. Қысқартылған орташа әдіс шеңберінде үлгілері бойынша шегерудің оңтайлы үлесінің әртүрлі нұсқалары бар.
      Бірінші үлгі – қарапайым қысқартылған орташа. ТБИ-дің сараланған қатарынан баға индекстерінің ең кіші және ең үлкен мәндері бар кез келген компоненттерін алып тастағанда қарапайым орташа шама анықталады. Компоненттердің түрлі құрамы мен олардың айдан айға алып тасталатын саны БТБИ-ді есептеуде бөлудің «өзегін» есепке алады. Шекті мәндерін анықтау үшін ТБИ-дан көрсеткіштің индекстік шамасы, компоненттер саны немесе салмақтық құрауыштар алынып тасталады.
      Осы үлгі агрегатталмаған деңгейде баға өзгерістерін бөлуді қарастырады, қарастырылатын кезең үшін соңғы мәндерді алып тастайды және үлгілік баға өзгерістерін қалдырады. Баға өзгерісінің соңғы мәндерін алып тастағаннан кейін қалған мәндерге агрегаттау жүргізіледі, нәтижесінде БТБИ құрылады. Сараланған қатардан алып тасталатын айқындамалар саны бірнеше өкілден бір өкілге дейін ауытқиды, бұл тұтыну қоржынының құрылымы және нақты баға үрдісімен анықталады.
      Аталған үлгі кездейсоқ шамалардың байланыссыздығын дұрыс бөлуге әкелетіндей мүмкіндік береді, бұл әртүрлі эконометрикалық рәсімдер үшін қолайлы, баға өзгерісін бөлуден алынған орташа шама инфляция трендін құрайды. Айдан айға алынып тасталатын тауарлар айқындамалары жиынтығының тұрақсыздығы, олардың жиі ауысуы БТБИ-ді есептеу нәтижелерін интерпретациялауды, серпінділік қатарларын жүргізуді және жекелеген есепті кезеңдерде оларды салыстыруды қиындатады.
      Екінші үлгі – бөлу орталығынан қашықтыққа сәйкес орташа қысқарту. Бұл үлгіні қолданған кезде орташадан ерекшеленетін айтарлықтай баға өзгерістері бар компоненттер алып тасталады.
      Салмақтық құрауыштарды қайта есептеу келесі теңдікпен анықталады:

                                     (5)

      мұнда:
      – салмақтық құрауыштарды қайта есептеу;
      - салмақталған орташа ретінде анықталған бөлу орталығы;
      - ТБИ-ден белгілі компоненттерді алып тастау шегі, теріс емес сан;
      Vtбелгілі айға баға индексінің волатильділік өлшемі, бөлу дисперсиясы.
      Бөлудің аталған үлгісі «орталық» маңайына шоғырланған жағдайда қысқартудың болмауын қамтамасыз етеді, алдын ала белгіленген параметрлерге сәйкес бөлу соңдарын «қысқартады».
      13. БТБИ құру ТБИ-дағы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің баға өзгерістерінің сараланған қатарынан алып тастау тәсілімен:
      1) бес ең жоғарғы және ең төменгі баға өзгерістері бойынша;
      2) ең жоғарғы және ең төменгі бағалық өзгерістермен сегіз пайыздан кесіп алынатын «қалдықтар» бойынша;
      3) қатардың ортасындағы біреуінен басқа ТБИ-дің барлық құрауыштары бойынша жүргізіледі.
      БТБИ-ді жекелеген құрамдас бөліктердің бағалық «толқуын» елемеу арқылы есептеу кезінде түрлендірілген есептеу формуласы қолданылады:

                         (6)

         

      мұнда:
       – БТБИ;
       – ТБИ нақты мәні;
       – сараланған қатарда бағаның ең төменгі өсуін көрсеткен компоненттерге баға өзгерісі;
       – сараланған қатарда бағаның ең жоғары өсуін көрсеткен компоненттерге баға өзгерісі;
      – компоненттердің жалпы саны;
      – ТБИ құрамындағы тиісті айқындамалардың үлес салмағы.
      Қысқартылған орташа шама әдісі мәні бойынша белгілі бір деңгейден асатын және (немесе) оған жетпейтін баға өзгерісін ескермейді. Бұл әдіс тек инфляциялық ауытқулардың нақты көріністеріне ғана сүйенеді. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер бағалары өзгерісінің дәрежесі және олардың салмақтық құрамдас бөліктері бойынша алып тастау тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге бағалар өзгерісін алдын ала бөлу ретіне келтіріп, ТБИ құрамына кіретін салмақтарды жинақтап қосуды қарастыратын математикалық статистика тәсілдеріне негізделген.
      14. БТБИ есептеудің аталған әдістерінен негізгі ретінде ТБИ-дан үш құрамдас бөлікті (жаңа жиналған жемістер мен көкөністер, бензин, көмір) жай алып тастау әдісі таңдап алынған. БТБИ есептеудің қалған әдістері талдамалық және болжамдық мақсаттар үшін қолданылады. Кешенде іске асырылатын қарастырылған әдістерді қолдану инфляцияның монетарлық «жағдайын» бейнелейтін көрсеткіштердің тиімді жүйесін құрады.

4-тарау. Жекелеген құрамдас бөліктер бойынша баға өзгерістерін
есепке алмай БТБИ есептеу

      15. Жекелеген құрамдас бөліктер бойынша баға өзгерістерін есепке алмай БТБИ есептеу келесі тәртіппен жүзеге асырылады:
      1) ТБИ есептеу шеңберінде бағалық өзгерісті анықтағаннан кейін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің белгілі бір түрі алынып тасталады (ТБИ-дің бір, үш және жеті құрамдас бөліктері), олардың үлес салмағы мен бағалық өзгерісі шартты түрде нөлге тең деп қабылданады.
      2) бұдан әрі алынып тасталатын айқындамаларға баға өзгерісін есепке алусыз базалық баға өзгерісі мына формула бойынша анықталады:

                   (7)

      мұнда:
       – БТБИ;
      t есепті кезеңіндегі айқындамасының құрылымдық бағалық қатынасы;
       – t есепті кезеңіндегі айқындамасының құрылымдық бағалық қатынасы;
       базалық кезеңдегі тұтыну шығыстарының жалпы құрылымындағы айқындамасының үлес салмағы;
       – базалық кезеңдегі тұтыну шығыстарының жалпы құрылымындағы айқындамасының үлес салмағы;
       – нақты алынып тасталатын айқындамалар;
      – алынып тасталатын айқындамалар саны;
       – t есепті кезеңіндегі айқындамасының және алынып тасталатын айқындамасының жеке баға индекстері;
      – тұтыну жиынтығы айқындамаларының жалпы саны.
      3) үш және жеті құрамдас бөліктерді ескерусіз БТБИ есептеудің нақтылығына қол жеткізу мақсатында жалпы жиынтықтан «базалық емес» компоненттерді алып тастағаннан кейін қалған айқындамалар бойынша базистік салмақтарды қалыпқа келтіру рәсімі жүзеге асырылады.
      Ол үшін салмақтың жалпы сомасын қалған салмақтық құрауыштар сомасына қатынасының нәтижесі ретінде анықталатын қалыпқа келтіру коэффициенті табылады:

         немесе          (8)

      мұнда:
       қалыпқа келтіру коэффициенті;
       салмақтардың жалпы сомасы қатынасының нәтижесі;
       салмақтық құрауыштар.
      Қалыпқа келтіру рәсімі БТБИ көрсеткішіне қосу кезіндегі компоненттер сомасы ретінде жүзеге асырылады және бір немесе 100 пайызды құрайды.
      4) нәтижесінде бағалар (тарифтер) өзгерісі БТБИ есептеуге қатысатын әрбір өкіл тауарға (көрсетілетін қызметке) қосымша салмақ беріледі.
      Қалыпқа келтірілген үлес салмақ базистік салмақты қалыпқа келтіру коэффициентіне көбейту арқылы табылады:

                                                   (9)

      мұнда:
      қалыпқа келтірілген салмақ;
       базистік салмақ;
       қалыпқа келтіру коэффициенті.
      5) қалған айқындамалар бойынша қалыпқа келтірілген салмақты ескере отырып БТБИ агрегатталған индексі қайта есептеледі.
      Жаңа жиналған жемістер мен көкөністерге, бензинге және көмірге бағалар өзгерісін есепке алмағандағы БТБИ есептеу осы Әдістемеге 2-қосымшада келтірілген.

5-тарау. Бағалар өзгерісінің дәрежесі мен олардың салмақтық
құрамдас бөліктері бойынша тауарлар мен көрсетілетін
қызметтерді алып тастау арқылы БТБИ есептеу

      16. Есепті айда қалыптасқан бес ең төменгі және ең жоғарғы бағалық өзгеріс бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді алып тастау арқылы БТБИ есептеу келесі тәртіппен жүзеге асырылады:
      1) тұтыну жиынтығының әрбір жеке айқындамасы бойынша бағалық өзгерісті анықтағаннан кейін ең азынан ең көбіне өсу ретімен нақты баға өзгерістерінің салыстырмалы мәндерінің өсу дәрежесі бойынша деректер қатарына саралау жүргізіледі;
      2) жаңадан құрылған қатарда ең төменгі баға өзгерісі бар алғашқы бес айқындаманың, ең жоғарғы баға өзгерісі бар бес соңғы айқындаманың базистік салмақтарының сомалық үлесі есептеледі:

                   (10)

      мұнда:
       базистік салмақ;
       – ең төменгі өзгерістер көрсеткен нақты айқындамалар;
       – ең жоғарғы өзгерістер көрсеткен нақты айқындамалар;
      – алынып тасталатын айқындамалардың берілген саны;
      3) табылған айқындамалар салмақтарының сомасы жалпы көлемнен олардың салмақтарын нөлге келтіру арқылы алынып тасталады. Бірнеше құрамдас бөліктердің бірдей ең төменгі немесе ең жоғарғы баға өзгерістері болса және олардың саны бестен көп болған жағдайда ТБИ-дің жалпы құрылымындағы базистік салмағы ең аз компоненттерге есептеуден алып тастау үшін басымдық беріледі;
      4) есептеуде қалған айқындамалардың базистік салмақтарының сомасы бірге немесе 100 пайызға тең болмаса қалыпқа келтіру коэффициенті және айқындамалардың қалыпқа келтірілген салмақтары анықталады;
      5) қалыпқа келтірілген салмақтар мен бұған дейін анықталған бағалық өзгерістерді ескере отырып қалған айқындамалар бойынша есепті кезеңде қалыпқа келтірілген құрылымдық бағалық салыстырмалы шама табылады:

                                           (11)

      мұнда:
       қалыпқа келтірілген салмақ;
       қалыпқа келтірілген құрылымдық бағалық салыстырмалы шама;
      6) табылған айқындамалар салмақтарының сомасын олардың жалпы сомасынан шегергеннен кейін БТБИ қалыптастыратын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің қысқартылған жиынтығы анықталады. ТБИ қалған құрамдас бөліктерінің орташа салмақталған орташа шамасы БТБИ-дің мәні болып табылады.
      Ең жоғарғы және ең төменгі бағалық өзгерістермен бес айқындама бойынша алып тастау жолымен БТБИ есептеу осы Әдістемеге 3-қосымшада келтірілген.
      17. Ең жоғарғы және ең төменгі баға өзгерістерімен кесіп тасталатын «қалдықтың» сегіз пайызы бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді алып тастау арқылы БТБИ есептеу келесі тәртіппен орындалады:
      1) бағалардың нақты өзгерістеріне өсу ретімен саралау жүргізгеннен кейін алдыңғы әдістегідей олардың базалық салмақтарын тізбектеп қосындылау арқылы сараланған қатардағы барлық айқындамалар мәндерінің кумулятивтік сомасы анықталады (өсіңкі нәтижемен жинақтау):

                    

                                              (12)

      мұнда:
       базалық салмақтар сомасы;
       – біріншіден соңғыға дейін нақты іріктелген айқындамалар;
      2) сараланып алынған қатарда шеткі (қалдықтар) айқындамалар анықталады және олардың базистік салмақтарының кумулятивтік сомасы берілген V%=8 параметрге сәйкес келеді:
      Қатардың басында  үшін:
                                                         (13)
      Қатардың соңында  үшін:
                                                       (14)

      3)  дейін және  кейін барлық айқындамалар кесіп тасталады. Берілген параметрге тең емес және шеткі айқындамалары базистік салмақтарының кумулятивтік сомасы үшін БТБИ есептеуде қатысатын бөлігі анықталады. Бұл үшін шеткі айқындамалардың үлес салмағының үлесі есептеледі.
      Қатардың басында  үшін:
                                                (15)
      Қатардың соңында  үшін:

                                          (16)

      мұнда:
       - шеткі айқындамалар салмақтарының кумулятивті сомасы;
       - шеткі айқындамалардың нақты базистік салмағы;
      4) алып тастауға жатпайтын шеткі айқындамалардың «қиылған» базистік салмақтарының мәні үлесі негізінде анықталады:

                                               (17)

      5) бұдан әрі шеткі айқындамалардың базистік салмақтарының «қиылған» мәні мен есепте қалған басқа айқындамалардың базистік салмақтары қосындыланады. Олардың сомасы бірге немесе 100 пайызға тең емес айқындамалардың базалық салмақтары мен шеткі айқындамалардың «қиылған» салмақтары қалыпқа келтіріледі.
      Берілген параметр кезінде қалыпқа келтіру коэффициенті келесіге тең болады:

                                            (18)

      6) қалыпқа келтірілген салмақтарды және бұдан бұрын анықталған бағалық өзгерісті ескере отырып қалған айқындамалар бойынша есепті кезеңнің қалыпқа келтірілген құрылымдық бағалық салыстырмалы шамасы анықталады.
      БТБИ осы тәсілмен есептеу базистік салмақтың жалпы сомасы сараланған қатардың екі шегінен сегіз пайызды құрайтын (басында 8% және соңында 92%) баға өзгерісінің ең жоғарғы және ең төменгі айқындамаларын есептеуге кіргізбеуді көздейді. Бұл ретте салмақ сомасы біріншілері сегіз пайызға жеткен компоненттер өзінің алғашқы базистік салмағымен емес оның берілген шектен пропорционалды артқан бөлігі бойынша БТБИ есептеуіне енеді.
      Ең жоғарғы және ең төменгі бағалық өзгерістермен кесіп тасталатын «қалдықтың» сегіз пайызы бойынша алып тастау жолымен БТБИ есептеу осы Әдістемеге 4-қосымшада келтірілген.
      18. БТБИ анықтау үшін баға өзгерісін біркелкі бөлу кезінде тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге үлкен баға өзгерістерінің барлығы волатильді болып табылмайтынына негізделген медиана әдісі қолданылады. Тауарлардың нақты өзгерулерінің сараланған қатарында базистік салмақтардың кумулятивтік сомасы жиынтықтың барлық көлемінің кемінде 50 пайызына тең немесе көп болатын айқындама болады. Осы айқындаманың есептік айдағы бағалық өзгерісі БТБИ мәні болып табылады.

Базалық тұтыну бағасының индексін
есептеу әдістемесіне 1-қосымша 

Жекелеген нақты құрауыштар бойынша баға өзгерісін есепке
алмағандағы базалық тұтыну бағасының индексі үшін тауарлар мен
көрсетілетін қызметтер тізбесі

Атауы

Код

Базалық тұтыну бағасының индексі есебіне кірмейтін *:

бір құрамдас бөлік

үш құрамдас бөлік

жеті құрамдас бөлік

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер

14




Азық-түлік тауарлары

1




Азық-түлік емес тауарлар

2




Халыққа көрсетілетін ақылы қызметтер

19




Нан өнімдері және жармалар

0111




Ет

0112




Балық және теңіз өнімдері

0113




Сүт, ірімшік және жұмыртқа

0114




Май және тоң май

0115




Жемістер

0116




Жаңадан жиналған жемістер

01161

*

*

*

Алма

01161001

*

*

*

Жүзім

01161002

*

*

*

Банан

01161007

*

*

*

Апельсин

01161008

*

*

*

Лимон

01161009

*

*

*

Алмұрт

01161011

*

*

*

Қайта өңделген және консервіленген жемістер

01162




Көкөністер

0117




Жаңадан жиналған көкөністер

01171

*

*

*

Қырыққабат

01171001

*

*

*

Басты пияз

01171002

*

*

*

Қызылша

01171003

*

*

*

Сәбіз

01171004

*

*

*

Қияр

01171005

*

*

*

Қызанақ

01171006

*

*

*

Сарымсақ

01171008

*

*

*

Тәтті бұрыш

01171010

*

*

*

Картоп және басқа да түйнектілер

01172

*

*

*

Картоп

01172001

*

*

*

Қайта өңделген және консервіленген көкөністер

01174




Қант, джем, бал, шоколад, кондитерлік өнімдер

0118




Басқа санаттарға енгізілмеген азық-түлік өнімдері

0119




Алкогольсіз сусындар

012




Алкогольді ішімдіктер, темекі өнімдері

02




Киім және аяқкиім

03




Тұрғын үй қызметтері, су, электр энергиясы, газ және отынның басқа да түрлері

04




Сумен жабдықтау және тұрғын үй-жайлармен байланысты өзге де қызметтер

044




Сумен жабдықтау

0441



*

Суық су

04410001



*

Қоқыс жинау

0442




Қоқыс жинау

04420001




Кәріз

0443



*

Кәріз

04430001



*

Электр энергиясы, газ және отынның басқа да түрлері

045




Электр энергиясы

0451



*

Электр энергиясы

04510001



*

Газ

0452




Тарату желілері бойынша тасымалданатын газ

04520001



*

Сұйытылған

04520002




Қатты отын

0454




Таскөмір

04540001


*

*

Ағаш

04540002




Жылу энергиясы

0455




Орталықтан жылыту

04550001



*

Ыстық су

04550006



*

Үй тұрмысына қажетті заттар және тұрмыстық техника және тұрғын үйді күтіп ұстау бойынша күнделікті қызмет

05




Денсаулық сақтау

06




Көлік

07




Автокөлік құралдарын сатып алу

071




Жеке көлік құралдарын пайдалану

072




Жеке көлік құралдарына арналған қосалқы бөлшектер мен керек-жарақтар

0721




Жеке көлік құралдарына арналған жанар-жағармай материалдары

0722




Бензин

07221




Бензин АИ-98

07221001


*

*

Бензин АИ-80

07221002


*

*

Бензин АИ-92

07221005


*

*

Бензин АИ-95, АИ-96

07221007


*

*

Жеке көлік құралдарына арналған отын мен жағармай материалдары

07222




Дизель отыны

07222001



*

Мотор майы

07222004




Көлік қызметі

073




Жолаушылардың теміржол көлігі

0731




Жолаушылардың жергілікті теміржол көлігі

07311




Қала маңына қатынайтын поезд

07311001



*

Алыс қашықтыққа қатынайтын жолаушылардың темір жол көлігі

07312




Поезд

07312001



*

Жолаушылардың автомобиль көлігі

0732




Жолаушылардың әуе көлігі

0733




Байланыс

08




Почта қызметтері

081




Посылкаларды жіберу

08100002



*

Телефондық және факсимильді жабдықтар

082




Телефон мен факсимильді байланыс қызметтері

083




Телефон үшін абоненттік төлем

08300001



*

Қалааралық қоңырау шалу (республика ішінде)

08300002



*

Интернет желісіне шығу үшін абоненттік төлем

08300004




Кабельдік телеарна қызметтері

08300006




Ұялы байланыс қызметтері

08300008




Халықаралық қоңырау шалу (республикадан тыс)

08300013



*

Демалыс және мәдениет

09




Білім беру

10




Мейрамханалар мен қонақ үйлер

11




Әртүрлі тауарлар мен қызметтер

12




Базалық тұтыну бағасының индексін
есептеу әдістемесіне 2-қосымша 

Жаңа жиналған жемістер мен көкөністерге, бензинге және көмірге
бағалар өзгерісін есепке алмағандағы базалық тұтыну бағасының
индексін есептеу

Атауы

Код

Салмақ

Базалық жылғы желтоқсанға (өткен ай) бағалық салыстырмалы шама

Есепті айдың бағалық салыстырмалы шамасы

Құрылымдық бағалық салыстырмалы шама базалық жылғы желтоқсанға

үш құрамдас бөліксіз тұтыну бағасының индексі бойынша

қалыпқа келтірілген

өткен айға

базалық жылғы желтоқсанға

есепті айдың

өткен айға

А

Б

1

2

3

4=6/7

5=3х4

6=2х5

7=2х3

Базалық тұтыну бағасының индексі





1,008753




Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер

14

0,93565

1,00000

1,563421

1,008753

1,577106

1,57710621

1,56342102

Азық-түлік тауарлары

1

0,35252

0,37680

1,627681

1,012975

1,648800

0,62126780

0,61331021

Азық-түлік емес тауарлар

2

0,29095

0,31101

1,406034

1,004665

1,412593

0,43933063

0,43729061

Халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтер

19

0,29218

0,31219

1,642654

1,007191

1,654466

0,51650778

0,51282020

Нан өнімдері және жармалар

0111

0,07302

0,07804

1,657502

1,022447

1,694707

0,13225496

0,12935147

Ұн

011121

0,00911

0,00974

1,514634

1,039968

1,575171

0,01534217

0,01475254

Жоғары сұрыпты бидай ұны

01112101

0,00365

0,00390

1,591084

1,037838

1,651287

0,00644002

0,00620523

Бірінші сұрыпты бидай ұны

01112102

0,00546

0,00584

1,463581

1,041514

1,524340

0,00890215

0,00854731

Жемістер

0116

0,01681

0,00375

1,735731

1,004501

1,743547

0,00653830

0,00650900

Жаңадан жиналған жемістер

01161

0,01330







Алма

01161001

0,00690







Жүзім

01161002

0,00080







Банан

01161007

0,00388







Апельсин

01161008

0,00278







Лимон

01161009

0,00144







Алмұрт

01161011

0,00101







Қайта өңделген және консервіленген жемістер

01162

0,00351

0,00375

1,735731

1,004501

1,743547

0,00653830

0,00650900

Көкөністер

0117

0,02693

0,00300

1,573177

1,002464

1,577053

0,00473116

0,00471953

Жаңадан жиналған көкөністер

01171

0,01475







Қырыққабат

01171001

0,00245







Басты пияз

01171002

0,00254







Қызылша

01171003

0,00204







Сәбіз

01171004

0,00227







Қияр

01171005

0,00089







Қызанақ

01171006

0,00300







Сарымсақ

01171008

0,00062







Тәтті бұрыш

01171010

0,00094







Картоп және басқа да түйнектілер

01172

0,00938







Картоп

01172001

0,00938







Қайта өңделген және консервіленген көкөністер

01174

0,00280

0,00300

1,573177

1,002464

1,577053

0,00473116

0,00471953

Қатты отын

0454

0,00703

0,00247

1,725189

1,015183

1,751383

0,00432591

0,00426122

Таскөмір

04540001

0,00472







Ағаш

04540002

0,00231

0,00247

1,725189

1,015183

1,751383

0,00432591

0,00426122

Жеке көлік құралдарына арналған жанар-жағармай материалдары

0722

0,02542

0,00344

1,382677

1,029022

1,422805

0,00489445

0,00475641

Бензин

07221

0,02220







Бензин АИ-98

07221001

0,00455







Бензин АИ-80

07221002

0,00588







Бензин АИ-92

07221005

0,00529







Бензин АИ-95, АИ-96

07221007

0,00648







Басқа да отын мен жағармай материалдары

07222

0,00322

0,00344

1,382677

1,029022

1,422805

0,00489445

0,00475641

Дизель отыны

07222001

0,00287

0,00307

1,377073

1,028888

1,416854

0,00434974

0,00422761

Мотор майы

07222004

0,00035

0,00037

1,429192

1,030078

1,472179

0,00054471

0,00052880

      Үш құрамдас бөлікті есепке алмағандағы базалық тұтыну бағасының индексін есептеу тәртібі:
      1) жаңадан жиналған жемістер мен көкөністерді, бензинді, көмірді алып тастаған кезде олардың үлес салмағы және баға өзгерісі шартты түрде нөлге тең деп қабылданады;
      2) жоғарыда аталған айқындамаларды алып тастағаннан кейін қалған тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жиынтық салмағы болады. Салмақтар қалыпқа келтіру коэффициенті көмегімен қалыпқа келтіріледі. Оны есепке алғанда айқындамалар бойынша қалыпқа келтірілген салмақ (2-баған):
      жоғары сұрыпты ұн

      бірінші сұрыпты ұн

      ұн тобы бойынша 0,00390 + 0,00584 = 0,00911
      3) өткен айға ұзақ мерзімді бағалық салыстырмалы шама бойынша деректер (3-баған) тұтыну бағасының индексі есептеуінен алынады. Тұтыну бағасы индексінің тиісті есептеуіндегідей анықтау үшін қалыпқа келтірілген салмақты ескере отырып қысқа мерзімді бағалық салыстырмалы шама (4 және 5-баған) есептеледі:
      а) айқындамалық жолдар бойынша: өткен айдың құрылымдық бағалық салыстырмалы шамасы базалық жылғы желтоқсанға (7-баған) 7-баған = 2-баған х 3-баған
      жоғары сұрыпты ұн бойынша 0,00390 х 1,591084 = 0,00620523
      бірінші сұрыпты ұн бойынша 0,00584 х 1,463581 = 0,00854731
      б) айқындамалық жолдар бойынша: есепті айдың құрылымдық бағалық салыстырмалы шамасы базалық жылғы желтоқсанға (6-баған) 6-баған = 2-баған х 5-баған
      жоғары сұрыпты ұн бойынша 0,00390 х 1,651287 = 0,00644002
      бірінші сұрыпты ұн бойынша 0,00584 х 1,524340 = 0,00890215
      в) ішкі класс түрлері, ішкі класс, класс, топ, бөлім түрлері бойынша құрылымдық бағалық салыстырмалы шамалар оларға кіретін құрамдас бөліктерді тізбектеп жиынтықтау жолымен анықталады.
      Мысалы, ішкі класс (5-деңгей) бөлігі бойынша құрылымдық (6 және 7-бағандар) бағалық салыстырмалы шамалар оған кіретін айқындамалық (6-деңгей) жолдардың жиынтығы ретінде есептеледі.
      ұн бойынша 6-баған 0,00644002 + 0,00890215 = 0,01534217
      ұн бойынша 7-баған 0,00620523 + 0,00854731 = 0,01475254
      4) топтық жолдар бойынша бағалық салыстырмалы шама базалық жылғы желтоқсанға ұзақ мерзімді құрылымдық шаманы бөлу арқылы есептеледі:
      есепті айдың өткен айға 4-баған = 6-баған / 7-баған
      ұн бойынша 0,01534217 / 0,01475254 = 1,039968
      базалық жылғы желтоқсанға – 5-баған = 6-баған / 2-баған
      ұн бойынша 0,01534217 / 0,00974 = 1,575171

Базалық тұтыну бағасының индексін
есептеу әдістемесіне 3-қосымша 

Ең жоғарғы және төменгі бағалық өзгерістермен бес айқындама
бойынша алып тастау жолымен базалық тұтыну бағасының индексін
есептеу

Атауы

Код

Салмақ

Өткен айға бағалық салыстырмалы шама

Құрылымдық бағалық салыстырмалы шама

Құрылымдық бағалық салыстырмалы шама
(қалыпқа келтірілген)

есепті айдың

өткен айдың

есепті айдың

өткен айдың

A

Б

1

2

3

4

5

6

Базалық тұтыну бағасының индексі



100,8743





қалған тауарлар бойынша сома


0,97917






алып тасталған тауарлар бойынша сома


0,02083




1,58986262

1,57608273

ең төменгі


0,00677






ең жоғарғы


0,01406






Қырыққабат

01171001

0,00245

0,964553

0,00680971

0,00705997



Сәбіз

01171004

0,00227

0,985379

0,00102702

0,00104226



Цемент М400

04310005

0,00311

0,991212

0,00428011

0,00431805



Медициналық таңғыштар

06120002

0,00037

0,996216

0,00046300

0,00046476



Мақта

06120003

0,00035

0,996727

0,00054585

0,00054764



Қызылша

01171003

0,00204

0,997495

0,00375266

0,00376208

0,00383249

0,00384211

Газдалған сусындар

01222002

0,00036

0,998194

0,00045462

0,00045545

0,00046429

0,00046514

Тегістелген, жылтыратылған күріш

01111001

0,00754

0,998667

0,01525639

0,01527676

0,01558094

0,01560174

Алма

01161001

0,00716

0,998922

0,01185916

0,01187196

0,01211144

0,01212451

Апельсин

01161008

0,00312

1,000000

0,00104311

0,00104311

0,00106530

0,00106530

Балмұздақ

01184001

0,00169

1,000000

0,00249676

0,00249676

0,00254987

0,00254987

Дайын дәмдеуіштер мен тұздықтар

01199004

0,00020

1,000000

0,00025495

0,00025495

0,00026037

0,00026037

Блузка

03122109

0,00312

1,000000

0,00494601

0,00494601

0,00505123

0,00505123

Әйелдер шалбары

03122115

0,00037

1,000000

0,00047525

0,00047525

0,00048536

0,00048536

Ерлер сандалеттері, жазғы туфлиі

03211004

0,00361

1,000000

0,00471293

0,00471293

0,00481319

0,00481319

Ерлердің қысқы етіктері

03211002

0,00333

1,000000

0,00018047

0,00018047

0,00018431

0,00018431

Сүзбе

01141401

0,00177

1,029824

0,00342842

0,00332913

0,00350135

0,00339995

Балалар велосипеді

07130003

0,00017

1,030078

0,00053164

0,00051612

0,00054295

0,00052710

Лимон

01161009

0,00163

1,030926

0,00249804

0,00242311

0,00255118

0,00247466

Шикі сүт

01141101

0,00376

1,034988

0,00612697

0,00591985

0,00625731

0,00604578

Жоғары сұрыпты бидай ұны

01112101

0,00365

1,037838

0,00602548

0,00580580

0,00615366

0,00592931

Бөлке, майқоспа тоқаштар

01115001

0,00179

1,039343

0,00326483

0,00314125

0,00333428

0,00320807

Күнбағыс майы

01153001

0,01345

1,059103

0,02035836

0,01922227

0,02079145

0,01963119

Жұмыртқа

01142001

0,00841

1,062220

0,01015439

0,00955960



Қызанақ

01171006

0,00180

1,078594

0,00169954

0,00157570



Қияр

01171005

0,00078

1,081994

0,00151918

0,00140406



Сарымсақ

01171008

0,00056

1,104578

0,00130996

0,00118594



Қарақұмық жармасы

01112202

0,00251

1,128053

0,00391026

0,00346638



      Ең жоғарғы және ең төменгі бағалық өзгерістері бар бес айқындама бойынша алып тастау тәсілімен базалық тұтыну бағасының индексін есептеу тәртібі:
      1) тұтыну бағасының индексін есептеу кезінде алынған баға өзгерісінің деректер қатары өсу тәртібі бойынша сараланады (2-баған): ең төмен бағалық салыстырмалы шамамен бірінші айқындама - қырыққабат, ал ең соңғысы - қарақұмық жармасы;
      2) өкіл тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) бес ең төменгі (жоғары деңгей) және бес ең жоғарғы (төменгі деңгей) баға өзгерістері және тиісінше олардың салмақтары мен құрылымдық бағалық салыстырмалы шамалары алынып тасталады;
      3) жоғарыда аталған айқындамаларды алып тастағаннан кейін қалған тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің қосынды салмағы есептеуде тең болады.
      Ол және құрылымдық бағалық салыстырмалы шама қалыпқа келтіру коэффициенті арқылы қалыпқа келтіріледі.
      4) есепті кезеңнің (5-баған) құрылымдық бағалық салыстырмалы шамасы (қалыпқа келтірілген) есептеуде қалған әр тауардың (көрсетілетін қызметтің) құрылымдық бағалық салыстырмалы шамасын есепті айда қалыптасқан салмақты қалыпқа келтіру коэффициентіне көбейту арқылы анықталады. «Қызылша» айқындамасы бойынша ол тең;
      5) өткен кезеңнің (6-баған) құрылымдық бағалық салыстырмалы шамасы (қалыпқа келтірілген) есептеуде қалған әр тауардың (көрсетілетін қызметтің) құрылымдық бағалық салыстырмалы шамасын есепті айда қалыптасқан салмақты қалыпқа келтіру коэффициентіне көбейту арқылы анықталады. «Қызылша» айқындамасы бойынша ол тең;
      6) есепті айға базалық тұтыну бағасының индексі төмендегідей анықталады:

                            

      Базалық тұтыну бағасының индексі:

Базалық тұтыну бағасының индексін
есептеу әдістемесіне 4-қосымша 

Ең жоғарғы және ең төменгі бағалық өзгерістермен кесіп
тасталатын «қалдықтың» сегіз пайызы бойынша алып тастау жолымен
базалық тұтыну бағасының индексін есептеу

Атауы

Код

Салмақ

Өткен айға бағалық салыстырмалы шама

Құрылымдық бағалық салыстырмалы шама

Салмақ құрайтындардың кумуляциясы

Құрылымдық бағалық салыстырмалы шама
(қалыпқа келтірілген)

есепті айдың

өткен айдың

есепті айдың

өткен айдың

A

Б

1

2

3

4

5

6

7

Базалық тұтыну бағасының индексі



100,7241






қалған тауарлар бойынша сома


0,84000







алып тасталған тауарлар бойынша сома


0,16000





1,58528289

1,57388639

ең төменгі


0,08000







ең жоғарғы


0,10000







Қырыққабат

01171001

0,00245

0,964553

0,00680971

0,00705997

0,00245



Сәбіз

01171004

0,00227

0,985379

0,00102702

0,00104226

0,00294



Цемент М400

04310005

0,00311

0,991212

0,00428011

0,00431805

0,00605



Медициналық таңғыш

06120002

0,00037

0,996216

0,00046300

0,00046476

0,00642



Мақта

06120003

0,00035

0,996727

0,00054585

0,00054764

0,00677



Қызылша

01171003

0,00204

0,997495

0,00375266

0,00376208

0,00881



Газдалған сусындар

01222002

0,00036

0,998194

0,00045462

0,00045545

0,00917



Тегістелген, жылтыратылған күріш

01111001

0,00754

0,998667

0,01525639

0,01527676

0,01671



Алма

01161001

0,00716

0,998922

0,01185916

0,01187196

0,02387



Апельсин

01161008

0,00312

1,000000

0,00104311

0,00104311

0,02473



Балмұздақ

01184001

0,00169

1,000000

0,00249676

0,00249676

0,02642



Дайын дәмдеуіштер мен тұздықтар

01199004

0,00020

1,000000

0,00025495

0,00025495

0,02662



Блузка

03122109

0,00312

1,000000

0,00494601

0,00494601

0,02974



Әйелдер джинсасы

03122108

0,00037

1,000000

0,00047525

0,00047525

0,03011



Ерлердің кроссовка аяқ киімдері

03211003

0,00361

1,000000

0,00471293

0,00471293

0,03372



Қыздардың туфлиі

03213004

0,00012

1,000000

0,00018047

0,00018047

0,03384



Әйелдердің жаздық, былғары туфлиі, жеңіл аяқ киімі

03212005

0,00380

1,000000

0,00510522

0,00510522

0,03764



Ұлдардың жаздық туфлиі, сандалеттері

03213005

0,00010

1,000000

0,00015234

0,00015234

0,03774



Тұрғын үйді күтіп ұстауға жұмсалған шығындар

04110001

0,01005

1,000000

0,01685220

0,01685220

0,04779



Суық су

04410001

0,00988

1,000000

0,01571986

0,01571986

0,05767



Қоқыс жинау

04420001

0,00209

1,000000

0,00487567

0,00487567

0,05976



Кәріз

04430001

0,00351

1,000000

0,00504637

0,00504637

0,06327



Қысқа толқынды пеш

05315003

0,00069

1,000000

0,00080963

0,00080963

0,06396



Терезелік ернеулер

05522004

0,00013

1,000000

0,00014494

0,00014494

0,06409



Жалюзи

05522005

0,00034

1,000000

0,00039233

0,00039233

0,06443



Гормондық препараттар

06110008

0,00108

1,000000

0,00164862

0,00164862

0,06551



Жөтелге қарсы шәрбат

06110012

0,00074

1,000000

0,00131341

0,00131341

0,06625



Сәлемдемелер жіберу

08110002

0,00081

1,000000

0,00304250

0,00304250

0,06706



Телефон үшін абоненттік төлем

08310001

0,01324

1,000000

0,01753378

0,01753378

0,08030

0,00047300

0,00047300

Қалааралық қоңырау шалу (республика ішінде)

08300002

0,00438

1,000000

0,00244665

0,00244665

0,08468

0,00291268

0,00291268

Жоғары сұрыпты бидай ұнынан пісірілген нан

01113002

0,00601

1,024885

0,01066308

0,01040418

0,90968

0,01269414

0,01238593

Сұйытылған газ

04520002

0,01139

1,025058

0,01727529

0,01685299

0,92107

-0,00563113

-0,00549348

Сөк

01112205

0,00024

1,025620

0,00038942

0,00037969

0,92131



Тарату желілері бойынша тасымалданатын газ

04520001

0,01093

1,025984

0,01801173

0,01755557

0,93224



Білезіктер, майда білезіктер

01115008

0,00059

1,026109

0,00101236

0,00098660

0,93283



Қаймақ

01141303

0,00412

1,026362

0,00768987

0,00749236

0,93695



Дизель отыны

07222001

0,00287

1,028888

0,00406425

0,00395014

0,93982



Бензин АИ-92

07221005

0,00488

1,029461

0,00667428

0,00648328

0,94470



Сүзбе

01141401

0,00177

1,029824

0,00342842

0,00332913

0,94647



Балалар велосипеді

07130003

0,00035

1,030078

0,00053164

0,00051612

0,94682



Лимон

01161009

0,00163

1,030926

0,00249804

0,00242311

0,94845



Шикі сүт

01141101

0,00376

1,034988

0,00612697

0,00591985

0,95221



Жоғары сұрыпты бидай ұны

01112101

0,00365

1,037838

0,00602548

0,00580580

0,95586



Бөлкелер, майқоспа тоқаштар

01115001

0,00179

1,039343

0,00326483

0,00314125

0,95765



Бірінші сұрыпты бидай ұны

01112102

0,00546

1,041514

0,00832355

0,00799177

0,96311



Картоп

01172001

0,00938

1,043201

0,01741411

0,01669296

0,97249



Өсімдік майы

01153001

0,01345

1,059103

0,02035836

0,01922227

0,98594



Жұмыртқа

01142001

0,00841

1,062220

0,01015439

0,00955960

0,99435



Қызанақ

01171006

0,00180

1,078594

0,00169954

0,00157570

0,99615



Қияр

01171005

0,00078

1,081994

0,00151918

0,00140406

0,99693



Сарымсақ

01171008

0,00056

1,104578

0,00130996

0,00118594

0,99749



Қарақұмық жармасы

01112202

0,00251

1,128053

0,00391026

0,00346638

1,00000



      Базалық тұтыну бағасының индексін есептеу тәртібі:
      1) тұтыну бағасының индексін есептеу кезінде алынған баға өзгерісінің деректер қатары өсу ретімен сараланады (2-баған): ең төмен бағалық салыстырмалы шамасы бар бірінші айқындама - қырыққабат, ал соңғысы - қарақұмық жармасы;
      2) сараланған қатарда салмақ құрауыштардың кумуляциясын анықтаймыз (5-баған). Екінші айқындама үшін салмақ құрауыштар бірінші және екінші жолды қоса алғанда салмақ құрауыштар сомасына сәйкес келеді Sсәбіз = 0,00245 + 0,00049 = 0,00294.
      1,00000-ге тең болуы тиіс барлық салмақ құрауыштардың сомасына тең келетін жинақталған салмақ құрауыштар соңғы жолға сәйкес келеді.
      3) 5-баған бойынша есептеуден ең төменгі (жоғарғы деңгей) 8% және ең жоғарғы (төменгі деңгей) 8% баға өзгерісі және оларға тиісті салмақтар мен өкіл тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) құрылымдық бағалық салыстырмалы шамасы алып тасталады.
      «Телефон үшін абоненттік төлем» жолы бойынша кумулятивтік салмақ 0,08030 құрады, осыдан 0,08 шегеру қажет, ал асып кеткен 0,00030 салмақты базалық тұтыну бағасының индексін есептеуге қосу керек.
      а) «телефон үшін абоненттік төлем» тауарын есептеуде қалған салмақтың үлесі анықталады:

                          

      б) 3 және 4-бағандарда құрылымдық бағалық салыстырмалы шама анықталады да, табылған үлесті ескере отырып жаңартылады:
                   0,01753378 х 0,02266 = 0,00039732
                   0,01753378 х 0,02266 = 0,00039732
      4) 6 және 7-бағандар төменгі және жоғарғы квантилдер (5-баған) мен қалыпқа келтіруден тұратын екі жолдағы салмақ құрауыштарды түзетуді ескере отырып 3 және 4-бағандардың тиісті жолдары бойынша толтырылады;
      а) түзету V1=0,08 және V2= 0,92 болған жағдайда жүзеге асырылады. Тауарларды есептеуде қалған барлық салмақ құрауыштар 0,840000 тең болуы керек;
      б) жоғарыда сипатталған операцияларды орындағаннан кейін есептеуде қалған барлық тауарлардың салмағы 1,00000 тең емес, құрылымдық бағалық салыстырмалы шаманы қалыпқа келтіру коэффициенті арқылы қалыпқа келтіріледі.
      «Халықаралық қоңырау» тауары бойынша

      «Телефон үшін абоненттік төлем» тауары бойынша

      5) 5-баған бойынша «сұйытылған газ» тауарының кумулятивтік салмағы 0,92107 құраған есептеуден 8% ең жоғарғы салмақтарды алып тастағанда 0,92107-0,92=0,00107 шегереді;
      6) Базалық тұтыну бағасының индексін есептеуде қалатын «сұйытылған газ» тауары бойынша салмақ үлесі анықталады. «Сұйытылған газ» салмағынан 0,00084-0,00107= -0,00023

                          

      7) табылған салмақ үлесін ескере отырып базалық тұтыну бағасының индексін есептеуде қалған 3 және 4-бағандарда құрылымдық бағалық салыстырмалы шама табылады:
                0,01727529 х -0,27381 = -0,00473015
                0,01685299 х -0,27381 = -0,00461452
      Бұдан кейін оларды қалыпқа келтіру жүргізіледі:

                   

                   

      Есепті айға базалық тұтыну бағасының индексі келесі түрде анықталады:

                          

      Базалық тұтыну бағасының индексі