"Инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференцияларды беруді көздейтiн инвестициялық жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарт жасасу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 478 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 16 қыркүйектегі № 667 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 30 қарашада № 14474 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз.

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференцияларды беруді көздейтiн инвестициялық жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарт жасасу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 478 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11216 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 22 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференцияларды беруді көздейтiн инвестициялық жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарт жасасу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы берілген сәттен бастап, инвестициялық субсидия беруді қоспағанда – 35 (отыз бес) жұмыс күні;

      инвестициялық субсидия "Инвестициялық субсидия беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1120 қаулысымен белгіленген тәртіпте және мерзімде беріледі";";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдеріндегі инвестициялық преференцияларды беруге өтінім;

      2) заңды тұлға үшін – заңды тұлғаны мемлекеттiк (есептік) тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк* көшірмесі немесе көрсетілетін қызметті алушыны заңды тұлға ретінде мемлекеттiк тiркеу туралы анықтама;

      ескертпе: * "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгiзiлгенге дейiн берiлген заңды тұлғаны (филиалды, өкiлдiктi) мемлекеттiк (есептiк) тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейiн жарамды болып табылады;

      3) заңды тұлға басшысының қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылған көрсетілетін қызметті алушы жарғысының көшірмесі;

      4) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес жасалған инвестициялық жобаның бизнес-жоспары;

      5) тізбесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленетін инвестициялық жобаны іске асыру кезінде пайдаланылатын құрылыс-монтаждау жұмыстарының сметалық құнын және тіркелген активтерді, шикізатты және (немесе) материалдарды сатып алуға жұмсалатын шығындарды негіздейтін, құжаттардың көрсетілетін қызметті алушы басшысының қолымен және мөрімен куәландырылған көшірмелері;

      6) көрсетілетін қызметті алушының өтінімінде көрсетілген мемлекеттік заттай гранттың көрсетілетін қызметті алушы сұрау салған мөлшерін (құнын) және оны беру алдын ала келісілгенін куәландырылған құжаттар;

      7) салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіби зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екендігі туралы тіркеу орны бойынша мемлекеттік кіріс органының анықтамасы.

      Егер инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінімде инвестициялық субсидияны беру көзделген жағдайда, "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 64-1-бабымен белгіленген тәртіпте инвестициялық басым жобаны іске асыру кезеңі ішінде инвестор жобалау алды және (немесе) жобалау құжаттамасының басшының қолымен, заңды тұлғаның мөрімен (бар болса) куәландырылған сараптамалық қорытындысын ұсынады.

      Көрсетілетін қызметті алушының барлық қажетті құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған кезде – кағаз тасығышта өтінімді қабылданғанын растауы оның көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылданған күні мен кіріс уақыты көрсетілген кеңседе тіркелуі туралы белгісі болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 292-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) уәкілетті мемлекеттік органдардың осы мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауабы бойынша мемлекеттік көрсетуден бас тартады.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 1414, 8 800 080 7777.";

      1 және 2-қосымшалары осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын;

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар комитеті (Жұмағалиева Л.Ж.):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың көшірмелерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электронды түрде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкiне жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бұл ретте бұйрықтың 1-тармағындағы он бесінші абзацы 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі
Ж. Қасымбек
      "КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының

Ұлттық
экономика министрі
______________Қ. Бишімбаев

2016 жылғы
25 қазан

  Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің
2016 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 667 бұйрығына
1-қосымша
  "Инвестицияларды жүзеге
асыруды және инвестициялық
преференцияларды беруді
көздейтiн инвестициялық
жобаны іске асыруға
инвестициялық келісімшарт
жасасу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша
  Нысан

Инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтiнiм

1. Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы туралы мәліметтер

1.

Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының атауы


2.

Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының тіркеуден (қайта тіркеуден) өткені туралы ақпарат (күні, негіздемесі)


3.

Орналасқан жері: заңды мекенжайы, нақты орналасқан орны


4.

Бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН)


5.

Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының басшысы

___________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
___________________________________________
(телефон, факс, электрондық поштасы)

6.

Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының бас бухгалтері

___________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
___________________________________________ (телефон, факс, электрондық поштасы)

7.

Инвестициялық жобаның менеджері

___________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
___________________________________________ (телефон, факс, электрондық поштасы)

2. Инвестициялық жоба туралы мәліметтер

8.

Инвестициялық жобаның атауы

___________________________________
 

9.

Инвестициялық жобаны іске асыру орны

___________________________________

10.

Инвестициялау үшін таңдалған қызметтің басым түрі (лері) (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуші сыныптарының деңгейінде)


11.

Қосылған құн салығын есепке алмай заңды тұлғаның тіркелген активтерге инвестициялардың көлемі (инвестициялық преференциялар ұсынуға өтінім берілген күнтізбелік жылдағы шығындар, және (немесе) инвестициялық стратегиялық жобалар бойынша деректерді қоспағанда алдағы кезеңдердің шығындары есепке алынады)

___________________________________________
(теңге)

12

Жобаны қаржыландыру көздері, мыналардың болуы:
меншікті қаражат
қарыз қаражаты
бюджеттік қаражат

1)_________________________________________ (меншікті қаражатың болуын растайтын құжаттың атауы, №, күні)
2)_________________________________________
(жобаны қаржыландыру көздерін белгілейтін
құжаттың атауы, №, күні, кредитор)
3)_________________________________________
(бюджеттік қаражаттарын қаржыландыруды
растайтын құжаттың атауы, №, күні)

3. Жобаны іске асыру үшін қажетті инвестициялық преференциялар

13.

1) технологиялық жабдықтың, оның жинақтауыштарының;
2) технологиялық жабдыққа қосалқы бөлшектердің,
шикізат пен материалдардың импорты кезінде кеден баждарын төлеуден босату

1) ________________________________________
(жеңілдетілген сома)
2) _______________________________________
(жеңілдетілген сома)

13–1

Шикізат пен (немесе) материалдардың импорты кезінде қосылған құн салығын төлеуден босату

___________________________________________
(жеңілдетілген сома)

14.

Кедендік тазарту жүргізу орны


15.

Мемлекеттік заттай грант

___________________________________________
(алдын ала келісуді растайтын құжаттар)

16.

Жер салығы бойынша жеңілдіктер**

___________________________________________ (мерзімі)

17.

Мүлік салығы бойынша жеңілдіктер**

___________________________________________
(мерзімі)

18.

Корпоративтік табыс салығы бойынша жеңілдіктер**

___________________________________________
(мерзімі)

19.

Инвестициялық субсидия*

___________________________________________
(мың. теңге)
Қосылған құн салығын және акциздерді есепке алмай, құрылыс-монтаждау жұмыстарына және жабдықты сатып алуға жұмсалған сома көрсетіледі

20.

Шетелдік жұмыс күшінің саны*, оның ішінде (инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімге 1-қосымша):
1) басшылар,
2) жоғары білімі бар мамандар,
3) білікті жұмысшылар

1)_______________________________________
(адам саны)
2)__________________________________
(адам саны)
3)________________________________________
(адам саны)

      Ескертпе:

      *инвестициялық басым жобаны іске асыратын заңды тұлғаға арналған;

      ** инвестициялық басым жобаны, немесе инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыратын заңды тұлғаға арналған.

      4. Инвестициялық жоба бойынша жұмыс бағдарламасы

      _____________________________________________________________________

      (атауы)

      Инвестордың атауы: ____________________________________________

1-бөлім: тіркелген активтерге инвестициялар, мың теңге

Шығын баптары

Растайтын құжаттар

Тіркелген активтерді пайдалануға беру күні

күнтізбелік жыл

Барлығы

Контрагент

күні

1-жартыжылдық

2-жартыжылдық

Жыл бойыншажиыны



















1-бөлім бойынша жиыны:


2-бөлім: технологиялық жабдыққа қосалқы бөлшектер, шикізат және материалдар импорты, саны

Шығын баптары

Растайтын құжаттар

Өлшем бірлігі

Игеру кезеңі

Барлығы

Контрагент

күні

1-жартыжылдық

2-жартыжылдық

Жыл бойыншажиыны

1. Қосалқы бөлшектер, оның ішінде:


















2. Шикізат, материалдар, оның ішінде:


















2-бөлім бойынша жиыны:





3-бөлім. Өндірістік көрсеткіштер, заттай көріністегі саны

№ р/н

Тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің атауы

Күнтізбелік жыл

Барлығы

1-жартыжылдық

2-жартыжылдық

Жыл бойыншажиыны

3-бөлім бойынша жиыны

      5. Еуразиялық Экономикалық Одақтың заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден баждарын салудан босатылатын, импортталатын технологиялық жабдық пен оның жиынтықтауыштарының, қосалқы бөлшектердің, шикізат пен материалдардың тізімі және көлемі.

Атауы

ЕАЭО СЭҚ ТН

Өлшем
бірлігі

Саны

Тауарларды бірдей жіктеуге мүмкіндік беретін құжаттар*

1.






2.






Жиыны






      Ескертпе:

      *Тауарларды жіктеу бойынша ақпарат тауарлардың толық коммерциялық атауын, фирмалық атауын, негізгі техникалық, коммерциялық сипаттамаларын және өзге де ақпаратты, оның ішінде бұйымдардың фотосуреттерін, суреттерін, сызбаларын, паспорттарын, және өтініш берген заңды тұлға басшысының қолымен және мөрімен куәландырылған басқа да құжаттарды қамтуы тиіс.

      _______________________________________ __________________________________

      (Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы (қолы, мөрі және күні)

      басшысының тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болған жағдайда)

  Инвестициялық
преференцияларды беруге
арналған өтінімге
қосымша
  Нысан

Тартылатын шетел жұмыс күші туралы мәлімет

Тегі, аты, әкесінің аты, (оның ішінде латын әріптерімен)

Туылған күні

Азаматтығы / тұрғылықты елі

Төлқұжатының нөмірі, берілген күні мен берген орган (жеке басын куәландыратын құжат)

Тартылатын кезеңі (ай, жыл)







      _______________________________________ __________________________________

      (Қазақстан Республикасының заңды тұлға (қолы, мөрі және күні)

      басшысының тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің
2016 жылғы 16 қыркүйектегі
№ бұйрығына
2-қосымша
  "Инвестицияларды жүзеге
асыруды және инвестициялық
референцияларды беруді
көздейтiн инвестициялық
жобаны іске асыруға
инвестициялық
келісімшарт жасасу"
мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
тандартына
2-қосымша
  Нысан

Инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын
құрастыру бойынша талаптар

      1. Бизнес-жоспар мынадай бөлімдерден тұрады:

      1) жобаның түйіндемесі;

      2) технологиялық бөлім;

      3) коммерциялық бөлім;

      4) әлеуметтік-экономиялық және экологиялық әсері*;

      5) қаржылық бөлім*.

      2. Жобаның түйіндемесі өзіне мыналарды қамтиды:

      1) заңды тұлға туралы ақпарат:

      заңды тұлғаның атауы;

      заңды тұлғаның басшысы (лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты - бар болған кезде);

      заңды тұлғаның заңды және нақты мекенжайы, телефоны, факсы, электрондық поштасы;

      елді көрсете отырып, шетелдік қатысу үлесі;

      квазимемлекеттік сектор субъектісінің үлесі;

      2) жоба бойынша ақпарат:

      жобаның атауы;

      жобаның мақсаты;

      инвестициялық жобаны іске асыру орны (облыс, аудан);

      болжанатын инвестициялық жобаның сипаты (жаңа өндірістерді құру, қолданыстағыларды кеңейту және жаңарту);

      құрылатын жаңа жұмыс орындарының (уақытша және тұрақты) саны;

      4-мағыналы экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішісіне сәйкес (ҚР ЭҚЖЖ) жобаның салалық тиесілігі;

      экономикалық қызмет түрлері бойынша өнім жіктеуішісіне сәйкес шығарылатын өнімнің номенклатурасы (ҚР ЭҚТӨЖ).

      3. Технологиялық бөлім өзіне мыналарды:

      1) технологиялық процесте сатып алынатын және қолданатын тіркелген активтерді, сондай-ақ импортталатын шикізат пен материалдарды көрсете отырып, инвестициялық жоба технологиясының сипаттамасын;

      2) инвестициялық жобадағы қазіргі заманғы технологиялардың қолданылуын;

      3) Бизнес-жоспарды жасау бойынша талаптарға 1-қосымшаға сәйкес техникалық және құндық сипаттамалары бойынша балама шешімдерді салыстырмалы талдауды;

      4) Бизнес-жоспарды жасау бойынша талаптарға 2-қосымшада көрсетілген жобаны іске асыру кестесін қамтиды.

      4. Коммерциялық бөлім өзіне мыналарды қамтиды:

      1) шикізатты, материалдар мен жабдықтарды жеткізу:

      пайдаланатын шикізат пен материалдар түрлерінің тізбесі;

      Қазақстан Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің аумағында өндірістің бар болуын есепке ала отырып, шикізат пен материалдар (отандық және импорттық) нарығын талдау (осы шикізат пен материалдардың импорты болған кезде толтырылады);

      пайдаланылатын шикізат пен материалдардың атауы мен көлемін көрсете отырып, инвестициялық жоба шеңберінде жабдықта шығарылатын дайын өнім бірлігінің өндірісіне импортталатын шикізат пен материалдар шығыстарының орташа нормасы;

      қажетті жабдықтардың тізбесі;

      жабдықтың жаңалығы (жабдықтың шығарылған күні мен моделі);

      инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімді ұсынған заңды тұлғамен шарттық қатынастың бар болуын көрсете отырып, жабдық пен шикізатты жеткізушілер;

      көліктік шығыстарды, монтаждау және іске қосу-реттеу жұмыстарын есепке ала отырып, жабдықтың құны.

      2) маркетинг:

      өнімді өткізу-қандай өңірлерге, қандай тұтынушыларға, шетелдегі қай елдерге жеткізу болжанатынын, нарықта ұқсас, өзара алмастырушы немесе өзара толықтырушы тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің бар екенін, олардың болашақтағы өндірісін бағалау, соңғы бірнеше жыл ішінде тауарлар экспортының және/немесе импортының серпінін, көлемі мен бағаларды, негізгі бәсекелестерді көрсету;

      5. Әлеуметтік-экономикалық және экологиялық әсері өзіне мыналарды:

      1) инвестициялық жобаның тікелей қатысушыларын:

      жобаны құрушы, бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында (іздену және жобалау қызметін, инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда) көрсетілетін қызметтерді орындаушы, жабдықты жеткізуші, шикізат пен материалдарды жеткізуші, делдалдар;

      2) Бизнес-жоспарды жасау бойынша талаптарға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаның еңбек ресурстарына қажеттілігін (саны);

      3) Бизнес-жоспарды жасау бойынша талаптарға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тартылатын шетел жұмыс күші туралы мәліметтер, олардың санын (инвестициялық басым жобаларды іске асырған кезде толтырылады);

      4) тартылатын шетел жұмыс күшінің функционалды міндеттемелерінің таралуын (инвестициялық басым жобаларды іске асырған кезде толтырылады);

      5) Бизнес-жоспарды жасау бойынша талаптарға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндірісті пайдалануға енгізгеннен кейін жұмысшыларға қажеттілігін;

      6) инвестициялық жобаны іске асыру кезінде күтілетін әлеуметтік әсер;

      7) кейіннен шетел жұмыс күшін алмастыру үшін жергілікті кадрлардың біліктілік деңгейін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын (инвестициялық басым жобаларды іске асырған кезде толтырылады);

      8) жобаның қоршаған ортаның жағдайына әсері мен зиянды әсерді азайту жөніндегі іс-шаралар жоспарын;

      9) жоба технологиясының халықаралық стандарттар мен қошаған ортаға әсері бойынша нормативтерге сәйкестігін қамтиды.

      6. Қаржы бөлімі өзіне мыналарды қамтиды:

      1) инвестицияларды бағалауды:

      толық инвестициялық шығындар (негізгі және айналым капиталға инвестициялар);

      2) инвестициялық жобаны іске асыру құны, қаржыландыру көздерін:

      меншік қаражаты;

      қарыз қаражаты (кредиттер немесе шаруашылық субъектілердің тартылған қаражаты) және/немесе грант;

      бюджеттік қаражат;

      3) қаржылық талдауды:

      инвестициялық преференцияларды есепке алмай және тиісті инвестициялық преференцияларды есепке ала отырып, модельдерді есептеуді қамтитын жобаның қаржылық моделі;

      жобаның өмірлік кезеңі ішінде таза дисконттық табыс;

      жобаның өмірлік кезеңі ішінде табыстылықтың ішкі нормасы;

      жобаның өтімділік мерзімі (қарапайым және дисконттық);

      табыстың қарапайым нормасын (рентабельділігі) қамтиды;

      Бизнес-жоспарды жасау бойынша талаптарға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша республикалық және жергілікті бюджет үшін шартты шығындар мен кірістердің есебі.

      7. Бизнес-жоба тігіліп және нөмірленуі, бірінші басшының қолымен және заңды тұлғаның мөрімен (бар болған жағдайда) куәландырылуы тиіс.

      Ескертпе:

      *инвестициялық жобаны іске асыратын заңды тұлғалар толтырмайды.

  Инвестициялық жобаның
бизнес-жоспарын жасау
бойынша талаптарға
1-қосымша
  Нысан

Техникалық және құндық сипаттамалар бойынша баламалы шешімдерді салыстырмалы талдау

Көрсеткіштердің атауы

Көрсеткіштердің мәні

Ұсынылатын үлгі

ұқсастықтар

1.



2.



  Инвестициялық жобаның
бизнес-жоспарын жасау
бойынша талаптарға
2-қосымша
  Нысан

Жобаны іске асыру кестесі

Жұмыстардың атауы

Күнтізбелік жыл

Жиыны

1-жартыжылдық

2-жартыжылдық

Тіркелген активтерге инвестициялар (мың.теңге)

1.




2.




3.




Шикізат пен материалдарға инвестициялар (мың.теңге)

1.




2.




3.




Құрылатын және/немесе сақталатын жұмыс орындарының саны




  Инвестициялық жобаның
бизнес-жоспарын жасау
бойынша талаптарға
3-қосымша
  Нысан

Жобаның еңбек ресурстарына қажеттілігі (саны)

Құрылыс кезеңіндегі

Пайдалануға енгізгеннен кейін (1 жыл)

Қазақстан Республикасының азаматтары

Шетел жұмыс күші

Қазақстан Республикасының азаматтары

Шетел жұмыс күші

  Инвестициялық жобаның
бизнес-жоспарын жасау
бойынша талаптарға
4-қосымша
  Нысан

Тартылатын шетел жұмыс күші туралы мәліметтер, олардың саны

Мамандығының атауы (тарифтік разряды, санаты)

Тегі, аты, әкесінің аты (оның ішінде латын әріптерімен)

Туылған күні

Азаматтығы/Тұрғылықты елі

Тартылатын кезеңі (ай, жыл)

1. Басшылар:






2. Жоғары білімі бар мамандар:






3. Білікті жұмысшылар:






Жиыны (адам):





  Инвестициялық жобаның
бизнес-жоспарын жасау
бойынша талаптарға
5-қосымша
  Нысан

Өндірісті пайдалануға енгізгеннен кейін жұмысшыларға қажеттілігі

р/с №

Кәсіптің атауы

Біліктілік деңгейі
(тарифтік разряды, санаты)

Саны





  Инвестициялық жобаның
бизнес-жоспарын жасау
бойынша талаптарға
6-қосымша
  Нысан

Республикалық және жергілікті бюджет үшін шартты шығындар мен кірістердің есебі

Бюджетке міндетті төлемдердің түрлері

Күнтізбелік жыл

Жиыны

Преференцияларды есепке алмай бюджетке түсетін түсім

Преференцияларды есепке алғанда бюджетке түсетін түсім

Преференцияларды есепке алмай бюджетке түсетін түсім

Преференцияларды есепке алғанда бюджетке түсетін түсім

Корпоративтік табыс салығы





Мүлік салығы





Жер салығы





Кедендік баж салығы





Әлеуметтік салық





Зейнетақы төлемдері