Пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 65 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 27 қазанда № 14370 болып тіркелді.

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз

      "Пошта туралы" 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс департаменті (В. Ярошенко):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн Қағидалардың 70-тармағының 4) тармақшасын және 136, 139, 140-тармақтарын қоспағанда, оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бұл ретте Қағидалардың 71-тармағының 1) тармақшасы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.

Қазақстан Республикасының


Ақпарат және коммуникациялар


министрі

Д. Абаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Премьер-Министрінің орынбасары -

      Ауыл шаруашылығы министрі

      ___________ А. Мырзахметов

      2016 жылғы 2 қыркүйек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау және әлеуметтік

      даму министрі

      ___________ Т. Дүйсенова

      2016 жылғы "____"___________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      ___________ Ж. Қасымбек

      2016 жылғы "____"___________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ___________ Б. Сұлтанов

      2016 жылғы "____"___________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет және спорт министрі

      _________ А. Мұхамедиұлы

      2016 жылғы "___"____________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сыртқы істер министрі

      ___________ Е. Ыдырысов

      2016 жылғы "____"___________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _______________ Қ. Бишімбаев

      2016 жылғы "____" __________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық банкінің төрағасы

      ___________ Д. Акишев

      2016 жылғы "____"___________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      ___________ Қ. Қасымов

      2016 жылғы "____"___________



  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрінің
2016 жылғы 29 шілдедегі
№ 65 бұйрығымен
бекітілген

Пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Пошта туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 9 сәуірдегі Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабының 1-тармағы 16) тармақшасына сәйкес әзірленген, пошта операторларының пошта байланысы қызметтерін ұсыну тәртібін айқындайды.

      2. Пошта қызметіне мынадай пошта байланысының көрсетілетін қызметтері жатады:

      1) пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері;

      2) тiркелетiн пошта жөнелтiлімдерiн жiберу бойынша көрсетілетін қызметтер;

      3) пошта байланысының жеделдетілген және курьерлiк көрсетілетін қызметтері;

      4) пошталық ақша аударымдары;

      5) жаздырып алынатын мерзімді баспа басылымдарын тарату және бөлшек саудада сату бойынша көрсетілетін қызметтер;

      6) пошта төлемінің белгілерін және филателиялық өнімді өткізу бойынша көрсетілетін қызметтер;

      7) гибридтік жөнелтілімді жіберу бойынша көрсетілетін қызметтер;

      8) "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңына сәйкес арнаулы пошта байланысының көрсетілетін қызметтері;

      9) пошта байланысының көрсетілетін қызметтерімен тығыз байланыста ұсынылатын өзге де көрсетілетін қызметтер.

      3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) ақаулы жөнелтілім - салынымына қол салушылық белгілері бар (буып-түю бүтіндігі бұзылған) немесе салмағы қабылданған кездегі салмаққа сәйкес келмейтін пошта жөнелтілімі;

      2) каталог - таратылу аймағына қарай, жазылым бойынша таратуға қабылданған, республикалық, жергілікті және шетелдік мерзімді баспа басылымдары бойынша бөлімдерді қамтитын жинақ-тізбе;

      3) пошта жөнелтілімінің санаты - пошта жөнелтілімін (тіркелетін, тапсырысты, құндылығы жарияланған, арнайы белгілері бар) қабылдау, өңдеу, жіберу және жеткізу тәртібі мен шарттарын айқындайтын белгілер жиынтығы;

      4) карантинге жатқызылған өнiм - карантинге жатқызылған өнiм (карантинге жатқызылған жүктер, карантинге жатқызылған материалдар, карантинге жатқызылған тауарлар) (бұдан әрі - карантинге жатқызылған өнiм) - карантиндi объектiлердi (карантинді зиянды организмдерді) тасығыштар болуы және (немесе) олардың таралуына әсер етуі мүмкін, карантинге жатқызылған өнiм тізбесіне енгізілген және оларға қатысты карантиндік шаралар қабылдау қажет болатын өсімдіктер, өсімдіктен алынатын өнім, ыдыс, орам, жүктер, топырақ, организмдер немесе материалдар;

      5) консигнация - бір жөнелтуші бір алушының мекенжайына шетелді белгілей отырып топтастырған пошта жөнелтілімдерін тағайындалған операторлар арасында жіберу қызметі;

      6) пошта жөнелтілімдерін, пошталық ақша аударымдарын, жеделдетілген және курьерлік пошта байланысы жөнелтілімдерін жіберу мерзімдері - пошта операторы жөнелтілімдерді қабылданған жердегі өндірістік объектіде берілген жердегі өндірістік объектіге дейін жіберуді жүзеге асыратын мерзім;

      7) ұсақ пакет - тауарлардың бір-бір үлгілері, сыйлық сипатындағы ұсақ заттар салынған және көлемдері, салынымы, массасы және буып-түйілуі осы Қағидалармен көзделген халықаралық тапсырысты пошта жөнелтілімі;

      8) "М" қабы (арнайы қап) - бір жөнелтуші бір адресатқа жіберетін, мерзімді баспа басылымдарын (газеттер мен журналдарды), кітаптар мен басқа да баспа материалдарын қамтитын халықаралық тапсырысты пошта жөнелтілімі;

      9) таратылмаған пошта жөнелтілімдері - белгіленген мерзім ішінде адресатқа жеткізілмеген (табыс етілмеген) және жөнелтушіге негіздемелі себептермен (алудан бас тарту, кері мекенжайдың болмауы, талап етілмеу) қайтарылмаған пошта жөнелтілімдері;

      10) операциялық терезе - пошта операторының қызметтерін пайдаланушыға қызметтердің бір немесе одан көп түрін ұсынатын пошта операторының өндірістік объектісінде жабдықталған жұмыс орны;

      11) курьерлік пошта байланысының жөнелтілімдері - курьерді пайдалану арқылы өңделетін және жеткізілетін тіркелетін пошта байланысының жөнелтілімдері;

      12) жеделдетілген пошта байланысы жөнелтілімдері - жеделдетілген тәртіпте өңделетін және жеткізілетін пошта жөнелтілімдері;

      13) алғаны туралы хабарламасы бар пошта жөнелтілімі - беру кезінде жөнелтуші пошта жөнелтілімінің кімге және қашан табыс етілгендігін өзіне немесе көрсеткен адамына хабарлауды пошта операторына тапсыратын тіркелетін пошта жөнелтілімі;

      14) жай сәлемдеме - салынымының құнын бағаламай түбіртек беріп жөнелтушіден қабылданатын және алушыға қолхат арқылы берілетін сәлемдеме;

      15) тікелей пошта контейнері - тауарлар және басқа да материалдық құндылықтар салынып, жөнелтуші пломбалаған (мөрлеп бекіткен) және межелі жерге жеткізілгенге дейін жолда ашылмайтын контейнер түріндегі пошта жөнелтілімі;

      16) секограмма - секографиялық тәсілмен жазылған, ашық түрде берілетін жазбаша хабарлар, секография белгілері басылған клишелер, тек зағиптарға арналған дыбыстық жазбалар салынған пошта жөнелтілімі;

      17) техникалық құралдар - пошта операторлары пошта қызметінде пайдаланатын өлшеу функциялары бар құрылғыларды қоса алғанда, жабдық, құрылғылар, бағдарламалық қамтамасыз етуі бар және бағдарламалық қамтамасыз етуі жоқ жүйелер;

      18) пакет - пошта төлемінің белгілерін, оның ішінде пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін жапсырмай жіберілетін, салынымы, көлемдері, массасы және буып-түйілуі осы Қағидаларда көзделген тіркелетін жөнелтілім;

      19) ыдыс - гофрленген картоннан жасалған қораптар, пластик пакеттер, конверттер және пошта жөнелтілімін жіберуге арналған орауыштың басқа да түрлері.

2-тарау. Пошта желісін ұйымдастыру және пошта операторының
қызметтерін пайдаланушыларға пошта операторларының қызмет
көрсету тәртібі, оның ішінде мүгедектердің пошта байланысының
көрсетілетін қызметтеріне кедергісіз қол жеткізуі жөніндегі
тәртіп

      4. Пошта операторлары пошта байланысының қызметтерін ұсыну үшін пошта желілерін өздері дербес қалыптастырады.

      Пошта желісін ұйымдастыру мақсатында пошта операторы өндірістік объектілерді, сондай-ақ пошта маршруттарын құрады және оларды пайдаланады. Пошта операторының өндірістік объектісі стационарлық және жылжымалы пошта байланысы бөлімшесі түрінде құрылатын пошта байланысы бөлімшесі болып табылады.

      Пошта операторының қызметтерін пайдаланушыларға пошта байланысының әмбебап қызметтерін ұсыну жағдайында, пошта желісінің жұмыс істеуі Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 20 шілдедегі № 44 бұйрығымен бекітілген Пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерінің сапа көрсеткіштеріне сәйкес жүзеге асыралады (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14130 болып тіркелген).

      5. Пошта маршруттарын жоспарлауды және жасауды Заңның 31-бабына сәйкес пошта операторлары жүзеге асырады.

      6. Пошта операторы пошта жәшіктерін орнатады және Заңның 32-бабымен белгіленген тәртіпте олардан пошта жөнелтілімдерін алуды жүзеге асырады.

      Пошта жәшіктеріне пошта операторының логотипі, берілген нөмірі, хат-хабарларды жәшіктен алу жиілігі мен уақыты (алғашқы және соңғы алыну уақыты) жазылады. Ауылдық жердегі пошта жәшіктерінде пошта операторының логотипі, берілген нөмірі, алыну уақыты, сондай-ақ алу жүзеге асырылмайтын күндер көрсетіледі.

      7. Пошта байланысының қызметтерін ұсыну үшін пошта операторының өндірістік объектілерінде барлық операциялық күн бойы пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну үшін операциялық терезелер жұмыс орындарымен жабдықталады.

      8. Пошта операторының өндірістік объектілеріне кірер жерде өндірістік объектінің атауы және жұмыс режимі көрсетілген маңдайша орнатылады. Қалаларда орналасқан және жылжымалы график бойынша, түскі үзіліспен немесе демалыс күнімен жұмыс істейтін өндірістік объектілерде, сондай-ақ басқа график бойынша немесе демалыс күндерсіз қызметтер ұсынатын жақын маңдағы өндірістік объектінің орналасқан жері және жұмыс режимі туралы хабарландыру ілінеді. Маңдайша мен хабарландыру мәтіні қазақ және орыс тілінде жазылады.

      Мүгедектерге кедергісіз қызмет көрсету мақсатында пошта операторлары:

      өндірістік объектіге мүгедектердің кедергісіз кіруін, сондай-ақ оларға еркін және кедергісіз қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін операциялық терезені жабдықтауды;

      кезектен тыс қызметтер көрсетілуін;

      көрсетілетін қызметтерді ұсыну тәртібі туралы толық және дұрыс ақпаратпен қолжетімді нысанда қамтамасыз етеді.

      9. Пошта операторының өндірістік объектісінің операция залында пошта операторының қызметтерін пайдаланушылар үшін көрнекі және қолжетімді жерде мынадай ақпараттық материал тұрады:

      1) қызметтердің стандарттары;

      2) пошта байланысының ұсынылатын қызмет түрлерінің тізбесі;

      3) пошта байланысының көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифтер;

      4) пошта жөнелтілімдерін, пошталық ақша аударымын жіберу мерзімдері;

      5) пошта жөнелтілімдерін, пошталық ақша аударымын сақтау мерзімдері;

      6) мекенжайды жазу тәртібі;

      7) пошта жөнелтілімдерін буып-түю тәртібі және пошта операторының буып-түю материалдары мен ыдыстарының тізбесі;

      8) пошта жөнелтілімдерінің өлшемдері және шекті массасы;

      9) жіберуге тыйым салынған және шектелген заттар мен нәрселердің тізбесі, оның ішінде қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде бас бостандығынан айрылып жазасын өтеп жатқан адамдардың атына пошта жөнелтілімдерімен жіберуге рұқсат етілетін заттар мен нәрселердің жеке тізбесі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі Қылмыстық кодексімен және "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексімен көзделген пошта операторының қызметтерін пайдаланушылардың жауапкершілігі;

      10) пошта индекстері (электрондық форматта);

      11) жеке санаттағы азаматтарға қызмет көрсетудің артықшылықтары туралы;

      12) пошта операторының қызметтерін пайдаланушылар алдындағы міндеттемелерді бұзғаны үшін "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексімен және Заңмен көзделген пошта операторының жауапкершілігі;

      13) пошта операторының қызметтерін пайдаланушылардың Заңның 44-бабының 6-тармағын бұзғаны үшін жауапкершілігі;

      14) пошта операторының өзінен жоғары тұрған бөлімшесінің атауы, мекенжайы және телефон нөмірі;

      15) пошта операторының сенім телефонының, байланыс орталығының нөмірі, ресми интернет-ресурсының мекенжайы;

      16) пошта байланысының қызметтерін ұсынуға байланысты өзге ақпарат.

      Ақпарат қазақ және орыс тілінде жазылады.

      Мұндай ақпарат пошта операторының ресми интернет-ресурсында да жазылады.

      10. Пошта операторының қызметтерін пайдаланушыларға тікелей қызмет көрсетілетін өндірістік объектілерде пошта операторы адамдардың операциялық терезелерге шектеулі келу режимін қамтамасыз етеді.

      Пошталық құпияны қорғау бойынша пошта операторы қабылдайтын шараларды сақтау мақсатында пошта операторының қауіпсіздігін бейнебақылау жүйелерін қоспағанда, пошта жөнелтілімдері қабылданатын, өңделетін, сұрыпталатын, сақталатын және берілетін пошта операторының өндірістік объектілерінде фото және бейнетүсірілім жасалмайды.

3-тарау. Пошта операторларының атаулы құрылғыларын пайдалану тәртібі

      11. Пошта операторының өндірістік объектілері меншікті атаулы құрылғыларымен қамтамасыз етіледі.

      12. Пошта операторларының атаулы құрылғыларды қолдану тәртібі Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 25 шілдедегі № 57 бұйрығымен бекітілген Пошта операторларының атаулы құрылғыларды қолдану қағидаларымен айқындалады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14154 болып тіркелген).

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 23.09.2020 № 345/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-тарау. Пошта жөнелтілімдерін ресімдеу тәртібі, сондай-ақ
пошта жөнелтілімдерінің түрлері және олардың техникалық
сипаттамалары
1-параграф. Пошта жөнелтілімдерінде, пошталық ақша
аударымдарында мекенжайды ресімдеу тәртібі

      13. Пошта жөнелтілімдеріндегі және ілеспе бланкілердегі барлық мекенжай деректері қолмен (немесе баспаханалық тәсілмен не басқа баспа техникасын пайдалану арқылы басылып) айқын, түсінікті, түзетулерсіз, қысқартылған атауларсыз немесе шартты әріпсіз, цифрларсыз, белгілерсіз жазылады. Пошта жөнелтілімдеріне ақ қағазға басылған немесе қолмен жазылған мекенжай жазба белгісін жапсыруға жол беріледі.

      14. Пошталық ақша аударымы жөніндегі ақпарат, сондай-ақ мекенжай деректері осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пошталық ақша аударымдарына арналған пошта жөнелтілімінің бланкісінде (бұдан әрі – Бланк) жүйеден басып шығарылады. Автоматтандырылмаған пошта байланысы бөлімшелерінде пошталық ақша аударымы үшін пошта жөнелтілімі бланкісінің нысандарын пошта операторының қызметтерін пайдаланушы қолмен (немесе баспаханалық тәсілмен не басқа баспа техникасын пайдалану арқылы басылып) айқын, түсінікті, түзетулерсіз, қысқартылған атауларсыз немесе шартты әріпсіз, цифрларсыз, белгілерсіз жазылады.

      15. Пошта жөнелтілімдерінде, ілеспе бланкілерде және пошталық ақша аударымы бланкілерінің нысандарында жөнелтуші мен адресаттың мекенжайын көрсетуді жөнелтуші мен алушының Қазақстан Республикасының елді мекендерінің мекенжайы болып табылатын бір ғана мекенжайын көрсету арқылы жөнелтуші жүзеге асырады.

      Халықаралық пошта жөнелтілімдерінде Қазақстан Республикасының елді мекенінің мекенжайы болып табылатын жөнелтушінің бір ғана мекенжайы көрсетіледі.

      16. Мекенжайды жазу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның атауы;

      2) көшенің (даңғылдың, тұйық көшенің, гүлзардың, алаңның, ықшам ауданның) аты, үй нөмірі, пәтер нөмірі;

      3) елді мекеннің атауы (қала, кент, ауыл және село);

      4) ауданның атауы;

      5) облыстың атауы;

      6) елдің атауы (халықаралық жөнелтілімдер үшін);

      7) пошта индексі.

      Алуды тездету үшін жөнелтуші адресаттың (алушының/жөнелтушінің) үй және (немесе) мобильді телефон нөмірін, электрондық поштасының не электрондық абоненттік пошта жәшігінің мекенжайын көрсетеді.

      Жөнелтушінің мекенжайы пошта жөнелтілімінің сол жақ жоғарғы бұрышында, адресаттың мекенжайы - пошта жөнелтілімінің астыңғы оң бөлігінде көрсетіледі. Мекенжай блогындағы жолдар сол жақпен туралап жазылады.

      17. Пошта жөнелтілімдері, пошталық ақша аударымдары, факсимильді байланыс жөнелтілімдері мен гибридтік жөнелтілімдер жөнелтушінің нұсқауы бойынша адресаттың тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда), заңды тұлғаның атауын көрсете отырып "Талап етілгенге дейін" немесе "Абонементтік жәшік" деп жіберіледі.

      Ішкі тіркелетін пошта жөнелтілімдері жөнелтушінің нұсқауы поштаматқа жіберіледі.

      18. Қазақстан Республикасы аумағы шегінде жіберілетін пошта жөнелтілімдерін, пошталық ақша аударымын жөнелтуші мен алушының мекенжайлары жөнелтушінің қалауы бойынша қазақ немесе орыс тілінде ресімделеді.

      Халықаралық пошта жөнелтілімдерінде, халықаралық пошталық ақша аударымының бланкілерінде және пошта жөнелтілімдерінің бланкілерінде мекенжай латын әріптерімен және араб цифрларымен жазылады. Егер жеткізілетін елдің тілінде басқа әріптер мен цифрлар қолданылса, мекенжайды жеткізілетін елдің атауын міндетті түрде мемлекеттік немесе орыс тілінде қайталай отырып осы әріптер мен цифрлармен көрсетіледі.

      19. Ішкі пошта жөнелтілімдерінің түріне, санатына қарай мекенжай жақ бетінің жоғарғы бөлігінде мынадай қосымша жазбалар болады:

      1) құндылығы жарияланған бандерольдерде - "... теңгеге құндылығы жарияланған бандероль", ішіне салынғандарына тізімдеме жасалған құндылығы жарияланған бандерольдерге оған қоса, - "Тізімдеме жасалған";

      2) құндылығы жарияланған хаттарға - "... теңгеге құндылығы жарияланған" немесе "Жабық... теңгеге құндылығы жарияланған", ішіне салынғандарына тізімдеме жасалған, құндылығы жарияланған хаттарға - оған қоса "Тізімдеме жасалған";

      3) үстеме төлемді пошта жөнелтілімдеріне - "...теңге үстеме төлем";

      4) алғаны туралы хабарламамен қабылданған тіркелетін пошта жөнелтілімдері мен пошталық ақша аударымында - хабарлама туралы белгі жасалады, сәлемдемелер үшін бұл белгі ілеспе бланкілерге де қойылады;

      5) адресаттың өзіне табыс етілуі тиіс пошта жөнелтілімдерінің үстіңгі бетінде - "Өз қолына табыс етілсін. Тапсырысты хабарламамен";

      6) соттың шақыру қағазы салынған тапсырысты хабарламасы бар тапсырысты хаттарда - "Соттың шақыру қағазы. Тапсырысты хабарламамен";

      7) осал заттар, оның ішінде дәл өлшейтін құралдар және радиолампалар салынған пошта жөнелтілімдеріне, сондай-ақ ондай салынымы бар сәлемдемелерге ілеспе бланкілерде - "Абайлаңыз";

      8) сәлемдемелерде және олардың ілеспе бланкілерінде, оның ішінде карантинге жатқызылған өнімдер салынған сәлемдемелерде:

      құндылығы жарияланғандарына - "... теңгеге құндылығы жарияланған";

      салынғандарына тізімдеме жасалғандарына - "Тізімдеме жасалған";

      көшет салынғандарына - карантиндік сертификаты бар "Көшет";

      бал аралары салынғандарына - "Абайлаңыз. Бал арасы. Күнге ұстамаңыз. Ветеринариялық анықтамасымен";

      аң және кеміргіштер терісі салынғандарға - "Аң терісі. Ветеринариялық анықтамасымен";

      жүн, қыл, шаш, қауырсын, түбіт салынғандарына - "Ветеринариялық анықтамасымен";

      "жаңа піскен жемістер мен көкөністер салынғандарына - сәйкесінше "Жеміс", "Көкөніс" карантиндік сертификатпен деп жазылады;

      9) әуе кемелері арқылы жіберілетін сәлемдемелер мен олардың ілеспе бланкілеріне, бандерольдерге - "Авиа" деп жазылады;

      10) осы Қағидалардың 181-тармағында көрсетілген тұлғалардың өкілдерінен қабылданған пошта жөнелтілімдерінде - "Үкіметтік" - "Правительственное" белгісі қойылады.

      20. Оңай сынатын заттар салынған және ұстағанда өте абай болуды қажет ететін халықаралық сәлемдеме осал сәлемдемеге жатады және оларда "Абайлаңыз" - "Осторожно" - "Colіs fragile" белгісі болады. Салудың және буып-түюдің жалпы ережесін сақтаған кезде жөнелтуші немесе пошта операторының өндірістік объектісінің жұмыскері әрбір осал сәлемдемеге ақ түске қызыл бояумен басылған шыны бұйымның бейнесі бар жапсырманы желімдейді. Ілеспе бланкінің бет жағына анық көрінетін "Абайлаңыз" - "Осторожно" - "Colіs fragile" белгісі бар жапсырма желімделеді.

      21. Өлшемі мен массасы осы Қағидаларға 2-қосымшада белгіленген шектен асып түсетін, сондай-ақ өзінің пішіні немесе құрылымы бойынша көтергіш техникалық құралдарды пайдаланбай басқа сәлемдемелермен бірге оңай тиелмейтін немесе ерекше ұқыптылықты талап ететін және Дүниежүзілік пошта одағының (бұдан әрі - ДПО) Актілерімен жіберу көзделген халықаралық сәлемдеме "Қомақты" деп танылады.

      Қомақты халықаралық сәлемдемеге, сондай-ақ тиісті ілеспе бланкінің бет жағына анық көрінетін "Қомақты", "Громоздкая", "Encombrant" белгісі бар жапсырма желімделеді.

      22. Халықаралық алмасуда құндылығы жарияланған сәлемдемелер, осал, қомақты заттар салынған сәлемдемелер мұндай жөнелтілімдерді қабылдауға рұқсат ететін елдерге жіберуге қабылданады.

2-параграф. Пошта жөнелтілімдерінің түрлері

      23. Пошта жөнелтілімдері мен пошталық ақша аударымдары ішкі және халықаралық пошта жөнелтілімдері болып бөлінеді.

      24. Ішкі пошта жөнелтілімдерінің түрлері мынадай санаттар бойынша ажыратылады:

      1) хаттар (тіркелмейтін, тіркелетін);

      2) пошта карточкалары (тіркелмейтін, тіркелетін);

      3) бандерольдер (тіркелмейтін, тіркелетін);

      4) ұсақ пакеттер (тіркелетін);

      5) сәлемдемелер (жай және құндылығы жарияланған);

      6) пошталық ақша аударымдары.

      25. Халықаралық пошта жөнелтілімдерінің түрлері мына санаттар бойынша ажыратылады:

      1) хаттар (тіркелмейтін, тіркелетін);

      2) пошта карточкалары (тіркелмейтін, тіркелетін);

      3) бандерольдер (тіркелмейтін, тіркелетін);

      4) сәлемдемелер (жай, құндылығы жарияланған);

      5) пошталық ақша аударымдары;

      6) ұсақ пакеттер (тіркелетін).

      26. Пошта жөнелтілімнің түрлері мен санаттарына мыналар жатады:

      1) хат (кіші және үлкен пішімді);

      2) зағиптарға арналған жөнелтілімдері бар бандероль (секограммалар);

      3) жеделдетілген және курьерлік пошта байланысының пакеті;

      4) жеделдетілген және курьерлік пошта байланысының сәлемдемесі;

      5) тікелей пошта контейнері;

      6) арнайы қап ("М" қабы);

      7) топтастырылған консигнация жөнелтілімдері;

      8) тіркелетін және тіркелмейтін пошта жөнелтілімі туралы хабарландыру;

      9) пошта жөнелтілімдерін және пошталық ақша аударымдарын алғаны туралы хабарлама.

      27. Жөнелтушілерге қабылдағаны туралы түбіртек берілмей (пошталық тіркеу нөмірін, сәйкестендіру әріптік-цифрлық штрих-кодын бермей) қабылданатын және адресаттарға қолхат алмай жеткізілетін хаттар, пошта карточкалары мен бандерольдер тіркелмейтін хат-хабарлар болып табылады.

      Тіркелмейтін жазбаша хат-хабар Қазақстан Республикасының аумағы бойынша да, сондай-ақ одан тыс жерлерге де жіберуге қабылданады.

      28. Тіркелмейтін ішкі хаттарда жазбаша хабарламалар және мынадай төмен бағалы салынымдар: фотосуреттер, көркемсуретті ашық хаттар және өзге де ұқсас қағаз өнімі жіберіледі.

      Тіркелмейтін ішкі бандерольдерде мынадай төмен бағалы салынымдар: бланкілер, брошюралар, плакаттар, газеттер, журналдар, кітаптар, маңыздылығы төмен іс қағаздары, қолжазбалар, фотосуреттер, альбомдар, дәптерлер, дәрілік шөптер, дыбыстық жазбалар және өзге де ұқсас заттар жіберіледі.

      29. Тіркелмейтін халықаралық хаттармен жеке және қызметтік жазбаша хабарлар, фотосуреттер жіберіледі.

      Тіркелмейтін халықаралық бандерольдерде баспа басылымдары, гравюралар, суреттер, пішу үлгілері, каталогтар, проспектілер, түрлі хабарландырулар, хабарламалар, әртүрлі баспа тәсілімен жасалған бедерлер мен репродукциялар, қолжазбалар жіберіледі.

      30. Тіркелмейтін халықаралық бандерольдерде зағиптарға (немесе зағиптардан осы ұйымдардың мекенжайына) секограммалар жіберуіне болады. Олар ДПО Актілеріне сәйкес тегін қабылданады.

      31. Тіркелетін пошта жөнелтілімі пошталық тіркеу нөмірі (сәйкестендіру әріптік-цифрлық штрих-код) берілетін және жөнелтушіге пошта операторы жұмыскерінің тегі және аты-жөні көрсетіліп, пошта штемпелінің немесе бақылау-кассалық машина, дербес компьютер клишесінің (атаулы модуль) бедері басылған түбіртек берілетін жөнелтілім болып табылады. Бақылау-кассалық машина, дербес компьютер клишесінің (атаулы модуль) бедері басылған түбіртекте пошта штемпелінің бедері қойылмайды. Тіркелетін пошта жөнелтілімін табыс ету кезінде адресаттан қолхат алынады. Тіркелетін пошта жөнелтілімдері кері мекенжайы міндетті түрде көрсетіліп қабылданады.

      Тіркелетін пошта жөнелтілімінің орауышында: пошта операторының қабылдайтын өндірістік объектісінің атауы және пошталық тіркеу нөмірі (сәйкестендіру әріптік-цифрлық штрих-код) жазылады.

      Тіркелетін пошта жөнелтілімін пошта операторы осы Қағидаларға 3-қосымшада көзделген нысан бойынша пошта жөнелтілімі бланкісін толтыра отырып қабылдайды.

      Тізім бойынша қабылданған пошта жөнелтілімдеріне бір түбіртек беріледі.

      Электрондық пошта арқылы жөнелтілімдерді жіберу тәртібін пошта операторы дербес белгілейді.

      Пошта операторы тіркелетін пошта жөнелтілімдерін қабылдауға, сақтауға және табыс етуге арналған автоматтандырылған құрылғыларды пайдаланған кезде жөнелтушіге түбіртек берілмейді:

      қолданылатын ақпараттық жүйеде пошта жөнелтілімін қабылданғаны туралы электрондық нысандағы хабарламаны электрондық пошта, электрондық абоненттік пошта жәшігін, телекоммуникацияны, ұялы байланысты пайдалану арқылы жіберу фактісі қабылдағанын растау болып табылады;

      поштамат ұяшығын ашу, қолданылатын ақпараттық жүйеде пошта операторының қызметтерін пайдаланушының жеке басын куәландыратын құжатының деректерін салыстырып оқу арқылы беру сәтінде құрастырылған адресаттардың деректер базасына кіру коды бар пошта жөнелтілімі келіп түскені туралы ұялы байланыс арқылы қысқаша мәтіндік және мультимедиялық хабарды алушыға жіберу фактісі берілгенін растау болып табылады;

      пошта операторынан электрондық тәсіл арқылы алынған кіру кодын ақпараттық жүйеде алушы авторландыруы берілгенін растау болып табылады.

      32. Тіркелетін пошта жөнелтілімдеріне тапсырысты және құндылығы жарияланған жөнелтілімдер, жай және құндылығы жарияланған сәлемдемелер, пошталық ақша аударымдары жатады.

      33. Тапсырысты пошта жөнелтілімдеріне хаттар, пошта карточкалары, бандерольдер, ұсақ пакеттер, "М" қаптары, алғаны туралы тапсырысты хабарламалар жатады. Жіберудің жекелеген кезеңдерде гибридтік жөнелтілімдер тапсырысты хат түрінде жіберіледі.

      34. Тапсырысты ішкі және халықаралық пошта жөнелтілімдерінде осы Қағидалардың 28, 29-тармағында көрсетілген салынымдардан басқа, мыналарды жіберуге рұқсат етіледі:

      1) азаматтық хал актілерін жазу органдарына - азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктердің барлық түрін;

      2) сот және құқық қорғау органдарына, сондай-ақ жергілікті әскери басқару органдарына - тапсырысты хаттың орауышында тиісті белгілері бар алғаны туралы тапсырысты хабарламамен қабылданатын шақыру қағаздары мен хабарламалар;

      3) тапсырысты бандерольдерде көркем әдебиет, өнер жөніндегі әдебиет, сот істері және сырттай оқитын студенттердің бақылау жұмыстары жіберіледі;

      4) "М" қаптарында адресаттың мекенжайына бір межелі жерге жіберілетін мерзімді басылымдар (газеттер мен журналдар), кітаптар және басқа баспа материалдары;

      5) ұсақ пакеттерде сыйлық сипатындағы сынбайтын ұсақ заттар және жеке тауарлардың жеке-дара үлгілері жіберіледі. Жіберілетін салынымдар құны ұсақ пакет жоғалған жағдайда төленетін ДПО актілерімен белгіленген өтемақы сомасынан асып түспейді.

      35. Құнды қағаздар, құжаттар немесе басқа да құнды заттар салынған пошта жөнелтілімі құндылығы жарияланған жөнелтілім ретінде жіберіледі.

      Жөнелтуші құндылығы жарияланған пошта жөнелтілімінің салынымын бағалау сомасын Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен өзі дербес анықтайды және осы Қағидаларға сәйкес орауышын таңдайды.

      36. Құндылығы жарияланған ішкі пошта жөнелтілімдерінде:

      1) хаттарда - құжаттар мен құнды қағаздар (куәліктер, паспорттар, тууы, қайтыс болуы, неке қиюы және бұзуы туралы, жылжымайтын мүлік құқығы туралы куәліктер, дипломдар мен сертификаттар, зейнетақы мен сот істері, мемлекеттік заем облигациялары, лотерея билеттері және басқа қаржылық құжаттар), жылжымайтын және жылжымалы мүлікке құқық беретін құжаттар;

      2) бандерольдерде - баспа басылымдары, көркем әдебиет, өнер жөніндегі әдебиет, іс қағаздары, дәрі-дәрмек, кондитерлік бұйымдар және сақталуын пошта жөнелтілімдерінің осы түріне көзделген орауышы қамтамасыз ететін болатын басқа да ұзақ сақталатын тамақ өнімдері;

      3) сәлемдемелерде тұтыну тауарлары, ұзақ мерзім сақталатын азық-түлік, кітаптар, дәрі-дәрмектер, медициналық препараттар және осы Қағидалармен жіберуге тыйым салынбаған өзге де салынымдар.

      37. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде бас бостандығынан айырылып жазасын өтеп жатқан адамдардың атына жіберілетін ішкі пошта жөнелтілімдерде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 819 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9984 болып тіркелген), Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің ішкі тәртіптеме қағидаларымен көзделген заттар мен нәрселер жіберіледі.

      38. Бал арасы, сүліктер, жібек құрттары, өсімдіктер, көшеттер, жаңа піскен көкөністер мен жемістер, радиолампалар және шыны немесе өзге де оңай бүлінетін осал бөлшектері бар дәл өлшеу аспаптары (тұрмыстық техника мен тұрмыстық аспаптардан басқа) салынған ішкі және халықаралық сәлемдемелер салынымының құндылығы жарияланбай жіберуге қабылданады.

      Құндылығы жарияланған халықаралық хаттарда құнды қағаздар, жеке басты куәландыратын құжаттар, нотариалды куәландырылған құжаттар мен анықтамалардың көшірмелері жіберіледі.

      Халықаралық сәлемдемелерде ДПО-ның Актілеріне сәйкес жіберуге рұқсат етілген тұтыну тауарлары жіберіледі.

      39. Жарияланған құндылық пошта жөнелтілімі салынымының нақты құнынан аспайды.

      40. Құжаттар салынған пошта жөнелтілімдерінің жарияланған құны жөнелтілім жоғалған жағдайда осы құжаттарды қалпына келтіру бойынша болуы ықтимал шығыстардың мөлшерінен аспайды.

      41. Құндылығы жарияланған халықаралық хаттар, сәлемдемелер және ұсақ пакеттер халықаралық пошта жөнелтілімдерінің жекелеген түрлері мен санаттарын қабылдауға рұқсат етілген елдер мен аумақтарға ғана қабылданады. Елдер тізімін пошта операторы ДПО Халықаралық бюросының мәліметтері негізінде жасайды.

      42. Халықаралық пошта жөнелтілімдерінің жарияланған құндылығы ақпараты ДПО Актілерінде қамтылатын, жеткізілетін ел атаған құндылықтың шекті сомасынан аспайды.

      43. "Консигнация" топтастырылған жөнелтілімдер қызметі және тікелей пошта контейнерлерін жіберу шарт қызметтері болып табылады.

      44. Жеделдетілген және курьерлік пошта байланысының жөнелтілімдерінде (құндылығы жарияланбаған және жарияланған) осы Қағидаларда белгіленген жіберуге тыйым салынғандар және шектеу қойылғандар ескеріле отырып, халықаралық және ішкі пошта жөнелтілімдерінде жіберілуі көзделген салынымдар жіберіледі.

      45. Егер Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасымен өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы ішінде жіберілетін пошталық ақша аударымының сомасына шектеу қойылмайды.

      46. Пошталық ақша аударымдары Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында және "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" 2018 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес басқа валюталарда қабылданады.

      Пошталық ақша аударымдарын шетел валютасында жүзеге асыру кезінде жөнелтуші (алушы) "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" 2018 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының талаптарына сәйкес қосымша мәліметтер мен құжаттарды ұсынады.

      Ескерту. 46-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 05.05.2020 № 174/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      47. Пошта аударымдарын жүзеге асыру үшін ақша Бланк толтырыла отырып, қолма-қол және қолма-қол ақшасыз тәсілдермен қабылданады. Қолма-қол ақшасыз тәсіл кезінде ақша аударымы пошта операторының банктік шотына ақша және комиссиялық сыйақы сомасы түскеннен кейін ғана жүргізіледі.

      48. Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерде пошталық ақша аударымын тағайындалған оператор бір пошта аударымының шекті сомасын, ресімдеу тәртібін, жіберу, төлеу, конвертациялау және өзара есеп айырысу тәсілін ескере отырып, ДПО Актілері және тиісті халықаралық шарттар негізінде қабылдайды.

      49. Пошта операторының гибридтік жөнелтілімді жіберу бойынша қызмет көрсетуі жөнелтілімді кейінгі кезеңде тіркелетін немесе тіркелмейтін хат (пошта карточка) түрінде жеткізілетін, бастапқы кезеңде ақпараттық жүйелерді, интернет-ресурстарды және басқа да электрондық тасымалдағыштарды қолдану арқылы электрондық хат (хабар) нысанында жіберу не кейінгі кезеңде электрондық поштаға немесе электрондық абоненттік пошта жәшігіне ақпараттық жүйелерді, интернет-ресурстарды және басқа да электрондық жеткізгіштерді қолдану арқылы электрондық хат (хабар) нысанында жеткізілетін хатты (пошта карточкасын) бастапқы кезеңде жіберу арқылы жүзеге асырылады.

      50. Бастапқы кезеңде пошта операторының ақпараттық жүйесі қолдану арқылы электрондық хат (хабар) нысанында жіберілетін тіркелетін немесе тіркелмейтін хаттарға (пошта карточкасына) пошта операторының қызметтерін пайдаланушы "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңының 21-бабына сәйкес, куәландырушы орталықта алған электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қояды және олар ақпаратты қорғау жөніндегі шаралар сақталып жіберіледі.

      51. Пошта операторының ақпараттық жүйесіне пошта жөнелтілімі түрінде әрі қарай жеткізу үшін жолданған электрондық хат (хабар) қосымша құралдар мен әдістерді пайдаланбай-ақ қабылдау үшін қолжетімді түрде алынған электрондық хаттың (хабардың) мазмұны жазылған қағаз жеткізгіште басып шығарылады.

      Электронды хатты (хабарды) басып шығарған кезде, қағаз тасымалдағышта жөнелтушінің электрондық хаты (хабары) және электрондық цифрлық қолтаңбаны тексеру нәтижесі туралы ақпарат бастапқы құжат болып табылатындығы көрсетіле отырып, қосымша ақпарат көрсетіледі.

      Пошта операторының қызметтерін пайдаланушымен жасалған шарт талаптары бойынша пошта операторы қағаз тасымалдағышқа пошта операторының пошта штампелінің бедерін қояды.

      52. Электрондық құжат нысанында жіберілетін тіркелетін немесе тіркелмейтін хаттар (пошта карточкалары) мына ақпаратты қамтуы керек: жөнелтушінің және адресаттың пошта индексі, жөнелтушінің және адресаттың мекенжай деректері.

      53. Пошта операторының ақпараттық жүйесі жөнелтушіге тіркелетін хат (пошта карточкасы) қабылданғаны, жеткізілгені, табыс етілгені немесе қайтарылғаны туралы немесе электрондық хат (хабар) нысанында жіберілетін тіркелмейтін хат (пошта карточкасы) қабылданғаны туралы электрондық нысанда хабарлама жібереді.

      54. Бастапқы кезеңде ақпараттық жүйелерді, интернет-ресурстарды қолдану арқылы электрондық хат (хабар) нысанында электрондық поштаға немесе электрондық абоненттік пошта жәшігіне жіберілетін және жеткізілетін хаттар (пошта карточкасы) жеткізілгені не адресат хатты (пошта карточкасын) оқығаны туралы хабарламаны алған кезде адресатқа жеткізілген болып есептеледі.

      55. Бастапқы кезеңде электрондық құжат нысанында жіберілетін тіркелетін хаттар (пошта карточкалары):

      1) адресаттан (немесе оның уәкілетті өкілінен) тіркелетін хат (пошта карточкасы) табыс етілгені туралы қолхат алынса;

      2) адресаттың абонементтік жәшігіне дейін жеткізілсе, адресатқа табыс етілген (жеткізілген) болып есептеледі.

      56. Адресат тіркелетін хатты (пошта карточкасын) алғаны туралы хабарлама электрондық түрде қалыптасады және ақпараттық жүйеге немесе пошта операторының ақпараттық жүйесінде жеткізілгені/табыс етілгені туралы тиісті статус пайда болғаннан кейін пошта операторының қызметтерін пайдаланушының электрондық абоненттік жәшігіне жіберіледі.

      57. Қайтарылған жағдайда, гибридтік пошта жөнелтілімдері жасалған шартта өзге талап айтылмаса, пошта операторының қызметтерін пайдаланушының ақпараттық жүйесіне қайтару туралы статусты қабылдағаны туралы растауды алғаннан кейін жойылуы тиіс.

3-параграф. Пошта жөнелтілімдерінің техникалық сипаттамалары
(буып-түю, өлшемдері мен массасы)

      58. Пошта жөнелтілімдерінің буып-түйілуі салыным сипатына, жіберілу шарттарына және жол ұзақтығына сәйкес келеді, өңдеу және жіберу кезінде салынымдардың бүліну, оған орауышын, мөрін, пломбасын, байламын, таспасын бүлдірместен қол сұғу, сондай-ақ басқа жөнелтілімдерді бүлдіру және пошта операторының жұмыскерлеріне қандай да бір зиян келтіру мүмкіндігін болдырмайды.

      59. Конверттер және пошта карточкалары, ұзақ пакеттерді, сәлемдемелерді, бандерольдерді буып-түюге арналған ыдыс осы Қағидалар мен Дүниежүзілік пошта одағының (бұдан әрі - ДПО) актілерінің талаптарына сәйкес келуі тиіс. Буып-түю материалы ретінде:

      1) хаттар үшін - пошта конверттері;

      2) құндылығы жарияланған хаттар үшін - пошта конверттері, полиэтилен конверттер және салынымның сақталуын қамтамасыз ететін басқа да ұқсас материалдар;

      3) бандерольдер мен ұсақ пакеттер үшін - полиэтилен пакеттер, пошта конверттері, футляр, картон қораптар, ағаш (фанер) не металл жәшіктер;

      4) сәлемдемелер үшін - сәлемдеме жәшіктері (картон, ағаш, фанер және полимер) қолданылады.

      Әрбір пошта операторы қолданылатын буып-түю материалдары мен ыдыстардың тізбесін дербес айқындайды және пошта жөнелтілімдері пошта операторы белгілеген буып-түю материалдары мен ыдыстардың тізбесіне сәйкес ыдыста ғана қабылдайды.

      60. Заттар мен тауарлардың пошта жөнелтілімінің орауышы, ыдысы ішінде қозғалуына жол берілмейді. Бандерольге бірнеше заттар салынған жағдайда, олар алдын ала байланады.

      Массасы бес жүр грамнан асатын тіркелмейтін және тапсырысты бандерольдер айқастырылып кендір жіппен буылады және (немесе) лентаға белгілі бір пошта операторына тиесілі екендігін білдіретін белгі жазылған тиісті жабысқақ таспа жапсырылады.

      61. Бандероль салынымы жөнелтушінің нұсқауы бойынша түтікше етіп оралады және қағаз немесе басқа таспамен қосымша бекітіледі, ұзындығы қырық бес сантиметрден астам болған кезде ол қатты затқа оралады.

      62. Сәлемдемелер салынымының ерекшеліктеріне қарай, оларды буып-түю кезінде мына шарттар сақталады, оларды орындау қажеттілігі туралы жөнелтушіге ескертіледі:

      1) осал және сынатын заттар қатты ыдысқа ағаш үгіндісімен аралас салынады немесе жоңқамен, мақтамен және өзге толтырғышпен салынады;

      2) фильмдер, фильмдер мен киношежіренің бастапқы материалдары, магнит таспалары, компакт-кассеталар, компакт-дискілер арнайы ыдысқа салынады;

      3) тұқым, дән, жаңғақ, кептірілген жеміс, ұн және басқа да сусымалы заттар тығыз матадан, үлдіршектен істелген қапшықтарға, мықты қағаз пакеттерге бөлек оралады да, жәшікке немесе картон қорапқа салынады;

      4) көшеттер үсті матамен тігілген себетке немесе желдеткіш тесіктері бар себеттерге салынады. Себеттің (жәшіктің) түбіне тығыз полиэтилен үлдіршек салынады;

      5) құрғақ бояу ұнтақтары (анилин көктігі сияқты), майлы, сұйық, сұйық күйге айналатын заттар (май сылаулар, жұмсақ сабындар, сағыздар, сироптар, қайнатпалар, бал және басқалар) жабық шыны емес ішкі ыдыстарға жауып бекітіледі, сосын олар екінші мықты жәшікке салынып, екі арасына сәйкесінше ағып кетуден сақтандыратын және тартып алғыш материалмен толтырылады;

      6) тірі аралар, сүліктер және жәндіктер құрылғысы шығып кету мүмкіндігін болдырмайтын торкөзді тесіктері бар жәшіктерге салынады. Аралары бар сәлемдемелер ауа еркін кіретін көлеңкелі орында сақталады, мұндай сәлемдемелерді тығыз жабылатын шкафтарға салуға тыйым салынады. Жіберу үшін бірінші рет қолданылатын контейнерлер мен буып-түю материалы пайдаланылады. Тасымалдау үшін буып-түю материалына араларды, бал араларын және аналық бал араларды, бал ара-листорездерді салар алдында оған профилактикалық дезинфекция және дезакаризация жасалады;

      7) фабрикалық өңдеуден өтпеген аң және кеміргіштер терілері, сондай-ақ жүн, қылшық, шаш, мамық салынған сәлемдемелер алдымен матаға (қапқа, полиэтилен үлдіршекке) оралады, сосын жәшікке немесе картон қорапқа салынады;

      8) радиолампалар мен басқа дәл өлшейтін аспаптар (өлшеуіш және басқалар) жұмсақ төсенішпен толтырылған қатты ыдысқа немесе орнықтыратын арнайы жүйесі бар жәшіктерге салынады;

      9) тірі өсімдіктер (жүзім сабағы, көшет және басқалар), сондай-ақ сынбайтын ірі габаритті үшкір ұштары мен қырлары жоқ, өздерінің көлемі жағынан белгіленген көлемдердегі сәлемдеме ыдысына сыймайтын заттар жіберу үшін қаптық материалға (матаға) оралған күйде қабылданады;

      10) тұтас және сынбайтын, сондай-ақ бөлшектенбейтін, өткір қырлары жоқ, өлшемі мен массасы осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілгеннен асып түсетін заттар (сызу тақтасы, балалар шанасы, чемодандар, бидондар және өзге де) жәшіктерде немесе матада буып-түйілмей ашық жіберіледі. Автодөңгелектер таза күйінде ғана қабылданады. Пошта жөнелтілімдерін буып-түю үшін қолданылатын мата тұтас кесектен тұратын ашық бір түсті болады;

      11) жаңа піскен жеміс-жидектердің қатты сорттары салынған сәлемдемелер ағаш немесе фанер жәшіктерде қабылданады, олардың бүйір қабырғаларында желдеткіш тесіктері немесе көлденең ойықтары болады;

      12) қымбат бағалы металдардың орауышы мықты металл жәшіктен немесе ағаш жәшіктен болуы тиіс, оның қабырғасының қалыңдығы он килограмға дейінгі сәлемдеме үшін кем дегенде бір сантиметр және салмағы он килограмнан жоғары сәлемдеме үшін бір жарым сантиметр болуы керек. Қажет болған жағдайда, буып-түю қосарланған орауышты құрайтын тігісі жоқ екі қаптан тұрады. Егер фанерден жасалған ағаш жәшіктер қолданылса, осы жәшіктің шеттері темір бұрыштамамен бекітілген жағдайда олардың қалыңдығы кемінде бес миллиметр болады;

      13) белгіленген өлшемдеріне жауап беретін және салыным сақталуын қамтамасыз ететін, зауыттық орауыштағы (ағаш немесе мықты картон жәшіктердегі) бөлінбейтін заттарды жерүсті көлігімен жіберу үшін қосымша буып-түюсіз қабылдауға рұқсат етіледі.

      63. Ішкі пошта жөнелтілімдерінің өлшемдері мен шекті массасы Пошта байланысы қызметтерін ұсыну қағидаларына 4-қосымшада келтірілген.

      64. Халықаралық пошта жөнелтілімдерінің өлшемдері мен шекті массасы Пошта байланысы қызметтерін ұсыну қағидаларына 2-қосымшада келтірілген.

5-тарау. Пошта жөнелтілімдерін және (немесе) пошталық ақша
аударымдарын қабылдау, өңдеу, тасымалдау және (немесе) беру,
жеткізу және (немесе) табыс ету тәртібі
1-параграф. Пошта жөнелтілімдерін және (немесе) пошталық ақша
аударымдарын қабылдау, өңдеу

      65. Пошта жөнелтілімі, пошталық ақша аударымы адресатқа жеткізілген және (немесе) пошта операторы оларды табыс еткен сәтке дейін жөнелтушіге тиесілі.

      66. Жөнелтілімдерді беретін кезде пошта операторының қызметтерін пайдаланушылар мынаны білуі қажет:

      1) пошта маркалары, оның ішінде электрондық маркалар пошта конвертінің, пошта карточкасының, бандерольдердің, ұсақ пакеттің оң жақ жоғарғы бұрышына орналастырылады;

      2) пошта маркаларын бірінің үстіне бірін жапсыруға жол берілмейді;

      3) айналымнан шығарылған, бүлінген (былғанған, жыртылған, желімделген, қандай да бір тәсілмен белгі соғылған) пошта маркалары төлеуге жарамсыз;

      4) шетелдік пошта маркалары ішкі және халықаралық хат-хабарды жіберуге жарамсыз;

      5) тіркелмейтін хаттарды топтамамен жіберуге тізім жасалмайды;

      6) пошта жөнелтілімін, пошталық ақша аударымын, жеделдетілген және курьерлік пошта жөнелтілімін қабылдау туралы түбіртекке телнұсқа берілмейді;

      7) көшелерге (көпшілік орындарда) орнатылатын пошта жәшіктеріне стандартты пошта конверттеріндегі тіркелмейтін хаттар мен пошта карточкалары ғана салынады. Басқа өлшемдегі пошта конверттеріндегі хаттар пошта операторының өндірістік объектісінің операциялық залдарына орнатылған арнайы пошта жәшіктеріне салынады немесе операциялық терезесіне беріледі.

      8) пошта жөнелтілімдерінде жіберуге тыйым салынған және шектеу қойылған заттар мен нәрселердің тізбесі.

      67. Жеделдетілген және курьерлік пошта байланысының пошта жөнелтілімдерін қабылдайтын кезде операторлар өзінің өндірістік объектілерінен тыс басқа жерлерде де пошта жөнелтілімін қабылдайтын өзге орын мен уақытты (курьер арқылы офисте немесе үйінде, пошта операторының қызметтерін пайдаланушымен жасалған шартта аталған өзге жерде) белгілейді.

      68. Тіркелетін пошта жөнелтілімдерін тапсыру кезінде жөнелтуші:

      1) осы Қағидалардың талаптарына сәйкес пошта жөнелтілімінің орауышын таңдайды;

      2) ілеспе бланкіні толтырады, ал халықаралық жөнелтілімдер үшін қосымша - кедендік декларацияны толтырады;

      3) осы Қағидалармен көзделген жағдайларда, салыным тізімдемесін жасайды және салыстыру үшін жөнелтілімді ашық күйде көрсетеді;

      4) жөнелтушіні сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын көрсетеді, түбіртектің жыртпалы бөлігінде, ілеспе бланкіде немесе жөнелтілімнің бет жағына өз қолын қойып, "Жіберуге тыйым салынған салынымдар жоқ. Буып-түюге қойылатын талаптармен таныстым" деген мәтінді растайды, бұл ретте толтырылғаннан кейін түбіртектің жыртпалы бөлігі осы Қағидалардың 136-тармағында көзделген, белгіленген мерзімде сақталады;

      5) мынадай сәлемдемелерді тапсырғанда ветеринариялық анықтаманы (ішкі пошта жөнелтілімдері үшін) немесе ветеринариялық сертификатты (халықаралық пошта жөнелтілімдері үшін) көрсетеді:

      бал арасы салынғанда;

      фабрикалық өңдеуден өтпеген аң және кеміргіштер терісі салынғанда;

      жүн, қыл, қауырсын, түбіт салынғанда;

      6) карантинге жатқызылған өнім салынған ішкі пошта жөнелтілімдерін жіберу кезінде жөнелтуші "Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңының 13-бабының 4-тармағына сәйкес карантиндік сертификатты көрсетеді, халықаралық пошта жөнелтілімдерін жіберу кезінде жөнелтуші фитосанитарлық сертификатты көрсетеді;

      7) жаңа піскен көкөніс пен жемістің қатты сорттары салынған пошта жөнелтілімдерін жіберу кезінде жеткізу мерзімі жеті күнтізбелік күннен асатын жағдайда мүмкін болатын шығындарды өзінің жауапкершілігіне алатындығын растайды;

      8) жіберуге тыйым салынған заттардың жоқтығына көз жеткізу мақсатында бандерольдердің, сәлемдемелердің, ұсақ пакеттердің ішіндегі салынымды көрсетеді;

      9) адресатқа жеткізу және (немесе) табыс ету мүмкін болмаған жағдайда, пошта жөнелтіліміне қатысты шараларды қабылдау қажеттігі туралы өкімді пошта операторына жазба түрде береді.

      10) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне жіберу кезінде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес, бір данада қолхат толтырады. Қолхаттың көшірмесі пошта жөнелтіліміне салынады, ал түпнұсқасы пошта операторының өндірістік объектісінде сақталады.

      69. Жөнелтуші дербес деректерін жинауға, пайдалануға және сақтауға келісім беруден бас тартқан жағдайда, пошта операторы пайдаланушыға тіркелетін пошта жөнелтілімдерін жіберу қызметін көрсетуден бас тартады.

      Тіркелетін пошта жөнелтілімдерін қабылдау кезінде пошта операторы алушының дербес деректерін оның келісімінсіз жинауды, жинақтауды, пайдалануды және сақтауды жүзеге асырады.

      70. Ашық түрде мыналар қабылданады:

      1) құндылығы жарияланған және салыным тізімдемесімен берілетін ішкі пошта жөнелтілімдері және кедендік декларациямен - халықаралық жөнелтілімдер;

      2) салынымына тізімдеме міндетті түрде жасай отырып, үшінші тұлғалар атынан жіберілетін сәлемдемелер;

      3) әуе көлігімен жіберілетін тіркелетін пошта жөнелтілімдері;

      4) жеке тұлғалар жіберетін тіркелетін пошта жөнелтілімдері.

      Пошта операторының жұмыскері пошта жөнелтілімінде пошта желілері арқылы жіберуге тыйым салынған және шектеу қойылған заттар мен нәрселер жіберілуіне жол бермеу мақсатында пошта жөнелтілімінің ішіндегісін мұқият қарап тексеруді жүзеге асырады.

      71. Жабық түрде мыналар қабылданады:

      1) жеке тұлғалардан осы Қағидалардың 68-тармағы 4) тармақшасының шарттарын сақтай отырып, жарияланған құндылығынсыз ішкі пошта жөнелтілімдері және халықаралық тапсырысты пошта жөнелтілімдері;

      2) заңды тұлғалардан фирмалық мөрдің сүргіштік бедерімен мөрленген (немесе пломбасымен пломбаланған) "Жіберуге тыйым салынған салынымдар жоқ" деп расталған жазбасы бар, құндылығы жарияланған ішкі және халықаралық хаттар, бандерольдер және сәлемдемелер.

      Осы тармаққа осы Қағидалардың 68-тармағы 8) тармақшасының әрекеті қолданылмайды.

      72. "Өз қолына табыс етілсін" деген белгімен ішкі тапсырысты хаттар және алғаны туралы тапсырысты хабарламалары бар пошта карточкалары, жеке тұлғаларға (пошта жөнелтілімінде көрсетілген тұратын жері бойынша) жіберілетін құндылығы жарияланған хаттар қабылданады.

      "Өз қолына табыс етілсін" белгісі бар халықаралық пошта жөнелтілімдері осы қызмет түрін ұсынатын елдерге жіберуге қабылданады.

      73. Осы Қағидалардың 181-тармағында көрсетілген тұлғалардың өкілдерінен мемлекеттік құпияларды қамтымайтын "Үкіметтік" - "Правительственное" белгісі бар хаттар, пошта карточкалары, бандерольдер мен сәлемдемелер пошта операторының кез келген өндірістік объектісінде қолданыстағы тарифтер бойынша төлеммен қабылданады.

      74. Пошта жөнелтілімдерін және (немесе) пошталық ақша аударымын әскери бөлімшелер мен мекемелер атына жолдаған кезде мынаны басшылыққа алу қажет:

      1) межелі пункті көрсетілген әскери бөлімшелер мен мекемелерге пошта жөнелтілімдерінің, жеделдетілген және курьерлік пошта байланысының жөнелтілімдері мен пошталық ақша аударымының барлық түрі қабылданады;

      2) тіркелетін пошта жөнелтілімдері жөнелтушінің нұсқауы бойынша алғаны туралы хабарламамен қабылданады;

      3) үстеме төлемді пошта жөнелтілімдері қабылданбайды;

      4) "Дала поштасы" деген мекенжаймен тек тіркелмейтін және тапсырысты хаттар мен пошта карточкалары, құндылығы жарияланған хаттар, сондай-ақ пошталық ақша аударымдары қабылданады.

      Заңды тұлғалардан әскери бөлімшелер командирлерінің атына тіркелмейтін және тапсырысты бандерольдер, сондай-ақ сәлемдемелерді қабылдау рұқсат етіледі.

      Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жазасын өтеп жатқан адамдардың пошта жөнелтілімдерін осы мекемелердің уәкілетті тұлғалары тікелей оларға қызмет көрсететін өндірістік объектіге тапсырады.

      75. Франкирлеу машиналарын қолданатын заңды тұлғалар жазба хат-хабарды пошта операторының оларға қызмет көрсететін өндірістік объектісіне тапсырады.

      76. Жөнелтуші бір немесе бірнеше мекенжайға бес немесе одан да көп тіркелетін пошта жөнелтілімін, пошталық ақша аударымын жіберетін кезде, жөнелтуші пошта операторы айқындайтын нысанда тізімдер жасайды және оны электронды түрде не қағаз жеткізгіште ұсынады.

      77. Пошта операторының қызметтерін пайдаланушының қалауы бойынша құндылығы жарияланған пошта жөнелтілімдері үстеме төлеммен қабылданады. Бұл ретте, пошта операторы адресатқа пошта жөнелтілімін тапсырған кезде жөнелтуші айтқан үстеме төлем сомасын одан алуды және оны жөнелтуші көрсеткен мекенжайға салып жіберуді міндетіне алады. Үстеме төлемді пошта жөнелтілімдері Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы бойынша және пошта операторларымен тиісті шарттар жасалған елдерге де жіберу үшін қабылданады.

      78. Үстеме төлемді пошталық ақша аударымы үшін төлем осы Қағидалардың 158-тармағына сәйкес жүргізіледі. Адресат үстеме төлемнің жалпы сомасын (аударым үшін алымды қосқанда) үстеме төлемді пошта жөнелтілімі табыс етілгенге дейін төлейді.

      79. Ішкі және халықаралық тіркелетін пошта жөнелтілімдері мен пошталық ақша аударымын берген кезде жөнелтуші қалауы бойынша адресаттың пошта жөнелтілімін алғаны туралы өзіне хабарлама жолдануын сұрайды. Хабарлама үшін төлем пошта жөнелтілімін және пошталық ақша аударымын өткізу кезінде төленеді.

      80. Ішкі пошта жөнелтілімдерін алғаны туралы хабарлама тіркелетін немесе тіркелмейтін пошта жөнелтілімі түрінде, халықаралық пошта жөнелтілімдері үшін - тіркелмейтін пошта жөнелтілімі түрінде жіберіледі, олар қағаз тасымалдағышта не электрондық поштаны, электрондық абоненттік пошта жәшігін, телекоммуникацияны, ұялы байланысты пайдалану арқылы электронды нысанда жіберіледі.

      81. Пошта операторының жұмыскері құндылығы жарияланған хаттар мен бандерольдерді, жай және құндылығы жарияланған сәлемдемелерді буып-түюі және сүргі соғылуы (пломбалауы) жөнелтушінің қатысуымен пошта жөнелтілімдерін қабылдау процесінде орындалады.

      82. Пошта операторының жұмыскерлері өндірістік объектілеріндегі пошта жөнелтілімдерінің кейінгі өңдеу, сұрыптау және тасымалдау операцияларына өткізу процесінде сақталуын қамтамасыз етеді.

      83. Ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бал аралары, фабрикалық өңдеуден өтпеген аң және кеміргіштер терілері, сондай-ақ жүн, қылшық, шаш, мамық салынған ішкі және халықаралық пошта жөнелтілімдері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11898 болып тіркелген), Ветеринариялық құжаттарды беру қағидалары мен олардың бланкілеріне қойылатын талаптарға сәйкес берілген, ветеринариялық құжаттармен бірге жүреді.

2-параграф. Пошта жөнелтілімдерін тасымалдау және (немесе) тапсыру

      84. Пошта жөнелтілімдерін тасымалдау пошта операторына тиесілі көлік құралдарымен және әртүрлі көлік түрлерінің тасымалдаушыларына тиесілі көлік құралдарымен жүзеге асырылады. Пошта операторлары өздеріне тиесілі көлік құралдарына пошта жөнелтілімдерін тасымалдауды білдіретін көрсеткіш орнатады.

      85. Ұлттық пошта операторы пошта жөнелтілімдерін тасымалдауды облыстар аралығындағы қалааралық, облыс ішіндегі қалааралық, қалалық, қала маңындағы, сондай-ақ елді мекендерді аудандар немесе облыс орталықтармен, республикалық маңызы бар қалалармен (астанамен) байланыстыратын маршруттар бойынша жүзеге асырады.

      86. Маршрутты және көлік қозғалысының кестесін жасауды пошта операторы пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерінің сапа көрсеткіштеріне, пошта жөнелтілімдерін өңдеудің, тасымалдаудың және жеткізудің ішкі нормативтері мен бақылау мерзімдеріне сәйкес жүргізеді.

      87. Тасымалдау және (немесе) тапсыру процесі сұрыптау, жіберу, межелі пунктіне тасымалданатын тіркелетін пошта жөнелтілімдері жүкқұжаттарында атап-атап ресімделіп (тіркеліп) және жұмыскерлердің алғаны туралы қолымен расталып жүргізіледі.

      Пошта операторы пошта жөнелтілімдерінің барлық түрін тасымалдау және (немесе) тапсыру процесінде ілесіп жүруді және олардың сақталуын, сондай-ақ тасымалдау маршруты мен кестесінің сақталуын қамтамасыз етеді.

3-параграф. Пошта жөнелтілімдерін және (немесе) пошталық ақша
аударымдарын жеткізу және (немесе) табыс ету

      88. Пошта операторының қызметтерін пайдаланушыға жіберілген жазбаша хат-хабарды, мерзімді баспа басылымдарын салу үшін абоненттік пошта жәшіктері сақталуын қамтамасыз ететін ақаусыз күйде және пошташыға қолжетімді жерде болады.

      89. Пошта операторының қызметтерін пайдаланушылар Заңның 5-бабы 1-тармағының 20) тармақшасына сәйкес пошта саласындағы уәкілетті орган бекітетін абоненттік пошта жәшіктерін орналастыру, күтіп-ұстау және олардың техникалық сипаттамалары жөніндегі талаптарды сақтайды.

      90. Пошта операторының өндірістік объектісіндегі абонементтік жәшіктерді пайдалану пошта операторының қызметтерін пайдаланушының жазбаша өтініші бойынша ақыға жүзеге асырылады. Бірнеше пошта операторының қызметтерін пайдаланушының бір абонементтік жәшікті пайдалануына, сондай-ақ оны абоненттеу кезеңінде басқа адамға пайдалануға беруіне жол берілмейді.

      Пошта операторының қызметтерін пайдаланушының жәшікті әрі қарай пайдаланудан бас тартқан жағдайда, осы нөмірі өтініш берілген сәттен бастап бір ай өткеннен соң немесе абоненттеу мерзімі аяқталғанда басқа пошта операторының қызметтерін пайдаланушының пайдалануына беріледі. Абоненттеу мерзімі немесе абоненттеуді тоқтату туралы өтініште көрсетілген күн өткеннен кейін келіп түскен хат-хабар қайтарылады немесе кері мекенжайы болмаса таратылмағандар қатарына тапсырылады.

      91. Абоненттік пошта жәшіктері және абонементтік жәшіктер арқылы мына пошта жөнелтілімдері жеткізіледі:

      1) тіркелмейтін хаттар;

      2) тіркелмейтін пошта карточкалары;

      3) тіркелмейтін бандерольдер;

      4) пошта жөнелтілімдерін және пошталық ақша аударымын алғаны туралы хабарламалар;

      5) тіркелетін пошта жөнелтілімдері мен пошталық ақша аударымы туралы алғашқы хабарламалар;

      6) өлшемдері абонементтік немесе абоненттік пошта жәшіктеріне салуға мүмкіндік бермейтін тіркелмейтін пошта жөнелтілімдері туралы алғашқы хабарламалар;

      7) адресаттың қолхатсыз алуға келісетіні туралы өтініші болған жағдайда, тапсырысты хаттар, бандерольдер, пошта карточкалары;

      8) жаздырып алынатын мерзімді баспа басылымдары.

      92. Адресатқа пошта жөнелтілімінде көрсетілген тұратын жері бойынша мыналар табысталады:

      1) салмағы бес жүз грамға дейінгі тапсырысты пошта жөнелтілімдері ("М" қаптарынан және ұсақ пакеттерден басқа);

      2) пошта жөнелтілімдері мен пошталық ақша аударымдарын алғаны туралы тапсырысты хабарламалар;

      3) жеделдетілген және курьерлік пошта байланысының жөнелтілімдері.

      93. Егер сапаны жақсаруға және тәуекелдерді азайтуға септігін тигізетін болса, пошта операторы пошта жөнелтілімдерін табыс ету (жеткізу) технологиясын өзгертеді.

      94. Пошта операторы абоненттің пошта жәшіктері бұзылған болса немесе пошта жөнелтілімдерінің және мерзімді баспа басылымдарының сақталуын қамтамасыз етпейтін болса, пошта жөнелтілімдерін және мерзімді баспа басылымдарын жеткізу үшін оларды қолданбайды. Бұл жағдайда пошта жөнелтілімдері мен мерзімді баспа басылымдары пошта операторының қызметтерін пайдаланушыға пошта операторының өндірістік объектісінде беріледі.

      95. Пошта операторы адресатты пошта операторының қызметтерін пайдаланушы көрсеткен деректемелерге (телефон нөмірі, электрондық пошта) телекоммуникацияны, ұялы байланысты, электрондық поштаны пайдаланып пошта жөнелтілімінің келіп түскені туралы хабардар етеді. Мұндай жағдайларда, қағаз тасымалдағыштағы хабарлама абоненттік пошта жәшігіне және абонементтік жәшікке дейін жеткізілмейді.

      96. Заңды тұлғаның атына жолданған тіркелмейтін хат-хабарлар, пошта жөнелтілімдерін алғаны туралы хабарламалар, тіркелетін пошта жөнелтілімдері туралы хабарламалар пошта операторының өндірістік объектілерінде беріледі немесе заңды тұлғаның абоненттік пошта жәшігіне пошташы жеткізеді. Тіркелетін пошта жөнелтілімдерін жеткізу тәртібі пошта операторы мен заңды тұлға арасында жасалған шартпен айқындалады.

      97. Тіркелетін пошта жөнелтілімдерін алушы - заңды тұлғалар өзі уәкілетті еткен тұлғаның атына пошта жөнелтілімдерін алу құқығына сенімхат ресімдейді. Сенімхат уәкілетті тұлғаның өзінде қалады және оны тіркелетін пошта жөнелтілімін әрбір алу кезінде көрсететін болады, ал сенімхаттың көшірмесі пошта операторының өндірістік объектісінде қалады.

      Тіркелетін жөнелтілімдерді заңды тұлғамен жасасқан пошта операторының шарты бойынша жеткізгенде жөнелтілімдерді оның уәкілетті тұлғасына сенімхатпен беру тәртібі осы шарт талаптарымен айқындалады.

      98. Заңды тұлғаларға тиесілі ғимараттарда, үй-жайларда (жатақханаларда, интернаттарда, балалар үйінде, қонақ үйлерде, сауықтыру және емдеу мекемелерінде және басқалар) тұратын жеке тұлғаларға тіркелмейтін пошта жөнелтілімдері, пошта жөнелтілімін алғаны туралы хабарламалар, тіркелетін пошта жөнелтілімдері және пошталық ақша аударымдары туралы хабарламалар осы Қағидалардың 96-тармағында көрсетілген тәртіппен жеткізіледі.

      99. Тіркелмейтін пошта жөнелтілімдерін, пошта жөнелтілімдерін алғаны туралы хабарламаларды, тіркелетін пошта жөнелтілімдері және пошталық ақша аударымы туралы хабарламаларды елді мекендерден тыс жерлердегі адресаттарға:

      отар жайылымындағы малшыларға, фермалар, өндірістік учаскелерде және бригадаларда жүрген ауыл шаруашылығы ұйымдарының жұмыскерлеріне;

      айдындағы балықшыларға;

      орман учаскелеріндегі, геологиялық партиялардағы (экспедициядағы) жұмыскерлерге;

      теміржол айырығындағы жұмыскерлерге;

      қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазалау мерзімін өтеп жатқан адамдарға;

      елді мекендерден тыс жерлердегі өзге де адресаттарға осы адресаттар жұмыс істейтін заңды тұлғаға дейін жеткізуді пошта операторы жүзеге асырады.

      100. Елді мекендердің аумағына жатпайтын саяжай учаскелеріне жолданатын пошта жөнелтілімдерін пошта операторы пошта байланысының жақын маңдағы өндірістік объектісіне дейін жібереді. Мұндай пошта жөнелтілімдері адресаттарға пошта операторының өндірістік объектілерінде беріледі.

      101. Жеке құрамға, әскери бөлімшелерге жолданған пошта жөнелтілімдері, оның ішінде жеделдетілген және курьерлік пошта байланысының жөнелтілімдері адресаттың өзіне де, әскери пошташыға немесе бөлімшелердің, мекемелердің уәкілетті тұлғаларына да беріледі, ал қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріндегі адамдарға жолданғандар көрсетілген мекемелердің уәкілетті тұлғаларына ғана беріледі.

      102. Пошта операторының өндірістік объектілерінде:

      1) құндылығы жарияланған хаттар мен бандерольдер;

      2) үстеме төлемді пошта жөнелтілімдері;

      3) сәлемдемелер;

      4) пошталық ақша аударымдары;

      5) әскери бөлімшелер мен қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі адамдарға жолданған пошта жөнелтілімдері мен пошталық ақша аударымдары;

      6) салмағына қарамастан ұсақ пакеттер;

      7) электронды тасымалдағыштағы немесе ашық түрде қағаз тасымалдағышта басып шығарылған электрондық пошта хабарлары;

      8) ашық түрдегі факсимильді байланыс жөнелтілімдері;

      9) ақаулы пошта жөнелтілімдері;

      10) "М" қаптары;

      11) бастапқы жеткізу кезінде алушының болмауы себебінен табыс етілмеген, сондай-ақ салмағы 500 грамм астам тапсырысты пошта жөнелтілімдері беріледі.

      Халықаралық пошта жөнелтілімдерін пошта операторы осы халықаралық пошта жөнелтілімдерінде жіберілетін және кеден одағынан рұқсат алынған тауарларға қатысты кедендік төлемдер мен салық төленген жағдайда алушыларына беріледі.

      Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 318 шешімімен бекітілген, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасында және Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағында карантиндік фитосанитариялық бақылануы (қадағалануы) тиіс, Карантинге жатқызылған өнімнің (карантинге жатқызылған жүктердің, карантинге жатқызылған материалдардың, карантинге жатқызылған тауарлардың) тізбесіне енгізілген карантинге жатқызылған өнімді қамтитын халықаралық пошта жөнелтілімдерін беру өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік инспекторлары тексеріп қарағаннан кейін жүзеге асырылады.

      Пошта операторы тіркелмейтін пошта жөнелтілімдерін (оның ішінде үстеме төлемді) беруді пошта операторының қызметтерін пайдаланушының нұсқауы бойынша поштаматтар желісі арқылы жүзеге асырады.

      103. Тіркелетін пошта жөнелтілімдері, пошталық ақша аударымдары адресатқа, оның заңды өкіліне және сенім білдірген адамына, адресаттың немесе оның өкілінің жеке басын куәландыратын мына құжаттардың бірін көрсеткенде ғана беріледі:

      1) Қазақстан Республикасы азаматының паспортын;

      2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін;

      3) шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат;

      4) азаматтығы жоқ адамның куәлігі;

      5) шетелдік паспорт;

      6) туу туралы куәлік.

      Сенім білдірілген адам тиісті өкілеттіктерді растау үшін пошта операторына сенімхаттың түпнұсқасын қосымша көрсетеді.

      Пошта операторының қызметтерін пайдаланушы пошта жөнелтілімін алу кезінде ұсынған құжаттың деректерін, тіркелген немесе нақты тұрып жатқан жердің мекенжайын көрсетеді.

      Пошталық ақша аударымдары Бланк толтырыла отырып беріледі.

      104. Тіркелетін пошта жөнелтілімін алған кезде пошта операторының қызметтерін пайдаланушы осы Қағидалардың 31-тармағының алтыншы бөлімімен көзделген жағдайларды қоспағанда, жөнелтілімді алғаны туралы қолхат береді.

      Тіркелмейтін пошта жөнелтілімі пошта жөнелтілімінде көрсетілген тікелей адресатқа (алушыға) беріледі не табыс етіледі. Пайдаланушылардан алған, пошта жөнелтілімдерін алуға арналған нотариалды куәландырылған сенімхатты көрсетуді қоспағанда, пошта жөнелтілімінде көрсетілмеген адамға тіркелетін пошта жөнелтілімін беруге не табыс етуге жол берілмейді.

      105. Жеке тұлғаның - адресаттың нұсқауы бойынша және пошта операторының мүмкіндігі болса, осы Қағидалардың 4), 9) және 10) тармақшасынан басқа, 102-тармағында аталған пошта жөнелтілімдері қосымша ақыға пошта жөнелтілімінде көрсетілген тұратын жері бойынша жеткізіліп беріледі.

      106. Тіркелетін пошта жөнелтілімдері:

      1) адресаттың өзіне;

      2) пошта жөнелтілімдерін, жеделдетілген және курьерлік пошта жөнелтілімдерін алуға Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес ресімделген адресаттың нотариалды куәландырылған сенімхатын және оған теңелген сенімхатты ұсынушыға осы Қағидалардың 103-тармағында көрсетілген құжаттардың бірін сенім білдірілген тұлға көрсеткенде;

      3) кәмелетке толмаған он алты жасқа дейінгі жасөспірімдердің ата-аналарына (асыраушыларына, қамқоршыларына) сенімхатсыз, осы Қағидалардың 103-тармағында аталған құжаттардың бірін және адресатқа жақын екенін растайтын құжаттарды көрсеткенде;

      4) қабілеті жоқ тұлғалардың ата-аналарына (асыраушыларына, қамқоршыларына) сенімхатсыз, адресатқа жақын екенін растайтын осы Қағидалардың 103-тармағында аталған құжаттардың бірін көрсеткенде;

      5) мектеп, интернаттардың, балалар үйлерінің және басқа осындай мекеме - заңды тұлғалар өкілдеріне, соңынан он алты жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарға беру үшін - сенімхаттар бойынша, сондай-ақ осы Қағидалардың 99-тармағында көрсетілген басқа да жеке тұлғаларға қол қойғызып табыс етіледі.

      107. "Өз қолына табыс етілсін" деген белгісі бар тапсырысты хаттар және тапсырысты пошта карточкалары, құндылығы жарияланған хаттар адресаттың өзіне, оның заңды өкіліне немесе сенім білдірген тұлғасына хабарлама бланкісіне қол қойғызып табыс етіледі.

      108. Осы Қағидалардың 99-тармағында көрсетілген адресаттарға жеткізілетін пошта жөнелтілімдерін, тіркелетін пошта жөнелтілімдері мен пошта жөнелтілімдерін алғаны туралы хабарламаларды табыс етуді қарамағында адресаттар жұмыс істейтін заңды тұлғалар жүзеге асырады.

      109. Тіркелетін пошта жөнелтілімін алудан бас тартқан жағдайда, адресат пошта жөнелтілімінде немесе хабарламаға қол қойып тиісті белгі жасайды. Егер адресат тіркелетін пошта жөнелтілімін алудан бас тартса және қолын қойып тиісті белгі жасамаса, пошта операторының жұмыскері пошта жөнелтілімінде және хабарламада "Адресат пошта жөнелтілімінен және қол қоюдан бас тартты" деп белгі жасайды.

      110. Салынымдарының тізімдемесі бар пошта жөнелтілімдері мен ақаулы тіркелетін пошта жөнелтілімдерін пошта операторының жұмыскері адресатқа тапсыру кезінде ашады.

      Салыным тізімдемесіне сәйкес келмеген немесе бұзылған жағдайда, пошта операторының өндірістік объектісінің басшысы, жұмыскері мен адресат қол қоятын акті жасалады. Актінің бір данасы ақаулы пошта жөнелтілімінің салымымен бірге адресатқа тапсырылады.

      Адресат актіге қол қоюдан бас тартқан жағдайда, пошта операторының жұмыскері "Адресат қол қоюдан бас тартты" деген белгі жасайды. Акт қызметтік тексеру және (немесе) өтемақыны төлеуге негіздеме болады. Пошта жөнелтілімінің буып-түю материалы (тысы) заттай дәлел ретінде пошта операторының өндірістік объектісінде қалады.

      Пошта жөнелтілімін ашудан бас тартқан жағдайда, адресат хабарламаға тиісті белгі жасайды, бұл келешекте адресаттың шағымын, наразылығын қанағаттандырудан бас тартуға негіздеме болып табылады.

      111. Адресаттың талап етуі бойынша түзу орауыштағы үстеме төлемді пошта жөнелтілімі оның үстеме төлем сомасы төлегеннен кейін ғана ашылуы мүмкін. Үстеме төлем сомасы төленгенге дейін адресат жөнелтушінің мекенжай деректері туралы ақпаратты пошта операторынан алады.

      Осы Қағидалармен айқындалған тәртіпте адресатқа берілген кезде түзу күйдегі үстеме төлемді пошта жөнелтілімі кері қабылданбайды және пошта операторына жіберілген заттардың түрі, өлшемі, ассортименттері бойынша шағымдар, наразылықтар қабылданбайды.

      112. Ақаулы пошта жөнелтілімдерін, оның ішінде үстеме төлемді ақаулы пошта жөнелтілімдерін адресаттың көзінше пошта операторының жұмыскері ашады. Үстеме төлемді ақаулы пошта жөнелтілімі ашылғанға дейін үстеме төлем сомасы төленбейді.

      Салыным тізімдемесіне сәйкес келген, салынымы бұзылмаған не зақымдалмаған жағдайда, акт жасалынбайды және адресат үстеме төлем сомасын төлейді.

      Салынымы кем шыққан, ауыстырылған, толықтай не ішінара бүлінген жағдайда акті жасалады, оның бір данасы адресатқа беріледі. Актінің екінші данасы бар пошта жөнелтілімі жөнелтушіге жіберген жеріне пошта операторының бөлімшесінде қызметтік тексеру жүргізу үшін қайтарылады.

      Үстеме төлемді ақаулы халықаралық пошта жөнелтілімдері ДПО Актілеріне және (немесе) ДПО мүше-елдердің пошта операторлары арасындағы халықаралық келісімдерге сәйкес табыс етіледі.

6-тарау. Халықаралық пошта жөнелтілімдерін қабылдау, өңдеу және
табыс ету тәртібі

      113. Тағайындалған оператор және пошта операторы халықаралық пошта жөнелтілімін қабылдау, өңдеу, тасымалдау және (немесе) беру, жеткізу және (немесе) табыс ету бойынша операцияларды ДПО актілеріне сәйкес жүзеге асырады.

      Халықаралық пошта жөнелтілімдерін қабылдау кезінде ішкі пошта жөнелтілімдерін салуға тыйым салулардан басқа, оларға қосымша ДПО ақпараты (циркуляры) негізінде жіберілетін елде қолданыстағы тыйым салулар туралы мәліметтерді басшылыққа алу қажет.

      114. Тағайындалған оператор және пошта операторы халықаралық пошта жөнелтілімдері ДПО Актілерінде көзделген ілеспе құжаттармен бірге жіберілуін қамтамасыз етеді.

      Мұндай жөнелтілімдерді ресімдеу осы Қағидаларда және ДПО Актілерінде айқындалған талаптарға сәйкес жүргізіледі.

      115. Халықаралық пошта жөнелтілімдерін халықаралық пошта алмасу орындарында 2017 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде және Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінде көзделген жағдайларда мемлекеттік кірістер органдары тексеріп қарайды.

      Ескерту. 115-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 05.05.2020 № 174/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      116. Мемлекеттік кірістер органдары халықаралық жазбаша хат-хабарды, сондай-ақ кедендік бақылауға жатпайтын, кедендік рәсімдер жүргізілмейтін, оларға қатысты кедендік операциялар жасалмайтын, Еуразиялық кедендік одақ елдері аумағы шегінде жіберілетін пошта жөнелтілімдерінің барлық түрін тексеріп қарамайды.

      117. Жеке және заңды тұлғалардан ашық түрде мыналар қабылданады:

      1) кедендік декларацияларды немесе жапсырма толтырылған ұсақ пакеттер;

      2) құндылығы жарияланған хаттар, салынымдардың сипаттамасы туралы жіберушіден сұралған, ілеспе бланкі мен кедендік декларациялары толтырылған сәлемдемелер.

      Заңды тұлғалардан өздерінің мөрлерімен мөрленген немесе пломбаланған сәлемдемелер ілеспе бланкілер мен кедендік декларацияларды қоса бере отырып, пошта операторы айқындаған нысандағы тізім бойынша жабық түрде қабылданады.

      118. "Өз қолына табыс етілсін" белгісі бар халықаралық пошта жөнелтілімдері қызметтің осындай түрін көрсететін елдерге қабылданады. Үстеме төлемді халықаралық пошта жөнелтілімдері тиісті келісімдер (шарттар) жасалған елдерге қабылданады.

      119. Хабарламасы бар тіркелетін халықаралық пошта жөнелтілімдерін жібергенде жөнелтуші адресаттың пошта жөнелтілімін алғаны туралы хабарламасын алады. Хабарламаның ақысы пошта жөнелтілімін бергенде төленеді. Халықаралық пошта жөнелтілімдерін алғаны туралы хабарлама тіркелмейтін пошта жөнелтілімі болып табылады.

7-тарау. Пошта жөнелтілімдерін алу, өңдеу және тексеру тәртібі,
сондай-ақ пошта жөнелтілімдерін сақтау мерзімдері

      120. Пошта операторының өндірістік объектісіне келіп түскен пошта жөнелтілімдері олардың сыртқы тысының жай-күйі, сондай-ақ олардың буып-түйілуі және жіберу дұрыстығына тексеріп қаралады.

      Сыртқы тысының ақаулығы, мөрлердің, пломбалардың, байлауларының, ілгекті-пломбалау құрылғыларының бұзушылығы, массасының сәйкес еместігі және өзге бұзушылықтар анықталған жағдайда, нысаны пошта операторының ішкі құжаттармен белгіленетін акт жасалады және ол ақаулы пошта жөнелтілімі алынған өндірістік объекті басшысының атына жолданады.

      121. Келіп түскен акті бойынша пошта операторының өндірістік объектісінде тексеру жүргізіледі. Тексеру қорытындысы және қабылданған шаралар туралы актіні жасаған (жолдаған) өндірістік объектіге хабарланады.

      122. Пошта операторлары мен пошта жөнелтілімдерін тасымалдауды жүзеге асыратын көлік ұйымдары (тасымалдаушылар) арасында алмасу және актілерді қарау мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау тәртібі пошта операторы мен көлік ұйымы (тасымалдаушы) арасында жасалған шарттармен анықталады.

      123. Ішкі және халықаралық пошта жөнелтілімдері, межелі жердегі пошталық ақша аударымдары, сондай-ақ қабылдау орнына қайтарылған немесе жөнелтуші көрсеткен мекенжай бойынша жіберілген жөнелтілімдер табыс ету мүмкін болмаған жағдайда отыз күнтізбелік күн, жеделдетілген және курьерлік пошта байланысының жөнелтілімдері - жеті күнтізбелік күн сақталады, бұл мерзім шартта өзгеше айтылмаса, жөнелтушіге нұсқаулықтар немесе қосымша ақпарат үшін өтініш білдіру қажет болған жағдайда он төрт күнтізбелік күнге ұзартылуы мүмкін.

      "Соттың шақыру қағазы. Тапсырысты хабарламамен", "Шақыру қағаз. Тапсырысты хабарламамен" белгісі бар тапсырысты хаттардың сақталу ұзақтығы пошта операторының өндірістік объектісіне келіп түскен күннен бастап жеті күнтізбелік күн.

      124. Тіркелетін пошта жөнелтілімдері (тапсырысты хаттардан, бандерольдер мен пошта карточкаларынан басқа) сақталғаны үшін адресаттан пошта операторы белгілеген тарифтер бойынша ақы алынады.

      Пошта операторының қызметтерін пайдаланушының өтініші негізінде пошта операторы жеделдетілген және курьерлік пошта байланысы жөнелтілімдерінен басқа, пошталық ақша аударымының, пошта жөнелтілімінің сақталу мерзімін сақталғаны үшін ақы өндіріп, қосымша отыз күнтізбелік күнге ұзартады. Ұзарту жағдайында сақтаудың жалпы мерзімі алпыс күнтізбелік күннен аспайды.

      "Талап етілгенге дейін" деп жолданған тіркелмейтін хаттардың сақталғаны үшін төлемақы алынбайды.

      "Талап етілгенге дейін" деп жолданған тіркелетін пошта жөнелтілімдерінің сақталғаны үшін төлем адресаттан өндіріп алынады, ал қайтарып берген жағдайда - пошта операторлары бекіткен тарифтерге сәйкес жөнелтушіден алынады.

8-тарау. Пошта жөнелтілімдерін қайта жіберу және қайтару тәртібі

      125. Табыс етілмеген пошта жөнелтілімдері мынадай жағдайларда жөнелтілімдерде көрсетілген кері мекенжайлары бойынша қайтарылады:

      1) жөнелтушінің өтініші бойынша;

      2) адресат пошта жөнелтілімін, пошталық ақша аударымын алудан бас тартқан жағдайда;

      3) сақтау мерзімі өткеннен соң;

      4) адресат болмаған немесе қайтыс болған жағдайда;

      5) пайдаланушының мекенжайын оқу мүмкін болмаған жағдайда (жуылып кеткен, жыртылған және т.б), адресаты, мекенжайы болмағанда немесе толық көрсетілмегенде;

      6) абонементтік жәшікті абономенттеуші адресат болмағанда немесе дұрыс көрсетілмеген жағдайда;

      7) пошта операторы өз міндеттемесін орындау мүмкін болмайтын өзге де жағдайларда.

      126. Мекенжайының өзгергені туралы, пошта жөнелтілімін немесе пошталық ақша аударымын қайта жіберу немесе қайтару туралы өтініш берген кезде, пошта операторының қызметтерін пайдаланушы жіберілгені туралы түбіртекті, осы Қағидалардың 104-тармағында көрсетілген құжаттардың бірін, ал тізім бойынша қабылданған пошта жөнелтілімдеріне - осы тізімді көрсетеді. Бұл ретте, өтініште ұсынылған құжат туралы мәлімет көрсетіледі.

      Пошта операторы адресаттың өтініші бойынша пошта жөнелтілімі межелі жерге келіп түскен немесе адресат өзінің атына пошта жөнелтілімі келіп түскені туралы ақпаратты (қағаз тасымалдағыштағы немесе электронды нысандағы) көрсеткен жағдайда пошта жөнелтілімін қайта бағыттауды (қайта жіберуді) жүзеге асырады.

      127. Тіркелетін пошта жөнелтілімдерін қайтару және жаңа мекенжай бойынша жіберу (қайта жіберу) үшін жөнелтушіден немесе адресаттан қайтару немесе қайта жіберу сәтінде қолданыстағы бекітілген тарифтер бойынша ақы өндіріліп алынады, жөнелтушінің өтінішінде арнайы көрсетілген жағдайда адресаттан қайта жіберу үшін төлемақы алынуы мүмкін.

      Алушының мекенжайын оқу мүмкін болмау (жуылып кеткен, жыртылған) себебінен пошта жөнелтілімдерін қайтару үшін ақы алынбайды.

      128. Төленбеген пошталық ақша аударымдары заңды тұлғаларға есеп айырысу шотына ақша аудару арқылы қайтарылады, жеке тұлғаларға - жөнелтушіге қолма-қол немесе есеп шотына аудару арқылы (өтініш бойынша) төленеді, осы аударымдар үшін төленген ақы қайтарылмайды.

      129. Пошта жөнелтілімі таратылмағандар қатарына мынадай жағдайларда беріледі:

      1) адресат пен жөнелтушінің қажетті мекенжай деректерінің болмауы (немесе сәйкес келмеуі);

      2) адресат пен жөнелтушінің пошта жөнелтілімін алудан бас тартуы;

      3) осы Қағидалардың 124-тармағында белгіленген сақтау мерзімі өткен соң және қайтарылған пошта жөнелтілімін алуға пошта операторының қызметтерін пайдаланушы келмеуі.

      130. Пошта жәшіктерінен алынған мекенжайсыз немесе мекенжайы толық емес, түсініксіз, мекенжайы қысқартылған тіркелмейтін хаттар, пошта карточкалары және бандерольдер, мекенжайы жоқ (бүлінген) межелі жерге жіберуге немесе жөнелтушіге қайтаруға болмайтын пошта жөнелтілімдері, сондай-ақ алудан бас тарту себебінен адресаттарға табыс етілмеген қосымша төленетін пошта жөнелтілімдері таратылмағандар ретінде уақытша сақтауға тапсырылады.

      Пошта жәшіктерінен хат-хабармен бірге алынған құжаттар (жеке куәліктер, паспорттар, әскери билеттер және басқалар) тиісті мекемелер мен ұйымдарға беріледі.

      Бір жыл бойы талап етілмеген пошталық аударымдар пошта операторында сақталады және өтініштері негізінде адресатқа немесе жөнелтушіге мерзімінде төлемеу себептері зерделенгеннен кейін төленеді. Бір жылдан кейін талап етілмеген жағдайда пошта аударымының сомасы пошта операторының бюджетіне аударылады, олар бойынша өндірістік құжаттама ағымдағы архивте үш жыл бойы сақталады. Жөнелтуші немесе адресат бір жыл өткен соң талап етілмеген пошта аударымын алуға келген жағдайда, пошта операторы пошта аударымының жөнелтушісін немесе адресатын сәйкестендіруді жүргізгеннен кейін аударымды беру немесе бермеу туралы шешім қабылдайды.

      131. Таратылмаған пошта жөнелтілімдері уақытша сақтауға келіп түсуіне қарай, бірақ тоқсанына бір рет, пошта операторының қызметтерін пайдаланушылар мекенжайын немесе оларды адресатқа жеткізуге (табыс етуі) немесе жөнелтушіге қайтаруға қажетті өзге де мәліметтер алу мақсатында ашып қаралуы тиіс.

      Егер алдын ала зерделеу нәтижесінде таратылмаған пошта жөнелтілімдері адам өміріне және денсаулығына қауіп төндіретін заттардан немесе нәрселерден тұратындығы анықталатын болса, онда пошта жөнелтілімдері бөлініп алынады және оны ашпастан құзыретті органдар жояды. Мұндай пошта жөнелтілімдерін жою қажетті қауіпсіздік шаралары сақталып жүргізіледі.

      Таратылмаған пошта жөнелтілімдерін ашу, алып тастау немесе аспай жою фактісі бойынша пошта операторының өндірістік объектісінің басшысы (оның орынбасары) және жұмыскері, ал қажет болған жағдайда, жергілікті атқарушы билік органдарының өкілі, ішкі істер органының өкілі де қол қоятын акті жасалады.

      Егер тіркелетін пошта жөнелтілімін ашу кезінде таратылмағандар ішінен пошта операторының қызметтерін пайдаланушылардың мекенжайы анықталған болса, онда ол актінің бір данасымен бірге қапқа салынып, адресатқа қайта жіберіледі немесе жөнелтушіге қайтарылады, осындай тәртіппен табылған ақшалай сома (жіберу үшін ақысы шегеріліп) қайта жіберіледі.

      Анықталған мекенжай бойынша пошта жөнелтілімін қайтару немесе жіберу үшін пошта операторының қызметтерін пайдаланушыдан ақы өндіріп алынады, оның мөлшері қайтарылған (жіберілген) күні қолданыстағы тарифтер бойынша анықталады.

      132. Табыс етілмеген халықаралық сәлемдемелер сақтау мерзімі өткеннен соң халықаралық пошта жөнелтілімдерін өңдеу үшін белгіленген, олар алынған өндірістік объектілерге (халықаралық пошта алмасу орындарына) осы Қағидалардың 131-тармағына сәйкес әрі қарай өңдеу үшін қайтарылады.

9-тарау. Операциялық күнді өткізу тәртібі

      133. Операциялық күнді өткізу пошта операторының өндірістік объектілерінде орналастырылатын операциялық терезе арқылы жүзеге асырылады.

      134. Пошта операторының қызметтерін пайдаланушыларға пошта операторы белгілеген барлық жұмыс уақыты ішінде қызмет көрсетіледі. Пошта операторы жұмыскерлерінің операцияларды жүргізу тәртібі пошта операторының құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады. Операциялық күнді өткізу кезіндегі үзіліс белгіленген жұмыс режиміне сәйкес, сондай-ақ пошта операторының өндірістік объектісінде техникалық ақаулар, іркілу немесе жоспарлы, жоспардан тыс техникалық қызмет көрсету жағдайында жүзеге асырылады.

      135. Операциялық күннің аяқталуы өндірістік объектінің жұмыс уақытының белгіленген режимі негізінде белгіленген уақытта жүзеге асырылады.

      136. Пошта байланысы қызметтерін көрсетуге байланысты өндірістік құжаттаманы және пошта операторының қызметтерін пайдаланушылардың дербес деректері туралы ақпаратты (қағаз немесе электрондық түрдегі) пошта операторы пошта байланысының қызметтері көрсетілген күннен бастап үш жыл бойы сақтауы тиіс.

      137. Операциялық күнді өткізу, сондай-ақ пошта операторының жұмыскерлері жұмыс орындарында операциялар жүргізу тәртібін белгілейтін пошта операторының құжаттарын пошта операторының тиісті атқарушы (жеке-дара, алқалық) органы бекіту тиіс.

10-тарау. Пошта жөнелтілімдерін кідірту, қарау және алу
тәртібі, сондай-ақ пошта желілері арқылы жіберуге тыйым
салынған және шектеу қойылған заттар мен нәрселердің тізбесі
1-параграф. Пошта жөнелтілімдерін кідірту, қарау және алу тәртібі

      138. Пошта жөнелтілімдерін кідірту (тыйым салу) қажетті жағдайларда Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 4 шілдедегі Қылмыстық-процестік кодексінің 246-бабына сәйкес тергеушінің прокурор санкциясы алынған қаулысы арқылы жүзеге асырылады. Қаулы пошта операторының өндірістік объектісінің басшысына жолданады.

      Пошта жөнелтілімдерін ашу олар анықталған жерде уәкілетті органдар өкілдерінің және пошта операторы жұмыскерлерінің қатысуымен жүзеге асырылады.

      139. Пошта операторы ішкі пошта жөнелтілімдерін оларда жіберуге тыйым салынған салынымдардың бары туралы негіздемелі болжам (органолептикалық көрсеткіштермен) пайда болған жағдайда, оны тапқан жерде, сондай-ақ техникалық құралдар мен жабдықты қолданғаннан кейін кідірту бойынша шаралар қабылдайды. Мұндай пошта жөнелтілімдерін уақытша сақтау қоғамдық қауіпсіздікті, сақталуын және есепке алынуын қамтамасыз ете отырып, пошта операторының өндірістік объектісінде жүзеге асырылады, онда бөгде адамдардың кіруіне тыйым салынады.

      140. Пошта желілері арқылы жіберуге тыйым салынған заттардың пошта жөнелтілімдерінде анықталу және осындай пошта жөнелтілімдерінің кідіртілу фактісі туралы пошта операторы құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдарды тез арада хабардар етеді.

      Көрсетілген органдардың қызметкерлері пошта операторының өндірістік объектісі басшысының қатысуымен үш данада тиісті акті жасай отырып, тыйым салынған заттар мен нәрселерді алады, актінің бір данасы жөнелтушіге жіберіледі, екінші данасы алуды жүзеге асырған органға беріледі және үшінші данасы пошта операторының өндірістік құжаттарына қоса тіркеледі.

      141. Пошта жөнелтілімдерінде табылған улы жәндіктер мен өсімдіктер түріне қарай "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 1-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына және "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 1-бабы 21) тармақшасына сәйкес айқындалған уәкілетті мемлекеттік органдарға беріледі.

      142. Пошта жөнелтілімдерінде табылған Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы жөнелтушісіне қайтарылады немесе адресатқа пошталық ақша аударымы түрінде қайта жіберіледі, бұл ретте табылған сомадан пошталық ақша аударымы үшін белгіленген тариф мөлшерінде сома өндіріп алынады.

      Пошта жөнелтілімдерінен алынған шетел валютасы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына конвертация жасалатын күнгі нарықтық бағам бойынша конверттеледі және пошталық ақша аударымы үшін белгіленген тариф мөлшерінде сома шегеріліп, жөнелтушіге немесе адресатқа пошталық ақша аударымымен жіберіледі.

      143. Пошта желілері арқылы жіберуге тыйым салынған заттардың алынғаны туралы пошта операторы он күнтізбелік күн мерзімінде пошта жөнелтілімін жөнелтушіге, егер аталған заттарды табу фактісі бойынша құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдар өзге шешім қабылдамаса, жазбаша түрде хабарлайды.

      Халықаралық пошта жөнелтілімдерінде пошта желілері арқылы жіберуге тыйым салынған заттардың табылу фактісі туралы пошта операторы Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарын тез арада хабардар етеді.

2-параграф. Ішкі пошта жөнелтілімдерінде жіберуге тыйым
салынған заттар мен нәрселер

      144. Ішкі пошта жөнелтілімдерінде мына заттар мен нәрселерді жіберуге жол берілмейді:

      1) әскери қолға ұстайтын атыс қаруы, азаматтық және қызметтік қару, оқ-дәрілер, олардың қосалқы және жинақтаушы бөлшектері, спорттық садақтар мен арбалеттер, жарық, түтін және дыбыс дабылдарын беруге арналған қару, электрлік қару, электр соққыш құрылғылар мен ұшқынды разрядниктер, қылыш жүзді суық қару, кистендер, кастеттер, сурикендер, бумерангтер және спорттық снарядтарды қоспағанда, ұрып соғуға, лақтыруға, сұғып кесуге бейімделген басқа да заттар, қос мақсатта қолданатын арнайы техникалық құралдар және олардың жинақтаушы бөлшектері;

      2) есірткі заттары, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың баламалары;

      3) ядролық материалдар, радиоактивтік, күшті әсер ететін, күйдіргіш, жарылғыш және тез тұтанатын заттар, қопару құралдары, пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдар және басқа да қауіпті заттар;

      4) улар, улы жәндіктер, улы заттар, улы өсімдіктер мен улы өсімдіктің тұқымдары;

      5) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасы және шетел валютасы;

      6) Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымын күшпен өзгерту, тұтастығына қол сұғу, мемлекет қауіпсіздігін бұзу, соғыс, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, таптық және рулық артықшылық, қаталдық, зорлық және порнография насихатталатын немесе үгіттелетін баспа басылымдары, бейнелеу материалдары, кино-, фото-, аудио- және бейнематериалдар;

      7) тез бұзылатын тамақ өнімдері;

      8) өзінің сипаты немесе буып-түйілуі жағынан пошта қызметкерлеріне қауіп төндіретін, басқа пошта жөнелтілімдерін және пошта жабдығын былғайтын немесе бүлдіретін заттар.

      145. Ерекшелік ретінде мыналарды жіберуге қабылдауға рұқсат етіледі:

      1) құндылығы жарияланған хаттар мен сәлемдемелерде - Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі және кассалық операцияларын "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес жүзеге асыратын заңды тұлғалар жіберетін банкноттар, монеталар және құндылықтар;

      2) басқа да барлық жөнелтуші - салынымы бар құндылығы жарияланған хаттарда Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 наурыздағы № 253 қаулысымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелімінде № 7926 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстан алынатын және алынған банкноттары мен монеталарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тозған және бүлінген банкноттары мен монеталарын айырбастау қағидаларына сәйкес жіберілетін тозған банкноттар мен ақаулы (бүлінген) монеталарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының күмәнді банкноттары мен монеталарын жібереді. Сәлемдемелерде нумизматикалық мақсатта жолданатын банкноттар мен монеталар да, сондай-ақ олардың коллекциялары да жіберіледі.

      146. Құндылығы жарияланған ішкі бандерольдерде, хаттарда және сәлемдемелерде конвертпен немесе конвертсіз хаттарды, жөнелтуші мен адресат болып табылмайтын басқа да тұлғалар арасында алмасу жасалатын өзге де құжаттар мен хат-хабарларды жіберуге жол берілмейді. Сәлемдемелерде мерзімді баспа басылымдарын жіберуге жол берілмейді.

      Ішкі пошта жөнелтілімдерінің барлық түрінде Қазақстан Республикасының басқа пошта операторы қабылдаған және жіберуге ресімдеген пошта жөнелтілімдерінің кез келген түрін салуға жол берілмейді.

3-параграф. Халықаралық пошта жөнелтілімдерінде жіберуге тыйым
салынған заттар мен нәрселер

      147. Халықаралық пошта жөнелтілімдерінде мына заттар мен нәрселерді жіберуге жол берілмейді:

      1) әскери қолға ұстайтын атыс қаруы, азаматтық және қызметтік қару, оқ-дәрілер, олардың қосалқы және жинақтаушы бөлшектері, спорттық садақтар мен арбалеттер, жарық, түтін және дыбыс дабылдарын беруге арналған қару, электрлік қару, электр соққыш құрылғылар мен ұшқынды разрядниктер, қылыш жүзді суық қару, кистендер, кастеттер, сурикендер, бумерангтер және спорттық снарядтарды қоспағанда, ұрып соғуға, лақтыруға, сұғып кесуге бейімделген басқа да заттар, қос мақсатта қолданылатын арнайы техникалық құралдар, олардың жинақтаушы бөлшектері;

      2) есірткі заттары, психотроптық заттар мен прекурсорлар;

      3) ядролық материалдар, радиоактивтік, күшті әсер ететін, күйдіргіш, жарылғыш, тез тұтанатын заттар, қопару, пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдар және басқа да қауіпті заттар;

      4) улар, улы жәндіктер, улы заттар, улы өсімдіктер мен улы өсімдіктердің тұқымдары;

      5) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының және шетел валютасының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құндылығын жарияланған хаттар мен жөнелтілімдер де, сондай-ақ нумизматикалық мақсатта жіберілетін ақша белгілерін қоспағана Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының және шетел валютасының ақша белгілері (банкноттар мен монеталар);

      6) маралдардың, ақбөкендердің, теңбіл бұғылардың мүйіздері мен тұяқтары, сондай-ақ теңбіл бұғының терісі (Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығарған кезде), Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген аңдар мен өсімдіктер дериваттары;

      7) Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымын күшпен өзгерту, тұтастығына қол сұғу, мемлекет қауіпсіздігін бұзу, соғыс, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, таптық және рулық артықшылық, қаталдық, зорлық және порнография насихатталатын немесе үгіттелетін баспа басылымдары, бейнелеу материалдары, кино-, фото-, аудио- және бейнематериалдар;

      8) бал арасы, сүліктер мен жібек құрттарынан, осы жәндіктерді зерттеуге арналған және ресми танылған мекемелер арасында алмасу жасалатын паразиттер мен зиянды жәндіктерді жойғыштардан басқа, тірі аңдар;

      9) өзінің сипаты немесе буып-түйілуі жағынан пошта жұмыскерлеріне қауіп төндіретін, басқа пошта жөнелтілімдерін және пошта жабдығын былғайтын немесе бүлдіретін заттар;

      10) тез бұзылатын тамақ өнімдері;

      11) монеталар, банк билеттері, кредиттік билеттер немесе алушыға арналған қандай да бір құндылықтар, жол чектері, қымбат металдар мен тастар және солардан жасалған бұйымдар;

      12) жеткізілетін елге әкелуге немесе айналымға енгізуге тыйым салынған заттар мен нәрселерді жіберуге жол берілмейді.

      148. Жеке тұлғалардың жеке пайдалану үшін тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы келісімге сәйкес (Санкт-Петербург қ., 2010 жылғы 18 маусым) Еуразиялық экономикалық одақ елдері шегінде мына заттар мен нәрселерді жіберуге жол берілмейді:

      1) Еуразиялық экономикалық одақ аумағына (аумағынан) әкелуге, әкетуге, транзит жасауға тыйым салынған немесе шектеу қойылған қарудың кез келген түрлері және олардың оқ-дәрілері, сондай-ақ олардың құраушы бөлшектері;

      2) жарылғыш заттар, жарылғыш құрылғылар, жару құралдары;

      3) шартты түрдегі патогенді және патогенді организмдер, биологиялық материалдар, жұқпалы және паразитарлық аурулардың қоздырғыштары;

      4) тез бұзылатын тауарлар;

      5) алкогольді өнімдер мен этил спирті, сыра;

      6) темекі бұйымдарының кез келген түрлері және темекі қоспалары;

      7) зергерлік бұйымдарды қоспағанда, кез келген түрдегі және күйдегі асыл тастар мен табиғи алмастар;

      8) есірткі заттары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары, сондай-ақ тұқымдарын, ұрықтарын және спораларын қоса алғанда, кез келген түрдегі және күйдегі, есірткі заттарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын құрайтын өсімдіктер мен саңырауқұлақтар;

      9) озонды бұзатын заттар;

      10) қауіпті қалдықтар;

      11) есірткі заттары мен психотроптық заттардың прекурсорлары болып табылмайтын улы заттар.

      149. Құндылығы жарияланған халықаралық бандерольдерде, ұсақ пакеттерде, хаттарда және сәлемдемелерде конвертпен немесе конвертсіз хаттарды, жөнелтуші мен адресат болып табылмайтын басқа тұлғалар арасында алмасу жасалатын өзге де құжаттар мен хат-хабарларды жіберуге жол берілмейді. Сонымен қатар, ұсақ пакеттер мен сәлемдемелерде мерзімді баспа басылымдарын жіберуге жол берілмейді.

      Халықаралық пошта жөнелтілімдерінің барлық түрінде Қазақстан Республикасының басқа пошта операторы қабылдаған және жіберуге ресімдеген пошта жөнелтілімдерінің кез келген түрін салуға жол берілмейді.

4-параграф. Ішкі және халықаралық пошта жөнелтілімдерінде
жіберуге шектеу қойылған заттар

      150. Ішкі және халықаралық пошта жөнелтілімдерінде пошта желілері арқылы жіберуге белгілі бір шарттар болған жағдайда қабылданатын заттар мен нәрселер тізбесіне мыналар жатады:

      1) "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасы 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 32-бабының 2-тармағына сәйкес мәдени құндылықтар (Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығаратын кезде) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары беретін, мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына берілетін куәлік негізінде;

      2) өсімдіктер, өсімдік тектес өнімдер, сондай-ақ жануарлар, жануар тектес шикізаттар - ауыл шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның рұқсаты бойынша;

      3) радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылар (Қазақстан Республикасына кіргізетін кезде) - байланыс саласындағы уәкілетті органның рұқсаты бойынша;

      4) Қазақстан Республикасының аумағында тіркелмеген дәрі-дәрмектер (Қазақстан Республикасына кіргізетін кезде) - денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның рұқсаты бойынша;

      5) халықаралық пошталық қатынаспен жіберілетін, Қазақстан Республикасының аумағында қайтыс болғандардың мәйіті салынған урналар - мына құжатпен:

      өлімі туралы дәрігерлік куәлік және егер сойылған болса, медициналық ұйым берген хаттамадан үзінді көшірме, консулдық заңдастыру не арнайы мөртабан (апостиль) немесе азаматтық хал актілерді жазу органдары беретін өзге құжаттар болған жағдайда;

      6) мемлекеттік наградалар (ордендер, медальдар, белгілер, атаулы заттар) - Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы жіберуге құндылығы жарияланған халықаралық пошта жөнелтілімдерінде осындай наградаларды алып жүрген тұлғалардың меншік құқығын растайтын марапаттау туралы құжатты көрсеткенде ғана рұқсат етіледі;

      7) ақпарат жазбасымен жіберілетін электрондық ақпарат тасымалдағыштар (дискеттер, компакт-дискілер, қатты дискілер және флэш жинақтаушылар) - жабдық, құрылғы немесе олар пайдаланылып жазба жасалған операциялық жүйе типі туралы мәліметтер болған кезде. Тасымалдағышта ақпарат болмаған жағдайда да, зауыттық паспорты қоса беріледі немесе ақаулылығы жоқтығы туралы белгілер жасалады.

      151. Жеке тұлғалардың жеке пайдалану үшін тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы келісімге сәйкес (Санкт-Петербург қ., 2010 жылғы 18 маусым) Еуразиялық экономикалық одақ елдері шегінде мына салынымдарды жіберуге шектеу қойылады:

      1) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге шектеу қойылған, шифрлайтын (криптографиялық) құралдар;

      2) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге шектеу қойылған азаматтық мақсаттағы радиоэлектронды құралдар және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылар, оның ішінде басқа тауарларға кіріктірілгендер немесе құрамына кіретіндер;

      3) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы әкету кезінде өткізуге шектеу қойылған минералогия және палеонтология бойынша коллекциялар мен коллекциялау заттары;

      4) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізуге шектеу қойылған 1973 жылғы 3 наурыздағы Жоғалу қаупінде тұрған жабайы фауна мен флораның түрлерімен халықаралық сауда жасау туралы конвенцияның құзыретіне кіретін жабайы фауна мен флораның түрлері;

      5) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы әкету кезінде өткізуге шектеу қойылған, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының Қызыл кітаптарына енгізілген, сирек кездесетін және жоғалу қаупінде тұрған жабайы аңдар мен жабайы өсетін өсімдіктер түрлері, олардың бөліктері және (немесе) дериваттары;

      6) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы әкету кезінде өткізуге шектеу қойылған ұлттық архив қорының құжаттары, архивтік құжаттардың түпнұсқалары.

      152. Ішкі пошта жөнелтілімдерінде жаңа піскен көкөніс пен жемістердің қатты сорттары салынған сәлемдемелер тиеудің кепілді нормасы шегінде ұшақтардың тікелей рейсімен жіберу ескеріліп қабылданады, ал теміржол көлігімен - мұндай сәлемдемелер жеті тәулік бойы жүріп өтетін жағдайда қабылданады, егер осы мерзімнен асатын болса салынымының болуы ықтимал бүлінуін жөнелтуші өз мойнына алады.

11-тарау. Пошта операторының қызметтерін пайдаланушылардың
өтініштері мен шағымдарын қарау тәртібі

      153. Пошта операторының қызметтерін пайдаланушылар қызметтердің көрсетілу сапасы және тіркелетін пошта жөнелтілімдерін іздеу мәселесі бойынша пошта операторына:

      1) еркін нысанда, қызметтердің көрсетілуі сапасы жөнінде шағымдар мен наразылықтар;

      2) еркін нысанда, көрсетілетін қызметтер, тіркелетін пошта жөнелтілімдерін іздестіру және олардың тұрған жері жөнінде өтініштер мен сұрау салулар береді.

      154. Тіркелетін пошта жөнелтілімдерін және пошталық ақша аударымдарын іздестіру жөніндегі өтініштер мен сұрау салулар алты күнтізбелік ай ішінде, жеделдетілген және курьерлік пошта байланысының жөнелтілімдері бойынша - жөнелтілімдер берілген күннен кейінгі күннен бастап төрт күнтізбелік ай ішінде қабылданады.

      Тіркелетін ішкі пошта жөнелтілімдері және пошталық ақша аударымдарын жіберу бойынша қызметтерді көрсету сапасы жөніндегі шағымдар мен наразылықтар екі күнтізбелік ай ішінде, жеделдетілген және курьерлік пошта байланысының жөнелтілімдерін жіберу бойынша қызметтерді көрсету сапасы бойынша - жөнелтілімдер берілген күннен кейінгі күннен бастап бір күнтізбелік ай ішінде қабылданады.

      Тіркелмейтін ішкі жөнелтілімдердің уақтылы жеткізілмеуі (табыс етілмеуі) туралы шағымдар мен наразылықтар жіберу және алу күндерін растайтын, пошта жөнелтілімінің пошта штемпелінің бедері бар орауышын көрсеткенде қабылданады.

      155. Тіркелмейтін пошта жөнелтілімдеріне іздеу салынбайды, жөнелтушіге немесе адресатқа тіркелетін пошта жөнелтілімдері жеткізілгені туралы ақпарат берілмейді.

      Тіркелетін ішкі пошта жөнелтілімдерін және пошталық ақша аударымдарын іздестіру туралы өтініштер мен сұрау салулар олардың жүріп өту мерзімі өткен кезде және осы Қағидалармен көзделген пошта операторы пошта жөнелтілімдері мен пошталық ақша аударымын қабылдауы, жіберуі және жеткізуі жөніндегі құжаттар сақталатын мерзім ішінде қарауға қабылданады.

      Мекенжайды өзгерту, пошта жөнелтілімін немесе пошталық ақша аударымын қайта жіберу немесе қайтару туралы өтінішті пошта операторы пошта жөнелтілімі немесе пошталық ақша аударымы өтініш берген сәтте адресатқа шынында табыс етілмеген жағдайда, жөнелтушіден немесе адресаттан қабылдайды.

      156. Пошта операторының өндірістік объектісінің қызмет көрсету сапасына шағымдар пошта операторының қызметтерін пайдаланушы пайдаланған күннен немесе ниеті болған күннен бастап жеті күнтізбелік күн ішінде қабылданады.

      Өтінішті пошта операторының қызметтерін пайдаланушылар жазбаша түрде не электрондық құжат түрінде береді, пошта операторы міндетті түрде тіркеуі тиіс және "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 8-бабымен және "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 4 мамырдағы Заңымен көзделген мерзімдерде қаралады.

      Пошта операторының қызметтерін пайдаланушылардың өтініштеріне жауаптарды пошта операторлары "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы және "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" 2010 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңдарымен белгіленген мерзімде, ал тіркелетін халықаралық пошта жөнелтілімдері бойынша - ДПО Актілерімен көзделген мерзімдерге сәйкес береді.

      157. Пошта операторына пошта жөнелтілімі немесе пошталық ақша аударымы, жедел және курьерлік пошта байланысының жөнелтілімдері қабылданған жер бойынша өтініштер мен шағымдар беріледі. Пошта жөнелтілімінің толық дұрыс деректері болған жағдайда межелі жер бойынша өтініш беруге жол беріледі.

      Түбіртек пен тізім көшірмесі, ал халықаралық жөнелтілім болғанда - кедендік декларацияның көшірмесі де қоса берілетін өтініште, шағым немесе арызда мыналар көрсетіледі:

      1) пошта жөнелтілімінің немесе пошталық ақша аударымының түрі;

      2) түбіртек бойынша нөмірі;

      3) қабылданған күні мен орны;

      4) жеткізілетін жері;

      5) жарияланған құндылығы;

      6) адресаттың мекенжайы мен толық атауы.

      Пошта операторы өтінішті алған кезде өтініш иесіне пошта түбіртегін, тізім және декларация көшірмесін қайтарып береді.

      Өтінішпен, шағым немесе арызбен жеке тұлғаның өзі емес, оның сенімді тұлғасы жүгінген жағдайда, онда өтінішке нотариалды куәландырылған сенімхат тіркеледі.

12-тарау. Пошта байланысы қызметтерін ұсынуға байланысты өзге де ережелер
1-параграф. Пошта байланысы қызметтерін төлеу тәртібі

      158. Пошта жөнелтілімдерін және пошталық ақша аударымдарын жіберу үшін төлем жасау пошта операторы мен қызметтерді пошта операторының қызметтерін пайдаланушы арасында жасалған шартпен белгіленген өзге жағдайлардан басқа жағдайларда, оларды қабылдау сәтінде жүзеге асырылады.

      159. Пошта байланысының көрсетілетін қызметтері Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен қолма-қол ақша немесе қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы төленеді. Пошта төлемінің белгілері, оның ішінде пошта төлемінің мемлекеттік белгілері жазбаша хат-хабарды жіберу, оның ішінде шетелге жолдау ақысы төленген фактіні растайды.

      160. Құндылығы жарияланған жөнелтілім үшін пошта байланысы қызметтерінің төлеміне салмағына қарай жіберу және жөнелтілімнің құндылығын жариялау ақысы кіреді.

      Құндылығы жарияланған халықаралық сәлемдемелер үшін пошта байланысы қызметтерінің төлеміне салмағына қарай жіберу үшін салмақ алымы, құндылығын жариялау және экспедициялық алым кіреді.

      161. Пошта байланысы қызметтерінің төлемақы мөлшерін де пошта операторы пошта жөнелтілімдерін жіберу тәсілін (әуе немесе жерүсті жолымен) қолданатын жөнелтушінің мәртебесіне (жеке немесе заңды тұлға) қарай (пошта саласындағы уәкілетті орган бекітетін пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифтерден басқа) анықтайды.

      162. Қолданыстағы тарифтерге сәйкес осал, қомақты, ірі габаритті сәлемдемелерді, сондай-ақ "Абайлаңыз" - "Осторожно" белгісі бар сәлемдемелерді жіберу үшін қосымша ақы алынады.

      163. Жеке тұлғалардан қабылданған төленбеген немесе толық төленбеген ішкі жай хаттар, пошта карточкалары және бандерольдер межелі пунктіне дейін жіберіледі, бірақ ондай пошта жөнелтілімдерін адресат қосымша төленетін пошта жөнелтілімдеріне арналған тариф сомасына дейін қосымша төленгеннен кейін беріледі. Мұндай жөнелтілімдер қайтарылған жағдайда, төлем жөнелтушіден өндіріліп алынады.

      164. Заңды тұлғалардың төленбеген немесе жартылай төленген пошта жөнелтілімдері маркаға белгі соғып өңдеудің бірінші кезеңінде жөнелтушіге қайтарылады.

      165. Қосымша төленетін пошта жөнелтілімдерінде жөнелтушінің мекенжайы болмаған немесе адресат оларды алудан бас тартқан кезде, мұндай пошта жөнелтілімдері таратылмағандар қатарына өткізіледі.

      166. Заңды және жеке тұлғалар пошта жәшіктеріне салған, төленбеген немесе жартылай төленген халықаралық хаттар, карточкалар және бандерольдер толық төленуі үшін маркаларына белгі соғылмай жөнелтушілерге қайтарылады.

      167. Тағайындалған оператор халықаралық жазбаша хат-хабар төлемі ретінде купон сатқан шетелдік пошта әкімшілігінің пошта штемпелінің бедері басылған халықаралық қайтарым купонын қабылдайды.

      168. Ұлттық пошта операторы құны ДПО Актілерімен белгіленетін халықаралық қайтарым купондарын сатады.

      169. Халықаралық қайтарым купондары Тағайындалған оператордың өндірістік объектісінде әуе көлігімен жіберілетін, салмағы жиырма грамға дейінгі бір тіркелмейтін халықаралық хатты төлеу тарифі есебінен Қазақстан Республикасының пошта маркаларына алмастырылады.

2-параграф. Пошта төлемінің белгілері

      170. Ішкі және халықаралық жазба хат-хабарды жіберу ақысы пошта операторының пошта төлемінің белгілерімен және Ұлттық пошта операторының пошта төлемінің мемлекеттік белгілерімен расталады.

      Пошта жөнелтілімінде пошта төлемінің белгілері болмаған немесе белгіленген тариф жартылай төленген кезде, пошта операторы мұндай пошта жөнелтілімін жөнелтушіге қайтарады.

      171. Пошта операторы пошта саласындағы уәкілетті органмен келісілген пошта байланысының белгілерін пайдаланады. Пошта байланысы қызметтеріне ақы төленгенін растайтын, жазбаша хат-хабар жөнелтілімдеріне пошта операторы желімдейтін пошта төлемінің белгілері ретінде пошта маркалары, блоктары, маркалы конверттер және (немесе) пошта карточкалары, франкирлеу машиналарының бедерлері, электрондық және өзге де белгілер қолданылады.

      172. Ластанған, бүлінген, пайдаланылған (белгі соғылған), айналымнан алынған пошта төлемінің белгілері, сондай-ақ басқа мемлекеттердің пошта төлемінің белгілері пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін төлеу үшін қабылданбайды.

      173. Пошта байланысы қызметтеріне ақы төленгенін растайтын, сатып алынған пошта төлемінің белгілері пошта төлемінің осы белгісін айналымға шығарған пошта операторында қолданылады. Пошта операторының қызметтерін пайдаланушы пошта төлемінің белгілерін пошта операторынан сатып алған жағдайда пошта операторына пошта жөнелтілімін оған тиесілі пошта жәшігі немесе операциялық терезе арқылы тапсыруға міндетті.

      Пошта жәшігінен басқа пошта операторының пошта төлемінің белгілері жасалған пошта жөнелтілімін алған кезде, пошта жөнелтілімі пошта жөнелтілімін алуды жүзеге асырған пошта операторы пошта жөнелтілімінде көрсетілген мекенжай бойынша пошта операторының қызметтерін пайдаланушыға кері қайтаратын болады.

      174. Пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін пошта байланысы саласындағы уәкілетті орган бекітетін түрлері мен көлеміне сәйкес шығаруды, сондай-ақ оларды өткізуді Ұлттық пошта операторы жүзеге асырады.

      175. Пошта төлемінің мемлекеттік белгілері ретінде пошта маркілері мен блоктары, маркалы конверттер және (немесе) пошта карточкалары, франкирлеу машиналарының бедерлері, пошта саласындағы уәкілетті орган айналымға енгізетін Ұлттық пошта операторының қызметтеріне ақы төленгенін растайтын электрондық және өзге де белгілер қолданылады.

      Пошта төлемінің мемлекеттік белгілерінде мемлекеттің атауы ("Қазақстан" және латын транслитерациясымен "Kazakhstan"), сондай-ақ тақырыптың, суреттің атауы мемлекеттік тілде жазылады, төлем сомасы (номиналы) араб цифрларымен немесе латын әріптерімен басылады, шығарылған жылы (немесе тіркеу нөмірі) көрсетіледі.

      176. Өткізілген пошта төлемінің белгілері, оның ішінде пошта төлемінің мемлекеттік белгілері кері қабылданбайды және айырбасталмайды.

3-параграф. Франкирлеу машиналары

      177. Ішкі және халықаралық тіркелмейтін және тапсырысты пошта жөнелтілімдері франкирлеу машиналарының бедерін оларға қою арқылы төленеді.

      Франкирлеу машиналарын пошта операторының қызметтерін пайдаланушы болып табылатын заңды тұлғалар пошта операторында тіркей және оларды пайдалануға шарт жасаса отырып қолданады.

      178. Франкирлеу машинасы клишесінің бедері қызыл түсті болады, онда:

      1) пошта операторының ішкі құжаттарында көрсетілген тиісті жазбалары бар пошта маркасының шартты белгісі;

      2) пошта штемпелінің бедері;

      3) жөнелтушінің мекенжайы болады.

      179. Хатқа франкирлеу машинасы клишесінің бедерін басу мүмкін болмаған жағдайда, франкирлеу машинасы клишесінің бедері басылған қағаз кесінділер жапсырылады.

      180. Франкирлеу машинасының пайдалану мерзімі аяқталған, басқа заңды тұлғаға берілген (сатылған) жағдайда, машина клишесі пошта операторының тиісті бөлімшесіне жою үшін еркін нысанда жасалған акті бойынша берілуі тиіс.

4-параграф. Өзге де ережелер

      181. "Үкіметтік" - "Правительственное" қосымша жазбасы (белгісі) бар пошта жөнелтілімдері Қазақстан Республикасының мына лауазымды тұлғаларынан қабылданады:

      1) Қазақстан Республикасының Президенті;

      2) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі;

      3) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы және төрағасының орынбасары;

      4) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы және төрағасының орынбасары;

      5) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы;

      6) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы;

      7) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің төрағасы және төрағасының орынбасары;

      8) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы және төрағасының орынбасары;

      9) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасы;

      10) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы;

      11) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары;

      12) Қазақстан Республикасы Бас прокуроры және Бас прокурорының орынбасары;

      13) Қазақстан Республикасының Президентіне есеп беруші органдардың басшылары;

      14) Қазақстан Республикасының министрлері, орталық атқарушы органдардың ведомство басшылары;

      15) Қазақстан Республикасы Парламенті Комитеттерінің төрағалары;

      16) Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және Қазақстан Республикасы облыстарының әкімдері.

      "Үкіметтік" - "Правительственное" разрядындағы пошта жөнелтілімдері бірінші кезекте өңделеді және жеткізіледі.

      Ескерту. 181-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 05.05.2020 № 174/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      182. Адресатқа тапсырысты хат немесе бандерольді, құндылығы жарияланған пошта жөнелтілімі, жеделдетілген және курьерлік пошта жөнелтілімі және пошталық ақша аударымы табыс етілетін сәтке дейін жөнелтуші түбіртекті қоса бере отырып, өз тілегін жазбаша түрде жазып, пошта операторы белгілеген қосымша ақыға:

      1) өзінің пошта жөнелтілімін және пошталық ақша аударымын қайтару туралы өкім ете;

      2) пошта жөнелтілімін, пошталық ақша аударымын басқа тұлғаға және басқа мекенжай бойынша табыс ету немесе оны сол адамға, бірақ басқа мекенжай бойынша жеткізу туралы өкім ете;

      3) межелі жердегі пошта операторының өндірістік объектісінде пошта жөнелтілімінің, пошталық ақша аударымының сақталу мерзімін келіп түскен күннен бастап алпыс күнтізбелік күнге дейін ұзарта;

      4) жөнелтілімді қайтарудан бас тарта алады.

      183. Халықаралық пошта жөнелтілімін жөнелтуші пошта операторы арқылы өзі жіберген пошта жөнелтілімін қайтару немесе мекенжайын өзгерту туралы өкім ете алады.

      Жөнелтуші халықаралық сәлемдеме адресатқа тапсырылмаған жағдайда не істеу керектігі туралы оны жіберген кезде өкім жасай алады, бұл туралы ілеспе мекенжай қағазының бет жағына белгі жасалады.

      184. Тіркелмейтін хаттар мен бандерольдер белгіленген жеріне жіберілетін сәтке дейін жазбаша өтініші бойынша жөнелтушіге қайтарылып беріледі, бұл ретте қайтарғаны үшін ақы алынбайды, пошта төлемінің мемлекеттік белгілерімен төленген сома қайтарылмайды.

      Жөнелтілімдерді қабылдап алған өндірістік объектіден әлі жіберілмеген тіркелетін пошта жөнелтілімін пошта операторына түбіртектің түпнұсқасын (топтамалы пошта жөнелтілімдері кезінде - тізімін де) қайтарып бере отырып, жөнелтуші жазбаша өтініші бойынша кері алуына болады.

      Жөнелтушіге пошта төлемінің мемлекеттік белгілері мен қосымша көрсетілген қызметтер ақысынан басқа, төленген сомасы қайтарылып беріледі.

      185. Адресат қосымша төлемге мынадай жазбаша:

      1) өндірістік объектіде өз атына келген пошта жөнелтілімдерін және пошталық ақша аударымдарын түскен күннен бастап алпыс күнтізбелік күн ішінде сақтау туралы;

      2) өз атына келген пошта жөнелтілімдерін және пошталық ақша аударымдарын басқа мекенжайға жіберу немесе жеткізу туралы;

      3) үйге жеткізіп берілетін болса, өз атына "Талап етілгенге дейін" деп келген пошта жөнелтілімдерін үйге жеткізу туралы;

      4) жеткізілмеген жөнелтілімдерді қайтарудан бас тартуы туралы өкім ете алады.

5-параграф. Төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттер

      Ескерту. 12-тарау 5-параграфпен толықтырылды – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 23.09.2020 № 345/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      186. Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдай қолданылған кезеңде берілген өкілеттіктерге сәйкес әрекет ететін уәкілетті органдар пошта қызметін тоқтата тұратын немесе шектейтін шешімдер қабылдаған кезде, пошта операторлары осындай шешімдерден туындайтын белгіленген талаптарды сақтай отырып, пошта байланысы қызметтерін көрсетуді қамтамасыз етеді.

      187. Пошта операторлары өз қызметкерлерінің, сондай-ақ пошта байланысы қызметтерін пайдаланушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ескере отырып, Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдай қолданылған кезеңде пошта байланысы қызметтерін ұсыну және пошта жөнелтімдерін жіберу жөніндегі қажетті шараларды қабылдайды.

  Пошта байланысы қызметтерін
ұсыну қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

Пошталық ақша аударымы бланкісі

Пошталық ақша аударымын қабылдауға (беруге) арналған

бланк/Бланк на прием (выдачу) почтового перевода денег

Операцияның коды және код атауы/Код и наименование кода операции

____________________________________________________________________

Пошталық ақша аударымының нөмірі/___________________________________

Номер почтового перевода денег

Аударым референсі/Референс перевода_________________________________

Тіркелетін пошта жөнелтілімінің ШПИ/

ШПИ регистрируемого почтового отправления __________________________

Сомасы (сандармен және жазбаша)/Сумма (цифрами и прописью):_________

Комиссия (сандармен және жазбаша)/Комиссия (цифрами и прописью):____

Жиыны (сандармен және жазбаша)/Итого (цифрами и прописью):

____________________________________________________________________

Жіберуші/Отправитель

ТАӘ/Атауы /ФИО/Наименование___________________________________________________

ЖСК/ИИК ____________________________________________________________

ЖСН/БСН/ИИН/БИН ____________________________________________________

АЖК/Код ____________________________________________________________

Мекенжайы/Адрес ____________________________________________________

Пошта индексі/Почтовый индекс ______________________________________

Телефон нөмірі/Номер телефона ______________________________________

Құжат типі/Тип документа ___________________________________________

Құжат нөмірі/Номер документа _______________________________________

Құжат сериясы/Серия документа ______________________________________

Құжаттың берілген күні/Дата выдачи документа _______________________

Құжатты берген орган/Орган выдачи документа ________________________

Алушы/Получатель

ТАӘ/Атауы/ФИО/Наименование _________________________________________

Мекенжайы/Адрес ____________________________________________________

Пошта индексі/Почтовый индекс ______________________________________

Телефон нөмірі/Номер телефона ______________________________________

Сенімхат арқылы/По доверенности:

Сенімхат нөмірі/Номер доверенности: ________________________________

Сенімхаттың берілген күні/Дата доверенности: _______________________

Сенімхат мерзімі/Срок доверенности: ________________________________

ТАӘ/Атауы/ФИО/Наименование: ________________________________________

ЖСК/ИИК ____________________________________________________________

ЖСН/БСН/ИИН/БИН ____________________________________________________

Банктің атауы/Наименование Банка ___________________________________

Банктің БСК/БИК Банка ______________________________________________

БеК/Кбе

Құжат типі/Тип документа ___________________________________________

Құжат нөмірі/Номер документа _______________________________________

Құжат сериясы/Серия документа ______________________________________

Құжаттың берілген күні/Дата выдачи документа _______________________

Құжатты берген орган/Орган выдачи документа ________________________

____________________________________________________________________

Аударымның мақсаты/Цель перевода Безвозмездный перевод

ТТК/КНП ____________________________________________________________

Пошталық ақша аударымын тағайындау/

Назначение почтового перевода денег ________________________________

Қосымша қызметтер/Дополнительные услуги: ___________________________

Жазбаша хабар/Письменное сообщение _________________________________

Хабарландырудың түрі/Вид уведомления _______________________________

Осы арқылы мен жасайтын операция террористік немесе экстремистік

қызметті қаржыландыруға және терроризм не экстремизмге өзге де

жәрдемдесуге, кәсіпкерлік қызметпен, тіркеу куәлігін, хабарландыру

туралы куәлікті, келісімшарттың есептік нөмірін талап ететін

валюталық операцияларды жүзеге асыруға байланысты емес екендігін

растаймын.Мен жасайтын операция туралы ақпаратты құқық қорғау

органдарына және Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне олардың

талап етуі бойынша беруге операторға рұқсатымды беремін.

"Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының

Заңына сәйкес операторға маған қызметтер көрсету кезінде менің дербес

деректерімді қоса алғанда, мен туралы кез келген ақпаратты барлық

дереккөзден жинауына және оларды өңдеуіне сөзсіз келісімімді

беремін.

Деректердің дұрыстығын растаймын.

Настоящим подтверждаю, что совершаемая мною операция не связана

с финансированием террористической или экстремистской деятельности и

иным пособничеством терроризму либо экстремизму, предпринимательской

деятельностью, осуществлением валютных операций, требующих

регистрационного свидетельства, свидетельства об уведомлении,

учетного номера контракта.Разрешаю оператору предоставить информацию

о совершаемой мною операции в правоохранительные органы и

Национальный Банк Республики Казахстан по их требованию.

В соответствии с Законом Республики Казахстан "О персональных данных

и их защите" даю оператору безусловное согласие на сбор из всех

источников и обработку любой информации обо мне, включая мои

персональные данные, при оказании мне услуг.

Подтверждаю корректность данных.

Жіберушінің (алушының) қолы/ Подпись отправителя (получателя)

_______________ Жіберушінің (алушының) ТАӘ/

ФИО отправителя (получателя):_______________________________________

(жазбаша/прописью)

Аударымды қабылдаған (берген) оператордың ТАӘ және қолы/

Ф.И.О. и подпись оператора, принявшего (выдавшего) перевод: ________________________ ______________________

Қабылданған (берілген) күні мен уақыты/Дата, время приема (выдачи)

_______________________________ ОПШ/ПМБ

Аударымды қабылдаған (берген) өндірістік объектінің коды, атауы/

Код, наименование производственного объекта принявшего (выдавшего)

перевод: ____________________

  Пошта байланысы қызметтерін
ұсыну қағидаларына
2-қосымша

Халықаралық пошта жөнелтілімдерінің өлшемдері мен
шекті массасы

Р/с

Жөнелтілім түрі

Шекті массасы (грамм және килограмм)

Буып-түйілген күйдегі өлшемдері

1

2

3

4

1.

Пошта карточкасы

-

Ең кіші өлшемі: 90х140 мм;

Ең үлкен өлшемі: 120х235 мм

2.

Кіші пішімді хат

Ең көп салмағы: 100 гр.

Ең кіші өлшемі: 90х140 мм;

Ең үлкен өлшемі:165х245 мм.

Ең үлкен қалыңдығы: 5 мм.

3

Үлкен пішімді хат

Ең көп салмағы: 500 гр.

Ең кіші өлшемі: 90х140 мм;

Ең үлкен өлшемі: 305х381 мм.

Ең үлкен қалыңдығы: 20 мм.

4.

Зағиптарға арналған басылымдар (секограммалар) салынған бандероль

5 кг

7 кг

Ең үлкен өлшемі: үш өлшемнің (ұзындығы, ені, биіктігі) қосындысы 90 см-ден аспауы тиіс; ең үлкен өлшемі 60 см.

Рулон үшін ұзындығы мен екі еселенген диаметрінің қосындысы - 104 см-ден аспайды; ең үлкен өлшемі - 90 см.

Ең кіші өлшемі: 14х9 см, рулон үшін ұзындығы мен екі еселенген диаметрінің қосындысы - 17 см.

Ең ұзын өлшемі - 10 см-ден аспайды.

5.

Ұсақ пакет

2 кг

Ең үлкен өлшемі: үш өлшемнің (ұзындығы, ені, биіктігі) қосындысы - 90 см-ден аспауы тиіс; ең үлкен өлшемі 60 см.

Рулон үшін ұзындығы мен екі еселенген диаметрінің қосындысы - 104 см-ден аспайды.

Ең ұзын өлшемі - 90 см.

Ең кіші өлшемі: 14х9 см, рулон үшін ұзындығы мен екі еселенген диаметрінің қосындысы - 17 см.

Ең ұзын өлшемі - 10 см-ден аспайды.

6.

Бір мекенжайға және бір адресатқа арналған баспа

басылымдары салынған арнайы қап ("М" қабы)

30 кг


7.

Сәлемдеме

20 кг

- өлшемдерінің бірінің ұзындығы 1,50 метр немесе ұзындықтарының қосындысы және ұзындығынан басқа бағыттағы шеңберінің ең үлкен ұзындығы 3 метрден аспауы тиіс.

- өлшемдерінің бірінің ұзындығы 1,50 метр немесе ұзындықтарының қосындысы және ұзындығынан басқа бағыттағы шеңберінің ең үлкен ұзындығы 2 м-ден аспауы тиіс.

8.

Жеделдетілген пошта байланысының пакеті

2 кг

Ең кіші өлшемі: 165х220 мм

Ең үлкен өлшемі: 395х475 мм

9.

Жеделдетілген пошта байланысының сәлемдемесі

30 кг

Ең үлкен өлшемі:

өлшемдерінің бірінің ұзындығы 150 см-ден немесе ұзындықтарының қосындысы және ұзындығынан басқа бағыттағы шеңберінің ең үлкен ұзындығы 300 см-ден аспауы тиіс.

10.

Топтастырылған "Консигнация" жөнелтілімдері

31,5 кг

Ең үлкен өлшемі:

өлшемдерінің бірінің ұзындығы 150 см-ден немесе ұзындықтарының қосындысы және ұзындығынан басқа бағыттағы шеңберінің ең үлкен ұзындығы 300 см-ден аспауы тиіс.

  Пошта байланысы қызметтерін
ұсыну қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Пошта жөнелтілімінің бланкісі

Мекенжай жазба белгісі/Адресный ярлык



Кiмнен

________________________________

________________________________

жарияланған құндылық сомасы


От кого

сумма объявленной ценности

Мобильді телефон нөмірі

Номер мобильного телефона

______________________

үстеме төлем сомасы

сумма наложенного платежа


Қайдан

________________________________

________________________________

________________________________


Откуда



индекс



пошталық тіркеу нөмірі №

номер почтовой регистрации №





Табыс етілмеген жағдайда жөнелтушінің өкімі:


Распоряжение отправителя в случае невыдачи:




бірінші жеткізуден кейін жөнелтушіге қайтарылсын


возвратить отправителю после первой доставки



сақтау мерзімі өткеннен соң жөнелтушіге қайтарылсын


возвратить отправителю по истечении срока хранения

Кiмге

____________________________________________

____________________________________________


қайтарылмасын/ не возвращать

Кому

Жіберуге тыйым салынған салымдар жоқ

Запрещенных к пересылке вложений нет

Мобильді телефон нөмірі

Номер мобильного телефона


___________________________________

Жеке куәліктің нөмірі/номер удостоверения личности:

Қайда

____________________________________________

____________________________________________

____________________________________________











Куда

Жөнелтушінің қолы/подпись отправителя:

Дербес деректерімді жинауға және өндеуге келісемін

индекс


На сбор и обработку персональных данных согласен






Табыс етілмеу себебі/причина невручения:


адресаттың болмауы /отсутствие адресата


сақтау мерзімі өткендіктен/по истечению срока хранения


мекенжайды дұрыс көрсетпеу/неправильное указание адреса


жөнелтушінің өтініші бойынша /по заявлению отправителя


басқа да/другое


адресаттың алудан бас тартуы /отказ адресата от получения


оператордың қолы/подпись оператора

  Пошта байланысы қызметтерін
ұсыну қағидаларына
4-қосымша

Ішкі пошта жөнелтілімдерінің өлшемдері мен шекті массасы

Р/с

Жөнелтілім түрі

Шекті массасы (грамм және килограмм)

Буып-түйілген күйдегі өлшемдері

1

2

3

4

1.

Пошта карточкасы

-

105х148 мм

2.

Хат

250 гр

Ең үлкен өлшемі: 110х220 мм

Ең үлкен өлшемі: 229 х324 мм

3.

Жеделдетілген және курьерлік пошта байланысының пакеті

2000 гр

Ең үлкен өлшемі: 229х324 мм

Ең үлкен өлшемі: 395х475 мм

4.

Бандероль

Мына бандерольдерді қоспағанда:

2000 гр

Ең үлкен өлшемі: үш өлшемнің (ұзындығы, ені, биіктігі) бірінің ең үлкен шамасы - 35 см.

Үш өлшемнің қосындысы 65 см-ден аспауы тиіс.

Түтікше тәрізді етіп оралған бандероль үшін - ұзындығы 70 см, диаметрі 15 см.

Түтікше тәрізді етіп оралған бандероль салымын (карталар, схемалар және т.б.) бүктеуге болмайтын болса, 150 см-ге дейінгілер қабылданады. Ең кіші өлшемі: (қалыңдығы кез келген аз мөлшерде болғанда) бір өлшемі - 10 см, басқа өлшемі - 5 см-ден кем емес, ал түтікше тәрізді етіп оралған болса, ұзындығы - 10 см, диаметрі - 5 см.

а) тұқым салынған

1 кг

б) бір кітап салынған

3кг

в) зағиптар үшін шығыңқы әріптері бар қағаздар мен кітаптар салынған

5 кг

100 г дейін шекті массадан асуы рұқсат етіледі.

5.

Сәлемдеме

14 кг

Ең үлкен өлшемі: 80х80х50 см.

Ең кіші өлшемі (бал аралары салынған сәлемдемелерден басқа) бір

өлшемі - 10 см, қалған өлшемдерінің әрқайсысы 5 см-ден кем емес. Әуе кемесімен жіберілетін бал арасы салынған сәлемдемелердің бір жағының ұзындығы кемінде 30 см болады.

6.

Тікелей пошта контейнерлері

500 кг


7.

Жеделдетілген және курьерлік пошта байланысының сәлемдемесі

14

Ең үлкен өлшемі: өлшемдерінің бірінің ұзындығы 150 см және ұзындықтарының қосындысы және ұзындығынан басқа бағыттағы шеңберінің ең үлкен ұзындығы 300 см-ден аспауы тиіс.


      Ескертпе:

      Стандартты хаттардың өлшемдері мен массасы: 114х162х5 мм,110х220х5 мм, 162х229 мм және массасы 20 гр-ға дейін.

      Ұсақ сәлемдемелердің массасы: 3 кг-ға дейінгі, ең ұзын жағы 35 см-ден аспайтын, ал үш өлшемінің қосындысы 65 см-ден аспайтын сәлемдемелер.

      Ірі габаритті сәлемдемелер: сәлемдемелердің бір жағы 80х80х50 см-ден асады. Ең үлкен өлшемі: 230х180х110 см.

      Ірі габаритті сәлемдемелерді қабылдау оларды пошта операторының бөлінген өндірістік объектілері арқылы тапсыру және алу шартымен ғана жүргізіледі.

  Пошта байланысы қызметтерін
ұсыну қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

ҚОЛХАТ

      Мен, ________________________мекенжай бойынша тұратын, азамат

      (азаматша) __________________________________________________________

      сотталған________________________________________________ жіберілетін

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      ____________________________________________________________________

      (сәлемдемеде, бандерольде деп көрсету)

      Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде бас бостандығынан айырылып

      жазасын өтеп жатқан адамдардың атына жіберілетін ішкі пошта

      жөнелтілімдерде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің

      2014 жылғы 17 қарашадағы № 819 бұйрығымен бекітілген (нормативтік

      құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9984 болып

      тіркелген), сотталғандардың өздерiнде болуға, пошта жөнелтілімдерімен

      алуға рұқсат етiлетiн заттар мен нәрселердің тізбесінде көрсетілген

      заттар мен нәрселер салынды деп осы қолхатты беремін.

      Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде бас бостандығынан

      айырылып жазасын өтеп жатқан адамдардың атына жіберілетін ішкі пошта

      жөнелтілімдерде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің

      2014 жылғы 17 қарашадағы № 819 бұйрығымен бекітілген (нормативтік

      құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9984 болып

      тіркелген) көрсетілмеген заттарды қылмыстық-атқару жүйесінің

      мекемелеріне жеткізуге әрекеттену үшін қылмыстық және әкімшілік

      жауапкершілік туралы таныстым.

      ________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған

      жағдайда) (анық жазу), қолы)

      _______________________________

      (күні)