БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қазандағы № 18-02/942 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12351 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидалары:
мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
"11-1. Мемлекеттік орман иеленушiлер өрт қаупi бар маусым басталғанға дейін өрт қаупi бар маусымға дайындалуды жүзеге асырады.
Өрт қаупi бар маусымға дайындалу кезінде өрт сөндіру техникасына, жабдықтарға, мүкәммалға, көлік және байланыс құралдарына түгендеу жүргізіледі, олардың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 18-02/664 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11995 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру бойынша нормалар мен нормативтерге сәйкестігі айқындалады.
Мемлекеттік орман иеленушілердің өрт қаупі бар маусымға дайындық дәрежесі осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес айқындалады.
Өрт қаупі бар маусымға дайындық туралы ақпаратты уәкілетті орган ведомствосы мемлекеттік орман иеленушілердің қарамағындағы ұйымдарға жібереді.";
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 1-1-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсына және мемлекеттік органдардың интранет порталына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы | |
Премьер-Министрінің | |
орынбасары - Қазақстан | |
Республикасының Ауыл | |
шаруашылығы министрі | А. Мырзахметов |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
_____________ Қ. Қасымов
2016 жылғы
Орман иеленушілердің өрт қаупі бар маусымға
дайындық дәрежесі*
№ | Көрсеткіштер атауы | Дайындық дәрежесі | Балдары |
1 | Өрт сөндіру станциясының болуы** | ||
51%-дан аз | қанағаттанарлықсыз | 0 | |
51-80% | қанағаттанарлық | 5 | |
81-100% | өте жақсы | 10 | |
2 | Орман орналастыру материалдарына сәйкес өрт қадағалау мұнараларының болуы | ||
50%- дан аз | қанағаттанарлықсыз | 0 | |
51-80% | қанағаттанарлық | 5 | |
81-100% | өте жақсы | 10 | |
3 | Өрт сөндіру техникасының болуы** | ||
50%-дан аз | қанағаттанарлықсыз | 0 | |
51-80% | қанағаттанарлық | 5 | |
81-100% | өте жақсы | 10 | |
4 | Жанар-жағар май материалдары қорының болуы | ||
бар | өте жақсы | 10 | |
жоқ | қанағаттанарлықсыз | 0 | |
5 | Өртке қарсы іс-шаралар жоспарының болуы | ||
өртке қарсы іс-шаралар жоспарына қойылатын талаптар бар және сәйкес келеді | өте жақсы | 10 | |
өртке қарсы іс-шаралар жоспарына қойылатын талаптар бар, бірақ сәйкес келмейді | қанағаттанарлық | 5 | |
жоқ | қанағаттанарлықсыз | 0 | |
6 | Радиобайланыс құралдарының болуы** | ||
бар және 100 % жұмыс істеп тұрған жағдайда | өте жақсы | 10 | |
бар және 70%-нан астамы жұмыс істеп тұрған жағдайда | қанағаттанарлық | 5 | |
бар және 50%-нан астамы ақаулы күйде | қанағаттанарлықсыз | 0 | |
7 | Шанц-саймандардың, қорғау құралдарының және өртке қарсы киімдердің болуы** | ||
100 % бар, қанағаттанарлық жағдайда | өте жақсы | 10 | |
100 % бар, 20 %-дан астамы қанағаттанарлықсыз жағдайда | қанағаттанарлық | 5 | |
60 % -дан азы бар | қанағаттанарлықсыз | 0 |
Ескертпе:
*орман иеленушілердің өрт қаупі бар маусымға дайындық дәрежесі орта арифметикалық мәнде:
8-10 балл – қанағаттанарлық;
5-7 балл – орташа;
5 балдан төмен – қанағаттанарлықсыз.
**жарақталу пайызы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 18-02/664 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11995 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру бойынша нормалар мен нормативтерге сәйкес айқындалады.