Кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат беру қағидаларын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 19 қыркүйектегі № 676 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 20 қазанда № 14344 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 212-бабының 6-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат беру қағидалары бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың көшірмелерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн он жұмыс күні iшiнде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәлiметтердi Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Заң департаментiне ұсынуды қамтамасыз етсiн.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму министрі

Ж. Қасымбек


  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2016 жылғы 19 қыркүйектегі
№ 676 бұйрығымен
бекітілген

Кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын
мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат беру қағидалары
1-Тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Кеменің немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеу туралы ақпарат беру қағидалары "Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 212-бабының 6-1-тармағына сәйкес әзiрлендi және кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттiк тiркеу туралы ақпарат беру тәртiбiн айқындайды.

      2. Кеменің немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеу уәкілетті органның аумақтық органдары (бұдан әрi – тiркеушi орган) осы кеме тiркелген мемлекеттік кемелер тiзiлiмiне, кеме кітабына және жасалып жатқан кемелер тізіліміне (бұдан әрі – кемелер тізілімі) тиiстi жазбаны енгiзу жолымен жүзеге асырады.

2-Тарау. Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң
ипотекасын тiркеу туралы ақпарат беру тәртiбi

      3. Заңды немесе жеке тұлғаның еркін нысандағы өтініші бойынша тіркеуші орган кемелер тізілімінен үзінді көшірме немесе көшірме нысанында ақпарат береді. Бұл ретте үзінді көшірме:

      1) ипотека туралы мәлiметтер үзiндi көшiрме берiлген күннің алдындағы жұмыс күнiнiң аяғында берiлгенiне сiлтеменi;

      2) тiркеушi органның мөрiмен куәландырылған тiркеушi органның уәкілеттi лауазымды тұлғасы қол қойылуын қамтиды.

      Ақпарат беру мерзімі өтініш берілген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде беріледі.

      4. Кеменің немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеу туралы ақпарат өтеусiз берiледi.

      5. Кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тiркеу туралы мәлiметтер барлық заңды және жеке тұлғалар үшiн ашық болып табылады.

      6. Сол немесе өзге кемеге немесе жасалып жатқан кемеге қатысты ипотека туралы қандай да бiр жазбалар болмаған жағдайда үзiндi көшiрмеде осыған тиiстi сiлтеме болуы тиiс.