Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 352 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 31 тамызда № 14188 болып тіркелді.

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрық 10.10.2016 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрыққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 02.04.2020 № 178 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" 2016 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін баспа және электронды түрде ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрілігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсiн.

      4. Осы бұйрық 2016 жылғы 10 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының


Ұлттық экономика министрі

Қ. Бишімбаев


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 29 шілдедегі
№ 352 бұйрығымен
бекітілген

Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру қағидалары
1–тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" 2016 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 11) тармақшасына, "Рұқсаттар мен хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру тәртібін айқындайды.

      Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы құрылыс салушы (бұдан әрі – құрылыс салушы) – уәкілетті компанияның жарғылық капиталына қатысу арқылы, тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті өзінің меншікті және (немесе) тартылған ақшасы есебінен жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) уәкілетті компания – дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы құрылыс салушыға тиесілі, тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) үлестік құрылысын және тұрғын үйдегі (тұрғын ғимараттағы) үлестерді өткізуді қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, арнайы экономикалық аймақтардағы қызметті қоспағанда, қандай да бір өзге коммерциялық қызметпен айналысуға құқығы жоқ заңды тұлға;

      3) үлескер – тұрғын үйдегі (тұрғын ғимараттағы) үлесті алу мақсатында тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартты жасасқан жеке тұлға (уақытша болатын шетелдіктерді қоспағанда) немесе заңды тұлға;

2–тарау. Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру тәртібі
Параграф § 1. Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру

      2. Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат алу үшін құрылыс салушы және уәкілетті компания жергілікті атқарушы органға мынадай құжаттарды:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру туралы өтінішті;

      2) Заңның 9-бабының 1 және 3-тармақтарында және 10-бабының 1 және 3-тармақтарында көрсетілген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың көшірмелерін жолдайды.

      3. Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсатты облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) пайдалануға беруге дейінгі құрылысының бүкіл кезеңіне береді.

      4. Осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттарды қарау қорытындылары бойынша жергілікті атқарушы орган оларды алған кезден бастап он жұмыс күні ішінде құрылыс салушыға және уәкілетті компанияға үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат береді не үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беруден жазбаша уәжді бас тартуын жібереді.

Параграф § 2. Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беруден бас тарту

      5. Жергілікті атқарушы орган құрылыс салушы және (немесе) уәкілетті компания Заңның 9-бабының 1 және 3-тармақтарында және 10-бабының 1 және 3-тармақтарында белгіленген бір немесе бірнеше талаптарға сәйкес келмеген жағдайда рұқсат беруден бас тартады.

      6. Құрылыс салушы және уәкілетті компания уәжді бас тартуда көрсетілген ескертулерді жойғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат алу үшін қайта өтініш беруге немесе сот тәртібімен шағымдануға мүмкін.

  Үлескерлердің ақшасын тартуға
рұқсат беру қағидаларына
1-қосымша

      нысан

      _______________________________

      (жергілікті атқарушы органның атауы)

      әкімі_________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты) (болған жағдайда)

Үлескерлердің ақшасын тартуға
рұқсат беру туралы
өтініш

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке тұлғаны

      куәландыратын құжаттың деректемелері, байланыс телефоны, заңды

      тұлғаның атынан әрекет ететін жеке тұлға – өтініш берушінің

      мекенжайы)

      _____________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның атынан осы өтінішті беруге өтініш берушінің

      өкілеттіктерін растайтын,

      _____________________________________________________________________

      нотариалды немесе өзге жолмен куәландырылған құжатқа сілтеме)

      _____________________________________________________________________

      (өтініш берушінің жұмыс орны және лауазымы,

      _____________________________________________________________________

      тұрғылықты жері, заңды мекенжайы)

      _____________________________________________________________________ (орналасқан жері, жер учаскесінің кадастрлық нөмірі)

      бойынша орналасқан, ауданы ___________, __________қабатты тұрғын үй

      (тұрғын ғимарат) салу үшін үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат

      беруіңізді сұраймыз.

      Жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес объектіні пайдалануға беру

      мерзімі 20__ жылғы "___" _______.

      Өтініш берушілер мен осы өтінішті берген заңды тұлғаның бірінші

      басшылары өтінішке қоса берілген құжаттардың шынайылығына, сондай-ақ

      осы өтінішті қарауға байланысты сұрау салынатын ақпараттың жергілікті

      атқарушы органға уақтылы ұсынылуына толық жауап береді.

      Қосымша (жіберілетін құжаттардың атауы жазылған тізілімді,

      даналар санын және олардың әрқайсысының парақ санын көрсету керек):

      __________________________________

      (Құрылыс салушының қолы, күні)

      _________________________________

      (Уәкілетті компанияның қолы, күні)

  Үлескерлердің ақшасын тартуға
рұқсат беру қағидаларына
2-қосымша

      нысан

      (Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бар

      жергілікті атқарушы органның бланкісі)

Үлескерлердің ақшасын тартуға
№ ___ рұқсат

      ________________ 20__ ж. "___" _________

      (мекенжайы)

      Осы рұқсат___________________________________________________________

      (жер учаскесінің кадастрлық нөмірі, орналасқан жері)

      бойынша орналасқан, ауданы ______________, _________қабатты тұрғын үй

      (тұрғын ғимарат) салу үшін___________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (құрылыс салушы және уәкілетті компанияның толық атауы, БСН)

      үлескерлердің ақшасын тартуға берілді.

      Жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес объектіні пайдалануға беру

      мерзімі 20__ жылғы "___" _________.

      Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат объектіні пайдалануға беру

      мерзіміне дейін заңды күшінде болады.

      Әкім (Әкімнің орынбасары)

      ___________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) (қолы)

      Мөр орны (болған жағдайда)