"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Инвестициялар және даму | |
министрі | Ж. Қасымбек |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 19 шілдедегі № 558 бұйрығымен бекітілген |
"Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. "Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық бөлімшесі – Порттың теңіз әкімшілігі (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігін (бұдан әрі – ТЖК) беру.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелердің (жұмыскерлердің) іс-қимылдары тәртібін сипаттау
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз "Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 25 ақпандағы № 223 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13681 болып тіркелген) "Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағына сәйкес өтiнiш-сауалнаманы ұсыну болып табылады.
5. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің өтініш-сауалнаманы, сондай-ақ Стандарттың 9-тармағына қарастырылған құжаттарды қабылдау және тіркеу - 30 (отыз) минут;
2) цифрлық камераны және арнайы сканерді пайдалану арқылы суретке түсіру, қол саусақтарының таңбасын алу және осы Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес қолхат-хабарлама беру – 30 (отыз) минут;
3) қарау үшін құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның орынбасарына беру – 1 (бір) сағат;
4) басшымен немесе оның орынбасарымен жауапты орындаушыны анықтау - 2 (екі) сағат;
5) жауапты орындаушының ТЖК беруді келісу журналында келісуге жіберілетін өтініш-сауалнамаларды тіркеуі және оларды келісу үшін ұлттық қауіпсіздік органдарына пошта арқылы немесе жабық байланыс арнасы болған кезде – деректер берудің ведомствоаралық желісі бойынша жолдауы – 4 (төрт) сағат;
6) ұлттық қауіпсіздік органдарының ТЖК ресімдеуін келісуі және көрсетілетін қызметті берушіге келісу туралы белгісі бар өтініш-сауалнаманы пошта арқылы немесе жабық байланыс арнасы болған кезде – деректер берудің ведомствоаралық желісі бойынша жолдауы – 10 (он) жұмыс күні;
7) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушымен ТЖК-ні ресімдеу және беру үшін негіздердің болуын тексеру нәтижелері туралы жазбаша қорытынды даярлау – 1 (бір) сағат;
8) көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен немесе оның орынбасарымен шешім қабылдау және ТЖК-ні ресімдеу және беру үшін негіздердің болуын тексеру нәтижелері туралы қорытындыны көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына беру – 1 (бір) сағат;
9) техникалық құралдарды пайдалана отырып, ТЖК ресімдеу – 1 (бір) жұмыс күні;
10) ТЖК-ның толтырылу дұрыстығын тексеру және ТЖК-ге енгізілген биометрикалық деректерді пайдалана отырып, ТЖК иесінің жеке басын сәйкестендіру – 5 (бес) сағат;
11) көрсетілетін қызметті алушыға ТЖК-ге енгізілген деректерді тексеру үшін жабдыққа рұқсат беруді қамтамасыз ету - 30 (отыз) минут;
12) көрсетілетін қызметті алушыға ТЖК-ні беру – 30 (отыз) минут.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:
1) өтініш-сауалнаманы қабылдау және тіркеу;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысының немесе оның орынбасарының қарары;
3) ТЖК ресімдеуді ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу;
4) ТЖК ресімдеу;
5) ТЖК беру.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
7. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелердің (жұмыскерлердің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінің қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
4) ұлттық қауіпсіздік органдарының жауапты орындаушысы.
8. Әрбір рәсімді (іс-әрекетті) орындау мерзімін көрсете отырып, құрылымдық бөлімдерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдер (іс-әрекеттер) реттілігінің сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінің қызметкері:
өтініш-сауалнаманы, сондай-ақ Стандарттың 9-тармағында қарастырылған құжаттарды қабылдайды және тіркейді - 30 (отыз) минут;
цифрлық камераны және арнайы сканерді пайдалану арқылы суретке түсіру, қол саусақтарының таңбасын алу және осы Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес қолхат-хабарлама беруді жүзеге асырады – 30 (отыз) минут;
бұрыштама қою үшін құжаттарды басшыға немесе оның орынбасарына береді – 1 (бір) сағат;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары жауапты орындаушыны анықтайды және оған құжаттарды қарау үшін береді – 2 (екі) сағат;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ТЖК беруді келісу журналында келісуге жіберілетін өтініш-сауалнамаларды қарайды және тіркейді және оларды ұлттық қауіпсіздік органдарына келісу үшін пошта арқылы немесе жабық байланыс арнасы болған кезде – деректер берудің ведомствоаралық желісі бойынша жолдайды – 4 (төрт) сағат;
4) ұлттық қауіпсіздік органдарының жауапты орындаушысы ТЖК-ні ресімдеуді келіседі және келісу туралы белгісі бар өтініш-сауалнаманы көрсетілетін қызметті берушіге пошта арқылы немесе жабық байланыс арнасы болған кезде – электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, деректер берудің ведомствоаралық желісі бойынша жолдайды – 10 (он) жұмыс күні;
5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу кезінде ТЖК-ні ресімдеу және беру үшін негіздердің болуын тексеру нәтижелері туралы жазбаша қорытынды дайындайды – 1 (бір) сағат;
6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары шешім қабылдайды және ТЖК-ні ресімдеу және беру үшін негіздердің болуын тексеру нәтижелері туралы қорытындыны көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына береді – 1 (бір) сағат;
7) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы:
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары оң шешім қабылдаған кезде техникалық құралдарды пайдалана отырып, ТЖК-ны ресімдейді – 1 (бір) жұмыс күні;
ТЖК-ның толтырылу дұрыстығын және ТЖК-ге енгізілген биометрикалық деректерді пайдалана отырып ТЖК иесінің жеке басының сәйкестігін тексереді және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінің қызметкеріне береді – 5 (бес) сағат;
8) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінің қызметкері:
көрсетілетін қызметті алушынының талап етуі бойынша ТЖК-ға енгізілген арнайы техникалық құралдарсыз оқылмайтын оған қатысты кез келген деректерді тексеруге мүмкіндік беретін жабдыққа рұқсат беру – 30 (отыз) минут;
ТЖК-н беру журналына қол қойғыза отырып, көрсетілетін қызметті алушыға ТЖК-н жеке өзіне береді – 30 (отыз) минут.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс-қимыл жасасуы дәйектілігінің нақты сипаттамасы осы Регламентке қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
"Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша |
"Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігін беру" мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.