Жұмысқа орналастырудың жеке картасын және оны толтыру нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 28 маусымдағы № 576 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 2 тамызда № 14056 болып тіркелді

Қолданыстағы

       «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 24) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жұмысқа орналастырудың жеке картасы бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесінің қазақ және орыс тілдеріндегі бір данасын баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау және әлеуметтік
      даму министрі                                     Т. Дүйсенова

Қазақстан Республикасы   
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің      
2016 жылғы 28 маусымдағы   
№ 576 бұйрығына       
қосымша          

Халықты жұмыспен қамту орталығының атауы

-

________________________________
________________________________

Жұмысқа орналастырудың жеке картасын толтыратын Халықты жұмыспен қамту орталығы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

-

_______________________________

Толтырылған күні 20____ жылғы «___»___________

Жұмысқа орналастырудың жеке картасы

      1. Тегі________________________ аты ___________________________
      әкесінің аты (бар болған жағдайда) ____________________________
      2. ЖСН_________________________________________________________
      3. Жынысы______________________________________________________
      4. Туған күні _________________________________________________
      5. Ұлты _______________________________________________________
      6. Тұрғылықты мекенжайы _______________________________________
      7. Телефон ____________________________________________________
      8. Электрондық поштаның мекенжайы _____________________________
      9. Білімі:
      1) негізгі білімі
      Білім беру ұйымының атауы _____________________________________
      _______________________________________________________________
      Білім деңгейі бойынша оқу мекемесінің түрі (жоғары оқу орны,
колледждер, жалпы білім беретін мектеп) _____________________________
_____________________________________________________________________
      Оқу мерзімі ___________________________________________________
      Алған мамандығы (біліктілігі) _________________________________
      2) қосымша білімі (қайта даярлау, біліктілікті арттыру
курстары)
      Білім беру ұйымының немесе жұмыс берушінің атауы ______________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      Оқу мерзімі ___________________________________________________
      Алған мамандығы (біліктілігі) _________________________________
      10. Соңғы жұмыс орны
      Жұмыс берушінің атауы _________________________________________
      Жұмысқа қабылданған күні ______________________________________
      Жұмыстан босатылған күні ______________________________________
      Лауазымы ______________________________________________________
      11. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуы
      Бұрын көрсетілген жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді
шаралары (хронологиялық кезектілікпен толтырылады)
      Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларының атауы _____
_____________________________________________________________________
      Жұмысқа (оқуға) жолдама берілген күні _________________________
      Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын көрсету ұзақтығы ________
      Жұмыс берушінің және (немесе) оқу орнының атауы _______________
      Лауазымы (кәсібі) _____________________________________________
      Жұмыс берушінің (оқу орнының) жұмысқа (оқуға) қабылдау туралы
актісі немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту себептерін көрсету ______
_____________________________________________________________________
      12. Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау қорытындылары
      Әлеуметтік кәсіптік бағдарлауды өткізетін органның атауы ______
      Өткізілген күні _______________________________________________
      Нәтижесі ______________________________________________________
      13. Лайықты жұмысқа берілген жолдамалар
      Жұмыс берушінің атауы _________________________________________
      _______________________________________________________________
      Лауазымы (кәсібі) _____________________________________________
      Жұмысқа жолдама берілген күні _________________________________
      Жұмыс берушінің жұмысқа қабылдау туралы актісі не бас тарту
себептерін көрсету __________________________________________________
      14. Жұмыссыз ретінде тіркеу туралы мәліметтер
      Жүгінген күні _________________________________________________
      Тіркеу немесе бас тарту күні __________________________________
      Бас тарту себебі ______________________________________________
      Есептен шығару күні ___________________________________________
      Есептен шығару себебі _________________________________________
      15. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға
берілген жолдамалар туралы мәліметтер
      1) кәсіптік оқыту
      Жұмыс берушінің және (немесе) оқу мекемесінің атауы ___________
      Оқу мекемесінің және (немесе) жұмыс берушінің мекенжайы,
телефоны ____________________________________________________________
      Оқу түрі ______________________________________________________
      Оқу мерзімі ___________________________________________________
      Жіберілген күні _______________________________________________
      Алған мамандығы, біліктілігі __________________________________
      Жұмыс берушіні, лауазымды көрсете отырып, тұрақты жұмыс орнына
жұмысқа орналасқан күні _____________________________________________
      2) микрокредиттер жөнінде ақпарат
      Микрокредит алған күні ________________________________________
      Кредит сомасы _________________________________________________
      Жеңілдік кезеңінің мерзімі ____________________________________
      Қайтару мерзімі _______________________________________________
      Қызмет түрі ___________________________________________________
      3) кәсіпкерлік негіздеріне оқыту
      Оқу орнының атауы _____________________________________________
      Оқу мерзімі ___________________________________________________
      Жіберілген күні _______________________________________________
      4) сервистік қолдау
      Консультациялық қызметтер _____________________________________
      Бухгалтерлік қызметтер ________________________________________
      Заңдық қызметтер ______________________________________________
      Өзге де қызметтер _____________________________________________
      Ескертпе: қызмет түрі және оның ұзақтығы көрсетіледі
      5) жастар практикасы
      Жұмыс берушінің атауы _________________________________________
      Жұмысқа жолдама берілген күні _________________________________
      Қатысу мерзімі ________________________________________________
      Лауазымы (кәсібі) _____________________________________________
      Жұмысқа қабылдау туралы жұмыс берушінің актісі ________________
      Жұмыс берушіні, лауазымын көрсете отырып, тұрақты жұмыс орнына
жұмысқа орналасқан күні _____________________________________________
_____________________________________________________________________
      6) әлеуметтік жұмыс орны
      Жұмыс берушінің атауы _________________________________________
      Жұмысқа жолдама берілген күні _________________________________
      Қатысу мерзімі ________________________________________________
      Лауазымы (кәсібі) _____________________________________________
      Жұмысқа қабылдау туралы жұмыс берушінің актісі ________________
      Жұмыс берушіні, лауазымын көрсете отырып, тұрақты жұмыс орнына
жұмысқа орналасқан күні _____________________________________________
      7) жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін ерікті түрде қоныс
аударуға жәрдемдесуге жолдама
      Отбасының еңбек етуге қабілетті мүшелері ______________________
      Келген жері ___________________________________________________
      Берілген субсидиялар __________________________________________
      Тұрғын үй (тұрғын үй деген жол тұрғын үй түрін (жеке тұрғын үй,
көп пәтерлі тұрғын үй, жатақханадағы бөлме) отбасы мүшелеріне келетін
шаршы метрді көрсете отырып толтырылады) ____________________________
_____________________________________________________________________
      Жұмысқа орналасқан күні _______________________________________
      Жұмыс берушінің, лауазымның атауы _____________________________
      8) арнайы жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға жолдама
      Жұмыс берушінің атауы _________________________________________
_____________________________________________________________________
      Жолдаманың берілген күні ______________________________________
      Қатысу мерзімі ________________________________________________
      Лауазымы (кәсібі) _____________________________________________
      Жұмысқа қабылдау туралы жұмыс берушінің актісі ________________
      9) қоғамдық жұмыстар
      Жұмыс берушінің атауы _________________________________________
      Жұмысқа жолдама берілген күні _________________________________
      Қатысу мерзімі ________________________________________________
      Лауазымы (кәсібі) _____________________________________________
      Жұмысқа қабылдау туралы жұмыс берушінің актісі ________________
      Жұмыс берушіні, лауазымын көрсете отырып, тұрақты жұмыс орнына
жұмысқа орналасқан күні _____________________________________________
      16. Жұмыссыздың халықты жұмыспен қамту орталығына келуін
толтыру нысаны

р/с №

Жоспарлы қатысу күні

Іс жүзінде қатысқан күні

Халықты жұмыспен қамту орталығы қызметкерінің ескертпесі

















      17. Жұмыссыздың үміті
      1) сіз қандай жалақы алғыңыз келеді?
      Сіз алғыңыз келетін жалақы сомасы: ___________ теңге;
      Карьераңызды бастау үшін жеткілікті және тиімді жалақы сомасы:
      ___________ теңге;
      Сіз қандай жалақы немесе төмен жалақы сомасы үшін жұмыс
істемейсіз:
      ___________ теңге.
      2) сіздің болашақ жұмысыңыздың орналасқан жері (облыс, қала,
аудан, ауыл):
      Сіздің болжамды жұмысыңыздың орны (облыс, қала, аудан, ауыл)?
_____________________________________________________________________
      Сіз үшін тиімді (барынша көңілге қонымды) жұмыс орны?
_____________________________________________________________________
      Қай облыстағы, аудандағы, ауылдағы және т.б. жұмыс, қандай
жағдай болмасын, Сізді қызықтырмайды?
_____________________________________________________________________
      3) сіз өз карьераңызды жасайын деп жүрген қызмет саласындағы
ықтимал лауазымдар.
      Тиімді лауазым – ______________________________________________
      Қолайлылығы аз – ______________________________________________
      Сіз келіспейтін лауазым – _____________________________________
      4) сіз жұмыс іздеуге қанша уақыт жұмсауды ойлап отырсыз?
      1 – лайықты нұсқа _____________________________________________
      2 – көңілге қонымды нұсқа _____________________________________
      5 – ықтимал нұсқалардан ең жаманы _____________________________
      18. Жұмыссызды тұрақты жұмысқа орналастыру жоспары

р/с №

Жұмысқа орналастыру жөніндегі шаралар

Іс жүзінде орындау

Іс-шаралардың орындалмау себептері





















































      Ескертпе: жұмысқа орналастырудың жеке картасын толтыру
жөніндегі нысан жұмысқа орналастырудың жеке картасына қосымшада
келтірілген.

Жұмысқа орналастырудың
жеке картасына  
қосымша      

Жұмысқа орналастырудың жеке картасын
толтыру жөніндегі нысан

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы жұмысқа орналастырудың жеке картасын толтыру жөніндегі нысан (бұдан әрі – Нысан) «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабы 24) тармақшасына сәйкес әзірленді және жеке бас деректерін енгізе отырып жүгінгендер, жұмыспен қамту тарихы, ұсынылатын және іске асырылатын жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету іс-шаралары және олардың орындалуына мониторинг жүргізу және бақылау туралы мәліметтерді жинауға арналған.
      2. Осы Нысанда қолданылатын терминдер мен анықтамалар:
      1) әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі (бұдан әрі –АЖ) – халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, халықты жұмыспен қамтудың жергілікті органдарының, Орталықтардың, еңбек ресурстарын дамыту орталығының қызметін автоматтандыруға және әлеуметтік-еңбек саласында халыққа мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұсыну мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;
      2) әлеуметтiк жұмыс орны – жұмыс беруші жұмыссыздардың жалақысын субсидиялау арқылы оларды жұмысқа орналастыру үшiн Орталықпен шарт негізінде құратын жұмыс орны;
      3) әлеуметтік кәсіптік бағдарлау – адамның кәсіптік білімін, дағдыларын, қызығушылықтарын және еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, кәсіп таңдауда, кәсіп түрін ауыстыруда және біліктілігін арттыруда практикалық көмек көрсетуге бағытталған өзара байланысқан іс-шаралар кешені;
      4) жастар практикасы – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының түлектері алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында жүзеге асыратын еңбек қызметінің түрі;
      5) жұмыс күшi – жұмыспен қамтылған және жұмыссыз халық;
      6) жұмысқа орналастыру – халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге септігін тигізуге бағытталған ұйымдық, экономикалық және құқықтық iс-шаралар кешенi;
      7) жұмысқа орналастырудың жеке картасы (бұдан әрі – ЖОЖК) – жеке бас деректері, жұмыспен қамтылу тарихы, ұсынылатын және іске асырылатын іс-шаралар, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсаты және олардың орындалуы көрсетілетін құжат;
      8) жұмыспен қамтудың жекеше агенттiгi – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркелген, жұмысқа орналастыруда делдалдық көрсететiн жеке немесе заңды тұлға;
      9) жұмыс іздеп жүрген адам – лайықты жұмыс іздеп жүрген, жұмысы және (немесе) табысы (кірісі) жоқ адам, жұмысқа орналасуына жәрдемдесу үшін өтініш білдірген кезде тұрғылықты жерi бойынша Орталықта не «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеледі;
      10) жұмыссыздар – жұмыспен қамтылған халыққа жатпайтын, жұмыс iздеп жүрген және еңбек етуге дайын адамдар;
      11) кәсіптік оқыту – Заңда көзделген жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары шеңберінде жаңа мамандықтар (кәсіптер) алу мақсатында білім беру ұйымдарында не жұмыс берушілер ұйымдарының жанындағы білім беру қызметіне құқығы бар оқу орталықтарында кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды қамтитын оқыту;
      12) қоғамдық жұмыстар – халықты жұмыспен қамту орталықтары ұйымдастыратын, жұмыскердiң алдын ала кәсiптік даярлаудан өтуiн талап етпейтiн, олардың уақытша жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету үшiн әлеуметтiк пайдалы бағыттағы еңбек қызметiнiң түрлерi;
      13) лайықты жұмыс – кәсіптік даярлығына, еңбек өтіліне және бұрынғы мамандығы бойынша еңбек тәжірибесіне, денсаулық жағдайына, жұмыс уақытының режиміне, жұмыс орнының көлiкке қолайлығына сәйкес келетін, соның ішінде уақытша сипаттағы жұмыс;
      14) мүгедектерді жұмысқа орналастыруға арналған арнайы жұмыс орындары – мүгедектің жеке мүмкіндіктері ескеріле отырып жабдықталған жұмыс орындары;
      15) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – табыс алу үшін тауарлар өндірумен (өткізумен), жұмыстар мен қызметтер көрсетумен дара айналысатындар, өндірістік кооперативтер мүшелері, отбасылық кәсіпорындардың (шаруашылықтардың) және жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланушы жұмыс берушілердің еңбекақы төленбейтін жұмыскерлері қатарындағы жеке тұлғалар;
      16) халықты жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрі – Орталық) – ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыруды, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және Заңға сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында құратын мемлекеттік мекеме;
      17) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары – жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын және оралмандарды, сондай-ақ Заңда көзделген жағдайларда өзге адамдарды халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылатын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту, мемлекеттік қолдау шаралары.

2-тарау. ЖОЖК-ні толтыру бойынша ұсынымдар

      3. Орталық ЖОЖК толтыру бойынша жұмыс жүргізеді. Бірінші кезеңде өтініш беруші жүгінген кезде Орталық қызметкері жұмыспен қамтудың санатын (мәртебесін) айқындайды және АЖ-ға деректерді енгізу арқылы ЖОЖК толтыру туралы шешім қабылдайды.
      4. Орталық қызметкері мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелері арқылы өтініш берушінің деректерін тексергеннен кейін алынған мәліметтерді ЖОЖК-ға енгізеді.
      Мәліметтер:
      1) тегін, атын және әкесінің атын (бар болса);
      2) жеке сәйкестендіру нөмірін;
      3) жынысын;
      4) туған күні;
      5) ұлтын;
      6) облыстың, ауданның, елді мекеннің, көшенің атауын, үй нөмерін, пәтер нөмерін көрсете отырып тұрғылықты мекенжайын;
      7) телефоны;
      8) электрондық поштаның мекенжайын;
      9) алған мамандығын көрсете отырып білімін;
      10) жұмыс берушінің атауын, жұмысқа қабылданған күнін, жұмыстан босатылған күнін, жұмыс істеген лауазымының атауын көрсете отырып соңғы қызмет, жұмыс орнын;
      11) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуын;
      12) әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өткендігі және оның қорытындылары туралы мәліметтерді;
      13) лайықты жұмысқа берілген жолдамалар туралы мәліметтерді қамтиды.
      ЖОЖК-ға лайықты жұмысқа берілген жолдамалар туралы ақпарат мыналарды көрсете отырып орналастырылады: жұмыс берушінің атауы, лауазым (кәсіп), жұмысқа жолдама беру күні, қабылдау немесе бас тарту себептерін көрсете отырып жұмыс берушінің лайықты жұмыстан бас тарту, күні бұл ретте өтініш берушінің бас тартуы да ескерілед. Ақпарат хронологиялық тәртіпте енгізіледі.
      Жұмысқа қабылдаған кезде – бұйрықтың күні, нөмірі, лауазым/кәсіп көрсетіледі;
      14) жұмыссыз ретінде тіркеу және есептен шығару туралы мәліметтерді қамтиды.
      Жұмыссыз ретінде тіркеуден бас тартқан кезде ЖОЖК-ға бас тарту себебі енгізіледі.
      15) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына берілген жолдамалар туралы мәліметтерді қамтиды.
      Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары:
      кәсіптік оқытуға жіберуді;
      азаматтардың және оралмандардың кәсіпкерлік бастамашылығына жәрдемдесуді;
      жастар практикасына жіберуді;
      әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды;
      жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесуді;
      мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын ұйымдастыруды;
      қоғамдық жұмыстарды қамтиды.
      Орталық қызметкері көрсетілген жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары туралы мәліметтерді хронологиялық тәртіпте ЖОЖК-ға енгізеді. Бұл ретте, Орталық қызметкер мынаны:
      жұмыс берушінің және (немесе) оқу мекемесінің атауын, оқу ұйымының және (немесе) жұмыс берушінің мекенжайын, телефонын, оқу түрін және мерзімін, жіберілген күнін, алған мамандығын, біліктілігін және жұмыс берушіні, лауазымын көрсетумен тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасқан күнін көрсете отырып, кәсіптік оқытуға адамдардың қатысуы туралы мәліметтерді;
      берілген микрокредитті алған күнін, оның сомасын, жеңілдік кезеңінің мерзімін, қайтару мерзімі мен қызмет түрін көрсете отырып, кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу жөніндегі шараларға қатысу туралы мәліметтерді. Адам кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жіберілген жағдайда, оқу мекемесінің атауы, оқу мерзімі және оқуға жіберілген күні көрсетіледі.
      Жұмыссыз сервистік қолдау алған кезде, көрсетілген қызметтің ұзақтығын көрсете отырып қызмет түрі көрсетіледі;
      оқу орнын бітірген күнін, алған мамандығын, жұмыс берушінің атауын, жастар практикасына қайда жіберілгенін, жолдаманың берілген күнін, қатысу мерзімін, атқарып отырған лауазымын (кәсібін), жұмысқа қабылдау туралы жұмыс берушінің актісін, жұмыс берушіні және лауазымды көрсетумен тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасқан күнін көрсете отырып жұмыссыздың жастар практикасына жұмысқа орналасқаны туралы мәліметтерді;
      жұмыс берушінің атауын, жолдаманың берілген күнін, қатысу мерзімін, атқарып отырған лауазымын (кәсібін), жұмысқа қабылдау туралы жұмыс берушінің актісін, жұмыс берушіні және лауазымды көрсетумен тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасқан күнін көрсете отырып жұмыссыздың әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналасқаны туралы мәліметтерді;
      отбасының еңбек етуге қабілетті мүшелерін, келген жерін, берілген субсидияларды, тұрғын үй беруді, сондай-ақ жұмысқа орналасқанын күнін, жұмыс берушінің атауын және лауазымды (кәсіпті), көрсете отырып, жұмыс күшінің ұтқарлығын арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға қатысу туралы мәліметтерді көрсетеді;
      арнайы жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға жіберілген адамдар туралы мәліметтер жұмыс берушінің атауын, жолдаманың берілген күнін, қатысу мерзімін, атқарып отырған лауазымын (кәсібін), жұмысқа қабылдау туралы жұмыс берушінің актісі туралы мәліметтерді көрсете отырып ЖОЖК-ға енгізіледі;
      адамдардың қоғамдық жұмысқа қатысуы туралы мәліметтер ЖОЖК-да көрсетіледі. Қоғамдық жұмысқа жіберілгеннен кейін жұмыссыз мәртебесі сақталады;
      17) жұмыссыздың үміті:
      ең аз жалақы, көңілге қонымды жалақы және лайықты жалақы сомасы;
      лайықты, тиімді және көңілге қонымды жұмыс орнын көрсете отырып күтілетін жұмыс орны;
      барынша қалаулы, тиімді, аздап қолайсыз лауазым мен келіспейтін лауазымды көрсете отырып күтілетін лауазым нұсқалары;
      лайықты, көңілге қонымды және жаман нұсқаларды көрсете отырып жұмыс іздеуге ұсынылатын уақыт;
      18) жұмыссызды тұрақты жұмысқа орналастыру жоспарын жұмыссыз Орталық қызметкерімен бірлесіп толтырады. Жұмысқа орналастыру жөніндегі шаралар деген бағанда жұмыссызды жұмысқа орналастыру үшін қажетті іс-шаралар толтырылады. Орталық қызметкері жұмыссыз Орталыққа келген кезде іс-шараларды іс жүзінде орындауды толтырады.
      ЖОЖК-ға жұмыс берушінің атауы, жолдаманың берілген күні, қатысу мерзімі, атқаратын лауазымы (кәсібі), жұмысқа қабылдау туралы жұмыс берушінің актісі туралы мәліметтер, жұмыс берушіні және лауазымды көрсете отырып тұрақты жұмысқа орналасу күні енгізіледі.
      5. Орталық қызметкері ай сайын ЖОЖК-ға іс жүзінде аударылған міндетті зейнетақы аударымдарынының сомаларын енгізеді.
      6. Барлық енгізілген ақпарат толтырған және дербес есепке алу карточкасына өзгерістер енгізген кезде жанданырылады және мерзіміне қарамай, ашық түрде электрондық мұрағат түрінде АЖ-да сақталады.
      7. Ақпаратты жандандыру автоматты түрде жүзеге асырылады.
      8. ЖОЖК-ға деректерді енгізу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйлеріндегі деректерді тасымалдау әдісі пайдаланылады.