«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі бекітілсін.
2. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11156 тіркелген, 2015 жылғы 4 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 354 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Адами ресурстармен жұмыс департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күннің ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі Қ. Бишімбаев
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылы 23 маусымдағы
№ 156-нқ бұйрығымен бектілді
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін
бағалау әдістемесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік), оның ішінде ведомстволары мен аумақтық органдардың, «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – «Б» корпусының қызметшілері) қызметін бағалау алгоритмін айқындайды.
2. «Б» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын айқындау үшін жүргізіледі.
3. Бағалау «Б» корпусы қызметшісінің атқаратын лауазымындағы қызметінің нәтижелері бойынша:
1) тоқсан қорытындысы бойынша (тоқсандық бағалау) – есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы күніне кешіктірілмей (бағалануы оныншы желтоқсаннан кеш емес өткізілетін төртінші тоқсанды қоспағанда);
2) жыл қорытындысы бойынша (жылдық бағалау) – бағаланып отырған жылдың жиырма бесінші желтоқсанынан кешіктірілмей жүргізіледі.
Егер бағаланып отырған кезеңде «Б» корпусы қызметшісінің нақты лауазымда болу кезеңі үш айдан кем болған жағдайда бағалау өткізілмейді.
Әлеуметтік демалыстағы «Б» корпусының қызметшілері жұмысқа шыққаннан кейін осы Әдістеменің осы тармағында көрсетілген мерзімде бағалаудан өтеді.
4. Тоқсандық бағалауды тікелей басшы жүргізеді және ол «Б» корпусы қызметшісінің лауазымдық міндеттерді орындауын бағалауға негізделеді.
«Б» корпусының қызметшісі өзінің лауазымдық нұсқаулығына сәйкес бағынатын тұлға оның тікелей басшысы болып табылады.
5. Жылдық бағалау:
1) «Б» корпусы қызметшісінің есепті тоқсандардағы орташа арифметикалық бағасынан;
2) «Б» корпусы қызметшісінің жеке жұмыс жоспарын орындауды бағалауынан;
3) айналмалы бағалаудан құралады.
6. «Б» корпусының қызметшісі мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды тұлға бағалау жүргізу үшін Бағалау жөніндегі комиссия құрылады, оның жұмыс органы персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) болып табылады.
7. Бағалау жөніндегі комиссияның отырысы, егер комиссия құрамының кемінде үштен екісі қатысатын болса, заңды болып есептеледі.
Бағалау жөніндегі комиссияның төрағасын немесе мүшесін алмастыру бағалау жөніндегі комиссия құру туралы бұйрыққа өзгерістер енгізу арқылы уәкілетті тұлғаның шешімі бойынша жүзеге асырылады.
8. Бағалау жөніндегі комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
9. Дауыс беру нәтіжелері Бағалау жөніндегі комиссия мүшелерінің көпшілік даусымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Бағалау жөніндегі комиссияның хатшысы болып персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) қызметкері болып табылады. Комиссия хатшысы дауыс беруге қатыспайды.
2. Жеке жұмыс жоспарын жасау
10. «Б» корпусы қызметшісінің жеке жұмыс жоспарын «Б» корпусының қызметшісі мен оның тікелей басшысы бірлесіп келесі жылдың бірінші қаңтарынан кешіктірмей осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасайды.
11. «Б» корпусының қызметшісі лауазымға осы Әдістеменің 10-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін тағайындалған жағдайда, атқарып отырған лауазымды «Б» корпусы қызметшісінің жеке жұмыс жоспары оны лауазымға тағайындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жасалады.
12. «Б» корпусының қызметшісі жеке жұмыс жоспарына:
1) «Б» корпусының қызметшісі туралы дербес деректерді («Б» корпусы қызметшісінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), атқаратын лауазымы, құрылымдық бөлімшесінің атауы);
2) Министрліктің стратегиялық мақсатына (мақсаттарына), олар болмаған жағдайда қызметшінің функционалдық міндеттеріне сүйене отырып оларға қол жеткізуге бағытталған «Б» корпусы қызметшісінің жұмысы іс-шараларының атауын қамтиды.
Іс-шараларда санаулы, қолжетімді, іске асатын, функционалдық бағытпен байланысты, уақыттың анықталған кезеңі бойынша нақты аяқталу нысаны бар «Б» корпусы қызметшісінің жұмыстары көрсетіледі.
Іс-шаралардың саны мен күрделілігі Министрліктің Стратегиялық жоспарына және Операциялық жоспарына сәйкес белгіленеді.
3) «Б» корпусы қызметшісінің және оның тікелей басшысының қолдары, жеке жоспарға қол қою күнін қамтиды.
13. Жеке жоспар екі данада жасалады. Бір данасы персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) беріледі. Екінші данасы «Б» корпусы қызметшісінің құрылымдық бөлімшесінің басшысында болады.
3. Бағалау жүргізуге дайындық
14. Персоналды басқару қызметі (кадр өызметі) Бағалау жөніндегі комиссия төрағасымен келісім бойынша бағалау жүргізу кестесін қалыптастырады.
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бағалауға жататын «Б» корпусының қызметшісі және бағалауды жүзеге асыратын адамдарды бағалау жүргізілетін жөнінде бағалау өткізуге дейін бір айдан кешіктірмей хабардар етуді қамтамасыз етеді және толтыру үшін оларға бағалау парақтарын жібереді.
4. Лауазымдық міндеттердің орындалуын бағалау
15. Лауазымдық міндеттердің орындалуын бағалау базалық, көтермелеу және айыппұл балдарынан құралады.
16. Базалық балдар 100 балл деңгейінде белгіленеді.
17. Ағымдағы жұмыстың орташа көлемінен асатын қызмет көрсеткіштері, сондай-ақ мазмұндық және/немесе ұйымдастырушылық жағынан күрделі болып табылатын қызмет түрлері үшін көтермелеу балдары қойылады.
Ағымдағы жұмыстың орташа көлемі – «Б» корпусының әр әкімшілік мемлекеттік қызметшісінің лауазымдық нұсқаулығымен бекітілген жұмыстың көлемі.
18. Көтермеленетін қызмет көрсеткіштері мен түрлері құрылымдық бөлімшенің өз ерекшелігі негізінде белгіленіп атқарылған жұмыстың көлемі мен күрделілігінің өсу тәртібімен бес деңгейлік шәкіл бойынша бөленеді. Бұл ретте көтермеленетін қызмет көрсеткіштері мен түрлеріне Электронды құжат алмасудың бірыңғай жүйесінде және Мемлекеттік органдардың Интранет-порталында тіркелінетін, со сияқты тіркелмейтінде құжаттар мен іс-шаралар кіруі мүмкін.
Әр бір көтермеленетін қызмет көрсеткіші мен түрі үшін тікелей басшы «Б» корпусының қызметшісіне бекітілген шәкілге сәйкес «+1»-ден «+5»-ке дейін балл қояды.
19. Айыппұл баллдары орындау және еңбек тәртібін бұзғаны үшін қойылады.
20. Мыналар орындау тәртібін бұзуға жатады:
1) жоғары тұрған органдардың, мемлекеттік орган басшылығының, тікелей басшының тапсырмалары мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін; Министрлік жоспарларын (Операциялық жоспарын, статистикалық жұмыстар жоспарын тағы басқалар) орындау мерзімдерін бұзу;
2) тапсырмаларды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін сапасыз орындау.
21. Мыналар еңбек тәртібін бұзуға жатады:
1) дәлелді себепсіз жұмыста болмау;
2) дәлелді себепсіз жұмысқа кешігу;
3) қызметшілердің қызметтік әдепті бұзуы жатады.
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі), «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысы, әдеп жөніндегі уәкілдің (болған жағдайда) құжатпен дәлелдеген мәліметтері еңбек тәртібін бұзу фактілері туралы ақпарат көздері болады.
22. Орындау және еңбек тәртібін әрбір бұзғаны үшін «Б» корпусының қызметшісіне әрбір бұзу фактісі үшін «-2» мөлшерінде айыппұл балдары қойылады.
23. Лауазымдық міндеттердің орындалуына бағалау жүргізу үшін «Б» корпусының қызметшісі тікелей басшыға осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағын келісу үшін жібереді.
24. Тікелей басшы «Б» корпусы қызметшісінің еңбек тәртібін бұзғаны туралы персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) және әдеп жөніндегі уәкілдің (болған жағдайда) берген мәліметтерін есепке ала отырып, бағалау парағында берілген деректердің анық қарап, оған түзетулер (болған жағдайда) енгізеді және оны келіседі.
25. Тікелей басшы келіскеннен кейін, бағалау парағын «Б» корпусының қызметшісі растайды.
«Б» корпусы қызметшісінің бас тартуы құжаттарды Бағалау жөніндегі комиссияның отырысына жіберу үшін кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметінің жұмыскері және «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысы еркін нысанда танысудан бас тарту туралы акт жасайды.
5. Жеке жұмыс жоспарын орындауды бағалау
26. Жылдық бағалау жүргізу үшін «Б» корпусының қызметшісі тікелей басшыға келісу үшін осы Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағын жолдайды.
27. Тікелей басшы бағалау парағын онда берілген мәліметтердің анықтығы тұрғысынан қарап, оғпн түзетулер енгізеді (болған жағдайда) және оны келіседі.
28. Тікелей басшымен келіскеннен кейін, бағалау парағын «Б» корпусының қызметшісі растайды.
«Б» корпусы қызметшісінің бас тартуы құжаттарды Бағалау жөніндегі комиссияның отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) жұмыскері және «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысы еркін нысанда танысудан бас тарту туралы акт жасайды.
6. Айналмалы бағалау
29. Айналмалы бағалау
1) тікелей басшыны;
2) «Б» корпусы қызметшісіне бағыныштыларды;
3) тікелей бағыныштылар болмаған жағдайда – «Б» корпусының қызметшісі жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшедегі қызметкерлерді (олар болған жағдайда) бағалауды білдіреді.
30. Осы Әдістеменің 29-тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетілген адамдардың тізбесін (үштен аспайтын) «Б» корпусы қызметшісінің лауазымдық міндеттері және қызметтік өзара іс-әрекетіне қарай персоналды басқару қызметі бағалау жүргізілгенге дейін бір айдан кешіктірмей белгілейді.
31. Осы Әдістеменің 29-тармағында көрсетілген тұлғалар осы Әдістеменің 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша айналмалы бағалау парағын толтырады.
32. Толтырылған бағалау парақтары оларды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде персоналды басқару қызметіне )кадр қызметіне) жіберіледі.
33. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) айналмалы бағалаудың орташа мәнін есептейді.
34. Айналмалы бағалау жасырын түрде жүргізіледі.
7. Қорытынды баға
35. «Б» корпусы қызметшісінің тоқсандық қорытынды бағасын тікелей басшысы мынадай формула бойынша есептейді:
мұндағы – тоқсандық баға;
a – көтермелеу балдары;
в – айыппұл балдары.
36. Тоқсандық қорытынды баға мынадай шәкіл бойынша қойылады:
80 балдан төмен - «қанағаттанарлықсыз»
80-нен 105 балға дейін – «қанағаттанарлық»
106-дан 130 балға дейін (қоса алғанда) – «тиімді»
130 балдан жоғары – «өте жақсы»
37. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Б» корпусы қызметшісінің жылдық қорытынды бағасын мына формула бойынша Бағалау жөніндегі комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:
мұндағы – жылдық баға;
– есептік тоқсандардың орташа бағасы (орташа арифметикалық мәні).
Бұл ретте тоқсандық бағалардың алынған орташа арифметикалық мәні осы Әдістеменің 37-тармағында көрсетілген шәкілді есепке ала отырып, бес баллдық бағалар жүйесіне келтіріледі, атап айтқанда:
«қанағаттанарлықсыз» мәніне (80 балдан төмен) – 2 балл,
«қанағаттанарлық» мәніне (80-нен 105 балға дейін) – 3 балл,
«тиімді» мәніне (106-дан 130 балға (қоса алғанда) дейін) – 4 балл,
«өте жақсы» мәніне (130 балдан астам) – 5 балл беріледі;
– жеке жұмыс жоспарының орындалуын бағалау (орташа арифметикалық мәні);
– айналмалы бағалау (орта арифметикалық мән).
38. Жылдық қорытынды баға мынадай шәкіл бойынша қойылады:
3 балдан төмен – «қанағаттанарлықсыз»;
3 балдан бастап 4 балға дейін – «қанағаттанарлық»;
4 балдан бастап 5 балға дейін – «тиімді»;
5 балл – «өте жақсы».
8. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы
39. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) Комиссия төрағасымен келісілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) Комиссияның отырысына мынадай құжаттарды:
1) толтырылған бағалау парақтарын;
2) толтырылған айналмалы бағалау парағын (жылдық бағалау үшін);
3) «Б» корпусы қызметшісінің лауазымдық нұсқаулығын;
4) осы Әдістемеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Комиссия отырысы хаттамасының жобасын тапсырады.
40. Комиссия бағалау нәтижелерін қарап мына шешімдердің біреуін қабылдайды:
1) бағалау нәтижелерін бекіту;
2) бағалау нәтижелерін қайта қарау.
Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті түсіндірмесі бар бағалауды мына жағдайларда:
1) егер «Б» корпусы қызметшісінің қызмет тиімділігі бағалау нәтижесінен асып кетсе, түзетеді. Бұл ретте «Б» корпусы қызметшісінің жұмыс нәтижелеріне құжаттамалық растау ұсынылады;
2) «Б» корпусы қызметшісін бағалау нәтижесін санаған кезде персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) қате жіберсе, түзейді.
41. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бағалау нәтижелерімен ол аяқталған күнне бастап екі жұмыс күні ішінде «Б» корпусының қызметшісін таныстырады.
«Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
«Б» корпусы қызметшісінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) жұмыскері танысудан бас тарту туралы еркін нысанда акт жасайды.
42. Осы Әдістеменің 40-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) сақталады.
9. Бағалау нәтижелеріне шағымдану
43. Комиссия шешіміне «Б» корпусы қызметшісінің мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
44. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық департаменті «Б» корпусы қызметшісінен шағым түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде шағымды қарайды және бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік органға Комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды.
45. Қабылданған шешім туралы ақпаратты мемлекеттік орган екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне береді.
46. «Б» корпусы қызметшісінің бағалау нәтижелеріне сотта шағымдануға құқығы бар.
10. Бағалау нәтижелері бойынша шешімдер қабылдау
47. Бонустар төлеу және оқу жөнінде шешім қабылдауға Бағалау нәтижелері негіз болып табылады.
48. Бонустар «өте жақсы» және «тиімді» бағалау нәтижелері бар «Б» корпусы қызметшілеріне төленеді.
49. «Б» корпусының қызметшісін оқыту (біліктілігін арттыру) жылдық бағалаудың қорытындылары бойынша «Б» корпусы қызметшісінің қанағаттанарлықсыз деп танылған қызметінің бағыты бойынша жүргізіледі.
«Б» корпусының қызметшісі Комиссия оның қызметін жылдық бағалаудың нәтижелерін бекіткеннен кейін, үш айдың ішінде біліктілік арттыру курстарына жіберіледі.
50. «Қанағаттанарлықсыз» деген баға алған «Б» корпусының қызметшісі мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш рет қабылданған тұлғаларға тәлімгер ретінде бекітілмейді.
51. «Б» корпусы қызметшісінің екі жыл қатарынан қорытындысы бойынша «қанағаттанарлықсыз» мәнінде бағалау нәтижелері оны лауазымында төмендету туралы шешім қабылдау үшін негіз болып табылады. Кез-келген төмен тұрған бос лауазым болмаған жағдайда, «Б» корпусының қызметшісі заңнамада белгіленген тәртіппен жұмыстан шығарылады.
52. «Б» корпусы қызметшілерінің жұмысын бағалау нәтижелері олардың қызметтік тізімдеріне енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін бағалау
әдістемесіне
1-қосымша
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің жеке жұмыс
жоспары жыл
_______________________________
(жеке жоспар жасалатын кезең)
Қызметшінің Т.А.Ә. (болған жағдайда)_________________________________
Қызметшінің лауазымы ________________________________________________
Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
№ | Шаралардың атауы* | Іс-шараның нәтижесі |
---|---|---|
1 |
||
2 |
||
3 |
||
4 |
… |
Ескертпе:
* - іс-шаралар Минитсрліктің стратегиялық мақсатына (мақсаттарына) (олар болмаған жағдайда, қызметшінің функционалдық міндеттеріне) сүйене отырып қол жеткізілу бағыты ескеріле отырып белгіленеді.
Іс-шаралардың саны мен күрделілігі мемлекеттік органға сәйкес келуі тиіс.
Қызметші |
Тікелей басшы |
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін бағалау
әдістемесіне
2-қосымша
Бағалау парағы
_____________________тоқсан_____жыл
(бағаланатын кезең)
Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (болған жағдайда) ____________________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы ____________________________________
Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Лауазымдық міндеттердің орындалуын бағалау
№ | Қызметшінің өзін-өзі бағалауы | Тікелей басшының бағалауы | Ескертпе | ||||
---|---|---|---|---|---|---|---|
Көтермеленетін көрсеткіштер мен қызмет түрлері туралы мәліметтер |
Орындау тәртібін бұзу фактілері туралы мәліметтер |
Еңбек тәртібін бұзу фактілері туралы мәліметтер |
Көтермеленетін көрсеткіштер мен қызмет түрлері туралы мәліметтер |
Орындау тәртібін бұзу фактілері туралы мәліметтер |
Еңбек тәртібін бұзу фактілері туралы мәліметтер |
||
1 |
|||||||
2 |
|||||||
3 |
|||||||
Өзін-өзі бағалау нәтижесі: |
Бағалау нәтижесі: |
Қызметші |
Тікелей басшы |
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін бағалау
әдістемесіне
3-қосымша
Бағалау парағы
_______________________ жыл
(бағаланатын жыл)
Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (болған жағдайда) ____________________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы ____________________________________
Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Жеке жоспардың орындалуын бағалау
№ | Аталуы | Мәні | Қызметшінің өзін-өзі бағалау нәтижелері | Басшының бағалау нәтижелері | Ескертпе |
---|---|---|---|---|---|
1 |
Іс-шара |
2-ден 5 ке дейін |
|||
2 |
Іс-шара |
2-ден 5 ке дейін |
|||
3 |
Іс-шара |
2-ден 5 ке дейін |
|||
4 |
… |
||||
Қызметші |
Тікелей басшы |
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін бағалау
әдістемесіне
4-қосымша
Айналмалы бағалау нәтижелері
__________________ жыл
(бағаланатын жыл)
Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (болған жағдайда) ____________________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы ____________________________________
Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
№ | Құзыреттің атауы | Мәні | Бағасы (балл) |
---|---|---|---|
Тікелей басшы | |||
1 |
Бастамашылығы |
2-ден 5 ке дейін |
|
2 |
Әрекеттестікке икемділігі |
2-ден 5 ке дейін |
|
3 |
Қызметтік әдепті сақтауы |
2-ден 5 ке дейін |
|
ЖИЫНЫ |
|||
Бағынышты адам | |||
1 |
Жұмысты жоспарлай білу |
2-ден 5 ке дейін |
|
2 |
Жұмысқа уәждеу білу |
2-ден 5 ке дейін |
|
3 |
Қызметтік әдепті сақтауы |
2-ден 5 ке дейін |
|
ЖИЫНЫ |
|||
Әріптесі | |||
1 |
Топта жұмыс істей білу |
2-ден 5 ке дейін |
|
2 |
Қызметтік әдепті сақтауы |
2-ден 5 ке дейін |
|
ЖИЫНЫ |
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін бағалау
әдістемесіне
5-қосымша
Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы
______________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
_____________________________________________________________
(бағалау түрі: тоқсандық /жылдық және бағаланатын кезең
(тоқсан және (немесе) жыл)
Бағалау нәтижелері
№ | Қызметшілердің Т.А.Ә. (болған жағдайда) | Бағалау нәтижелері туралы мәліметтер | Комиссияның бағалау нәтіжелерін түзетуі (болған жағдайда) | Комиссияның ұсынымдары |
---|---|---|---|---|
1 |
||||
2 |
||||
... |
Комиссия қорытындысы:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Тексерген:
Комиссия хатшысы ______________________________ Күні _____________
(Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы)
Комиссия төрағасы _____________________________ Күні _____________
(Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы)
Комиссия мүшесі _______________________________ Күні _____________
(Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы)
Комиссия мүшесі _______________________________ Күні _____________
(Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы)