Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 515 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 14 шілдеде № 13921 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 11) тармақшасына сәйкесБҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың еркіті түрде қоныс аудару тәртібі туралы қағидасы бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бір данасын баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
Т. Дүйсенова

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ____________ Б. Сұлтанов

      2016 жылғы "___"________


      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрінің

      міндетін атқарушы

      _____________ М. Құсайынов

      2016 жылғы "___"________


  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 14 маусымдағы
№ 515 бұйрығымен бекітілген

Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.06.2018 № 242 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.

      2. Қағидалар жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару тәртібін айқындайды.

      3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) аудандық (қалалық) комиссия – ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органы жанындағы Бағдарламаны іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия;

      2) әлеуметтік келісімшарт – жұмыссыздар, № 178 қаулыға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары, сондай-ақ Заңда көзделген жағдайларда өзге адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматы не оралман мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы, ал Заңда көзделген жағдайларда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастыруға тартылған жеке және заңды тұлғалардың тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу туралы, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы келісім;

      3) Бағдарламаға қатысушылар – жұмыс іздеп жүрген адамдар, жұмыссыз, жұмыспен қамтылғандардың жекелеген санаттары қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар, № 178 Қаулыға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге келген және оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген, тұрақты тұру үшін келген оралмандар мен қоныс аударушылар және қатысу басымдығы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 − 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасында (бұдан әрі − Бағдарлама) белгіленген азаматтардың өзге де санаттары;

      4) бос орын – жұмыс берушiдегi бос жұмыс орны (лауазым);

      5) "Еңбек биржасы" мемлекеттік интернет-ресурсы – еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын қамтитын, Интернет желісінде жұмыс істейтін, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларын көрсету мақсатында еңбек ресурстарын дамыту орталығы қолдап отыратын электрондық ақпараттық ресурс;

      6) әлеуметтік еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі – халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, халықты жұмыспен қамтудың жергілікті органдарының, халықты жұмыспен қамту орталықтарының, еңбек ресурстарын дамыту орталығының қызметін автоматтандыруға және әлеуметтік-еңбек саласында халыққа мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұсыну мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен (бұдан әрі - "Еңбек нарығы" ААЖ);

      7) жалдауға беруші (жалға беруші) – тұрғынжайды жалдау шартындағы тұрғынжайдың меншік иесі немесе тұрғын үйді жалдауға беруге меншік иесі уәкілеттік берген адам болып табылатын тарап;

      8) жалға берілетін үй – жеке және (немесе) заңды тұлғаға меншік құқығымен тиесілі, жалдауға беруге арналған тұрғын үй (тұрғын ғимарат), тұрғын үй-жайлар (пәтерлер);

      9) жалдаушы (жалға алушы) – тұрғынжайды жалдау шартындағы тұрғынжайды немесе оның бір бөлігін тұрақты немесе уақытша иеленуге және пайдалануға алушы тарап;

      10) жергiлiктi атқарушы орган (әкiмдік) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) басшылығымен өз құзыретi шегiнде тиiстi аумақта жергiлiктi мемлекеттiк басқару мен өзiн-өзi басқаруды басшылыққа алатын алқалы атқарушы орган;

      11) жұмыс күшi – жұмыспен қамтылған және жұмыссыз халық;

      12) жұмыссыз адам – жұмыс іздеуді жүзеге асыратын және жұмысқа кірісуге дайын жеке тұлға;

      13) коммуналдық қызметтер – тұрғын үйде (тұрғын ғимаратта) көрсетілетін және сумен жабдықтауды, кәрізді, газбен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, қоқысты әкету мен лифт қызметін көрсетуді қамтитын қызметтер;

      14) қоныс аударушы – Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударатын ішкі көшіп-қонушы;

      15) қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы – "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңына сәйкес (бұдан әрі – халықтың көші-қоны туралы Заңы) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қоныс аударушылардың немесе қоныс аударушылар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны;

      16) тұрғын үйді жалға алу (жалдау) – тұрғын үйді немесе оның бір бөлігін жалға берушіге (жалға алушыға) тұрақты немесе уақытша иелену және ақыға пайдалану үшін беру;

      17) қызметтік тұрғын үй – мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан берілетін және өздерінің еңбек қатынастарының сипатына байланысты міндеттерін орындау кезеңінде, оның ішінде мемлекеттік қызметшілердің ротациясын жүзеге асырған кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарын қоныстандыруға арналған айрықша құқықтық режимі бар тұрғын үй;

      18) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасы – халықтың көші-қоны туралы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін оралмандардың немесе оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны;

      19) Алып тасталды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 27.03.2019 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20) өңірлік даму мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – өңірлік даму саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік атқарушы орган;

      21) өңірлік комиссия (бұдан әрі – Комиссия) – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органының жанындағы, жергілікті өкілді органдардың, жұмыс берушілер өкілдерінің, кәсіптік одақтардың және облыстар, республикалық маңызы бар қала және астана кәсіпкерлер палатасының қатысуымен жұмыспен қамту бағдрламаларын іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия;

      22) өңіраралық қоныс аудару – жұмыс күші артық облыстардан (бұдан әрi – шығу өңірлері) жұмыс күші жетіспейтін облыстарға (бұдан әрi – қабылдаушы өңiрлер) қоныс аудару;

      23) облыс ішінде қоныс аудару – мемлекеттік тұрғын үй қорынан және/немесе жұмыс берушілердің қаражаты есебінен тұрғын үймен қамтамасыз ету және тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасу мүмкіндігі болған кезде экономикалық даму әлеуеті төмен ауылдардан облыстық (аудандық) маңызы бар қалаларға, экономикалық өсу орталықтарына қоныс аудару;

      24) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары – жұмыссыздар, № 178 қаулыға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары, сондай-ақ Заңда көзделген жағдайларда өзге адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарды жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғаудың және халықты жұмыспен қамтамасыз етудің, мемлекеттік қолдаудың Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын шаралары;

      25) халықты жұмыспен қамту орталығы – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға;

      26) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган – өңірлік еңбек нарығындағы ахуалға негіздей отырып, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің бағыттарын айқындайтын ауданның, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының құрылымдық бөлiмшесi;

      27) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 04.01.2019 № 5 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.03.2019 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.08.2019 № 461 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      4. Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аударуы 2 бағытта жүзеге асырылады: Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған қоныс аударушылар мен оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасы шеңберінде өңіраралық және облыс ішіндегі қоныс аудару.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.08.2019 № 461 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Өңіраралық қоныс аудару үшін қабылдау өңірлерінің халықты жұмыспен қамту орталықтары жыл сайын 1 ақпанға дейін қоныс аудару алдағы жылға мыналар:

      1) жұмыс берушілердің еңбек ресурстарына қажеттілігі;

      2) кәсіптер бөлінісінде жұмыс берушілердің жұмыс күшіне сұранысын қанағаттандыру үшін қосымша еңбек ресурстарын тарту қажеттілігін анықтап, үш жұмыс күні ішінде халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға ол туралы ақпарат жібереді.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.08.2019 № 461 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Қабылдау өңірінің халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы халықты жұмыспен қамту орталығының ақпараты негізінде шығу өңірлерінен кәсіптер бөлінісінде қосымша еңбек ресурстарын тарту жөніндегі ұсыныстарды қарайды және өңірлік комиссияға жолдайды.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.08.2019 № 461 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Қоныстандыру өңірлерінің өңірлік комиссиясы шығу өңірлерінен қосымша еңбек ресурстары тартылатын Кәсіптер тізбесін (бұдан әрі – Тізбе), мамандарға қойылатын талаптарды, жұмыс жағдайларын бекітеді.

      Тізбеге мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде іске асырылатын жобаларға тарту үшін білікті жұмыскерлердің кәсіптері қосылады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.08.2019 № 461 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдау өңірлерінің халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органдары қоныс аударушылар мен оралмандарды қабылдау мүмкіндігі туралы ақпаратты халықты жұмыспен қамту мәселелер жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.08.2019 № 461 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган ақпараттық ресурсында орналастыру арқылы осы ақпаратқа басқа өңірлердің жергілікті атқарушы органдарының қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

      10. Шығу және қабылдау өңірлерінің шығу өңірлерінде бос жұмыс орындары жәрмеңкелерін ұйымдастыру, қоныс аударушылардың қажетті саны, еңбек нарығындағы жағдай, жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс, әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жағдайлары туралы ақпарат ұсыну және қабылдау өңірлеріне танысу үшін баруды ұйымдастыру жолымен өңіраралық ерікті қоныс аудару бойынша өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді.

      11. Қабылдау өңірлерінің халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы бекітілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде бекітілген Тізбені және қабылдау шарттары туралы ақпаратты шығу өңірлерінің халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдарына жібереді.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.08.2019 № 461 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Шығу өңірлерінің халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органдары қабылдау өңірінен бекітілген Тізбені алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өздерінің интернет-ресурстарында қабылдау өңірлері мен қабылдау шарттары туралы ақпаратты орналастыру үшін оны халықты жұмыспен қамту орталықтарына жібереді.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.08.2019 № 461 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органдар азаматтардың ерікті түрде қоныс аударуын ұйымдастыру үшін облыс шегінде ауылдар мен облыстық (аудандық) маңызы бар қалалар тізбесінің жобасын облыс ішіндегі қоныс аудару үшін өңірлік комиссияның қарауына енгізеді.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.08.2019 № 461 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Өңірлік комиссия жыл сайын, 15 қаңтарға қарай азаматтардың ерікті түрде қоныс аударуын ұйымдастыру үшін облыс шегінде ауылдар мен облыстық (аудандық) маңызы бар қалалардың тізбесін бекітеді және тізбені халықты жұмыспен қамту орталықтарына/ауылдық округтердің әкімдеріне жібереді.

      15. Халықты жұмыспен қамту орталықтары/ауылдық округтердің әкімдері ауылдардың және облыстық (аудандық) маңызы бар қалалардың бекітілген тізбесіне сәйкес халық арасында облыс ішінде қоныс аудару мүмкіндіктері туралы ақпараттық жұмыс жүргізеді.

2-тарау. Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аударуын ұйымдастыру тәртібі

1-параграф. Өңіраралық қоныс аудару тәртібі

      16. Ерікті өңіраралық қоныс аударуға қатысушылар оралмандармен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген адамдар мен және олардың отбасы болып табылады.

      17. Халықты жұмыспен қамту орталықтары ерікті өңіраралық қоныс аударуға мынадай санаттағы адамдарға және олардың отбасы мүшелеріне:

      1) жұмыс іздеп жүрген адамдарға;

      2) жұмыссыздарға;

      3) № 178 қаулыға сәйкес жұмыспен қамтылғандардың жекелеген санаттарына жәрдем көрсетеді.

      Ерікті өңіраралық қоныс аударуға:

      1) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар, оның ішінде балалар ауылының тәрбиеленушілері және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған он алты жастан жиырма үш жасқа дейінгі балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектері, сондай-ақ "Мәңгілік ел жастары - индустрияға!" ("Серпін") жобасы шеңберіндегі түлектер;

      2) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері оқу орнын аяқтаған соң үш жыл ішінде;

      3) жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші – жеке тұлға қызметінің тоқтатылуына, жұмыскерлер санының немесе штатының қысқаруына, жұмыс берушінің экономикалық жағдайының нашарлауына әкеп соққан өндірістердің және орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемінің төмендеуіне байланысты жұмыстан босатылған адамдар;

      4) "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы № 28 ақпандағы № 264 қаулысына сәйкес 10 пайыз көлеміндегі белгіленген квотамен қабылдау өңірлерінде оқитын ауыл жастары қатарынан түлектер басымдықты пайдаланады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.08.2019 № 461 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Жұмысқа орналасу үшін жаңа тұрғылықты жерге ерікті тұрде қонысаудару үшін жұмыс іздеп жүрген адамдар мен жұмыссыздар арасында:

      1) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар, оның ішінде балалар ауылының тәрбиеленушiлерi және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған он алты жастан жиырма үш жасқа дейiнгi балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектері;

      2) Халықтың көші-қоны туралы Заңының 8-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өңірлерге қоныс аударатын оралмандар;

      3) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері оқу орнын аяқтаған соң үш жыл ішінде;

      4) жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші – жеке тұлға қызметінің тоқтатылуына, жұмыскерлер санының немесе штатының қысқаруына, жұмыс берушінің экономикалық жағдайының нашарлауына әкеп соққан өндірістердің және орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемінің төмендеуіне байланысты жұмыстан босатылған адамдар;

      5) № 264 қаулыға сәйкес 10 пайыздық мөлшерде квота белгіленген, қабылдау өңірлерінде білім алушы ауыл жастары қатарынан түлектер басым пайдаланады.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 04.01.2019 № 5 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Шығу өңірлерінің жұмыспен қамту орталықтары ерікті өңіраралық қоныс аударуға ниет білдірген үміткерлерге Бағдарламаға қатысу және мемлекеттік қолдау шараларын көрсету тәртібі мен шарттары туралы консультация береді.

      20. Оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген үміткерлер мен олардың отбасы мүшелері ерікті өңіраралық қоныс аударуға қатысу үшін "Оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 20 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13334 болып тіркелген) бекітілген тіртіппен қабылданған шешімнің негізінде қабылдау өңірінің жұмыспен қамту орталығына жүгінеді және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өздерін Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу туралы өтініш береді

      21. Халықты жұмыспен қамту орталығы шешімнің негізінде үміткерлерді Бағдарламаға қатысышулардың қатарына енгізіп, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша олармен Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу бойынша мемлекеттік қолдау көрсету туралы әлеуметтік келісімшарты жасасады.

2-параграф. Облыс ішіндегі қоныс аударуды ұйымдастыру тәртібі

      22. Жұмыссыздар, жұмыс іздеп жүрген адамдар және № 178 қаулыға сәйкес жұмыспен қамтылғандардың жекелген санаттары облыс ішінде ерікті түрде қоныс аударуға қатысушылар болып табылады.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.08.2019 № 461 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      23. Жұмысқа орналасу үшін жаңа тұрғылықты жерге қоныс аударуға жұмыс іздеп жүрген адамдар және жұмыссыздар арасында:

      1) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар, оның ішінде балалар ауылының тәрбиеленушiлерi және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған он алты жастан жиырма үш жасқа дейiнгi балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектері;

      2) алып тасталды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.08.2019 № 461 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен;

      3) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері оқу орнын аяқтаған соң үш жыл ішінде;

      4) жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші – жеке тұлға қызметінің тоқтатылуына, жұмыскерлер санының немесе штатының қысқаруына, жұмыс берушінің экономикалық жағдайының нашарлауына әкеп соққан өндірістердің және орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемінің төмендеуіне байланысты жұмыстан босатылған адамдар;

      5) Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде оқуды аяқтаған қатысушылар басым пайдаланады.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 04.01.2019 № 5 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.08.2019 № 461 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      24. Бір облыс шегінде қоныс аударуды жоспарлап отырған Бағдарламаға қатысқысы келетін үміткерлер тұрғылықты жеріндегі халықты жұмыспен қамту орталықтарына/ауылдық округтер әкімдеріне жүгінеді.

      25. Халықты жұмыспен қамту орталықтары не ауылдық округтердің әкімдері үміткерлерге облыс ішіндегі ерікті қоныс аударуға қатысу тәртібі мен шарттары және көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары туралы консультация береді.

      26. Үміткерлер келісім берген жағдайда халықты жұмыспен қамту орталығына осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша және құжаттарды қоса бере отырып өтініш береді.

      27. Өтінішке мынадай құжаттар:

      1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      2) еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болса) қоса беріледі.

      28. Халықты жұмыспен қамту орталықтары бес жұмыс күні ішінде басқа ауданға көшкісі келетіндердің Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу туралы өтінішті халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға ерін аудан ішінде көшкісі келетіндердікін аудандық (қалалық) комиссияның қарауына жібереді.

      29. Облыстың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы облыс шегінде облыстық (аудандық) маңызы бар қалаға көшкісі келетін адамдардың өтініштері мен құжаттары келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оларды өңірлік комиссияның қарауына жібереді.

      30. Өңірлік және аудандық (қалалық) комиссиялар өтініш берген адамдардың құжаттарын қарау қорытындысы бойынша өтініштер келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде облыс ішінде көшетін азаматтарға қатысты Бағдарламаға қатысушылар құрамына енгізу не енгізуден бас тарту туралы ұсынымдар әзірлейді.

      31. Өңірлік және аудандық (қалалық) комиссиялар өтініштер келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде әзірленген ұсынымдарды халықты жұмыспен қамту орталықтарына жібереді.

      32. Өңірлік және аудандық (қалалық) комиссияның отырысы Бағдарламаға қатысуға өтініштер мен осы Қағидаларының 28-тармағымен көзделген құжаттардың келіп түсуіне қарай өткізіледі.

      33. Халықты жұмыспен қамту орталықтары ұсынымдарды алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде комиссиялардың ұсынымдары негізінде өтініш берушілерді облыс ішінде қоныс аудару үшін Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосады

      34. Халықты жұмыспен қамту орталықтары шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде облыс ішінде қоныс аударуға қатысатын адамдарға қабылданған шешім туралы еркін нысанда байланыс құралдары арқылы хабарлайды.

      35. Халықты жұмыспен қамту орталықтары комиссияның оң қорытынды бар үміткерге осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көшуге жолдама береді.

      Үміткерлердің көшуі өздігінен жүзеге асырылады.

      36. Халықты жұмыспен қамту орталықтары көшіп келген Бағдарламаға қатысушылармен осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу бойынша мемлекеттік қолдау көрсету туралы әлеуметтік келісімшарт жасайды.

3-параграф. Көшуге субсидиялар, тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге субсидияларды төлеу тәртібі

      37. Бағдарламаға қатысушыларға жаңа тұрғылықты жерге келгеннен кейін жұмыскердің көшуі жұмыс берушінің есебінен жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, Бағдарламада белгіленген мөлшерінде көшуге материалдық көмек көрсетіледі және тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шығыстары өтеледі.

      38. Көшуге субсидияны ұсыну үшін Бағдарламаға қатысушылар халықты жұмыспен қамту орталығына көшуге субсидия беру туралы осы Қағидаларға 3 қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

      39. Тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге субсидиялар беру үшін Бағдарламаға қатысушылар халықты жұмыспен қамту орталығына осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге субсидиялар беру туралы өтініш береді.

      40. Бағдарламаға қатысушыға және оның отбасы мүшелеріне (бар болса), оның ішінде жалғызбастыларына тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге материалдық көмек беріледі

      41. Бағдарламаға қатысушының келісімімен оның меншігіне тұрғын үй сатып алуы үшін аудандық/қалалық комиссия ұсынымдары негізінде отбасына бір жылға есептелген сома шегінде материалдық көмек сомасын бір рет төлеуге жол беріледі.

      42. Отбасына жылына тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге есептелген сома шегінде меншікке тұрғын үйді сатып алу үшін біржолғы төлем алдын ала сату-сатып алу шарты болған кезде жүзеге асырылады.

      Бағдарламаға қатысушының және оның отбасы мүшелерінің жаңа тұрғылықты жері бойынша соңғы 6 айдан астам мерзімде меншік құқығында тұрғын үйі не тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйі бар болған жағдайда жаңа тұрғылықты жері бойынша тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй не жатақханадан бөлме берілмейді, тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге субсидия төленбейді.

      Көшуге субсидиялар, тұрғын үй жалдау (жалға алу) және коммунальдық қызметтер бойынша шығыстарды өтеуге субсидиялар қабылдау өңірінде тұрақты тіркелген сәттен бастап алты айдан кешіктірмей өтініш берген жағдайда беріледі.

      43. Егер қабылдау өңірлерінде сатып алынатын тұрғын үйдің құны:

      1) біржолғы төлем мөлшерінен төмен болса, сомалар айырмасы Бағдарламаға қатысушыда қалады;

      2) біржолғы төлемнің мөлшерінен жоғары болса, құнының айырмасын Бағдарламаға қатысушы өзінің ақшалай қаражаты есебінен өтейді.

      44. Халықты жұмыспен қамту орталығы төлемдерді тағайындау туралы шешімді өтініш берген күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде қабылдайды.

4-параграф. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан қызметтік тұрғын үйлерді, және жатақханалардан бөлмелерді беру және жайластыру тәртібі

      45. Жергілікті атқарушы органдардың тапсырыстары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударатын Бағдарламаға қатысушыларға жұмыс беруші жұмыскерге тұрғынжай ұсынған жағдайды қоспағанда, тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй және жатақханалардан бөлме беріледі.

      Ескерту. 45-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.08.2019 № 461 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      46. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй әр адамға кемiнде он бес шаршы метр және он сегiз шаршы метрден аспайтын пайдалы алаң көлемінде берiледi.

      47. Бағдарламаға қатысушы мен қоныстандыру жерінің халықты жұмыспен қамту орталығы арасында "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1420 қаулысымен бекітілген нысан бойынша мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi жалдау (қосымша жалдау) шарты жасалады.

      48. Жатақханадан бөлмелер жиырма тоғыз жасқа дейінгі еңбекші жастарға (оның ішінде балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған балаларға) олардың бұрынғы тұрған жеріне, оның ішінде облыс орталықтарында тұрғанына қарамастан беріледі.

      49. Жастар, оның ішінде некеде тұрған жастар үшін жатақханалардан бөлмелер мынадай:

      1) жасының жиырма тоғызға дейін болуы;

      2) қолданыстағы еңбек шартының немесе әлеуметтік келісімшарттың болуы шарттарына сәйкес келгенде беріледі.

      Жастарға арналған жатақханадағы бөлмелер бес жылға дейінгі мерзімге беріледі және жекешелендіруге жатпайды.

      50. Жастарға арналған жатақханадағы бөлме, тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй комиссия қабылдаған тұрғын үй беру туралы шешімнің және халықты жұмыспен қамту орталығы мен Бағдарламаға қатысушы арасында жасалған тұрғын үйді, қызметтік тұрғын үйді және жатақханадағы бөлмені жалдау (қосымша жалдау) туралы шарттың негізінде беріледі.

      51. Бағдарламаға қатысушының немесе еңбек етуге қабілетті отбасы мүшесінің екі айдан астам қолданыстағы еңбек шарты немесе мемлекеттік қолдау көрсету туралы әлеуметтік шарты болмаған жағдайда тұрғын үйді, қызметтік тұрғын үйді, жастарға арналған жатақханадағы бөлмені жалдау (қосымша жалдау) шарты бұзылады.

      Ескерту. 51-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.08.2019 № 461 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      52. Егер шарт жасасу туралы ұсыныс жасалған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Бағдарламаға қатысушы жалдау (қосымша жалдау) шартына қол қоймаса, халықты жұмыспен қамту орталығы жастарға арналған жатақханадан бөлмені, тұрғын үйді, қызметтік тұрғын үйді Бағдарламаның басқа қатысушысына қайта бөледі.

      53. Халықты жұмыспен қамту орталығы Бағдарламаға қатысушымен жастарға арналған жатақханадан бөлмені, тұрғын үйді, қызметтік тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шартын халықты жұмыспен қамту орталығының (қоныстандыру жерінің) тұрғын үй комиссиясы тиісті шешім қабылдағаннан кейін бес жұмыс күні ішінде жасайды.

      54. Бағдарламаға қатысушы жастарға арналған жатақханадан бөлмені, тұрғын үйді, қызметтік тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шартының тарапы болады.

      55. Жастарға арналған жатақханадан бөлмені, тұрғын үйді, қызметтік тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шарты 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде (бұдан әрі – Азаматтық кодекс) көзделген тәртіппен екі данада жасалады.

      Жастарға арналған жатақханалардан бөлмені, тұрғын үйді, қызметтік тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шартының бір данасы халықты жұмыспен қамту орталығында сақталады, екіншісі өтініш берушіге беріледі және жастарға арналған жатақханадан бөлмеге, тұрғын үйге, қызметтік тұрғын үйге қоныстануға құқық беретін жалғыз құжат болып табылады.

      56. Жалдау (қосымша жалдау) шарты күнтізбелік бір жыл мерзімге жасалады және тараптардың біреуі шарт аяқталғанға дейін күнтізбелік бір ай қалғанда жалдау (қосымша жалдау) шартының талаптарына сәйкес хабарлама (еркін нысанда) жіберген жағдайларды қоспағанда, жыл сайын (жатақханадағы бөлмені жалға алудың бесжылдық мерзімі аяқталғанға дейін) автоматты түрде ұзартылады.

      57. Бағдарламаға қатысушылар қызметтік тұрғын үйлерді "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 109-бабы 2-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес жекешелендіреді.

      58. Қоныс аударған Бағдарламаға қатысушы қайтыс болған жағдайда бұрын жасалған жалдау (қосымша жалдау) шарты қалалық (аудандық) комиссияның келісімімен тұрғын үй комиссиясының шешімі бойынша жалға алушы отбасының кәмелетке толған мүшесімен ұзартылады.

      59. Отбасының кәмелетке толған мүшесі болмаған жағдайда жалдау (қосымша жалдау) шарты қалалық (аудандық) комиссияның келісімімен отбасының кәмелетке толмаған мүшесінің (мүшелерінің) заңды өкілдерімен жасалады.

      Ескерту. 59-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.08.2019 № 461 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      60. Жалға алушының ауысуы тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шартын қайта ресімдеуге алып келеді.

      61. Бағдарламаға қатысушыларға жастарға арналған жатақханадан бөлме, тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй бір рет қана мүмкіндік беріледі.

      62. Төтенше жағдайлардың немесе күшпен еңсеруге келмейтін (форс-мажор) өрт, жер сілкіну, су тасқыны сияқты жағдайлардың нәтижесінде жастарға арналған жатақхана, тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй апаттық, авариялық, тұру үшін жарамсыз болып танылған жағдайда Бағдарламаға қатысушыға бос тұрғын үй болған кезде соған теңестірілген басқа тұрғын үй беріледі.

      63. Жастарға арналған жатақханадан бөлмені, тұрғын үйді, қызметтік тұрғын үйді жалға алудың ай сайынғы төлемінің мөлшерін (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7232 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлем мөлшерін есептеу әдістемесіне сәйкес халықты жұмыспен қамту орталығы айқындайды.

      64. Тұрғын үйді бөлудің осы тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 162 қаулысымен бекітілген "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасы (бұдан әрі – Жол картасы) шеңберінде салынған (сатып алынған) қызметтік тұрғын үйлерге және еңбекші жастарға арналған жатақханаларға, сондай-ақ жергілікті бюджет есебінен салынған және (немесе) сатып алынған тұрғын үйлер мен жатақханаларға қолданылады.

      Жол картасы шеңберінде салынған (сатып алынған) қызметтік тұрғын үйлер мен жатақхана Халықты жұмыспен қамту орталықтарының теңгерімінен аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының коммуналдық меншігіне беріледі.

5-параграф. Өңіраралық қоныс аударуға жәрдем көрсететін жұмыс берушіге қолдау шараларын ұсыну тәртібі

      65. Өңіраралық қоныс аударуға жұмыс берушілердің жәрдем көрсетуі үшін Халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыс берушілерге ерікті өңіраралық қоныс аудару шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларын көрсету тәртібі мен шарттары туралы консультация береді.

      66. Ерікті өңіраралық қоныс аударуға Бағдарламаға қатысқысы келетін жұмыс берушілер қабылдау өңірінің халықты жұмыспен қамту орталықтарына Бағдарламаға қатысушылардың қатарына қосу және субсидия төлеу туралы осы Қағидаларға 5-қосымша сәйкес нысан бойынша өтінішті мынадай құжаттардың:

      1) өңірлік комиссияның оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешімінің;

      2) өз бетінше қоныс аударушыны қоныс аударған кезден бастап бір жыл ішінде жұмыс берушінің жұмысқа қабылдау туралы актісінің не жұмыскермен жасалған, әрбір жұмыскер үшін жұмыс берушінің қолымен және мөрімен (бар болса) расталған еңбек шартының көшірмелерімен қоса береді.

      Ескерту. 66-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.08.2019 № 461 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      67. Халықты жұмыспен қамту орталығы мынадай:

      өтінім белгіленген нысанға сәйкес келген, ұсынылған құжаттар толық, өтінімде және құжаттарда көрсетілген мәліметтер толық болған жағдайда –өтінімді қабылдайды;

      өтінім белгіленген нысанға сәйкес келмеген, ұсынылған құжаттар толық болмаған және (немесе) өтінімде және құжаттарда көрсетілген мәліметтер толық болмаған жағдайда – үміткерге өтінімді және оған қоса берілген құжаттарды қайтарады.

      68. Халықты жұмыспен қамту орталығы өтінішті қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жұмыс беруішіні Бағдарламаға қатысушылардың құрамына енгізу туралы не бас тартудың дәлелді негіздемесімен одан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Жұмыс берушіні Бағдарлама қатысушылардың құрамына енгізуден бас тарту үшін жұмыс берушіде жалақы төлеу бойынша сондай-ақ есептелген салықтар, алымдар және бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдер бойынша үш аудан асқан берешектің болуы негіз болып табылады.

      69. Халықты жұмыспен қамту орталығы, қатысушы және жұмыс беруші арасында осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу бойынша мемлекеттік қолдау көрсету туралы үшжақты әлеуметтік келісімшарт жасалады.

      70. Өңіраралық қоныс аударуға жәрдем көрсетіп жатқан жұмыс берушіге Бағдарламада белгіленген мөшелшерде субсидиялар беріледі.

      71. Халықты жұмыспен қамту орталығы әлеуметтік келісімшарт жасасқан күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жұмыс берушіге субсидиялар тағайындау туралы шешім қабылдайды.

      Өңіраралық қоныс аударуға жәрдем көрсететін жұмыс берушілерге субсидия беру Халықты жұмыспен қамту орталығының шешімі негізінде жүзеге асырылады.

      72. Жұмыс берушілерге субсидиялар Бағдарламаға қатысушы мен оның отбасы мүшелері жаңа тұрғылықты жерге келгеннен кейін беріледі.

      73. Жұмыс берушіге берілген субсидиялар бұрын алған салық, алым және өзгеде міндетті төлемдер бойынша, жалақы , кредиттер, займдар бойынша берешекті өтеуге бағыттамайды.

      74. Жұмыс берушілерге төленген және олар мақсатсыз пайдаланған субсидиялар халықты жұмыспен қамту орталығынан субсидияны қайтару туралы талапты алған күннен бастап күнтізбелік 20 күн ішінде бюджетке қайтаруға жатады, қайтарылмаған жағдайда даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен шешіледі.

      75. Бағдарламаға қатысушылар және ерікті түрде қоныс аударуды іске асыруға қатысатын жұмыс берушілер туралы мәліметтер "Еңбек нарығы" ААЖ-да орналастырылады.

      76. Өңіраралық ерікті қоныс аударуға қатысушы қоныс аударушылар мен оралмандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету Бағдарламаның 5.3.2-бөліміне сәйкес жүзеге асырылады.

      Құрылыс кезінде жергілікті атқарушы орган осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үшжақты әлеуметтік келісімшарт жасайды, оның шарттарының бірі Бағдарламаға қатысушының жұмыс берушіде 5 жыл бойы жұмыспен өтеуі болып табылады.

      Ескерту. 5-параграф 76-тармақпен толықтырылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 04.01.2019 № 5 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      77. Жергілікті атқарушы орган, жұмыс беруші және Бағдарламаға қатысушы арасында "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1420 қаулысымен бекітіліген нысан бойынша тұрғын үйді 20 жылдық мерзімге бере отырып, мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi жалдаудың шарты жасалады.

      Бюджеттік сала жұмыскерлері қатарындағы қатысушыларға жаңа тұрғын үйді сатып алуды жұмыс берушілердің қажеттілігінің негізінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.

      Ескерту. 5-параграф 76-тармақпен толықтырылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 04.01.2019 № 5 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Жұмыс күшінің ұтқырлығын
арттыру үшін адамдардың
ерікті түрде қоныс
аудару қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  ________________________
ауданының (қаласының)
халықты жұмыспен қамту
орталығының директорына
кімнен
_______________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)

Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу туралы өтініш

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 04.01.2019 № 5 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Мені және менің отбасы мүшелерімді "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашада № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аударуына жәрдемдесу бағыты бойынша қатысушылар қатарына қосуды сұраймын.

      Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін:

      1)_________________________________________________________________;

      2)_________________________________________________________________;

      3)_________________________________________________________________;

      4)_________________________________________________________________;

      5)_________________________________________________________________;

      6)_________________________________________________________________.

      Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің көзделген белсенді шараларын алуға қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

      Барлығы _________________ құжат ___________________ парақта.

      Көшу шарттарымен таныстым.

      Күні қолы

      --------------------------------------------------------------------------------------------

      (кесу сызығы)

      Өтініш 20__ жылғы "___" ____________ қабылданды, № ________ болып тіркелді.

      Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және

      қолы: _________________________

      _____________ ___________

                  күні             қолы

  Жұмыс күшінің ұтқырлығын
арттыру үшін адамдардың
ерікті түрде қоныс
аудару қағидаларына
2-қосымша
Нысан

Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу бойынша мемлекеттік қолдау көрсету туралы әлеуметтік келісімшарт

      _________________________                        20__ жылғы "___" ________________

      (жасалған орны)

      Бұдан әрі "Халықты жұмыспен қамту орталығы" деп аталатын

      __________________________________ атынан _______________________________________

      (Халықты жұмыспен қамту орталығының атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі)

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      бір тараптан және бұдан әрі "Бағдарламаға қатысушы" деп аталатын

      ________________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі, жеке басын

      куәландыратын құжаттың сериясы, нөмірі, қашан және кім берген)

      екінші тараптан төмендегі туралы осы әлеуметтік келісімшартты (бұдан әрі – Келісімшарт) жасады:

1. Келісімшарттың мәні

      1. Келісімшарт жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға

      жәрдемдесу, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шараларын көрсету мақсатында жасалды.

      2. Келісімшарт тараптары Халықты жұмыспен қамту орталығы және Бағдарламаға

      қатысушы болады.

      Келісімшарт шеңберінде Бағдарламаға қатысушыға мынадай мемлекеттік қолдау

      шаралары:_______________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________ ұсынылады.

      (Бағдарламаға қатысушыға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шараларын көрсету)

      3. Келісімшарт Халықты жұмыспен қамту орталығы директорының 20 __ жылғы "__"

      ___________ № ___ бұйрығы негізінде жасалды.

2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      4. Халықты жұмыспен қамту орталығының:

      1) Бағдарламаға қатысушыдан көшуге субсидия, тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтуге субсидия тағайындау және тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй (еңбекші жастарға арналған жатақханалардан бөлмелер) беру үшін өтініш пен құжаттар топтамасын қабылдауға;

      2) тұрғын үй комиссиясының Бағдарламаға қатысушыға тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй (еңбекші жастарға арналған жатақханалардан бөлмелер) беру туралы шешімін қабылдауға;

      3) Бағдарламаға қатысушымен тұрғын үйді, қызметтік тұрғын үйді (еңбекші жастарға арналған жатақханалардан бөлмелерді) жалға беру шартын жасауға;

      4) көшуге субсидиялар, тұрғын үйді жалдау (жалға алу) бойынша шығыстарды өтеуге субсидия тағайындау туралы шешім қабылдауға және субсидияларды Бағдарламаға қатысушының дербес шотына аударуды жүзеге асыруға;

      5) Бағдарламаға қатысушының тұрғын үйге, қызметтік тұрғын үйге (еңбекші жастарға арналған жатақханалардағы бөлмеге) қоныстануын қамтамасыз етуге;

      6) Бағдарламаға қатысушыны жаңа тұрғылықты жері бойынша тіркеуге жәрдемдесуге;

      7) Қағидаларда ескертілген жағдайларда Бағдарламаға қатысушы отбасының кәмелеттік жасқа толған басқа мүшелерімен тұрғын үйді жалға алу шартын қайта жасауға құқығы бар.

      5. Халықты жұмыспен қамту орталығы:

      1) Бағдарламаға қатысушының тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасуына жәрдемдесуге және оны бақылауды жүзеге асыруға;

      2) Бағдарламаға қатысушы мен жұмыс берушінің келісімшартты орындауына мониторингті жүзеге асыруға;

      3) тараптардың міндеттемелерін орындауына мониторингті жүзеге асыруға қажетті ақпаратты, құжаттарды және материалдарды тараптардан сұратуға және алуға;

      4) Бағдарламаға қатысушының көшу тәртібіне, мерзіміне қатысты ақпаратты шыққан жеріндегі Халықты жұмыспен қамту орталығынан сұратуға;

      5) Бағдарламаға қатысушы мен жұмыс берушіден Келісімшарт талаптарының уақтылы және тиісінше орындалуын талап етуге;

      6) Келісімшарт талаптары орындалмаған және (немесе) тиісінше орындалмаған жағдайда тұрғын үйді, қызметтік тұрғын үйді (еңбекші жастарға арналған жатақханалардан бөлмені) жалға алу шартын бұзуға;

      7) жұмысқа орналастырудың жеке картасында Бағдарламаға қатысушының қоныс аударғаннан кейін тұрақты жұмысқа орналасқаны туралы мәліметтерді көрсетуге міндетті.

      6. Бағдарламаға қатысушының:

      1) Халықты жұмыспен қамту орталығына көшуге субсидиялар, тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтердің ақысын төлеу бойынша шығыстарды өтеуге субсидия тағайындау және тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй (еңбекші жастарға арналған жатақханалардан бөлмелер) бөлу үшін өтініш пен қажетті құжаттар топтамасын тапсыруға;

      2) шыққан жерінің Халықты жұмыспен қамту орталығынан көшудің тәртібі, мерзімі және қабылдау шарттары туралы, оның ішінде тұрғын үймен, қызметтік тұрғын үймен (еңбекші жастарға арналған жатақханалардан бөлмемен) қамтамасыз ету және тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша ақпарат алуға;

      3) Келісімшарт тараптарынан келісімшарттың уақтылы және тиісінше орындалуын талап етуге;

      4) келісімшартта көзделген мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқығы бар.

      7. Бағдарламаға қатысушы:

      1) көшуге жолдама алғаннан кейін белгіленген мерзімдерде айқындалған елді мекенге келуге;

      2) Халықты жұмыспен қамту орталығымен тұрғын үйді, қызметтік тұрғын үйді (еңбекші жастарға арналған жатақханалардан бөлмелерді) жалға беру шартын жасауға және оған белгіленген мерзімде қоныстануға;

      3) жұмысқа орналасқаннан кейін тұрғын үй жинақтау жүйесіне қатысуға;

      4) жұмыс беруші ұсынған тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасуға не кейіннен жұмысқа орналасумен кәсіптік оқытудан өтуге;

      5) коммуналдық және жалға алу ақысын уақтылы төлеуге;

      6) тараптардың міндеттемелерін орындауына мониторингті жүзеге асыруға қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды уақтылы және толық көлемде тараптардың сұратуы бойынша ұсынуға;

      7) өзіне көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде жүктелген міндеттемелерді адал атқаруға;

      8) қоныстану жерінен он екі ай ішінде кеткен (отбасымен) жағдайда көшуге алған субсидиялардың және тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге субсидиялардың сомаларын бюджетке өтеуге міндетті.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.08.2019 № 461 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      8. Алып тасталды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.08.2019 № 461 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Әскери қызметке шақырылған, осы елді мекенде тұруға мүмкіндік бермейтін сырқаттанушылықты, жұмыс берушінің өтінімі бойынша басқа жерге оқуға жіберілген жағдайларды қоспағанда, Бағдарламаға қатысушының отбасы мүшелерінің бірі қоныстандырған жерінен кеткен жағдайда, кеткен отбасы мүшесі алған көшуге берілетін субсидия сомасы бюджетке қайтарылады.

3. Тараптардың жауапкершілігі

      10. Халықты жұмыспен қамту орталығы мен Бағдарламаға қатысушылар осы Келісімшартта көзделген өз міндеттемелерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жауаптылықта болады.

      11. Жұмыспен қамту орталығының мен Бағдарламаға қатысушылар осы Келісімшартта көзделмеген жауапкершілік шаралары Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының нормаларына сәйкес қолданылады.

      12. Осы Келісімшарттың қолданылу мерзімінің аяқталуы Жұмыспен қамту орталығын Бағдарламаға қатысушыларды осы мерзімнің аяқталуына дейін болған оны бұзғаны үшін жауапкершіліктен босатпайды.

4. Еңсерілмейтін күш жағдаяттары

      13. Халықты жұмыспен қамту орталығы мен Бағдарламаға қатысушы осы Келісімшартқа қол қойылғаннан кейін туындаған өрт, жер сілкінісі, су тасқыны және апатты құбылыстар, әскери әрекеттер сияқты төтенше жағдайларда немесе күшпен еңсеруге келмейтін жағдайларда (форс-мажор) міндеттемелерін толық немесе ішінара орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.

      14. Форс-мажорлық жағдайлар туындаған кезде, осы Келісімшартқа сәйкес қандай да болмасын міндеттемесінің орындалуы осындай жағдайдың туындауына орай мүмкін болмай қалған Халықты жұмыспен қамту орталығы мен Бағдарламаға қатысушы форс-мажорлық жағдай туындаған немесе тоқтатылған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде жазбаша нысанда (осы келісімшарт бойынша өз міндеттемелерінің орындалмауы мүмкіндігін уәждемелеп және негіздеп) хабардар етуге міндеттенеді.

      15. Хабардар етпеу немесе уақтылы хабарламау, Халықты жұмыспен қамту орталықты мен Бағдарламаға қатысушыны мұндай хабардар етпеу немесе уақтылы хабарламау тиісті форс-мажорлық жағдайлардан тікелей туындаған жағдайларды қоспағанда, осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалмауы үшін жауапкершіліктен босатушы негіздеме ретінде кез келген форс-мажорлық жағдайға сілтеме жасаудан айырады.

      Форс-мажорлық жағдайлардың басталуы немесе тоқтатылуы туралы хабарлама форс-мажорлық жағдайлар жалпыға белгілі және көпшілік сипатта болған әрі дәлелдеуді қажет етпейтін жағдайларды қоспағанда, құжатпен не мұндай жағдайдарды растайтын тиісті органның және/немесе мекеменің шешімімен расталуға тиіс.

      16. Осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалу мерзімі форс-мажорлық жағдайлар, сондай-ақ осы жағдайлардан туындаған салдар орын алған уақытқа тең болады. Егер форс-мажорлық жағдайлардың туындауына байланысты Халықты жұмыспен қамту орталығының және Бағдарламаға қатысушының осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің толық немесе ішінара орындалмауы _____ (кезеңі көрсетілсін) асатын болса, онда осы Келісімшартты бұзуға құқылы.

5. Басқа да жағдайлар

      17. Келісімшартқа тараптардың келісімі бойынша қосымша әлеуметтік келісімшартқа қол қою арқылы өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

      18. Осы Келісімшарт оған Халықты жұмыспен қамту орталығы, Бағдарламаға қатысушы және жұмыс беруші қол қойған сәттен бастап күшіне енеді және 20__ жылғы "__" ______ дейін қолданылады.

6. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелері

Халықты жұмыспен қамту орталығы
____________________________________
(Халықты жұмыспен қамту орталығының
толық атауы)
____________________________________
(заңды мекенжайы)
____________________________________
(телефон, факс)
____________________________________
(уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса))
____________________________________
(қолы)
М.О.

Бағдарламаға қатысушы
____________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
____________________________________
(мекенжайы)
____________________________________
(телефон, факс)
____________________________________
(қолы)

  Жұмыс күшінің ұтқырлығын
арттыру үшін адамдардың
ерікті түрде қоныс
аудару қағидаларына
3-қосымша
Нысан

Көшуге субсидия беруге ӨТІНІШ

      Кімнен _________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі)

      Сiзден __________________________________________________________________________

      (көшу себебi көрсетiледi)

      байланысты маған және менің отбасы мүшелерiме, отбасымның мынадай құрамын ескере отырып:

Р/с

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туыстық қатынасы

Туған жылы

























      көшуге субсидия тағайындауды және төлеудi сұраймын.

      Бiзге тиесiлi көшуге берілетін субсидияның сомасын ___________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (банктiң атауы, банктiң бизнес, жеке сәйкестендіру номірі, банктiң банктік сәйкестендіру

      коды, алушының жеке шотының нөмiрi көрсетiледi) аударуды сұраймын. Өтінішке екінші

      деңгейдегі банкте ашқан жеке шотымның нөмірін қоса беремін.

      20 __ жылғы "___" _____________                              _______________________

      (өтініш берушінің қолы)

  Жұмыс күшінің ұтқырлығын
арттыру үшін адамдардың
ерікті түрде қоныс
аудару қағидаларына
4-қосымша
Нысан

Тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге субсидия беруге өтініш

      Кімнен _________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі)

      Сiзден __________________________________________________________________________

      (көшу себебi көрсетiледi)

      байланысты маған және менің отбасы мүшелерiме, отбасымның мынадай құрамын ескере отырып:

Р/с

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туыстық қатынасы

Туған жылы

























      тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша

      шығыстарды өтеуге субсидия тағайындауды және төлеудi сұраймын.

      Бiзге тиесiлi көшуге берілетін субсидияның сомасын

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (банктiң атауы, банктiң бизнес, жеке сәйкестендіру номірі, банктiң банктік сәйкестендіру

      коды, алушының жеке шотының нөмiрi көрсетiледi)

      аударуды сұраймын.

      Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін:

      1)екінші деңгейдегі банкте ашқан жеке шотымның нөмірі;

      2)жалға алу шарты немесе сатып алу шарты.

      20 __ жылғы "___" ____                                    __________________________

      (өтініш берушінің қолы)

  Жұмыс күшінің ұтқырлығын
арттыру үшін адамдардың
ерікті түрде қоныс
аудару қағидаларына
5-қосымша
Нысан
_______________ ауданының
(қаласының) Халықты
жұмыспен қамту орталығының
директорына

Өтінім

      Осы арқылы _______________________________________________________________

      (жұмыс берушінің атауы)

      атынан негізінде әрекет ететін______________________________________________________

      (Ереже, жарғы)

      ________________________________________________________________________________

      (уәкілетті өкілдің лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      және арасында жасалған ___________________________________________________________

      (Халықты жұмыспен қамту орталығының атауы)

      ________________________________________________________________________________

      (Бағдарламаға қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      20__ жылғы "___" ______ № ______________ әлеуметтік келісімшартқа қосылуға ниет білдіреді.

      Мәселе оң шешiлген жағдайда төмендегілер туралы:

      1) Бағдарламаға қатысушыны жұмысқа орналастыру;

      2) Бағдарламаға қатысушының көшу бойынша шығыстарын төлеу, жаңа тұрғылықты

      жерде орнығуына жәрдемақы беру, қызметтік тұрғын үй беру немесе жұмыскердің тұрғын

      үйді жалдау бойынша шығыстарын өтеу, жұмыскердің тұрғын үй сатып алуға жұмсаған

      шығыстарын ішінара өтеу, жұмыскердің мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының

      қызметтеріне ақы төлеу шығыстарын толықтай немесе ішінара өтеу міндеттемелерін

      қабылдайды.

Р/с

Жұмысқа кім ретінде қабылдау жоспарланып отыр

Ай

Айлық жалақының мөлшерi, теңге

Субсидияның жоспарлы мөлшерi, теңге

1

2

3

4

5






      Қосымша:

      1. Көшу, жаңа тұрғылықты жерде орнығуына жәрдемақы беру, қызметтік тұрғын үй беру

      немесе жұмыскердің тұрғын үйді жалдау бойынша шығыстарын өтеу, жұмыскердің тұрғын үй

      сатып алуға жұмсаған шығыстарын ішінара өтеу, жұмыскердің мектепке дейінгі білім беру

      ұйымдарының қызметтеріне ақы төлеу шығыстарын толық немесе ішінара өтеу бойынша

      шығыстар сметасы.

      Басшы _____________________ _____________________

      Қолы                        күні

      М.О. (бар болса)

  Жұмыс күшінің ұтқырлығын
арттыру үшін адамдардың ерікті
түрде қоныс аудару
қағидаларына 6-қосымша
  Нысан

Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу бойынша мемлекеттік қолдау көрсету туралы әлеуметтік келісімшарт

      Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.08.2019 № 461 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      ________________________                   20__ жылғы "___" ________________

                  (жасалған орны)

      Бұдан әрі "Халықты жұмыспен қамту орталығы" деп аталатын

      _______________________________ атынан _____________________

      (Халықты жұмыспен қамту орталығының атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі,

      лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      бір тараптан, бұдан әрі "Бағдарламаға қатысушы" деп аталатын

      ________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі, жеке басын куәландыратын құжаттың сериясы, нөмірі, қашан және кім берген) атынан екінші тараптан және "Жұмыс беруші" деп аталатын

      ________________________________________________________________

      (жұмыс берушінің атауы, заңды өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), бизнес сәйкестендіру нөмірі, жұмыс берушінің заңды мекен-жайы) үшінші тараптар төмендегі туралы осы әлеуметтік келісімшартты (бұдан әрі – Келісімшарт) жасады:

      1. Келісімшарттың мәні

      1. Келісімшарт жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шараларын көрсету мақсатында жасалды.

      2. Келісімшарт тараптары Халықты жұмыспен қамту орталығы және Бағдарламаға қатысушы, ал Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 515 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13921 болып тіркелген) бекітілген Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар) көзделген жағдайларда жұмыс беруші болады. Келісімшарт шеңберінде Бағдарламаға қатысушыға мынадай мемлекеттік қолдау шаралары:

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      _____________________________________________________ ұсынылады.

      (Бағдарламаға қатысушыға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шараларын көрсету)

      1. Келісімшарт Халықты жұмыспен қамту орталығы директорының 20 ___ жылғы "____"___________ № ____ бұйрығы негізінде жасалды.

      2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      4. Халықты жұмыспен қамту орталығының:

      1) Бағдарламаға қатысушыдан көшуге субсидия, тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтуге субсидия тағайындау және тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй (еңбекші жастарға арналған жатақханалардан бөлмелер) беру үшін өтініш пен құжаттар топтамасын қабылдауға;

      2) тұрғын үй комиссиясының Бағдарламаға қатысушыға тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй (еңбекші жастарға арналған жатақханалардан бөлмелер) беру туралы шешімін қабылдауға;

      3) Бағдарламаға қатысушымен тұрғын үйді, қызметтік тұрғын үйді (еңбекші жастарға арналған жатақханалардан бөлмелерді) жалға беру шартын жасауға;

      4) көшуге субсидиялар, тұрғын үйді жалдау (жалға алу) бойынша шығыстарды өтеуге субсидия тағайындау туралы шешім қабылдауға және субсидияларды Бағдарламаға қатысушының дербес шотына аударуды жүзеге асыруға;

      5) Бағдарламаға қатысушының тұрғын үйге, қызметтік тұрғын үйге (еңбекші жастарға арналған жатақханалардағы бөлмеге) қоныстануын қамтамасыз етуге;

      6) Бағдарламаға қатысушыны жаңа тұрғылықты жері бойынша тіркеуге жәрдемдесуге;

      7) Қағидаларда ескертілген жағдайларда Бағдарламаға қатысушы отбасының кәмелеттік жасқа толған басқа мүшелерімен тұрғын үйді жалға алу шартын қайта жасауға құқығы бар.

      5. Халықты жұмыспен қамту орталығы:

      1) Бағдарламаға қатысушының тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасуына жәрдемдесуге және оны бақылауды жүзеге асыруға;

      2) Бағдарламаға қатысушы мен жұмыс берушінің келісімшартты орындауына мониторингті жүзеге асыруға;

      3) тараптардың міндеттемелерін орындауына мониторингті жүзеге асыруға қажетті ақпаратты, құжаттарды және материалдарды тараптардан сұратуға және алуға;

      4) Бағдарламаға қатысушының көшу тәртібіне, мерзіміне қатысты ақпаратты шыққан жеріндегі Халықты жұмыспен қамту орталығынан сұратуға;

      5) Бағдарламаға қатысушы мен жұмыс берушіден Келісімшарт талаптарының уақтылы және тиісінше орындалуын талап етуге;

      6) Келісімшарт талаптары орындалмаған және (немесе) тиісінше орындалмаған жағдайда тұрғын үйді, қызметтік тұрғын үйді (еңбекші жастарға арналған жатақханалардан бөлмені) жалға алу шартын бұзуға;

      7) жұмысқа орналастырудың жеке картасында Бағдарламаға қатысушының қоныс аударғаннан кейін тұрақты жұмысқа орналасқаны туралы мәліметтерді көрсетуге міндетті.

      6. Бағдарламаға қатысушының:

      1) Халықты жұмыспен қамту орталығына көшуге субсидиялар, тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтердің ақысын төлеу бойынша шығыстарды өтеуге субсидия тағайындау және тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй (еңбекші жастарға арналған жатақханалардан бөлмелер) бөлу үшін өтініш пен қажетті құжаттар топтамасын тапсыруға;

      2) көшудің тәртібі, мерзімі және қабылдау шарттары туралы, оның іщінді тұрғын үймен, қызметтік тұрғын үймен (еңбекші жастарға арналған жатақханалардан бөлмемен) қамтамасыз ету және тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасу мәселелері бойынша ақпаратты шыққан жерінің Халықты жұмыспен қамту орталығынан алуға;

      3) Келісімшарт тараптарынан келісімшарттың уақтылы және тиісінше орындалуын талап етуге;

      4) келісімшартта көзделген мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқығы бар.

      7. Бағдарламаға қатысушы:

      1) көшуге жолдама алғаннан кейін белгіленген мерзімдерде айқындалған елді мекенге келуге;

      2) Халықты жұмыспен қамту орталығымен тұрғын үйді, қызметтік тұрғын үйді (еңбекші жастарға арналған жатақханалардан бөлмелерді) жалға беру шартын жасауға және оған белгіленген мерзімде қоныстануға;

      3) жұмысқа орналасқаннан кейін тұрғын үй жинақтау жүйесіне қатысуға;

      4) жұмыс беруші ұсынған тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасуға не кейіннен жұмысқа орналасумен кәсіптік оқытудан өтуге;

      5) коммуналдық және жалға алу ақысын уақтылы төлеуге;

      6) тараптардың міндеттемелерін орындауына мониторингті жүзеге асыруға қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды уақтылы және толық көлемде тараптардың сұратуы бойынша ұсынуға;

      7) өзіне көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде жүктелген міндеттемелерді адал атқаруға;

      8) қоныстану жерінен алты ай ішінде кеткен жағдайда (отбасымен) көшуге алған субсидиялардың сомаларын бюджетке өтеуге міндетті.

      8. Жұмыс берушінің:

      1) көшудің тәртібі, мерзімі және қабылдау шарттары туралы, оның ішінде тұрғын үймен, қызметтік тұрғын үймен (еңбекші жастарға арналған жатақханалардағы бөлмемен) қамтамасыз ету және тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасу мәселелері жөніндегі ақпаратты шығу жеріндегі Халықты жұмыспен қамту орталығынан алуға;

      2) Келісімшарт тараптарынан келісімшарттың уақтылы және тиісінше орындалуын талап етуге құқығы бар.

      9. Жұмыс беруші:

      1) тұрақты жұмыс орнына қабылдаған күннен бастап кемінде күнтізбелік отыз алты ай мерзіміне кемінде бес Бағдарламаға қатысушыны жұмысқа жұмысқа орналастыруға;

      2) жұмысқа қабылдау немесе одан бас тарту туралы халықты жұмыспен қамту орталығын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде хабардар етуге;

      3) Бағдарламаға қатысушымен 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Еңбек кодексі) сәйкес еңбек шартын жасауға;

      4) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Салық кодексі), "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Бағдарламаға қатысушылар алған табыстарынан жеке табыс салығын және міндетті зейнетақы жарналарын ұстауды және аударуды, сондай-ақ әлеуметтік салық төлеуді және орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін Бағдарламаға қатысушыларға төленетін жұмыс берушінің табыс түріндегі төлейтін шығыстарынан әлеуметтік аударымдар аударуды жүргізуге;

      5) халықты жұмыспен қамту орталығының сұратуы бойынша Бағдарламаға қатысушыға міндетті зейнетақы аударымдары аударылғанын растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынуға;

      6) қажет болған жағдайда Бағдарламаға қатысушыны кейіннен жұмысқа орналастыру үшін кәсіптік оқытуға жіберуге міндетті.

      10. Әлеуметтік келісімшарттың талаптарына сәйкес Бағдарламаға қатысушы (отбасымен бірге) қоныстандырған жерінен он екі ай ішінде кеткен жағдайда, кеткен күнінен бастап көшуге берілетін субсидияның және тұрғын үй жалдау (жалға беруге) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге берілетін субсидияның алынған сомасы республикалық бюджетке өтеледі.

      11. Әскери қызметке шақырылған, осы елді мекенде тұруға мүмкіндік бермейтін сырқаттанушылықты, жұмыс берушінің өтінімі бойынша басқа жерге оқуға жіберілген жағдайларды қоспағанда, Бағдарламаға қатысушының отбасы мүшелерінің бірі қоныстандырған жерінен кеткен жағдайда, кеткен отбасы мүшесі алған көшуге берілетін субсидия сомасы бюджетке қайтарылады.

      3. Тараптардың жауапкершілігі

      12. Жұмыспен қамту орталығы, Бағдарламаға қатысушылар және жұмыс берушілер осы Келісімшартта көзделген өз міндеттемелерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жауаптылықта болады.

      13. Жұмыс берушілермен Бағдарламаға қатысушыны жұмысқа орналастыру жөніндегі міндеттемені орындамаған жағдайда жұмыс берушілер жұмыскердің көшу бойынша шығыстарын өтеуге жаңа тұрғылықты жерде орнығуға жәрдемақы ұсынуға, жұмыскерге қызметтік тұрғын үй беруге немесе тұрғын үйді жалдау бойынша шығыстарын өтеуге, жұмыскердің тұрғын үй сатып алуға шығыстарын ішінара өтеу, жұмыскердің мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметтеріне ақы төлеу шығыстарын толық немесе ішінара өтеуге мемлекеттің көтерген шығыстарын өтейді.

      14. Халықты жұмыспен қамту орталығының мен Бағдарламаға қатысушылармен жұмыс берушілердің осы Келісімшартта көзделмеген жауапкершілік шаралары Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының нормаларына сәйкес қолданылады.

      15. Осы Келісімшарттың қолданылу мерзімінің аяқталуы Жұмыспен қамту орталығын Бағдарламаға қатысушыларды және жұмыс берушілерді осы мерзімнің аяқталуына дейін болған оны бұзғаны үшін жауапкершіліктен босатпайды.

      4. Еңсерілмейтін күш жағдаяттары

      16. Жұмыспен қамту орталығымен Бағдарламаға қатысушылар және жұмыс берушілер осы Келісімшартқа қол қойылғаннан кейін туындаған өрт, жер сілкінісі, су тасқыны және апатты құбылыстар, әскери әрекеттер сияқты төтенше жағдайларда немесе күшпен еңсеруге келмейтін жағдайларда (форс-мажор) міндеттемелерін толық немесе ішінара орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.

      17. Форс-мажорлық жағдайлар туындаған кезде, осы Келісімшартқа сәйкес қандай да болмасын міндеттемесінің орындалуы осындай жағдайдың туындауына орай мүмкін болмай қалған Жұмыспен қамту орталығы, Бағдарламаға қатысушылар және жұмыс берушілер форс-мажорлық жағдай туындаған немесе тоқтатылған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде жазбаша нысанда (осы келісімшарт бойынша өз міндеттемелерінің орындалмауы мүмкіндігін уәждемелеп және негіздеп) хабардар етуге міндеттенеді.

      18. Хабардар етпеу немесе уақтылы хабарламау, Жұмыспен қамту орталығыны Бағдарламаға қатысушыны және жұмыс берушіні мұндай хабардар етпеу немесе уақтылы хабарламау тиісті форс-мажорлық жағдайлардан тікелей туындаған жағдайларды қоспағанда, осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалмауы үшін жауапкершіліктен босатушы негіздеме ретінде кез келген форс-мажорлық жағдайға сілтеме жасаудан айырады.

      Форс-мажорлық жағдайлардың басталуы немесе тоқтатылуы туралы хабарлама форс-мажорлық жағдайлар жалпыға белгілі және көпшілік сипатта болған әрі дәлелдеуді қажет етпейтін жағдайларды қоспағанда, құжатпен не мұндай жағдайдарды растайтын тиісті органның және/немесе мекеменің шешімімен расталуға тиіс.

      19. Осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалу мерзімі форс-мажорлық жағдайлар, сондай-ақ осы жағдайлардан туындаған салдар орын алған уақытқа тең болады. Егер форс-мажорлық жағдайлардың туындауына байланысты Жұмыспен қамту орталығының, Бағдарламаға қатысушынының және жұмыс берушінің осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің толық немесе ішінара орындауының мүмкін болмауы _____ (кезеңі көрсетілсін) асатын болса, онда осы Келісімшартты бұзуға құқылы.

      5. Басқа да жағдайлар

      20. Келісімшартқа тараптардың келісімі бойынша қосымша әлеуметтік келісімшартқа қол қою арқылы өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

      21. Осы Келісімшарт оған Халықты жұмыспен қамту орталығы, Бағдарламаға қатысушы және жұмыс беруші қол қойған сәттен бастап күшіне енеді және 20__ жылғы "__" ______ дейін қолданылады.

      6. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелері

Халықты жұмыспен қамту орталығы

Бағдарламаға қатысушы

Жұмыс беруші

_________________________
(Халықты жұмыспен қамту орталығының толық атауы)
_________________________
(заңды мекенжайы)
_________________________
(телефон, факс)
_________________________
(уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
_________________________
(қолы)
М.О.

_________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
_________________________
(мекенжайы)
_________________________
(телефон, факс)
_________________________
(қолы)

_________________________
(заңды тұлғаның атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі/, жеке тұлғаның аты-жөні, жеке сәйкестендіру нөмірі)
_________________________
_________________________
(заңды мекен-жайы)
_________________________
_________________________
(банктік сәйкестендіру нөмірі)
_________________________
_________________________
(банк атауы)
_________________________
_________________________
(уәкілетті өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
_________________________
(қолы)
М.О.

  Жұмыс күшінің ұтқырлығын
арттыру үшін ерікті қоныс
аудару қағидаларына
7-қосымша
Нысан

Қоныс аударуға № ____ жолдама

      Қатысушы ______________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (елді мекеннің/ауданның/облыстың атауы)

      тұру және ________________________ мамандығы (кәсібі) бойынша жұмысқа

      (кәсіп/мамандық атауы)

      орналасу үшін жіберіледі.

      Онымен бірге ____________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (өтініш берушіге туыстық қатынасы/тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      қоныс аударады.

      Халықты жұмыспен қамту

      орталығының директоры _____________________________________ ________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))            (қолы)

      Берілген күні

      М.О.

      ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

      (кесу сызығы)

      Жолдама берген Халықты жұмыспен қамту орталығына қайтарылады

      № ____ жолдамаға хабарлама

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (қоныстанған аудан/қала, облыстың халықты жұмыспен қамту орталығы)

      ________________________________________________________________________________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі)

      201__ жылғы "__"_________ жасалған № ________ әлеуметтік келісімшартқа сәйкес

      (201_ жылғы________ № ___ бұйрық) Бағдарламаға қатысушы болып табылады және оған

      ________________________________________________________________________________

      (елді мекеннің/ауданның/облыстың атауы)

      ________________________________________________________________________________

      (жұмыс берушінің атауы, заңды мекенжайы, байланыс телефондары)

      кейіннен жұмысқа орналасумен тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, жатақханадан бөлме беріледі

      (қажеттінің астын сызу).

      Халықты жұмыспен қамту

      орталығының директоры _____________________________________ _____________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))            (қолы)

      Күні __________________

      М.О.