"Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/305 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 166 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 1 маусымда № 13761 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 25 мамырдағы № 181 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.05.2020 № 181 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз!

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/305 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 11223 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық Қағидалардың 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 7-тармағының 3) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Ауыл шаруашылығы министрі

А. Мамытбеков

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      _____________ Ә. Исекешев

      2016 жылғы 5 мамыр

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _____________ Б. Сұлтанов

      2016 жылғы 4 мамыр

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _____________ Е. Досаев

      2016 жылғы 3 мамыр



  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2016 жылғы 8 сәуірдегі
№ 166 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 6 сәуірдегі
№ 4-4/305 бұйрығымен
бекітілген

Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда)
субсидиялау қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджетте көзделген қаражат есебiнен және шегiнде тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау (бұдан әрі – субсидиялар) тәртiбiн айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) отандық тыңайтқыштарды өндiрушi (бұдан әрi – тыңайтқыштарды өндіруші) – Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын, Қазақстан Республикасында тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) өндiрудi жүзеге асыратын және оларды тіркеген жеке немесе заңды тұлға;

      2) тыңайтқыштарды жеткізуші – шетелдік өндірістің тыңайтқыштарын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) өткізуді жүзеге асыратын және оларды тіркеген жеке немесе заңды тұлға;

      3) тыңайтқыштарды сатушы – тыңайтқыштарды өндіруші, тыңайтқыштарды жеткізуші немесе шетелдік тыңайтқыштарды өндіруші;

      4) шетелдiк тыңайтқыштарды өндiрушi – шетелдік өндіріс тыңайтқыштарын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) тіркеген Қазақстан Республикасының бейрезиденті.

      3. Тыңайтқыштарды өндірушілер тізбесін инвестициялар және даму саласындағы уәкiлеттi орган облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының сұратуы бойынша бередi.

      4. Субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесі және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литрiне) арналған субсидиялардың шекті нормалары (бұдан әрі – тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормалары) екі данада жасалады және облыс, республикалық маңызы бар қала, Астана әкімінің, олар болмаған жағдайда – олардың міндеттерін атқарушы адамдардың қолы қойылған ілеспе хатпен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) келісуге беріледі.

      Тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормаларын Министрлікке келісуге берген кезде субсидиялардың белгіленген нормасын негіздейтін құжаттар (тыңайтқыштарды ғылыми негізделген енгізу нормаларын ескере отырып субсидиялауға жататын тыңайтқыш түрлерінің көлемдері бойынша есептемелер, тиісті тыңайтқыштар түрлерінің қалыптасқан нарықтық бағаларын растайтын құжаттар) қоса беріледі.

      Оң шешім шығарған жағдайда, Министрлік тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормаларының бір данасын тиісті ілеспе хатпен кері қайтарады. Теріс шешім шығарған жағдайда, Министрлік тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормаларының екі данасын да дәлелді негіздемесі бар хатпен пысықтауға жолдайды.

      Тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормалары облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының қаулысымен бекітіледі.

      Тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормаларына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу осы тармақтың бірінші – төртінші бөліктерінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

      5. Облыстың (бұдан әрі – облыс басқармасы), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ауыл шаруашылығы басқармалары (бұдан әрі – қала басқармасы) тыңайтқыштар құнын субсидиялау жөніндегі ай сайынғы жеке қаржыландыру жоспарын оны бекіткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде тиісті интернет-ресурста орналастырады.

2. Субсидиялар алушылар

      6. Субсидиялар ағымдағы жылы және өткен жылғы 4 (төртінші) тоқсанда тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштарға жұмсалған шығындарды өтеу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге (бұдан әрі – ауылшартауарынөндіруші) төленеді.

3. Субсидиялар алу шарттары

      7. Субсидиялар мынадай шарттар сақталған жағдайда төленеді:

      1) ауылшартауарынөндірушінің осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толық құнымен сатып алынған тыңайтқыштар үшін субсидиялар алуға өтiнiмді (бұдан әрі – өтінім):

      ауданның, республикалық маңызы бар қаланың ауыл шаруашылығы бөліміне (бұдан әрі – бөлім) немесе қала басқармасына не "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) жазбаша нысанда;

      не "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық түрде беруі.

      Ауылшартауарынөндіруші тыңайтқыштарды шарт негізінде тыңайтқыштарды өндірушіден арзандатылған құнмен сатып алған жағдайда осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзіне тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтiнiмді (бұдан әрі – төлеу туралы өтінім):

      бөлімге немесе қала басқармасына не Мемлекеттік корпорацияға жазбаша нысанда;

      не "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық түрде береді.

      Бұл жағдайда субсидиялар тыңайтқыштарды өндірушіге төленеді;

      2) өтінім берушіде жерді пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің болуы;

      3) ауылшартауарынөндірушінің облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы бекіткен тұқым сатып алу (пайдалану) нормаларына сәйкес көлемде өткен жылғы 4 (төртінші) тоқсанда немесе ағымдағы жылы бірінші көбейтілгеннен төмен емес тұқымдарды және (немесе) алғашқы буын будандарын (мақтаның екінші көбейтілгеннен төмен емес тұқымын) сатып алуы (бар болуы) (осы тармақша бірегей тұқым өндірушілерге, элиталық тұқым өсіруші шаруашылықтарға, тұқым өсіруші шаруашылықтарға, ауыл шаруашылығы бейініндегі ғылыми-зерттеу ұйымдарына және көкөніс пен бақша дақылдарын, көпжылдық дәнді және бұршақты шөптер өсірген кездегі тыңайтқыштарға субсидия алуға өтінім берген ауылшартауарынөндірушілерге қолданылмайды).

4. Субсидияларды есептеу тәртібі

      8. Субсидиялар ауылшартауарынөндіруші өтінім берген тыңайтқыштардың түрлеріне және көлеміне (өтінімдерде көрсетілген егістік алаңына енгізудің ғылыми-негізделген нормаларын ескере отырып) және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы бекіткен тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормаларына сүйене отырып есептеледі.

      9. Тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литрiне) арналған субсидиялар нормалары пайыздық қатынаста:

      1) отандық өндіріс тыңайтқыштарын сатып алған кезде өткізілген тыңайтқыш құнының 50 %-ына (қоса алғанда) дейін;

      2) шетелдік өндіріс тыңайтқыштарын сатып алған кезде алынған тыңайтқыштар құнының 30 %-ына (қоса алғанда) дейін құрайды.

      Осы Қағидалардың 4-тармағының төртінші бөлігіне сәйкес субсидиялар нормалары белгіленген кезде отандық және шетелдік өндіріс тыңайтқыштарына арналған субсидиялар мөлшерлері арасындағы айырмашылық Қағидалардың осы тармағында белгіленген айырмашылыққа барабар сәйкес келеді.

      10. Ауылшартауарынөндіруші құны субсидия нормасына есептелген тыңайтқыштың құнынан төмен тыңайтқыштарға өтінім немесе төлеу туралы өтінім берген жағдайда, субсидияларды есептеу нақты сатып алынған тыңайтқыштар құнынан жүргізіледі.

      Ауылшартауарынөндіруші құны субсидия нормасына есептелген тыңайтқыштың құнынан жоғары тыңайтқыштарға өтінім немесе төлеу туралы өтінім берген жағдайда, субсидиялар облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы бекіткен, субсидиялар нормасы есептелген тыңайтқыш құны бойынша төленеді.

      11. Тыңайтқыштар құнында қосылған құн салығы, қаптау, таңбалау құны, республиканың тиiстi өңiрiндегi жеткiзу (жiберу) пунктiне дейiнгi көлiк шығыстары ескеріледі.

5. Субсидиялар төлеу тәртібі

      12. Тиісті жылдың 1 наурызына дейін бөлiм (қала басқармасы) жылдың табиғи-климаттық жағдайын ескере отырып, өтінімдерді немесе төлеу туралы өтінімдерді қабылдау басталатын және аяқталатын күнді белгілейді және тиісті интернет-ресурста, сондай-ақ ресми баспа басылымдарында өтінімдерді немесе төлеу туралы өтінімдерді қабылдаудың басталуы мен аяқталуы туралы хабарландыруды орналастырады.

      Бұл ретте өтінімдерді немесе төлеу туралы өтінімдерді қабылдау аяқталатын күн тиісті жылдың 1 желтоқсанынан ерте белгіленеді.

      13. Бөлім (қала басқармасы) ауылшартауарынөндіруші өтінім немесе төлеу туралы өтінім ұсынған сәттен бастап екі жұмыс күнi iшiнде олардың осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген шарттарға сәйкестігін тексереді.

      Өтінімді немесе төлеу туралы өтінімді қабылдау кезінде ауылшартауарынөндірушіге күні мен уақыты, өтінімді немесе төлеу туралы өтінімді қабылдаған адамның тегі және аты-жөні көрсетілген талон беріледі.

      14. Бөлім өтінімді немесе төлеу туралы өтінімді тексеру аяқталғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде ауылшартауарынөндірушіге субсидиялар беруде оң шешім болған жағдайда, өтінімді немесе төлеу туралы өтінімді облыс басқармасына жібереді, теріс шешім болған жағдайда, субсидиялар бермеудің себептерін көрсете отырып, ауылшартауарынөндірушіні жазбаша түрде хабардар етеді.

      Бұл ретте бөлім осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялар бермеудің себебін көрсете отырып, субсидиялар беруде теріс шешім қабылданған ауылшартауарынөндірушілердің тізбесін жасайды және оны ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 5-іне дейінгі мерзімде облыс басқармасына беріп отырады.

      Субсидиялар беруде теріс шешім "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабының 2-тармағымен белгіленген негіздер бойынша қабылданады.

      15. Облыс басқармасы екі жұмыс күні ішінде:

      өтінім түскеннен кейін қазынашылықтың аумақтық бөліміне ауылшартауарынөндірушілердің шотына тиесілі субсидияларды аудару үшін төлем шоттарының тізілімін және (немесе) төлем шотын береді;

      төлеу туралы өтінімдер түскеннен кейін осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тыңайтқыштарды отандық тыңайтқыштарды өндірушіден арзандатылған құнмен сатып алған кезде ауылшартауарынөндірушілерге тиесілі субсидияларды төлеу туралы мақұлданған өтінімдер тізімін (бұдан әрі – төлеу туралы мақұлданған өтінімдер тізімі) жасайды, оны тиісті интернет-ресурста орналастырады және бір мезгілде тыңайтқыштарды өндірушіге жібереді.

      16. Тыңайтқыштарды өндіруші төлеу туралы мақұлданған өтінімдер тізімі түскеннен кейін ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 5-іне дейінгі мерзімде облыс басқармасына осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауылшартауарынөндірушілер бөлінісінде субсидияланатын тыңайтқыштардың нақты өткізілген көлемдері жөніндегі тізілімді (бұдан әрі – нақты сату тізілімі) береді.

      17. Облыс басқармасы нақты өткізу тізілімі түскеннен кейін екі жұмыс күні ішінде қазынашылықтың аумақтық бөліміне тыңайтқыштарды өндірушілердің шоттарына тиесілі субсидияларды аудару үшін төлем шоттарының тізілімін және (немесе) төлем шотын береді.

      18. Қала басқармасы өтінімді тексергеннен кейін екі жұмыс күні ішінде ауылшартауарынөндірушіге субсидиялар беруде оң шешім болған жағдайда, қазынашылықтың аумақтық бөліміне ауылшартауарынөндірушілердің шоттарына тиесілі субсидияларды аудару үшін төлем шоттарының тізілімін және (немесе) төлем шотын береді, теріс шешім болған жағдайда, субсидиялар бермеудің себебін көрсете отырып, ауылшартауарынөндірушіні жазбаша түрде хабардар етеді.

      Бұл ретте қала басқармасы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялар бермеудің себебін көрсете отырып, субсидиялар беруде теріс шешім қабылданған ауылшартауарынөндірушілердің тізбесін жасайды.

      Субсидиялар беруде теріс шешім "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабының 2-тармағымен белгіленген негіздер бойынша қабылданады.

      19. Қала басқармасы екі жұмыс күні ішінде төлеу туралы өтінімдер түскеннен кейін төлеу туралы мақұлданған өтінімдер тізімін жасайды, оны тиісті интернет-ресурста орналастырады және бір мезгілде тыңайтқыштарды өндірушіге жібереді.

      20. Тыңайтқыштарды өндіруші төлеу туралы мақұлданған өтінімдер тізімі түскеннен кейін ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 5-іне дейінгі мерзімде қала басқармасына нақты өткізу тізілімін беріп отырады.

      21. Қала басқармасы нақты өткізу тізілімі түскеннен кейін екі жұмыс күні ішінде қазынашылықтың аумақтық бөліміне тыңайтқыштарды өндірушілердің шоттарына тиесілі субсидияларды аудару үшін төлем шоттарының тізілімін және (немесе) төлем шотын береді.

6. Субсидиялау жөніндегі есептілік

      22. Облыс басқармасы (қала басқармасы) тиiстi жылдың 5 шілдесіне және 25 желтоқсанына дейiнгi мерзiмде Министрлікке осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидияларды пайдалану туралы жиынтық ақпаратты және субсидиялар бермеудің себебін көрсете отырып, субсидиялар беруде теріс шешім қабылданған ауылшартауарынөндірушілер туралы ақпаратты береді.

      Субсидияларды пайдалану туралы жиынтық ақпарат облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының интернет-ресурсында тиісті жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірілмей орналастырылады.

  Тыңайтқыштардың құнын (органикалық
тыңайтқыштарды қоспағанда)
субсидиялау қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

      (кімге) ______________ облысының ____________________________________

      (ауданның, облыстық маңызы бар қаланың

      жергілікті атқарушы органының толық атауы)

      республикалық маңызы бар қаланың, астананың _________________________

      (кімнен)

      _____________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің

      аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болған жағдайда)

Толық құнымен сатып алынған тыңайтқыштар үшін субсидиялар алуға
өтiнiм

      Тыңайтқыштарды сатушыдан __________ тонна (килограмм, литр) көлемiнде

      сатып алынған ____________________ үшiн маған _________________ теңге

      (тыңайтқыш түрi) (сома санмен және жазбаша)

      мөлшерінде субсидия төлеуді сұраймын.

Деректер көзі*

Қажетті мәліметтер

Деректер

1

2

3

4

1.

Заңды тұлға үшін – заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк немесе анықтама

БСН


тіркеу нөмірі


тіркеу күні


атауы


орналасқан жері


мемлекеттік тіркеу күні


кім берді


2.

Жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжат

жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі


ЖСН


кім берді


берілген күні


Жеке тұлға үшiн – дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк

орналасқан жері


тіркеу күні


кім берді


3.

Ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін – мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк немесе анықтама**

БСН


тіркеу нөмірі


тіркеу күні


атауы


орналасқан жері


мемлекеттік тіркеу күні


кім берді


субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің атауы


субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің БСН/ЖСН


4.

Жер учаскесiне сәйкестендiру және (немесе) құқық белгiлейтiн құжат

актінің нөмірі


кадастрлық нөмірі


барлық алаң, гектар


оның ішінде егістік


нысаналы мақсаты


сәйкестендiру құжатының нөмірі мен берілген күні, кім берді


жер учаскесі иесінің немесе жерді пайдаланушының атауы


5.

Ағымдағы шоттың бар екендiгi туралы екінші деңгейдегі банктiң не почтаның ұлттық операторының анықтамасы

ЖСН/БСН


Кбе


Банктің не почта операторының деректемелері:

Банктің не почта операторының атауы:


БСК


ЖСК


БСН


Кбе


6.

Ауылшартауарынөндіруші мен тыңайтқыштарды сатушының арасындағы сатып алу-сату шарты***

шарттың нөмірі


шартты жасау күні


тыңайтқыштарды сатушының атауы


тыңайтқыштарды сатушының орналасқан жерінің мекенжайы


тыңайтқыштың атауы


тыңайтқыштың көлемі, тонна (килограмм, литр)


төлеу мерзімі


жеткізу (жіберу) пункті


7.

Тыңайтқыштарды сатып алуға жұмсалған шығындарды растайтын (өтінім берген кезде) төлем құжаттары (шот-фактуралар және тауарды жеткізу жүкқұжаты (актісі)***

шот-фактура нөмірі


берілген күні


тыңайтқыштарды сатушының атауы


тыңайтқыштарды сатушының орналасқан жерінің мекенжайы


тыңайтқышты сатушының ЖСК


тауарлық-көліктік жүкқұжаттың нөмірі (шетелдік өндірістің тыңайтқыштары үшін)


8.

Жүктік кедендік декларация (Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елден тыңайтқыш сатып алған ауылшартауарынөндіруші үшін)***

қабылдау-тапсыру актісінің нөмірі (отандық өндіріс тыңайтқыштары үшін)


тыңайтқыштың атауы


өлшем бірлігі


саны (көлемі)


ҚҚС-мен бағасы (теңге)


өткізу құны, барлығы


нөмірі


берілген күні


тыңайтқыштарды сатушының атауы


тыңайтқыштарды сатушының орналасқан жерінің мекенжайы


9.

Тауар Еуразиялық экономикалық одақтан әкелінгенін растайтын салық органы берген құжат***

нөмірі


берілген күні


тыңайтқыштарды сатушының атауы


тыңайтқыштарды сатушының орналасқан жерінің мекенжайы


10.

Сатып алынған тыңайтқыштарға арналған сәйкестiк сертификаты***

сертификаттың нөмірі


сертификаттың қолданылу мерзімі


сәйкестендірілген өнім (атауы, шығарушы ел)


өтінім беруші (атауы, мекенжайы)


кім берді


11.

Тауардың шыққан жері сертификаты***

нөмірі мен берілген күні


тауардың атауы


экспорттаушы/жүк жөнелтуші


импорттаушы/жүк алушы


12.


Химиялық өнімді тіркеу туралы куәлік***

куәлік нөмірі


химиялық өнімнің толық атауы

өндіруші фирма


куәліктің қолданылу мерзімі


тіркеу күні


кім берді


13.

Тұқымдардың сорттық және егіс сапаларын растайтын құжат.

Тұқым сатып алынған жағдайда – тұқымға арналған аттестат не тұқымға арналған куәлік, егіс үшiн өзi өндiрген тұқымды пайдаланған жағдайда – байқаудан өткiзу актiсi мен тұқымдардың кондициялылығы туралы куәлiк не байқаудан өткiзу aктici мен тұқымдарды талдау нәтижесi****

құжаттың атауы


нөмірі


берілген күні


тұқым өндіруші


сорт


репродукция


тұқым көлемі, тонна (килогамм)



      Ескертпе:

      * Өтінім берушіден аталған құжаттардың түпнұсқаларын және көшірмелерін талап етуге жол берілмейді.

      ** Жоғарыда көрсетілген кестенің 3-жолында көрсетілген мәліметтер субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативінің әр мүшесіне толтырылады.

      *** Көрсетілген құжаттардағы мәліметтер әр тыңайтқыш түрі үшін толтырылады.

      **** Жоғарыда көрсетілген кестенің 13-жолында көрсетілген мәліметтерді толтыру талаптары 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Тиесілі субсидиялар есептемесі

Ауыл шаруашылығы дақылының атауы, сүрі жер

Алаңы, гектар

Тыңайтқыш түрі

1 гектарға тыңайтқыш қолданудың ғылыми ұсынылған нормалары (килограмм, литр) нақты салмақта

Тыңайтылатын алаң, гектар

Тыңайтылатын алаңға арналған тыңайтқыш көлемі (тонна, килограмм, литр)

(5-б.

х 6-б.)

Тыңайтқыштың 1 тоннасының (килограмының, литрінің) бағасы,

теңге

Жалпы құны, теңге

(7-б. х 8-б.)

Тыңайтқыштың 1 тоннасына (килограмына, литріне) арналған субсидиялар нормасы,

теңге

Тиесілі субсидия сомасы, теңге (7-б.

х 10-б.)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11







































Жиыны




















      Ауыл шаруашылығы дақылы және оны егу ауданы Ауыл шаруашылығы

      өнiмiнің нақты түрлерiн өндiру үшiн ауыл шаруашылығы алқаптарын

      оңтайлы пайдалану бойынша өңiрлердi мамандандырудың ұсынылатын

      схемасына сай таңдалғанын және орналасқанын растаймын.

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес

      мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес

      жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпиядан

      тұратын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Басшы ___________ ___________________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын

      құжатта бар болған жағдайда)

      Бас бухгалтер (бар болса) _______ ___________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын

      куәландыратын құжатта бар

      болған жағдайда)

      Мөр орны (заңды тұлғалар үшін)

      20__ жылғы "___" ______________

      Өтiнiм 20__жылғы "___" ____________қарауға қабылданды.

      __________ __________________________________________________________

      (қолы) (өтiнiмді қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің

      аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болған жағдайда)

      --------------------------Жырту сызығы-------------------------------

      Талон

      № _______________________

      Өтінім қарастыруға 20__ жылғы "__" ______ _______ сағат ___ минутта қабылданды.

      __________________________________________________________ __________

      (өтiнiмді қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің (қолы)

      аты, жеке басын куәландыратын құжатта бар болған жағдайда)

  Тыңайтқыштардың құнын (органикалық
тыңайтқыштарды қоспағанда)
субсидиялау қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

      __________________ облысының (ауданның, облыстық маңызы бар қаланың),

      _________________________ республикалық маңызы бар қаланың, астананың

      _________________________ (жергілікті атқарушы органының толық атауы)

      _____________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің

      аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болған жағдайда)

Тыңайтқыштарды отандық тыңайтқыштарды өндірушіден арзандатылған
құнмен сатып алған жағдайда тиесілі субсидияларды төлеу туралы
өтiнiм

      Осымен _________________________________________ арзандатылған құнмен

      (отандық тыңайтқыштарды өндірушінің атауы)

      ________ тонна (килограмм, литр) көлемiнде ________________ тыңайтқыш

      (тыңайтқыш түрi)

      сатып алу-сату шартын жасағанымды хабарлаймын және маған тиесілі

      _______________________________________ теңге мөлшеріндегі субсидияны

      (сома санмен және жазбаша)

      _____________________________________ отандық тыңайтқыштарды өндіруші

      (отандық тыңайтқыштарды өндірушінің атауы)

      тыңайтқыштардың нақты сатылған көлемдері жөніндегі тізілімді

      ұсынғаннан кейін _____________________________ отандық тыңайтқыштарды

      (отандық тыңайтқыштарды өндірушінің атауы)

      өндірушіге аударуды сұраймын.

Деректер көзі*

Қажетті мәліметтер

Деректер

1

2

3

4

1.

Заңды тұлға үшін – заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк немесе анықтама

БСН


тіркеу нөмірі


тіркеу күні


атауы


орналасқан жері


мемлекеттік тіркеу күні


кім берді


2.

Жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжат

жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі


ЖСН


кім берді


берілген күні



Жеке тұлға үшiн – дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк

орналасқан жері


тіркеу күні


кім берді


3.

Ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін – мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк немесе анықтама**

БСН


тіркеу нөмірі


тіркеу күні


атауы


орналасқан жері


мемлекеттік тіркеу күні


кім берді


субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің атауы


субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің БСН/ЖСН


4.

Жер учаскесiне сәйкестендiру және (немесе) құқық белгiлейтiн құжат

актінің нөмірі


кадастрлық нөмірі


барлық алаң, гектар


оның ішінде егістік


нысаналы мақсаты


сәйкестендiру құжатының нөмірі мен берілген күні, кім берді


жер учаскесі иесінің немесе жерді пайдаланушының атауы


5.

Ауылшартауарынөндіруші мен отандық тыңайтқыштарды өндіруші арасындағы сатып алу-сату шарты***

шарттың нөмірі


шартты жасау күні


тыңайтқыштарды сатушының атауы


тыңайтқыштарды сатушының орналасқан жерінің мекенжайы


тыңайтқыштың атауы


тыңайтқыштың көлемі, тонна (килограмм, литр)


төлеу мерзімі


межелі (босату) пункті


6.

Тұқымдардың сорттық және егістік сапаларын растайтын құжат.

Тұқым сатып алынған жағдайда –тұқымға арналған аттестат немесе тұқымға арналған куәлік, себу үшiн өзi өндiрген тұқымды пайдаланған жағдайда – байқаудан өткiзу актiсi мен тұқымдардың кондициялылығы туралы куәлiк не байқаудан өткiзу aктici мен тұқымдарға талдау жасау нәтижесi****

құжаттың атауы


нөмірі


берілген күні


тұқым өндіруші


сорт


репродукция


тұқым көлемі, тонна (килогамм)



      Ескертпе:

      * Өтінім берушіден аталған құжаттардың түпнұсқаларын және

      көшірмелерін талап етуге жол берілмейді.

      ** Жоғарыда баяндалған кестенің 3-жолында көрсетілген

      мәліметтер субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативінің әр

      мүшесіне толтырылады.

      *** Көрсетілген құжаттардағы мәліметтер тыңайтқыштың әрбір

      түріне толтырылады.

      ****Жоғарыда көрсетілген кестенің 6-жолында көрсетілген

      мәліметтерді толтыру талаптары 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап

      қолданысқа енгізіледі.

      Тиесілі субсидиялар есептемесі

Ауыл шаруашылығы дақылының атауы, сүрі жер

Алаңы, гектар

Тыңайтқыш түрі

1 гектарға тыңайтқыш қолданудың ғылыми ұсынылған нормалары (килограмм, литр) нақты салмақта

Тыңайтылатын алаң, гектар

Тыңайтылатын алаңға арналған тыңайтқыш көлемі (тонна, килограмм, литр)

(5-б.

х 6-б.)

Тыңайтқыштың 1 тоннасының (килограмының, литрінің) бағасы,

теңге

Жалпы құны, теңге

(7-б. х 8-б.)

Тыңайтқыштың 1 тоннасына (килограмына, литріне) арналған субсидиялар нормасы,

теңге

Тиесілі субсидия сомасы,

теңге (7-б.

х 10-б.)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11







































Жиыны




















      Ауыл шаруашылығы дақылы және оны егу ауданы Ауыл шаруашылығы

      өнiмiнің нақты түрлерiн өндiру үшiн ауыл шаруашылығы алқаптарын

      оңтайлы пайдалану бойынша өңiрлердi мамандандырудың ұсынылатын

      схемасына сай таңдалғанын және орналасқанын растаймын.

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес

      мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес

      жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпиядан

      тұратын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Басшы __________ ____________________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын

      құжатта бар болған жағдайда)

      Бас бухгалтер (бар болса) ________ __________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын

      куәландыратын құжатта бар

      болған жағдайда)

      Мөр орны (заңды тұлғалар үшін)

      20__ жылғы "___" _____________

      Өтiнiм 20__жылғы "___" ____________қарауға қабылданды.

      ____________ ________________________________________________________

      (қолы) (өтiнiмді қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің

      аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болған жағдайда)

      -----------------------------Жырту сызығы----------------------------

      Талон

      № _______________________

      Өтінім қарастыруға 20__ жылғы "__" ______ _______ сағат ___ минутта қабылданды.

      ________________________________________________________ ____________

      (өтiнiмді қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің (қолы)

      аты, жеке басын куәландыратын құжатта бар болған жағдайда)

  Тыңайтқыштардың құнын (органикалық
тыңайтқыштарды қоспағанда)
субсидиялау қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Субсидиялар беруде теріс шешім қабылданған
ауылшартауарынөндiрушiлердiң тiзбесі

Аудандардың атауы

Ауылшартауарынөндірушінің атауы

Ауылшартауарынөндірушінің БСН/ЖСН

Ауылшартауарынөндірушінің өтінімін қабылдау күні

Субсидиялар бермеу себептері

Субсидиялар бермеу туралы хабарламаның нөмірі және күні

Ауданның ауыл шаруашылығы бөлімі, республикалық маңызы бар қаланың, астананың ауыл шаруашылығы басқармасы маманының, тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы

1

2

3

4

5

6

7

8

























Жиыны:









      Аудан, республикалық маңызы бар қала, астана әкімі

      _________ ___________________________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта

      бар болған жағдайда)

      Мөр орны

  Тыңайтқыштардың құнын (органикалық
тыңайтқыштарды қоспағанда)
субсидиялау қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

Тыңайтқыштарды отандық тыңайтқыштарды өндірушіден арзандатылған
құнмен сатып алған кезде ауылшартауарынөндірушілерге тиесілі
субсидияларды төлеу туралы мақұлданған өтінімдер тізімі

Аудандардың атауы

Ауылшартауарынөндірушінің атауы

Ауылшартауарынөндірушінің БСН/ЖСН

Сатып алу-сату шартының күні, №

Тыңайтқыш түрі

Өлшем бірлігі (тонна, (килограмм, литр)

Сатып алынатын тыңайтқыш көлемі, тонна

Межелі (босату) пункті

1 тоннаға (килограммға, литрге ) субсидия нормасы,

теңге

Тиесілі субсидия сомасы, теңге

1

2

3

4

5

6

7

8


9

10













      ______________________ облысының, республикалық маңызы бар қаланың,

      астананың жергілікті атқарушы органының ауыл шаруашылығы

      басқармасының басшысы _______________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын

      құжатта бар болған жағдайда)

      Мөр орны

  Тыңайтқыштардың құнын (органикалық
тыңайтқыштарды қоспағанда)
субсидиялау қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

Ауылшартауарынөндірушілер бөлінісінде субсидияланатын
тыңайтқыштардың нақты өткізілген көлемдері жөніндегі тізілім

      ___________________________________________________

      (Отандық тыңайтқыштарды өндірушінің атауы)

Тыңайтқыш түрі

Ауылшартауарынөндірушінің атауы

Ауылшартауарынөндірушінің БСН/ЖСН

Өлшем бірлігі (тонна, (килограмм, литр)

Жасалған шарттар

1 тоннаның (килограмның, литрдің) құны, теңге (1 тоннаға (килограммға, литрге ) тиесілі субсидия нормасын шегеріп тастағанда)

Тиеп жөнелтілген тыңайтқыш көлемі

Төлем құжаттары

сатып алу-сату шартының күні, №

көлемі, тонна (килограмм, литр)

көлемі, тонна (килограмм, литр)

субсидия сомасы,

мың теңге

шот-фактураның немесе тауар жеткізу туралы жүкқұжаттың (актінің) нөмірі

берілген күні



































      Ескертпе: көрсетілген тізілімге сапасыз тауар жеткізу себебімен

      немесе өзге де себептермен сатып алу-сату шартын орындаудан бас

      тартқан және сатып алынған тыңайтқыштар үшін ақша қаражатын қайтаруды

      талап еткен ауылшартауарынөндірушілер енгізілмейді.

      Отандық тыңайтқыштарды өндірушінің деректемелері

Мәліметтер

Деректер

ЖСН/БСН


Кбе


Банктің немесе почта операторының деректемелері:

Банктің немесе почта операторының атауы:


БСК


ЖСК


БСН


Кбе



      Отандық тыңайтқыштарды өндіруші (бірінші басшы)

      __________ __________________________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта

      бар болған жағдайда)

      Мөр орны

      Отандық тыңайтқыштарды өндірушінің бас бухгалтері

      __________ __________________________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта

      болған жағдайда)

  Тыңайтқыштардың құнын (органикалық
тыңайтқыштарды қоспағанда)
субсидиялау қағидаларына
6-қосымша

      Нысан

________ облысы, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша
________ жылға арналған субсидияларды пайдалану туралы жиынтық
ақпарат

Аудандардың атауы

Ауылшартауарынөндірушінің атауы

Ауылшартауарынөндірушінің БСН/ЖСН

Ауыл шаруашылығы дақылының атауы, сүрі жер

Тыңайтқыш атауы

Өндіріс тиістілігі (отандық/ шетелдік)

Әрекет етуші затта тыңайтқыш енгізу нормасы, килограмм/ гектар (литр/гектар)

Субсидиялау шеңберінде тыңайтылған алаң, гектар

Сатып алынған субсидияланған тыңайтқыш көлемі, тонна

Төленген субсидиялар көлемі, теңге

Енгізілген тыңайтқыштар көлемі, тонн

Жалпы тыңайтылған алаң, гектар



























Жиыны:













      ______________________ облысының, республикалық маңызы бар қаланың,

      астананың жергілікті атқарушы органының ауыл шаруашылығы

      басқармасының басшысы _______________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын

      құжатта болған жағдайда)

      Мөр орны