«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы Заңының 9-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаменті:
1) заңнамамен белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануын және мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң эталондық бақылау банкiнде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Жауапты хатшысы А.Б. Қарашевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен соң он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрі Е. Ыдырысов
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
А. Исекешев______________
2016 жылғы 11 наурыз
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрінің
2016 ж. 29 қаңтардағы
№ 11-1-2/28
бұйрығымен бекітілген
Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ашық деректерінің тізбесі
№ |
Ашық мәліметтер жиынтығының атауы |
Маңыздылық мерзімі |
Тапсыру мерзімі |
Дереккөз |
Жауапты тұлға |
Консулдық қызмет мәселелері |
|||||
1 |
Қазақстан Республикасындағы аккредиттелінген шетел мемлекеттері елшілігі мен консулдықтарының тізімі, қоса берілетін визалар (мекенжай, сайт/электрондық почта, консул және консулдықтың байланыс телефоны, виза берілетің мемлекеттер тізімі) |
Базалық тізімнің өзгеруіне орай |
20 күн ішінде |
Автоматтандырылған жұмыс орны (бұдан әрі - АЖО |
Консулдық қызмет Департаментінің паспорттық-визалық басқармасы |
2 |
Қазақстан Республикасының азаматтары үшін шетел мемлекеттеріне арналған визалық және визасыз тәртіп |
Базалық тізімнің өзгеруіне орай |
20 күн ішінде |
АЖО |
Консулдық қызмет Департаментінің паспорттық-визалық басқармасы |
3 |
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің 2013 ж. 05 наурыздағы № 08-1-1-1/71 және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2013 ж. 07 наурыздағы № 175 бірлескен бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының визаларын беру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидалары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8407 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2015 ж. 08 мамырдағы № 11-1-2/177 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасына кіруге шетелдіктерге шақыруларды ресімдеу жөніндегі мемлекеттік қызмет стандарты (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11646 болып тіркелген) |
Базалық тізімнің өзгеруіне орай |
20 күн ішінде |
АЖО |
Консулдық қызмет Департаментінің паспорттық-визалық басқармасы |
4 |
Консулдық әрекет үшін төленетін алымның тарифі, оны төлеуге қажетті реквизит |
Базалық тізімнің өзгеруіне орай |
20 күн ішінде |
АЖО |
Консулдық қызмет Департаментінің паспорттық-визалық басқармасы |
5 |
Қазақстан Республикасының шетелдегі тіркеу және азаматтық хал актісі мөлшері жөніндегі мәліметтері |
Базалық тізімнің өзгеруіне орай |
20 күн ішінде |
АЖО |
Консулдық қызмет Департаментінің консулдық-құқықтық істер жөніндегі басқармасы |
6 |
Сұратып алу жөніндегі құжаттар және сұратып алынған құжаттардың мөлшері жөніндегі мәліметтер |
Базалық тізімнің өзгеруіне орай |
20 күн ішінде |
АЖО |
Консулдық қызмет Департаментінің консулдық-құқықтық істер жөніндегі басқармасы |
7 |
Құжаттарды заңдастыру және оның мөлшері жөніндегі мәліметтер |
Базалық тізімнің өзгеруіне орай |
20 күн ішінде |
АЖО |
Консулдық қызмет Департаментінің консулдық-құқықтық істер жөніндегі басқармасы |
8 |
Азаматтық мәселелер бойынша мәліметтер |
Базалық тізімнің өзгеруіне орай |
20 күн ішінде |
АЖО |
Консулдық қызмет Департаментінің консулдық-құқықтық істер жөніндегі басқармасы |
Әкімшілік сипаттағы мәселелер |
|||||
9 |
Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелер тізімі |
Базалық тізімнің өзгеруіне орай |
20 күн ішінде |
АЖО |
Әкімшілік және бақылау Департаменті |
10 |
Қазақстан Республикасының шетелдегі шетелдік мекемелерінің мәліметтері (мекенжай, сайт/электрондық почта, байланыс телефоны, Қазақстан Республикасы шетелдік мекемесінің басшысы кім болып табылады) |
Базалық тізімнің өзгеруіне орай |
20 күн ішінде |
АЖО |
Әкімшілік және бақылау Департаменті |
11 |
Қазақстан Республикасы сыртқы істер Министрлігінің аумақтық органдары, бағынышты мекемелерінің тізімі |
Базалық тізімнің өзгеруіне орай |
20 күн ішінде |
АЖО |
Әкімшілік және бақылау Департаменті |
12 |
Қазақстан Республикасы сыртқы істер Министрлігінің ұйымдық құрылымы |
Базалық тізімнің өзгеруіне орай |
20 күн ішінде |
АЖО |
Әкімшілік және бақылау Департаменті |
13 |
Қазақстан Республикасы сыртқы істер Министрлігінде азаматтарды қабылдаудың кестесі (қабылдаушының лауазымы және АЖТ, қабылдау күні мен уақыты, қызметтік телефон) |
Тоқсан сайын |
Кезекті тоқсанның басталуына 15 күн қалғанға дейін |
АЖО |
Әкімшілік және бақылау Департаменті |
Халықаралық әріптестіктің мәселелері |
|||||
14 |
Қазақстандағы шетелдік мемлекеттердің елшіліктері мен консулдықтары жөніндегі мәлімет (мекенжай, сайт/электрондық почта) |
Базалық тізімнің өзгеруіне орай |
20 күн ішінде |
АЖО |
Мемлекеттік протокол қызметі |
15 |
Қазақстан мүшесі болып саналатын халықаралық ұйымдар мен бағдарламалардың тізімі |
Жылына бір рет |
20 ақпанда |
АЖО |
Көп тарапты әріптестік Департаменті |
16 |
Шетелдік БАҚ аккредиттеуге қажетті құжаттар тізімі |
Базалық тізімнің өзгеруіне орай |
20 күн ішінде |
АЖО |
Халықаралық ақпарат Комитеті |