"Парниктік газдар шығарындыларына квоталар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 216 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 21 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 10 наурызда № 13432 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2016 жылғы 30 шілдедегі № 363 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің м.а. 30.07.2016 № 363 бұйрығымен

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Парниктік газдар шығарындыларына квоталар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 216 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10905 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық–құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 15 мамырда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Парниктік газдар шығарындыларына квоталар беру қағидаларында:
      2-қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Климаттың өзгеруі жөніндегі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Энергетика министрі                        В. Школьник

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      ______________Е. Досаев
      2016 жылғы 8 ақпан

Қазақстан Республикасы 
Энергетика министрінің 
2016 жылғы 22 қаңтардағы
№ 21 бұйрығына     
қосымша         

Парниктік газдар    
шығарындыларына квоталар
беру қағидаларына   
2-қосымша       

нысан

_____________________________________________________________________
(парниктік газдар шығарындыларына сертификат беретін органның атауы)

Парниктік газдар шығарындыларына
СЕРТИФИКАТ

Осы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 94-3-бабына сәйкес
берілген сертификат _________________________________________________
                             (қондырғы операторының атауы)
БСН _________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                          (заңды мекенжайы)
Өндірістік объектінің (қондырғының) атауы ___________________________
Төмендегі қызмет түрлері бойынша ____________________________________
                                     (қызмет түрлері көрсетіледі)
парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі оның міндеттемелерін
орындау және Квота бөлудің ұлттық жоспарына сәйкес көміртегі
бірліктерін саудалауға қатысу мақсатында парниктік газдар
шығарындыларына __________________ жылдарға ___________________ тонна
мөлшерінде рұқсат алғандығын куәландырады.
      Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 94-4-бабының
1-тармағына сәйкес қосымша квота көлемі:

      есептік кезеңге.

      Сертификатты тапсыру мерзімі: 20 ___ жылғы «  » ________ дейін.
      Тәуелсіз аккредиттелген ұйыммен расталған Қазақстан
Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы
28 шілдедегі № 502 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық
актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11818 тіркелген) парниктік
газдарды түгендеу туралы есептің нысандарына сәйкес парниктік газдар
шығарындыларын түгендеу туралы есеп есепті жылдан кейінгі жылдың 1
сәуіріне дейінгі мерзімде ұсынылады.
      Мониторинг _________________________________ сәйкес жүргізіледі
(Қондырғыға қолданылатын мониторинг стандарттарын көрсете отырып,
мониторинг талаптары (қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті
орган бекіткен әдістемелер))
      Басшы (уәкілетті адам) ________________________________________
                            (қолы)      (Т.А.Ә.(оның болған жағдайда)
М.Ө.
___________________ қаласы      Берілген ___________________________