"Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-1-бабының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің м.а. 21.07.2021 № 469 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Білім және ғылым департаментінің бастығы:
1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын;
2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялау үшін мерзімді
баспасөз басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдасын;
3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастырсын.
3. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің м.а. 21.07.2021 № 469 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің әскери білім мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің м.а. 21.07.2021 № 469 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі |
И. Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 35 бұйрығына 1-қосымша |
Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 16.05.2018 № 323 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы", "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" заңдарына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне (бұдан әрі – ҚР ҚМ) ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің м.а. 21.07.2021 № 469 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қабылдау әскери білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін ҚР ҚМ құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – құрылымдық бөлімше) жасайтын, Қорғаныс министрінің әскери білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары бекітетін Қабылдау жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Мамандықтар мен біліктіліктер арасында орындарды және оқуға түсушілерді қайта бөлу Қорғаныс министрінің әскери білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарының тиісті шешімімен жүзеге асырылады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 07.04.2022 № 186 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Қабылдау жылының 15 сәуіріне дейін әскери оқу орындарының бастықтары, ҚР ҚМ, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері (бұдан әрі – ҚР ҚК) Бас штабы құрылымдық бөлімшелерінің бастықтары, ҚР ҚК түрлерінің, Қазақстан Республикасы басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының бас қолбасшылары (бұдан әрі – тапсырыс берушілер) құрылымдық бөлімшеге қабылдау комиссияларының құрамдарына кандидаттарды ұсынады.
"Қабылдау комиссияларының құрамдарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығы қабылдау жылының 1 маусымына дейін шығарылады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 07.04.2022 № 186 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Қабылдау комиссиясының төрағасы әскери оқу орнының бастығы болып табылады.
5. Қабылдау комиссиясының құрамы комиссия төрағасынан, оның орынбасарынан, комиссия хатшысынан және комиссияның басқа да мүшелерінен тұрады. Комиссия мүшелерінің саны тақ санды құрайды. Шешімдер қабылдау комиссиясы мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік дауыс беруімен қабылданады.
Дауыстар тең болған жағдайда қабылдау комиссиясы төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 07.04.2022 № 186 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Қабылдау комиссиясының отырыстары қабылдау комиссиясының төрағасы бекітетін жұмыс жоспарына сәйкес өткізіледі және хаттамалармен ресімделеді.
7. Бірыңғай талаптарды сақтауды қамтамасыз ету және оқуға түсушілердің құқықтарын қорғау үшін конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша даулы мәселелерді шешу мақсатында әскери оқу орны бастығының бұйрығымен апелляциялық комиссия құрылады. Апелляциялық комиссия оның мүшелерінің тақ санынан тұрады. Апелляциялық комиссияның құрамы әскери оқу орнының өкілдері қатарынан құрылады.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің м.а. 21.07.2021 № 469 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7-1. Конкурстық іріктеу нәтижелерімен келіспейтін адам конкурстық іріктеу нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні апелляцияға өтініш береді. Өтінішті апелляциялық комиссия өтініш иесінің қатысуымен оны берген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде қарайды.
Апелляциялық комиссия әрбір оқуға түсушімен жеке тәртіппен жұмыс істейді. Оқуға түсуші апелляциялық комиссияның отырысына келмеген жағдайда оның апелляцияға өтініші қаралмайды.
Апелляциялық комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санынан көпшілік дауыс беруімен қабылданады және өтініш келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде шығарылады. Дауыстар тең болған кезде апелляциялық комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы комиссия төрағасы мен оның барлық мүшелері қол қойылған хаттамамен ресімделеді.
Ескерту. 1-тарау 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қорғаныс министрінің м.а. 21.07.2021 № 469 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Қабылдау жылының 1 маусымына дейін қабылдаудың қорытынды кезеңінен өту үшін құрылымдық бөлімшемен келісу бойынша әскери оқу орындарының басшылары бекітетін рейтингілік балды есептеу кестесі жасалады. Рейтингілік балды есептеу кестесі әскери оқу орнының интернет ресурсында орналастырылады және жергілікті әскери басқару органдарына (жоғары оқу орнынан кейінгі білімді қоспағанда) жеткізіледі.
Абитуриенттің рейтингілік балы кәсіби-психологиялық іріктеу нәтижесін, дене шынықтыру дайындығын тапсыру нәтижесін, ҰБТ нәтижесінің балын, бейінді пәндер орташа мәнінің балын қамтиды. Ұшқыш мамандығына оқуға түсушілер үшін психофизиологиялық іріктеу нәтижесін қамтиды.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 07.04.2022 № 186 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Жалпы орта білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орындарына оқуға қабылдау
9. "Жас ұлан" республикалық мектептеріне (бұдан әрі - Мектеп) оқуға түсетін жылы он бес жастан жас емес, бірақ он алты жастан үлкен емес, оқуға түсетін жылы орта білім беретін ұйымның 9 (10 - 12 жылдық оқу кезінде) сыныбын аяқтаған және негізгі орта білімі туралы куәлік алған Қазақстан Республикасының жасөспірім азаматтары қабылданады.
Құрылымдық бөлімше жоспарланған оқушыларды Мектептерге қабылдау туралы ақпаратты қабылдау жылының 1 наурызына дейін жергілікті атқарушы органға (білім беру басқармасына) жеткізеді.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 28.07.2020 № 353 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Денсаулық жағдайы бойынша оқуға жарамды оқуға түсушілер қабылдау жылын қоса алғанда 1 – 5 тамыз кезеңінде Мектепке ата-аналарымен (заңды өкілдерімен) келеді және осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген құжаттарды қоса тіркеумен мектепке қабылдау туралы өтініш береді.
Қабылдау комиссиясына толық құжаттар тізбесін ұсынбаған оқуға түсушілер қабылдауға жіберілмейді.
11. Мектепке қабылдау қабылдау жылын қоса алғанда, 6 – 20 тамыз кезеңінде конкурстық негізде мынадай 5 (бес) кезеңде жүзеге асырылады:
І кезең – кәсіби-психологиялық іріктеу;
ІІ кезең – негізгі орта білім беру бағдарламасы бойынша математика және оқыған тілі бойынша тестілеу;
ІІІ кезең – "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені бекіту туралы" (бұдан әрі – Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидалары) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 716 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21869 болып тіркелген) сәйкес түпкілікті медициналық куәландыру;
ІV кезең – осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес нормативтер бойынша дене шынықтыру дайындығын тексеру;
V кезең – конкурстық іріктеу және оқуға қабылдау.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің м.а. 21.07.2021 № 469 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Оқуға түсушілерге қабылдаудың әрбір кезеңнен тек бір рет өтуге жол беріледі. Алдыңғы кезеңнен өтпеген оқуға түсуші келесі кезеңге жіберілмейді.
13. Оқуға түсушілерді кәсіби-психологиялық іріктеу ынталылык, күйзеліске төзімділік, сыни тұрғыдан және логикалық ойлау деңгейін тексеруді қамтиды және оны қабылдау комиссиясы құрылымдық бөлімшемен келісу бойынша Мектептің тәрбие және идеологиялық жұмыстар бөлімімен бірлесіп жүргізеді. Кәсіби-психологиялық тестілеу нәтижелері бойынша ұсынылмаған оқуға түсушілер кезеңнен өтпеген болып саналады.
14. Математика және оқыған тілі бойынша тестілеу оқуға түсушілердің білім деңгейін анықтау үшін жүргізіледі.
Математика және оқыған тілі бойынша тестілеу сұрақтары Үлгілік бағдарламалармен көзделген негізгі орта білім беруге арналған бағдарламаны ескере отырып құрылады және әрқайсысына 20 сұрақтан құрады. Тестілеу сұрақтарында 1 сұрақ 1 балға теңестіріледі.
Келесі кезеңге өту балы әр пән бойынша кемінде 5 бал болып табылады.
15. Оқуға түсушілерді түпкілікті медициналық куәландыру денсаулық жағдайы бойынша Мектепте оқуға жарамдылығын анықтауды қамтиды.
16. Оқуға түсушілердің дене шынықтыру дайындығын тексеру осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес негізгі орта білім беру үшінкөзделген дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді қабылдауды қамтиды. Барлық жаттығулар үшін балдар жиынтығы бойынша 60 балдан төмен жинаған және екі норматив бойынша төмен балл жинамаған оқуға түсушілер кезеңнен өтпеген болып саналады.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің м.а. 21.07.2021 № 469 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.17. Конкурстық іріктеу ең жоғарыдан ең төменгі рейтингілік балға дейін оқуға түсушілердің рейтингісін жасауды қамтиды және оны қабылдау комиссиясы қабылдау жылының 20 тамызында жүргізеді.
Мектепке рейтингте бірінші нөмірден бастап қабылдау жоспары бойынша бөлінген орындар санына сәйкес келетін нөмірге дейін тұрған оқуға түсушілер қабылданады. Қабылдау жоспарын жалпы саннан 10 %-ға дейін асыруға жол беріледі.
18. Әскери қызметшілердің балалары Заңның 52-бабы 3-тармағымен көзделген талаптар бар болған кезде Мектепке конкурстан тыс қабылдау құқығын пайдаланады.
19. Қабылдау комиссиясының шешімі қабылдау жылының 21 тамызында сағат 10.00-ге дейін жарияланады және Мектептің интернет ресурсында орналастырылады, апелляцияға өтініштер 21 тамызда сағат 18.00-ге дейін қабылданады.
20. Қабылдау комиссиясының оқуға қабылдау туралы шешімін қабылдау жылының 22 тамызында Мектептің бастығы бекітеді.
21. Мектептерге оқуға түскендер оқу үшін қабылдау жылының 29 тамызына дейін келеді.
3-тарау. Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламасын іске асыратын әскери оқу орнына оқуға қабылдау
22. ҚР ҚМ Ш. Уәлиханов атындағы Әскери колледжіне (бұдан әрі – Ш. Уәлиханов атындағы Әскери колледж) Заңның 39-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген талаптарға сәйкес келетін азаматтар (әскери қызметшілер) оқуға түсуге құқылы.
ҚР ҚМ Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжіне (бұдан әрі – С. Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледж) Заңның 39-бабының 2-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келетін азаматтар оқуға түсуге құқылы.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің м.а. 21.07.2021 № 469 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.23. Оқуға түсушілер әскери колледждердің қабылдау комиссияларына осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес құжаттар топтамасын ұсынады.
Қабылдау комиссияларына құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған оқуға түсушілер қабылдауға жіберілмейді.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің м.а. 21.07.2021 № 469 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.24. Азаматтар қатарынан Ш. Уәлиханов атындағы Әскери колледжге оқуға түсуші қабылдау жылының 1 мамырына дейін тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органына өтініш жасайды.
Жергілікті әскери басқару органының басшысы жұмысты ұйымдастырады және оқуға түсушінің тиісті құжаттарын "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – ҚР ҰҚО туралы Заң) 12-бабының 7) тармақшасына сәйкес арнайы тексеру жүргізу және Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес алдын ала медициналық куәландырудан өту үшін оларды ұсынғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде жолдайды.
Арнайы тексеруден өткен, денсаулық жағдайы бойынша оқуға жарамды, үлгерімнің кемінде 3.0 немесе кемінде 2 GPA орташа балы бар білімі туралы құжаты бар оқуға түсушілер қабылдау жылының 30 шілдесін қоса алғанда, Ш. Уәлиханов атындағы Әскери колледжге келеді.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің м.а. 21.07.2021 № 469 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.25. Әскери қызметшілер қатарынан оқуға түсуші Ш. Уәлиханов атындағы Әскери колледжге оқуға түсу үшін қабылдау жылының 1 маусымына дейін әскери бөлім командирінің атына тиісті баянатпен өтініш жасайды.
Әскери бөлім командирі Ш. Уәлиханов атындағы Әскери колледжге оқуға түсуге ниет білдірген әскери қызметшіге қатысты жұмысты ұйымдастырады және оқуға түсушінің тиісті құжаттарын ҚР ҰҚО туралы Заңға сәйкес арнайы тексеру жүргізу және Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес әскери қызметшінің алдын ала медициналық куәландырудан өтуі үшін оларды ұсынғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде жолдайды.
Арнайы тексеруден өткен, денсаулық жағдайы бойынша оқуға жарамды, үлгерімнің кемінде 3.0 немесе кемінде 2 GPA орташа балы бар білімі туралы құжаты бар әскери қызметші қабылдау жылының 30 шілдесіне дейін Ш. Уәлиханов атындағы Әскери колледжге келеді.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің м.а. 21.07.2021 № 469 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.26. Мектеп және "Арыстан" мамандандырылған лицейін бітірушілер қатарынан оқуға түсуші Ш. Уәлиханов атындағы Әскери колледжге оқуға түсу үшін қабылдау жылының 1 сәуірін қоса алғанда, оқуға түсуші оқып жатқан білім беру ұйымы басшысының атына өтініш жасайды.
Мектеп және "Арыстан" мамандандырылған лицейінің басшысы жұмысты ұйымдастырады және оқуға түсушінің тиісті құжаттарын ҚР ҰҚО туралы Заңға сәйкес арнайы тексеру жүргізу және Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес алдын ала медициналық куәландырудан өту үшін оларды ұсынғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде жолдайды .
Арнайы тексеруден өткен, денсаулық жағдайы бойынша оқуға жарамды бітірушілер Мектептерде және "Арыстан" мамандандырылған лицейінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен құрылған комиссияға кәсіби-психологиялық тестілеуді және дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді тапсыру үшін жіберіледі.
Кәсіби-психологиялық іріктеуден өткен және дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді тапсырған және үлгерімнің кемінде 3.0 немесе кемінде 2 GPA орташа балы бар Мектептердің және "Арыстан" мамандандырылған лицейінің бітірушілері қабылдау жылының 5 тамызына дейін түпкілікті медициналық куәландырудан өту және оқуға қабылдану үшін Ш. Уәлиханов атындағы Әскери колледжге келеді.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің м.а. 21.07.2021 № 469 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.26-1. С. Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжге оқуға түсуші қабылдау жылын қоса алғанда, 1 – 5 тамыз кезеңінде С. Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжге ата-аналарымен (заңды өкілдерімен) келеді және қабылдау туралы өтініш береді.
Мынадай талаптарға сәйкес келмейтін:
1) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп таныған;
2) әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысына сәйкес әскери қызмет міндеттерін орындауға кедергі келтіретін ауруы бар;
3) заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
4) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ҚПК) 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қылмыс жасағаны үшін бұрын сотталған немесе қылмыстық жауаптылықтан босатылған;
5) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;
6) тізбесін уәкілетті органның басшысы бекітетін лауазымдар үшін психофизиологиялық немесе полиграфологиялық зерттеуден не медициналық куәландырудан өтпеген;
7) қызметке кірер алдындағы үш жыл ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін өзіне қатысты соттың айыптау үкімі шығарылған немесе ҚР ҚПК-ның 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қызметке кірер алдындағы үш жыл ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылған;
8) арнайы тексеруден өтпеген және (немесе) өзі туралы не өзінің жақын туыстары (ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) туралы немесе жұбайы (зайыбы) және оның жақын туыстары туралы көрінеу жалған мәліметтер хабарлаған;
9) уәкілетті органның басшысы бекіткен дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді орындамаған;
10) қылмыстық топ құрамында қылмыс жасаған;
11) өзіне қатысты қылмыстық топ құрамындағы қылмыс туралы қылмыстық істі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі Ерекше бөлігінің тиісті бабында көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шегінің мерзімі өткенге дейін ҚР ҚПК-ның 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қылмыстық қудалау органы немесе сот тоқтатқан оқуға түсушіге С. Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжге қабылдаудан бас тартылады.
Ескерту. 3-тарау 26-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қорғаныс министрінің м.а. 21.07.2021 № 469 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.27. Қабылдау кезеңінде оқуға түсушілер Ш. Уәлиханов атындағы Әскери колледждің аумағында орналастырылады және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 353 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11844 болып тіркелген) бекітілген Бейбіт уақытқа арналған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін азық-түлікпен, азықпен, жабдықпен, асханалық-асүйлік ыдыспен және азық-түлік қызметінің техникасымен жабдықтау нормалары (бұдан әрі – жабдықтау нормалары) бойынша тамақтандырумен қамтамасыз етіледі.
Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің м.а. 21.07.2021 № 469 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.28. Азаматтар мен әскери қызметшілерді әскери колледждерге қабылдау 1 – 20 тамызда мынадай кезеңдер бойынша жүзеге асырылады:
І кезең – кәсіби-психологиялық іріктеу;
ІІ кезең – Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидаларына сәйкес түпкілікті медициналық куәландыру;
ІІІ кезең – дене шынықтыру дайындығын тексеру;
ІV кезең – конкурстық іріктеу және оқуға қабылдау.
Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің м.а. 21.07.2021 № 469 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.29. Оқуға түсушілерге әрбір қабылдау кезеңінен тек бір рет өтуге жол беріледі. Алдыңғы кезеңнен өтпеген оқуға түсуші келесі кезеңге жіберілмейді.
30. Оқуға түсушілерді кәсіби-психологиялық іріктеу ынталандыру, күйзеліске төзімділік, сыни тұрғыдан және логикалық ойлау деңгейін тексеруді қамтиды және оны қабылдау комиссиялары құрылымдық бөлімшемен келісу бойынша әскери колледждердің тәрбие және идеологиялық жұмыстар бөлімдерімен бірлесіп жүргізеді. Кәсіби-психологиялық тестілеу нәтижелері бойынша ұсынылмаған оқуға түсушілер кезеңнен өтпеген болып саналады.
Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің м.а. 21.07.2021 № 469 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.31. Оқуға түсушілерді түпкілікті медициналық куәландыру денсаулық жағдайы бойынша әскери колледждерде оқуға жарамдылығын айқындауды қамтиды және оны Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес құрылатын медициналық комиссия жүргізеді.
Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің м.а. 21.07.2021 № 469 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.32. Оқуға түсушілердің дене шынықтыру дайындығын тексеру мынадай дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді қабылдауды қамтиды:
1) Ш. Уәлиханов атындағы Әскери колледжге – "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі дене дайындығы жөніндегі нормативтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 5 мамырдағы № 195 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9518 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 195 бұйрық) сәйкес;
2) С. Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжге – осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес нормативтер бойынша.
Барлық жаттығулар үшін балдар жиынтығы бойынша 60 балдан төмен жинаған және екі норматив бойынша ең төмен балл жинамаған азаматтық жастар қатарынан оқуға түсушілер кезеңнен өтпеген болып саналады.
Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің м.а. 21.07.2021 № 469 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.33. Конкурстық іріктеуді қабылдау комиссиялары қабылдау жылының 20 тамызында жүргізеді және оқуға түсушілердің ең жоғарыдан ең төменгіге дейін балдар рейтингісін жасауды қамтиды. Рейтинг осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әскери колледждер қабылдау комиссияларының хаттамаларымен (бұдан әрі – Хаттама) ресімделеді.
Әскери колледждерге рейтингіде бірінші нөмірден бастап қабылдау жоспары бойынша бөлінген орындар санына сәйкес келетін нөмірге дейін тұрған оқуға түсушілер қабылданады. Қабылдау жоспарын жалпы саннан 10 %-ке дейін асыруға жол беріледі.
Қабылдау комиссияларының шешімдері қабылдау жылының 21 тамызында сағат 10.00-ге дейін жарияланады және интернет ресурста орналастырылады және 23 тамызда әскери колледждер бастықтарының бұйрықтарымен бекітіледі. Апелляцияға өтініштер 22 тамызда сағат 11.00-ге дейін қабылданады.
Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің м.а. 21.07.2021 № 469 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.34. Әскери колледждерге қабылдауға конкурстық іріктеуді жүргізу кезінде көрсеткіштер бірдей болған жағдайда Заңның 39-бабының 1-тармағында көрсетілген адамдардың басым құқығы бар.
Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің м.а. 21.07.2021 № 469 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.35. Ш. Уәлиханов атындағы Әскери колледжге оқуға қабылданған оқуға түсуші Ш. Уәлиханов атындағы Әскери колледж бастығымен әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасайды.
С. Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжде оқитын адам оқудың үшінші курсына ауысқан кезде С. Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледж бастығымен әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасайды.
Әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт "Әскери қызмет өткеру туралы келісімшарттың және ұсынымның үлгі нысандарын, сондай-ақ аттестаттау парағының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 29 қаңтардағы № 36 қбпү бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16594 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша жасалады.
Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің м.а. 21.07.2021 № 469 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.36. Ш. Уәлиханов атындағы Әскери колледждің кадрлар бөлімі оқуға қабылданғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде жергілікті әскери басқару органдарына және әскери бөлімдерге оқуға қабылдау туралы бұйрықтан үзінділер жолдайды.
Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің м.а. 21.07.2021 № 469 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.36-1. С. Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжге оқуға қабылданған оқуға түсуші оқу үшін қабылдау жылының 29 тамызына дейін келеді.
Ескерту. 3-тарау 36-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қорғаныс министрінің м.а. 21.07.2021 № 469 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4-тарау. Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орындарына қабылдау
37. Білім беру бағдарламаларын іске асыратын ҚР ҚМ-ге ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға азаматтар Заңның 39-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларына сәйкес оқуға түседі.
38. Оқуға түсушілер қабылдау комиссиясына осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес әскери институттарға оқуға түсу үшін құжаттар пакетін ұсынады.
Құжаттардың толық пакетін ұсынбаған оқуға түсушілер қабылдауға жіберілмейді.
39. Азаматтар әскери институтқа оқуға түсу үшін қабылдау жылының 30 сәуіріне дейінгі мерзімді қоса алғанда, тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органы басшысының атына өтініш береді.
Жергілікті әскери басқару органының басшысы ҚР ҰҚО туралы Заңға сәйкес арнайы тексеру және Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес алдын ала медициналық куәландырудан өту жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.
Арнайы тексеруден өткен, денсаулық жағдайы бойынша оқуға жарамды, ҰБТ-ның 5 пәні бойынша кемінде 50 балл (оның ішінде бір бейінді пән бойынша кемінде 7 балл және қалған пәндердің әрқайсысы бойынша кемінде 5 балл) жинаған азаматтар қабылдау жылын қоса алғанда, 15 – 20 шілде кезеңінде құжаттарды тапсыру үшін әскери институтқа келеді.
Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 07.04.2022 № 186 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.40. Оқуға түсушілер қабылдау кезеңінде әскери институттың аумағында орналастырылады және жабдықтау нормалары бойынша тамақтандырумен қамтамасыз етіледі.
41. Әскери қызметшілер қатарынан оқуға түсуші әскери институтқа оқуға түсу үшін қабылдау жылының 1 мамырына дейін әскери бөлім командирінің атына тиісті баянатпен өтініш береді.
Әскери қызметші әскери институтқа оқуға түсуге ниет білдірген әскери бөлімнің командирі ҚР ҰҚО туралы Заңға сәйкес арнайы тексеру жөніндегі жұмысты және Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес алдын ала медициналық куәландырудан өткізуді ұйымдастырады және әскери қызметшіні қызмет орны бойынша ҰБТ қабылдау пункттеріне жібереді. Арнайы тексеруден өткен, оқуға жарамды деп танылған және ҰБТ-ның 5 пәні бойынша кемінде 50 балл (оның ішінде бір бейінді пән бойынша кемінде 7 балл және қалған пәндердің әрқайсысы бойынша кемінде 5 балл) жинаған әскери қызметшілерге әскери институтқа келу күнін қабылдау жылының 20 шілдесінен кешіктірмей көрсете отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларының 135-тармағына сәйкес оқу демалыстары беріледі.
Оқуға түсу үшін келген әскери қызметшілер әскери институтта орналастырылады және жабдықтау нормалары бойынша тамақтандырумен қамтамасыз етіледі.
Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 07.04.2022 № 186 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.42. Әскери институттарға оқуға түсуге ниет білдірген Мектептің және "Арыстан" мамандандырылған лицейінің бітірушілері қабылдау жылының 1 сәуіріне дейін өздері оқитын білім беру ұйымы басшысының атына тиісті өтініш береді.
Мектептің және "Арыстан" мамандандырылған лицейінің басшысы:
1) арнайы тексеру;
2) Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес алдын ала медициналық куәландырудан өту;
3) кәсіби-психологиялық тестілеуді тапсыру;
4) дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді тапсыру;
5) ҰБТ тапсыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.
Бұл ретте кәсіби-психологиялық тестілеуді және дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді тапсыруды Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен Мектептердің және "Арыстан" мамандандырылған лицейінің жанынан құрылған комиссия жүзеге асырады.
Арнайы тексеруден өткен, денсаулық жағдайы бойынша оқуға жарамды, кәсіби-психологиялық тестілеуді және дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді тапсырған, ҰБТ нәтижесі бойынша кемінде 50 балл (оның ішінде бір бейінді пән бойынша кемінде 7 балл және қалған пәндердің әрқайсысы бойынша кемінде 5 балл) жинаған Мектептердің және "Арыстан" мамандандырылған лицейінің бітірушілері қабылдау жылының 30 шілдесінде түпкілікті медициналық куәландырудан өту үшін әскери институттарға келеді.
Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 07.04.2022 № 186 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.43. Азаматтар мен әскери қызметшілерді әскери институтқа қабылдау 10 шілдеге дейін ӘОО бастығы бекіткен қабылдау комиссиясының жұмыс жоспарына сәйкес мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
І кезең – кәсіби-психологиялық іріктеу;
ІІ кезең – Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес түпкілікті медициналық куәландыру.
Ұшқыш мамандығына оқуға түсушілер үшін "Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясында қызмет өткеру үшін адамдардың денсаулық жағдайына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 721 бұйрығына (бұдан әрі – № 721 бұйрық) сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21860 болып тіркелген);
ІІІ кезең – дене шынықтыру дайындығын тексеру;
ІV кезең – конкурстық іріктеу (ұшқыш мамандығына оқуға түсушілер үшін кәсіби-психофизиологиялық іріктеу) және оқуға қабылдау.
Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 07.04.2022 № 186 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.44. Оқуға түсушілерге қабылдаудың әрбір кезеңінен тек бір рет өтуге жол беріледі. Алдыңғы кезеңнен өтпеген оқуға түсуші келесі кезеңге жіберілмейді.
45. Оқуға түсушілерді алдын ала кәсіби-психологиялық іріктеу уәждемелілік, күйзеліске төзімділік, сыншылдық және логикалық ойлау деңгейін тексеруді қамтиды және оны қабылдау комиссиясы құрылымдық бөлімшемен келісу бойынша әскери институттың тәрбие және идеологиялық жұмыстар бөлімімен бірлесіп жүргізеді. Алдын ала кәсіби-психологиялық тестілеу нәтижелері бойынша ұсынылмаған оқуға түсушілер кезеңнен өтпеген болып саналады.
46. Оқуға түсушілерді түпкілікті медициналық куәландыру денсаулық жағдайы бойынша әскери институтта оқуға жарамдылығын анықтауды қамтиды және оны Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидасына сәйкес құрылған медициналық комиссия жүргізеді.
47. Оқуға түсушілердің дене шынықтыру дайындығын тексеру № 195 бұйрыққа сәйкес дене шыңықтыру дайындығы бойынша нормативтерді қабылдауды қамтиды.
Барлық жаттығулар үшін балдар жиынтығы бойынша 60 балдан төмен жинаған және екі норматив бойынша ең төмен балл жинамаған азаматтық жастар қатарынан оқуға түсушілер кезеңнен өтпеген болып саналады.
Ескерту. 47-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің м.а. 21.07.2021 № 469 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.48. Конкурстық іріктеуді қабылдау комиссиясы қабылдау жылының 5 тамызында жүргізеді және бұл барынша жоғарыдан барынша төмен рейтингілік балға дейін оқуға түсушілердің балдары рейтингісін жасауды қамтиды. Рейтинг әскери институт қабылдау комиссиясының хаттамасымен ресімделеді.
Ескерту. 48-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 07.04.2022 № 186 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.49. Әскери институттарға рейтингіде бірінші нөмірден бастап қабылдау жоспары бойынша бөлінген орындар санына сәйкес келетін нөмірге дейін тұрған оқуға түсушілер қабылданады. Қабылдау жоспарын жалпы саннан 10 %-ға дейін асыруға жол беріледі.
50. Әскери институттарға қабылдауға конкурс өткізу кезінде көрсеткіштер бірдей болған жағдайда Заңның 39-бабының 1-тармағында көрсетілген адамдардың басым құқығы бар.
Ескерту. 50-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің м.а. 21.07.2021 № 469 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.51. Қабылдау комиссиясының шешімі қабылдау жылының 6 тамызында сағат 10.00-ге дейін жарияланады және әскери институттың интернет ресурсына орналастырылады, апелляцияға өтініш 7 тамызда сағат 10.00-ге дейін қабылданады.
Қабылдау комиссиясының қабылдау туралы шешімі әскери институт бастығының бұйрығымен қабылдау жылының 8 тамызында бекітіледі.
Ескерту. 51-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 07.04.2022 № 186 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.52. Әскери институтқа қабылданған азамат (әскери қызметші) әскери институттың бастығымен әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасайды.
53. Әскери институттың кадрлар бөлімі әскери институтқа қабылдағаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде жергілікті әскери басқару органдары мен әскери бөлімдерге оқуға қабылдау туралы бұйрықтан үзіндіділерді жолдайды.
5-тарау. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орындарына қабылдау
54. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетіне (бұдан әрі - ҰҚУ) адамдар Заңның 39-1-бабына сәйкес оқуға түседі.
ҰҚУ магистратурасында және докторантурасында оқыту күндізгі оқу нысаны бойынша, оның ішінде қашықтықтан оқытуды пайдалана отырып, мынадай басқару деңгейлері бойынша жүзеге асырылады:
1) жедел-тактикалық басқару деңгейі;
2) жедел-стратегиялық басқару деңгейі;
3) стратегиялық басқару деңгейі.
Ескерту. 54-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 30.04.2021 № 272 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.55. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі, Бас штабы құрылымдық бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері бас басқармаларының, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының бастықтары, ҚР ҚК түрлерінің бас қолбасшылары, өңірлік қолбасшылықтар әскерлерінің, әскер тектерінің қолбасшылары, әскери бөлімдердің (мекемелердің) командирлері ҰҚУ-ға оқуға түсуге ниет білдірген кандидаттарды алдын ала іріктеуді, оның ішінде кәсіби-психологиялық тестілеуді жүргізеді және әскери бөлімдерде (мемлекеттік мекемелерде) құрылатын аттестаттау комиссияларының отырыстарында адамдарды қарайды және оқуға іріктелген кандидаттардың тізімдерін кадр жұмысы мәселелеріне жетекшілік ететін ҚР ҚМ құрылымдық бөлімшесіне қабылдау жылының 1 сәуірінен кешіктірмей жолдайды.
Ескерту. 55-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 07.04.2022 № 186 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.56. ҰҚУ-да оқу үшін оқуға түсетін кандидаттардың тізімдерін кадр жұмысы мәселелеріне жетекшілік ететін ҚР ҚМ құрылымдық бөлімшесі қалыптастырады және ҚР ҚК Бас штабының бастығы (ҰҚУ-дың арнайы даярлық факультетіне – 14776 әскери бөлімі) қабылдау жоспары негізінде қабылдау жылының 1 мамырына дейінгі мерзімде бекітеді.
ҰҚУ-дың арнайы даярлық факультетіне "Әскери істегі талдамалы жұмыс" мамандығы бойынша алдын ала іріктеуді және қабылдауды ҚР ҚМ жеке бұйрығына сәйкес 14776 әскери бөлімі жүзеге асырады.
Ескерту. 56-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 07.04.2022 № 186 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.57. Жедел-тактикалық басқару деңгейі бойынша бейіндік магистратураға оқуға түсушілерге қойылатын талаптар:
1) жоғары білімінің болуы және батальон командирінің орынбасары, оған тең және одан жоғары лауазымдарда кемінде 2 жыл қызмет өткеруі;
2) жеке мамандықтарға жоғары білім туралы үздік дипломының болуы және кемінде 1 жыл қызмет өткеруі.
Ескерту. 57-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 28.07.2020 № 353 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.58. Стратегиялық және жедел-стратегиялық басқару деңгейлері бойынша бейіндік магистратураға оқуға түсушілерге қойылатын талаптар:
1) жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің болуы;
2) бригада (база) командирі, құрама командирі, өңірлік қолбасшылық (әскер тегі) қолбасшысының орынбасары, ҚР ҚМ немесе ҚР ҚК Бас штабы департаменті бөлімінің бастығы, ҚР ҚК түрі басқармасының немесе бас басқармасының бастығы, оларға тең және одан жоғары лауазымдарда кемінде 2 жыл қызмет өткеруі.
59. Барлық басқару деңгейлері бойынша ғылыми және педагогикалық магистратураға алдын ала іріктеуді жоғары білімі, кемінде 2 ғылыми жариялымы немесе бір оқу, оқу-әдістемелік, әдістемелік оқу құралы бар оқуға түсушілер арасынан құрылымдық бөлімше жүзеге асырады.
60. Докторантураға жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, кемінде 3 ғылыми жариялымы немесе 2 оқу құралы бар оқуға түсушілер қабылданады.
61. ҰҚУ бейіні бойынша оқуға түсу емтихандарына шығарылатын пәндер бойынша сұрақтардың үлгілік тізбесін әзірлейді және қабылдау жылының 20 наурызына дейін тапсырыс берушілермен келісуді жүргізеді.
ҰҚУ қабылдау жылының 20 сәуіріне дейінгі мерзімде тапсырыс берушілердің мекенжайына бейіні бойынша оқуға түсу емтихандарына шығарылатын сұрақтардың тізбесін жолдайды.
Ескерту. 61-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 07.04.2022 № 186 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.62. Оқуға түсу емтихандарына дайындалу және тапсыру үшін ҰҚУ-ға түсетін кандидаттарға оқу демалысы беріледі. Оқуға түсушілер ҰҚУ-ға қабылдау жылының 15 маусымынан кешікпей келуге тиіс. Қабылдау жылының 15 – 20 маусымы кезеңінде ҰҚУ-да оқуға түсу емтихандары бойынша консультациялар ұйымдастырылады.
Ескерту. 62-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 07.04.2022 № 186 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.63. ҰҚУ қабылдау комиссиясы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес оқуға түсушілер құжаттарының түпнұсқаларын тексереді.
64. ҰҚУ-ға қабылдау оқуға түсу емтихандары негізінде жүзеге асырылады:
1) магистратураға:
бейіні бойынша;
дене шынықтыру дайындығы бойынша;
2) докторантураға:
бейіні бойынша;
шет тілі бойынша.
Ескерту. 64-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 28.07.2020 № 353 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.65. Әрбір оқуға түсу емтиханын тек бір рет тапсыруға жол беріледі. Алдыңғы емтиханды тапсырмаған оқуға түсуші келесі емтиханға жіберілмейді.
Ескерту. 65-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 28.07.2020 № 353 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.66. Қабылдау комиссиясының төрағасы қабылдау жылының 15 маусымына дейін оқуға түсу емтихандарын тапсыру кестесін қабылдау жылын қоса алғанда 20 – 30 маусым кезеңінде бекітеді.
Ескерту. 66-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 07.04.2022 № 186 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.67. Дене шынықтыру дайындығы бойынша емтихан әскери қызметшілер үшін № 195 бұйрыққа сәйкес дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді қабылдауды қамтиды және оны дене шынықтыру дайындығы мәселелеріне жетекшілік ететін ҚР ҚК Бас штабы құрылымдық бөлімшесінің өкілдері жүргізеді.
Ескерту. 67-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 28.07.2020 № 353 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.68. Бейіні бойынша емтихан бағдарламалары сұрақтар тізбесін қамтиды және емтиханды өткізу тәртібі мен оқуға түсушілерді бағалау өлшемшарттарын айқындайды.
Емтихан билеттерін бейіні бойынша емтихан комиссиялары жасайды.
Қабылдау жылының 1 мамырына дейін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері түрлерінің бас қолбасшылары (бұдан әрі – ҚР ҚК), ҚР ҚМ, ҚР ҚК БШ құрылымдық бөлімшелерінің, ҚР басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының бастықтары ҰҚУ-ға емтихан комиссияларының құрамдарын бекіту туралы бұйрық жобасына қосу үшін кандидаттарды ұсынады.
Кемінде үш адамнан тұратын емтихан комиссияларының құрамдары қабылдау жылының 10 маусымына дейінгі мерзімде Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабы бастығының бұйрығымен бекітіледі және:
1) магистратураға – тапсырыс берушілердің өкілдерінен;
2) докторантураға – жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар әскери қызметшілер (қызметшілер) қатарынан жасалады.
Емтихан комиссияларының хатшылары ҰҚУ-дың профессор-оқытушы құрамы қатарынан тағайындалады.
Қабылдау және емтихан комиссияларының жұмысын ұйымдастыру үшін ҰҚУ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде қабылдау емтихандарын өткізу тәртібі туралы ережені әзірлейді.
Ескерту. 68-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 07.04.2022 № 186 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.69. Қабылдау етихандарының нәтижесі бойынша оң балл жинаған оқуға түсушілер қабылдау жоспарына сәйкес басқа ведомстволар үшін бекітілген орындар санын ескере отырып, рейтингіге сәйкес мамандығы бойынша конкурстық іріктеуге жіберіледі және оны қабылдау комиссиясы қабылдау жылының 30 маусымына дейін жүргізеді.
Ескерту. 69-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 07.04.2022 № 186 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.70. Қорғаныс министрлігінің басшылығы (Қорғаныс министрінің, Бас штаб бастығының орынбасарлары) және ҰҚУ (бастығы және оның орынбасарлары) қатарынан кандидаттар қашықтан оқытуды пайдаланумен докторантураға оқуға түскен кезде емтихан комиссиясының құрамына жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар және қорғаныс пен әскери қауіпсіздік саласында кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі бар басқа ұйымдардың өкілдері қосымша енгізіледі.
Ескерту. 70-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 07.04.2022 № 186 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.70-1. Қабылдау комиссиясының жұмысы кезеңіне ҰҚУ-да апелляциялық комиссия құрылады. Апелляциялық комиссияның құрамы ҰҚУ бастығының бұйрығымен бекітіледі.
Апелляциялық комиссиялар қабылдау емтихандарының нәтижесімен келіспеген оқуға түсушілердің өтініштерін қарау үшін құрылады.
Апелляцияға өтініш апелляциялық комиссия төрағасының атына қабылдау емтихандарының нәтижесі жарияланғаннан кейін келесі күнтізбелік күні сағат 10.00-ге дейін қабылданады және сол күнтізбелік күні қаралады.
Апелляциялық комиссия апелляцияға әрбір өтініш бойынша жеке жұмыс жасайды. Оқуға түсуші апелляциялық комиссияның отырысына келмеген жағдайда оның апелляцияға берген өтініші қаралмайды.
Апелляциялық комиссияның шешімі комиссия мүшелері жалпы санының басым дауыс беруімен қабылданады. Дауыс саны тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы комиссия төрағасының және барлық мүшелерінің қолдары қойылған хаттамамен ресімделеді.
Ескерту. Қағида 70-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қорғаныс министрінің 07.04.2022 № 186 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.71. Алып тасталды – ҚР Қорғаныс министрінің 28.07.2020 № 353 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
72. ҰҚУ-ға әртүрлі ведомстволар бойынша орындарды бөлуді ескере отырып, мамандығы бойынша рейтингіде бірінші нөмірден бастап қабылдау жоспары бойынша мамандыққа бөлінген орындар санына сәйкес келетін нөмірге дейін тұрған оқуға түсушілер қабылданады.
Қабылдау комиссиясының шешімі қабылдау жылының 1 шілдесінде сағат 10.00-ге дейін жарияланады және ҰҚУ ғимаратында барлығына көрінетін жерде орналастырылады.
Ескерту. 72-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 07.04.2022 № 186 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.73. Қабылдау комиссиясының оқуға қабылдау туралы шешімі негізінде кадр жұмысы мәселелеріне жетекшілік ететін ҚР ҚМ құрылымдық бөлімшесі қабылдау жылының 1 тамызына дейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің ҰҚУ-ға оқуға қабылдау туралы бұйрығын шығарады.
Ескерту. 73-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 07.04.2022 № 186 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.74. ҰҚУ-ға оқуға қабылдауға конкурс өткізу кезінде бірдей көрсеткіштер болған жағдайда бейінді емтихан бойынша анағұрлым жоғары балл жинаған адамдардың, бейінді емтихан бойынша бірдей көрсеткіштер болған жағдайда дене шынықтыру дайындығынан анағұрлым жоғары балл жинаған адамдардың басым құқығы бар.
Ескерту. 74-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 07.04.2022 № 186 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларына 1-қосымша |
Мектепке оқуға түсуші ұсынатын құжаттар тізбесі
1. Оқуға түсушінің тегін, атын және әкесінің атын (бар болған кезде), туған күнін, тұрғылықты жерінің мекенжайын, ата-анасының немесе заңды өкілдерінің байланыс деректерін көрсетумен еркін нысанда оқуға қабылдау туралы өтініш.
2. Туу туралы куәлігі (түпнұсқасы және көшірмесі).
3. Негізгі орта білімі туралы куәлік (түпнұсқасы және көшірмесі).
4. Көлемі 3х4 см 4 фотосурет.
5. Медициналық құжаттар және Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидасының 33-тармағына сәйкес медициналық зерттеулер нәтижелері.
6. Білім беру мекемесінің директорынан мөрі бар ұсыным хат.
7. Спорттық разрядты, ағымдағы жылғы орындаушылардың республикалық не халықаралық жарыстардағы, конкурстардағы, жалпы білім беру пәндері бойынша халықаралық олимпиададағы, сондай-ақ ағымдағы жылғы жалпы білім беру пәндері бойынша Президенттік не республикалық олимпиададағы жүлделі орнын растайтын құжат (бар болған кезде).
8. Жетім балалар және олардың ата-анасы құқықтарының шектелуіне немесе одан айырылуына, ата-анасының хабар-ошарсыз кеткен деп танылуына, олардың қайтыс болды деп жариялануына, әрекетке қабілетсіз (шектеулі әрекетке қабілетті) деп танылуына байланысты, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған өзге де жағдайларда жалғыз немесе ата-анасының екеуініің қамқорлығынсыз қалған балалар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған фактісін растайтын мынадай құжаттардың бірінің көшірмесін (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын) қосымша ұсынады:
ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлік;
ата-анасын ата-ана құқықтарын шектеу немесе одан айыру туралы сот шешімі;
ата-анасын хабар-ошарсыз кеткен деп тану, оларды қайтыс болды деп жариялау немесе әрекетке қабілетсіз (шектеулі әрекетке қабілетті) деп тану туралы) сот шешімі.
9. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияларда есепте тұрмағаны туралы анықтама.
10. Әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан немесе мүгедектік алған, қызмет өткеру уақытында хабар-ошарсыз кеткен әскери қызметшілердің балалары тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органынан анықтама ұсынады.
Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларына 2-қосымша |
Әскери колледждерге және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орындарына оқуға түсу үшін құжаттар тізбесі
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 07.04.2022 № 186 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Оқуға қабылдау туралы еркін нысандағы өтініш немесе оқуға түсушінің тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болған кезде), туған күні, тұрғылықты мекенжайы, ата-анасының немесе олардың заңды өкілдерінің байланыс деректері көрсетілген баянат.
2. Жеке куәліктің көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа). Оқуға түсуші он алты жасқа толғанға дейін туу туралы куәліктің көшірмесі ұсынылады (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа).
3. Әскери билеттің көшірмесі (тек әскери қызметшілер, оның ішінде запастағы, түпнұсқа).
4. Білімі туралы құжаттар, ал С. Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледж үшін негізгі орта білім туралы куәлік (түпнұсқа және көшірме).
5. ҰБТ-ның 5 пәні бойынша кемінде 50 балл (оның ішінде бейінді пәндердің бірінен кемінде 7 балл, ал қалған пәндер бойынша – кемінде 5 балл) нәтижесімен ҰБТ сертификаты (әскери колледждерге оқуға түсушілерді қоспағанда).
6. Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес әскери оқу орнына оқуға түсетін азаматтың медициналық куәландыру картасы.
Ұшқыш мамандығына түсушілер үшін № 721 бұйрыққа сәйкес.
7. Сотталмағаны туралы анықтама, ал С. Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледж үшін қосымша "Ішкі істер органдарының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларының қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1098 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13268 болып тіркелген) ішкі істер органдарында есепте тұрмайтыны туралы кәмелеттік жасқа толмағандар істері жөніндегі бөлімшеден анықтама.
8. Спорттық разрядты, орындаушылардың ағымдағы жылғы республикалық не халықаралық жарыстардағы, конкурстардағы, жалпы білім беру пәндері бойынша халықаралық олимпиададағы, сондай-ақ жалпы білім беру пәндері бойынша ағымдағы жылғы Президенттік не республикалық олимпиададағы жүлделі орнын растайтын құжат (бар болған кезде).
9. Көлемі 3х4 фотосурет – 4 дана.
10. Жетім балалар және олардың ата-ана құқығының шектелуіне немесе одан айырылуына, ата-анасының хабарсыз кетті деп танылуына, олар қайтыс болды деп жариялануына, әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп танылуына байланысты, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған өзге де жағдайларда жалғыз немесе ата-анасының екеуінің қамқорлығынсыз қалған балалар ата-анасының қамқорлығынсыз қалу фактісін растайтын мынадай құжаттардың біреуінің көшірмесін (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын) қосымша ұсынады:
ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлік;
ата-анасының ата-ана құқығын шектеу немесе одан айыру туралы сот шешімі;
ата-анасын хабарсыз кетті деп тану, оларды қайтыс болды деп жариялау немесе әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп тану туралы сот шешімі.
11. Әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан немесе мүгедек болып қалған, қызмет өткеру уақытында хабарсыз кеткен әскери қызметшілердің балалары тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органынан анықтама ұсынады.
12. Арнайы тексеруден өткені туралы анықтама.
Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларына 2-1-қосымша |
Мектептерге және С. Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжге оқуға түсу үшін дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтер
Ескерту. Қағидалар 2-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қорғаныс министрінің м.а. 21.07.2021 № 469 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Белтемірге тартылу | 60 метрге жүгіру | 2000 метрге жүгіру | Балл |
10 | 8.4 | 9.20 | 60 |
8.6 | 9.30 | 55 | |
9 | 8.8 | 9.40 | 50 |
9.0 | 9.50 | 45 | |
8 | 9.2 | 10.00 | 40 |
9.4 | 10.15 | 35 | |
9.6 | 10.30 | 30 | |
9.8 | 10.45 | 25 | |
7 | 10.0 | 11.00 | 20 |
Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларына 3-қосымша |
Әскери колледж қабылдау комиссиясы шешімінің хаттамасы
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 30.04.2021 № 272 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Комиссия құрамы:
Комиссия төрағасы:
Комиссия төрағасының орынбасары:
Комиссия мүшелері:
Комиссия хатшысы:
Әскери колледжге оқуға түсу үшін кандидаттарды қабылдау жөніндегі өз отырысында іріктеу кезеңдерінің нәтижелерін зерделеді және қарады және қаулы шығарды:
р/с № | Т А Ә | Туған жылы, күні, айы | Ұлты | Отбасы құрамы | Кәсіби-психологиялық іріктеу | Дене шынықтыру дайындығы | Медициналық куәландыру | Аттестаттың орташа балы | Рейтингілік балл | Қабылдау комиссиясының шешімі | Ескертпе | |||
Әкесі | Шешесі | Ағасы | Апасы | |||||||||||
Жиыны:
қабылданды –
бас тартылды –
бас тартты –
Қабылдау комиссиясының төрағасы:
Қабылдау комиссиясы төрағасының орынбасары:
Қабылдау комиссиясының мүшелері:
Қабылдау комиссияның хатшысы:
Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларына 4-қосымша |
ҰҚУ-ға оқуға түсу үшін құжаттар тізбесі
1. Қазақстан Республикасы азаматы жеке куәлігінің көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасы).
2. Офицердің жеке куәлігінің көшірмесі (бар болған кезде) (салыстыру үшін түпнұсқасы).
3. Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидасына сәйкес ресімделген оқуға жарамдылығы туралы әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысы бар медициналық куәландыру туралы анықтама.
4. Н-45 нысанындағы анықтама (әскери оқу орындарына оқуға түсушілер үшін анықтама "Қызмет бабында пайдалану үшін" шектеу белгісінсіз жасалады және келесі бетінде бөлім командирінің қолымен және елтаңбалы мөрмен расталады, құпия емес іс жүргізу бөлімінде тіркеледі және тіркеу журналына қол қою арқылы беріледі).
5. Жоғары тұрған бастық (командир) куәландырған кәсіби-психологиялық іріктеуден өткенін растайтын құжат.
Ескерту. 4-қосымша 5-тармақпен толықтырылды – ҚР Қорғаныс министрінің 28.07.2020 № 353 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларына 5-қосымша |
ҰҚУ-ға оқуға түсу емтихандарына шығарылатын пәндер тізбесі
Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 28.07.2020 № 353 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Р/с № | Пәндер атауы | Өткізу нысаны |
Магистратура жедел-тактикалық басқару деңгейі | ||
1. | Бейіні бойынша емтихан | ауызша-жазбаша |
2. | Дене шынықтыру дайындығы бойынша емтихан | практикалық |
Магистратура стратегиялық және жедел-стратегиялық басқару деңгейлері | ||
1. | Бейіні бойынша емтихан | ауызша-жазбаша |
2. | Дене шынықтыру дайындығы бойынша емтихан | практикалық |
Докторантура | ||
1. | Бейіні бойынша емтихан | ауызша-жазбаша |
2. | Шет тілі бойынша емтихан | ауызша-жазбаша |
Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларына 6-қосымша |
Жоғары білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орындарына оқуға түсуге арналған бейінді пәндер тізбесі
Ескерту. 6-қосымшамен толықтырылды – ҚР Қорғаныс министрінің 28.07.2020 № 353 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 07.04.2022 № 186 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
Р/с | ЖОО атауы | Бейінді пәндер атауы |
1 | Құрлық әскерлерінің Әскери институты | Математика, физика |
Математика, география | ||
2 | Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты | Математика, физика |
Биология, химия (әскери-медицина мамандықтарына) | ||
3 | Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты | Математика, физика |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 35 бұйрығына 2-қосымша |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Жоғары білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 11 маусымдағы № 327 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11617 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 23 шілдеде № 138 (28616) "Егемен Қазақстан", 2015 жылғы 23 шілдеде № 138 (28014) "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған);
2. "Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 11 маусымдағы № 328 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11609 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылы 23 шілдеде № 138 (28616) "Егемен Қазақстан", 2015 жылы 23 шілдеде № 138 (28014) "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған);
3. "Әскери даярлық бойынша қосымша бағдарламалармен жалпы орта білімнің жалпы білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 11 маусымдағы № 330 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11614 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 23 шілдеде № 138 (28616) "Егемен Қазақстан", 2015 жылғы 23 шілдеде № 138 (28014) "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған);
4. "Техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 11 маусымдағы № 331 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11616 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 23 шілдеде № 138 (28616) "Егемен Қазақстан", 2015 жылғы 23 шілдеде № 138 (28014) "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған).