1. Сырым аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 желтоқсандағы № 16-8 "Сырым ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3407 тіркелген, 2014 жылғы 6 ақпандағы "Сырым елі" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасында:
9 тармағы мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) Ұлы Отан соғысы мүгедегіне үйін жөндеуге 250 АЕК мөлшерінде.".
2. Сырым аудандық мәслихат аппаратының бас маманы (А. Орашева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Сессия төрағасы | А. Дуйсенгалиев |
| Мәслихат хатшысы | А. Галимов |
| "КЕЛIСIЛДІ" | |
| Батыс Қазақстан облысы | |
| әкімінің орынбасары | |
| _____________Б. Мәкен | |
| 11 наурыз 2015 ж. |