"Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 351 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 15 қаңтарда № 4235 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 30 қыркүйектегі № 299 қаулысымен

Күшін жойған
      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 30.09.2016 № 299 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
      2. "Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (М. Л. Тоқжанов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы М. Л. Тоқжановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Н. Ноғаев

  2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 351
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
қаулысымен бекітілген

"Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты"
мемлекеттік мекемесінің ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. "Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі облыс әкімі мен әкімдігінің қызметін ұйымдық, құқықтық, ақпараттық-талдау, консультативтік және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. "Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. "Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. "Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. "Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңды тұлғасының орналасқан жері: 090000, Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 179.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже "Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. "Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. "Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы,
негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. "Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы Батыс Қазақстан облысы атқарушы билік органының қызметін сапалы және мерзімді ақпараттық-талдаулық қолдау және ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету, облыста ақпараттық қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.
      14. Міндеттері:
      1) облыс әкімі мен әкімдігінің қызметін қамтамасыз ету;
      2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс әкімі мен әкімдігінің, оның орынбасарларының, облыс әкімі аппараты басшысы мен оның орынбасарының тапсырмалары мен актілерінің орындалуын ұйымдастыру және бақылау;
      3) Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, облыс әкімі мен әкімдігі қойған тапсырмаларының іске асуын заңнамада көрсетілген құзыреттілігі шегінде облыстағы мемлекеттік органдар қызметін үйлестіру.
      15. Функциялары:
      1) өз құзыры шегінде облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын әзірлеуге қатысу, мемлекеттік бағдарламалардың және облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамының іске асырылуын қамтамасыз ету және бақылау, ұсыныстар әзірлеу арқылы Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын облыс аумағында іске асыруға қатысады;
      2) орталық атқарушы орган уәкілеттік берген өкілеттіктерге сәйкес республикалық бағыныстағы кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің қызметін үйлестіреді, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың, республикалық бағыныстағы аумақтық органдардың қызметін үйлестіреді және өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз етеді;
      3) Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын, оны іске асыру, әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асыру тетіктері мен әдістерін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар кешенін әзірлеуге қатысады, осы мақсаттарда облыс аумағында атқарушы билік органдарынан талдау жүргізуге қажетті ақпараттарды сұрату және дер мерзімінде алу арқылы олардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады, облыс әкімі мен әкімдігінің актілерін дайындайды, олардың орындалуын бақылайды, әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері бойынша ұсыныстар мен болжамдарды жасақтайды;
      4) Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, облыс әкімі мен әкімдігі актілерінің орындалуын бақылайды;
      5) облыс әкімінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтуды қамтамасыз етеді;
      6) Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігімен, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесімен, министрліктермен, ведомстволармен, облыстың қала және аудандары әкімдері аппараттарымен, облыстық мәслихатпен, ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;
      7) заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің, облыс әкімі мен әкімдігінің, облыстық мәслихаттың актілерінің жобалары бойынша ұсыныстар енгізеді;
      8) Батыс Қазақстан облысы әкімдігі регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;
      9) облыс әкімі мен оның орынбасарларының қызметін құжаттамалық қамтамасыз етуді, қызметтік құжаттарды, хаттарды, азаматтардың арыз-өтініштерін қарауды, азаматтарды жеке қабылдауды ұйымдастырады, келіп түскен азаматтардың хаттары мен өтініштеріне, құжат ағынына талдау жасайды, іс жүргізуді, құпия құжаттармен жұмысты, мемлекеттік тілде іс жүргізуді қолдануды жолға қояды және жетілдіреді;
      10) облыс әкімінің шешімдері, өкімдерінің және облыс әкімдігі қаулыларының сақталуын қамтамасыз етеді;
      11) мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттерін сақтауын бақылауды ұйымдастырады және ішкі бақылауды жүзеге асырады;
      12) мемлекеттік органдардың қызметі тиімділігін бағалау мәселелерімен шұғылданады;
      13) ақпараттық технологияларды енгізу, электрондық құжат айналымы жүйесі мәселелері;
      14) облыс әкімінің номенклатурасына кіретін кадрлар бойынша ұсыныстарды зерделеу және енгізу, мемлекеттік қызметкерлердің тағылымдамадан өтуін, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру арқылы жергілікті атқарушы билік органдарында кадр саясатын жүзеге асырады;
      15) бұқаралық ақпарат құралдарында облыс әкімі мен оның орынбасарларының, облыс әкімдігінің қызметін жарықтандыруды жүзеге асырады, олармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі жүргізетін ішкі және сыртқы саясатты, облыстағы экономикалық және әлеуметтік жағдайдың жай-күйін, мәселелерді шешу жолдарын түсіндіреді;
      16) облыс әкімі мен әкімдігінің құқық қорғау органдарымен облыста заңдылықты және құқықтық тәртіпті нығайту мәселелері бойынша өзара іс-қимылын үйлестіруді қамтамасыз етеді.
      16. Құқықтары мен міндеттері:
      1) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан қажетті ақпараттарды алу, сондай-ақ оларға орындалуы міндетті тапсырмалар беру;
      2) барлық меншік нысанды кәсіпорындардан, мекемелер мен ұйымдардан облыс әкімі аппаратының құзырына жатқызылған мәселелер бойынша қажетті ақпараттарды, құжаттарды, өзге де материалдарды, ауызша және жазбаша түсіндірмелерді сұрату және алу;
      3) облыс әкімдігінің отырыстарына, сондай-ақ басқармалар, департаменттер, комитеттердің, аудандар мен Орал қаласы әкімдері отырыстарына қатысу.

3. "Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты"
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      17. "Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және олардың функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      18. "Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес облыс әкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
      19. "Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
      20. Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы өз өкілеттігін жүзеге асыру мақсатында келесідей функцияларды атқарады:
      1) аппаратқа жүктелген мақсаттарды іске асыруды ұйымдастырады;
      2) өз құзыреті шегінде аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
      3) аппараттың құрылымы мен штат кестесін, оның құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;
      4) аппараттағы "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін мемлекеттік лауазымдарға тағайындайды және мемлекеттік лауазымдардан босатады;
      5) аппараттың тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
      6) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      7) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, аппараттың мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу, оларға демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, оларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар белгілеу мәселелерін шешеді;
      8) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, аппараттың мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауаптылығы мәселелерін шешеді;
      9) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
      10) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы және өкілді органдары қабылдаған шешімдердің орындалу барысын бақылайды;
      11) Қазақстан Республикасының заңдарында және өзге де нормативтік құқықтық актілерінде жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      21. Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. "Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты"
мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      22. "Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. "Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты"
мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      25. "Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      "Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелерінің тізбесі:
      1) "Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының шаруашылық басқармасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
      2) "Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Аумақтық қорғанысты басқару қызметі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      3) Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының "Қоғамдық келісім" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.