1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 9 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3802 тіркелген, 2015 жылғы 5 ақпандағы "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (М. К. Оңғарбеков) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары А. К. Өтеғұловқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Н. Ноғаев |
2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 367 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысына қосымша 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 9 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілген |
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының
өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары
бойынша субсидиялар көлемдері
Ескерту: аббревиатураның толық жазылуы:кг – килограмм.