Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастырумен (жылыстатумен) және терроризмді қаржыландырумен байланысты арнайы есепке алуды жүргізу туралы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 6 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 6 ақпанда № 10193 тіркелді

Қолданыстағы

      «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Заңы 12-бабының 3-тармағы 16)17)18) тармақшаларын іске асыру мақсатында, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңы 11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет):
      1) қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастырғаны (жылыстатқаны) және терроризмді қаржыландырғаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдар туралы мәліметтерді Комитеттің аумақтық басқармалары мәліметтерінің негізінде тоқсан сайын есептік кезеңнен кейінгі айдың 17-күніне қалыптастырсын;
      2) қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастырумен (жылыстатумен) және терроризмді қаржыландырумен байланысты тәркіленген мүліктің сомасы туралы мәліметтерді Комитеттің аумақтық басқармалары мәліметтерінің негізінде тоқсан сайын есептік кезеңнен кейінгі айдың 17-күніне қалыптастырсын;
      3) қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастырумен (жылыстатумен) және терроризмді қаржыландырумен байланысты өзара құқықтық көмек көрсету және басқа халықаралық сұраулар туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Халықаралық ынтымақтастық департаменті (бұдан әрі - ҚР БП 8-Департаменті) және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (бұдан әрі - ҚР ҚМ ҚМК) мәліметтерінің негізінде тоқсан сайын есептік кезеңнен кейінгі айдың 12-күніне қалыптастырсын.
      2. КР БП 8-Департаменті және ҚР ҚМ ҚМК мәліметтерді, осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес, тоқсан сайын есептік кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне Комитетке жолдасын.
      3. Комитеттің аумақтық басқармалары мәліметтерді, осы бұйрықтың  2-қосымшасына сәйкес, тоқсан сайын есептік кезеңнен кейінгі айдың 15-күніне Комитетке жолдасын.
      4. Комитет мәліметтерді, осы бұйрықтың 1, 2-қосымшаларына сәйкес, тоқсан сайын есептік кезеңнен кейінгі айдың 18-күніне ҚР ҚМ ҚМК-не жолдасын.
      5. Комитет осы бұйрықты:
      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін;
      2) ҚР БП 8-Департаментіне, ҚР ҚМ ҚМК-не және Комитеттің аумақтық басқармаларына орындау үшін жолдасын.
      6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.
      7. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Бас Прокуроры                              А. Дауылбаев

Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының  
2015 жылғы 6 қаңтардағы
№ 6 бұйрығына   
1-қосымша      

                                                                нысан

20__жылдық__айына арналған қылмыстық жолмен алынған ақшаны және
(немесе) өзге мүлікті заңдастырумен (жылыстатумен) және
терроризмді қаржыландырумен байланысты өзара құқықтық көмек
көрсету және басқа халықаралық сұраулар туралы мәліметтер

Атауы


Барлығы

ТМД елдері, соның ішінде

Әзербайжан

Армения

Беларус

Грузия

Қырғызстан

Молдова

Ресей

Тәжікстан

Түркменстан

Өзбекстан

Украина

А

Б

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

Шет мемлекеттерден келіп түскен өзара құқықтық көмек көрсету туралы сұраулардың саны

1













соның ішінде

қанағаттандырылғаны

2













бас тартылғаны

3













Шет мемлекеттерге жіберілген өзара құқықтық көмек сұраулардың саны

4













соның ішінде

қанағаттандырылғаны

5













бас тартылғаны

6













кестенің жалғасы

Азия елдері, соның ішінде

Европа елдері, соның ішінде

Америка елдері, соның ішінде

Африка елдері

Үндістан

Иран

ҚХР

ҚҰДР

Корея

Монғолия

Пәкістан

Басқалары

Прибалтика

Түркия

Польша

ФРГ

Швейцария

Басқалары

Канада

АҚШ

Басқалары

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30













































































































Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының  
2015 жылғы 6 қаңтардағы
№ 6 бұйрығына   
2-қосымша      

                                                            Нысан

20___жылдың_____айына арналған қылмыстық жолмен алынған ақшаны
және (немесе) өзге мүлікті заңдастырғаны (жылыстатқаны) және
терроризмді қаржыландырғаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдар
және қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті
зандастырумен (жылыстатумен) және терроризмді қаржыландырумен
байланысты тәркіленген мүліктердің сомалары туралы мәліметтер

№ р/с

Тегі

Аты

Әкесінің аты (бар болса)

Туған күні

Жеке басын куәла ндыра тын құжат тың №

Қылмыстық істің №

Соттың атауы

Сот шешімінің шығары лған күні

Соттау баптары

Іс бойынша шешім

Мүлікті тәркілеу тағайындалды

Үкімнің заңды күшіне енген күні

Өндіріп алу сомасы (теңге)

Ескертпе (орындау нәтижесі, кейінге қалдыру, мерзімді ұзарту.күшін жою және т.б.)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15
















Ескертпе: 2-13-көрсеткіштер 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 218258-баптары бойынша сотталған адамдарға қатысты мәліметтердің бар болуына Бірыңғай біріздендірілген статистикалық жүйенің "Арнайы есепке алу" Автоматтандырылған ақпараттық жүйемен тоқсан сайынғы салыстыруларының нәтижелері бойынша және әліпбилік есепке алу карточкасының негізінде толтырылады (Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 10 шілдедегі № 71  бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9638 санымен тіркелген) бекітілген Арнайы есепке алудың жекелеген түрлерін жүргізу және пайдалану ережесінің № 1-қосымшасы). 14-15-көрсеткіштер орындау құжатының және 4.0, 4.1 нысанды карточкалардың негізінде толтырылады (Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 22 қаңтардағы № 9 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9169 санымен тіркелген) бекітілген "Сот актілерін орындау жұмысы туралы" № 4 нысанды есепті қалыптастыру жөніндегі Нұсқаулықтың №№ 1 және 2-қосымшалары).