"Ұлан ауданында жер учаскелері үшін төлемақылық базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы" Ұлан аудандық мәслихатының 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 182 шешімге өзгеріс енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы N 300 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 03 ақпанда N 4381 болып тіркелді

Қолданыстағы
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 387 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағы 15) тармақшасына, сәйкес Ұлан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Ұлан аудандық мәслихатының 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 182 "Ұлан ауданында жер учаскелері үшін төлемақылық базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-17-130 нөмірімен тіркелген, "Ұлан таңы" газетінің 2010 жылғы 11 маусымдағы № 36 санында жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      аталған шешімнің 2 тармағы алынып тасталсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы А. Бережной
      Аудандық мәслихат хатшысы Н. Сейсембина